№ исх: 08-3/472-вн от: 13. 09. 2013 Қазақстан Республикасы



жүктеу 230.79 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі230.79 Kb.
: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына



№ исх: 08-3/472-ВН от: 13.09.2013

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

міндетін атқарушысының

2013 жылғы «____» _________№______

бұйрығына қосымша

Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері
1. Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – саланың еңбек нарығындағы танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттамасы.

2. СБШ біліктіліктердің салааралық салыстырмалығын қамтамасыз ете отырып, салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу үшін бірыңғай шәкілді айқындайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.

3. СБШ автомобиль жолдары, су, автомобиль және темір жол көлігі салалары пайдаланушыларының әртүрлі топтарына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, қызметкерлерге) арналған және:

1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен оқу бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;

3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.

4. СБШ Ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ) сәйкестірілген сегіз біліктілік деңгейінен тұрады.

5. СБШ нәтижелердің жиынтық сипаттамасы келтіреді, нақтылау КС-да жүзеге асырылады.

6. СБШ-да қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);

2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс істеу саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;

3) дағды – бір әрекетті бірнеше рет қайталау немесе кәдімгі мәселелерді шешу нәтижесінде автоматты түрге дейін жеткізілген мақсат көздейтін әрекеттерді орындай алу;

4) қабілеттілік – қызметтің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудын объективті шарты болып табылатын тұлғаның жеке ерекшелігі;

5) кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайлары қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6) құзыреттер – кәсіби қызметінде субъектің сапалары нақтылы мамандыққа қатысты деңгейі есептердің орындауы қамтамасыз ететін қызметтер;

7) тәжірибе – саналы қызмет белгілі бір уақыт аралығында меңгерілген және тиімді пайдаланыла алатын білім мен білік;

8) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау.

7. СБШ сала кәсіптік қызметінің әрбір саласы үшін ҰБШ және саланы дамыту стратегиясының негізінде жасалған

8. Саланың кәсіби қызмет салаларына:

көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен құрал-жабдықтар паркін дайындау;

жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну;

көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен құрал-жабдықтар паркін жаңарту жатады.

9. СБШ-ның қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.

10. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.

11. Бiлiктiлiк белгiлi бiр бiлiм бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжiрибе нәтижесi болып табылады.

12. Бiлiктiлiктi жетiлдiру немесе оның бейiнiн өзгерту үшiн әрбiр деңгейде кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң қосымша бiлiм бағдарламалары бойынша тиiстi лицензиялары бар ұйымдарда қажет.

13. Бiлiктiлiк деңгейi практикалық жұмыс тәжiрибесiн меңгеруiне, өз бетiнше бiлiм алуына және оқуына қарай жетiлуi мүмкiн.

Бiлiм беру мен оқытудың әртүрлi нысандарын есепке алу салалық бiлiктiлiк жүйелердiң iшiнде жүргiзiлетiн болады.

Қызметкердiң практикалық тәжiрибесiн, бiлiктiлiктi арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке бiлiм беру траекториясын құруға болады, бұл бiлiктiлiк деңгейлерiн алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкiндiк бередi.

Көлік және коммуникация

саласындағы салалық біліктілік

шеңбері қосымша




Салалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейлерінің құрылымы





ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет салалары: 1. Көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен құрал-жабдықтар паркін дайындау

Қабілетіне қойылатын талаптар

Дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1


Дербестігі: тікелей басшылық етумен жасалатын атқарушылық қызметтер;

Жауаптылығы: қарапайым жұмыс түрлерінің орындалуы, материалдарды, құрал-жабдықтар мен саймандарды дайындау, өзінің қауіпсіздігін сақтау;

Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу.


Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқаруын дағдыларын көрсету.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім.

2

2


Дербестігі: дербестіктің белгілі дәрежесін болжамдайтын басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызметтер;

Жауаптылығы: жабдықтарға техникалық қызмет жасау және жөндеу, оларды ауыстыру, қызмет жасалатын құрылғылар/жабдықтар/механизмдердің қарапайым элементтерін бөлшектеу және жинау; өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау;

Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық, нақты белгіленген стандартты міндеттерді шешу, нұсқаулық бойынша жұмыс істеу.


Жұмыс тәсілін нұсқаулық негізінде таңдау және жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекеттерді өздігінен бақылау және түзету дағдыларын көрсету; қойылған міндеттерді орындау кезінде өз бетінше оқып-үйрену.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім.

3

3


Дербестігі: өз бетінше жоспарлауды көздейтін, басшылық ету жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет, қойылған міндеттерді орындау кезінде өз бетінше оқып-үйрену;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар парк нысандарын дайындау және оларға қызмет жасау (жабдықтарды, аспаптар мен құрал-саймандарды жөндеу, баптау бойынша қойылған міндеттерді орындау); өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау;

Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық міндеттерді шешу, білім және практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекеттерді таңдай білу.


Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі билеу және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсету. Қойылған еңбек нормасын, мәнін және құралдарын орындау тәсілдерін өз бетінше белгілеу.

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, жоспарлау және ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары, көліктік инфрақұрылымды құру саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбекті ұйымдастыру туралы білім.

4

4


Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшылық ету жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркінің жауапты нысандарын дайындау және оларға техникалық қызмет жасау (технологиялық үдерісті орындау, қызметтерді күнделікті және қорытынды бақылау, бағалау және түзету) нәтиже; өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау;

Күрделілігі: жұмыс жағдайын өз бетінше талдауды талап ететін әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу.


Өзін-өзі басқару және өзін-өзі нормалау дағдыларын көрсету; алынған тапсырмаларды нақтылау, бағыныштылардың міндеттерін белгілеу, қызметтерінің нәтижесін бағалау, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтау, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандыру.

Кәсіпқойлық міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидалары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет ету рефлексиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары, көліктік инфрақұрылымды құру саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білім.

5

5

Дербестігі: кәсіпорын қызметтерінің технологиялық үдерістері мен стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркі нысандарын технологиялық үдеріске дайындау, құрылғылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларды жөндеу және жаңарту, тиісті технологиялар мен жабдықтардың жаңасын әзірлеуге қатысу және оларды жаңғырту; өз қауіпсіздігін және басқалардың қауіпсіздігін сақтау;

Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу.


Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіби жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсету.

Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым; көліктік инфрақұрылымды құру саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білім.

6

6

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжамдайтын, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату, өндіріс құралдарын, бастапқы және көмекші материалдарды дайындау және жаңғырту, қызмет процесстерін жоспарлау және әзірлеу, озық еңбек әдістерін енгізу және жетілдіру;

Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігімен таңдауын көздейтін міндеттерді шешу (көлікті инфрақұрылымды құру процессін басқару, шешімдерді талдау, орындау).


Әлеуметтік және кәсіптік тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсету .

Әлеуметтік және кәсіптік күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім.

7

7

Дербестігі: сала құрылымын дамыту және жұмыс істеу стратегиясын жасауын болжамдайтын, оған жұмыс істетудің жағдайларды ұйымдастыруын басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркі нысандарын, басқару жабдықтары мен жүйелерін дайындау, жаңғырту;

Күрделілігі: технологиялық процесстерді талдау және оны жетілдіру бойынша шешім қабылдау, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалану.


Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, инновациялы көзқарасты қолдана отырып, міндеттерді және мәселелерді жүйемен шешу тұжырым және қызмет ету стратегиясын құру тәсілдерін, дағдыларын көрсету.

Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін мүмкіндікті қамтамасыз ететін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білімдері.

8

8

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды болжамдайтын басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркі нысандарын дайындау және жаңарту;

Күрделілігі: күрделі, әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процесстердің тиімділігін жоғарылатумен және дамытумен байланысты әдіснамалық, зерттеулік және жобалық сипаттамалардың мәселелерін шешу.


Стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіби қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру және ойнату әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсету.

Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білімдер.

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет саласы: 2. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну

Қабілетіне қойылатын талаптар

Дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1


Дербестігі: тікелей басшылық етумен жасалатын атқарушылық әрекет;

Жауаптылығы: еңбек қорғау талаптары мен техника қауіпсіздігін; өз қауіпсіздігін сақтау отырып жағдайда, қарапайым жұмыс түрлерінің орындалуына, материалдардың, құрал-саймандар мен аспаптардың дайындалуына жеке жауаптылық;

Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу, белгіленген жағдайда стандартты практикалық тапсырмаларды орындау.


Бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды түсіну және орындау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқару дағдыларын көрсету.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім.

2

2


Дербестігі: дербестіктің белгілі дәрежесін болжамдайтын басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызметтер;

Жауаптылығы: қарапайым техникалық және көмекші құралдар мен құрал-саймандарды дайындау, жабдықтарды орнату және баптау, жұмыс орнын, құралдарды, жеке қорғаныс құралдарын дайындау үшін жеке жауаптылық;

Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық міндеттерді шешу, олардың орындалуын ескере отырып, нұсқаулық бойынша белгіленген әрекеттерді таңдай білу.


Жұмыс тәсілін нұсқаулық негізінде таңдап алу және жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекеттерді өздігінен бақылау және түзету дағдыларын көрсету; қойылған міндеттерді орындау кезінде өз бетінше оқып-үйрену.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім.

3

3


Дербестігі: өздігінен жоспарлауды көздейтін, басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркі нысандарын, басқару жабдықтары мен жүйелерін пайдалану бойынша қойылған міндеттердің орындалуы үшін жеке жауаптылық;

Күрделілігі: нақты белгіленген стандартты/бір үлгідегі міндеттерді орындау, білім және практикалық тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимыл жасау тәсілін таңдау, әрекеттерді орындау шартымен іс-қимылдарды түзету.


Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі билеу және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсету. Қойылған еңбек нормасын, мәнін және құралдарын орындау тәсілдерін өз бетінше белгілейді; тиісті ақпараттарды жинау, біліміне талдау жасау.

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің бір үлгідегі жағдайлардағы міндеттерді, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды және еңбек қорғау талаптарды өздігінше орындау туралы білімдер.

4

4


Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркінің нысандарын пайдалану бойынша қойылған міндеттердің шешу (жабдықтардың, машиналардың, басқару жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету);

Күрделілігі: жұмыс жағдайына және оның болжалды өзгерістеріне тұрақты талдау жасауды, белгілі қызмет ету жолдарын таңдау, қызметтерді күнделікті және қорытынды бақылау, бағалау және түзетуді талап ететін, әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу.


Өзін-өзі билеу және өзін-өзі нормалау дағдыларын көрсету. Алынған тапсырмаларды нақтылау, бағыныштылардың міндеттерін белгілеу, қызметтерінің нәтижесін бағалау, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтау, қызметкерлерді кәсіпқойлығын жоғарылатуға ынталандыру.

Кәсіби міндеттерді шешу және қою тәсілдері, қағидаттары және көзқарастары, қатынас этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет ету рефлексиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары, тасымалдау бойынша қызметті қамтамасыз ету саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білімдер.

5

5

Дербестігі: кәсіпорынның технологиялық процесстеріне және қызмет ету стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: көліктік инфрақұрылым, көліктік машиналар мен жабдықтар паркінің нысандарын дайындау бойынша бөлімше деңгейіндегі жұмыстардың орындалу нәтижесіне, тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен іске асырылуына жауаптылық,

Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу, қызметтерді бағалау және түзету.





Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым; көліктік инфрақұрылымды құру саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білім.

6

6

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды болжамдайтын, кәсіпорын қызметтерінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: бөлімше деңгейінде жұмыстардың орындалу нәтижесі, қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату, тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен іске асырылуы, машиналар паркі мен жабдықтарды жаңғырту және жетілдіру;

Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін болжамдайтын, технологиялық немесе әдіснамалық сипаттағы міндеттерді шешу (кәсіпорынның технологиялық даму үдерісін талдау, шешімдерін әзірлеу, басқару), кәсіби қызметтің құрамдас бөліктерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету .


Әлеуметтік және кәсіби тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару білу, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсету.

Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім.

7

7

Дербестігі: сала құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды болжамдайтын басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: халықаралық деңгейдегі саланың, елдің ауқымындағы нәтиже (тасымалдау қызметтерінің сапасы, тасымалдау ауқымын жоспарлау және іске асыру, тасымалдау процессін басқару жүйелерін жаңғырту, логистика және сервис);

Күрделілігі: техникалық/технологиялық даму бойынша талдау және жасау, жаңа көзқарастарды әзірлеу, әр түрлі әдістерді пайдалану, басқарылатын процесстердің тиімділігін арттыру.


Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа инновациялық көзқарастарды, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсету.

Қызмет ету және өзара әрекеттесу тұжырымдар стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білімдер.

8

8

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды болжамдайтын басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: халықаралық деңгейдегі саланың, елдің ауқымындағы нәтижесі (тасымалдау ауқымдарының сапасы және іске асырылуы);

Күрделілігі: күрделі әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процесстердің тиімділігін дамыту және арттыруға байланысты әдіснамалық, зерттеушілік және жобалық сипаттағы мәселелерді шешу.


Стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіби қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсету.

Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім .

ҰБШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіптік қызмет саласы: 3. Көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау,

машиналар мен құрал-жабдықтар паркін жаңарту.



Қабілетіне қойылатын талаптар

Дағдысына қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

1

1


Дербестігі: тікелей басшылық етумен жасалатын атқарушылық қызметтер;

Жауаптылығы: еңбек қорғау талаптары мен техника қауіпсіздігін; өз қауіпсіздігін сақтау жағдайда, қарапайым жұмыс түрлерінің орындалуына, материалдардың, құрал-саймандар мен аспаптардың дайындалуына жеке жауаптылық;

Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу, белгіленген жағдайда стандартты практикалық тапсырмаларды орындау.


Тыңдайды, түсінеді және бір үлгідегі жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқару дағдыларын көрсету.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық әрекеттер топтамасы туралы базалық білім.

2

2

Дербестігі: тікелей басшылық тумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызметтер;

Жауаптылығы: жабдықтарға техникалық қызмет жасау, шағын жөндеу жұмыстарын жүргізу, кернеу түсірілген кезде электр-жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру, құрылғыларды монтаждау және демонтаждау, жабдықтарды орнату және баптау үшін жеке жауаптылық;

Күрделілігі: бір үлгідегі практикалық міндеттерді шешу, олардың орындалуын ескере отырып, нұсқаулық бойынша белгіленген әрекеттерді таңдай білу.


Жұмыс тәсілін нұсқаулық негізінде таңдап алу және жеңіл практикалық тапсырмаларды орындау, қарапайым өндірістік жағдайлардағы әрекеттерді өздігінен бақылау және түзету дағдыларын көрсету.

Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті атқарушылық қызметтер топтамасы, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптары туралы базалық білім.

3

3

Дербестігі: өздігінен жоспарлауды көздейтін, басшылық етумен жасалатын нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: техникалық, көмекші құралдардың жеңіл ақауларын, тозған, сынған бөліктерін жөндеу, баптау профилактикасы қойылған міндеттердің орындалу бойынша көлік жолдары, машиналар, жабдықтар, басқару жүйелерінің бұзылған жерлерін анықтау, техникалық күтім жасау, техниканы және/немесе жабдықтарды жөндеу үшін жеке жауаптылық;

Күрделілігі: белгілі стандарт әрекеттерді нақты орындау стандарттық/бір үлгідегі міндеттерді шешу, білім және практикалық тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимыл жасау тәсілін таңдау, әрекеттерді орындау шартымен іс-қимылдарды түзету.


Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі билеу және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын көрсету. Қойылған еңбек нормасын, мәнін және еңбек құралдарын орындау тәсілдерін өз бетінше белгілеу.

Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, жоспарлау және ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар, еңбек қорғау талаптар, кәсіби қызмет міндеттерді бір үлгідегі жағдайларда өздігінше орындау туралы білімдер.

4

4


Дербестігі: бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін, басшылық етумен жасалатын басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық-басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: технологиялық процесстердің орындалуы бойынша қойылған міндеттерді шешу, күнделікті және қорытынды бақылау, техникалық құралдардың жұмысындағы ақаулар мен бұзылу себептерін анықтау және оларды жою, баптау бойынша шараларды әзірлеу, барлық автоматика сызбаларын баптау, барлық үлгідегі аспаптарды реттеу, жаңа үлгідегі жабдықтарды/техникаларды монтаждау және қызмет көрсету;

Күрделілігі: жұмыс жағдайына және оның болжалды өзгерістеріне тұрақты талдау жасауды, белгілі қызмет ету жолдарын таңдау, қызметтерді күнделікті және қорытынды бақылау, бағалау және түзетуді талап ететін, әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу.


Өзін-өзі билеу және өзін-өзі нормалау дағдыларын көрсету; алынған тапсырмаларды нақтылау, бағыныштылардың міндеттерін белгілеу, қызметтің нәтижесін бағалау, білім және дағдылардың жетіспеуін анықтау, қызметкерлерді кәсіптілігін жоғарылатуға ынталандыру.

Кәсіби міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидаттары және көзқарастарды, қатынас этикасы мен психологиясы, ойлау және қызмет ету рефлексиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар туралы білім.

5

5

Дербестігі: кәсіпорынның технологиялық процесстеріне және қызмет ету стратегиясына қатысу шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Жауаптылығы: бөлімше деңгейіндегі жұмыстардың орындалу нәтижесі (көліктің инфрақұрылым нысандарын жөндеу және профилактикалық сапасын қамтамасыз ету)

Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу, қызметтерді күнделікті және қорытынды бақылау, бағалау және түзету


Тапсырысты түсіне білу, жағдайды талдай алу, өзін-өзі тексере білу, шешім қабылдай білу және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіби жоғарылататын командалық жұмыста қызметтерді бақылау және түзету дағдыларын көрсету.

Кәсіпқойлық жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым; көліктік инфрақұрылымды құру саласындағы салалық және республикалық стандарттар, еңбек менеджменті, оны ұйымдастыру туралы білім

6

6

Дербестігі: жұмыстар жөнінде басқа учаскелермен келісім жасауды көздейтін, қызметтер стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: бөлімше деңгейінде жұмыстардың орындалу нәтижесі (қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылату, жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, машиналар паркі мен жабдықтарды, жөндеу, сынау және метрология бойынша жүйелерді жаңарту және дайындау);

Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін көздейтін, технологиялық немесе әдіснамалық сипаттағы міндеттерді шешу, кәсіби қызметтің құрамдас бөліктерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету.


Жоғары белгісіздіктің әлеуметтік және кәсіби тұрлаусыз жағдайларды жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, нәтижелерді ресімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсету.

Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларды бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау, байланысты ұйымдастыру және көзқарастарға келісім жасау, аналитикалық және жобалық құжаттамаларды ресімдеу және таныстыру туралы білім.

7

7

Дербестігі: сала құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды болжамдайтын басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: халықаралық деңгейдегі саланың, елдің ауқымындағы нәтиже (көліктік инфрақұрылымның белгіленген стандарттарға/параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз ету);

Күрделілігі: басқарылатын үдерістерді тиімділігін жоғарылатуға байланысты зерттеушілік және жобалық сипаттағы мәселелерді шешу.


Мәселелерді алға қоя білу және шешу, өз әрекетін шынайы бағалай білу, жаңа тәсілдерді, тұжырым құру тәсілдері мен қызмет ету стратегиясын қолдана отырып мәселелерді жүйемен шеше білу дағдыларын көрсету.

Қызмет ету және әрекеттесу тұжырымдарын, стратегиясын, функционалдық үлгілерін құру әдіснамасы, жоғары даму деңгейіне қол жеткізетін ғылыми прогрессивтік тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерді алға қоя білу және шешу тәсілдері туралы білім.

8

8

Дербестігі: мемлекеттік ауқымдағы саланың ірі институционалдық құрылымдарына жұмыс істету және дамыту стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет;

Жауаптылығы: халықаралық деңгейдегі саланың, елдің ауқымындағы нәтиже (көліктік инфрақұрылымның белгіленген стандарттарға/параметрлерге сәйкестігін қамтамасыз ету);



Күрделілігі: басқарылатын үдерістердің тиімділігін жоғарылатуға байланысты зерттеушілік және жобалық сипаттағы мәселелерді шешу.

Стратегиялық ойлай білу дағдысын, көшбасшылық дағдыларды, логикалық әдістерді, кәсіпқойлық қызметтер мен өзара қарым-қатынас үлгілерін құру әдістерін қолдана отырып өзара тиімді шешім қабылдау дағдыларын көрсету.

Қызметтер мен өзара әрекеттестіктің кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім.



Результаты согласования
13.9.2013: Тукешева Ш. Ш. (Тукешева Ш. Ш.) - - cогласовано без замечаний
13.9.2013: Кусаинова Р. И. (Кусаинова Р. И.) - - cогласовано без замечаний





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет