№ исх: 395 от: 29. 04. 2013 Қазақстан Республикасы



жүктеу 46.63 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі46.63 Kb.
: data -> nws -> kaz
kaz -> Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің ведомствалық бағынысты мекемелерінің тізімі
kaz -> Мәдениет саласы Саланың инфрақұрылымын 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары
kaz -> Ақпараттық хабарлама «ҚазМұнайГаз»
kaz -> 2011 жылы 5 мамырда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы
kaz -> «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз»
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне бағынысты ұйымдардың тізімі
kaz -> «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Қаражатының есебінен оқуына ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеудің ережесі п-25-34
kaz -> Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Жалпы ережелер




№ исх: 395 от: 29.04.2013

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

1996 жылғы 5 наурыздағы

№ 281 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге (бұдан әрі – объектілер) атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру тәртібін айқындайды.

2. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде мынадай талаптар ескерілуге тиіс:

1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;

2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;

3) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;

4) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң олардың есімдерін беру;

5) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру.
2. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру тәртібі
3. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру үшін тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттар ұсынылады:

1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;

2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;

3) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша заңды тұлғаның ұжымы өткізген жиналыстың хаттамасы;

4) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектіге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша объектінің бірінші басшысының ұсыныс хаты;

5) объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер);

6) анықтамалық материалдар қоса берілген, осы Қағидалардың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектіге, мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімін беру (қайта атау) ұсынылатын тұлғаның өмірбаян деректері;

7) объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.

4. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарды Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.

5. Комиссия келіп түскен құжаттарды қарағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.

6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.



8. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру Комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.
______________________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет