1. 2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы



бет1/2
Дата28.04.2016
өлшемі489.24 Kb.
  1   2
Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................3-4

1 Фразеологизмдердің зерттелуі...................................................5-8

1.1 Сын есімдердің зерттелуі.........................................................8-12

1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы...............................12-13

1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі......................13-19

1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары.................................................................19-26

2. Сын есім компонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары


    1. Сын есім компонентті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу.......................................................................................27-29

    2. Сапалық сын есім компонентті фразеологизмдер түр – түсті білдіретін фразеологизмдер...................................................29-44

    3. Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер................44-45

    4. Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер...............45-46

    5. Дәмі мен ісін білдіретін фразеологизмдер...........................46-48

    6. Қатыстық сын есім компонентті фразеологизмдер.............48-50

Қорытынды......................................................................................50-52

Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................53-54

Кіріспе


Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ішінде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.

Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс материалы. Фразеологиялық тіркестер қай – қайсысы болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.



Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйінге сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперементті – эмоционалды бояуы мен көзге түсетін фразеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фразеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.

Қазақ тілінде есім мағыналы фразеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фразеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.



Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті фразеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  • Фразеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;

  • Есімді фразеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;

  • Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексика семантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.

Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.

Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:

  • Компонет құрамына талданды

  • Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды

  • Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фразеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фразеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.

Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалары бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.

Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланады яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.

Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.

Зерттеудің құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Сілтеме көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.

1. Фразеологизмдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:

- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

- 60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.

- ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.

Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байтелиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.

Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты «үш белгіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан трей отырып, бүкіл қазақ тілі құрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі – фразеологиялық түйдектер, екіншісі – фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес» деп тұжырымдады.(1.591)

С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт – бағдарын көрсетеді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. (2.53-59)

Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты (3.22) жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев «Мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады». (4.29)

Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 – жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, олраға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың «қазақ мақал – мәтелдерінің лексика – стелистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың «қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразалық тіркестер» мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың «Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е.Бектұрғановтың «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.

Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап , Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілделде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлі тілші ғалымдар назарын аударды. Ө.Айтбаев пен К.Дұйсетаеваның еңбектерін атауға болады.

Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фрозаны қамтыған «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты.

Үшінші кезең – қазақ фразеологиясын жан – жақты зерттеу кезеңі. 80 – жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (калькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды.

Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копаленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс – компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.

Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша – Орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.

Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік – тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың «Қадырғали Жалайридің «Жами-ат-тауарих» атты шығармасындағы тұрақты тіркестер» (5.) еңбегі – диахронды фразеологиялық зерттеу.

Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 – жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан – жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этнопсихологиялық және мәдени – танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.

С.Сәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байланысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным – сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбаева соматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.

Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле – зерттеу – қазақ фразеологизмдеррін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осындай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың «Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері» докторлық диссертацияларын атауға болады.

Уақытында орыс ғалымдары А.А.Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Потебня тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеп, фразеологияға үлкен үлес қосты. Академик Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі тұрақты тіркестерді, олардың сыңарларын сематикалық және грамматикалық белгілері жағынан зерттеу проблемаларын қойды (6.173-174.) Академик А.А.Шахматов өзінің «Синтакис русского языка» /л.,1941/ атты еңбегінде тілде кездесетін құрамындағы сөздер бір – бірінен ажырамай тұтас күйінде қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика үшін де аса маңызды деген пікір айтады.

Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай бағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автродың қолдануы т.б.


1.1 Сын есімдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінде сын есімдер жеке – жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгілі.

Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызметі, олардың синтаксистік тіркесу қабілітіне біршама көңіл бөлінді.

Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның өзінде де сын есім жеке зерттелген емес. Сын есімнің зерттелуін М.А.Казембектің «Түркі – татар тілінің жалпы грамматиаксы» еңбегінен бастау керек. Профессор Н.К.Дмитриев сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға жағынан негізгі және туынды деп бөлген.

Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендердің бірі – М.Терентьев. Ол сын есімді жан – жақты қамтымағанымен, оның кейбір жеке мәселелері турасында дұрыс пікір айтады, мәселен, сын есімді ол өз алды сөз табы деп, оның салыстырмалы, таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқтайды. (7.91)

Қазақ тіліндегі сын есімді сөз еткенде өз алдына тоқтауды керек ететін - Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген тақырыпта жазған еңбегі. Бұл қазақ тіл білімі мәселесінде сын есімнің ең бір басты мәселесін алғаш сөз еткен еңбек. Автор мұнда тек шырайды ғана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар сын есімнің жалпы мәселелерін де сөз еткен.

Осы еңбегінде тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы өзгеретін сияқты жұрнақтар да бірден пайда болмаған, бұлар да тілдің өсу, даму жолында қалыптасып, грамматикалық құрлымының ерекшеліктеріне лайық болғанына тоқталып, туынды сын есім жасайтын жұрнақтардың кейбіреуіне тоқталған. (8.26.)

Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлелі бар екендігі, бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі – сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен, анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді. Мәселен, жоғарыда аталған еңбекте сын есімде төрт түрлі сипаттың барлығы:

1) Лексикалық мағынасының болуы;

2) Шырай жұрнағының -рақ, -рек, - ті жалғай алуы;

3) Зат есімге тән жұрнақ – жалғаудың тіекелей қосылмайтындығы;

4) Сөйлемде анықтауыш мүше қызметін атқаруын, егер осы төрт түрлі белгісі бір жерде түйісіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын, сын есімге қоятын өлшемдердің осы екендігін айтқан. (8.10)

1945 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындап берген қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған кітабі басылып шықты. Мұнда да сын есім өз алдына сөз табы ретінде қаралады. Оның сын есім тарауын жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сын есімнің негізгі мәселелерін қамтып, оны дұрыс түсіндірген.

Кейінгі шыққан «Қазіргі қазақ тілі» морфологиялық еңбектерде де А.Ысқақов сол көзқарасты ұстанады. Ғалым сын есімнің жалпы сипатына, семантиаклық топтарына, морфологиялқ құрлымына, жасалу жолдарына, шырай категориясына тоқталады.

Ахмеди Ысқақовтың «қазіргі қазақ тілі» морфология еңбегі қазақ тіл білімінің дамуындағы үлкен жетістік. Алғаш рет жүйелі түрде сөз таптарына тән сөз тудырушы тұлғалар сарапталып, аффикстердің мағыналарымен түбірлердің мағыналары бөлек сипатталады. (9)

Сын есім туралы жазылған келесі бір еңбек – Ж.Шакеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесінде айтылған бұрын – соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын еісм категориясын белгілі жүйеге түсіріп айту мақсаты көзделген.

Автор түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. Яғни М.Қазембек, Н.Гигамов, С.Б.Астремский, А.К.Боровков, И.А.Батманов, Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, т.б. ғалымдар еңбектерінде берілген сын есімдердің ерекшеліктеріне тоқталады ондағы қайшылықтарға сын көзбен қарайды. (10.28)

Автор сын есімді категория ретінде танып, оның белгілерін көрсетеді. «Сөз табы дегеніміз беретін мағынасы, грамматикалық категориялары, сөйлемде атқаратын қызыметі жағынан жекелеген сөздердің лексика – грамматикалық тобы». (10.16)



  1. Сын есімнің мағынасы–заттың алуан түрлі сипатын білдіру

  2. Сын есімнің морфологиялық белгісі – шырай формаларымен өзгеруі

  3. Сын есім зат есім мен анықтауыштың, етістікпен қабысып пысықтауыштың қызметін атқарады

Ж.Шакенов сын есімнің шырайларына, жасалу жолдарын көрсетеді. Синтаксистік қызыметін талдайды. Тіпті сын есімнің қызыметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері жайында сөз етеді.

Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.

Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. (11.151) Автор сөздің сыртқы мен ішкі мазмұнына терең мән беріп, сыртқы тұлғасының өзгеруі ішкі мағынасының да өзгеруіне әкелетінін түсіндіреді.

Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Туынды сын есімдер зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалады деп көрсетіп кеткен. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл). (12.61)

Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады. (13.93)

Сонымен сын есімнің өз алдына сөз тобы болатынын қазақ тілі мамандары арасында пікір тудырған емес. Бірақ бұдан сын есімнің барлық мәселесінің барлық сыры ашылды, демек онда сөз етерлік ештеме қалмады деп түсінуге болмайды. Сондай мәселенің бірі, сын есімнің фразеологиялық тіркестердің компонентінде қолдану ерекшелігі.



1.2 Фразеологизімдердің сөз табына қатысы

Фразеологиялық тіркестердің мағына белгілеріне тоқталмас бұрын, фразеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы бір – екі ауыз сөз қозғай кетсек.

Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев І. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.

І.Кеңесбаев фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болмайтынын айтты./14,27/

Фрозеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты екендігін Х.Қожахыметова еңбектерінде атап көрсетті. /15.26/

Фразеологизмдерді сөз табына қарай шартты түрде болса да жіктеуге болатындығы анық, оларды топтастыруда қазақ тілшілері бір – бірімен алшақ кете қоймады.

Ә.Болғанбаев «фразеологизмдерді етістік мағыналы фразеологизмдер, сындық мағыналы фразеологизмдер, заттық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер» деп төрт топқа бөледі /16,11/ фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына жатқызу мәселесінде компоненттер құрамының беретін мағынасына, морфологиялық табиғатына синтаксистік қызыметіне көңіл бөлу керектігін айта келіп Г.Смағұлова алты топқа бөледі: 1. Етістік мағыналы фразеологизмдер. 2. Есім мағыналы фрозеологизмдер. 3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. 4. одағай тұлғалы фрозеологизмдер. 5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер. 6. Сөйлеу дағдысына қолданылатын. /17.25-26/

Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жіктеуде бұрын – соңды айитылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтарды айтуымызға болады: 1. Етістік мәнді фрозеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әртүрлі сөз таптарынан жасалған дер.

Фразеологизмдерді сөз табына жіктеу арқылы оның ішкі мазмұны мен лексика – семантикалық мағынасын айқындай түсуге болады.

Фразеологизмдер сөйлемде басқа сөздермен байланысу процесінде өзі қатысты «сөз табының» категориялық байланысу формаларына тікесу ерекшеліктеріне сай қызмет атқарады. Мысалы: «көк ми» /милау/ «адам» сөзімен бірге келіп, оның /адам/ анықтауыш қызыметін атқарып тұр. Енді фразеологиялық тіркестердің мағына белгісіне тоқталып өтсек.



1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі

Тілдердің негізгі тұлғасы сөз және сонымен қатар синтаксистік саланың басты единицасы сөз тіркестері – міне осылармен сын есімді фразеологизмдіқатар қойып зерттеу оның нақты белгілерін анықтауға көмектеседі.Есімді фразеологизмдердің мағынасы жеке өзіне тән, тұтас мағына да, құраушы сыңарлардың мағынасымен және сөздердің тіркесу қабілеті туралы мәселемен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан сөздерге арақатысты, олармен кейбір белгілерімен жақындасса, енді бір белгілерімен олардан алшақтайды. Есімді фразеологизмдер мен сөздер атқаратын қызыметі, мағыанлық байланыстары /синонимне, көп мағыналық антонимне т.б./ тұрғысынан арақатысты, бірақ мұндай арақатыстылық белгілі мөлшерде шектеулі болып келеді. Сөздердің функциональдық өмірінің кеңдігі – олардың тілдегі жан – жақты қабілеті, бір жағынан, қолдану процесінде морфема қызметін екінші жағынан коммуникативтік единица, яғни сөйлем қызметін атқаруға қаблеттілігі. Сөздің осындай көп қызымет атқаруға икемділігі тіл құрлысында орталық тұлға болуын да. Бұлардың мағынасының ерекшелігі сол, оның мағынасы, біріншіден, құраушы сыңарлар мағынасымен тікелей немесе жанамалай байланыста болады, мысалы: қалың ой, ірі қара, қызыл көз, қиғаш қас т.б. Бұлар үшін фразеологиялық мағынаға топастырылады, екі сыңардың мағынасы бүтін мағынамен тоғысады. Мұндай тіркестер бір сыңарының фразеологиялық мағынаға өрістеуімен қалыптасады. Сыңарлардың жеке мағыналарының , тура немесе астарлы мағыналарының тоғысуы үлкен қызмет атқарады. Екіншіден, бір бүтіннің мағынасының дәлелдемесі бар болып, сыңарлардың лексикалық мағыналарына таралып бөлшектенбей тұтас күйінде ұғынылады, мысалы: қара дүрсін – нақты емес, қара жаяу – кедей, тірі аруақ – ілініп жүрген адам. Мұнда да бүтін тіркестің мағынасы сөз тіркесінің астарлы түрде ұғынылатын ішкі түсінігімен байланысып жатыр.

Тіркесті құраушы сөз – сыңарлар лексикалық мағыналарын фразеологиялық тіркес құрамында өрістетіп барып дацын қолданылатын тұтас тұлғаның құрамды бөлігіне айналады. Мысалы, мынадай сыңарлар: суық су, ашық күн, дәмді тамақ т.б. тілдің лексика – семантикалық жүйесінде төмендегі факторларға сүйенеді: 1) тілдік жүйеде осы сөздер тек осы ұғыммен заттың тұрақты наминативті мағынасында кездесуі, оның тұрақты бір қасиетін көрсету; 2) заттың ерекшелігіне қарай мағыналық байланыста болатын нұсқа – үлгі көлемінде сөздердің лексикалық байланыста боолуы; 3) тілдік жүйеде синтаксистік /анықталушы, анықтаушы/ тіркестік нұсқасының болуы; 4) осы ұғым көлемінде мағыналары өзара тіркес құрауға қабілетті болуы.

Қайсібір тілдік тұлға болмасын барлық уақытта структуралық құрлымда болады. Кез келген сала оған тән сапалық ашықтамаға сәйкес тілдік единицалардан және олардың арасындағы болатын қатынастар жиынтығынан тұрады. Сыңарлардың мағынасын тауып анықтау барлық уақытта бола бермейді, мысалы, кейбір компоненттердің мағынасы осындай: ұзын құлақ - өсек, құла дүз – елсіз дала. Есімді фразеологиялық тіркестердің компоненттері жалғыз – жарым /бір ғана сөзбен немесе бірнеше/ сөзбен «су» сөзі «қараңғы», «жаңа», «жорға», «жүрек», ал «судай» сөзі жаңа, «сары» сөзі «уайым» сөздерімен ғана тіркес құрайды.

Сөздердің фразеологиялық тіркестерде көрінетін «фразеологиялық байлауы мағынасы» тек сол фразеологиялық тіркес құрамында ғана көрініп белгіленетіндіктен , ол мағна барлық сөздерге жалпы тән қасиет емес, ол мағынаға барлық сөздер ие болып фразеологиялық тіркес жасай бермейді. Есімді фразеологизмдердің табиғаты осындай, құраушы сыңарлар тек белгілі бір есімді фразеологиялық тіркестердің құрамынада ғана қолданылады да, басқа тіркестерді мүлдем ұшыраспайды. Мысалы, ну орман, шырт ұйқы, оймақ ауыз, тұлдыр жетіс т.б. Мұнымен бірге, бұл сөздер бірен – саран сөздермен ғана тіркеседі. Сөздерді мағынасына байланыссыз бір – бірімен қатар айтып тіркес жасай беруге болмайды.

Сөз фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болғандығынан келіп фразеологиялық тіркес жасамайды екен, керісінше бұл мағынаға сөз фразеологиялық тіркес құрамын да ие болады, өйткені фразеологиялық тіркес мағынасы фразеологиялық ерекше /лексикалық емес/ мағына болып табылады /сыңарлар ғана лексикалық мағынаға ие/. Фразеологиялық тіркес гамматикалық байланысқа, лексикалық тіркескіштікке қатыссыз болатын сөздердің ерекше байланысы Сын есім компонетті фразеологизмдер: қызыл иек, қызыл іңір, қысыр сөз сияқы есімді фразеологиялық тіркес құрамындағы сыңарлар талғаусыз қатар тұрып тіркес құрау түркі тілдерінің елеулі ерекшелгі.

Фразеологиялық тіркестердің құрамды бөліктері арасындағы синтаксисік тұтастық та ерекше. Бүтін тіркестің компоненттерінің аралық байланысының тұтастығы мен тұрақты ауыс мағынасы оның сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқаруына ықпал жасайды. Бұл байланыс фразеологиялық тіркес құрамында, оның компоненттері арасында болатын ішкі фразеологиялық байланыс, сыңарлардың қолдануда бір – біріне тұрақты тәуелділігі, осы фразеологиялық құрам үшін бір – біріне қажеттілігі.

Фразеологиялық байланыстың мәні фразеологиялық тіркес құрылысы мен мағынасына тәуелді өйткені фразеологиялық тіркес сыңарлары толық мағынаға ие, яғни мұнда тұтастық пен мағына бірлігі бар фразеологиялық байланыстың өзі осы емес пе.

Фразеологиялық тұрақтылық семантикалық «сөз тіркесінің» астарлы мағынасының болуына байланысты, ал «даяр күйінде қайталану» астарлы мағынаның болуына байланысты құраушы сыңарлар мағыналарымен байланысы, құраушы сыңарларсыз және олардың мағынасынсыз тұтас астарлы мағына да, бүтін құрам да жоқ.

Мынадай фразеологиялық тіркестер: дәмді пікір, аш бел-нәзік бел, буынсыз жер-әлсіз жур, ауыр сөз-зілді сөз т.б. бір сыңырының негізірде фразеологияланғын тіркестер мәселесіне келсек, бұлардың бір сыңыры өзінің тура мағынасын сақтап, екіншісі жаңа мағынада тұрып қолданылған. Сыңардың біреуінің лексикалық мағынасы келтірінді мағынада, астарлы түрде қолданылған. Мұнда бүкіл тұтас тіркестің беретін мағынасы өзінің құрамындағы сөздердің мағынасымен байланысты, олардың мағынасынан онша алшақтамайды. Мұндай фразеологиялық тіркестердің мағыналарын ойдан тыс қалдырсақ, онда олардың фразеологиялық екендігін де, тіркес екендігін де айыра алмаймыз. Бұл тіркестерде номинативтік пен қатар/тіркестер құрамындағы сыңарлар мағыналық дербестігін екеуі бірдуй тодық жоғалтпай, ал грамматикалық дербестілігінен айырылып барып, мағынаға ие болған/ эмоционольды – эксперессивті қызмет те бар.

Фразеологиялық тіркестердің мағыналық құрылымы өзіне лексикалық синоним болатын сөздің мағыналық құрылымымен ешқашан толық сәйкес келмейді. Тұтас мағына фразеологиялық тіркестердің сыңарларының толық түрде туынды мағынаға өтуімен қалыптасады, яғни тұтас мағына дегеніміз толық келтірінді мағынаға өткен мағыналары бар сыңардан тұратын фразеологиялық тіркестердің құрылымдық мағынасының түрі. Мұндай тіркестердің сыңарларының дербес мағыналарының әлсіреуімен қатар араларындағы синтаксистік қатынастары да әлсіреп, көмескіленеді.

Енді бір есімді фразеологиялық тіркестер құрамында бір сыңар тура мағынасында болады да, екіншісі келтірінді мағынада келеді және сигнификативтік мағына осы сыңарға түседі. Осындай сыңарларының тура мағынасының өзгеруін, келтірінді мағынаға өткендігін барлық уақытта негізге алып отыру қажет. Фразеологиялық тіркестердің жартылай я толық астарлы семантикалық тұтастығы олардың қажетті белгісі. Фразеологиялық тіркестер өздерін құраушы сыңарлардың семантикасымен /бұл семантикалық байланыс әр түрлі дәрежеде көрінгенімен де/ тығыз байланысты тұлғалар. Ал фразеологиялану процесінде фразеологиялық тіркестердің сыңарларының я сыңарларының тура мағынасының келтірінді, туынды мағынада белгілі болуы, фразеологиялық тіркестердің фразеологиялық тұтас мағына тұрғысынан, белгілі дәрежеде дербес мағыналары әлсіреп екінші орынға сырылады, яғни бүтін мағынаға бағынышты болады.

Фразеологиялық тіркестердің кейбір түрінің номинативті қызметімен қатар эмоциальды және стилистикалық бояуы, образдылық қасиет пен экспрессивті қызметі болады, қайсібір астарлы, оброзды мағанада, енді біреулерінің мағынасы «байлаулы фразеологиялық мәнді сыңарлары» тұрғысынан фразеологиялық мағынада қолданылады, белгілі болады. Тілде тіркескен дайын күйінде белгілі болатын фразеологиялық тіркестердің есімді сөз тіркестеріне өте жақын бір түрі тіркестер –тізбектер, мысалы : асқар тау, асқар бел, қыпша бел, пісте мұрын, ьтдай дала, айдай әлем т.б. Тіркескен дайын күйінде белгілі болу, бір немесе бірнеше сөздермен ғана теіркесінде белгілі болу – осы құрамның сыңарлары арасында нақты грамматикалық байланыстың бар екендігін немесе осыған орай жаңадан тіркестірілгенін қуаттай алмайды, өйткені белгілі бір даму кезеңінле өздері ұйымдасқан үлгі – нұсқа көріністерін сырттай сақтап тұрғанымен /мысалы, салыстырсақ : асқар тау – биік тау/ мұндай есімді фразеологиялық тіркестердің құрамдарының тұрақтылығын сақтаған, қалыптасқан даяр құрылысқа жеткен. Құрамдары бір-біріне тәуелділікте де, барлық жағынан дайын, тұтас мағыналылығын қуаттай түседі. Тұтас мағынаның көрінісі сол – құрамның мүшелері негізінде туатын мағына. Сондықтан да фразеологиялық тіркестен көрінетін фразеологиялық мәнге ие сыңардың осы байлаулы мағынасы басқа бір сөздің мағынасымен тұрақты астарласып, тек сол сөздердің қатарында анық болады. Жеке сөздердің метафоралық, метонимиялық және т.б. мағыналарда қолданылуының фразеологиялық мәнге өтуі, келесі тіркесетін сөздермен тұрақты құрамын өзгертпей қалыптасып кетуі, фразеологиялық мағына тұтастығына өтуі фразеология процесімен тығыз байланысты.

Есімді фразеологиялық тіркестерге, әсіресе, сын есім компонентті фразеологизмдерге тән қасиет – тұрақтылық. Оларлдың құрамындағы сөз сыңарлар тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп қолданылады да, тілдегі көптеген сөздермен тізбектелуге икемсіз келеді. Оларға тән белгі – тұрақтылық пен мағына бірлігі. Олар семантикалық тұтастықтағы тұқлға ретінде қарым – атынас жасауда, сөйлеу процесінде жасалмай тілдің бұрыннан қалыптасқан даяр тұлғасы ретінде қолданылады. Сыңарлары бүтіннің бөлшектері ретінде бірлесе келіп, бір бүтін мағынаны білдіреді. Құрамдағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа мағынаны емес, барлығы жиналып келіп біртұтас, бір бүтін мағынаны білдіреді, мысылы: сұр жылан – жауыз, сұр бойдақ- үйленбеген, сары табан- көніккен. Сыңарлардың екеуі бірдей мағына жасайды дегенде, олардың мағыналарынан тікелей тіркестің біртұтас мағынасы туады деген сөз емес, сыңарлардың астарлы мағынасы мен ұштасып жатады, астарлы мағыналы сыңарлар бір бүтін мағынаның көрніуіне себепші болады, мысалы: аш қарын – аш өзек, сары дала – мидай жазық, дәмді пікір – ұнамды, құнды пікір, тар жол – қиындығы мол жол, теріс бата – жаман тілек т.б. бір мүшесі мағына жасаушы да, екіншісі экспресивті мәнді, мысалы: жуан сіңір, тұлдыр сөз, судай жорға т.б.

Фразеологиялық тіркестердің мағынасы тілдік өлшем болып табылады, өйткені ол /мағына/ белгілі тілдің семантикалық жүйесінде белгілі блады. Олар меншікті бекітілген және олардың обьктивті мән-мазмүны, міне осыдын оның құрамы, құрылымы және мағынасы да тұрақтылыққа ие, дайын қолданылуға өте икемді. Демек сын есімді фразеологизмдер белгілі бір ұғымның бірден-бір атауы емес, олар нуминативтік қызметпен қатар эмоционольды экспресивті қызмет атқарады.

Сөздердің өзара тіркесу қабілеті әр түрлі: кейбір сөз аз сөзбен, кейбір сөз көп сөзбен, кейбір сөз тек бір сөзбен тіркеседі. Мысалы, сын есім көбінесе зат есімдермен тіркеседі де, етістікпен сирек тіркеседі. Бірқата сөздер тобы тек фразеологиялық тіркес құрамында жұмсалады. Осы мағынасында олардың көмегімен басқа фразеологиялық тіркес жасауға болмайды. Мысалы, көк ми, сор маңдай, тоң мінез бұлар құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығын берік сөздерден құралады. Анықтауыштық қатынастағы сын есімдер мен зат есімдер тобы әр түрлі тоб ішінде кездесе береді. Олар мағыналы сөз тіркестері қызыл кеңірдек, құуыс кеуде, ұзын құлақ, жуан орта, қара байлау, арам тер т.б. Демек тіркесті құраушы сыңарлардың бүтін мағынада үлесінің жартылай да, толық та, болотыны сияқты бүтін мағынаға /мысалы: көк жұлын- жүдеу, көк бармақ- олақ, қара табан- кедей т.б./ қатыссыз мағынада қалып, тек оның құрамын ғана анықтайтын да тіркестер кездеседі. Мысалы, «жуан қоныш»- шаруа, сияқты тіркестің құрамын анықтап, сыңарлар сөздерініңбастапқы мағынасының дербестіктерінен айырылған, олардың арасындағы анықтауыштың қатынас та жойылған.

Бір фразеологиялық мағынаны білдіруде тек өзара тәуелді екі сыңар ғана қатысады: сары кідір – орта жасқа келген адам; кәрі тарлан – ысылған, әккі, яғни осы мағынаны білдіру үшін бір комлонеттің белгілі блуы.

Фразеологиялық тіркестің сыңарлары арасындағы байланыс фразеологиялану процесінде көмескіленіп, айналатын сияқты. Сыңарлар арасындағы грамматикалық байланыс бірте – бірте көнеріп көмескілене береді, мағынаның тәуелділік үстем бола береді мысалы, бір сөз бірнеше құрамда келіп, фразеологиялық мағына жасайды. /ақ сүйек – феодал, ақ саусақ – жұмысқа икемі жоқ, ақ тілек – жақын тілек, ақ жүрек - әділ ақ ниет – адал, ақ көз – надан, ала ауыз – ынтымақсыз, ашық ауыз – ауызына сөз тұрмайтын адам т.б.

Сонымен қатар, қайсыбір тұлғаның фразеологиялығы тек оның мағынасымен ғана анықталмайды. Екі сыңардың екеуі де бірдей мағына жасай береді /ақ ниет , үлкен шаңырақ /мағына жасауға сыңарлар тікелей болмаса да жанамалай қатысты болуы мүмкін немесе бүтіннің мағынасы құрамының мағынасының ішкі астарларының мәнімен жымдасып кетеді мүмкін, /тесік өкпе, ұсақ сөз, ала көз, ала ауыз, үсақ адам, ашық ауыз т.б. тәрізді сын есім компанентері фразеологизмдер номинативті немесе атаушы қызметпен қатар, эмоциональды және стилистикалық бояуы, обыразды мағынаға ие.

Демек фразологиялық мағынаның пайда болуына дәстүрлі тіршілік пен мәдени өмірдің әсері мол. Образға негізделген көрініс тіл арқылы жарыққа шыққанда, ондаған ұлттың қабылдау, қазақы дұниетанымен, ойлау ерекшеліктері бірден аңғарылады. Фразеологиялық мағынаға тірек, негіз болатын нәрсе –адамдардың күнделікті өмірінде көріп жұрген дүнйедегі заттар, айналадағы құбылыстар, содан туындайтын жағыдалар түрлі жағымды – жағымсыз әрекеттердің ықпалын әсер етіп отырады.


1.3 Есімді фразеалогиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылқтары.

Тілде идиомалар, фразалар, мақал – мателдер, номатты орамдар және авторлардың афоримзмдер, күрделі сөздердің тобы өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Мұндай орамдар адамдардың ой – сезімін ара қатынасын, танымын білдіреді. Дайын қолданылатын мұндай тұрақты түрде кездесе беретін орамдардың бәрі бірдей фразеологиялық тіркестерге шектес единицалардың көпшілігі күрделі сөдер: сасық күзен, сарыбауыр, соқыр ішек, еркін шнтакшстік тіркестері: ақ аю, ақ бидай, асау ат, ашық жиналыс, қызыл көйлек, жылы бөлме, бұйра шаш т.б. болады.

Күрделі сөдер түбір мен түбірдің /немесе түбір мен негіздің, я негіз бен негіздің /бірігуінен қосарлануынан, немесе тіркесінен құралады. Мысалы сары май, кәрі жілік, боз торғай, ала қарға т.б. кұрделі сөздердің түрі түбір мен түбірдің /сары және май, кәрі және жілік/тіркесуінен жасалған күрделі сөз бен фразеалогиялық тіркестердің жігін ажырату қиындығы көптеген тілдерге қатысты мәселе екі сыңардан тұратын бір ғана мағынаға ие дайын тіркестер есімді фразеологиялық тіркестерді тіркесіп жасалған қүрделі сөздерден айыру өте қыйын өйткені тек жазыу ережелері бойынша жоғарыда аталған күрделі сөздердің топтарын сөздіктерде де, оқулықтарда да әр түрлі берілген, фразеологиялық тіркестермен араластырлған күрделі сөздердің біріктіріліп немесе сыңарларының ажыратылып жазылуы да біркелкі емес.

Күрделі сөздерде сөйлеу процесінде жасалмады әуелден бар, қалыптасқан сөздер ретінде жұмсалады. Бір ғана ұғымның атауын, яғни мағыналық бірлігі сөйлемде бір ғана мүше болатындығы құрамы мен құрлымының тұрақтылығын және т.б. белгілерімен кұрделі сөздер фразеологиялық тіркестермен, соның ішінде есімді фразеологиялық тіркестермен, ұқсас жақтары мен жақын келіп араластырылғанымен күрделі сөздерге тән айырықша белгілер оларды есімді тұтастығы және фразеологиялық тіркестерден түпкілікті ажыратады әр тілдің өзіндік даму заңдылқтары бар. Даму кезеңдерінде сөздердің тіркесіп келуінен жасалған сөз тіркестерінің сыңарларын дыбыстық та, мағыналық та өзгерістерге ұшырап, оның нәтижесінде бөлшектенбейтін бүтін сөзге айналуы мүмкін. Олар сөйлеу процесінде жасалмай, қалыптасқан, даяр сөздерге айналады ал сыңарлаының мағыналық дербестік тен айрылуы себепті. Күрделі сөздер семантикалық тұтастыққа жеткен, сыңарлар бүтінің бөлшектері ретінде бірлесе келіп бір бүтін мағына жасайды. Осыған орай күрделі сөздер тұрақтысымен бір ғана ұғымның атауы. Қара жүрек /өсімдік/, дәуқабақ /өсімдік/, қарақұйрық/ ақ/, ащы ішек, суық торғай т.б. құрылымдық топтар номинативті немесе атауын қызмет атқарып бір атау ретінде қолданылады кұрделі сөздерде эмоциялық бояу да эксперсивті қызмет те жоқ. Күрделі сөздер термин сөздерге жақын. Яғни терминдер ретінде белгілі ал терминдер келтірінді, образды мағынада, эмоциональды – эксперессивті қызметте қолданылмайды, таза наминативті қызмет дара мағыналылық – терминдерге тән ең басты қасиет. Кәдімгі тұрақты тіркестер күрделі сөздерге таза номинативті қызметімен сәйкес тұрақты тіркестердің бәрі бірдей фразеологиялық тіркес емес.

Құрылыстың сыңарларының арасындағы ішкі синтаксистік қатынас /анықтаушы және анықталушы/жойылғанымен, күрделі атаудың өзіндің шыққан тегі – сөз тіркесімен сырттай ұқсастығы әр қашан сақталады есімді фразеологиялық тіркестерге ұқсастығы міне осыдан көрінеді. Күрделі сөздердің әрбір сыңары жеке қолданылғанда білдіретін мағынасынан, мағыналық дербестігінен айырылып қалптасуы немесе бір сыңарының жетекші қызмет атқаруы, екінші сыңарының дербестіктен айырылып, келесі сөзге мүше қызметне өтуімен қалыптасуы, немесе әрбір сөз өз алдына дербес ұғмды білдіру мүмкіндігінен айырылып бір ғана ұғымға өтіуі синтаксистік жақтан мүшеленбеуі – оның семотикалық жақтан да бөлшектенбеуіне, тұтас бір лексикалық единица қызметіне өтуіне байлансты жалпы алғанда сөздердің табиғаты өте күрделі де, оның мағыналық дербестіктен айрылуы, басқа категорияға өтіп кетіуі, бірнеше қызмет атқаруға икемділгінен, бір сөз табын категориясының қызметіндегі қасиеттерін қайсыбір сөздермен кеміп сақтамауынан мысалы: боз – сын есім, ал «боз торғай» күрделі сөздердің құрамында сын есім бола алмайды.

Күрделі сөздердің өзі шығу тегі, жасалу жолы жағынан бір сөз тіркесіне барып тіркеледі, егер күрделі сөз кемінде екі сөздің тіркесі түрінде басқа, олардың бір тұтас сөзге айналу процессі немен байлансты.

Сөз тіркесінің лексикалану процесінің нәтижесі лексикалық тұлғаларды береді яғни күрделі сөздер лексикалану процесінің желісі лексикалану процесі өте өнімді амал. Мысалы, сөз тіркестері сөз сияқты тілде номинативті қызмет атқарады. Сондықтанда олар ұғымдары атауға сөз жеткіліксіз болған жағдайда онымен тең қолданыла береді. Бүл амал сөз тудыру процесінің түсіндірме жолы немесе синтаксистік түрі алғашында сөз тіркестерімен аталып уақыт озған сайын сыңарларының анықтағыш және анықталғыш қызметінен /сарыбақ, қара торғайт.б. айрылып, бүтіндей сөз тіркестерімен лексикаланған осының нәтижесінде күрделі сөз жасалған /18, 26-28/ күрделі сөдер сөз тіркесінің лексикалануы процесін басынан өткізуі нәтижесінде тууымен қатар, тілде бұрыннан бар күрделі сөздердің үлгісімен де жасала береді.

Қазақ тілі әсіресе табиғи байлықтар, ауыл шаруашылғына, соның ішінде мал шаруашылғына байланысты сөздерге бай сөзді өмір шындығы туғызады өмір шындығынан туған сөзді халық мәпелеп өсіріп, байытып отырады. Сөздердің бірігіп кірігіп жасалуы тіл заңына бағынып түрады,ол обьективтік заң бірақ тілімізде біріккен кіріккен, құрама т.б. сөздердің бәрі бірдей жүйелі жазу принциптеріне ие бола алмағандығы себепті әртүрі формада қалыптасып кеткен, яғни әркім әртүрлі қолданады, әртүрлі жазады. Бір тектес құбылстардың, бір сөздердің әртүрлі жазылуы бір-біріне қарама-қарсы келуі, бір-бірне ешбір айырмашылығы жоқ сөздердің сан-саққа жүгіруі, бірінің тұрақты тіркес делініп біреуінің күрделі сөз делініп, енді біреуінің тіркес деп беріліп қалыптасуында ешқандай сүйенетін принцип жоқ. Тілдік түлғалардың аралсуының себептерінің бірі сөздердің бірігіп және бөлек жазылуында жатыр. Мысалы: бір түсінікті білдіретін күрделі сөздердің ең үлкен тобын құрайтындары бөлек жазылып жүрген: көк жөтел, көк кептер, ала шағыр, суық торғай және т.б. тәрізді күрделі сөдер. Сондай-ақ күрделі сөздер: кәріқыз, кәрі жілік, алаөкпе, алабас, ала шағыр, көк бауыр, көк бас, көк серке, көктайлақ, қаражүрек, қаратамыр, қарақас, сары тоқаш, сарыбас, сарыбауыр, сары күшік/өсімдік аттары/ сарысу, сарыбуын, ақшелек, көкжөтел, сарытамақ деген көптеген күрделі сөздердің құрлымындағы сыңарлар дербестіктерінен айырылып, күрделі сөздің бір бөлшегі ретінде танылған. Бұлар сияқты қүрделі – құрама сөздердің таптарын тілде өте көп.

Тілде сөз тіркесі сөздер сияқты атаулық қызмет атқаратындық қасиетіне байлансты, заттар мен ұғымдарға ат беріп оларды сөздермен қатар қолдана береміз осы негізде туған күрделі атаулардың барлығы бірей сөдердің жәй сынтаксистік тіркесі емесолардың қайсыбірі өзара синтаксистік қатынастарын жоғалтқан, мағынасы жағынан грамматикалық қызметі жағынан тұтас бір бүтін единца ретінде қалптасқан /күрделі сөздер / күрделі сөз – сөз тіркесін өзінің басқа сөздермен жай дара сөз ретінде қатынаста болуы жағынан ажыратылады яғни жәй сөз сияқты қызмет атқарады, мысалы: көк бауыр, қызыл таңдай т.б. күрделі сөздің анықтамасына ие болады да, оны құраушы жеке сыңарлардың анықтамасынан алшақ кетеді. Кейбір күрделі сөздердің сыңарларын мағынасын сақтайды ал кейбіреулерінің сыңарларын мағынасын сақтамайды сыңарларының мағынасын сақтағанмен де сақтамағанмен де және мағынасынан айрылып, дербестігін жойғанмен де күрделі сөз түтастай бір заттың, не құбылстың атауы күйінде қалады.

Заттар мен құбылыстар атауы тілде былай тұрған кезде, оларға тән ерекше көзге түсетін ерекше сезімтал белгісі негізінде аталады мысалы: қара торғай, боз торғай – түр – түсіне байлансты ит қонақ, ит мұрын, ит тікен, - итке ұқсас, иттің қасиеттеріне сай келетін белгілеріне қарай т.б. қызметі, ұқсастығы, белгісі, түр-түсі, қасиеті, ерекше белгілері, бір түрінен екінші түрін айыру мақсатында т.б. тіркестірлген құрылстар мұндай тіркестер алғашқы анықтауыш және анықталғыш қызметтерінен айырлған да, күрделі сөзге айналған.

Күрделі сөздердің құрлымындағы компоненттер бірін-бірі не анықтай, не толықтай, не пысықтай алмайды, ал компоненттер, тарихы жағынан тіркесіу жүйесі мен орналасу ретінде болсын, саны жөнінен болсын, тиісті тіркестермен құрамдас болғанымен, біртұтас лексика – морфологиялық тұлға ретінде құрамын, сөйлемде де, еркін тіркестерде бір күрделі мүше, есебінде қызмет атқарады қүрделі сөздердің компоненттері не айналып, оны құраушы сыңарлар өздерінің дербес семантикалық көп қырлылығын және граммтикалық дербестігін жоғалтады. Олар өзне тән мағына, өзіне тән сынтақсистік қызметімен сипаттамаларын жаңа сөздің /күрделі сөздің/ құрамында тұрып, сөз тудыррушы негіздің бір бөлігі ғана қызметін атқарады. Кезкелген күрделі сөзде құрамды лексикалық негіз болады да, ол негізінде екі түбір болады, бірақ күрделі сөздің мағынасы құраушы сөздердің мағыналарынан барлық уақытта туа бермейді мысалы: құраушы сыңарлардың мағыналарынан келіп туған мағына мына күрделі сөздерде жоқ: бақабасбақа – бас, кемпірауыз – кемпір – ауыз, бұзаубақ, кемпірқосақ т.б. осылардың қай-қайсысы болса да күрделі сөздер деп танылуы керек. Себебі бұлардың әрқайсысы, біріншіден, тұтас бір ұғымды білдіреді, екіншіден, құрамындағы сөз сыңарлары үнемі семантикалық бірлікте жұмсалып, қызыметі жағынан бөлшектенбей, үшіншіден, ол сыңарлар ырғақ тұрғысынан да бір ұдай болып, өзара ыңғайласа құрылып отырады.

Күрделі сөздер мен есімді фразеологиялық тіркестердің ұқсас жақтарының көптігіне қарамастан семантикалық, грамматиакалық және стилистикалық, тіпті функциональдық қызыметтері жағынан әртүрлі тұлғлар. Күрделі сөздің лексикалық және грамматикалық белгілері негізінде , күрделі сөздердің синтаксистік сөз тіркесінен және фразеологиялық сөз тіркестерінен ажырату, фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздердің /ұқсастықтарынан/ қарамастан оларды көпшілік жағдайда ажырату мүмкін. Сын есім копонентті фразеологизмдерді босқа м тіркестерге қарағанда күрделі сөздерден айыру өте қыйын.

Есімді фразеологиялық тіркестер құрамындағы сыңарлардың арасындағы тәуелді байланста әр түрлі дәрежеде көрінеді. Екі сыңар бірін – бірі керек етеді, өзара тәуелділік, яғни бір – бірінсіз фразеологиялық мағына тудыруға икемсіз /сары табан, көк тұқым, ұзын құлақ, тесік өкпе, көк бақа, сары ауыз, қуыс кеуде т.б./. Бірсыңардың астарлы туынды мағынада келіп, фразеологиялық бүтін мағына жасауда белгілі бір тура мағынадағы сыңармен өзара тәуелді байланысы: сары бай, қысыр сөз, арам ой т.б.

Негізінен есімді фразеологиялық тіркестерге өте ұқсас күрделі сөздер: көкбозат, көк дәрі, көк сағыз, қара-құйрық, көксау, қара өкпк, көк баур, көк кекіре, қара күйе, қызыл арша, кәрә жілік, ақ шолақ, ақселеу, ащшы ішек, сасық күзен т.б. ажыратыла тұлғанану төлшемінің көрсеткіштерінің белгілері болмаған жағдайда басқа көмекші өлшемденр қажет. Мысалы: қоңыр дауыс, қоңыр үн, аш қары, аш өзек т.б. тілде бар тілдің қазіргі даму кезеңінде жаңа сөз жасаудың бірден – бір өнімді - өнімсіз амалының үлгісімен жасалмайтын есімді фразеологиялық тіркестер: арам ой, арам пиғыл, көк өрім, тесік өкпе, қара таяқ, көк түйнек т.б. мағына тұтастығы әр түрлі құрамындағы сыңарлары бірдей немесе бір – бірімен «семантикасы» тұрғысына сай болғанымен /мысалы: арам ой, арам питғыл/, бұл өз алдына дербес фразеологиялық тіркес те, олардың әр қайсысына меншікті семантикалық /мейлі ол мағына сыңарлар мағынасына өте сәйкес болсын/ тән.

Күрделі сөздердің топтары мен есімді фразеологиялық тіркестердің тууына негіз болған, уақыт оза келе, мысалы: сасық күзен, көксау, ақбайпақ сияқты топтар тікелей атау қызметіне өтіп, тілдік тұлғаның белгілі бір категориясына, күрделі сөз категориясына өткен ал бастапқа бір даму сатысында олардың бойында астарлы атау болғаны хақ.

Қазір мұндай күрделі сөздерге жарыса қолданылатын сөз немесе күрделі сөз де жоқ. Ал есімді фразеологиялық тіркес мағынасын толық беретін сөздер кездесіп отырады. Аталған күрделі сөздер тобы номинативті атау қызметімен белгілі. Олардың астарлық қызметі жойылған.

Есімді фразеологиялық тіркестің мағынасын, оның құрлымы мен осы құрлымның қызметі анық береді. Астарлы, образды мағына есімді фразеологиялық тіркестің құрамымен тікелей немесе жанамалай байланыста туады, мысалы: жуан жұдырық - өктем, ез адам – мылжың, көк шандыр – арық т.б. номинативтік мәнімен қатар эмоциональды және стилистикалық бояуы, образдылық қасиет пен эспрессивті қызмет те бар. Есімді фразеологиялық тіркестердің фразеологиялық бітұтас мағынасы сыңардың немесе сыңарлардың тура мағынасынан емес, керәісінше туынды ауыспалы мағынасынан туады, тұтасмағына осы құрамдағы сөздердің біреуінің немесе тұтас құрамның фразеологиялық сипат алуы негізінде фразеологиялық тіркес болып дайын қалыптасады.

Күрделі сөздер тұтасымен бір ғана ұғымның атауы – бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады. Күрделі сөздер, мысалы: көксары, қара торғай, қара сасыр т.б. наминативті немесе атаушы қызымет атқарады, бұлрдың әрқайсысы бір – бір атау ретінде қолданылады. Яғни күрделі сөздер заттың атауы ретінде тек қана номинативті қызмет атқарады. Есімді фразеологиялық тіркес заттың тікелей атауы еммес.

Күрделі сөздер, белгілі бір сөз табына қатысты болады да, сол сөз табына қатысты грамматикалық категорияларға толық өзгеріп түрленеді. Ал есімді фразеологиялық тіркестер белгілі бір сөз табына тисті қасиеттер мен ерекшеліктерді толық түрде қабылдай алуы мүмкін. Мысалы: тесік өкпе, көк тұқыл, қара жүрек, су жүрек, көк ми, көк долы., сары табан т.б. сын есім категориясына қатысты сын есімдерге арақатысты болып, осы сын есімдерге /ұшқалақ, бейнеқор, қорқақ, мисыз, долы, көніккен/ тән шырай формаларын қабылдайды. /19,75/

Есімді фразеологиялық тіркестердің бәрі бірдей тек бір ғана сөз табына қатысты болмайды, сондықтанда белгілі бірт категорияға сай толық өзгеріп түрлену есімді фразеологиялық тіркестің бәріне бірдей тән қасиет емес.

Есімді фразеологиялық тіркестің сөйлеу процесіндегі басты қызыметінің бірі жеке сөздер сөз орамдары бере алмайтын көркемдік, оброздылық, экспрессивтілік мағына арқылы ойды жеткізу.

Күрделі сөздерде, есімді фразеологиялық тіркестерде полисемиялық қасиетіне ие емес, есімді фразеологиялық тіркестің ішінде көп мағына беретіндері өте аз.

Есімді фразеологиялық тіркестер өзара бір – бірімен синонимдес болып келеді, жеке сөздер мен мағыналас болып, синонимдік қатар құрумен бірге, өзара да түзе береді. Семантиаклық, синонимдік қатар құрайтын есімді фразеологиялық тіркестер, олардың бәріне қатысты жалбы мағынасымен айырылады: ақ тілек – ізгі ниет; сары табан – көк тұқыл; сүр жылан – сум адам; ұзын құлақ – сыпсың сөз; қара кемік – көк шандыр; қара таяқ – қара жаяу; көк ми – су ми; сары дала – мидай дала т.б. күрделі сөздер өзара синонимдік қатар түзе алмайды. Мысалы: ашамай сүйек – сүйек деген жалпы атау да синонимдік сөз бола алмайды, боз торғай – торған түрінде синоним болғанымен тұп – тура «боз торғай» емес, ит емген, қап тесер т.б. тілде бұларға мәндес келетін дара сөздер /синонимдер/ басқаша атаулар жоқ, күрделі сөзде жоқ. Есімді фразеологиялық тіркестер – синонмидер – дербес, өз алдына фразеологиялық тіркестер, өзіне тән құрам, құрлым мен обфыразды мағынад0ағы, бір – бірімен тек жалпы мағыналарына сай келетін фразеологиялық тіркестер.

Есімді фразеологиялық тіркесте – антонимдер де дербес фразеологиялық тіркестер. Мұнда антоним болатын тұлғалар әртүрлі тұлғалар. Синонимдес есімді фразеологиялық тіркестер әр басқа ұғымды емес, бір ұғымды әртүрлі жақтан белгілесе, есімді фразеологиялық тіркестер – антонимдер көбінесе сапалық ұғымды білдіреді немесе сапалық белгісі бар тұлғалар. Бұлардың кез – келгені синоним бола бермейді. Есімді фразеологиялық тіркестердің көпшілігі есім сөздерге мағыналастыға жағынан /көк ми - мисыз/ антонимдік қатар құрайды: ақ ниет – қараниет; тесік өкпе /бейнет қор/-ас ішіп аяқ босатар /арам тамақ/, қара таяқ /кедей/-сасыған бай/бай/; жуан сіңір – құр сүлдер; таза арық – жардай семіз т.б.

Заттың атауы болып табылатын күрделі сөздерге өзара антонимдік қатар жасау тән есмес. Белгіленетін заттың бірден – бір атауы – күрделі сөздер: көк жөтел, көк кептер, сары бауыр т.б. өзара антонимдік қатар түзей алмайды.

Көп қиындықтан құтылудуң, яғни фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздерді бір – бірімен ажырату қыйындықтарынан құтылудың бір амалы жазу ережелерін жүеге келтіру болып табылады. Алайда орфография құрылыстарды ажырату белгісінің бірі бола алмайды. Дегенмен екі сөзден құралған кісі аттары, географиялық атаулар, т.б. ғылым салаларына қатысты, өсімдік, құрт – құмырсқа т.б. аттары бірігіп жазылуға өте икемді. Мысалы: көк дәрі, көк сағыз, көк серке, қара өкпе, қарабұға, сары бауыр, т.б. құрамдағы күрделі сөздерден ешбір айырмасы жоқ көптеген біртектес заттардың аты басқаша көрініске ие болады. Мысалы: боз торғай, боз қырау, көк бауыр, алал қарға, көп кекіре, ақ тікен т.б.

Есімді фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздердің шыққан тегі – сөз тіркестері. Тілдің даму барысанда әр түрлі процестердің: лексикалану, грамматикалану, фразеологиялану процестері әсерінен тұрақты құрлыстардың әр тобына өтуі болып отырады. Есімді сөз тіркестері семантикалық та, морфологиялық та, синтаксистік те жағынан тұтасып бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөз жасалады, есімді фразеологиялық тіркестер фразеологизация процесінің жемісі.

Күрделі сөздер семантикалық тұрақтылығынан есімді фразеологиялық тіркестің мағына тұтастығы астарлығымен, тұрақты астарлы мағынасымен қосылады ажыратылады. Белгілі бір даму процесінде есімді фразеологиялық тіркестер мен күрделі сөздер үлгі бойынша қалыптасқан бірақ қазіргі кезеңде есімді фразеологиялық тіркес үлгісімен жаңа есімді фразеологиялық тіркес жасалмайды, олар дайын күйінде белгілі, ал күрделі сөздер үлгісімен жаңа күрделі сөздер тобы жасала береді.



Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет