﴿ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لاَ تَغْلُواْ فِي دِينِكُمْ ﴾ «Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер»



Дата22.04.2020
өлшемі62.84 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
ДІН АМАЛДАРДА ОРТАШЫЛ БОЛУҒА ЖӘНЕ СҮННЕТКЕ АУЫТҚЫМАЙ ІЛЕСУГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لاَ تَغْلُواْ فِي دِينِكُمْ ﴾

«Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер» («әл-Мәида» сүресі, 77-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):



﴿ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ ﴾

«Ысырап жасамаңдар, өйткені Ол ысырапшылдарды жақсы көрмейді» («әл-Ән‘ам» сүресі, 141-аят).

(Аллаһ) тағы да былай деді:



﴿ تِلْكَ حُدُودُ اللَّهِ فَلاَ تَعْتَدُوهَا ﴾

«Аллаһтың шектеулері осы. Ендеше, оларды бұзбаңдар» («әл-Бақара» сүресі, 229-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп те айтты):



﴿ وَلاَ تَعْتَدُواْ إِنَّ اللَّهَ لاَ يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ ﴾

«...Шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Бақара» сүресі, 190-аят).

Сондай-ақ (былай деді):



﴿ ادْعُواْ رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ ﴾

«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («әл-Ә‘раф» сүресі, 55-аят).

Әрі (былай деп те айтты):



﴿ يَسْأَلُونَكَ عَنِ الأهِلَّةِ قُلْ هِيَ مَوَاقِيتُ لِلنَّاسِ وَالْحَجِّ وَلَيْسَ الْبِرُّ بِأَنْ تَأْتُوْا الْبُيُوتَ مِن ظُهُورِهَا وَلَكِنَّ الْبِرَّ مَنِ اتَّقَى وَأْتُواْ الْبُيُوتَ مِنْ أَبْوَابِهَا وَاتَّقُواْ اللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ ﴾

ухаммад,) олар сенен жаңа туған ай туралы сұрайды: «Ол адамдар мен қажылық үшін уақыт белгілейді», - де. Ізгілік үйлеріңе артынан кірулеріңде емес. Бірақ кім тақуа болса, сол ізгі. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер, әрі Аллаһтан қорқыңдар, - бәлкім, табысқа қол жеткізген боларсыңдар(«әл-Бақара» сүресі, 189-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деді):

﴿ الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللَّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُولِي الأَلْبَابِ ﴾

«Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім осы айларда қажылық жасауды ниет етсе, сол қажылық кезінде жыныстық қатынас жасамауы, күнә істемеуі және ұрыс-керіске түспеуі керек. Қандай жақсылық істесеңдер де, Аллаһ оны біледі. Өздеріңмен азық алыңдар, бірақ азықтың жақсысы – тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 197-аят).

Ибн ‘Аббастың (Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын) сөздерінен қажылар тас лақтыратын күні Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Маған тас жинап берші!», - деп айтқаны хабарланады. Кейін Ибн ‘Аббас Пайғамбар үшін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеті ұсақ тастар жинап береді, ал ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сонда (адамдарға): «Осы тастар сияқты тастарды лақтырыңдар», - деді де, кейіннен: «Әй, адамдар, дінде шектен шығушылық жасаудан қорқыңдар! Ақиқатында, сендерден бұрынғыларды тура сол дінде артық кетушілік жасаулары опат етті», - деп қосты (ән-Нәсаи, 2/49; Ибн Мәжаһ, 2/242; Ибн Хиббан, 1011; әл-Хаким, 1/466; Ахмад, 1/215. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 1283).

Әнастың (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: “Өз жандарыңа қатысты шектен тыс қаталдық көрсетпеңдер, әйтпесе Аллаһ сендерге қаталдық көрсетеді. Ақиқатында, өз жандарына өздері қаталдық көрсетететін адамдар болған, ал Аллаһ оларға қаталдық көрсетті. Олардың монастырлар мен кельялардағы жүрген қалдықтарына қарасаңдаршы: «...Ал монахтықты олар өздері ойдан шығарып алды. Біз оларға мұны бұйырмадық» («әл-Хадид» сүресі, 27-аят)(хадис сахих. Қз.: «Силсилә әс-Сахиха», 3124).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дінді қиындатуға, яғни оған шариғат бекітіп қойғаннан тыс тағы бір нәрселер қосуға тыйым салды. Егер құл өзі үшін дінді қиындататын болса, онда Аллаһ та оған қиындатады.



Убай ибн Ка‘б (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «(Аллаһтың) жолы мен Сүннеттен ұстаныңдар! (Аллаһтың) жолы мен Сүннетте болып, қорқынышынан терісі бүрісетіндей Аллаһты зікір етсе, одан күнәлары солған ағаштан жапырақтары сыпырылып түсетіндей етіп төгіліп түспейтін адам жоқ. Ақиқатында, (Аллаһтың) жолы мен Сүннеттегі орташылдық (Аллаһтың) жолы мен Сүннетке қайшы келетін жолдағы ыждағаттан жақсырақ. Сондықтан да амалдарың орташыл болып, пайғамбарлар мен олардың Сүннетіне сәйкес болуға ұмтылыңдар» (Ибн Мубарак «әз-Зуһд», 1698; әл-Ләләкаи «Шарх Усул әл-И‘тиқад», 7; Абу Ну‘айм «Хилйяту-л-Әулийя», 1/135).

Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 21-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет