1- есеп 59 жастағы адам арықтаған, тамаққа тәбеті жоқ, тоқтық сезімі бар. Эндоскопиялық тексеру кезінде атрофиялық гастрит пен ойық жара оның денесінде орналасқан. Сұрақтар



Дата06.05.2020
өлшемі16.7 Kb.
Ситуациялық есептер

1- есеп

59 жастағы адам арықтаған, тамаққа тәбеті жоқ, тоқтық сезімі бар. Эндоскопиялық тексеру кезінде атрофиялық гастрит пен ойық жара оның денесінде орналасқан. 



Сұрақтар: 1. Алғашқы диагноз? 2. Морфологиялық диагноз қою үшін не істеу керек? 3. Қандай стандартты рентген зерттеу әдісін қолданылуы тиіс? 4. Қандай ем қажет? 5. Хирургиялық емде операцияның көлемі қандай? 

2- есеп

56 жасар адам жүрек қыжылына, төс асты аймағында ауырсыну сезіміне, ас қабылдаған соң лоқсып, кейде құсатынына шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – антральды бөлігінде ойық жара анықталған, ол асқазан каналын 0,5 см-ге шейін тарылтып тұр.



Сұрақтар:

  1. асқазанның қандай ауруларынан ажырату керек?

  2. морфологиялық диагноз үшін не істеу қажет?

  3. ісіктің өсу сатысын анықтау үшін қандай стандартты рентгенмен зертеу жүргізесіз?

  4. қандай ем қолданылады?

  5. қандай көлемде операция жасауға болады?

3- есеп

50 жастағы науқас арықтағанына, тамаққа тәбеттінің жоқтығына және астың қиналып өтуіне шағымданады. Эндоскопиялық тексеру кезінде – асқазанның кардий бөлігінде көлемі 5 см ойық жара өңешке дейін жететіні анықталған.



Сұрақтар:

  1. алғашқы диагноз?

  2. морфологиялық түрін анықтау үшін не қажет?

  3. қандай рентген әдісін қолданасыз?

  4. қандай ем тиімді?

  5. қандай көлемде операция жасау керек?


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет