«050607» «Биология» мамандығының 2 – курс студеттерінің білімін бақылауға



бет3/6
Дата28.04.2016
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қосымша


  1. Назарбекова С.Т. Краткий курс лекции по систематике низших растений учебное пособие Алматы изд «Қазақ университеті» 1992г 129с.

  2. Лемеза Н.А. Шуканов А.С. Малый практикум по низшим рестениям учебное пособие Минск университетская 1994 с288.

  3. Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.

  4. Тахтаджян А.Л. Систематика магнофитов Л. 1987. с 440.

  5. Флора Казахстана в 9-ти томах 1956-1966.





ІІ курс 4 семестрге арналған

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ




Тақырыптар

Апталар реті

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Папоротниктәрізділер бөлімі

1 – апта

1 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

2

Гнеттер класы

2 – апта

1 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

3

Қылқан жапырақтылар

2 – апта

2 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

4

Лостогүлділер қатары

3 – апта

1 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

5

Көкнәргүлділер қатары

4 – апта

1 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

6

Троходендрогүлділер қатары

4 – апта

2 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

7

Жаңғақгүлділер қатары

5 – апта

1 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

8

Асқабақгүлділер қатары

6 – апта

2 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

9

Қалақайгүлділер қатары

6 – апта

2 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

10

Зығыргүлділер қатары

7 - апта

2 балл

Глоссарий, Тест, бақылау сұрақтары

∑ ОБСӨЖ 15-балл + 5 балл лаб. сабақ

ОБСӨЖ №1


1-апта

Тақырыбы: Папоротниктәрізділер бөлімі

Жоспар.


  1. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден

айырмашылығы

2. Папоротниктің биологиялық ерекшелігі


3.Папоротник тәрізділердің биологиясы мен өмірлік

циклі.


Ал папоротник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әлі де жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папоротник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандардан және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папоротник тәрізділердің алуан түрлілігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папоротниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндерінде де өседі. Құрылысы. Ертедегі папоротник тәрізділердің спорофиттері, діндері колона тәрізді бұтақтанбайтын радиальды симметриялы ағаштар болған. Кейіндеу қоңыржай және салқын континентальды климаттың әсерінен олардың геофиттік өмірге (жер астында өсуге) бейімделген жаңа түрлері пайда болды. Олар өркендері қысқарған жерге жайылып өсетін дорзовентральды қосалқы тамырлары бар шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кездегі папоротник тәрізділердің басым көпшілігі көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Папоротник тәрізділердің басқа жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы, олар эволюцияның үлкен жапырақты линиясын (мегафилия) береді. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Жапырақтары ұзақ уақыттар бойы төбесінен өседі. Мұның өзі жапырақтарды талломдардың жалпайуының нәтижесінде пайда болған деп айтуға негіз болады. Сондықтан да оларды вайялар деп жиі айтады. Көп жағдайда жапырақтар екі қызмет атқарады : фотосинтездік және спора түзу. Кейбір түрлерінде жоғарғы вайялары спора түзуге, ал төменгілері фотосинтезге маманданған болып келеді. Түрлерінің көпшілігі тең споралы, алайда әртүрлі споралы түрлері де кездеседі. Гаметофиті көп жағдайда қос жынысты. Қоңыржай климатты зоналарда өсетіндерінде ол жүрек тәрізді, тропикалық зонадағы түрлерінде жіп тәрізді, немесе тармақталған пластинка тәрізді.

Еркек папоротник тең споралы өсімдік, сондықтан да оның гаметофиті қосжынысты. Әдетте алдымен антеридийлері (аталық) пайда болады, содан соң барып архегонийлері (аналық) пісіп жетіледі. Антеридийдің формасы шар тәрізді, ол өскіншенің үстінен көтеріліп көрініп тұрады. Оның ішінен саны жағынан онша көп болмайтын спираль тәрізді бұралған көп талшықты спермотазоидтары жетіледі.

Папоротниктердің алғашқы тамыры, сабағы және жапырағы пайда болған соң, ұрық өз бетімен өмір сүре бастайды. Келешегінде оның тамыры жерге енеді, сабағы түзуленеді, ал жапырағы ұлғайып өседі. Алғашқы жапырақтан кейін, сабақта жаңа жапырақтар

Тест

1.Папортниктерде мынадай мүшелер бар

А сабақ, жапырақ, тамыр

В сабақ, жапырақ, ризойд

С сабақ, тамыр

Д гүл


Г сабақ, жапырақ, өркен

2.Папоротник гаметофиті бұл

А жіңішке жасыл жіпше

В майда жасыл, жүрек тәрізді тақташа

С сорустар

Д жасыл өсімдіктіңөзі

Г барлығы дұрыс



3.Папоротник спорофиті бұл

А сабағы, жапырағы, тамыры бар өсімдік

В жіңішке жасыл мүк

С сорус споралартобы

Д өскінше

Г өркен


4.Папоротниктер жапырағының гүлді өсімдіктер жапырағынан ерекшелігі

А жапырақ негізі

В жапырақ ұшы

С жапырақтың ортаңғы бөлігі

Д бүкіл жапырақ бетімен

5. Папоротник тәрізділер класының белгілері.


  1. Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.

  2. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

  3. Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.

  4. Споралы өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді вайалы өсімдік

  5. Барлығы

6. Папоротник тәрізділер бөлімі.

  1. Gumnospermatophyta, pinophyta

  2. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  3. Bryophyta

  4. Polypodiophyta

  5. Еguisetophyta

Бақылау сұрақтары

1.Папоротниктің биологиялық ерекшелігі

2.Папоротник тәрізділердің құрылысы

3.Папоротник морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері

4.Папоротник тәрізділер класының белгілері

5.Папоротниктер жапырағының гүлді өсімдіктер жапырағынан ерекшелігі

6. Папоротник спорофиті және гаметофиті


Глоссарий:

1.Сапрофит

2.Плаун

3.Гетеротрофты



4.Камбий

5.псилофит

ОБСӨЖ №2

2апта


Тақырыбы: Гнеттер класы
Жоспары:

1.Гнетопситтердің биологиялық ерекшеліктері

2. Қылшалар қатары

3.Қылшалардың таралуы

4.Қылшалар қатарының таралуы.

Гнетопсидтер класының аналық және аталық гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған, жыныстық процестері жабық тұқымдардың қосарланып ұрықтануына жақын.Тұқымбүрі біреу, ұрықтың екі тұқым жарнағы болады.Сүрегінде смола жолдары болмайды. Класты үш қатарға бөледі:қылшалар, гнеталар, вельвичилар. Олардың Қазақстанның флорасында кең таралғаны қылшалар қатары. Сондықтанда біздер осы қатарға толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.

Бұл қатарға бір тұқымдас және бір ғана қылша туысы жатады.Туысьа 40 түр бар Олар Жерорта теңізі жағалауында, Алдыңғы және Орта Азияда, Индияда, Қытайда ,Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер.Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда және таудың тасты көбіне бұталар немесе лианалар.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі.Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша. Бұл түр бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің оңтүстік шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктіг 40см. Болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құны дәрі алынады.



Тест

1.Гнеттер класы - ....



  1. solonum

  2. Cucurbita maxima

  3. Gassupium herbascum+

  4. Tulipa regeli

Е.Gnetopsida
2.Қылшалардың Қазақстанда қанша түрі белгілі?

А.7


Б.2

В.3


Г.5

Д.6


3.Нуццелуста мегаспроаның ........... қандай клеткасы орналасады.

А. Аталық

Б.аналық

В.Вегетативті

Г.Қос организм

Д.Дара организм


4.Тұқымның ортасын не алып жатады.

А.Эндосперм

Б.аналық

В.Вегетативті

Г.Қос организм

Д.Дара организм

5.Мегаспорангийдің қызметі

А.Көптеген ұсақ споралар пісіп жетіледі.

Б.Жалпы споралардың пісіп жетілуі

В.Вегетативті мүшелердің пісіп жетілуі

Г.Аталық және аналық мүшелердің пісіп жетілуі


Бақылау сұрақтары

1.Гнетопсидтер класна жалпы сипаттама

2.Мегаспорангийдің жалпы қызметі

3.Гнеттердің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері

4.Гнеттердің табиғатта алатын орны
Глоссарий:

Мегаспорангий

Нуццелус

Гнет


Вельвичиялар

Гнетопсид

ОБСӨЖ №3

2 апта


Тақырыбы: Қылқан жапырақтылар

Жоспар.


1.Қылқан жапырақтылардың классификациясы

2. Қарағайлар қатары

3. Кипаристер қатары

4.Қылқан жапырақтылардың классификациясы

Қарағайлар қатары бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады.Бұл тұқымдаста 10 туыс,250 түр бар.Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай, шырша, бал қарағай, қарағай.

Кипаристер тұқымдасында 20 туыс,145 түр жатады.Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі.Ағаштар мен бұталар болып келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді, сиректеу ине тәрізді.Ағашында смола жолдары болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады.Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды.Аналық стробилінің қабыршақтары сүректенген, көп тәрізді немесе шырынды болып келеді.


Тест

1. Қылқан жапырақтылар класының белгілері.

  1. Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.

  2. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

  3. Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.

  4. Стробиді өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді

  5. Барлығы


2. Раушангүлдер тектес бір жабынды қатарлар тобы.

  1. Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.

  2. Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары.

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.

  5. Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.


3. Раушангүлдер тектес бос желектілер қатарлар тобы.

  1. Шамшаттар, қайыңдар, талдар тұқымдастары.

  2. Итмұрындар алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлділер тұқымдастары.

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, түңғиықтар тұқымдастары.

  5. Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

4. Раушангүлдер тектес біріккен желектілер қатарлылар тобы.



  1. Шамшаттар, қайыңдар, талдар тұқымдастары.

  2. Итмұрындар алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлділер тұқымдастары

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, түңғиықтар тұқымдастары

Е.Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары
Бақылау сұрақтары

1. Қылқан жапырақтылар класының белгілері.

2. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

3. Стробиді өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді

4.Қарағайлар қатары

5. Кипаристер қатары

6.Қылқан жапырақтылардың классификациясы


Глоссарий:
1.Кипаристер

2.Стропил

3.Орхеногия

4.Антеридии


ОБСӨЖ №4


3 апта

Тақырыбы: Лостогүлділер қатары

Жоспары:


1.Лотосгүлділер тұқымдасы

2.Жалпы сипаттамасы

3.Вегетативті органдарының, глдің және жемістің құрылысы
Көжемістерге 30 тұқым жатады.Бұлардың негізі ағаштар.сиректеу бұталар,ал 2 суда құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер сиректеу бұталар.Көп жемістердің сыртқы құрылысы ашық, тұққымдардың сторбилдеріне шишка, ұқсас болады.Гүл табаны ұзынша болып келеді.Оған спиралдың бойымен саны жағынан аса көп болып, келетін гүлдердің әртүрлі мүшелері орналасады.

Кейбір жағдайларда олардың вегетативтік органдарын микроскопиялық құрылысына ашық тұқымдармен ортақ белгілер сақталған.Мысалы:Діңнің сүрегі тархеидтерден тұрады.олардың суда және басқа ерітінділерге өткізуге арналған қабырғаларының жиектелген саңырауқұлақтар болады.сонымен бірге үлкен эфир майлары жиналатын қуыстары болады.Өмірлік формалары басым көпшілігі ашық тұқымдас секілді мәңгі жасыл ағаштар.Көп жемістер Еуроазияның Солтүстік және Оңтүстік американың тропикалық және Субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер.Осылардың барлығы олардың қарапайымдылығы және ертеде пайда болғанын көрсетеді.


Тест

1.Теплицаларда өсірілетін саңырауқұлақ

    1. Сморчок

    2. Строчок

    3. Сыроежка

    4. Мухоморка

    5. Шампиньон

2. Эфир майлы, смала шығаратын өсімдіктер.

  1. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  2. Көкнар , сарғалдақ, эфедра

  3. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма

3. Витаминді дақылдар.

  1. Көкнар, мускатты асқабақ, мақта

  2. Көкнар , сарғалдақ, эфедра

  3. Асқабақ, жүзім, қант қызылшасы

  4. Қарағай шырша

  5. Итмұрын сәбіз алма

4.Ламинария балдырының көбеюі



  1. Жыныссыз

  2. Жынысты

  3. Вегетативті

  4. Споралар арқылы

  5. Жыныссыз, жынысты



Бақылау сұрақтары

1.Лотосгүлділер тұқымдасы

2.Жалпы сипаттамасы

3.Вегетативті органдарының, глдің және жемістің құрылысы

4. Лотосгүлділер тұқымдасы морфологиялы және физиологиялық ерекшеліктері

5. Лотосгүлділер тұқымдасы сыртқы және ішкі құрылысы


Глоссарий:

1.Лотосгүлділер тұқымдасы

2. Тұңғиықтар тұқымдасы

3.Эфир майы

4.Дің

5.Сүрек


6.Микроскопия

ОБСӨЖ №5


4 апта

Тақырыбы: Көкнәргүлділер қатары

Жоспары:


1.Көкнәрлер тұқымдасы

2.Жалпы сипаттамасы

3.Тұқымдас тармақтарына бөліну
Крест гүлділер жер бетіндегі құрлықтардың барлығында әсіресе қоңыржай, суық климатты обылыстарда, Арктикаға дейін кең таралған. Түрлер саны 3 мыңдай (350 туыс). Олардың барлығының туыстық байланыстылығы тығыз байланысты, морфологиялық айырмашылығы жоқ. Қалыпты жағдайда жапырақтары кезектесіп келетін қосалқы жапырақшалары жоқ, жапырақтары тұтас немесе тілімделген болып келетін өсімдіктер. Бұларда глюкозиттер жиналады. Олар ыдырағанда қыша майы (горчичное масло) түзіледі. Гүлдерінің құрылысы бір тектес гүл асты, гүл үсті жапырақтары болмайды. Гүл шоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиморфты, қос жынысты гүл серігі қосарланған. Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан. 4 тостағанша жапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4, ол бір шеңбер түзеді. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4 ұзын, екі қысқа сыртқы шеңбер түзеді. Гинецейі ценокарпты екі жеміс жапырақшадан тұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байланысты екі ұялы. Гүл формуласы Са4 Со4 А2 +4 Cl(2). Жемісі бұршаққап, кейде бұршаққын екі жақтауы ашылды. Дәндерінің эндоспермі болмайды.

2. Көкнәрлар тұқымдасы (Papaveracea). Құрамында 450 түр 28-30 туысы бар. Шөптесін өсімдіктер тропикалық, субтропикалық, қоңыржай климатты обылыстарында өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Шеттері тілімделген қосалқы жапырақшалары жоқ. Ішінде сүтті шырындар жиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен шайыр жолдары болады. Құрамында әртүрлі алкалойдтар бар : морфин, кодейн, пантопин басқа апиыны бар сүтті шырындары болады. Гүлдері қос жынысты, көп жағдайда актиономорфты, сиректеу зигоморфты. Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде түсіп қалатын 2 данадан тостағанша жапырақшадан, күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлте жапырақшадан тұрады, кейде 12 –ге жетеді. Күлтесі 4 дұрыс қапталған жапырақшадан тұрады. Андроцейі шеңбер спираль бойы мен орналасқан. Олардың саны 4 немесе 6-12 – ден аспайды. Гинецейі целокарпты. Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшалардан тұрады. Гүл түйіні 2 немесе көп ұялы. Гүлдері үлкен бояулы. Жемісі қорапша.

Көкнәр туысы – мак Papaver. 120 түрі бар, БОР-да 50, Қазақстанда 11 түрі кездеседі.Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, гүлдері үлкен бояулы апиын көкнәрі – мак снотворный В Sommifrum май алатын дақыл ретінде себіледі. Құрамында май болады. Медицинада апиын алынады. Шығыс көкнәрі Р. Orentalis гүлі үлкен ашық түсті сәндік үшін егіледі және сеппе көкнәр түрі бар. Гүл формуласы Са2 Со2+2 А Со.


Тест

1.Көкнәрдің гинецейі



  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды


2.Көкек зығырының аталық жыныс жасушалары қай органда пісіп жетіледі

А өскіншеде

В қауашақта

С антеридияда

Д архегонияда

Г гүлде
3. Көкек зығырының аналық жыныс жасушалары қай органда пісіп жетіледі

А өскіншеде

В қауашақта

С антеридияда

Д архегонияда

Г гүлде
4.Көкек зығыры қандай тозаңданады.

А желмен


В жәндіктермен

С сумен


Д адаммен

Г барлық жауап дұрыс


5.Су тасушы жасушалары бар

А сфагнум

В көкек зығыры

С папортниктерде

Д қырық буындарда

Г жабық тұқымдыларда


Бақылау сұрақтары

1.Көкнәрлер тұқымдасы

2.Жалпы сипаттамасы

3.Тұқымдас тармақтарына бөліну

4.Көкнәрдің гинецейі

5.Көкек зығыры қандай тозаңданады.

6.Су тасушы жасушалары бар
Глоссарий:

1.Тропика

2.Субтропика

3.қоңыржай

4.Көкек зығыр

5.Гинецей

6.Андроцей

7.Сфагнум

ОБСӨЖ №6

4 апта


Тақырыбы: Троходендрогүлділер қатары

Жоспары:


1.Троходендролалылар, тетрацентралылар тұқымдастары

2.Морфологиялық анатомиялық ерекшеліктері

3.Гүлдің гүлшоғыры, жемістің құрылысы
Бұл кезеңдегі классификацияның басты принципі, ұқсас өсімдіктерді негізінен бір ғана қалай болса, солай алынған морфологиялық белгісіне қарай біріктіру.Кезеңнің ең жоғарғы жетістігі ботаника мен зоологияны белгілі бір жүеге келтірген улы реформатор к.Линнейдің системасы.Үйлесімділігі жағынан және өсімдіктердің барлық топтарына шолу жасаудың жеңілдігі жағынан бұл система біздің уақытымызға дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Алуан түрлі болып келетін өсімдіктер дүниесін К.Линней бары- жоғы 24 класқа бөлген . Бұл жерде автор гүлдегі аталықтардың санын, олапрдың бірігуін, ұзындығын және басқа да белгілерін негізге алған. Соңғы класқа гүлдері жоқ өсімдіктерді жатқызған. Бұл құпия некелілер класы, ол қалған 23 класқа қарсы қойылған секілді.Линнейдің систематикасының басты кемшілігі мынау, әрбір класқа түрлерді топтастырғанда, олардың тек қана бір белгісін негізге алған. Сондықтанда бір класқа жататын түрлер, әдетте, нағыз туыс жақындығымен топтастырылмаған.

Табиғи истеманың кезеңі. Алғашқы табиғи системаны 1789ж А.Жюссье жариялаған. Ол бірінші болыр өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген белгілерінің жиынтығын ескере отырып топтастырған. Оның үстіне бұл белгілері өсімдіктің тек бір органымен ғана шектеліп қоймай, бірнеше органдарының белгілерін қамтиды.А.Жюссье ботаника ғылымының тарихында бірінші болып барлық тұқымдастарды бірінің орнын бірі баса даму принципі бойынша топтастыруға ұмтылады. Алайда органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі Ч.Дарвинің “Түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен кейін барып қалыптасты.Бұл еңбегінде Ч.Дарвин әртүрлі материалдардың негізінде эволюцияның өзін және оның қозғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдер көрсетті.

Филогенетикалық системаныфң кезеңі. Ч.Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталды. 100ж созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы, мысалы; эволюциялық морфологияның және жекеленген ғылымның деңгейіндегі аса маңызды мәселелер зерттелді. Ғылымның көптеген жаңа салалары ашылып жаңа қарқынмен дамып келеді. Соған байланысты зерттеулердің көптеген жаңа тәсілдемелері қарастырылып жолға т қойылды. Дүние жүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрастырылды.
Тест

1. Мақта жемісі.

А бұршаққын.

В қауашуақ

С бұршаққынша.

Д тұқымша.

Г дән.


2. Қиярдың жемісі.

А бұршаққын.

В сүйекті жеміс.

С қауашақ.

Д тұқымша.

Г дәнек.



3. Жемісі үлкен өсімдік.

А өрік.


В кокос.

С сейшель пальмасы.

Д емен .

Г қарағай.

4. Раушан гүлдің жатынының орналасуы


  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

5. Қысқа талшықты мақта



  1. daucus carota

  2. solonum

  3. Cucurbita maxima

  4. Gassupium herbascum

  5. Tulipa regeli


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет