وَمَا أَصَابَكُم مِّن مُّصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ



Дата01.05.2016
өлшемі194.66 Kb.
Зуль-хижжа айындағы

мустахаб амалдар


Мұсылман адам жалпы сауабы мол маусымдарды күналарынан шынайы тәубе етуімен қарсы алады. Өйткені қандай да бір жақсылықтан махрум қалу күналар себепті болады. Аллаһ Тағала бұл жайында айтады:

) وَمَا أَصَابَكُم مِّن مُّصِيبَةٍ فَبِمَا كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ(

«Сендерге келген қандай бір қиындық өздеріңнің істеген күналарың себепті»[1].

Демек күналардың адамға келтірер зияны өте көп. Ол адамның жүрегіне және денесіне бірдей зарар береді. Улы зат денені қалай өлтірсе, күна да жүректі солай өлтіреді. Өйткені кез келген нәрсенің ағайындары болады, адам бір күна істесе ол күна өзінің ағайындары болған басқа күналарды шақырады, соңында адам бір күна істегені себепті күналардың ішіне батып одан шыға алмай қалуы мүмкін. Сондықтан құрметті мұсылман бауырлар, бұл ұлы маусымды күналарымыздан арылумен, шынайы тәубе етумен қарсы алайық, өйткені өлім айтып келмейді, ал кез келген келетін нәрсе өте жақында жетеді.

Мұсылман адам бұндай берекелі уақыттарда жалпы ізгі амалдарды істеуге асығады. Өйткені дәл осы күндердегі істелген амалдарды Аллаһ Тағала басқа уақыттарға қарағанда жақсы көреді. Пайғамбарымыз rайтады:



"ما من أيام أعظم عند الله سبحانه ولا أحب إليه العمل فيهن من هذه الأيام العشر. فأكثروا فيهن من التهليل والتكبير والتحميد".

«Аллаһтың алдында ең үлкен және оны ең қатты жақсы көретін амал — осы он күндердегі амалдар, сондықтан бұл күндерде тәһлил, тәкбір және тәхмидті көбейтіңдер»[2]-дейді.

Жақсы амалдар өте көп, бірақ адамдар оларды ұмытқандықтарынан немесе оның сауабына көңіл бөлмегендіктерінен оларды істемейді. Сол жақсы аламдардың бірі: Құран оқу, садақа беру, міскіндерді тамақтандыру, жақсылыққа бұйыру және жамандықтан қайтару. Сондай-ақ намаздарды жамағатпен уақытында оқуға, бірінші сапқа, имаммен бірге тәкбір айтуға үлгеруге тырысу.

Құран оқудың сауабына келсек, Ұсманнан t жеткен хадисте пайғамбарымыз r айтады:



"خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ"

«Сендердің ең жақсыларың құранды үйренген және оны біреуге үйреткендерің»[3];



" اقْرَءُوا الْقُرْآنَ، فَإِنَّهُ يَجِىءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَفِيعًا لأَصْحَابِهِ"

«Құранды оқыңдар, расында бұл құран қиямет күнінде оны оқыған адам үшін шапағатшы болып келеді»[4];



"لا تجعلوا بيوتكم مقابر فإن الشيطان يفر من البيت الذي يقرأ فيه سورة البقرة"

«Үйлеріңді қабырстан қылмаңдар, расында Бақара сүресі оқылатын үйден шайтан қашады»[5]-дейді.

Садақа беруге келетін болсақ, пайғамбарымыз r айтады:

"ما نقصت صدقة من مال وما زاد الله بعفو إلا عزا وما تواضع أحد لله إلا رفعه"

«Садақа беру малды кемітпейді, адам кешірімді болса, Аллаһ оны одан сайын әзиз қылады, кімде-кім Аллаһ үшін кішіпейіл болса, Аллаһ оның дәрежесін көтереді»[6] -дейді.

Сондай-ақ садақа бергенде оны жасырып, тіпті оң қолы не бергенін сол қолы байқамай қалатын адамды Аллаһ қияметте өзінің көлеңкесіне жайғастырады.

Пайғамбарымыз r айтады:



"سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لاَ ظِلَّ إِلاَّ ظِلُّهُ إِمَامٌ عَادِلٌ ، وَشَابٌّ نَشَأَ فِي عِبَادَةِ اللَّهِ تَعَالَى ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ ، وَرَجُلٌ كَانَ قَلْبُهُ مُعَلَّقًا بِالْمَسْجِدِ إِذَا خَرَجَ مِنْهُ حَتَّى يَعُودَ إِلَيْهِ ، وَرَجُلانِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَى ذَلِكَ وَتَفَرَّقَا ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ حَسَبٍ وَجَمَالٍ ، فَقَالَ : إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ ، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأَخْفَاهَا حَتَّى لاَ تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ"

«Қияметте Аллаһтың көлеңкесінен басқа көлеңке болмаған күні Аллаһ Тағала жеті түрлі адамды өзінің көлеңкесіне қояды: әділ имам, Аллаһқа итағат етіп өскен жігіт, оңашада Аллаһты еске алып көзінен жасы аққан адам, мешіттен шығып оған қайта оралғанға дейін жүрегі мешітке байланған адам, бірін бірі Аллаһ үшін жақсы көрген, Аллаһ үшін жолығып, Аллаһ үшін ажыраған екі адам, әдемі әрі мансапты әйел оны зинаға шақырғанда: «Мен Аллаһтан қорқамын»-деген адам және садақа бергенде оны жасырып, тіпті оң қолы не бергенін сол қолы байқамай қалатын адам»-дейді.[7]

Міскіндерді тамақтандыруға келсек пайғамбарымыз r айтады:

"يا أيها الناس أفشوا السلام وأطعموا الطعام وصلوا الأرحام وصلوا بالليل والناس نيام تدخلوا الجنة بسلام"

«Әй адамдар, сәлемді таратыңдар, (міскіндерді) тамақтандырыңдар, туысқандық қарым-қатынасты сақтаңдар, түнде адамдар ұйқыда болғанда намаз оқыңдар, сонда жәннатқа сәлеметпен кіресіңдер»[8].

Жақсылыққа бұйыру, жамандықтан қайтару болса, Аллаһ Тағала айтады:

)كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ(

«Сендер адамдар үшін шығарылған үмметтердің ең жақсысы болдыңдар, жақсылыққа бұйырасыңдар, жамандықтан қайтарасыңдар»[9];



)وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ(

«Сендердің араларыңда жақсылыққа шақыратын және жамандықтан тыятын бір үммет болсын, міне солар құтылушылар»-дейді.

Намаздарға келетін болсақ , Аллаһ Тағала айтады:



{ وَأَقِمِ الصَّلَاةَ إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاء وَالْمُنكَرِ }

«Намаз оқы. Расында намаз арсыздықтан және жамандықтан тыяды».

{حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ}

«Намаздарға, сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер және Аллаһқа бой ұсынған түрде тұрыңдар»[10].

Пайғамбарымыз r хадисінде бес уақыт намаз жайлы сахабаларына yбылай деген:

"أَرَأَيْتُمْ لَوْ أَنَّ نَهْرًا بِبَابِ أَحَدِكُمْ يَغْتَسِلُ مِنْهُ كُلَّ يَوْمٍ خَمْسَ مَرَّاتٍ هَلْ يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَىْءٌ؟ ». قَالُوا: لاَ يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَىْءٌ. قَالَ :« فَذَلِكَ مَثَلُ الصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ يَمْحُو اللَّهُ بِهِنَّ الْخَطَايَا "

«Қалай ойлайсыңдар, егер сендердің біреулеріңіздің есігінің алдында өзен болса, ол онда күніне бес рет жуынатын болса, оның денесінде кірі қала ма?» Сахабалар: «Жоқ, кірінен еш нәрсе қалмайды» -деді. Пайғамбарымыз r: «Сол сияқты бес уақыт намаз, Аллаһ олармен қателерді өшіреді» -деді.[11]

Намазды бірінші сапта оқу болса, пайғамбарымыз r айтады:

" خَيْرُ صُفُوفِ الرِّجَالِ أَوَّلُهَا ، وَشَرُّهَا آخِرُهَا ، وَخَيْرُ صُفُوفِ النِّسَاءِ آخِرُهَا ، وَشَرُّهَا أَوَّلُهَا"

«Еркектердің саптарының ең жақсысы — біріншісі, ең жаманы — соңғысы, әйелдер саптарының ең жақсысы — ақырғысы, ең жаманы — алдыңғысы».[12]



"لَوْ يَعْلَمِ النَّاسُ مَا فِي النِّدَاءِ وَالصَّفِّ الأَوَّلِ ثُمَّ لَمْ يَجِدُوا إِلاَّ أَنْ يَسْتَهِمُوا عَلَيْهِ لاسْتَهَمُوا وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي التَّهْجِيرِ لاسْتَبَقُوا إِلَيْهِ ، وَلَوْ يَعْلَمُونَ مَا فِي الْعَتَمَةِ وَالصُّبْحِ لأَتَوْهُمَا وَلَوْ حَبْوًا"

«Егер адамдар азан айтуда және бірінші сапта қандай сауап бар екенін білгенде еді, (барлығы оларға таласып кейін) шешім тапағандықтарынан оған құрға тастау керек болса, құрға тасайтын еді. Егер олар мешітке ерте баруда қандай сауаптар бар екенін білгенде еді, олар оған бір-бірімен жарысып барар еді. Егер адамдар құптан намазында және таң намазында қандай сауаптар бар екенін білгенде еді, олар ол екеуіне еңбектеп болсын келер еді»[13]-дейді.

Сондай-ақ бұл күндері істелінетін мұстахаб амалдарына ораза тұту жатады. Өйткені ораза жалпы жақсы амал болып табылады.Пайғамбарымыз r ораза жайлы :

"ما من عبد يصوم يوما في سبيل الله إلا باعد الله بذلك اليوم وجهه عن النار سبعين خريفا"

«Қандай да бір Аллаһтың құлы Аллаһ жолында бір күн ораза ұстайтын болса, Аллаһ Тағала сол ораза тұтқан күні үшін оның жүзін жетпіс жыл тозақтан ұзақтатады»-деген.

Ал бұл күндердегі оразаға келсек, пайғамбарымыздың r кейбір әйелдері:



"كان رسول الله صلى الله عليه وسلم يصوم تسع ذي الحجة، ويوم عاشوراء، وثلاثة أيام من كل شهر"

«Аллаһтың елшісі r Зуль-хижжаның тоғыз күнінде, Ашура күнінде және әр айда үш күн ораза ұстайтын еді»-деген.[14]

Имам Науауи Зуль-Хижжаның алғашқы он күніндегі оразаны:«Расында бұл өте қатты мустахаб болады»-деген.

Осы айда қажылық пен ұмра келеді. Пайғамбарымыз r айтады:



" والحج المبرور ليس له جزاء إلا الجنة "

«Қабыл болған қажылықтың сауабы тек жаннат»[15]-дейді.

Сондай-ақ осы күндердегі жақсы амалдар — тәкбір, тәһліл және тахмид айту. Пайғамбарымыз r:

"ما من أيام أعظم عند الله سبحانه ولا أحب إليه العمل فيهن من هذه الأيام العشر. فأكثروا فيهن من التهليل والتكبير والتحميد".

«Аллаһтың алдында ең үлкен және оны ең қатты жақсы көретін амал — осы он күндегі амалдар, сондықтан бұл күндерде тәһлил, тәкбір және тәхмидті көбейтіңдер»[16]- деген.

Имам Бухарий айтады:

" كان ابن عمر وأبو هريرة رضي الله عنهما- يخرجان إلى السوق في أيام العشر يكبران ويكبر الناس بتكبيرهما"

«Ибн Ұмар мен Абу Һрайра Зуль-Хижжаның он күнінде базарларға шығып тәкбір айтатын еді, сонда адамдар да олардың тәкбірлерімен тәкбір айтатын еді»-деді.

Тәкбірді еркектер дауыстарын көтеріп айтады ал әйелдер дауыстарын көтерместен айтады. Тәкбір екі түрлі болады: 1-Тәкбір мутлақ (жалпы тәкбір)

2-Тәкбір муқайад (шектеулі тәкбір).

Мутлақ тәкбір Зуль-Хижжа айы кіргеннен бастап ташриқ күндері[17]біткенге дейін барлық жерлерде айтылады. Ал тәкбір муқайад Арафа күні таң намазынан кейін басталып соңғы ташриқ күні асыр намазына дейін әр намаздан кейін айтылады. Бұған «ижмағ» және сахабалардың істері дәлел болады.

Тәкбірді үш түрлі айтуға болады:

أ‌) الله أكبر. الله أكبر. الله أكبر كبيراً.

ب‌) الله أكبر. الله أكبر. لا إله إلا الله. والله أكبر. الله أكبر ولله الحمد.

ج ) الله أكبر. الله أكبر. الله أكبر. لا إله إلا الله. والله أكبر. الله أكبر. الله أكبر ولله الحمد

Аллаһ Тағала баршамызға тауфиқ-һидаят беріп бұл күндері және басқа күндерімізде жақсы амалдар істеуімізге нәсіп етіп баршамызды өзінің салиқалы құлдарынан қылсын! Әмин!

[1] Шура.30

[2] Табароний р-ты. Муғжамуль Кәбир.

[3] Бухарий р-ты. 5027.

[4] Муслим р-ты. 804.

[5] Муслим р-ты. 780.

[6] Муслим р-ты. 1906.

[7] Бухарий мен Муслим р-ты.

[8] Ибн Мәжжа р-ты. Хадисті шейх Албаний сахих деген.

[9] Әлі имран 110

[10] Бақара. 238.

[11] Бухарий, Муслим р-ты.

[12] Байһақий р-ты. Сунан Әль-Кубро.

[13] Байһақий р-ты. Сунан Ас-суғро.

[14] Имам Ахмад, Абу Дауд және Ан-Насаи р-ты.

[15] Муслим р-ты.



[16] Табароний р-ты. Муғжамуль Кәбир.

[17] Ташриқ күндері деп айттан кейінгі үш күнді айтады.
: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет