№ қаулысына



жүктеу 322.27 Kb.
Дата16.04.2016
өлшемі322.27 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

1641 қаулысымен

бекітілген

Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер



1. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар (бұдан әрі - РЭҚ) мен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) пайдалану, сондай-ақ РЭҚ-ның электромагниттік үйлесімділігін (бұдан әрі - ЭМҮ) есептеуді жүргізудің жалпы тәртібін айқындайды.

Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының 1988 жылғы 9 желтоқсандағы Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Мельбурн) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.

Осы Қағидалар:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ пен ЖЖҚ-ға;

2) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі радиожиілікпен қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ пен ЖЖҚ-ға қолданылмайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) абоненттік құрылғы - абонент берген ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

2) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі - осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не болмаса өзге заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын заңды немесе жеке тұлға;

3) жоғары жиілікті құрылғы (ЖЖҚ) - телекоммуникация саласында пайдалануды қоспағанда, электромагниттік энергияны өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа мақсаттарда шоғырландыруға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;

4) өтініш беруші - жеке немесе заңды тұлға РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесінің өкілі, не оның сенім білдірілген тұлғасы;

5) радиожиілік спектрін пайдаланушы - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға;

6) радиожиілік немесе радиожиілік арнасын иелікке беру - тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат, ол осы рұқсатта көрсетілген жиіліктер жолағын, радиоэлектронды құралды қолданумен радиожиілікті (радиожиілік арнасын) пайдалануға арналады;

7) жылжымалы радиоэлектрондық құрал - географиялық координаталарға тұрақты байланыстырылмаған радиоэлектрондық құрал;

8) радиожиілік спектрі (РЖС) - 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі ауқымдағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

9) радиоэлектрондық құрал (РЭҚ) - көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан құралатын техникалық құрал;

10) электромагнитті үйлесімділік (ЭМҮ) - техникалық құралдың өзге техникалық құралдарға радиокедергілер жасамау және нақты пайдалану шарттарында өздеріне абайсызда келтірілген радиокедергілер әсер еткен кезде талап етілетін сапамен бір мезгілде қызмет ету қабілеті;

11) жиілікті бірлесіп пайдалану - екі немесе одан да көп пайдаланушылардың жиіліктерді пайдалануы;

12) стационарлық радиоэлектрондық құрал - тұрақты географиялық координаталары бар РЭҚ;

13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;

14) радиожиілік ресурсы (РЖР) - белгілі бір аумақта эфирде жұмыс істеуге арналған, Халықаралық электр байланысы одағының талаптарын қанағаттандыратын және:

жиіліктердің диапазоны;

жиіліктердің қолданылатын спектрінің ені;

пайдаланылатын технологиялар, көрсетілген ресурсты пайдалануға рұқсат қолданысының уақыт кезеңі ескерілетін қолданыстағы және әлеуетті ықтимал жиілік тағайындауларының жиынтығы;

15) ұйым - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

3. Рұқсат құжаттарын рәсімдеу кезіндегі лауазымды адамдардың әрекеттеріне және әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген тәртіп бойынша шағымдануға болады.





2. Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі



4. Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілетін радиоэлектрондық құралдардың (бұдан әрі - РЭҚ) тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізімде көрсетілген.

Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі осы Қағидалардың 3-бөлімімен реттеледі.

5. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат немесе Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер үшін радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (бұдан әрі - кеме станциясының рұқсаты) алу үшін өтініш беруші радиожиілік ресурсы (бұдан әрі - РЖР) пайдаланылатын жердегі уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) иелікке беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім) электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz. интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуға тиіс. Әр байланыс түрі үшін жеке өтінім беріледі.

Өтінім электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.



6. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;

2) сұралып отырған радиожиіліктер белдеулерінің (номиналдың) негіздемесі келтірілетін түсіндірме жазба, онда жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, пайдалануға жоспарланған РЭҚ ерекшеліктері, байланысты ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалады;

3) осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті радиобайланыс түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (кеме станциялары үшін осы Қағидаларға 12-қосымшасына сәйкес техникалық деректері толтырылған сауалнама ұсынылады).

7. Егер өтінім берілген белдеулер (номиналдар) радиожиілігі 9 кГц-48 МГц, 115-175 МГц, 390-470 МГц онда аймақтық орган аумақтық орган радиожиілікті иелікке берудің қолда бар базасына сәйкес радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) іріктейді және өтінімді өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға жолдайды.

Өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдары) (барлық байланыс түрлері бойынша (WLL), ұялы немесе мобильдік байланыс, сымсыз радиоға қолжетімділік желілерінен басқа), аумақтық орган өтінімді келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде (техникалық қорытындысыз) Ұйымға қарауға жолдайды.

Сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL), ұялы немесе мобильдік байланыс, өтінім берілген белдеулер (номиналдар), аумақтық орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның қарауына жолдайды.

1 ГГц артық сымсыз радиоға қолжетімділік желілеріндегі (WLL) өтінім берілген белдеулерді (номиналдарды) уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарап Ұйымға жолдайды.

Өтінім түгел жинақталмаған не өтінім берілген радиожиілік белдеулері (номиналдар) бос болмаған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтінім келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінім берушіні хабардар етеді.

Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.

Ұйым аумақтық және (немесе) уәкілетті органнан өтінім келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есептеу рәсімін жүргізіп, оның нәтижесін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға жібереді.

8. Алдын ала есептеу қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы әскери басқармасының орталық атқарушы органы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі - Қорғаныс министрлігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1379 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесіне (бұдан әрі - Ұлттық кесте) не Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімдеріне сәйкес (бұдан әрі - мүдделі ведомстволар) РЖР келісу рәсімін жүргізеді;

2) кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында РЖР-тың шекаралас мемлекеттерімен халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді. Бұл рәсімді жүргізудің қажеттілігі РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала жүргізілген есептеу нәтижелері бойынша айқындалады. Егер РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есептеу кезінде Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында орнату жоспарланып отырған РЭҚ және ЖЖҚ шекаралас мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ кедергі келтіретіні анықталған болса, онда шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге және (немесе) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес халықаралық үйлестіру жүргізу қажет.

9. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ алдын ала есебінің қорытындысы теріс нәтиже берген жағдайда, сондай-ақ өтінімдегі техникалық деректердің толтырылуы дұрыс емес және (немесе) сенімсіз болған жағдайда аумақтық орган және (немесе) уәкілетті орган Ұйымнан хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіні бас тартудың себептерін негіздеп, хабардар етеді.

Өтінімді қабылдаудан бас тарту өтінім берушіні тиісті ескертулерді түзеткеннен кейін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға қайтадан өтінім беру құқығынан айырмайды.

10. 8-тармақта көрсетілген рәсімдерді жүргізу қажет болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес, кодтарды иелене отырып, алдын ала жүргізілген есептеу келген күннен бастап 15-қосымшаға сәйкес 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті орган РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдейді.

Конкурстық негізде радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілген жағдайда байланыс операторына аумақты немесе елді-мекенді байланыс қызметтермен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелері жүктеледі.

Байланыс желісін ұйымдастыру РЖС пайдалануға рұқсатта көрсетілетін байланыс түрлеріне және (немесе) стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Ұялы байланысқа, үшінші буынның ұялы байланысына (3G), төртінші буынның ұтқыр байланысына (4G) және басқа стандарттарда РЖС пайдалануға рұқсат Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымы негізінде беріледі.



11. Келісу рәсімін жүргізу үшін уәкілетті орган Қорғаныс министрлігіне осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтінім жібереді.

12. Сұрау салуды қарастыру мерзімі материалдар келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайды. Егер өтінім берген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісуге болмайтын болса, Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар уәкілетті органға негізделген бас тартуды жазбаша түрде жолдайды.

13. Жиіліктерді иелікке беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды, қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету мүддесіне орай байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқа жиіліктерге көшуіне байланысты залалдарын бір мезгілде өтей отырып өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте шығындарды жиіліктер берілетін пайдасына пайдаланушы өтейді.

14. Көрсетілген мерзім ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді қарау мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлама жолдайды. Қорғаныс министрлігі және (немесе) мүдделі ведомстволар бес жұмыс күні ішінде хабарламаға жауап жолдауға міндетті.

15. Мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде уәкілетті орган беретін, бұрын Қорғаныс министрлігімен келісілген;

2) Ұлттық кестеде «АЗ» санаты ретінде көрсетілген азаматтық пайдаланушылардың РЭҚХ басымды пайдаланылуы үшін арналған;

3) кеме станцияларын - Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентімен бекітілген радиожиілік спектрін пайдалануға кеме станциясының рұқсаты;

4) егер РЭҚ пен ЖЖҚ техникалық параметрлері мен орнатылған орны өзгермесе, бұрын келісілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жүргізу талап етілмейді.

16. Шекаралас мемлекеттермен жиілікті халықаралық үйлестіру рәсімін өткізу қажет болған кезде уәкілетті орган өтінім берушіні өтінімді қарау мерзімінің ұзартылатыны туралы (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында радиожиіліктер белдеуін (номиналдарды) халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізуді уәкілетті орган шекаралас мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге және (немесе) 1988 жылғы 9 желтоқсандағы (Мельбурн қаласы) Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте өтінімді қарау мерзімі төрт айдан аспайды.

17. Радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізгеннен кейін уәкілетті орган:

1) нәтиже оң болған жағдайда келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерін жүргізу нәтижесі бойынша хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұйымға өтінім берілген радиожиілік белдеулеріне (номиналдарына) ЭМҮ қорытындысын ресімдеу үшін хабарлама жолдайды. ЭМҮ қорытындысы осы Қағидалардың 11-тармағында сипатталған рәсімге сәйкес ресімделеді;

2) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімдерінің нәтижелері теріс болған кезде уәкілетті орган РЖР тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда уәкілетті орган аумақтық органға, Ұйымға және өтінім берушіге бұл туралы (өтінім қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда) хабарлайды.

18. Радиожиілік спектрді пайдалануға құқықты конкурстық негізде алған жағдайда байланыс операторына аумақты елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме жүктеледі.

19. Кесімделген РЖС пайдалануға рұқсатты немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсатын (түпнұсқасын) уәкілетті орган www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы қол қойылған күні РЖС пайдаланылатын жердегі аумақтық органға жолдайды.

20. РЖС пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге береді.

21. РЖС пайдалану үшін берілген рұқсатты тиісті аумақтық орган жыл сайын, өтініш беруші РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке жылдық төлемінің бірінші бөлігін төлегенін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімін көрсетіп ұзартады. Ұзарту туралы жазба аумақтық орган бастығының қолымен және мөрімен расталады. Егер РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

РЖС пайдалануға рұқсатты ұзартудан:

1) радиожиілік спектрін үш тоқсан пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке дер кезінде төленбеген жағдайда;

2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ, пайдалануға енгізудің актісі болмаған жағдайда;

3) осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі жиіліктерді иелікке беруді өзгерту жөнінде шешім қабылдаған жағдайда бас тартылады.

22. РЖС пайдалануға рұқсатты немесе РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсатын алған аумақтық орган оларды алған сәттен бастап үш күндік мерзімде тіркейді, өтініш берушіге хабарлайды, сондай-ақ РЖС пайдалануға төлем сомасын көрсетіп (жылдың қалған мерзіміне) белгіленген үлгідегі РЖС пайдалануға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама жазады және табыстайды. РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеу өтініш берушінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.

23. РЖС пайдалануға қол қойылған рұқсат және РЖС пайдалануға кеме станциясының рұқсаты www.elicense.kz интернет-ресурсына келіп түскеннен кейін өтініш беруші аумақтық органнан мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама алады және ұсынылған хабарламаға сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты хабарлама берген кезден бастап күнтізбелік отыз күн мерзімде РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға жолдайды.

24. Көрмелер, спорттық жарыстар, ғылыми-зерттеу және эксперименталдық жұмыстарды, сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне уәкілетті орган азаматтық мақсаттағы РЖС үшін радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарын) келісу рәсімдерін жұмыс тәртібімен, кейіннен құжаттамалық растау арқылы жедел жүзеге асырады. Мұндай жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес өтініш беруші көрсеткен мерзімге РЖС пайдалануға уақытша рұқсат береді.

25. Радиожиіліктер белдеулерін (номиналдарды) бірлесіп пайдалануға тек РЖР-дің негізгі пайдаланушысының жазбаша келісімімен және өндірістік мақсатта ғана пайдалану үшін рұқсат етіледі. РЖР әрбір пайдаланушыға РЖС-ін пайдалануға жеке рұқсат ресімделеді, (бір РЭҚ пайдаланған жағдайда, РЖР-ді бірлесіп қолданатын пайдаланушыға ресімделген РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ сараптама қорытындысы қолданыстағы және жоспарланған, оның ішінде шекаралас мемлекеттердің РЭҚ және азаматтық мақсаттағы ЖЖҚ-мен (бұдан әрі – ЭМҮ қорытындысы) талап етілмейді.).

26. РЖС-ін бірлесіп пайдаланған жағдайда мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуді әрбір пайдаланушы тең шарттарда жеке жүргізеді. РЖС пайдалануға рұқсатты бірінші алған пайдаланушы негізгі пайдаланушы болып саналады.

27. Егер РЭҚ және ЖЖҚ техникалық параметрлері мен тағайындалуы өзгермеген болса, мынадай жағдайларда келісу рәсімін өткізбей, РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделеді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген;

2) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып табылған;

3) РЖС пайдалану рұқсат лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатын байланыс саласындағы қызметке лицензия алған (және/немесе қайта ресімдеген);

4) РЖС пайдалану үшін ұзарту жолдары аяқталған болса (егер РЖС-ін пайдалануға рұқсат алдында қағаз түрінде алынған жағдайда).

28. Қалған жағдайларда РЖС пайдалануға рұқсат қайта ресімделмейді және РЖС пайдалануға рұқсат алу рәсімі қайтадан өткізілуі тиіс.

29. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу, оның күшін жою және телнұсқасын алу үшін өтінім беруші аумақтық органға қажетті құжаттарды электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады.Бұған дейін қағаз тасығышта алынған РЖС пайдалануға рұқсат уәкілетті органға қайтарылады.

Өтінім электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган қызметкері ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды алған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық орган оларды одан әрі РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу, күшін жою немесе телнұсқасын алу үшін уәкілетті органға жолдайды.

Уәкілетті орган аумақтық органнан өтінім келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдейді, күшін жояды және телнұсқасын береді.

30. РЖС пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу үшін өтініш беруші мынадай құжаттар ұсынады:

1) өтініш;

2) түсіндірме жазба;

3) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ;

4) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;

5) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, құқықтық мұрагерлікті растайтын құжат.

31. РЖС пайдалануға рұқсат жоғалған жағдайда, оның телнұсқасы беріледі (егер РЖС-ті пайдалануға рұқсат бұрын қағаз тасығышта берілген болса), бұл ретте өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат.

32. Пайдаланушы РЖС пайдаланудан бас тартқан жағдайда, РЖС пайдаланушы аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою үшін мынадай құжаттарды электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады. Бұған дейін қағаз тасығышта алынған РЖС пайдалануға рұқсат уәкілетті органға қайтарылады:

1) бас тарту себептері көрсетілген өтініш;

2) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, аталған құжаттың қажеті жоқ;

3) күшін жойған кезге дейін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжат;

4) РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат бар болған жағдайда демонтаждау актісі.

Өтінім электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді кейіннен www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган мен Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.

33. РЖС пайдалануға рұқсаттың мынадай жағдайларда күші жойылады:

1) радиожиілік спектрі пайдаланылған үш тоқсан үшін мемлекеттік бюджетке төлем уақтылы төленбеген жағдайда;

2) аумақтық орган жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған, сондай-ақ белгіленген уақытта аумақтық органда радиожиілік белдеулерінде (номиналдарында) жұмыс істейтін РЭҚ және ЖЖҚ, пайдалануға енгізу актісі болмаған жағдайда;

3) өтініш беруші немесе иесі РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн мерзімде ұсынбаған жағдайда.

34. РЖР пайдаланушының өзіне бекітілген радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) уақытша немесе тұрақты пайдалануға басқа пайдаланушыларға беруіне тыйым салынады.

35. Пайдаланудан бас тартылған және күші жойылған жиіліктерді қайтадан иелікке беруді уәкілетті орган жүзеге асырады.





3. Телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер

белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру тәртібі



36. Телевизиялық немесе радио хабарларын тарату ұйымдары (бұдан әрі - өтініш беруші) телерадио тарату мақсатында жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру бойынша өткізілетін конкурс нәтижелері бойынша айқындалатын телевизия және (немесе) радиохабар тарату құқығын алғаннан кейін РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсат ресімдеу үшін өтінімді (бұдан әрі - өтінім) электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады.

Өтінім электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді. Уәкілетті орган, аумақтық орган және Ұйым арасындағы кейінгі өзара іс-қимыл www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.



37. Өтінім мынадай құжаттардан тұрады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;

2) сұралып отырған жиіліктер белдеулерінің негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптың) мақсаты мен сипаты, пайдалануға жоспарланған РЭҚ техникалық көрсеткіштері, байланысты ұйымдастыру сызбасы бар егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазбахат;

3) осы Қағидаларға 8, 9 және/немесе 30-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісті тарату түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ арналып толтырылған сауалнама.

38. Өтінішті аумақтық орган оны тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарастырады және уәкілетті органға жолдайды.

Өтініш толық жинақталмағанда, аумақтық орган бас тартудың негізделген себептерін көрсетіп, өтініш берушіге өтініш келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде хабарлайды.



Өтінішті қайтадан ұсынған жағдайда, оны қарастыру мерзімі жаңартылады.

39. Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырады, радиожиілік белдеулерін, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке береді және өтінім келіп түскеннен 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдейді.

40. Жиілік номиналдары және/немесе РЭҚ техникалық параметрлері өзгерген жағдайда байланыс саласындағы уәкілетті орган:

1) Қорғаныс министрлігімен РЖС келісу рәсімін жүргізеді;

2) кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында РЖС-тың шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіру рәсімін жүргізеді, оны жүргізудің қажеттілігі РЭҚ ЭМҮ алдын ала жүргізілген есептеу бойынша айқындалады.

РЖС-тың шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде уәкілетті орган өтініш білдірушіге өтінішті қарастыру мерзімі ұзартылғаны туралы алдын ала хабарлама жібереді.

РЖС-ты Қорғаныс министрлігімен келісу және РЖС-ты шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестіруді жүргізу қорытындылары бойынша уәкілетті орган РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдейді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті орган РЖС пайдалануға рұқсат беруден бас тартады.

41. РЖС пайдалану үшін ресімделген рұқсатты уәкілетті орган РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы қол қойылған күні жолдайды.

42. РЖС пайдалануға қол қойылған рұқсат www.elicense.kz интернет-ресурсына келіп түскеннен кейін өтініш беруші Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алым немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем төлейді.

РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алымды өтініш беруші жүргізеді және РЖС пайдалану үшін рұқсатты алу үшін алымның төленгенін растайтын құжатты РЖС пайдалануға рұқсатты алған күннен күнтізбелік отыз күн мерзімде РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға жолдайды.

РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем өтініш берушімен аумақтық орган ұсынған мемлекеттік бюджетке төлемақы төлеуге хабарлама негізінде төлейді және РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленгенін растайтын құжатты хабарлама ұсынылған күннен күнтізбелік отыз күн мерзімде РЖС пайдалану орны бойынша аумақтық органға жолдайды.

43. РЖС пайдалану үшін рұқсат келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге беріледі.

44. РЖС пайдалану үшін берілген рұқсат РЖС пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық бөлімшеде өтініш беруші РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке жылдық төлемінің бірінші бөлігін төлегендігін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімі көрсетіліп ұзартылады. РЖС пайдалануға рұқсат аумақтық бөлімше бастығының қолымен және мөрімен расталады. Егер РЭҚ пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

45. РЖС пайдалану үшін рұқсат келісу рәсімін жүргізбей, егер РЭҚ техникалық параметрлері өзгермесе, мынадай жағдайларда қайта ресімделеді:

1) жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгергенде;

2) егер заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болса;

3) РЖС пайдалану үшін рұқсат лицензияның ажырамас бөлігі болып табылатындықтан, телерадио хабар тарату саласында қызмет көрсету лицензия қайта рәсімделсе;

4) РЖС пайдалану үшін рұқсатта мерзімді ұзартудың барлық жолдары толтырылған болса.

Пайдаланушы РЖС пайдаланудан бас тартқан жағдайда, РЖС пайдаланушы аумақтық органға РЖС пайдалануға рұқсаттың күшін жою үшін мынадай құжаттарды электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынады:



1) бас тарту себептері көрсетілген өтініш;

2) РЖС пайдалануға рұқсаттың түпнұсқасы. РЖС пайдалануға рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, көрсетілген құжаттың қажеті жоқ;

3) күшін жойған кезге дейін РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алым немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төленген төлемді растайтын құжат;

4) РЭҚ пайдалану құқығына рұқсат бар болған жағдайда бөлшектеу актісі.

46. РЖС пайдалану үшін рұқсат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда, өтініш беруші тиісті аумақтық органға телнұсқа беруге жазбаша өтініш береді. РЖС пайдалану үшін рұқсаттың телнұсқасын «телнұсқа» деген белгімен уәкілетті орган береді.

47. Қызметін аналогтық сигнал арқылы жүргізетін телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдары бұрын берілген РЖС пайдалану үшін рұқсатты қайта ресімдегенде бұрын алынған рұқсаттың (телнұсқасын) алған кезде Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдарына РЖС пайдалану рұқсатын алу үшін алымды немесе РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлемді төлейді.

48. Қызметін цифрлық эфирлі телерадиохабар тарату арқылы жүргізетін телевизиялық және радио хабар тарату ұйымдары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдалану үшін мемлекеттік бюджетке төлем төлейді.

49. РЖС пайдалануға рұқсатты алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 53-63-тармақтарында баяндалған рәсімге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуы қажет.





4. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті

құрылғыларды пайдалану



50. РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім беруші тиісті аумақтық органға (РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану орны бойынша) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға өтінімді (теңіз кемелеріне орнатылған теңіз РЭҚ-тан немесе ЖЖҚ-дан басқа) электрондық тасығышта немесе www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық түрде ұсынуы тиіс. Өтінім электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Ұйым қызметкерлері өтінімді кейіннен www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы аумақтық орган ұсынуы үшін өңдейді.

РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуға осы Қағидаларға 18-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес РЭҚ және ЖЖҚ жатады. РЭҚ және ЖЖҚ-ны пайдалануға РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсатсыз тыйым салынады.

27 МГц диапазонындағы РЭҚ пен қуаты екі ватқа дейінгі шағын қуатты РЭҚ-ты такси қызметі мен коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ-ға сауалнама;

3) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органымен келісілген РЭҚ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі (егер РЭҚ-қа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдеу көзделген болса);

4) РЖС пайдалануға рұқсаттың көшірмесі (егер РЖС пайдалануға рұқсатты ресімдеу көзделген жағдайда). РЖС пайдалану үшін рұқсат электронды түрде (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді;

5) құрылғыны әкелу кезінде Қазақстан Республикасының РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификат көшірмесі (егер жабдық Кеден одағына мүше-мемлекеттен әкелінген болса, Кеден одағына мүше-мемлекеттің РЭҚ және ЖЖҚ сәйкестігі туралы берілген сертификаты ұсынылады);

6) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу көзделген жағдайда). РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электронды түрде алынған болса, көрсетілген құжат талап етілмейді.

Аумақтық орган РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін берілген өтінімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді.

Өтінім дұрыс ресімделмеген жағдайда, аумақтық орган өтінім келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша түрде өтінімді одан әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту ұсынады.

51. РЭҚ пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім қабылданған жағдайда, тиісті аумақтық орган өтінім берушімен бірге он күндік мерзімде оның өтініші негізінде РЭҚ қабылдау жүргізеді. Қабылдау нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде пайдалануға енгізу туралы акт жасалады.

52. Тараптар РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға енгізу актісіне қол қойғаннан кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 23, 24-қосымшаларға сәйкес үлгі бойынша РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат дайындайды.

РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін рұқсат келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі мерзімге беріледі.

53. ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу үшін осы Қағидалардың 53-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес ЖЖҚ сауалнама-рұқсаттың «Уәкілетті органның аумақтық органының рұқсаты» деген IV тарауы толтырылған жағдайда, аумақтық орган бастығының қолы және мөрі қойылады. Егер сауалнама-рұқсат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану аумағы өзгерген жағдайда, иесіне немесе өтініш берушіге РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін рұқсатты қайта ресімдеу қажет, бұл үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, осы РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат берген аумақтық органның берген рұқсатының күшін жою керек:

1) еркін үлгідегі өтініш;

2) РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану рұқсаттың түпнұсқасы. Егер РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану рұқсаты электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында (www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы) алынған болса, көрсетілген құжаттың қажеті жоқ;

3) РЭҚ пайдаланудан шығару актісі (қажет болған жағдайда).

Пайдалануға берген рұқсаттың күшін жойғаннан кейін РЭҚ және ЖЖҚ иесіне мынадай құжаттарды ұсынумен РЭҚ және ЖЖҚ жаңа пайдалану орны бойынша аумақтық органға он жұмыс күні ішінде РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін жаңа рұқсат алуы қажет;

4) осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес өтініш;

5) осы Қағидаларға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 20-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша радиобайланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖҚ-ға сауалнама;

6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісілген РЭҚ және ЖЖҚ-ға санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі (РЭҚ-қа санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдеу қарастырылған жағдайда);

7) ЭМҮ қорытындысының көшірмесі (егер ЭМҮ қорытындысын алу қажет болса);

8) РЖС пайдалануға рұқсаттың көшірмесі, егер РЖС пайдалануға рұқсат ресімдеу көзделген болса. Егер РЖС пайдалану үшін рұқсат www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат форматында ресімделген болса көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.

Өтінім иесі жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және РЭҚ мен ЖЖҚ пайдалануға жаңадан рұқсат береді.

РЭҚ және ЖЖҚ иесі ауысқан жағдайда, жаңа иесіне 30 жұмыс күні ішінде осы тармақтың 4)-8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға жаңадан рұқсат алу үшін аумақтық органға жүгінуі қажет.

РЭҚ және ЖЖҚ иесі жүгінгеннен кейін, бес жұмыс күні ішінде аумақтық орган жаңа РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсатын береді.

54. Радиожеліні жабу, РЭҚ және ЖЖҚ ауыстыру, оларды пайдаланудан шығару бір ай мерзімде жазбаша түрде аумақтық органды міндетті түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес акт бойынша жүргізіледі.

55. Телефон арнасының радиоұзартқыштарын (бұдан әрі - радиоұзартқыш) және жылжымалы радиобайланыс жүйелерін пайдалануға өтінім берген кезде аумақтық орган базалық (стационарлық) станцияға рұқсат ресімдейді, бұл ретте базалық станцияны пайдалануға арналған рұқсатта оның орналасқан орны көрсетілуі керек.

56. Әрбір радиоұзартқыш жинағына Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген РЭҚ техникалық параметрлеріне тиісті арналардың белгілі саны бекітіледі.

57. РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсатты РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалану орны бойынша тиісті аумақтық орган бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде иесі немесе өтінім беруші аумақтық органға өтініш білдіргеннен кейін келесі күнтізбелік жылдың 25 наурызына дейінгі қолдану мерзімі көрсетілген және РЭҚ пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төленетін жылдық төлемнің бірінші бөлігінің төленгені туралы тиісті құжатты ұсынған жағдайда жыл сайын ұзартады. Егер РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат электронды түрде www.elicense.kz интернет-ресурсы арқылы ресімделген болса, ол аумақтық орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.

58. РЭҚ техникалық өлшемдері, орнатылған орны, антеннаның аспа биіктігі өзгерген жағдайларда, РЭҚ иесі РЭҚ пайдалану орны бойынша аумақтық органға РЭҚ пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу үшін тиісті өтінімімен жүгінуі қажет.

Аумақтық орган өтінім берушімен бірге оның өтініші негізінде он күндік мерзімде РЭҚ қабылдауды жүргізеді. Қабылдау нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде пайдалануға енгізу туралы акт жасалады.

Тараптар РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға енгізу актісіне қол қойғаннан кейін аумақтық орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 23, 24-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсатты ресімдейді.

59. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарындағы және аумақтарындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, радиоэлектрондық құралдар мен олардың антенналы-фидерлі құрылғыларын орнату және пайдалануға енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілген мемлекеттік орган мен ұйымның бөлек нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен реттелетін мемлекеттік орган мен ұйымның ішкі ведомстволық байланыстың радиоэлектрондық құралдарынан және олардың антенналы-фидерлі құрылғыларынан басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтерді пайдаланатын, және осы Қағидаларға 31-қосымшадағы тізімге сәйкес азаматтық тағайындаудағы радиоэлектрондық құралдар және олардың антенналы-фидерлі құрылғыларын орнатуға тыйым салынады.

60. Қазақстан Республикасының аумағындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінде орнатылатын радиоэлектронды құралдарды пайдалану Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігінің ұсынысы бойынша уәкілетті орган беретін рұқсаттамалар негізінде жүргізіледі.





5. Азаматтық қолданыстағы радиоэлектрондық құралдардың

электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу тәртібі



61. Азаматтық мақсаттағы РЭҚ және ЖЖҚ пайдалану үшін қолданылатын және жоспарланатын РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебі (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген РЭҚ және ЖЖҚ үшін жүргізіледі. Басқа РЭҚ және ЖЖҚ үшін есептеу жүргізу және ЭМҮ қорытындысын алу талап етілмейді.

62. Есеп мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) РЭҚ пайдалануға рұқсат алу (алдын-ала есептеу);

2) егер бұрын РЖС пайдалануға рұқсат алу кезінде есеп жүргізілмесе, РЭҚ пайдалануға рұқсат алу;

3) техникалық параметрлерді, оның ішінде РЭҚ орнату орнын өзгерту (географиялық координаталарының өзгеруі, антенна аспа биіктігінің өзгеруі, антенна бағытының өзгеруі).

63. Өтінімде ұсынылған деректерді ұйымның мамандары ЭМҮ РЭҚ және ЖЖҚ алдын ала есебін жүргізу үшін өңдейді және:

1) нәтиже оң болған жағдайда, уәкілетті орган одан әрі аталған радиожиіліктің белдеулерін (номиналдарын) келісу және (немесе) халықаралық үйлестіру рәсімін өткізу үшін бес жұмыс күні ішінде аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға хабарлама жолданады;

2) нәтиже теріс болған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде басқа жиілікті таңдау үшін аумақтық органға және (немесе) уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.

Уәкілетті органнан РЖС пайдалануға рұқсат алғаннан кейін РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысын рәсімдеуге иесі не өтінім білдіруші Ұйыммен азаматтық заңнама нормаларына сәйкес шарт жасасады.

Ұйымның ЭМҮ қорытындысын рәсiмдеу мерзiмi Ұйым мен өтінім беруші арасында РЭҚ ЭМҮ есебін жүргізу қызметін көрсету шартына қол қойылғаннан және ақысы төленгеннен кейін он жұмыс күнінен аспайды. Ұйым ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын өтiнiм берушiге береді немесе жолдайды.

64. ЭМҮ есебін жүргізуді Ұйымның мамандары ұсынылған құжаттар және шекаралас елдердің РЭҚ есепке алумен электронды түрде аумақтық органдар толықтыратын республикалық деректер базасы негізінде жүзеге асырады.

Берілген рұқсат құжаттар бойынша және шекаралас елдердің РЭҚ туралы ақпарат аумақтық органдармен Ұйым қызметкерлеріне мерзімінде ұсынылу қажет.

65. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысы есеп жүргізудің осы Қағидаларға 27, 28 және 29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оң нәтижесі бойынша иесі немесе өтініш беруші РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ есебін жүргізу қызметі үшін төлемақысы төленген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және беріледі. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысының көшірмесі Ұйымда сақталады.

66. РЭҚ және ЖЖҚ ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасын қалпына келтіру мынадай жағдайларда:

1) ЭМҮ қорытындысының түпнұсқасы жоғалған жағдайда;

2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгеріп, РЭҚ техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаталары өзгермесе;

3) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагері болып РЭҚ техникалық параметрлері және РЭҚ орналасуының географиялық координаталары өзгермесе жүргізіледі.

Мұндай құжатты беру РЭҚ ЭМҮ сараптамасын жасамай үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, сондай-ақ өтінім беруші мен Ұйым арасындағы шарт жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады.

_________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет