Қ. Бралов Ғ. М. Елікбаев неврологиядағы терминологиялық



бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5
Д

енсаулық сақтау министрлігі


А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қ.Бралов

Ғ.М.Елікбаев

НЕВРОЛОГИЯДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ

СӨЗДІК

(оқу құралы)

Түркістан

2013

УДК 616


ББК

Б

Оқу құралы А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспадан шығаруға рұқсат етілді.


Пікір жазғандар:
Г.А.Дущанова – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясының неврология кафед-ң меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Г.Б.Абасова – А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент

Б Бралов Қ., Елікбаев Ғ.М. Неврологиядағы терминологиялық сөздік: Оқу құралы. –Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2013 ж. – 50 бет.


ISBN
Б

ұл оқу құралында Халықаралық терминдер атауларының мағынасы дұрыс түсіндірілген, бұл ғылыми және тәжірибелік медицинада күнбе-күн жұмыс барысында жиі қолданылатындықтан да маңызды. Сөздік алфавиттік тізбектер ретімен А-дан Я-ға дейінгі атаулардың қазақша түсініктемесі. Сол сөздердің түп мағынасы латын және грек тілдерінің халықаралық терминологиясының қазақша түсінігінде көрсетілгендіктен, бұл неврологиялық терминдердің есте сақталуын және қажетті кезде атауларды қолдану мүмкіндігін оңайлатады.

Қысқа және логикалық түрде құрылған бірыңғай жүйедегі сөздік болғандықтан, тәжірибелік сабақтарда және өзіндік жұмыстарда дайындалып, неврология пәнін игеруге едәуір көмектеседі.

Бұл сөздікті жоғары және орта медициналық оқу орындарының студенттері мен невролог, нейрохирург және жалпы медицина саласындағы мамандардың күнделікті жұмысында қолдануына болады.
УДК

ББК
© Бралов Қ., 2013



© Елікбаев Ғ.М., 2013

НЕВРОЛОГИЯДАҒЫ АТАУЛАРДЫҢ СӨЗДІГІ
Абазия – abasia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + basis – адымдау, жүру) жүре алмау немесе жүру кезінде тепе-теңдігін сақтай алмау.

Абсанс – absentia (лат. absens absum және abesse деген сөзден алынған жоқ болу, болмау) қысқа мерзімдік есінен айрылуы (секундтер шамасы), мелшиіп қалу, эпилепсия ауруларында санасының ұстамалы тұмандануы.

Абсолюттік – absolutus (лат. аbsolutus – шүбәсіз, шексіз) мүлдем күмәнсіз айқындықты білдіреді.

Абсорбция – (лат. аbsorbо – сіңірілу, жұтылу, сорылу)басқа денелердегі және заттардағы газ бен сұйықтықтардың екінші бөлек денелерге сіңірілуі (өтуі). Мысалы: омыртқа аралық дискілерге қоректік заттардың омыртқадан өтуі.

Абстиненция – abstinentia (лат. аbstineo – тартыну, өзін-өзі тоқтату, тыйылу) токсикоманикалық заттарды немесе оларға ұқсас аналогтары: алкоголь, наркотиктер, кейбір психотроптық заттарды залалды және үйреншікті қабылдағаннан кейін ол заттарды мезгілінде қабылдау мүмкіндігі болмаған уақытында болатын психикалық, соматикалық және неврологиялық ақаулануы. Яғни көңіл-қошының (депрессиялық, дистемиялық, дисфория-лық) өзгеруі. Басының, жүрегінің, бұлшық еттері мен буындарының ауруы (ауырсынуы) «сырқырауы (ломка)», асқазан ішектерінің бұзылуы, ұйқысыздық, ас батпауы, құрысу ұстамасы, аласұру, т.б.

Абулия – abulia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. bule – жігер) іс-әрекетке ықыласының патоло-гиялық түрде болмауы және өздігінен талаптанып-ниеттену, іздену сезімінің болмауы жігерсіз, әлжуаз, әлсіздік.

Aггравация – aggravatio (лат. aggravo – нашарлату, төмендету) ауру белгілерін ауырлау етіп көрсетуі.

Агевзия – аgensia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. gensis – дәм сезу) тағамның дәмін сезбеу.

Агирия – аgyria (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. gyrus – қатпар) мидың не мишықтың қатпар-сыздануы.

Агнозия – agnosia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. gnosis – тану, білу) күрделі сезім мүшелерінің әрқайсысының миға жеткізген мағлұматтарының қорытылып түсінікке айналу нәтижелерінің бұзылуына байланысты әр заттар мен құбылыстардың жеке белгілерін біріктіріп, біртұтас пікір жарата алмауы мен олардың өзара әрекеттерін және өз денесінің мүшелерін танымауы. Агнозияларда сезімнің жеке түрлері (көру, есту, дәм, т.б.) мен есінен айрылуы болмайды.

Агония – agonia (гр. agonia күрес, таласу) клиникалық өлім алдындағы терминальдық жағдай (тірілік пен өлім аралығындағы арпалыс).

Агорафобия – agoraphаbia (гр. аgora – базар алаңы – гр. рhobos – қорқыныш) ашық алаңнан, кең көшеден, кеңістіктерден беймазалануы жабысқақтық түрде қорқуы.

Аграфия – agraphia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. grapho – жазу) жазу дағдысынан айырылуы, бірақ жазудан басқа әрекеттерді дұрыс орындайды. Әдетте аграфия афазиямен қосарласады.

Адаптация – (ескі лат. аdаptatio – бейімделу, бейім-ділік). Адаптациялық синдром адамның не жануарлар-дың стрестік жағдайлардағы ағзасының қорғаныс әрекеттік күшінің жұмылуы, яғни қиын жағдайға бейімделуі. Егер стрестік жағдайлар күшті және ұзақ болса, компенсаторлық мүмкіндігі шектеліп, өліммен аяқталуы мүмкін.

Аденовирустер – (гр. аden – без + лат. virus – у жасушасыз нуклеин қышқылдарынан құралған ДНК мен РНК және ақуыз қаптық бөлшектер) аденовирустік аурулар тудыратын ДНК-дан құралған вирус.

Аденоидтар – (гр. аden – без + гр. eidos – түрлері, түрі) көмейдің бадамша тәрізді бездердің өсіп ұлғаюы, мұрнымен дем алуды қиындатады.

Аденокарцинома – (гр. аden – без + гр. carcinoma – ісік) – безді эпителиялардан жаралған қатерлі ісік (емшек, қарынның және басқа да бездер).

Адиадохокинез adiadochokinesis (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. diadochos – екі жақтық + гр. kinesis қозғалу) – қарама-қарсы қозғалыстарды орындай алмауы, екі қолының не аяқтарының буындарын бірдей етіп қозғау кезіндегі синхрондығының болмауы, біржағы қалыс не шапшаң болуы. Мысалы: екі қолының алақанын бірдей жоғары (супинация) – төмен қарай (пронация) қозғағанда байқалады.

Адинамия – (гр. аdynamia – әлсіздік) қозғалыс белсенділігінің азаюы, баяулауы және дәрменсізденуі.

Азотемия – (азот және гр. hemia – қан) құрамында азоты бар мочевина, креатинин ж.т.б. тіндердің ыды-рауынан жаралған заттардың қанда көбейіп, хлорид-тердің азаюы, бүйрек ауруларынан болатын аурудың ауыр түрі.

Акайрия – akairia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. kairos мөлшер, шама). Маңайындағыларға жарма-сып мазалау, сұрақтарын қайта-қайта қойып, беймазалап мезі ету.

Акалькулия – acalculia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + лат. calculio санау) сандық белгілерді қолдану дағдысынан айрылуы. Ауру қарапайым арифметикалық есептерді шығара алмайды, көбейту кестесін есте сақтай алмайды және кейбір цифрларды жаза алмайды. Бұл симптом сол жақ төбе бөлімнің бұрышы қыртысының зақымдалуынан болады.

Акарофобия – acorophobia (гр. akari кене + гр. phobia – қорқу) ұсақ насекомдар мен ұшатын заттардан қорқу.

Акатаграфия – acatagraphia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. katagrapho – жазып алу) – жазбаша сөз түсінігінің бұзылысы. Жазу кезінде сөйлемдегі сөздің орындарының бұрыс алмастырылуы немесе сөздерді жазу кезінде буындардың алмастырылуы бұлар моторлық афазияның бір түрі болып есептеледі.

Акатаматезия – acatamathesia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. katamathesis – толық түсінуі, білу) сұқбаттасушыны мүлдем түсінбеу.

Акатафазия – acataphasia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. kataрhаsis – келісу, қоштау) сөйлесу кезінде сөз бен сөйлемнің мағынасына келмейтін, бірақ дыбыстық жағынан ұқсас сөздерді қолдануы, моторлық афазияда болады.

Акромегалия – acromegalia (гр. acron – шеті, ұшы + гр. megas megale үлкен) қол басы мен аяқ басының, бет сүйектерінің және ішкі ағза мүшелерінің үлкейюі. Зат алмасуларының гипофиз бен гипоталамустың зақым-далуына байланысты болатын нейроэндокриндік ауру-лардың белгілері.

Акропарестезиялар – acroparaеsthesia (гр. acroп-шеті, ұшы + гр. para маңайында + гр. aеsthesis сезу, сезім) ұюы, құмырсқа жыбырлағандай, мұздауы, керіп-тарту, шымырлау (инелер қадалғандай) сезімдерінің өздігінен сыртқы әсерсіз шеткілік және орталық нерв жүйесі арқылы қол-аяқ басында болатын аурулық сезім.

Акротрофоневроз – akrotrophoneurosis (гр. akron – шеті, ұшы + гр. trophe – қоректендіру + гр. neuron – нерв) – вегетативтік НЖ сегмент үсті аппаратының дисфункциялануына байланысты қанайналымының бұзылуынан қол-аяқ бастарының гипо–атрофияланып семуі.

Акрофобия – acrophobia (гр. akron – шеті, ұшы, шыңы + гр. pobia – қорқу) биіктіктен және биік жерлерден (балкон, үйдің төбесінен, т.б.) қорқуы.

Акроцефалия – аcrocephalia (гр. akron – шеті, ұшы, биіктеу + гр. kephale бас) бастың даму кезіндегі анамалиясы: краниостеноздың белгілері болып есептеледі. Бас сүйегінің коронарлық және сагитальдық жіктерінің ерте сүйектеліп қатаюына байланысты шатыр тәрізді көрінуі.

Акроцианоз – acrocianosis (гр. acron – шеті, ұшы + гр. cyanosis – көгеруі) тән мүшелерінің шеткері бөліктерінің (құлағының, еріндерінің, мұрыны мен саусақтарының ұштарындағы) веналарының қанай-налымдары іркіліп көгіс тартуы (цианоз). Жүректің оң жақ қарыншасының жетіспеушілігінен және дененің жүректен қашықтау жеріндегі қанайналымының баяулайтындығынан болады.

Аксон – (гр. axon – өзек, өсінді, белағаш) – нейрондардан импульстерді иннервациялайтын мүше-леріне немесе нерв жасушаларына өткізетін өсінділер.

Акцелерация – acceleratio (лат. acсеlero – шапшаңдату); (синонимі акселерация) – бойының тез өсуі, жасөспірімдердің дене бітімі мен жыныс мүшелерінің белгілі тарихи кезеңінде алдыңғы ұрпақпен салыстырғанда тез және ертерек жетілуі.

Акцентуация (мінезінің акцентуацияланулары) – аccentuatio accentuationes (лат. accentus екпін, лептену); (синонимі: тұлғаның акцентуациялануы) – қалыпты мінездің аса ауытқу түрлеріне (варианттарына) байланысты тұлғаның кейбір мінездік жақтары белгілі психогендік әсерлерден мінезінің ауытқуы әсіреленіп ұлғайса, басқа психогендік әрекеттерде жақсы тұрақтылықты көрсетеді.

Алакримия – alacrimia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + лат. lacrima – көз жасы) – көз жасының болмауы.

Алалия – аlalia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. lalia – сөйлеу) – мидың маңдай және (немесе) самай бөлімінің сөйлеу орталықтарының тілі шыққанға дейін натальдық кезеңінде зақымдалуынан немесе олардың жетіспеуіне байланысты сөйлей алмауы немесе сөйлеу мүмкіндігінің шектелуі. Алалия диагнозы кереңдік және кемақылдылық болмай ауыз қуысының сөйлеуге қатысы бар мүшелерінің қалыптылық жағдайына байланысты. Алалияның моторлық, сенсорлық және тотальдық түрлері болады.

Алексия – alexia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. lexis, ae, f – айту) әріптер мен буындардың және сөздердің таңбаларын танымауына байланысты оларды оқи алмау, оқығанын түсінбеу. Афазиямен қосарласады. Жетекші жарты шардың төбе бөліміндегі бұрышты қыртыстың, шағын зақымдалуына байланысты болады. Зақымдалу дәрежесі дауыстап не ішінен мүлдем оқи алмаудан либеральдық паралексия – сөздерді әріптерді не буындардың орнын алмастырып оқу немесе вербальдық паралексия – сөйлемдегі кейбір сөздерді оқымай өтуі.

Алкалоз (ежелгі латын alcali – сілті) – ағзаның қышқыл – сілтілік теңдестігінің сілтілік катионының көбею жобасы.

Алкоголизм – спирттік ішімдіктерді жүйелі де за-лалды қабылдау нәтижесінен болатын созылмалы ауру.

Алкогольдік психоздар алкоголизмге байланыс-ты болатын психикалық ауру. Оның негізгі клиникалық белгілері: есінің тұнжырауы, есту және көру галлюцинациялары, есірік болып құтырып, жында-нуымен қоса әр түрлі соматикалық және неврологиялық ақаулықтар қосарласып, қастандық пен қызғаныш сезімдердің аралас болуымен ерекшеленеді.

Аллохейрия – allochliria (гр. alcos – басқа + гр. cheir – қол) – сезудің сапалық түрдегі ақаулануы, ол дененің қоздырылған орынының дәл сол жерде емес (симмет-риялық) қарама-қарсы жағынан сезуі, мыс.: оң қолдың қоздырылуы, дәл сондай орнын сол қолынан сезуі.

Аллодиния – allodynia (гр. allos – бөтен + гр. odyne – ауырту) сезімдердің сапасының бұзылуы: Денеге кез келген жанасу әрекеттерінің өзгеріп әр түрлі ауырту болып сезілуі.

Альгомиоклония – allgomyoclonia (гр. algos –ауырту + гр. mys, myos – бұлшық ет + гр. clonos – итеру, итермелеу) – бұлшық еттің не оның бөлек будаларының қозғалған кезінде не тыныш уақытында олардың клони-калық бұлқынуы ауыртатын сезімімен қосарласады.

Альтруизм – (франц. altruisme, латын тілінен alter – бөтен дегеннен аталған) – басқа адамдардың игілігі үшін риясыз қамқор болу. Бұл атауды О.Кант эгоизм атауына қарсы ұғым есебінде ендірген.

Амавроз – amaurosis (гр. amauros – қараңғы, соқыр) көру қабілетінің мүлдем жоғалуы (соқыр).

Амблиопия – аmblyopia (гр. amllys – әлсіреу, на-шарлау + гр. opsis – көру) – көру қуатының нашарлауы (төмендеуі).

Аменциа – аmentia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + лат. mens, mentis ақыл, ес) сананың тұман-дану синдромы, төңірегіне бағдарсызданып ойының байланысы болмай, қозғалыс қозуымен еліруі болады. Олар амнезияланады.

Амиелия – amyelia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. myelos жұлын) туылуынан жұлынның болмауы (өлетін ақаулық).

Амнезия – amnesia (гр. а – жоқ деген демеулік шы-лау + гр. mnesis есте сақталу) есіне сақтай алмау. Өт-кендегілерін есіне түсіре алмау. Амнезиялардың түрлері: прогрессияланатын (үдемелі) бірте-бірте есінде-гілерін ұмытуы; фиксацияланған түрі күнбе-күнгілерін есіне сақтай алмау, бірақ өткендегілерінің ұмытылмауы; кон-градтық, ретроградтық және антероградтық амнезиялар.

Амузия – amusia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. musa – музыка (әуен) музыкалық әуендерді танымауы және айта алмауы. Есту агнозиясы мен апраксияларда болады.

Анакузия – аnacausia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. accusis есту) естімеу (саңырау).

Аналгезия – analgesia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. algos – ауырғандық сезімі) – ауру сезімінің жоғалуы.

Анамнез – anamnesis (гр. anаmnesis – есіне түсіруі) сұрастыру кезінде ауру адамның өз аузынан және оны білетіндерден жинақталған мағлұматтар оларды ауру-дың диагнозын қою және оның болашағын болжау үшін қолданылады.

Анартрия – anarthria (гр. аn – жоқ деген демеулік шылау + гр. arthro – анық сөйлеу) – V, VІІ, ІХ, Х, ХІІ бас сүйек нервтерінің немесе пирамида жүйесінің cortico nucliarіs жолының екі жағынан да зақымдалуларына байланысты еріндерді, тілді, жұмсақ таңдай мен төменгі жақтарын қозғайтын бұлшық еттердің сал болып, сөйлеу қабілетінің мүлдем болмауымен қатар әріптердің де дыбыстарын мүлдем шығара алмайды. Бульбарлық не псевдобульбарлық сал глоссоплегия, дисфагия және афониямен қосарласады. Толық зақымдалмауы дизария деп аталады.

Анафилаксия – anaphyloxia (гр. аnа – кері қарай, қарсы әсер + гр. phylaxis – күзету, қорғау) сенсебелизацияланған ағзадағы аллергендердің қайта ендірілгендегі кенеттен лезде беретін әсерлері. Олардың жалпы білінетін көріністері анафилактикалық шок, қан сұйықтығының ауруы; ендірілген орнында – қабыну, ісік, кейде сол жердегі тіндердің некроздануы.

Аневризма – aneurysma (гр. aneuryno – кеңейту) қан тамырларының бүйірлері кеңейіп қалталануы. Жара-тылысынан аномалиялық немесе қантамыр іргелерінің әр түрлі патологиялық факторлардың әсерінен болатын ауру.

Анергия – (гр. an – жоқ деген демеулік шылау + гр. ergon – әсер, жұмыс) ауру тудыратын әсерлерге ағзаның қарсыласа алмауы.

Анестезия – anaesthesia (гр. аn – жоқ деген демеулік шылау + гр. aеsthesis – сезім) сезімдердің мүлдем жоғалуы жалпы не тотальдық анестезия деп те аталады.

Анизокория – anisocoria (anisos – дұрыс емес, тең емес + гр. kore – көз қарашығы) көз қарашықтарының мөлшерлері әр түрлі болуы. Көз қарашықтарының мөлшерлері екі бірыңғай салалы бұлшық еттер арқылы орындалады: бірі кішірейтетін (m.sphincter pupillae) ІІІ жұптың құрамындағы Якубович және Перлье ядролары арқылы орындалса, кеңейтетін (dilatator pupillae) C8–Th1 жұлын сегменттеріндегі симпатикалық орталық арқылы орындалады.

Анозогнозия – anosognosia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. nosos – ауру + гр. gnosis – білу)өзінің ауру екендігін сезбеу (білмеуі).

Аномалия – (гр. anomalia қалыптылықтан ауытқу, қалыпсыз) – жалпы қалыптылық заңдылықтан ауытқу, бұрыс.

Анорексия – аnorexia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. orexis – тамаққа зауқы, асқа ынтасы) физиологиялық тұрғыдан ауқаттануға қажеттілігі бола тұрып, гипоталамустағы аштықты сезу орталығының әрекеті болмауына байланысты ас қабылдауға тәбетінің болмауы.

Аносмия – anosmia (гр. аn – жоқ деген демеулік шылау + гр. osme – иіс) иіс сезбеу.

Анофтальмия – аnophthalmia (гр. аn – жоқ деген демеулік шылау + гр. ophthalmos – көз) бір не екі көзініңде болмауы.

Анэнцефалия – аnencephalia (гр. аn – жоқ деген демеулік шылау + гр. enkephalos – ми) – миының, бас сүйегінің және бастың жұмсақ тіндерінің болмауы.

Апаллилік синдром – syndromum apallicum (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. pallium – жамылғы, бүркемесі) мидың ең сыртқы жамылғысының қабы-нуы, гипоксия, т.б. әсерлерінен сұр заттарының деструкциялануына байланысты олардың сапаға байла-нысты қызметтерінің толық бұзылып, қыртыс астының функциялары, яғни ағзаның ішкі мүшелерінің қызметі тірліктің ғана белгілерінде болуымен ерекшеленетін хал-жағдай «вегетативтік тілік», – деп те аталады.

Апатия – apatia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр.pathos – көңіл–күй сезімі) көңіл күйінің мүлдем тебіренбеуі, енжарлық, рухсыз, бос кеуделік.

Апноэ – аpnoe (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. pnoe – дем (тыныс) алу) демі жоқ, демі тоқтаған.

Апоптоз – аpoptosis (гр. apo – аяқталған + гр. ptosis – кету, жойылу) жасушалардың жаратылысынан жос-парлы түрде (программалануына) байланысты олардың жойылуы (құруы) көп жасушалы ағзалардың өмір әрекеттерінің кезінде болатын дәйекті (фундамен-тальды) нәтиже (процесс). Нейрондардың 20 жастан кейін біртіндеп жойылуы, негізінен өмір барысында іске араласпағандары алғашқы кезекте апоптоздалады.

Апроксия – apraxisa (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. praxis жұмыс, әрекет) бағытты, ойланған дағдылы іс-әрекеттерін орындай алмауы, мыс.: қол-аяғының салы мен координациясының ақалылығы болмай-ақ өзін күтуіне байланысты киініп шешінуі, кәсіби әрекеттер, т.б. қозғалыстарды орындай алмау.

Арахнодактилия – аrachnoidactylia (гр. arachne – өрмекші, өрім + гр. daktylos саусақ) эмбриондық даму кезіндегі қалыптылықтан ауытқуы (аномалиясы): әдеттегіден ерекше саусақтары жіңішке және ұзын – өрмекшелер тәрізді болуы.

Арахнойдит – arachnoiditis (гр. arachnoidea – мидың өрім тәрізді қабы + itis – қабыну) мидың арахнойдальдық қабының полиэтиологиялық фактор-лардан (себептерден) редукциялық және гиперпро-дуктивтік созылмалы қабынуы нәтижесінен ликворлық гипертензия, іші ликворге толған көлемділерді, іргелес жұмсақ және қатты қаптарына жабысып үлбіреуіктер (киста) тудырады, олар үлкейген сайын көлемді аурулар тәрізді ошақтық синдромдардың себебі болады.

Арефлексия – аreflexia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + лат. reflexus – кері қайтарылу) қоздырылған мүшелердің нәтижелері жұлын және ми арқылы жауап болмауы, яғни рефлекторлық тізбектің үзілу нәтижесі.

Аринэнцефалия – аrhinencephalia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. rhin – мұрын + гр. encephalon ми) иіс сезудегі талдағыш мүшелерінің – (иіс жуашығы, иіс жолы, гиппокамп құрылымы) болмай мүкіс жаратылуы.

Артикуляция – articulation (лат. articul, i, m –бөлшектеу, бөлу сөздің бір бөлімі) сөйлеу кезінде сөздік дыбыстардың құрастырылуы.

Асинергия – аsynergia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. syn – бірге, бірден + гр. ergon – жұмыс, әрекет) қарапайым қимыл–қозғалыстарды біріктіріп сыбайластыру мүмкіндігінің болмауы, қосарласа қозғалатын қозғалыстардың байланысының (композия-сының) болмауы мыс.: қалыпты кездегі қарапайым жүрістегі аяқ пен қолдың қозғалысы, сол аяққа оң қолдың, оң аяққа сол қолдың, қозғалыстары болу керек болса, асинергияда ол реттік бұзылады, т.т.

Аспирация – aspiratia (лат. ad, as – жақындау, қосылу, бірігу + лат. spiro + үру) демін ішке қарай алған кезінде сұйық не қою заттардың трахея (кеңірдек) мен өкпеге кіруі (кетуі) ол көбіне ессіз жағдайында құсығы не ауызындағы сілекейдің тыныс жолына кетіп тұншығуы (аспирация).

Астазия абазия – аstasia, abasia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. stasis – тұру + гр. basis – қозғалу) жатқан кезінде қозғалысының барлық түрі және күштері бола тұрып, аяғына тұрып жүре алмауы.

Астения аsthenia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. sthenes – күші, әлі) нерв (жүйке) және психикасының әлсіздігі, тез шаршауы.

Астереогноз – astereognosis (гр. a – жоқ деген демеулік шылау + гр. stereos – қатты, тығыз + гр. gnosis – білу) – бұрыннан белгілі таныс заттарды көзін жұмып, сипалап атауын айта алмауы. Астереогноздың екі түрі болады: 1) нақты түрі – беткей және меншікті сезімдерінің өткізбе жолдары зақымдалмай-ақ олардан келген мағлұматтарды мидағы қорытындылап, тұжы-рымдайтын орталық орнының мүмкіндігі болмауынан (зақымдануынан) ол заттың не екенін танымауы. Ол орын жетекші жарты шардың шеткілік үстіндегі қатпарында орналасады (40 аумақ). 2) жалған түрі (псевдоастереогноз) беткей және меншікті сезімдердің өткізбе жолдары зақымдалғанда – анестезия кезінде болады.

Астериксис asterixis (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. stereos – қатты, тығыз) дене тұрқының қалпын ұстап тұра алмау.

Атаксия – ataxia (гр. a – жоқ деген демеулік шылау + гр. taxis – реттілік, тепе-теңдік) қозғалыстың тепе-теңдігі мен үйлесімділігінің (координация-сының) бұзылуы. Ол тік тұру (статикалық) және үйлесімділігінің (координациясының) немесе олардың ерікті қозғалысын басқарушы пирамида немеcе экстрапирамида мен мишықтың зақымдалуларымен қосарласуы мүмкін.

Атеросклероз – atherosclerosis (гр. athere – ботқа + гр. skleros – қатты, қатқан + гр. osis – ауру) ірі және орта калибрлі артериялардың созылмалы ауруы. Қантамырларының ішкі іргелеріне (интималарына) атерогендік (ботқа тәрізді) липопротеиндердің шөгінділенуі, кейін олардың сыртын дәнекер жалғама тіндер қаптап өсіп, түйіндер құрап, тамырлардың тесігін кішірейтіп, қан айналымын бұзады.

Атетоз athetosis (гр. athetos – тұрақсыз + гр. osis ауру) – гиперкинез. Агонистік және антогонистік бұлшық еттердің адам еркінен тыс бірден және бірдей баяу тоникалық жиырылу нәтижесінде ирелеңдеген, қитұрқылы (вычурный) қозғалыстардың бетінде қол-аяқтарының бас жақтарында тынымсыз және әр жерде болып бұлшық ет тонусыныңда өзгермелігі, яғни гипертонус гипо–атониямен қосарласуы байқалады. Ол қозғалмалы спазм (spasmus mobilis) деп аталады.

Атония atonia (гр. а – жоқ деген демеулік шылау + гр. tonos – қатаю) босаңсу, солғындық. Ағзаның және тіндердің серпімділігі, пысықтығы және қозуға сергек-тігінің мүлдем жойылуы (қантамырларының, қарынның, ішектердің, бұлшық еттердің, т.б. атониялары).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет