“ Шұғыл іздестіру құқық теориясы” пәні бойынша



жүктеу 1.5 Mb.
бет4/12
Дата01.05.2016
өлшемі1.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
: CDO -> Sillabus -> Kuk
Kuk -> Сабақ саны: лекция, семинар, лаборатор. СӨЗ, Барлық сағат саны
Kuk -> Лекциялар: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> Қазақстан Республикасы
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Kuk -> “Құқықтану” кафедрасы
Kuk -> “Ќ±ќыќтану” кафедрасы
Kuk -> Лекция: 15 сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Барлық сағат саны: 45 сағ Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)
Kuk -> Білім және ғылым министрлігі
Kuk -> Лекциялар: 30 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат

Лекция № 5 Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу.


(1 – сағат)

Жоспар:

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi.

2. Жедел-iздестiру шаралары.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

  1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж

  2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

  3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

  4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

  5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

  6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

  7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

  8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж


Лекцияның мәтіні:

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi

Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн:

а) қозғалған қылмысты iстiң болуы;

б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен:

- әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық

- жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар;

- азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң

табылуы;

- шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар;

в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;

в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары;

г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары;

д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi:

- iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы;

- жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде;

- мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы;

- жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы;

- жеке детективтiк және күзет қызметiмен айналысуға рұқсат берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы.

Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.



2. Жедел-iздестiру шаралары.

Жедел-iздестiру шаралары - бұл жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өз құзыретi шегiнде «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуге бағытталған iс-әрекеттерi.

Жалпы жедел-iздестiру шаралары мыналар:

- азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу;

- азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану;

- қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу;

- қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық үлгiсiн қолдану;

- астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;

- берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды жүзеге асыру;

- арнаулы техникалық құралдарды қолдану;

- мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың (олардың

бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан) есептерi бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргiзу;

- зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп алу;

- бақылау үшiн сатып алу;

- iздеу-қызмет иттерiн пайдалану;

- белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және ұқсастыру;

- ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын iздеу;

- құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және

алу, оларды алдын ала зерттеу;

- қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау;

- ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты iс-әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыру;

- қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде операциялар жүргiзу;

- жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық тiркеу жүйелерi бойынша тексеру болып табылады.

Арнаулы жедел-iздестiру шаралары мыналар:

- сотталғандардың хат-хабарын цензуралау;

- почта жөнелтiлiмдерiн бақылау;

- байланыс желiлерiндегi жедел iздеу;

- бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу;

- байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау;

- соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау;

- тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру.
Лекция № 6

Тақырыбы: Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу.

(1 – сағат)

Жоспар:

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.


  1. ҚР Конституциялық құқығы 30 тамыз 1995ж

  2. ҚР “Шұғыл іздестіру құқық теориясы” туралы заңы 15.12.1994ж

  3. ҚР Қылмыстық Кодексі 2000ж

  4. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы 2000ж

  5. Я. Гинзбург, В. И. Григореьв, С. Ю. Алесковскии “Основы оперативно розысной деятельности”. Алматы 1998 г. Учебник практическое пособие.

  6. В. Плетнев, “ОРД курс лекции” А- А 2001 г

  7. Рушайло “Основы ОРД” Санк- Петербург 200г

  8. Б.Қ. Төлеубекова “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы” және Алматы 2000ж


Лекцияның мәтіні:

1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары.

Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды.

«Жедел-iздестiру қызметі туралы» Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар жүргiзедi және бұл шаралар олардың құзыретi шегiнде шектеледi. Iшкi iстер органдары «Жедел-iздестiру қызметі туралы» 11-бабының 2-тармағында тiзiп көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде қылмыстық-атқару жүйесi уәкiлеттi органының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асыруға құқылы.

«Жедел-iздестiру қызметі туралы» Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын:

а) iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы және кеден органдары - сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрiнде почта жөнелтiлiмдерiне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып-тастау; байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру;

б) ұлттық қауiпсiздiк органдары - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау; байланыс желiлерiндегi жедел iздестiру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және жайларға, үйлерге, ғимараттарға жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру;

в) жедел қамтамасыз ету объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлауы мен Президентiнiң Күзет қызметi - байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және басқа да техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау iсiн жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдары мен Президентiнiң Күзет қызметi қажет болған жағдайда осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген арнаулы шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара жәрдемдесуге мiндеттi.

6-бапта көрсетiлген барлық органдардың мiндеттерi шешу мүддесiне орай телекоммуникациялар желiлерi мен байланыстың почта арналарын пайдалануына орай арнаулы жедел-iздестiру шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күштер мен қаржы бөлiнедi.

Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi.

Заңмен қорғалатын жеке өмiрге тиiспеушiлiк, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйдi қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын арнайы жедел-iздестiру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзiрлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшiн прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Мұндай шараларды жүргiзуге рұқсатты жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуроры, оның орынбасарлары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi.

Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң, сондай-ақ терроризмнiң барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау хабарламасын алу үшiн осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргiзiлген сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.

Кейiнге қалдыруға болмайтын және террористiк әрекет бiлдiру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкелiп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi тиiстi орган басшылары бiрiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ету және соңынан 24 сағаттың iшiнде рұқсат алу арқылы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге жол берiледi.

Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге рұқсат алу кезiнде прокурорға жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет жасаушы немесе қызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтар құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзуге негiздеме материалдар тапсырылады.

Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.

Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.





1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет