№1 басылым 09. 12. 9 беттің беті -еттің -ші



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/6
Дата18.04.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ОӘК 042-14-5-07.01.43

01-2012



№1 басылым 5.09.12.


9 беттің беті - -еттің -ші







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК042-14-5-07.01.20.43-03- 2012

«Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 05.09.2011





ӨҚУ ӘДЕСТЕМЕЛІК КОМЛЕКСЫ

ӨҚУ - ӘДЕСТЕМЕЛӘК МАТЕРИАЛДАРЫ

ҚР Қәсіпкерлік құқығы

СЕМЕЙ-2012 ж


  1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: Смоилов Самат Жумагалиевич, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушы

«_____»___қырқүек________2012 ж.



  1. ТАЛҚЫЛАҒАН

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының отырысында

«_____»__қырқүек_________2012 ж., №__1____хаттама


Кафедра меңгерушісі Елеманов С.Х..
2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«___»___қырқүек_________2012 ж., №__1__ хаттама


Төраға Григорьева Г.Б.

2.3. Гуманитарлық факультетінің ғылыми кеңесінің отырысында

«___»___қырқүек_________2012 ж., №__1__ хаттама
Төраға Еспенбетов А.С.


  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«___»__қыркуек__________2012 ж., №___1_хаттама


ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры Рскелдиев Б.А. Рскелдиев Б.А.
Алғаш енгізілді:

5. Глоссарий



Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Кәсіпкерлік құқық

Тауар – ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығынан құралған құқық саласы

2

Заңи акт

Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын,заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.

3

Заттық құқық

Субьективтік азаматтық құқық,оның обьектісі зат болып табылады.з.қ –ты иеленуші адам қандай да бір белгілі іс-әректке,басқа да міндетті адамдардың жәрдеміне жүгінбей-ақ ,оны дербес өз бетінше жүзеге асыра алады.

4

Залалды өтеу

Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі.Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.

5

Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы

1948ж10желт.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған , преамбула мен 30баптан тұратын бұл декларация мемлекеттерге «нәсілге,жынысқа,тіл мен дінге ажыратпай, адамның құқы мен баршаға арналған негізгі бостандықтарға құрметпен қарауды орнықтыру және дамыту жолында»ынтымақтасуды міндеттеген БҰҰ Жарғысын өрбітіп, нақтылай түскен құжат болып табылады.Халықаралық қарым-қатынастар тарихында тұңғыш рет адамның жалпыға бірдей сақталатын құқылары мен бостандықтарының шеңбері айқындалады

6

Кепілдік

Азаматтық құқықта тек ұйымдардың арасындағы қарым-қатынаста ғана қолданылатын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі.

7

Авторлық құқық

Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы

8

Азаматтық қатынастар

Тауар – ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар

9

Азаматтық заңнама

Азаматтық құқықтық қатиынастарды реттейтін заңнамалар


10

Кәсіпкерлік

Меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған , жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет

11

Азаматтық құқық субьектілері

Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет

12

Жеке тұлға

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар

13

Азаматтық құқық қабілеттілік

Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті

14

Азаматтық әрекет қабілеттілік

Азаматтың өз әрекеттерімен құқықтарға ие болу және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі

15

Сенімхат

Бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға(сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдік




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы


. Дәріс түрлері бойынша оқу әдістемелік материалдар

Дәріс 1. Кәсіпкерлік құқық ұғымы

1.1. Кәсіпкерлік құқықтың құқық жүйесіндегі орны

1.2. Кәсіпкерлік -құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі

1.3. Кәсіпкерлік заңдар, олардың жүйесі және қолданылуы



1.1.Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны.

Қазақстан Республикасының біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндіген реттелетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Басқаша айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы негізгі екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Сонымен азаматтық құқық дегеніміз - тауар-ақша және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығынан құралған құқықтың дербес саласы.

Анықтамада көрсетілгендей, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны – мүліктік қатынастар. Нақты айқтанда, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, қызмет, жұмыс) байқалатын мүліктік қатынастар. Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады. Мүлікті кемес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктіку емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екіге бөлінеді. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға бацланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.



1.2. Кәсіпкерлік -құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі

Кәсіпкерлік құқық толық сала ретінде көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқықтың реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады.





Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастарда қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуілсіз. Екіншіден, жеке және негізінде жүзеге асыруы, азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігін теңдігі және заң алдында біртекті қорғалуы. Кәсіпкерлік құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар араларында туыныдацтын қатынстарды өздерінің қалауынша егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, азаматтық кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық кодекстің 238 бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.

1.3. Кәсіпкерлік заңдар, олардың жүйесі және қолданылуы

Кәсіпкерлік заңдарда 1994 жылғы 27 желтоқсанда он үшініші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ІІ сессиясында қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс ерекше орын алады. Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Рнспубликасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады жәнен Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.Азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң актілеріне: конституциялық заң, Қазақстан Республикасы президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары жатқызылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да заңға сәйкес нормативтік акітелр қатарына жатады, олардың көбіне азаматтық құқық нормалары болады. Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстваларының нормативтік актілерінде де азаматтық-құқықтық нормалар болуы мүмкін. Олар ведомствалық нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды тіркеу 1994 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген «Ведомствалық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» ереже негізінде жүзеге асырылады.




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Халықаралық құқық нормалары, азаматтық іскерлік дағдылар, іскерлік айналым ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері, сот пленумының қаулылары, сот практикасы және сот прецеденті де азаматтық заңдардың жүйесінен өзіне лайықты орнын алып отыр. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде енгізіледі:

- Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары – олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін, егер актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі;

- Қазақстан республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулылары - егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрселітмесе, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап енгізіледі;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қаулылары – олар қабылданған күнінен бастап енгізіледі;

- Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан республикасы Үкіметінің құрамына енетіндерінің де, енбейтіндерінің де, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері – егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.і бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық. Бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең. Азаматтық құқығым



Дәріс 2. Кәсіпкерлік - құқықтық қатынастар

2.1. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері

2.2. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың мазмұны

2.3. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түрлері

2.4 Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері

Кәсіпкерлік -құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері

Кәсіпкерлік заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Кәсіпкерлік заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.

Мүліктік қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатыанстар мәнінен туындамайды. Азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі қағидалары:



Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

- қатысушылардың теңдігі;

- меншікке қол сұқпаушылық;

- шарт еркіндігі;

- жеке істердің кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол берілмейтіндігі;

- азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

- нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуі;

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын бегілеуге ерікті. Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:

Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады (ерекшеленеді);

екіншіден, азаматтық құқық қатынастары заңда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін;

үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;

төртіншіден, ерекшелік бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады.

2.2. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың мазмұны

Кез келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады. Сондықтан субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құықытың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан – құқықтық ізашардан екінші тұлғаға – құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басады.

2.3 Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың түрлері

Кәсіпкерлік құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; б) абсолютті және салыстырмалы; в) заттық және міндеттемелік дап ажыратылады. Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді. Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді.Азаматтық құқық қатынастарының абсолдютті және салыстырмалы болып бөлінуі қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті дап аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындығы немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін.Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп аталады. Олар бірнеше болуы мүмкін, бәрақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.Заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және, ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс-әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам – несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекет болы мүмкін.



Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы



2.4. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері

Азаматтық құқық қатынастарының туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады.

Азаматтық кодекстің 7-бабында әртүрлі заңдық фактілер азаматтық құқық қатынастарының негіздері ретінде көзделген. Бұл тізбенің бәрін түгел қамтымайтынын атап өту қажет. Өйткені азаматтық құқықтар мен міндеттер қолданылып жүрген заңдарға тікелей көзделмеген өзге де заңдық фактілер пайда болып, өзгеріп және тоқтатылып отырады, бірақ жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейді. Профессор О.А. Красавчиковтың атап өткеніндей, заңдық фактіге мынадай үш жәйт тән:

Біріншіден, заңдық айғақ – нақты шындық фактісі, яғни біздің санамыздан тыс және оған тәуелсіз материалдық дүниенің белгілі бір құбылысы. Заңдық фактілерді зерделей келгенде, фактілердің басталған немесе, кем дегенде, осы кезге дейін жалғасып отырған құбылыс екенін әрқешен есте ұстаған жөн. Бірақ басталуы қажет екендігі күмән туғызбайтын болса да, шын мәнінде орын алған құбылысты немесе мән-жайды факт ретінде қарастыруға болмайды.

Екіншіден, заңдық факт – азаматтық құқық нормаларында кезделген факт. Өмір шындығының толып жатқан жалпы құбылыстарында қандай фактінің заңдық күші болатынын және, демек, қандайыныі заңдық күші болмайтынын нақ сол нормалар анықтайды.

Үшіншіден, заңдық факт – азаматтық құқық нормалары негізінде белгілі бір заңдық салдарға әкеп соғатын факт. Заңдық фактілерді топтау. Заңдық фактілерді түрлері бойынша жалпы жұрт қабылдаған басты бөлінісі оларды адамадрдың ықтиярымен болатын әрекеттер қатарына және адамдардың ықтиярына қарамай, оған тәуелсіз болатын оқиғалар қатарына жатқыза отырып, әдетте бір-бірінен шыққан кезі бойынша шектелетін оқиғалар мен әрекеттерше бөлу болып табылады. Бірақ ықтиярдан тыс болған оқиғаларды сол сияқты барлық жағдайлаға қолдануды дұрыс деп тануға болмайды. Мәселен, адамның ажалы кісі өлтірушіден, өрт жіберушінің әрекетінен болуы мүмкін. Сайып келгенде, ықтиярлық актілер іс-әрекеттің себебі ғана емес, сонымен қатар оқиғалардың себебі де болуы мүмкін. Сондықтан оқиғалар мен әрекеттердің айырмалығын олардың шығу көзінен емес, қайта процестің сипатынан қарамастан, өз барысында ықтиярсыз сипатта болады, ал әрекет өзінің себебі бойынша ғана емес, өз барысында да ықтиярсыз түрде жасалады. Әрекеттер, өз кезегінде, заңды және заңсыз болып бөлінеді. Қолданылып жүрген заңның немесе басқа да нормативтік құқықтық актілердің нұсқамалары бұзылатын әрекеттер заң жүзәнде теріс әрекеттер деп түсініледі. Зиян келтіру жөніндегі әрекеттер, құққы тәртібінің немесе адамгаршілктің негіздеріне көрінеу қарсы мақсатпен жасалған мәміле және т.б. заңсыз болып табылады. (Азаматтық кодекстің 158-бабының 1-тармағы).




Құрастырған қолы

Келістірілген қолы

Бекітілді қолы

Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға, заңға сәйкес жасалған сатып алу-сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп беру және т.б. сияқты әртүрлі азаматтық-құқықтық мәмілелерді алуға болады.

Өз кезегінде заңды әрекеттердің бәрі заңдық актілер мен заңды қылықтарға бөлінеді. Азаматтық құқықта азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына бағытталған заң жүзінде дұрыс әрекет заңдық актілер деп түсініледі. Азаматтық-құқықтық заң актілерінің негізгі түрі мәміле (шарт) болып табылады. Азаматтық кодекстің 147-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Сол сияқты азаматтық кодекстің 280-бабында шарт жасасқан кезде азаматтар мен заңды тұлғалар ерікті болады деп көрсетілген. Азаматтық құқық қатынастарын дамытуға, азаматтық-құқықтық актілерді қоспағанда, өзге де құқық салаларының нормаларына сәйкес жасалатын заң актілерінің ықпал етуі мүмкін және олар фқпал етеді де. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 7-бабында азамттық құқықтар мен міндеттердің әкімшілік актілерден пайда болуы көзделген. Мысалға азаматты жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу актісін алуға болады. Заңдық қылық – заңда белгілі бір әрекет нақ сондай зардап шектіруге бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан, белгілі бір заңдық зардаптарға байланыстырылатын заң жүзінде дұрыс әрекет. Мәселен, заңды қылықтар қатарына әдеби немесе музыкалық туындылары жасалатын әрекеттері жатады.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет