1 глоссарий аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән. Аудит



жүктеу 1.82 Mb.
бет1/8
Дата18.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-02.1.12.15-2013



«Аудит» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

Басылым №2______





«АУДИТ» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ » МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013



МАЗМҰНЫ



1

Глоссарий

3

2

Дәріс материалдары

5

3

Тәжірибелік сабақтар

49

4

Студенттердің өздік жұмыстары

55


1 ГЛОССАРИЙ
Аудит – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Аудит – заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебіне оның дұрыстығы мен әділдігі туралы пікір білдіру мақсатында, заңмен белгіленген талаптарға сай тексеру жүргізу.

Аудит пәні - шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Аудиторлық стандарт – аудиторлық қызметті іске асыруда қолданылатын ережелердің жиынтығы.
Жалпы стандарттар – өзінің алдында тұрған міндеттерді кәсібижоғары деңгейде және тиімдіорындау үшін аудиторда болуға тиісті белгілі бір сапа және біліктілік деңгейі (дайындығы, біліктілігі, туәелсіздігі, әділеттілігі, аудит өткізу кезінде тиісті көңіл бөлуі).
Жұмыс стандарттары – аудиттің міндеттерін орындауда (жоспарлау, бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне зерттеу жүргізу мен бағалау) аудиторлар басшылықққа алатын ережелер.
Аудит бағдарламасы – аудиттің жалпы жоспарының жүзеге асырылуы үшін қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралардың сипатын, мерзімін және көлемін анықтайды.
Аудитті лицензиялау – аттестациядан өткен аудиторларға, сонымен бірге, заң талаптарына жауап беретін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелген ұйымдарға аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқық беруші арнайы рұқсатты беру процедурасы.

Аудиторлық қорытынды – қаржылық есеп берушілікті тексеру қорытындыларын жүйелеп, есепте көрсету.
Аудиторлық дәлелдер - аудиторлардың сараптама жұмысы немесе клиенттерді және үшінші тұлғаларды тексеру барысында алған, жиналған ақпарат және аудиторлық қорытындының негізіне қызмет етеін нәтиже.
Аудиторлық ішкі дәлелдер- клиенттерден алған ақпараттар;
Аудиторлық сыртқы дәлелдер- үшінші тұлғалардан, басқа да ұйымдардан алынған ақпараттар;
Аудиторлық аралас дәлелдер- клиенттерден алынған және де сыртқы қайнар көздермен бекітілген ақпараттар болып табылады.
Аудиторлық тәуекелділік – қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылық болған күнде аудитордың соған сәйкес емес аудиторлық қорытынды беріп қою тәуекелдігі (қаупі).
Қателіктер- қаржы-шаруашылық қызмет фактілерін дұрыс көрсетпеу, есептің толықтығын дұрыс қарамау; есептік жазбаларда және топтарда арифметикалық және логикалық есептеулер нәтижесінде қаржылық есп берушіліктердегі әдейі жасалмаған бұрмалаушылықтар.
Алаяқтық - әдейі дұрыс көрсетпеу және есептің және есеп берушіліктің мәліметтерінің басқарушылар құрамының немесе үшінші жақтардың қызметкерлерімен бір немесе бірнешеуімен көрсетілуі.
Бухгалтерлік құжаттар мен жазбалардың жалғандығы - бухгалтерлік есептің құжаттарын әдейі дұрыс толтырмау және бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбаларды бұрмалап жазу.
Кездейсоқ қателер - кездейсоқ жіберілген дұрыс емсе жазбалар жатады, олар бухгалтерлердің қаржы-шаруашылық қызметінің қандай да бір фактілеріне дұрыс емес әдісті қолданғанда туады.

Анықталмау тәуекелдігі - аудитордың кәсіби даярлығы деңгейіне және ол пайдаланатын тәсілдерге байланысты, яғни аудитордың біліктілігі неғұрлым жоғары болса және тексеріске тартылған құжаттардың көлемі көп болса, елеулі қателіктер мен бұрмалаушылықтардың байқалмай қалу қатері соғұрлым аз болады.
Ажырағысыз тәуекелдік - субъектінің ішкі бақылауы болмаған жағдайда қаржы есептемесін растау.
Ішкі бақылау тәуекелдігі - шоттардың қалдықтарындағы қателіктердің болуы немесе есеп және ішкі бақылау жүйесінің көмегімен анықталғанға дейін елеулі операциялардың болуы ықтималдылығы.
Күдіксіз сенімді аудиторлық қорытынды- аудиторлық тексеруде ешқандай қателіктер жоқ, қаржылық есептің жасалуы дұрыс болғанда, бухгалтерлік есеп заңдарға, мемлекеттік ереже нұсқауларға сай, бухгалтерлік есеп стандарттарға сәйкес жүргізілгенде беріледі.
Күдіксіз ескерту келтірілген қорытынды – аудит жүргізудің барысында әртүрлі себептердің кездесуіне байланысты болады.

Күдікті сенімсіз аудиторлық қорытынды- аудит тексеруі барысында қаржылық есептің, бухгалтерлік есептің, есеп саясатының орындалмауына байланысты берілетін қорытынды.
Теріс қорытынды- субъектінің қаржылық есебі, бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есебі мен аудит стандарттарына сай жүргізілмеген мемлекеттік заңдарға, нұсқау ережелерге сәйкес келмеген жағдайда жазылады.
Стратификация - жиынтықты әрқайсысы ұқсас сипаттарымен (жиі кездесетін ақшалай құн) іріктеу бөліктерінің тобы болып есептелінетін кіші жиынтықтарға бөлу процесі.


2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ.
Тақырып 1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны
Дәріс сабағының мазмұны:

1. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері

2. Аудит функциялары мен объектілері, пәні

3. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.



4. Аудит мақсаты көзқарасын қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар.

5.Қаржылық есеп беру элементтері аудитінің мақсаттары.



6.Аудитті жүргізудің объектілік және циклдік тәсілдері.

7. Аудит түрлері
1. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп – лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.

АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді – деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдасьыру туралы салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы, ақша құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін брокерлере, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуге кепілдік береді. Қорыта келгенде аудитор қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, бизнеспен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетінің қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік есебі тек қана аудитор қорытындысы болған жағдайда ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан отчет информацияларын зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық информация алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік отчеттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін тудырады.

Дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болып саналады. Қытайлардың көне жазулары бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, өзінің міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүліктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған.

Кейбір деректерде аудиттің тарихы 17 ғасырда пайда болды делінген. Барлық ақпараттарды қорыта келе, аудиттің көне заманда пайда болғаны байқалады.

1773 жылы Шотландияның орталығы- Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардың есемі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде, Шотландияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды деген ұғымға келеді.

Аудиттің одан әрі дамуына 1862 жылы Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен есептерін ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексеруі қажет делінген. Америка Құрама Штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 жылы Нью-Йорк штатының заңды орындары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.

Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 жылы Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған, 1887 жылы АҚШ-та дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда- аудиторлар Институты, т.б.

Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан –аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.

Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңы әсерін тигізді.


2. Аудит функциялары мен объектілері, пәні

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым

Аудит дегеніміз – ол, кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын, банк және әлеуметтік есеп процесін келісім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.

Аудит – ол табыстылық отчетін немесе соған қатысты объектілер туралы информацияларды арнайы қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу

Аудит – ол шаруашылық, табыстылық операцияларының заңдылығын тексеріп, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен отчетының дұрытығын анықтап, арнай толем арқылы бақылау тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету.

Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуі мен оның құрылымын – ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды.

Нақты әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж «аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылы ақпарат туралы өз пікірін айту» - деп анықтама бернген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп аудит маманы Роджер Адамс «Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет информациялардың дұрыстығын анықтау мен кәсіпорынның табыстылық отчеттарын, ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан мәліметтердің шындығын анықтау» деп анықтама берген.

Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясында «Аудит – ол кәсіпорын ақпартындағы мәліметтердің пайдаланушылар үшін табыстылық отчет көрсеткіштеріндегі информациялық рискіні барынша азайту» деп анықтама береді. Осы аты аталған үш авторлардың ойын қорытындылайтын болсақ, Англиялық есеп және аудит маманы Р.Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтындығын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлі өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасында даму болады деген сөз.

Аудит дегеніміз – дербес тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкерн ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық табыстылық ақпаратын, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудитолық қорытынды жасау және әр түрлі түсініктеме қызметін көрсету» деп ойлаймын. Себебі аудит жұмысының көлемі, объектісі шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай ақпарат болмасан оның мәліметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі, тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапына төлем жасап, аудит жасатуды бірден бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себебі тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің ақпараты басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кідіргісіз қарым-қатынаста болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалары арқылы қарастырғаннан кейін оның негізі түсінікті болған сияқты.

Аудитор – кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

Шаруашылық субъектісі кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек. Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.

Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық ақпаратын тексеріп кәсіпорын қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекеттік салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Аудит пәні және объектілері олардың алдына қойылған мақсаттар және міндеттер арқылы анықталады.



Аудит пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік есепті талдау, т.б. кәсіпорындардың жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объетивті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.

Егер аудит объекті шаруашылық субъектінің финанстық қызметі болса, онда оның мақсаты — есеп берушіліктің толықтығын, нақтылығын, бекітілгендігін тиянақты түрде қарайды. Аудиттің мақсаты финанстық есеп бойынша аудиторлық қорытынды жасау, финанстық есептің бухгалтерлік есеп нормаларына және әрекет ететін заңдылықтарға сәйкестігін және нақтылығын тексеру болып табылады.

Егер аудит объекті бухгалтерлік есеп болса, онда аудит мақсаты барлық кәсіпорындарға мемлекетпен бекітілген заңдылықтарға, жалпы нормаларға, стандарттар мен ережелерге сәйкестігін тексеру болып табылады.

Егер аудит объекті барлық шаруашылық қызметі болса онда оның мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығындарды азайту мүмкіншіліктерін айқындау, еңбек өнімділігін және өндірістің рентабельділігін арттыру, кәсіпорын қызметін жақсарту үшін рекомендациялар өңдеу болып табылады.

Консалтингтік қызметті жүзеге асырудағы аудит мақсаты аудиторлық фирма клиенттерінің коммерциялық қызметін жақсартуда (үшін) жоғары дәрежеде консультациялық қызмет көрсету және аудиторлардың беделін арттыру болып табылады. Аудит қызметі басқа қызметтер сияқты пайдасы көп болу керек. Осы мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор алдында келесідей негізгі міндеттер тұр:

1.Кәсіпорынның финанстық есеп берушілігінің нақтылығын қамтамасыз ету және финанстық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелділіктің деңгейін төмендету.

2.Компоненттік мәліметтерді жинау және бағалау.

3.Кәсіпорынның немесе оның жеке түрлерінің экономикасын жүйелі және жан-жақты талдау.

4.Кәсіпорын қызметінің оның уставына, бизнес-жоспарына сәйкестілігін тексеру.

5.Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің жүргізілуін және мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектінің финанстық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін бақылау.

6.Алғашқы құжаттарды тексеру.

7.Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде клиенттерге консультациялық қызметтер көрсету.

8.Клиенттермен қатынасты нығайту және өсуіне әрекет жасау.
3. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат - бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Дж.Робертсон "Постулат-бұл негізінде қызмет бағыты белгіленетін негізі бар аксиомалық бекіту". Постулаттардың көмегімен аудиторлық стандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізге ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса мањызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К.Маутц және Х.А.Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла бастады. 1982 жылы америкалық ғылым Т.А.Ли өзінің постулатын қосты. Сондай-ақ Дж.Робертсон, Р.К.Мауц пен Х.А.Шараф постулаттарын "экономикалық тиімділіктің максимасы" деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда, А.Белкаоуи, Р.Адамс, Я.В.Соколов, К.Ш.Дүйсембаев, М.С.Ержанов және басқалары жекелеген постулаттардың мазмұнын нақтылау бойынша және оларды қалыптастыру үшін өз нұсқаларын ұсынды.

Әр түрлі ғалымдар мен маман - практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.

2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.

3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.

4. Есептеме дұрыс жасалмаған.

5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.

6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.

7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорциональды.

9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі және әрдайым ақпараттылығы аз болады.

10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.

11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау (30,34,36, 39,44,47 жєне т.б.).

Осылайша, аудит саласын стандарттау жєне теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізге алынуы керек.

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді, бұл аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде «аудит» жөнінде әр түрлі анықтамалар кездеседі. Біреулері өте қысқаша түрде анықтама берсе, басқалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заңында «Аудитке» төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудитті шаруашылық жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар, аудиторлық ұйымдар жүзеге асырады.

Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпорындар шаруашылық қызметінің заңлығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комиссиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды.

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар :

1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер

2.Ақпараттар

3.Аудиторлардың кәсіби мамандылығы

4.Материалдарды жинау және оларды бағалау

5.Стандарттар мен критериялар(белгілер)

Бірінші компонент – бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.

Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.

Үшінші компонент – бұл аудиті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.

Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.

Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.

Аудиттің алтыншы компоненті – аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі тереңде қарастыру мақсатымен біз мына үш түсініктеме бердік.


  1. Аудиторлық- кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.

  2. Шаруашылық субъектісі кәсіпорының, оғанаудитор қорытындысы керек.

  3. Мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді.

Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі:



  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет