Ү. мелдебекова



Дата03.05.2016
өлшемі128.2 Kb.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012

Ү.МЕЛДЕБЕКОВА

педагогика ғылымдарының кандидаты,

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доцент м.а.
АБАЙ ЖӘНЕ МУЗЫКА
В данной статье речь идет о суждениях и взглядах Абая об искусстве, песне а также роли музыки в обогащении духовного мира человека.
This article is about the judgments and views of Abai about art, song and also the role of music in enriching the spiritual world of a person.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбiр тұлғаны жан-жақты жарасымды етiп тәрбиелеу. Олай болса, бүгiнгi ұрпақтарға бiлiм-ғылым нәрiн берумен қатар, өз халқымыздың тұғырлы тағылым қағидаларын жеке үйретiп, игертудiң мәнi зор.

Ел аралап, сызылтып, шырқатып ән салып, күмбiрлетiп күй тартып, жыр төгiп, құлақ құрышын қандыра, тыңдаушыларын елiткен саңлақ өнерпаздар ұлтымызда бұрын да көп болған. Олар тыңдаушыларының жан түкпiрiн қозғап, жүректерiнiң әдемi сұлу, нәзiк пернесiн басты, әсем ләззатқа бөледi. Рухани дүниесiнiң сусындар ләззатындай болған бұл өнерпаздарды бұқара халық қатты қадiр тұтты. Ұлы Абай да бұларды жан-тәнiмен сүйдi, құрмет еттi. Ерiп, елтiп өнерлерiн талай тыңдады. Әсем сұлулығы мен әлеуметтiк сырына әбден қанды [1.41].

Абай түсiнiгiнде ақындық пен әншiлiк осындай халықтық, әлеуметтiк сипатта болды. Ол әншiлiк өнердi өмiрдi өзгертуге қатысушы зор күш деп түсiндiрдi. Ол – халықтың “көкiрегiн оятып көзiн ашушы”, мiнез-құлқын тәрбиелеп түзетушi, бiлiм-iлiм беруші, жақсылықтың жаршысы деп түсiндiрдi:

Мақсатым тiл ұстартып өнер шашпақ,

Наданның көзiн қойып, көңiлiн ашпақ.

Үлгi алсын деймiн ойлы жас жiгiттер,

Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.
Бұлар – Абайдың өз поэзиясының ғана мақсаты емес, бүкiл эстетикалық санасымен туындап келе жатқан жаңа тұрғылы әдебиет пен өнердiң көркемдiк принципi.

Абайдың сұлулық табиғатына, әдебиет пен өнердiң өмiрге қатысына көзқарасы – материалистiк. Ақын топшылауында, өлең, ән, күй болмыс көрiнiсi болғандықтан, мұң-зар, шер, өмiр қайшылығын да бейнелейдi. Музыка - өмiрге жан салушы, оны барлық сүйiктi-сүйкімсiз, күйлi-күйсiз жағынан қайтадан тудырушы.

Музыка эмоционалдың әсерiмен және өмiрдi тура танушылығымен өзгешеленедi, сезiм дүниесiне әсер етедi. Әннiң құнарлы-құнарсыз, қадiрлi-қадiрсiз болуы да осы қасиетiне байланысты.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Мелдебекова Ү. Абай және музыка

Абай болса, музыканың осы сиқырлы сырын аңғарды. Әннiң адамның сыр серiгi екенiн түсiнедi.

Музыкадан алған ыстық, терең сезiмi мұң қасiретiнен айықтырар дәрежесiндей көрiнедi. Өлең-ән, күй керемет “iштегi дерттi” қозғап жоярдай. Музыка ықпалын адам жанын өзгертер күштей санайды. Ақын сезiмiнiң өзi айқын-анық түсiнiк принципiндей боп тұжырымдалды. Сондықтан әдебиет пен музыканың эмоционалдық күшi – Абай талғамының бiр принципi.

Абай мән-мазмұн, парқына қарай өлең, күй, ән саздарын екi топқа бөледi. Алғы тобына жататындары – мәндi-мазмұнды әрi көркем “iшi алтын, сырты күмiс” өлеңдер, ойлы сазды, сұлу ән мен күйлер. Екiншi тобына жататындары – көр-жердi өлең еткен, жоқты мақтаған, мазмұны жұтаң, әлеуметтiк салмағы жоқ өлеңдер мен әндер. Бұл екi салалы өнер түрлерi өмiр үшiн таласта бiрiне-бiрi қарама-қарсы ұстанымда тұрды. Бiрi болмысты өзгертудiң қамын ойлап, үлкен мақсат көздейдi. Екiншiсi, ырду-дырду әукесқой арзанды таңдап-қалап, жұрттың көңiлiн аулауға тырысады. Сайып келгенде, Абайдың музыкадағы құмарсыздық пен көрiксiздiкке қарсы жүргiзген күресi - өнерде реализм принциптерiн орнықтыру үшiн iстеген iсiнiң бiрi.

Абай Құнанбаев халық мұрасының тәрбиелiк мәнiн терең түсiне бiлдi. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде Абай өлеңдерiнiң маңызы өте зор.

Қазақ жерiнiң әсемдiгi мен сұлу көрiнiстерiн, өсiмдiктер мен жан-жануарлар қимылы, адамдар iс-әрекетiндегi үйлесiмдiлiк – мұның бәрi бала қиялына қанат бiтiрiп, көрiнiстерге көңiл тоқтатып, эстетикалық талғамын байыта түседi.

Абай өлеңдерi балаларды табиғаттың сырлы дүниесiне құлақ түрiп, сұлулығын көре бiлуге үйретедi. Орман мен тоғай, көл мен өзен, дала мен шалғын көрiнiстерiн, жан-жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң әсемдiгiн толғана қабылдай бiлуге шақырады. Абай өлеңдерiнiң бастауыш сынып оқушыларының танымдық дүниесiн байытудағы сыры осында [2. 230].

Мысалы, әр адамға әбден таныс, құлағына сiңген “Желсiз түнде жарық ай” деген өлеңiн алайық:

Желсiз түнде жарық ай,

Сәулесi суда дiрiлдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрiлдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өздi-өзi,

Көрiнбей жердiң топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзi.

Мұндағы табиғаттың бейнесi арқылы балалардың қоршаған орта сипатын түсiнiп, сол әсемдiктен лирикалық күй кешу, өз елiн, табиғатын

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Мелдебекова Ү. Абай және музыка

сүюге тәрбиелейдi.

С.А.Ұзақбаева өз зерттеуiнде: “Абай шығармаларының бүгiн де балалар мен жеткiншектердiң эстетикалық тәрбиесiнде алатын орны ерекше. Абай әндерiн қазақ композиторлары өздерiнiң шығармаларына арқау етiп енгiздi. Абай әндерiне жеке аспаптарға (ұлт аспаптарына, симфониялық оркестр аспаптарына), шағын ансамбльге (трио, квартет, квинтет) және үлкен оркестрге арнап шығармалар жазды. Абай әндерi “Абай” операсына молынан кiрдi, хор ұжымының тұрақты репертуарына айналды. Абай шығармалары қай ғылым саласының болмасын зерттеу объектiсi. Мұның бәрi Абай шығармаларының өмiршеңдiгiн, жаңашылдығын дәлелдей түседi”, - деп жазды [2.128].

С.А.Ұзақбаева: “Абай эстетикалық тәрбиенiң құралы ретiнде халық музыкасының маңызына тоқталады. Қазақ халқының туғаннан өмiрiнiң аяғына дейiнгi әнге, өлеңге, музыкаға деген көзқарасын, солардың ықпалымен қалыптасатын эстетикалық сезiмiн былай деп көрсетедi:

Бiреудiң кiсiсi өлсе, қаралы ол,

Қаза көрген жүрегi жаралы – ол,

Көзiнiң жасын тыймай жылап жүрiп,

Зарланып неге әнге салады ол.


Күйеу келтiр, қыз ұзат, тойыңды қыл,

Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл.

Қынамен де, жар-жар мен беташар бар,

Өлеңсiз солар қызық бола ма гүл?


Бала туса, күзетер шiлдехана,

Олар да өлең айтар шулап жаңа.

Бұрынғы жақсылардан өрнек қылған,

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.


Әншi, күйшi, ақын, жыршылардың эстетикалық көзқарасы мен талғамының қалыптасуына ықпал ете отырып, олардың көмегiмен қазақ даласына өзiнiң өлеңдерiн таратады. Әннiң құдiреттi күшiн әсерлi суреттейдi. Тамылжытып салған ән ұйықтап жатқан жүректi тербетiп оятады, көңiлдегi мұңды таратып, жас балаша қуантып, керемет бiр ләззатқа бөлейдi, дегенмен:

Адам аз мұны бiлiп ән саларлық,

Тыңдаушы да аз, ол әннен бәһра аларлық.

немесе


Әннiң де естiсi бар, есерi бар,

Тыңдаушының құлағын кесерi бар.- деп әндi эстетикалық сезiммен қабылдай бiлу, әннiң көпшiлiкке ұнауы тыңдаушыға да, орындаушыға да, әнге де байланысты екенiн ескертедi” [2. 124-125].



А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Мелдебекова Ү. Абай және музыка

Абай шығармаларының мазмұны орыс классиктерiнiң шығармаларына ұқсас болғанымен, ұлттық колоритi сақталынып, Абайдың өзiне тән шеберлiкпен берiлген. Мысалы, жылдың төрт мезгiлi туралы өлеңдерi, сыртқы көрiнiсiнен қарағанда Пушкин өлеңдерiне ұқсас болғанымен, оларда қазақ даласының табиғат көрiнiсi, шаруаның жеке қоғамдық қатынастары көрсетiлген. “Көктем”, “Жаз”, “Күз” өлеңдерi эстетикалық сырларға толы. Бұл өлеңдердiң бастауыш сынып оқушыларына тәлiм-тәрбиелiк мәнi үлкен.

Абайдың “Айттым сәлем Қаламқас”, “Қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы” сияқты әндерi қазақ музыкасының асыл мұрасы.

Осы айтылған мысалдар Абай шығармаларының негiзгi үш саладан қосылып, қазақ халқының өнерге деген сезiмiн жан-жақты оятатын үлкен дарияға айналғанын көрсетедi.

Сондықтан Абай шығармаларының эстетикалық мұра қазақ халқының өткен уақыттағы өнерге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал етiп қана қоймайды, ол сонымен қатар қазiргi кезеңде бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесiнде маңызы зор болып табылады.

Абай: “Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн

Жоқты, барды, ертегiнi термек үшiн.

Көкiрегi сезiмдi, тiлi орамды,

Жаздым үлгi жастарға бермек үшiн”, -

деп тәрбиелiк мiндеттердi көрсетедi [3.101].

Халқымыздың атадан балаға мұра еткен өнер түрi, оған көзқарасы және әсемдiк әлемiн түсiну сезiмi, оны бейнелеу сезiмi бұдан мыңдаған жылдар бұрын жасалынып, оның салтқа айналып, атадан-балаға, одан мына бүгiнгi бiздiң жастарымызды тәрбиелеуге жетiп отырғанын көремiз.

Өнердiң нағыз көркем шығармалары ғана оқушылардың эстетикалық жағынан тәрбиелеп, оның әсемдiкке деген сүйiспеншiлiгiн оятады.

Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның адамгершiлiк сезiмiн молайтады.

Абайдың философиясында бiршама материалистiк түсiнiктер мен топшылаулар бар десек, олардың ең бiр жүйелi тиянақтысы – ақынның эстетикалық көзқарасы. Абайдың ең алдымен көңiл бөлгенi - өлеңнiң өлеңдiк профессионалдық (поэзиялық, өнер) қасиетi. Ақындар поэзиясы көркемдiктiң фольклорлық тұрғысынан шыға алмаған, ала-құла стилдi болатын. Тарихи тағдыры мен тiршiлiгiнiң тұрқы халықты ауыз-екi шығармашылыққа икемдедi. Суырып салма шығарғыштық негiзiнде айтыс, дастан, жыр өлеңдер туды.

Өлеңге әркiмнiң-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы, - деп, Абай эстетикалық құнарсыздыққа қарсы қатты күрес ашады. Парықсыз көптеген өлеңдер мен талғам, түсiнiктерге қарсы шығады.

Абайдың эстетикалық көзқарастарында сын мен ұсыныс ылғи жарысып,



А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Мелдебекова Ү. Абай және музыка

бiрге жүредi. Сын Абайға таза сын үшiн, объектiсiн жамандау үшiн керек емес, ескiлiктiң жарамсыздығына жұртшылықтың көзiн жеткiзу үшiн, өзiнiң жаңа сапалы принциптерiн әдебиетте орнықтыру үшiн қажет. Ескi поэзия үлгiсiн жаратпағанда, оның орнына ұсынатыны не, ол:

Өлең - сөздiң патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тiлге жеңiл, жүрекке жылы тиiп,

Теп-тегiс жұмыр келсiн айналасы – делiнетiн белгiлi данышпандық принцип.

Абай көзқарасынша, жаңа сапалы өлеңнiң бас қасиетi – мазмұн мен түрдiң сайма-сай келiстiгi. Әрине, келiстiк жай сәйкестiк емес, ол – нәрлi, елеулi мазмұнның лайықты түрмен көрiнуi. Әдебиетте мазмұн мен түр – жарып-айырып қарауға келе бермейтiн құбылыс. Ол – ой мен тiлдiң қарым-қатынасы сықылды, ойсыз тiл, тiлсiз ой жоқтай. Толымды мазмұн – көрiктi форма, ал көрiктi форма – сапа. Мазмұнсыз форма жоқ, формасыз мазмұн байқалмайды. Өйткенi форма – мазмұнның көрiну жолы.

Абай өмiрдi ағартушылық жолмен өзгертуде бiрден-бiр құрал ғып әдебиеттi таңдаған. Ол күнделiктi тұрмыстық қана мiндет атқарып келген ауыз әдебиетi мен ақындар поэзиясына қанағаттанбайды. Әсiресе ұсақ-түйек, “көр-жердi өлең қылған, бiреудi мақтап, бiреудi даттап, жанын қармап” өлеңдi күнелткiштiкке, кәсiпшiлiкке айналдырып жүрген ақындарды жақтырмайды.

Бұлар – Абайдың өз поэзиясының ғана мақсаты емес, бүкiл эстетикалық санасымен туындап келе жатқан жаңа тұрғылы әдебиет пен өнердiң көркемдiк принципi.

Абайдың сұлулық табиғатына, әдебиет пен өнердің өмiрге қатысына көзқарасы керемет. Оның әдебиет, өнер жайындағы философиялық пiкiрлерi өлең формасымен айтылған. Сол себептi олардың кейбiр қалыпқа түсiп тұжырымдалса, кейбiрi меңзеле берiлген. Оның ұғымында, өлең нақты өмiр бейнесi болып, өзiнен-өзi туындайды. Қосақтасып-қабысып бiрiгiп, тұрмыс-тiршiлiк көрiнiстерiмен бiрге жүредi.

Ақын топшылауында, өлең, ән, күй болмыс көрiнiсi болғандықтан, мұң-зар, шер, өмiр қайшылығын да бейнелейдi. Өнер - өмiрге жан салушы, оны барлық сүйiктi-сүйкімсiз, күйлi-күйсiз жағынан қайтадан тудырушы.

Қоғамдық сананың басқа түрлерiнен өнердің ең басты бiр айырмасы – оның эмоционалдығы мен өмiрдi тура танушылығы. Бiзде белгiлi қоғамдық сана: бiлiм, идеологиялық көзқарастар болып екiге бөлiнедi. Бiрақ бiрiмен-бiрi тығыз байланысты. Өнер бiлiмге емес, идеологиялық көзқарасқа жақынырақ. Оның қоғамдық-идеологиялық құбылыс боп есептелетiнi осыдан. Әдебиет, өнер сезiм дүниесiне әсер етедi. Өйткенi өнер өмiрдi тiкелей тура эмоционалдық идеологиялық жолмен танып бейнелейдi. Идеологиялық көзқарас тұрғысынан эмоционалды өмiр суретiн жасайды. Ол



А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
Мелдебекова Ү. Абай және музыка

эмоционалды сурет сезiм, қабiлет, түйсiк жүйесiне әсер етедi. Өнердің ең басты қасиетi – осы эмоционалдық қуаты. Шығарманың құнарлы-құнарсыз, қадiрлi-қадiрсiз болуы да осы қасиетiне байланысты.

Абай болса, өнердің осы сиқырлы сырын аңғарды, өнер адамның сыр серiгi екенiн түсiнедi. М.Әуезов айтқандай, ол халық әнiн өзiнiң мұңдасы етедi. Өнерден алған ыстық, терең сезiмi мұң қасiретiнен айықтырар дәрежесiндей көрiнедi. Өлең-ән, күй керемет “iштегi дерттi” қозғап жоярдай. Өнер ықпалын адам жанын өзгертер күштей санайды. Ақын сезiмiнiң өзi айқын-анық түсiнiк принципiндей боп тұжырымдалды. Сондықтан әдебиет пен өнердің эмоционалдық күшi – Абай талғамының бiр принципi.

Абайдың ақындық өнер мәнiн түсiнуi ағартушылық көзқарасымен және әдебиеттiң өмiрден алатын орнын белгiлеуiмен байланысты. Ол – биiк мақсаты жоқ, күнделiктi тұрмыс дiлгерлiгiнен аспаған поэзияны сынады. Жаңа әдебиеттiң әлеуметтiк, азаматтық сипатта болуын аңсады.

Халық поэзиясында ақын, ақындық мұрат пен шабыт тақырыбы арнайы жырланып, көркемдiкпен игерiлген емес. Халық ақындары ақындыққа мiндет-жүк артып, оның әлеуметтiк рөлiн анықтаған емес. Бұл тақырыпты меңгеруге бiрiншi көңiл аударған адам – Абай.

“Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, қазақ әдебиетiнде Абайдан бұрын өзге жырлаушы жазушы болмаған. Абай бiрiншi рет өлеңдi шын мағынасындағы өнер деп тауып, оған орасан зор қоғамдық мән бердi. “Қиыннан қиыстырар ер данасы” атты бiр жолмен өлеңнiң өнердiң өнерi екенiн аңғартты”, - деп бағалады М.Әуезов.

Абайдың үлгi-өнегеге тұтарлық шығармашылығы да, пiкiр көзқарастары да поэзиядағы формализмге қарсы бағытталған. Өнердiң қалыңқы, ескi стильдi жолдары сыналып, әшкерелену үстiнде жаңалық орныққан.

Сайып келгенде, Абайдың музыкадағы құмарсыздық пен көрiксiздiкке қарсы жүргiзген күресi - өнерде реализм принциптерiн орнықтыру үшiн iстеген iсiнiң бiрi.



Абайдың әдеби көркем көзқарасы – бүкiл төңкеріске дейiнгi қазақ әдебиетiнiң эстетикалық негiзi болған жүйелi көзқарас. Ол – ұлт өмiрiнiң дiлгерлiгiнен туған. Абай эстетикасының принциптерi осы күнге дейiн де әдебиетiмiзге игi ықпалын тигiзуде.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы, I том. -Алматы, 1954.

  2. Ұзақбаева С.А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. П.ғ.д. дисс… 21.05.93. - Алматы, 1993. - 425 б.

  3. Құнанбаев А. Қалың елiм қазағым: өлеңдер поэмалар, қара сөздер. -Алматы, 1995. - 384б.

  4. Әуезов М. Шығармаларының толық жинағы, 17 том. -Алматы, 1984.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет