1. html тіліне кіріспе 4 World Wіde Web және html тілі 4



Дата07.11.2019
өлшемі3.04 Mb.
1. HTML ТІЛІНЕ КІРІСПЕ 4

1.1. World Wіde Web және HTML тілі 4

1.2. HTML тілінің атқаратын қызметі 5

1.3. HTML командалары 6

1.3.1. Тәг атрибуттары 6

1.4. HTML-құжатты дайындау 8

2. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТӘГТЕРІ 10

2.1. HTML құжатының құрылымын анықтау тәгтері 10

2.2. HTML тілінің негізгі тәгтері 11

2.3. Құжаттың негізгі бөлігі 13

2.4. Құжаттардағы түстерді анықтау 14

2.5. Мәтіндерді түрлендіру тәгі 15

3. ҚҰЖАТТЫ ФОРМАТТАУ 19

3.1. Қаріптерді форматтау 19

3.1.1. Физикалық стиль 19

3.1.2. Логикалық стильдер 19

3.1.3. Жоғарғы және төменгі индекстер 21

3.2. Гиперсілтеме бойынша ауысу 21

3.3. HTML-құжатқа суреттер енгізу 23

3.4. Құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру 26

4. ҚҰЖАТ ІШІНЕ ТІЗІМДЕР ОРНАЛАСТЫРУ 30

4.1. Нөмірленбеген тізімдер 30

4.2.

    тәгі арқылы жазылатын нөмірленген тізімдер 30

    4.3.

    тәгі арқылы жазылатын анықтау тізімдері 31

    4.4. Қабатталған тізімдер 33

    5. КЕСТЕЛЕР ТҰРҒЫЗУ 35

    6. БІР WEB-ПАРАҚТА ФРЕЙМДЕР АРҚЫЛЫ БІРНЕШЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ 39

    6.1. Фреймдер құру тәсілдері 39

    6.2. … тәгтері 43

    6.3. тәгі 44

    6.4. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру 45

    7. HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 49

    7.1. тәгін пайдалану 49

    7.2. Фондық дыбыс 50

    7.3. Бейнекадрды пайдалану 50

    8. HTML ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ФОРМАЛАР 52

    8.1.

    тәгі 52

    8.2. Форма жасау тәгтері 52

    8.3. <ТEXTAREA> тәгі 53

    8.4. SELECT тәгі 54

    8.5. тәгі 56

    8.6. Енгізу өрісі түрі, атрибуты 57

    8.7. Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану 61

    9. HTML ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 65

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

    1-ҚОСЫМША. HTML ТІЛІНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕ СӨЗДІГІ 80

    2-ҚОСЫМША. ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСТЕР ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 84

    World Wіde Web және HTML тілі

    Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер ара­сында мә­лі­мет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol)пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау ха­т­тамасы)деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы(WWW немесетек Web) пайда болды.

    Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (Hyper­Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілітілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-торапта­рында) орна­ластыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер­нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әр түрлі бола береді және олар көптеген тақырыптарды қамти алады, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат­тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.

    HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмекболып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.



    Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Интернет жүйесіндегі басқа компьютерде орнала­сып, бейне­жазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

    Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін броузер (browsers) деп ат­алатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Броузер арнайы командалармен – тәгтермен толықтырылған мәтіндік құжатты қабылдап алып, оның тақырыптарын экранға үлкен әріптермен, ал жай мәтіндерін кішірек таңбалармен жазады, оның ішіндегі суреттерді де адрестеріне сәйкес басқа немесе осы компьютерден оқып экранда көрсетеді. Ең кең тараған броузерлерге Windows операциялық жүйесі­мен бірге қойыла­тын Internet Eхplorer және жеке қолданылатын Netscape Navigator прог­раммасы жатады. Осы екеуі (олардың бұрынғы нұсқаларын қоса есеп­тегенде) бүгінгі қолданылып жүрген броузерлер­дің 90 %-ын құрайды.

    Сонымен, web-құжат дегеніміз тәгтермен толықтырылған мәтіндік файл болып табылады, оның мәтіндерін бір-бірімен байланыстыра оты­рып белгілеуге мүмкіндік беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңды­лық­­тары мен ережелері бар. Web-құ­жат­тың алғашқы нұсқасын Блокнот сыяқты редакторлардың бірінде дайындап алып, броузер арқылы экранда көреміз. Егер оны тү­зету ке­рек болса, броузер арқылы мәтін нұсқасын экранға шыға­рып түрлен­діру қажет. Web-құжаттарды жасап, оны көрнекті түрге келтіріп безен­ді­ретін мамандарды web-шебер немесе web-дизайнерлер деп атай­ды. Шағын көлемді web-құжатты HTML тілінің негізін білетін кез келген студент жасай алады.

    Негізінде гипермәтіндік web-құжаттар жасаудың екі тәсілі бар, олар: HTML тілін пайдалану және арнаулы HTML-редакторларды қолдану. Соңғы тәсіл “экранда не көрсең, соны аласың” деген WYSI­WYG принципімен диалог режимінде істейтін Netscape Editor, Hot Dog, Front Page сыяқты программалар арқылы гипермәтін жасауды жү­зе­ге асырады, олар құжаттың ішкі құрылымына араласпай, тек меню командалары немесе батырмалар арқылы керекті құжат бейнесін қа­лып­тастырады. Дегенмен, ең қысқа, әрі жылдам істейтін тәсіл болып HTML тілі есептеледі және редакторлар арқылы жасалған Web-парақ­тың ең соңғы нұсқасына өзгертулер енгізу де HTML тілі арқылы орын­далады.


    HTML тілінің атқаратын қызметі


    Web-парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп (форматтап) көрсететін тілге жатпай­ды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Wіndows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтыну­шы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі бол­ған­дықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.

    Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқара­тын қыз­ме­тін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.

    Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алын­ған соң, оны броузер-программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолда­рының орт­асына жылжы­тып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақы­рып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін.

    HTML тілінде мәтінді форматтау тәсілдерінің көптеген мүмкін­діктері бар, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың маәтіні мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, HTML тілінің соңғы [HTML 4.0] нұсқасында мәтінді формат­тау командаларын пайдалану ұсынылмаған.


    HTML командалары


    HTML тілінің бастапқы берілген символдық мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тәг (tag) деп аталады. Тәг символдар тізбегінен тұрады. Кез келген тәг “кіші” (<) си­м­волынан басталады да, “үлкен“ (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұ­рыш­тық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын ағылшын тіліндегі түйінді сөз – тәг орналасады.

    HTML тіліндегі әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады. Тәгтің ағылшын тіліндегі аты оның қызметімен сәйкес келеді. Олардың жазы­л­уында әріптер регистрі ешбір рөл атқармайды, бас әріпті де, кіші әріп­терді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тәг атауларын мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.

    HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір аб­зацқа ғана әсер етеді. Осыған орай керекті сөз тіркес­терін қоршап тұрған екі тәг қатар қолданылады: бірі абзацты – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг – сол әсерді аяқтайды. Жабу тәгтері қиғаш сызық символымен (/) баст­алуы тиіс.

    Кейбір тәгтер өз жазылу орнына ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тәгі қажет болмай қалады да, тек жалқы тәг жазылады (мысалы, сызық жүргізу). Егер қате кетіп, тәг ретінде HTML тілінде қолданыл­майтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды.

    Броузер-программа арқылы құжат экранда көрсетілген шақта тәгтердің өздері бейн­еленбей, тек керекті мәтін немесе суреттер көрі­ніп, тәгтердің сол құжат мәтініне тигізетін әсері ғана білініп тұрады.

    Тәг атрибуттары

    Көбінесе ашылу тәгтерінің тигізетін әсерлерін айқындайтын неме­се түрлендіретін олардың атрибуттары (сипаттамалары) болады. Атри­бут­тар немесе сипаттамалар – тәг атауынан және бір-бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылатын қосымша түйінді сөздер мен солар­дың мүмкін мәндерінен тұрады. Көптеген атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбаса да болады. Жабылу тәгтерінің ешқашанда атрибуттары болмайды.



    HTML тәгтеріне мысалдар:

    Жалпы тақырып Терезе тақырыбы

    Ең ірі мәтін


    Кішілеу мәтін



    Бірінші абзац

    HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұратын қарапайым символдар жиыны болып табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай қарапайым мәтіндік редактор­дың бірін, мысалы Блокнотты пайдалана беруге болады. BR тәгі жаңа жолға көшуді қамтамасыз етеді. Р тәгі жаңа абзац жасайды.

    Екінші абзац


    Абзац үшін жабу тәгі қажет емес. HR тәгі көлденең сызық сызады.


    Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет