01. Мақалға тән белгіні көрсетіңіз. A ой анық болып, тұжырым жасалады



жүктеу 41.86 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі41.86 Kb.
: uploads -> files -> probnoePedRab
probnoePedRab -> 01. Орхон жырларының негізгі ойын анықтаңыз. A отаршылдықты сипаттау
probnoePedRab -> 01. Қазақстан Республикасының әскери анты бекітілген: a 7 мамыр 1992 жыл
probnoePedRab -> «Құтты білік» поэмасының тақырыбын белгілеңіз
probnoePedRab -> Одним из первых каменных орудий труда древнейших людей является
probnoePedRab -> 01. Қазақ тіліндегі үнді дауыссыздардың санын көрсетіңіз
probnoePedRab -> Маусымда: a жер осінің солтүстігі Күнге қарайды
probnoePedRab -> 02. Өлшем саны өлшем сызықтан 1мм арақаштық: a үстінен жазылады
probnoePedRab -> 01. Құрамында үш элементі бар зат a хлорсутек
probnoePedRab -> 01. Дыбыс қатарындағы аттас дыбыстар аралығы: a октава
probnoePedRab -> 01. Қыспақтағы метал үгіндісін немен тазарту керектігін көрсетіңіз
01. Мақалға тән белгіні көрсетіңіз.

A) Ой анық болып, тұжырым жасалады

B) Сөйлем толымсыз болып келеді

C) Бейнелі әрі тұспалданып айтылады

D) Ой жанамаланып беріледі

E) Жұмбақталып, астарлы мағынада айтылады


02.

Тура мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Айнұр долданып, жылап жіберді.

B) Долы күш бойын кернеді.

C) Долданған теңіз буырқануда.

D) Сарыарқаның долы желі басылар емес.

E) Долы дауыл ішін тартып ышқына түседі.
03.Айтылуы мен жазылуында айырмашылық байқалатын сөзді табыңыз.

A) Арайлым.

B) Жанаргүл.

C) Жұмабай.

D) Мейрамбек.

E) Жанболат.


04. Түбірлес сөзді белгілеңіз.

A) Таза ой, таза жүрек

B) Күншіл, күндес, күнге

C) Еңбекшіл, еңбекпен

D) Жұмыскер, жұмысқа

E) Қонақжай, қонақасы


05. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз.

A) Көп алғысы көгертер.

B) Ақылды адам айтқызбай біледі.

C) Ағынан жарылу.

D) Арасынан қыл өтпейді.

E) Толғанай бүгін театрға барады.


06. Баяндауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A) Кітапты алған – мынау.

B) Жалғыз сенен айрылып, артыңа қарап аһ ұрдым.

C) Қонақтарды мына үйге енгізіңдер.

D) Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ.

E) Асандар жұмысты әлдеқашан бітірген.


07. Қалау райлы етістік арқылы жасалған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Кімнің келіп жатқанын тіпті біліп болмайды.

B) Менің бір жерге тұрақтамауыма тура келді.

C) Оның төбе шашы тік тұрды.

D) Менің көрсеткім келмейді.

E) Он минутта он жылға қартайды.


08. Көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келгенде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын анықтаңыз.

A) Бастауыш.


B) Баяндауыш.
C) Анықтауыш.
D) Толықтауыш.

E) Пысықтауыш.


09. Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз.

A) Ол бар күшін салып шапшаң қимылдайды.

B) Шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.

C) Ертеңіңді ойлап әрекет жаса.

D) Мен елімнің ертеңімін.

E) Жаңбыр бірте-бірте ашыла бастады.


10. Жекіру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) –Шу, Ақтұлпар, шу! – деп, Саят құшырлана айқайлап қояды

B) Паһ, шіркін, екпініңе болайын

C) Жә, жетер енді, сөзіңді босқа шығындама

D) Оу, жайбасар жалқау батыр, оянып қалғанбысың

E) Апыр-ай, мына дүлей тіршілік те көк мұздай тас бауыр екен-ау


11.Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

A) –Түндікті жауып, есікті түріп қойшы!

B) Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол!

C) Жылай-жырлай өлгенде, арттағыға сөз қалсын!

D) Үйден шықпаңдар, отты байқап отырыңдар!

E) Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді!


12. Пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Жылқы – қазақтың кәделі, қымбат қазынасы.


B) Жылқы – қазақтың бағалы қазынасы.

C) Жылқы – халықтың қажеттілігіне жарағандықтан бағалы.


D) Жылқы – сауса сусын, мінсе көлік.

E) Жылқы – ер қанаты.


13.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Бәріне ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға – сый-сияпат берілмек.

B) Бәріне: - ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға сый-сияпат берілмек.

C) Бәріне: ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға сый-сияпат берілмек.

D) Бәріне ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға сый-сияпат берілмек.

E) Бәріне: ауыл адамдарына; мектеп оқушыларына; қонақтарға – сый-сияпат берілмек.


14. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Дала жым-жырт

B) Шөбі тозған

C) Жалпақ жаз

D) Аттың жалы

E) Көңілі жақын


15. Толымды сөйлемді табыңыз.

A) Қыстың ақырғы кезі

B) Күнде көріп тұрамын

C) Сізге сәлем айтты

D) Жамбыл ақын еді

E) Үйге шығарып салды


16. Аралас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Әйел ана атанса, адам азамат атанса, адам баласы бір-біріне жолдас атанса, ана біткеннің содан басқа іздегені бар ма?!

B) Басы салбырап, көзі жансызданып, кінәлі екендігін мойындаған Мақсат төмен қарап отыр.

C) Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

D) Дала суық болғандықтан, балалар қалың киініп, отырғандар үнсіз келісе, аттар қос-қостан жегілді.

E) Балалар да қуана кірісті, жұмысшылар уақытында бітірді де, қос басындағылардың барлығы тез жиналды.


17.Тек жалғаулық шылау арқылы байланысатын салалас құрмаласты көрсетіңіз.

A) Наурыз айы туды, бірақ қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын.

B) Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен-кіші қонақтардың айналасына жиналды.

C) Арғы бетке өтетін жолаушы көбінесе осы шыңның желкесінен асатын, өйткені өркеш-өркеш тауларға, терең құздарға соқпай өтетін төте жол – осы.

D) Сіздердің алдарыңызда таудай екі міндет тұр, сондықтан да ертеңнен бастап жұмысқа кірісулеріңіз керек.

E) Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем, я болмаса шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем.


18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A) – Алма, сен жақсы салдың еске! – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.

B) – Алма, сен жақсы салдың еске, – деді, Жанат, есіне жаңа түскендей.

C) – Алма, сен жақсы салдың еске!, – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.

D) – «Алма, сен жақсы салдың еске!» – деді Жанат, есіне жаңа түскендей.

E) –«Алма, сен жақсы салдың еске!»– деді Жанат, «есіне жаңа түскендей».


19. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Жер!.. Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі?!

B) Жер, Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі?

C) Жер... Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі!?

D) Жер-Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі?!

E) Жер Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі.


20. Шешендік үлгіде қолданылатын фразеологизмнің сыңарын табыңыз.

Ұзақ уақыт бойына Орталықтан қалған аймақтарды ... ұстаудың үш түрлі тәсілін пайдаланды.

A) Уысында.

B) Алақанда.

C) Жұдырығында.

D) Қолында.

E) Бармағында.




[Страница из ]




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет