№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



жүктеу 1.33 Mb.
бет1/9
Дата24.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОӘК 042-14-5-07.01.43

01-20123



№1 басылым 5.09.13.


9 беттің беті - -еттің -ші







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК042-14-5-07.01.20.43-03- 2013

«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым 05.09.2013





ӨҚУ ӘДЕСТЕМЕЛІК КОМЛЕКСЫ

ӨҚУ - ӘДЕСТЕМЕЛӘК МАТЕРИАЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы

СЕМЕЙ-2013 ж

1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: Тастекеев Кайрат Кулбаевич, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушы

«_____»___қырқүек________2013 ж.

2. ТАЛҚЫЛАҒАН

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының отырысында

«_____»__қырқүек_________2013 ж., №__1____хаттама


Кафедра меңгерушісі Елеманов С.Х..
2.2. Гуманитарлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«___»___қырқүек_________2013 ж., №__1__ хаттама


Төраға Григорьева Г.Б.

2.3. Гуманитарлық факультетінің ғылыми кеңесінің отырысында

«___»___қырқүек_________2013 ж., №__1__ хаттама
Төраға Мамырбеков А.М.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«___»__қыркуек__________2013 ж., №___1_хаттама
ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры Искакова Г.К.

Алғаш енгізілді:

Глоссарий

Абайсыздық - қылмыс істеген адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, бірақ жеңіл ойлықпен ондай зардаптар болуы мүмкін екендігін болжамау.

Алкоголизм – ішімдікті үнемі қолдану салдарынан болатын аурудың түрі.

Азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі – мемлекетпен танылған азаматтардың әкімшілік құқық нормасымен қарастырылған, әкімшілік құқықтық міндеттермен сипатталатын құқықтарды иеленеді.

Айыппұл – ақшалай жаза материалды шара ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексте қолданылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу - осындай істерді жүргізудің шаралары: әрбір істің жағдайларын дер кезінде, жан-жақты, толық және әділетті анықтау, оны заңға дәлме-дәл сәйкестеп шешу, шығарылған қаулының орын-далуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқықты бұзуға әсер еткен себептер мен жағдайларды анықтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, зандылықты нығайту.

Әкімшілік жауаптылық - занды бұзғаңдық үшін белгіленетін жауаптылықтың түрі. Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік қатынастарды реттейтін қүқықтық ережелерді бұзған адамдар тартылады. Мұндай жауаптылыққа азаматтар 16 жасқа толғаннан кейін ғана тартылады. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік ережелерін бұзғаны үшін жалпыға бірдей негізде жауапқа тартылады. Дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтарының заң бұзуға байланысты мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі.

Әкімшілік жаза - әкімшілік заңды бұзғаны үшін мемлекет органы (тиісті лауазымы бар адам) әкімшілік жаза қолдана алады. Жазаның түрлері: ескерту, айып салу, заңға қарсы әрекеттің құралы немесе тікелей зиянын шеккен заттың кінәлыдан құнын төлетіп алу, заңсыз әрекет жасауға қолданылған құралды тәркілеу, азаматқа берілген арнайы құқықтан (аң аулау, тасымал құралдарын жүргізу құқықтары) айыру, әкімшілік жолмен қамауға алу.

Әкімшілік жолмен ұстау, тікелей өзін тексеру, заттарды тексеріп қарау және заттармен құжаттарды алып қою - Республика зандарында тікелей көрсетілген жағдайларда, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтаттыру, хаттама жасау, істің дер кезінде және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау мақсатында адамды әкімшілік жолмен ұстауға, оның өз басын, заттарын тексеріп қарауға және заттары мен құжаттарын алып қоюға жол беріледі. Әкімшілік құқықты бұзған адам әкімшілік жолмен тек заң өкілеттік берген органдар (лауазымды адамдар) ғана ұстай алады. Ондай ұстау үш сағаттан аспауға тиіс. Әкімшілік жолмен ұстау мерзімі құқық бұзушы хаттама жасау үшін әкелінген кезден бастап, ал мас күйінде әкелінген адамды ұстау мерзімі — оның айыққан кезінен бастап есептеледі.

Әкімшілік жолмен қамауға алу - әкімшілік жолмен қамауға алу әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін, тек ерекше занда көрсетілген жағдайларда ғана, он бес тәулікке дейінгі мерзімге бёлгіленіп, қолданылады. Әкімшілік жолмен қамауға алуды аудандық (қалалық) халық соты (халық судьясы) тағайындайды. Әкімшілік жолмен қамауға алу жүкті әйелдерге, он екі жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегізге толмаған жастарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге қолданылмайды.

Әкімшілік қадағалау - сот үкімі бойынша жазасын өтеп келген адамдарға әкімшілік қадағалау белгіленеді, оны милиция органдары жүргізеді.

Әкімшілік органдар - түрлі саладағы қоғамдық тәртіпті бұзушыларға тиісті шара қолданатын орган.

Әкімшілік юрисдикция – мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғаларды құқық нормаларымен реттелетін қызметі.

Әкімшілік жаза - әкімшілік заңды бұзғаны үшін мемлекет органы әкімшілік жаза қолданады. Жазаның түрлері: ескерту, айып салу, заңға қарсы әрекеттің құралы немесе тікелей зиянын шеккен заттың кінәліден құнын төлетіп алу заңсыз әрекет жасауға қолданылған құралды тәркілеу, азаматқа берілген арнайы құқықтарын айыру, әкімшілік жолмен қамауға алу т.б.

Әкімшілік қамау - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның қысқа мерзімге бас бостандығынан немесе жүріп тұруынан айыру.

Әкімшілік құқығы – ұлттың құқықтарының бір саласы. Мемлекеттік басқару органдарының басқарушылық жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы. Әкімшілік құқық қатынастарға қатысушы тараптардың біреуі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке азамттардың құқықтары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне қол сұғуға бағытталған кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Әкімшілік құқықтық норма – мемлекеттік басқару жүйесіндегі қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтық норма.

Әкімшілік құқықтық қатынас - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекет басқару жүйесі мен қоғам қатынастары.

Қазақстан Республикасы территориялық бөлігі - әкімшілік территориялық бөлінудің құрылым элементі.

Әкімшілік территориялық бөліну – мемлекеттің территориялық ұйымдастырудың жүйесі, оларға мемлекеттік билік және басқару қызметі құрылады.

Әкімшілік аумақтық құрылым – ол белгілі бір бөлікке бөлінеді, облыстық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, поселкелік селолық және ауылдық әкімшіліктер.

Әкімшілік іс-жүргізу – жеке, белгілі істі мемлекеттік басқаруға құзыретті субъектілердің әкімшілік іс жүргізу қатынасы әкімшілік іс жүргізу нормасымен қадағалау.

Әкімшілік қадағалау – сот үкімі бойынша жазасын өтеп келген адамдарға әкімшілік қадағалау белгіленеді, оны лицензия органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы азаматтарының әкімшілік құқықтық

Әскери тәртіп - әскери қызметкерлердің, ережелерін, заңмен белгіленген, жарлық бұйрықтарды сақтауы.

Әрекет қабілеттілігі – азаматтардың және ұйымдардың өз әрекеттерімен құқықтарыға ие болу өзі үшін азаматтық міндеттер туғызу сондай-ақ заң бұзған жағдайда қылығы үшін жауап беру мүмкіндігі.

Белгілі бір лауазым иесі болу құқығынан айыру - белгілі бір лауазым иесі болу құқығынан айыруды негізгі немесе қосымша түрде сот бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге тағайындай алады.

Биліктің шешімі – мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылуы.

Басқару аппараты - нормативтік құқықтық акт негізінде ұйымдасатын арнайы мамандырылған жұмыскерлер жиынтығы министрлік, агенство, департамент т.б. жатады.

Вето – мемлекеттерде қандай болсын органдардың шешімін күшіне енгізбеу немесе оның орындалуын тоқтату.

Діни бірлестік – рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң қүжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

Дәлелдемелер – қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істе заңда белгіленген тәртіппен алынған және істің материалдарында бекітілген істің дұрыс шешімін табу үшін маңызды мән-*жайлар туралы мәліметтер.

Дара басшылық – басқарудың бір түрі. Ұйымды жеке өзі басқарып, соған берілген өкілеттікті жүзеге асыруды және соның жұмысына жауап береді.

Есі дұрыстық - өз әрекетіне есеп бере алатын, өзін-өзі ұстай білу қабілеті бар дені сау адам.

Жан күйзелісі (аффект) - уақытша патологиялық емес ірітке салу, ол өз еркінсіз жмоционалды әсер, ол эндокриондық жүйе қызметінің өзгеруіне әкеп соғады.

Жеке шағым - азаматтар, бір топ тұлғалар, бейүкіметтік ұйымдар

беретін шағымдар.

Жеке тұлға – құқықтық қатынасқа түсетін субъектілердің құқықтары мен заңды міндеттері.

Заң – ең жоғарғы күші бар акт. Ол заң шығару органдарымен немее референдум арқылы қабылданады.

Заңдылық – мемлекет органдарының, лауазым иелерінің, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың заңдардың, басқа да рәсімді актілердің талабын орындау.

Заңдар – нақты тарихи даму кезеңінде мемлекеттік заңның және заңдық актілердің қолданылу жүйесі.

Заң жобасы – жоғары заң шығарушы орган қарауы үшін немесе референдумға салу үшін әзірленген заңның қабылдануға ұсынылатын мәтіні.

Заңдылыққа кепілдік – мемлекеттің, қоғамның, адам құқықтарын қамтамасыз ететін заң және заңдық актілердің орындалуы.

Заңға тәуелді нормативтік акт – заң негізінде шығарылған және орындалуына әсер ететін акт, құрамында заң нормалары бар.

Кәмелетке жасы толмаған бала - заң бойынша он сегіз жасқа толған адам заңдарда көрсетілген барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болады, өз іс-қимылы, әрекеті үшін өзі заң бойынша толық жауап береді. Он сегіз жасқа толмаған адамдар айтылған қүқықтар мен бостандықтарға тек ішінара ие бола алады, сонымен қатар заңда көрсетілген жауаптылыққа шектелген түрде тартылады.

Конституциялық заң - ҚР Конституциясының 62 бабының 4 тармағында көзделген тәртіппен қабылданатын заңдар.

Кодекс – нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық ресімдері біріктіріліп жүйелендірілген заңдар жиынтығы.

Кінә - адам өзінің заң бұзу әрекетін жан дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі.

Куә (айғақ адам) – тергеу әрекеттерін растау үшін прокурор, тергеуші немесе анықтама жүргізетін орган шақырып алған бөгде адам.

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры – Қазақстан Республикасы жоғары өкілетті тұлға. Ол орталық жүйеленген органдар мен прокуратура бөлімшелерін бақылайды. Оны Сенат келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті 5 жылға тағайындайды.

Қорғаушы, адвокат - қоғамдық кәсіби ұйым болып саналатын қорғаушылар алқасының мүшесі. Қорғаушылар қатарына жоғары білімі бар заң адамы қабылданады. Қорғаушының негізгі міндеті — азаматтар мен заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету. Олардың заңды мүдделерін қорғауға, сот әділдігін жүзеге асыруға, демократиялық заңдылықтың сақталуына жәрдемдеседі.

Қоғамның саяси жүйесі – құқықпен басқа да әлеуметтік нормалар негізінде құрылған институттар, солардың арасында саяси билік жүзеге асады.

Құзырет – мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері жиынтығы, мемлекеттік өкімет және басқару органдарының негізгі өкілетті Конституцияда белгіленеді.

Құқық нормасы – мемлекеттік орган немес оның мақұлдауымен қабылданған немесе бекітілген жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

Құқық актілеріне түсіндірме – арнайы органмен шығарылатын заңи анықтамаларға берілетін түсініктеме.

Құқықтық қолдану актісі – белгіленген іс бойынша арнайы органдар шығаратын құқықтық акт.

Құқықтық норманың болжамы – құқықтық рәсімді қолдану шарты. Болжамда қолданатын өмірлік жағдай анық және тікелей көрсетіледі.

Қылмыстың сыртқы көрінісі – бұл құқық бұзушылықтың белгілерін қоғамға қауіптілігін, мемлекетке, тұлғаға әсерін сипаттайды.

Құқықтық мемлекет – құқықтық мемлекетте қоғамдық қатынастарды реттеуде заңдар бірінші орында тұрады. Адам мен азамттық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік билікпен байланыстыруы үшін құрылған саяси билік.

Құқықтық қолдану – құқықты жалпылай және толық түрде жүзеге асыру үшін атқарылатын мемлекет органдарының ұйымдастыру қызметі.

Құқықты сақтау – құқық нормаларының орындалу формасы, заңмен тыйым салынған субъектілер оған бағынуы тиіс.

Құқықтық мәртебесі – заңмен және де басқа да құқықтық актілерде белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері олардың мемлекеттік басқаруға мемлекеттік органдар қызметі арқылы қатысуы.

Лауазымды адамдар - мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар.

Мафия – қоқан-лоқы, зорлық – зомбылық, кісі өлтіру әдісімен әрекет ететін астыртын қылмыстық ұйым. Бұл ұғым алғаш ХІХ ғасырда Сицилияда пайда болған.

Мемлекеттiк органдар - мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару, әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру, мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер.

Мемлекеттік қызметтер - жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет.

Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік органның біртұтас жүйесі. Оған ең төменгі органдарынан ең жоғарғы органдарына дейін жатады: мемлекеттік өкімет органдары, бақару органдары сот, прокуратура, қарулы күштер, лицензия.

Мемлекеттік тәртіп – барлық мемлекеттік органдарына, лауазымды адамдарға жүктелген, олар мүлтіксіз орындайтын міндеттерді қадағалайтын тәртіп ережелері.

Мемлекет басшысы – атқарушылық билік пен сыртқы байланыстар аясында мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғары лауазымды тұлға.

Нормативтік құқықтық акт – референдумда немес уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін тоқтататын немесе тоқтата тұратынғ, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Есірткі – құрамында есірткі бар өсімдіктер, дәрілер немесе заттар мемлекет органдары белгіленген және есірткі тізіміне жатқызылатын заттар.

Оқыс оқиға – адамның еркінен тыс өздігінен туындайтын уақиға сондықтан да нақты жағдайда қарастырылмайды немесе қасақана немесе абайсыздықпен жасалған әрекет айырмашылығы сырт белгілері құқық бұзушылық болып көрінгенмен, заңи жауапекршілік жүктемейтін кездейсоқ әрекет.

Өкілеттілік – құқықтық қатынасқа қатысушының басқа қатысушылардан заңға сәйкес белгілі бір әрекет жасауды талап ету құқығы.

Рұқсат ету жүйесі – құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолданылатын қызмет тәсілі.

Реквизициялау – дүлей апаттар, төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік өкімет және басқару органдарының шешімі бойынша заңда белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін.

Сарапшы – қылмыстық және азаматтық, әкімшілік іс бойынша жүргізу кезінде туған, арнаулы білімдері бар талап етілген мәселелер бойынша қорытынды беруге сот, тергеуші немесе анықтама жүргізуші орган шығарған адам.

Теріс қылық – заңда көрсетілген жағдайда құқықтық жауаптылыққа кінәлі адам тартылады. Құқықта теріс қылыққа байланысты жауаптылық негізінен әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, соған арналған заңдармен реттеледі.

Халық еркі – көпшіліктің қызығушылығын білдіруге шоғырлануы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына байланысты басқарманың шешімі.

Хабар-ошарсыз жоғалу – адамның еш себепсіз жоғалуы, оның тұрғылықты жері мен өмірі белгісіз бөлу.

Ұстау – қылмыстық, әкімшілік, іс-жүргізуде қысқа мерзімге сезіктіні құқық бұзушылықты жүзеге асыру деп ұстау.


Өзіне-өзін сұрақтар

1. Әкімшілік мәжбүрлеуде әкімшілік ескерту шараларының ролі мен мағынасы.

2. Әкімшілік ескерту шараларының түрлері.

3. Әкімшілік ескерту шаралары сипаттамалық белгілері және басқа әсер ету шараларынан айырмашылығы.

Дәріс № 1.

1- тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі.


Негізгі сұрақтар:

1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.

1.2 Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.
1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.

Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министрлер пен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы органдар, акиматтар, сондай-ақ басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді, олардың кұрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтар мен және өздерінің құзіретгеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар мен өзара іс-қимыл жасауы барысында туындаған қатынастары, сондай-әкімшілік кұкық бұзушылықпен байланысты қатынастар реттеледі.

Әкімшілік кұқық жалпы әмбебеп жинақталған актінің болмауымен сипатталады, мұның соңғысы құқықтың осы саласымен реттелетін қатынастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, әкімшілік-құқықтық қатынастары нормалары бар және осы қатынастарды реттейтін өзге де заң актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын халықаралық-құқықтық келісімдер болып табылады.

Әкімшілік құкық мемлекеттік билік органдарының билік-өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі мазмұны жағынан олардың ерік беру - шешімдер жолданатын адамдардың белсенді іс-әрекеттеріне құқық беру; тиым салу - белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер жүктеу сипатында болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік кұқық саласының ерекшелігін дәлелдейді, бұл әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар, мұның азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін сипатта болатынындай тең болып табылмайды, бүл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатынастарға барлық қатысушылардың кұқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен занды тұлғалардың, олардың арасындағы қатынастарындағы мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден көрінеді.

Сонымен әкімшілік құкық Қазақстан Республикасы құкық жүйесінің кұрамды буыны болып табылады. Әкімшілік құқықтың тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салык кұкығы және басқалары сияқты құкық салаларының жаңа институттарын кұру процессінде әкімшілік-құкықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмекгеседі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың міндеті - адам мен азаматгың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, халыктың денсаулығын, санитарлық-әпидемиологиялық саулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, коғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын мемлекетгік билікті, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құкық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.


1.2. Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік кұқығы» мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол әкономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік-саяси құрылымдардың, Қазақстан Республикасы салааралык мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар баскармалық қызметте зандылықты қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

Қазақстан Республикасының «әкімшілік құқығы» мемлекеттік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатынастарда әкімшілік құқық пәнін окытуды республика және белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министрліктердің, әкімшіліктердің, басқа да мемлекеттік басқару органдарының болашак қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.

Қазакстан Республикасының«әкімшілік құқығы» пәнін окыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:

- басқармалық катынастардың ерекшеліктері мен мағынасын

зерттеу;


- басқармалык қатынастарды реттеудегі әкімшілік-құқықтық нормалардың қызметін аныкгау;

- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау,

- әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу.

- әкімшілік құқық субъектілерінің жұмысында зандылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде орныкқанына 20 жыл толып отыр. Қазақстан - зайырлы, әлеуметтік, бастысы құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуға міндет койып отыр. Оның стратегиялык мақсаттары: әкономиканы нарықтық қатынастарға негіздеу, либерал-демократиялық қоғам құру және құқықтық мемлекет орнату. Осы мақсатгарды жүзеге асыру жолында реформалар жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жүргізіле бермек. Қоғамдағы ең басты құндылық: адам және оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Ал азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән әкімшілік құқық пәні болып табылады. Қоғамда құқықтың алатын орны ерекше, жалпы қоғамдық, даму құқықсыз мүмкін емес. Құқық - қалыпты өміріміздің арқауы. Мамандар пікірінше құқық - жалпы өркениет процессіндегі үзілмес компонент, қоғамдық мәдениет институты.

Белгілі құқықтанушы Алексеевтің ойынша кұқық миссиясы терең қажеттіліктерден туындаған. Олар:

- азаматгық қағидаларды (принциптерді) қалыптастыру.

- баскарудағы түрлі мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ету

- автономды тұлғаның дербес мәртебесін (статусын) сақтау.

Бұлардың бәрі әкімшілік құқыққа да қатысты. Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күштеу кұралы ретінде қалыптасқан. Әкімшілік құқық конституциялык құқық бұзушылықтық құқықтар секілді дербес құқық саласы болып табылады. «Әкімшілік»

сөзі латынша«басқару» мағынасында, сондыктан бүл саланы көбіне «баскару құқығы»деп те атайды. Сонымен әкімшілік құқық дегеніміз мемлекеттік баскару саласында, аткарушы мемлекеттік органдар


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет