1. Глоссарий Орман Пирологиясында Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/5
Дата26.04.2016
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий



  1. Дәрістер




  1. Тәжірибелік сабақтар




  1. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.


1.Глоссарий

Орман Пирологиясында ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:

    1. Орман пирологисы-орман өрттерінің сыры ж/е олардың салдары, орман өрттеріне қарсы күрес туралы ж/е орман шаруашылығында отты пайдаланудың оңтайлы жақтары туралы ғылым.

    2. Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру-орман өрттерінің алдын алуға, өрт қаупінің деңгейін төмендетуге, орманның өртке төзімділігін арттыруға, өрт ошағын жайылмаған бастапқы кезде іздеп табіға әрі оларды жоюға бағытталған техникалық ж/е орман өсірушілік іс-шаралардың жүйесі.

    3. Өртке қарсы кедергілер- орман өрттерінің тарап кетуі мен өріс алуына кедергі келтіретін аумақ учаскелері.

    4. Өртке қарсы тосқауыл-жоғары қабаттағы өртті тоқтатуға арналған ені 300 метрге дейінгі ормандағы құрастырмалы (күрделі) өртке қарсы кедергі.

    5. Өрт жолындағы үзілім- ормандағы табиғи түрде ағаш өспейтін жерлер, су айдындары н/е өртке қарсы арнайы жасалған ені 10-20 метр болатын соқпақ түріндегі кедергілер, әдетте, солардың үстімен жол өтеді.

    6. Орман өртінің алдын алу- орман өртінің шығуын ж/е таралуын болдырмауға бағытталған шаралар кешені.

    7. Өрт сөндірудің амалы- орман өрті кезінде сөндіру күштері мен құралдарын бөлу ж/е өрт сөндіру кезінде оларды кезектілікпен пайдалану.

    8. Орман өрттерін сөндіру- өрт сөндіру мынадац кезеңдерден тұрады: бөгеу (өрттің өріс алуына жол бермеу); жайылдырмау (от шарпымаған аумақты өрт шалған алқаптан бөліп тастау); сөндіру (өрті сөндірілген алаңдағы қоламта ошақтары жою); күзету (өрт қайта шығып кетпес үшін өренген жерлерді қадағалап оларда бықсыған от ұшқындарын қайтадан лапылдап кетпеуін зер салу).

    9. Өртке байланысты орманды аудандастыру- орман қоры аумағын орман өртіне қатысты біртекткс аудандарға бөлу.

    10. Қарсылай өрт салу жолағы- орман өрті жиектерінің шарпу бағыты бойынша одан әрі жануына кедергі жасау үшін қарсы өрт салынатын алқап.

    11. Өртке қарсы орман жолақтары-орманда жасалатын ж/е өрттің таралуына кедергі келтіретін алқаптар.

    12. Орман өрттері-жер бедеріндегі өрт түрлері, оларға даладағы, шабындықтағы, орман батпағындағы ж/е басқа өрттер де жатады.

    13. Сүрек тұқымдыларының өртке төзімділігі- ағаштар мен олардың шоғырларының орман өрті кезіндегі қызу әсерінен кейінгі тіршілігін сақтау мүмкіндігі.

    14. Өрт қаупі бар маусым- күнтізбекті жылдың ішінде сол аумақта орман өрттері шығуы мүмкін кезең.

    15. Ормандағы өрт қаупі- орманның түрі, оның табиғи ж/е басқа да ерекшеліктерімен айқындалады.

    16. Ормандағы өрт қаупі бар маусым- климат ж/е ауа райы факторларын негізге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, обылыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, орман өрті шығу қаупі болуы мүмкін күнтізбелік жылдың бір бөлігі.

    17. Өрт телімі-орман өртіне қатыстылығы жағынан салыстырғанда біртектес келетін орман қорының учаскесі.

    18. Сұлама өрт- жану материалы топырақ бетіндегі сүрек болып табылатын төменгі жағындағы өрт.

    19. Үстіңгі қабатты өрт- ағаштардың шашағын шарпыған өрт.

    20. Ландшафтық өрт- географиялық ландшафтың түрлі бөліктерін шарпыған өрт.

    21. Орман шымтезегінің өрті- шалшықтанған әрі батпақты топырақтың шымтезектенген қабаты жанатын орман өрті.

    22. Төменгі қабат өрті- орман өсімдіктерінің төменгі қабаттары, орман төсеніші, құлаған бұтақтар арқылы таралатын орман өрті.

    23. Қаулаған өрт- орман биогеоценозының барлық бөліктерін қамтыған орман өрті.

    24. Орман өртінің ауданы- оттың өсімдіктерге тигізетін зардабы байқалатын орман өртінің сұлбасы шегіндегі көлемі.

    25. Өрт қадағалау мұнарасы- өртті жоғарыдан бақылау үшін ағаштан немесе металдан (биіктігі 25 метр ж/е одан да жоғары) тұрғызылған ғимарат.

    26. Өрт қадағалау мачтасы- бетонды іргетасқа шегенделіп, тіке тартылған жүйелермен ұсталатын бір бағаналы ағаштан немесе металдан тұрғызылатын (биіктігі 35 метр) ғимарат.

    27. Өрт сөндіру-химия станциясы- орман өрттерін сөндіру үшін өртке қарсы техникамен, жабдықтармен, байланыс құралдарымен, көлік құралдарымен жарақтандырылған және арнайы даярланған қызметкерлері бар арнайы үй-жайларда орналасқан мемлекеттік орман иеленушінің мамандандырылған бөлімшесі.

    28. Орман өртін табу- орман өртінің шығу фактісі мен орнын анықтау.

    29. Орман өртінің картасы- әрбір орман орамындағы өрт қаупі деңгейін, басым ағаш тұқымдыларын, өрт сөндіру объектілерін көрсететін карта.

    30. Орман өрт сөндіру станциясы- орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі.

    31. Орман өртінің сұлбасы- от шарпып өткен орман алаңының сыртқы шекарасы.

    32. Орман учаскелеріндегі өрт қаупінің класы- оларда өрт шығу және оның үдей түсу мүмкіндігіне орай орман учаскелерінің өрт қаупі деңгейін шамалап бағалау.


1-2дәріс. Тақырыбы. Орман өрті

Кіріспе.

Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Aбайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.



Орманда зиянды жәндіктердіңағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. 

Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы. Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша.

Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді. Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді), жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ төгіліп тұрады).
1. Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. Далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер.Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді,  бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді.

Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы,  тұрақты және тұрақсыз болады.


Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді)  таралады.



    1. – сурет. Төменгі өрт

Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады.

Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән. Түтін түсі – ашық-сұр, төменгі өрттердің таралу жылдамдығы желмен қарағанда желге қарсы 6-10 есе қарсы. Тәуліктің түнгі уақытында күндізгіге қарағанда жылдамдығы азырақ болады. Жел бағыты өзгерсе өрттің формасы – оның форнтының, қанатының, соңының негізгі элементтері өзгеріп кетеді. Бұнадй жағдайларда әсіресе өрт үлкен көлемдерге жайылса, орман ішіндегі адамдарды да қоршап алуы мүмкін. Ірі өрт кезінде авиациялық барлау көмегімен ғана жағдайға бейімделуге болады. Жоғарғы тұрақты өрт төменгі өрттердің келесі кезеңі, төменгі өрттер ағаштардың тамырын өртмей отырып, бұтақтарын, жапырақтарын, ұсақ және ірі бұтақтарын өртке орап әкетеді. Төмен өрттердің ағаш жабындыларына өршігуі қатты желдерде, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардың кебулерінде (әсіресе тау бөктерлерінде, өрт жоғарыға тарағанда) болады. Ағаш кебулері жоғарыда болған өрттен кейін толығымен өліп қалады, бұтақтардың тек күйіктері ғана қалады. Жоғарыдағы тұрақты өрт кезіндетөменгі өрт басының жылжу шамасы бойынша ағаштардың ұшар басы бойынша таралады. Тек қатты желдердің әсерінен ғана болатын, жоғарғы тұрақсыз өрттер кезінде ағаштардың бастарынан «ауыспалы», төменгі өрттің фронттарын баса отырып таралады. Жел сонымен қатар ағаштық ұсақ бөліктерін, басқа да ұсақ жанып жатқан объектілер мен шоқтарды шашыратып, негізгі ошақтың алдынан бірнеше жүз метрге төменгі өрттерде жаңа ошақтар пайда болуына әкеледі. Көптеген жағдайларда өрт айтылған тәсілмен жолдардан асып, өртті сөндіруге арналған минералданған сызықарға, өртке қарсы жарылулар және басқа да шептерге «лақтырылады».Өрттердің «алмасуы» кезінде  ағаш ұштары бойныша сағатына 15-25 км жылдамдықпен таралады, бірақ та жоғары тұрақсыз өрттің орташа жылдамдығы әрқашан да аз, өйткені «алмасудан» кейін өрт фронтының таралуы төменгі өрт  жанған ұштары учаскісінен өткенше тоқтап тұрады.



    1. – сурет Жоғары өрт

Жоғарғы өрттер көп көлемде жылу бөліп, өрт өнімдері мен қызылған ауа ағынын шақырып,  бірнеше жүз метр диаметрде конвективті ағыны (бағандары) пайда болады. Олардың қозғалысы өрттің фронтының бағытымен түйіседі. Конвективті ағыстың ортасындағы өрт 100 мерт биіктікке дейін көтеріле алады. Конвективті бағана өрт аймағының ауа кіруін жоғарылатады және  өрттің көбеуіне жол беретін жел тудырады.


Тұрақсыз жоғарғы жел кезінде аудан формасы жел бағыты бойынша соөылыңқы болады. Жоғарғы өрт түтінінің түсі қою қара.
1.1 – кесте. Өрт түрлері


Өрттiң параметрлерi

Өрттiң күшi көрсеткiшiнің мәнi

Әлсiз

орташа

күшi

Төменгi өрт

Тарауының жылдамдығы минут/м

1 дейін

1-3

3-тен көп

жалынның биiктiгі

0,5 дейін

0,5-1,5

1,5- тен көп

Жоғарғы өрт

Тарауының жылдамдығы минут/м

3 дейін

3-100

100- ден көп

Жерасты өртi

Жану тереңдігі, см

25 дейін

25-30

50 –тен көп





  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет