1-дәріс тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу пәні, мәселесі және салалары, негізгі ұғымдары



жүктеу 115.16 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі115.16 Kb.
: 2%20kurs -> Voz%20Ped%20Psy -> kaz -> Leks%20komple
2%20kurs -> Тақырып: «Фармация тарихы. Дәріні енгізудің пайда болуы. Халық медицинасы». Мақсаты
2%20kurs -> Пп кгму 4/02 Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
2%20kurs -> Кафедраның жиналысында бекітілген
2%20kurs -> Методические указания для самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя
2%20kurs -> Экономикалық теория негіздері пәнінен тесттер
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Основные положения протолитической теории. Особенности растворов сильных и слабых электролитов
Leks%20komple -> 4-дәріс тақырыбы: Э. Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы
1-дәріс тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясының зерттеу пәні, мәселесі және салалары, негізгі ұғымдары.


  1. Жас ерекшелік психологиясы пәні.

  2. Жас ерекшелік психологиясының салалары.

  3. Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдары.

  4. Жас ерекшеліктері психологиясының отандық психологтардың еңбектеріндегі +

мәселелер.

Жас ерекшелік психология пәні адамның психикалық дамуының әр бір деңгейінде үйрету мен тәрбиелеу жағдайындағы психикалық процестер мен жеке тұлға онтогенезінің заңдылықтары, психикалық дамудың әрбір деңгейінде адамдарарасыгдағы индивидуалды айырмашылықтар.

Даму дегеніміз не? Ол немен сипатталынады? Объектінің басқа өзгерістерінен дамудың принципиалды өзгешелігі неде? Объект өзгере алатындығы, бірақ дамымайтындығы белгілі. Осыдан өсу-бұл объекттің сандық өзгерісі, оның ішкі құрылымы және оның құрамына кіретін жекелеген элементтер мен процестердің өзгеруінсіз. Мысалы, баланың физикалық өсуін өлшей отырып, оның сандық өсуін көруге болады. Өсу құбылысы психикалық құбылыстарда да бар. Мысалы, сөйлеу қабілетінің функциясының өзгеруінсіз баланың сөздік қорының өсуі. Осыдан өсу – бұл даму емес, бірақ оның симптомы бола алады.

Даму сапалық өзгерістермен, жаңа құрылымдардың, жаңа процестердің, жаңа бейнелердің, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады. Л.С.Выготский дамудың реформдалған және реформдалмаған типтерін бөлген. Реформдалған – бұл құбылыстың (ағзаның ) өтетін кезеңі, сол сияқты соңғы нәтижесі де ең басынан бастап бекітіліп берілген даму типі. Дамудың бұл типіне мысал эмбрионалды даму бола алады. Реформдалмаған тип – бұл ең басынан бастап не құбылыс ( ағза) өтетін кезеңдері, не оның нәтижесі берілмеген даму типі. Оған мысал галактиканың, адам қоғамының дамуы бола алады. Cондай-ақ психикалық даму процесі де реформдалмаған болып табылады. Сонымен қатар бұл ерекшк процесс. Ол сол қоғам дамуының берілген деңгейінде бар іс әрекеттің теориялық және практикалық формасымен детерминатталған. Осыдан онтогенетикалық даму берілген қоғавмдв бар үлгі бойынша жүреді. Және психикалық дамудың спецификасы осында жатыр. Жалпы жеке адам дамуы адамзаттың рухани және материалдық байлығын меңгеру процесінен тыс жүруі мүмкін емес.

Жас ерекшелік психология бөлімдері: балалық психология, жасөспірім психологиясы, ересектік психология, қартаю және кәрілік психология немесе геронто психология.

Жас ерекшелік психологиясы басқа ғылымдармен: философиямен, педагогикамен, медицинамен, анатомиямен, және физиологиямен тығыз байланысиы. Сондай-ақ психология ғылымының жалпы психология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология сияқты бөлімдермен де тығыз байланысты.

Жас ерекшклік психологиясы келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған:


  1. Ғылыми – зарттеушілік.Олардың қойылымдары кезінде ғылымпәні әртүрлі деңгейде қарастырылыды: дамудың жалпы заңдылықтар деңгейінде және өмірдің жекелеген кезеңдерінде олардың спецификалық көрініс беруінің деңгейінде.Бұл мәселелер объект пен зерттеу пәні аса толық және терең түсінуге бағытталған.

  2. Диагностикалық. Олар адам дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның сипаттарының индивидуалды және тұлғалы ересектік дәрежесін бағалауға және білуге, әртүрлі жастағы адамдардың психикалық дамуындағы әртүрлі ауытқуларды бағалауға, психикалық дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.

  3. Коррекциялық. Психикалық дамудағы дефекттерді түзетуге және әртүрлі ауытқуларды тудыратын себептерді алып тастауға бағытталған. Жас ерекщелік психологиясы пәнінің күрделілігіне байланысты психологиялық ғылым тармақтарында әдістемелік тұрғыдан аса бір байы, нәрлісі.

Жас ерекшелік психологиясы пәні- әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын, адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б. зерттейді. Даму психологиясы психология ғылымының бір саласы,19 ғасырдың аяғында өмірге келген.

Пәнің зерттейтін салалары мынандай: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл салалар оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Зерттеу әдістері:



  1. Ұйымдастыру әдістері- салыстыру, лонгитюд, комплексті;

  2. Эмпирикалық әдістер- бақылау, өзіндік бақылау, эксперименталды әдістер, психодиагностикалық әдістер( тест, сауалнама, сұрақ-жауап, әлеуметтік өлшем әдісі, интервью, әңгіме);

3.Мәліметтерді өңдеу әдістері- сандық және сапалық талдау;

4.Интерпретациялық әдістер- генетикалық және құрылым әдістері;


Адам дамуының типологиялық жалпы заңдылықтары( негізгі ұғымдары).

Жас- нақты психикалық дамудың уақытпен шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психологиялық өзгерістер заңдылықтарының жиынтығымен, жалпы адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты еместігімен сипатталады. Жас психологиялық ерекшеліктер нақты-тарихи жағдайлармен шарттасқан: тұқымқуалаушылықпен, әрекет ерекшеліктері, индивидтің қарым-қатынасы.

Дамудың қозғаушы күштері. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

Дамудың әлеуметтік жағдайы- әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы балалардың өмірі олардың спецификалық өмір мазмұнына толы: қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынасы, белгілі бір жас кезеңіндегі жетекші әрекеттер: ойын, оқу, еңбек. Сонымен бірге әрбір жас кезеңінде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады. Дамудың әлеуметтік жағдайы- бұл бір жас кезеңіндегі ішкі процестердің дамуымен және сыртқы жағдайлардың үйлесімділігімен сипатталады

Жас дамуындағы дағдарыстар. Дағдарыс- бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді.

Жетекші әрекет- адамдардың белглі бір жас кезеңінде пайда болатын және қалыптасатын, негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

Жетістіктер- белгілі бір жас кезеңінде ғана пайда болып, сол кезеңдерді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетін психикалық процестер мне жеке бастағы сапалы өзгерістер.

К.Д. Ушинский педагогикалық процесті анықтайтын ғылымдар иерархиясын бекітті. Педагогика, деді ол тек антропологиялық ғылымдар: анатомия, физиология, психология, философия, логика т.б, соның ішінде психологияға сүйеніп тұтас жеке басты тәрбиелеу жоспарын өңдейді деді.

К.Д. Ушинский өз жұмыстарында оқу іс-әрекетінде ес, зейін, сөйлеу, ойлау, сезім т.б. психикалық процестердің маңызын атап көрсетті. Ғалым негізгі психологиялық-педагогикалық проблеманы ойлауды дамыту деді. Оның көзқарасы бойынша оқыту қортындысы ойлауға қатысты.Әсіресе, ол салыстыруға көп көңіл бөлді, себебі салыстырусыз түсінік болмайды, түсініксіз білім болмайды.

К.Д.Ушинский адамның тұтас психологиялық концепциясын жасады. 19- шы ғасырдың 20-30 жылдарының басында даму психологиясында биогенетикалқ және социогенетикалық бағыттардың күресі күшейе түсті.Осы жылдары психологияның теориялық негіздерінің қалыптасуында көп жетістіктер болды.

Осы жылдары Л.С.Выготский (1896-1934) А.Р.Лурия (1902-1977) А.Н.Леонтьев(1903-1979) психикалық дамудың мәдени-тарихи теориясын өңдеді.

Л.С Выготский оқыту мен дамудың өзарақатынасын қайта қарады. Ғалымдардың көрсетуінше оқыту тиімді болады, егер даму бірінші болса.

Әрі қарай жас ерекшелік психологиясының проблемаларын С.Л.Рубинштейн (1889-1960) өңдеді. «Жалпы психология негізінде» психиканы қалыптастыру проблеммаларына жан-жақты тоқталады.

С.Л.Рубинштейн психиканың даму заңы бойынша бала жетіледі және дамиды, тәрбиелеу және оқыту кезінде.

Психологиялық дамудың қозғаушы ғылымы бола меңгерген және жаңа мазмұнының арасындағы ішкі қайыршылықтар. Психиканы дамыту проблемасын түсінудегі маңызды мәселе сана мен іс-әрекет бірлігі. Іс-әрекет пен сана өзара тығыз байланысты адамзат іс-әрекетін зерттеу жолдары психикаға анализ жасауға мүмкіндік береді.

Бала дамуындағы қозғаушы Ғ, оның жас ерекшеліктерін анықтайтын себептер Л.Н.Леонтьев еңбектерінде де қарастырылады. Мысалы: мектеп жасқа дейінгі жаста бала қоршаған адамға тәуелді; олардың талаптармен санасады .Мектепке дейінгі жастан дамудың келесі стадиясына өткенде баланың бүкіл қарым-қатынасы жүйесі өзгереді. Баланың психикасының қалыптасуы тікелей жетекші әрекетпен шарттасады. Жетекші әрекетке байланысты баланың жасына тән психикалық жаңалық болады.Баланың психикалық дамуы проблемасы қазіргі отандық психологиядағы негізгі мәселелердің бірі. Көптеген көрнекті психологтар: П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская т.б. бұл проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын көрсетеді.

Дамудың қозғаушы күштері. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

Дамудың әлеуметтік жағдайы- әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы балалардың өмірі олардың спецификалық өмір мазмұнына толы: қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынасы, белгілі бір жас кезеңіндегі жетекші әрекеттер: ойын, оқу, еңбек. Сонымен бірге әрбір жас кезеңінде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады. Дамудың әлеуметтік жағдайы- бұл бір жас кезеңіндегі ішкі процестердің дамуымен және сыртқы жағдайлардың үйлесімділігімен сипатталады

Жас дамуындағы дағдарыстар. Дағдарыс- бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді.

Жетекші әрекет- адамдардың белглі бір жас кезеңінде пайда болатын және қалыптасатын, негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

Жетістіктер- белгілі бір жас кезеңінде ғана пайда болып, сол кезеңдерді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетін психикалық процестер мне жеке бастағы сапалы өзгерістер.

Жас ерекшеліктері психологиясының отандық психологтардың

еңбектеріндегі сұрақтары.

Жас ерекшелігі мен педагогикалық психологияның дамуы мен қалыптасуы тарихында Ресейде К.Д.Ушинскийдің) 1824-1871) еңбектері көрнекті орын алады. Ол, психология ғылымы тәрбие мақсатын анықтау, әдістерді өңдеу, оқыту және тәрбиелеу қортындысын бағалау, педагогикалық тәжірибеге анализ жасау және толықтыру үшін маңыздылығын атап көрсетті.

К.Д. Ушинский педагогикалық процесті анықтайтын ғылымдар иерархиясын бекітті. Педагогика, деді ол тек антропологиялық ғылымдар: анатомия, физиология, психология, философия, логика т.б, соның ішінде психологияға сүйеніп тұтас жеке басты тәрбиелеу жоспарын өңдейді деді.

К.Д. Ушинский өз жұмыстарында оқу іс-әрекетінде ес, зейін, сөйлеу, ойлау, сезім т.б. психикалық процестердің маңызын атап көрсетті. Ғалым негізгі психологиялық-педагогикалық проблеманы ойлауды дамыту деді. Оның көзқарасы бойынша оқыту қортындысы ойлауға қатысты.Әсіресе, ол салыстыруға көп көңіл бөлді, себебі салыстырусыз түсінік болмайды, түсініксіз білім болмайды.

К.Д.Ушинский адамның тұтас психологиялық концепциясын жасады. 19- шы ғасырдың 20-30 жылдарының басында даму психологиясында биогенетикалқ және социогенетикалық бағыттардың күресі күшейе түсті.Осы жылдары психологияның теориялық негіздерінің қалыптасуында көп жетістіктер болды.

Осы жылдары Л.С.Выготский (1896-1934) А.Р.Лурия (1902-1977) А.Н.Леонтьев(1903-1979) психикалық дамудың мәдени-тарихи теориясын өңдеді.

.С Бнготский оқыту мен дамудың өзарақатынасын қайта қарады. Ғалымдардың көрсетуінше оқыту тиімді болады, егер даму бірінші болса.
Әрі қарай жас ерекшелік психологиясының проблемаларын С.Л.Рубинштейн (1889-1960) өңдеді. «Жалпы психология негізінде» психиканы қалыптастыру проблеммаларына жан-жақты тоқталады.

С.Л.Рубинштейн психиканың даму заңы бойынша бала жетіледі және дамиды, тәрбиелеу және оқыту кезінде.

Психологиялық дамудың қозғаушы ғылымы бола меңгерген және жаңа мазмұнының арасындағы ішкі қайыршылықтар. Психиканы дамыту проблемасын түсінудегі маңызды мәселе сана мен іс-әрекет бірлігі. Іс-әрекет пен сана өзара тығыз байланысты адамзат іс-әрекетін зерттеу жолдары психикаға анализ жасауға мүмкіндік береді.

Бала дамуындағы қозғааушы Ғ, оның жас ерекшеліктерін анықтайтын себептер Л.Н.Леонтьев еңбектерінде де қарастырылады. Мысалы: мектеп жасқа дейінгі жаста бала қоршаған адамға тәуелді; олардың талаптармен санасады .Мектепке дейінгі жастан дамудың келесі стадиясына өткенде баланың бүкіл қарым-қатынасы жүйесі өзгереді. Баланың психикасының қалыптасуы тікелей жетекші әрекетпен шарттасады. Жетекші әрекетке байланысты баланың жасына тән психикалық жаңалық болады.Баланың психикалық дамуы проблемасы қазіргі отандық психологиядағы негізгі мәселелердің бірі. Көптеген көрнекті психологтар: П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская т.б. бұл проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын көрсетеді.

Бала психикасының дамуына биогенетикалық тұрғыдан келу. Адам психикасының дамуында екі негізгі фактордың ролі маңызды орын алады:

1.биологиялық фактор- табиғи, тұқымқуалаушылық ;

2. әлеуметтік фактор - өмір шарты, орта ;

Осы факторлардың өзара арақатынасы биологизаторлық және социологизаторлық теорияларының өкілдерімен әралуан қарастырылады.



Негізгі әдебиеттер:


  1. Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.

  2. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.

  3. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.

  4. Выготский Л.С. Педагогическая психология.- М.,1991.

  5. Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.

  6. Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.

  7. Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.

  8. Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.

  9. Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.

  10. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

  11. Немов Р.С. Психология: психология образования.- М.,1994.

  12. Немов Р.С. Психология: экспериментальная педагогическая психология и психодиагностика.- М.,1995.

  13. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты, проблемы.- М.,1995.

  14. Практикум по возрастной и педагогической психологии/ Под ред. Щербакова А.И.- М.,1987.

  15. Психология современного подростка/ Под ред. Д.И.Фельдштейна.- М.,1995.

  16. Райс Филипп. Психология подросткового и юношеского возраста.- СПб.,2000.

  17. Реан А.А., Коломинский Я.Л. Социальная педагогическая психология.- СПб.,2000.

  18. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии./ Под ред. Ильясова И.И, Ляудис В.Я.-М.,1986.

  19. Хрестоматия по возрастной психологии./ Под ред. Д.И.Фельдштейна.-М.,1994.

  20. Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании.- М.,1995.

  21. Ярошевский М.И. История психологии.- М.,1976.

Қосымша әдебиеттер:


  1. Баркан А.И. Его величество ребенок какой он есть. Тайны и загадки.- М.,1996.

  2. Безруких М.М. Знаете ли вы своего ученика?- М.,1991.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М.,1968.

  4. Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве.- М.,1990.

  5. В мире подростка/ Под ред. Бодалева А.А.- М.,1982.

  6. Возрастные особенности психического развития детей/ Под ред. Дубровиной И.В., Лисиной М.И.- М.,1992.

  7. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте.- Алматы.1981.

  8. Курганов С.Ю. Ребенок и взрослый в учебном диалоге.- М.,1999.

  9. Лешли Д. Работать с маленькими детьми.- М.,1991.

  10. Маркова А.К. Формирование мотивации учения.- М.,1990.

  11. Миславский Ю.А. Саморегуляция и активность личности в юношеском возрасте.- М.,1991.

  12. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога.- М.,1996.

  13. Орлов А.Б. Методы современной возростной и педагогической психологии.- М.,1982.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет