1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары



жүктеу 275.67 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі275.67 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

1.  Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары

1. Субсидиялануға тиіс бағыттар:

1) тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуы;

2) етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар;

3) тауар өндірушілердің тұқымдық бұқалардың бағаланған ұрығын сатып алуы және эмбриондарды трасплантациялау;

4) жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

5) тауар өндірушілер ата-енелік, ата-тектік нысандағы табынды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алуы;

6) тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан асыл тұқымды төлді сатып алуы;

7) республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтарды, асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алуы; республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығының асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуы, ұрығын алуы, сақтауы, өндірушілердің сапасы бойынша ұрығын бағалауы, ұрпағының сапасы бойынша ұрығын бағалауы, эмбриондар алуы, сақтауы және пайдалануы;

8) асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және тренингі, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау;

9) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандыру репродукторында асыл тұқымды құс сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу.

3. Әрбір бағытқа арналған субсидия нормативі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

 

2. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

4. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялануға тиіс нақты көлемдеріне өтінімдер ұсынады.

5. Өтінімге осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарды растайтын құжаттар қоса беріледі.

6. Тауар өндіруші қосымша банктен банктік шотының бар болуы туралы анықтаманы қоса береді.

7. Растаушы құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырып тексерілгеннен кейін субсидия алушыға қайтарылады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға  арналған субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

 

1. Тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды ірі қара мал төлінің құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері



Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті тұқымдар

Сүтті тұқымдар

Бұқалар

Қашарлар және құнажындар

Қашарлар және құнажындар

отандық селекциялар

118 000

118 000

118 000

шетелден әкелінген:

 

 

 

Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері

235 000

235 000

235 000

Еуропа елдері

154 000

154 000

154 000

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина

0

0

118 000

2. Етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға байланысты тауар өндiрушiлерге селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындарының құнын (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

 Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар

нормативтері, теңге



Етті тұқымды сиырлар және құнажындар

14 000

Сүтті тұқымды сиырлар және құнажындар

14 000


3. Тауар өндірушілер сатып алған бағаланған тұқымды бұқалар ұрығы және эмбрионды телу құнын ішінара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Асыл тұқымды материал түрі

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Эмбрион

дана

18 000

Тұқымдық бұқалар ұрығы, оның ішінде:

 

 

қос жынысты ұрық (отандық)

доза

600

импорттық ұрық

доза

1 100

бір жынысты ұрық

доза

3 300

4. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы аналық ірі қара мал басынан қалыптастырылған жалпы табында шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (50 % артық емес) өтеу бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Асыл тұқымды өнім түрі

1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті бағыттағы тұқымдық бұқалар

104 000

5. Тауар өндiрушiлер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан немесе асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлiнiң құнын iшiнара (50 % артық емес) арзандату бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с



Асыл тұқымды малдардың түрлері мен тұқымдары

1 басқа басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Қойлар

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

8 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

 


2.

Қазақтың арқар мериносы

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

4.

Солтүстік қазақ мериносы

5.

Австралия мериносы

6.

Цигай қойы

7.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

8.

Дегерес етті-жүнді қойы

9.

Еділбай қойы

10.

Қазақтың ұяң жүнді немесе қылшық жүнді құйрықты қойы

11.

Сарыарқа құйрықты қойы

12.

Гиссар қойы

13.

Қаракөл қойы

Жылқылар

1.

Қазақтың жабы жылқысы

40 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

 


2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы

4.

Қазақтың адай жылқысы

Шошқалар

1.

Ірі ақ шошқа

15 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

 


2.

Немістің асыл тұқымды шошқасы

3.

Дюрок

4.

Ландрас

Түйелер

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

37 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

2.

Аруана

Маралдар (бұғылар)

1.

Маралдар

30 000 теңге, бірақ сатып алу құнының 50 % артық емес

2.

Бұғылар

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларына

2-қосымша

Мал шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер

Р/с №

Субсидиялау бағыттары

Талаптар

1.

Тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін сатып алуы

 


1. Сатып алатын асыл тұқымды төлдің жасы оларды карантинге қойған уақытта: қашарлар - 18 айдан, құнажындар және бұқалар - 26 айдан аспауы тиіс.

2. Сатып алған асыл тұқымды төлге тиісті тұқымдар бойынша Республикалық палаталар берген асыл тұқымды мал куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі.

3. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі.

4. Лизинг/сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі. Лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге арналған өтінім (лизинг шарты негізінде асыл тұқымды төлді сатып алған жағдайда).

5. Төлем құжаттарының түпнұсқалар және көшірмелері - кiрiс-кассалық ордер немесе шарт бойынша 100% төленгенін растайтын банктiң төлем тапсырмасы.

6. Асыл тұқымды төлді кіріске алу актісінің түпнұсқалары және көшірмелері (немесе тауар өндірушідегі карантиннен шешу актісі).

7. Сатып алынған аналық мал басын өз төлінен өсіру мақсатында кемінде 2 жыл пайдалану туралы жазбаша міндеттемелер (тұқымдық бұқалар үшін - кемінде 2 шағылыстыру маусымы).

8. Шағылыстыру контингентін бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруды пайдалану және/немесе қолдан ұрықтандыруда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша (етті ірі қара мал шаруашылығында); шағылыстыру контингентін өз өнімділігі бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% жасанды ұрықтандыруды пайдалану бойынша міндеттеме (сүтті ірі қара мал шаруашылығында).

Асыл тұқымды мал басын ұстайтын шаруашылықтар үшін қосымша:

9. Тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы келісімінің болуы;

Асыл тұқымды төлді шетелден сатып алған кезде қосымша:

10. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ДНК - паспортының түпнұсқасы және көшірмесі.

11.Асыл тұқымды ірі қара малды және одан алынған төлді өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында 3 жыл ішінде пайдалану туралы жазбаша міндеттеменің болуы


2.

Етті және сүтті тұқымды аналық ірі қара мал басының сапалық құрамын жақсартуға бағытталған селекциялық асылдандыру жұмыстары

1. Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және олардың сәйкестендіру жүйесінде тіркелуі

2. Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы

3. Асыл тұқымды мал басын өсіретін шаруашылықтарға:

1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе Республикалық палата ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы шартының түпнұсқасы және көшірмесі.

2) өзінің өнімділігі бойынша қолдан ұрықтандыру кезінде және ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды қолдану бойынша (етті мал шаруашылығында); ұрпағының сапасы бойынша сыналған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % аналық мал басын қолдан ұрықтандыру (сүтті мал шаруашылығында) бойынша жазбаша міндеттемесі.

Тұқымдық түрлендіруге қатысатын тауарлы табын үшін:

- зоотехникалық талаптарға сәйкес асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы оларды өз төлін өсіру үшін пайдалану және ротациялау (30 бас аналық мал басына 1 бұқадан кем болмауы, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)


3

Тауар өндірушілердің тұқымдық бұқалардың бағаланған ұрықтарын сатып алуы және эмбрион телуі

1. Малдардың белгіленген үлгідегі сәйкестендіру нөмірінің болуы және оларды АЖС-ға тіркеу

2. Асыл тұқымды мал басының АСЖ-де болуы

3.Өнімге берілген асыл тұқымды куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі (тұқымдық-бұқалардың ұрығы, эмбриондар)

4.Ветеринарлық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі

5.Тұқымдық бұқалардың ұрығын эмбриондарды телуде қолдану туралы акті.

6.Төлді әкелу туралы акт/ төлдеу журналына тіркеу және алынған төлді өсіру

7. Алынған төлді АСЖ-да және АЖС-да тіркеу


4

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған, жалпы табынды шағылыстыруға пайдаланатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

1.Етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаның асыл тұқымды куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі

2.Асыл тұқымды тұқымдық бұқаның ветеринариялық сертификатының түпнұсқасы және көшірмесі

3.Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан құралған жалпы табында - осы бекітілген асыл тұқымды бұқаларды бекіту және пайдалану бойынша елді мекен тұрғындарының тиісті ауылдық округ әкімі растаған жиналыс шешімі.

4.Зоотехникалық нормативтерге сәйкес асыл тұқымды бұқалардың болуы оларды пайдалану және алмастыру (30 бас шағылыстыру контингентіне 1 бұқадан кем болмау, бұқаны қатарынан 2 шағылыстыру кезеңінен артық пайдаланбау)



5

Тауар өндірушілердің отандық асыл тұқымды зауыттардан немесе асыл тұқымды шаруашылықтардан отандық бағыттағы асыл тұқымды жас төлді сатып алуы.

1. Сатып алынатын асыл тұқымды төлдің жасы шарт жасасқан кезде мынадан аспауы тиіс:

1) қойлар: тұсақтар - 18 айға дейін; қошқарлар - 18 айға дейін.

2) жылқылар: байталдар - 3 жасқа дейін;

сәуріктер - 5 жасқа дейін.

3) түйелер: ұрғашылар - 3 жасқа дейін; еркектер - 5 жасқа дейін.

4) шошқалар: ұрғашылар - 12 айға дейін;

 еркектер - 14 айға дейін.

 5) маралдар: ұрғашылар - 18 айға дейін,

 еркектер - 24 айға дейін.

2. Сатып алынған асыл тұқымды төлге берілген асыл тұқымды куәліктің көшірмесі және түпнұсқасы.

3. Ветеринариялық сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі

4. Сатып алу-сату/лизинг шартының болуы. Лизинг шарты бойынша лизинг берушінің деректемелері көрсетілген негізгі берешек бойынша субсидияларды төлеуге мәлімдеме (тек қана лизинг шарты негізінде асыл тұқымды жас малды сатып алған жағдайда);

5. Төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс кассалық ордері немесе шартты 100%-дық өтеуді дәлелдейтін банктің төлем тапсырмасы

6. Асыл тұқымды жас төлді кіріске алу актісі (немесе тауар өндірушілердің карантинді алып тастау актісі)

7. Алынған асыл тұқымды аналық мал басын табынды өз тайын өсіру мақсатында 2 жылдан кем емес уақыт колдануы жөніндегі жазбаша міндеттемесі (бұқаларға - 2 шағылыстыру маусымынан кем емес)



2.  Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары

1. Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi - маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандату, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi - биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеу;

2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi - сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi - азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандату.

3. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограммына, 1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес белгiленедi.

4. Әрбір бағытқа және өңірлер бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

4. Субсидиялар алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

5. Тауар өндірушілер бөлімге осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге өтінімдер ұсынады.

6. Тауар өндірушілер іс жүзінде өткізілген өнім үшін субсидиялар алу үшін өтінімдермен бірге бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өнімнің сатылғанын және сатып алушының өнімді 100% төлеуін жөніндегі растайтын құжаттардың көшірмелері: шарт, шот-фактура, кіріс-кассалық ордер немесе банкінің төлем тапсырмасы;

2) сиыр етін сатқан кезде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қорынан сатылған немесе сойылған малдардың тіркеуден шығарылғаны туралы үзінді көшірме;

3) тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорындар қызметтерін пайдаланған кезде малдарды сою және бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт, шот -фактура, төлем құжаты);

4) өнімді сатуға арналған тауар-көліктік жүк құжаттар тізілімі, өнімді жеке меншік қайта өңдеу кәсіпорындарына немесе өңдеуге берген жағдайда өнімнің жүк құжат көшірмелері.

7. Тауар өндірушілер азық құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар алу үшін бөлімге:

1) селекциялық және асыл тұқымды жұмыстың бірыңғай ақпараттық базасынан үзінді көшірмені;

2) заңды тұлғалар нысанындағы тауар өндірушілер үшін 24 а.ш. статистикалық есептілік нысанынан - есеп көшірмесін немесе үзінді көшірмені, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін - сиыр басы санын растау үшін шаруашылық кітабынан үзінді көшірме ұсынады.

8. Тауар өндіруші банктен банк шотының болуы туралы анықтаманы қосымша қоса береді.

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 1-қосымша



1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с



Өнiмнiң түрi

Меншікті өндірісінің өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

1.

Сиыр етi - I деңгей

220

2.

Сиыр етi - II деңгей

170

3.

Сиыр етi - III деңгей

120

4.

Қой етi

100

5.

Жылқы етi

92

6.

Шошқа еті - I деңгей

98

7.

Шошқа еті - II деңгей

60

8.

Құс етi - I деңгей

70

9.

Құс етi - II деңгей

66

10.

Құс етi - III деңгей

50

11.

Күрке тауық етi

105

12.

Жұмыртқа - I деңгей

3,0

13.

Жұмыртқа - II деңгей

2,6

14.

Жұмыртқа - III деңгей

2

15.

Сүт - I деңгей

25

16.

Сүт - II деңгей

15

17.

Сүт - III деңгей

10

18.

Қымыз

60

19.

Шұбат

55

20.

Жүн (биязы)

130

2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi

Р/с №

Өнiмнiң түрi

Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге

21.

Iрi қара мал

4500

Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

1

 Сиыр етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:



(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

 бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас iрi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:

 малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

 бетон жиектi азық беруге арналған науалар;

 сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;

 фекалдық масса мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсi бар дренаждық жүйе;

азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;

 бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;

ветеринариялық пункттiң болуы.



 Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:

 малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

 бетон жиектi азық беруге арналған науа;

 сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;

азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық қоймасының болуы;

 бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;

 ветеринариялық пункттiң болуы.


 Бордақыланған ірі қара малдың соңғы 12 айда сатылған саны кемінде 400 басты құрады.

 Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:

 малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

 суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;

 азық дайындау техникасының болуы;

 жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;



2)

ірi қара (союға өткiзiлетiн) малдың тiрiдей салмағы кем емес:

 

450 кг*

420 кг*

400 кг*

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4)

малдардың бірдейлендіру нөмiрлерiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру дерекқорында тiркеуiнiң болуы

2

Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға саулықтардың (2 жастан ересек) басының болуы 600-ден кем емес

2)

қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы

3)

қойдың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы 42 кг кем емес*

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

3

Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға биенiң (3 жастан ересек) болуы 75 бастан кем емес

2)

жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4

Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

 

(1-деңгей)

(2-деңгей)

 

1)

бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 3000-нан кем емес

Бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 1000-нан кем емес

 

2)

мыналардың:

 шошқа басының (мал басын толықтыратын төл және аналық мегежін);

 өндіріс алаңдарын автоматтандырудың (азық тарату, суару және микроклимат желісі);

 мал соятын цехының;

 құрама жем цехының;

 таразы құрылғысының болуы.



Мыналардың:

мал соятын цехының;



таразы құрылғысының болуы.

 

3)

шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзілетін) 100 кг кем емес*

 

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

 

5

Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

 

(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы немесе негізгі жабдығы бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.

 

 

2)

өндiрiстiң жылдық көлемi кем емес:

 

15 000 тоннадан

8000 тоннадан

1 500 тоннадан

3)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

4)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5)

құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6

Күрке тауық етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдықтары бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.

2)

өндiрiстiң жылдық көлемi 3 000 тоннадан кем емес

3)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы

4)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

5)

құс сою желісінің болуы (сою цехы)

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

7

Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге:

 

(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

2007 жылдан бастап пайдалануға берілген құс фабрикасы немесе негізгі жабдық бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы

 

 

2)

жұмыртқаны сұрыптауға, белгілеуге және салуға арналған автоматты машинаның болуы

 

 

3)

тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi кем емес

 

100 млн. данадан *****

40 млн. данадан *****

20 млн. данадан *****

4)

жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.

5)

аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

8

Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

 

(1-деңгей)

(2-деңгей)

(3-деңгей)

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы:

 

400-ден кем емес

400-ден кем емес

100-ден кем емес

2)

сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (алдыңғы жылдың қорытындысы):

 

350-ден кем емес

300-ден кем емес

60-ден кем емес

3)

табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы:

 

4500 кг кем емес**

3250 кг кем емес

2500 кг кем емес

4)

тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару және азық цехы) болуы

Машиналы сауынның болуы

 

5)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6)

малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру дерекқорында тiркеуiнiң болуы

7)

селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы ***

9

Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға биенiң (3-жастан ересек) болуы 35 бастан кем емес

2)

сауын биенiң орташа жылдық саны 20 бастан кем емес

3)

қымыз өндіретін цехтың болуы (қымыз жинау және (немесе) өндіру бойынша орын, сыйымдылық)

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

10

Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

тиісті қаржы жылдың 1 қаңтарға түйенiң аналық басының (3-жастан ересек) болуы 30 бастан кем емес

2)

сауын iнгендердiң орташа жылдық саны 15 бастан кем емес

3)

шұбат өндіретін цехтың болуы (шұбат жинау және (немесе) өндіру бойынша орын, сыйымдылық)

4)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

11

Биязы жүнді өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға саулық қой басының (2 жастан ересек) болуы 600 бастан кем емес

2)

қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған үй-жайлардың болуы

3)

қырқылған жүннiң физикалық салмағы (тиісті қаржы жылдың қорытындысы) 3,2 кг кем емес

4)

жүннiң сапасы 60-64 сападан кем емес ****

5)

биязы жүндi бастапқы қайта өңдейтін кәсiпорындарына биязы жүнді өткiзу

6)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

12

Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшiн мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндiрушiлерге:

1)

ағымдағы жылғы 1 қаңтарға 30 бастан кем емес аналық мал басының болуы

2)

егіс айналымында азықтық дақылдардың немесе азық сатып алу шартының болуы

3)

ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

4)

зоотехникалық оқиғаларды енгізе отырып, селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында ірі қара малдың тiркеуде болуы

Ескертпелер:

* Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей салмағы тауар өндiрушi қызметтерiн пайдаланған (малды сою жөнiндегi), есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiм сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі (коды) бар сою цехы берген анықтамамен расталуы тиiс.

** 2012 жылдан бастап пайдалануға енгізілген, тиісті инфрақұрылымы бар замандас қазіргі заманғы сүт кешендеріне таратылмайды.

*** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуі тиiс.

**** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.

***** Құс фабрикалары үшiн тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлемiне квотаны жеткiзген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негiз ретiнде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа 280 данадан артық емес).






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет