1 Біріккен кәсіпорынның мәні



жүктеу 1.47 Mb.
бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.47 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ...............................................................................................................



  1. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ


1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні .................................................

1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы ......................................

  1. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ

    1. Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық

жинақ есебі ..............................................................................

    1. Қаржы инвестициясының есебі............................................


    2. Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар

есебі ............................................................................................

    1. Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер

есебі ............................................................................................


            1. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ

    1. Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу

кезіндегі ерекшелігі ................................................................

    1. Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит

үшін маңызды нәрселер .........................................................

    1. Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың

көздері мен басшылыққа алынатын

нормативтік актлер ................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................



КІРІСПЕ

Бюіріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.

Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады.

Осындай мақсаттарға жету барысында алдыма мынадай міндеттерді қойдым:



  • Біріккен кәсіпорынның мәнін көрсету;

  • Біріккен кәсіпорынның құрылымын көрсету;

  • Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігін көрсету;

  • Біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексерудің ерекшелінгін көрсету

.

Дипломдық жұмысты зеріттеудің нысандары

Дипломдық жұмысты зеріттеу әдістері

  1. Тарау. Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы


1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні

1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
Компаниялардың бірігуі: Қазақстан және МСФО

Қазақстан Республикасы заңдылығын соңғы өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасында қаржылық есептің халықаралық стандартын пайдалану сұрақтары маңызды болып отыр. 24.06.02 жылы «Бухгалтерлік есеп туралы» заңының өзгерісіне сәйкес 01.01.03 жылы Қазақстанда бөлек (әсіресе ірі) ұйымдарға МСФО қабылданса, 01.01.04 жылы барлық қалған ұйымдарға қабылданды. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттар негізінен МСФО негізінде дайындалған.

Қазақстан экономикасының тұрақтылығы ірі өнеркәсіптік және қаржылық топтардың және барлық экономика интеграциясының құрылуына әкеледі. Бұл құбылыс банк секторының дамуында анық көрсетілген. Соңғы жылдары коммерциялық банктердің саны күрт төмендеп кетті және оны құрудың әдістерінің бірі банктерді біріктіру болды. Соған байланысты компанияларды біріктіру есебі қазіргі таңда маңызды болып отыр. Осындай баптарда МСФО-ға сәйкес біріктіру де есептің негізгі жағдайлары ашып көрсетілген, ал егжей-тегжейлі сұрақтар МСФО-ға тіркелген қосымшада келтірілген.

22 МСФО-ға сәйкес компанияның есебін біріктірудің екі әдісі бар: сатып алу және мүдделердің бірігуі.

Сатып алу – бұл белгілі бір сатып алушы компания сатушы компанияның таза активтері мен операцияларын басқару мүмкіндігін алу арқылы бірігу.

Мүдделердің бірігуі – бұл бірігіп отырған компаниялар акционерлері жақтарының бірді біреуі сатып алушы ретінде анықталмау үшін қауіп пен пайданы бөлудің ұзақ мерзімді келісіміне қол жеткізу үшін оның біртұтас таза активтер мен операцияларына бақылау жүргізу.



Сатып алу

22 МСФО-ға сәйкес барлық біріккен компаниялардың біреуі екіншісінен бақылауға мүмкіндік аладыы, бұл сатып алушы компанияны анықтайды. Бақылауға мүмкіндік алу біріккен компанияның біреуі екіншісінің дауыс беру құқы бар акцияларының жартысын сатып алу болып табылады. Бірақ компанияны басқаруда мұндай акция пакетінің мүмкін еместігі көрсетілмеуі керек. Тіпті біріккен компаниялардың біреуінің келесі компанияны басқаруға сол компанияны дауыс құқы бар акцияларының жартысынан көбін иемденбесе, сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болады. Егер біріккен компаниялардың біреуі бірігу нәтижесінде мыналарды иемденсе:



  1. өзге инвесторлармен келісу арқылы дауыс құқы бар акциялардың жартысын иемденсе;

  2. жарғы мен келісімге сәйкес өзге компанияның жарғылық және ағымдағы саясатын анықтай алса;

  3. басқа компанияның басқарудың талдамалы органдарын немесе директорлар кеңесі мүшелерінің көбін тағайындау мен араластыру құқығы болса;

  4. басқа компанияның басқарушылық талдамалы органдарында немесе директорлар кеңесі жиналысында жоғары дауыс алу құқығы болса.

Кейбір жағдайларда сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болмайды, сондықтан оның мынадай көрсеткіштері болады:

  1. бір компанияның құны басқа компанияның құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда үлкен компания сатып алушы болып табылады;

  2. ақша қаражатына дауыс құқы бар жай акцияларды алмастыру жолымен компания біріге алады. Бұл жағдайда ақша қаражатын беретін жақ сатып алушы болып табылады;

  3. біріктіру барысында болатын компанияны басқару кадрларын іріктеуде бір компанияны басқаруда үстем ету мүмкіндігіне әкеледі. Бұл жағдайда үстем етуші компания сатып алушы болып табылады.

Сатып алу әдісін қолдану өзге активтерді сатып алу сияқты компанияны сатып алуда да дәл есептеуге әкеледі. Сатып алу өзге компанияның таза активтері мен операцияларын басқаруға алмастыратын операция болып табылғандықтан, дұрыс болып табылады және өзіне міндеттемелерін алып, айырбас үшін акциялар шығарады. Сатып алу әдісі сатып алу құныны есебінің негізі ретінде қолданылады және оны анықтау сатып алуға жататындықтан айырбас операциясына негізделеді.

Сатып алу әдісін қолдануда сатып алу күнін анықтау маңызды. Сатып алу күні компанияның сатып алушыға таза активтері мен операцияларын бақылауға нақты берген күні мен сатып алу әдісін бастап қолданған күні болып табылады. Сатып алынған компания операцияларының нәтижелері сатып алушының қаржылық есептілігіне сатып алынған күннен, яғни сатып алынған компания сатып алушының басқаруына нақты өткен күннен бастап қосылады. Қызмет бойынша сатып алу күні компанияның оның қызметінен табыс табу мақсатында қаржы және ағымдағы саясатын басқару құқын алған күн болып табылады. Сатып алушыға басқару қатысушы жақтардың мүддесін қолдау шарттары қанағаттандырылғаннан кейін ғана жүзеге асады. Бірақ бұл операциялар сатып алушының басқаруына нақты өткенге дейін аяқталынып жабылғанын талап етпейді.

Сатып алушы сатып алынған компаняның қорытындысы туралы пайдасы мен зияндарын сатып алған күннен бастап есептілігіне енгізеді және сатып алуда болатын жағымды және жағымсыз іскерлік репутация көлемін, сатып алынған компанияның активтері мен міндеттемелерінің сәйкестілігін баланста көрсетуі қажет. Сатып алу құны оның бастапқы құны бойынша есептелінеді, ал бастапқы құн төленген ақша қаражаты немесе оның эквиваленттеріне, не өзге компанияның таза активін басқаруды сатып алушыға сатып алушыны алмастырған өзге операцияларға сатып алумен тікелей байланысты кез-келген шығындарды қосқанға тең.

Сатып алу әдісін қолдануға мысал.

А банкі Б банкінің 94% акциясын сатып алады. А компаниясы 01.02.02 жылы Б компаниясының иесіне 500 000 мың теңге төледі. Сатып алу күнгі меншікті капитал құны 550 000 мың теңге құрады.


Б банкінің таза активін сатып алу күні.

10.02.02 жылы сатып алынған таза активі

Сомасы мың теңге

Қолма-қол ақша қаражаты және Ұлттық банктегі құндылықтар

250 000

Кредиттік мекемелердің берешектері

110 000

Клиент қарыздары, нетто

600 000

Негізгі құралдар, нетто

120 000

өзге де активтер

120 000

Клиенттерге берешек

(550 000)

өзге де берешектер (кредитор)

(100 000)

Таза активтер

550 000

Азшылық үлесі

33 000

Теріс азшылық үлес есебінен таза активтер

517 000

Төленген сатып алу құны

500 000

Жағымсыз гудвилл

17 000

Азшылық үлесі =550 000 мың теңге * 6% = 33 000 мың теңге. Сатып аланған күнгі төленген нақты сома мен таза активтің сомасы арасындағы айырма жағымсыз гудвилл болып табылады. Гудвиллдың амортизациясы 20 жылдан аспайды.

Сол сияқты сатып алу керісінше Б банкінің активіне алмастыру үшін А банкі акция шығару арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта акцияға айырбасталған номиналдық құны мен актив құнының арасындағы айырмашылық А банкінің қосымша төленген капиталы ретінде танылады.



Мүдделердің бірігуі

Міндеттемелер мен активтердің бірігуі

Бөлек компанияның активі мен міндеттемелері біріккен компанияның активі мен міндеттемелері болып табылады.



Біріккен меншікті капитал

Бөлек меншікті капитал мүдденің бірігу әдісі секілді бірігеді. Біріккен компания бөлек компанияның шығарған акциясының номиналдық және белгіленген құнында негізгі капитал мен қосымша капиталды жазады. Бөлек компанияның бөлінбеген табысы немесе жетіспеушілігі бірігіп, біріккен корпорацияның бөлінбеген капиталы ретінде танылады. Номиналдық және бөлінбеген сомада біріккен компаниялардың шығарылған акцияларының көлемі бөлек біріккен компанияның негізгі капиталы қорытынды сомасынан асуы мүмкін. Артығы бірінші біріккен пәрменді капиталынан кейін біріккен бөлінбеген табыстан ұсталынуы керек.



Біріккен компанияның қаржылық есептілігі

Бірігу үшін мүдделердің бірігу әдісін қолданатын компания егер компаниялар есептік кезеңнің басында бірігетін болса, сол қосылу болған кезінде қаржылық есептілігін ұсыну керек. Есепті кезеңдегі операциялар нәтижесі бірігудің басынан соңғы күніне дейін біріккен және осы күннен кезең соңына дейін операциялардың біріккен бөлек компаниялардың нәтижелерін қосады.

Кезеңнің басында бөлек компанияның бухгалтерлік балансы мен өзге қаожылық ақпараттарды сол күні біріккен компаниялармен ұсынылуы керек. Өткен жылы жеке компанияның қаржылық есептілігі мен қаржылық ақпараттары ақпараттар ұсыну үшін біріккен негізде қайта бекітілуі қажет. Қайта бекітілген қаржылық есептілік пен қаржылық ақпарларда бұрынғы жеке компаниялар біріккендігі туралы қаржылық ақпараттар нақты, анық көрсетілуі қажет.

Мүдденің бірігуі әдісі бойынша бірігуге мысал

Компанияның меншікті капиталының бірігуі



Баланс баптары

А банкі

Б банкі

Біріккен капитал

Жарғылық капитал

180 00

250 0000

400 000

Резервтер

50 000

50 0000

100 000

Бөлінбеген табыс

100 000

20 000

120 000

Барлық капитал (таза актив)

300 000

320 000

620 000

Акция үлесінің бөлінуі



Акционерлер

А банкісінің таза активінің үлесі

Б банкісінің таза активінің үлесі

Біріккен меншікті капиталдағы үлес




Мың теңге(1)

%(2)

Мың теңге(3)

%(4)

Мың теңге(5=1+3)

%

А акционер

225 000

75

0

0

225 000

36,3

Б акционер

40 000

13

20 000

6,25

60 000

9,7

С акционер

35 000

12

50 000

16,6

85 000

13,7

Д акционер

0

0

250 000

78,125

250 000

40,3




300 000

100

320 000

100

620 000

100

Біріккен банктердің акционерлік капиталында және біріккен таза активтерінде акционерлердің үлесі

Әрбір акционерлердің үлесі анықталғаннан кейін олардың үлесі бойынша акционерлерде бар акцияларды жаңа акцияларға алмачстыруы қажет. Жаңа акционерлік капитал әрқайсысы 1 мың теңге номиналдық құнан тұратын 400 000 акциядан тұрады делік, әрбір акционерге тиістісі келесідей болады:

Акционер

Біріккен жарғылық капитал




Акция саны

Үлесі %

А акционер

Б акционер

С акционер

Д акционер



145 200

38 800


54 800

101 200


400 000

36,3

9,7


13,7

40,3


100

Бірігу бойынша есеп әдістерін анықтауда негізгі кезеңдерді ескеріп, есептің қай әдісін қолдану керектігін нақты анықтау қажет. Жалпы барлық жағдайда да сатып алушыны анықтау мүмкіндігі бар және тиісінше сатып алу әдісін қолдану қажет, тек айрықша жағдайларда ғана мүдделердің бірігу әдісі қолданылады.

Аблахат Кебиров

Ernst & Young Kazakhstan

Компаниясының аудит бойынша менеджері

«Ваш капитал» №4 мамыр 2003ж., 11 бет



Бірлескен қызметке қатысу (дәлірегі, қатысқандық) туралы есеп беру (ҚЕХС 31)

Бірлескен кәсіпорын – екі немесе оданда көп тараптар экономикалық қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша келісімшарттық келісім.

Бақылау – пайда алу мақсатындағы экономикалық қызметтің қаржылық және операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі.

Бірлескен бақылау – келісімшарттық келісіммен экономикалық қызметке бақылауды бөліп жүргізу.

Елеулі ықпал – бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық және операциялық саясаттар бойынша шешімдері қабылдауға қатысудың мүмкіндігі, алайда мұндай саясатты бақыламайды және бірлесіп бақылаудың да қажеті жоқ.

Бірлескен қызметтің қатысушысы – кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындағы тарап.

Бірлескен кәсіпорындағы инвестор – кәсіпорынға бірлесіп бақылау жүргізуге қатыспайтын бірлескен кәсіпорындағы тарап.

Үйлесімді шоғырланым – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша бірлесіп бақыланатын субъектінің активтеріне, міндеттемелеріне, кірістері мен шығыстарына қатысушылардың үлесі бірлескен қызметке қатысушылардың қаржы есептемесіндегі ұқсас баптары мен жолма-жол бірігеді немесе оның қаржы есептемесіндегі жекеленген жолдармен беріледі.

Үлестік қатысу әдісі – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша бірлесіп бақыланатын субъект үлес алғашқыда бастапқы құн бойынша ескеріледі, содан соң бірлесіп бақыланатын субъектінің таза активтеріндегі сатып алудан кейін болатын қатысу үлесінің өзгерісіне түзетіледі. Пайда мен залал туралы есеп беру бірлесіп бақыланатын субъектінің операциясындағы бірлескен қызметке қатысушының үлесін көрсетеді.

Бірлесіп бақыланатын қызмет (операциялар)

Бірлесіп бақыланатын операцияның формасында ұйымдастырылған бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесі мен шоғырландырылған қаржы есептемесінде мыналарды тану керек:



  1. Бақыланатын активтер мен қолдағы міндеттемелер;

Өтелген шығындар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табысындағы өзінің үлесі.

Жеке қаржы есептемені жасау барысында бірлескен қызметтің қатысушысы өзі бақылайтын активтер мер міндеттемелерді, бірлескен қызметтің нәтижесіндегі өтелген шығындар мен табыстар үлесін мойындайды. Сондықтан да шоғырландырылған есепті жасау барысында түзету мен біріктіру бойынша басқа да операциялар қажет болмайды (3-слайд).



Бірлесіп бақыланатын активтер

Бірлесіп бақыланатын активтер формаларында ұйымдастырылған бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесінде мыналарды тануы керек:



  1. бірлесіп бақыланатын активтердегі өз үлесін;

  2. қолдағы кез-келген міндеттемелерді;

  3. біріккен кәсіпорындағы міндеттемелердегі өз үлесін;

  4. өткізуден түскен табысты немесе бірлескен кәсіпорын өтеген шығыстардағы өзінің үлесімен бірге бірлескен кәсіпорын өніміндегі өз үлесін пайдалану;

  5. бірлескен кәсіпорындағы өзінің үлесіне қатысты өтелген шығыстарды.

Активтерді бірлесіп бақылау формаларында ұйымдастырылған бірлескен кәсіпорын қатысушыларғы бөлінген және өтейтін шығыстардың дербес есебін ұйымдастырады.

Бірлесіп бақыланатын субъектілер

Бірлесіп бақыланатын субъектілер – бұл әрбір қатысушының өз үлесі болатын серіктестік, корпорация немесе басқа да кәсіпорын формасында ұйымдастырылған бірлескен кәсіпорын. Бірлесіп бақыланатын субъектілердің қатысушысы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі инвестициялардың есебін өзінің есеп тіркемелерінде, инвестицияның есеп шотын қолдана отырып жүргізеді. Бірлесіп бақыланатын субъектілердегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, қаржы есептемесін әзірлеуді және ақпараттарды жүйелеуді жеке жүргізеді. Субъектіні бірлесіп бақылау формасындағы бірлескен қызметке қатысушылардың шоғырланған қаржы есептемесін әзірлеуге стандарттармен үйлесімді шоғырландыру әдісі анықталады.

Үйлесімді шоғырландыру әдісі мынаны ұйғарады: қатысушылардың шоғырланған бухгалтерлік балансы бірлесіп бақыланатын субъектілердегі міндеттемелердің тиісті үлесін және бақыланатын активтердің тиісті үлесін қамтиды. Қатысушылардың пайдасы мен залалы туралы шоғырланған есеп беруі бірлесіп бақыланатын субъектілердегі кірістер мен шығыстар үлесін қамтиды.

Үйлесімді шоғырландыру әдісін жүзеге асырудың, шоғырландырылған есеп беруде қатысу үлесін көрсетудің екі шешімін тапты. Ол – бірлескен қызметке қатысушылардың кірістері мен шығыстарындағы, міндеттемелеріндегі, активтеріндегі қатысу үлесін жолма-жол жинақтау арқылы немесе активтердегі, мендеттемелердегі және кірістер мен шығыстардағы қатысушының үлесін шоғырландырылған қаржы есептемесінде жекеленген баптар бойынша жеке көрсету жолдары.

Ұйғарымды баламалы нұсқа – «қауымдастырылған кәсіпорындағы инвестициялардың есебі» атты 28 халықаралық сатндартқа сәйкес үлестік қатысу әдісін қолдану.

Үйлесімді шоғырландыру әдіснамасы төмендегі шоғырландыруға арналған жұмыс кестесі түрінде ресімделген есеп айырычсуда келтіріледі:


Жұмыс кестесі

Кірістер мен шығыстар (пайда мен зиян)

туралы есеп беруді шоғырландыруға арналған

Бап атауы

Қатысу-шының есеп беруі

Бірлесіп бақыланатын субъектінің есеп беруі

Түзету

Жеке есеп беру

Барлы-ғы

Қатысушының үлесі

Д

К

1

2

3

4

5

6

7

Тауарды сатудан түскен табыс



















Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын субъектілер мен операциялар



















Өткізілген тауардың өзіндік құны



















Жыл басындағы тауар-материалды қор



















Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын субъектілер мен операциялар бойынша сатып алынған тауар-материалды қор



















Сатып алу



















Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын субъектілер мен операциялар бойынша сатып алынған тауар-материалды қор



















Жыл соңындағы тауар-материалды қор



















Оның ішінде: бірлесіп бақыланатын субъектілер мен операциялар бойынша сатып алынған тауар-материалды қор



















Өзіндік құнның қорытындысы



















Салық салынуға дейінгі таза табыс



















Табыс салығы бойынша шығыстар



















Салық салынғаннан кейінгі таза табыс



















Дивиденттер



















Бөлінбеген табыс





















  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет