1. Жалпы ережелер



жүктеу 82.64 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі82.64 Kb.
: content -> files -> pages
pages -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
pages -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
pages -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности «6M020400 культурология»
pages -> Қр бғм білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті
pages -> Бағдарламасы Қазақ бөлімі «Тіл теориясы»
pages -> Дипломдық жұмыс тақырыптары № №ю№ Аты жөні Тақырыптары
pages -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «050419 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»
pages -> АҚпараттық хат I фараби оқулары
pages -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы

19-қаңтардағы № 110

Қаулысымен

бекітілген

Білім беру ұйымының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру

мен қайта қабылдау Ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 4-бабының 26-тармағына сәйкес жасалған.

2. Ереже меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау тәртібін анықтайды.

3. Білім алушыларды ауыстыру курстан курсқа, білім беру ұйымынан екінші ұйымға, оқу түрінен екіншісіне, тілдік бөлімнен екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне ауыстыру арқылы жүзеге асады.

4. Күндізгі және сырттай оқу түрінде білім алушының ауыстыру және қайта қабылдау туралы арыздары білім беру ұйымының басшылығы тарапынан жазғы және қысқы демалыс кезеңдерінде 5 жұмыс күні ішінде, кезекті академиялық кезең басталғанға дейін қарастырылады.

Сырттай оқу түрінде оқитын білім алушылардың ауыстыру мен қайта қабылдау туралы арыздары білім беру ұйымының басшылығы тарапынан кезекті емтихандық сессияның басталуына бір ай қалғанға дейінгі уақыттан кешіктірмей қарастырылады.

5. Білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау кезінде олардың алдыңғы академиялық кезеңдерде игерген жұмыстық оқу жоспары бойынша академиялық пән айырмашылықтары анықталады.

6. Жұмыстық оқу жоспарындағы академиялық пән айырмашылықтары білім беру ұйымының басшысы оқуын аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі - анықтама), немесе транскриптіде, немесе оқу карточкасының көшірмесінде көрініс тапқан академиялық сағаттардың немесе кредиттердің бағдарламалары мен көлемдерінің, игерген пәндер тізімінің негізінде анықтайды.

7. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған және қайта қабылданған жағдайда игерілген оқу бағдарламалары жөніндегі және алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) тапсырылады. Ол Қазақстан Республикасының нострификация шарасының белгіленген тәртібімен өтуі тиіс.

8. Жұмыстық оқу жоспарының пәндердегі академиялық айырмашылықтарды жою үшін білім алушы академиялық кезең бойында барлық оқу сабақтарына барып, ағымдағы бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат ететін жолдама алады.

9. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыстық оқу жоспарының пәндеріндегі академиялық айырмашылық ары қарайғы уақытта академиялық қарыз ретінде есептеледі.



2. Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша

білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдаудың тәртібі

10. Бакалавриат үшін оқу жоспарындағы пән айырмашылығы міндетті құрамдас бөлшектің бес оқу пәнінен аспайтындай болса, ауыстыру мен қайта қабылдау сол курсқа қабылдау арқылы жүзеге асады.

11. Білім алушының орташа үлгерім балының (GPA) жиыны жоғары оқу орнында тағайындалған (бұдан әрі - ЖОО) ауысу балынан төмен болмауы студентті курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.

12. Білім алушының бірінші академиялық кезеңді жеке оқу жоспарының 15 кредиттен кем емес көлеміне сәйкес толық аяқтауы оны жоғары оқу орнына ауыстыру немесе қайта қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.

Сонымен қатар, студент қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылу мерзіміне қарамастан, кез келген оқу түріне, кез келген мамандыққа және кез келген ЖОО-ға ауыса немесе қайта қабылдана алады.

13. Білім алушының ауысу немесе қайта қабылдану кезінде оқу курсы пререквизиттерді ескере отырып анықталады. Игерілген кредиттердің сынақтарын қайта тапсыру білім бағдарламасын игерудегі қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Пән айырмашылығын анықтау кезінде қорытынды бақылау түрлеріндегі айырмашылықтар есепке алынбайды.

Сынақ білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне ең төменгі D-дан (1,0; 50-54%) бастап, ең жоғарғы А-ға (4,0; 95-100%) дейінгі диапазонға теңестіріледі.

15. Білім алушылардың курстан курсқа ауысуы жазғы семестр мен ауысу балының нәтижелерін ескере отырып жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестация) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

16. Білім алушының курстан курсқа ауысуы ЖОО басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

17. Білім беру гранты бойынша оқитын студент белгіленген ауысу балын жинаған және келесі курсқа академиялық қарызбен ауыстырылса, ол алушы академиялық қарызын ақылы түрде жоя алады, әрі оның білім гранты сақталады.

18. Білім гранты бойынша оқып жатқан, бірақ қайта оқу курсына қалдырылған студент грантынан айырылады және ары қарай ақылы негізде оқуын жалғастыра алады.

19. Білім беру грантымен оқып жатқан оқушы басқа ЖОО-ға білім грантын сақтай отырып ауыса алады.

Жекелеген ЖОО-ға тағайындалған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты орындарға, сондай-ақ, бөлінген квота шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түскен білім алушыны басқа ЖОО-ға білім беру грантын сақтай отырып ауыстыруға жол берілмейді.

20. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан докторанттар мен магистранттарды бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыруға білім беру саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлуге өкілетті органның рұқсат ету жолы арқылы жүзеге асырылады.

21. Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру төмендегі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысқысы келген білім алушы өзі оқитын ЖОО басшысына ауысу туралы өтініш жазады, басшылықтың мөрмен бекітілген жазбаша келісімін алған соң өзі қалаған ЖОО басшысына өтініш білдіреді.

жазбаша түрде келісім берген хатты алған соң өзін қызықтырған ЖОО басшысына арыз жазады;

2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы арызға оқу ісі жөніндегі проректор мен кеңсе тіркеушісі қол қойған және мөрмен бекітілген транскриптінің; бірыңғай ұлттық тестіні тапсырғаны туралы сертификаттың немесе кешенді тестілеудің сертификатының; білім беру грантын иеленушінің куәлігі (егер мұндай бар болса); өзі оқыған ЖОО басшысының атына жазылған арыз (басшының қолы қойылып, мөрі басылған); ЖОО-ның білім алу әрекетін жүзеге асыру лицензиясы, соның ішінде мамандық бойынша қосымшалар; жеке куәлік; білім алу қызметін көрсету жөніндегі келісім-шарттың екі данасы (келісім-шартпен оқитындар үшін) көшірмелері;

3) факультет деканы ( институт директоры) ұсынылған құжаттар негізінде салыстыру тізімдемесін құру жолымен оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылықтарын анықтайды және игерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын тағайындайды, білім беру бағдарламасына сәйкес игерілген кредиттерден қайта сынақ тапсыруды жүргізеді және тіркеу бөлімімен келісімі бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

4) факультет деканының (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлімнің немесе басқарманың) бастығының, ЖОО басшысының оқу істері жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

22. Білім алушы ауысып жатқан ЖОО басшысы бұйрық шығарылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінің ішінде білім алушының бұрын оқыған оқу орнына оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы сұраныс хат жолдайды.

23. Білім алушы бұрын оқыған ЖОО басшысы бұл сұраныс хатты алғаннан кейін "(ЖОО атауы көрсетіледі) ауысуына байланысты оқудан шығарылды" деген тұжырыммен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және осы бұйрық шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке іс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның атына жолдайды.

Білім алушы оқыған ЖОО-да транскриптінің көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билеті және жолданған құжаттардың тізімі қалады.

24. Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру кезінде қабылдаушы ЖОО басшысы білім беру саласының өкілетті органына және сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім алушының оқуға қабылданғаны туралы соның атына жазылған бұйрықтың көшірмесін ЖОО-ларды қаржыландыруды түзету үшін ұсынады.

25. Білім беру грантында білім алушының бір ЖОО-дан екіншісіне өз курсынан төмен курсына ауысуы тек қана ақылы негізде ғана мүмкін болады.

26. Білім алушының ақылы негізде білім алу үшін бір ЖОО-дан екіншісіне ауысуы білім алушы мен қабылдаушы ЖОО арасындағы келісім-шарт жасасу арқылы жүзеге асырылады.

27. Білім алушының бір мамандықтан екіншісіне, бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысуы тек қана ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

28. Ақылы негізде білім алушының бір ЖОО ішінде бір мамандық пен оқу түрінен екіншісіне ауысуы келісім-шартқа сәйкес өзгертулер енгізумен жүзеге асырылады және ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

29. Оқу жоспарларының пәндері арасындағы академиялық айырмашылықты жою тәртібі мен мерзімдері факультет деканының (институт директорының) бұйрығымен бекітіледі және ағымдағы оқу жылында білім алушының жеке оқу жоспарында тағайындалады.

30. Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушы осы көрсетілген қарызын жапқан жағдайда оқудан шығарылған күннен бастағанда төрт ай ішінде қайта қабылдана алады.

31. Білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын жою тек қана ақылы негізде жүзеге асырылады.

32. Қайта қабылдау шарасы төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) білім алушы ЖОО басшысының атына өз оқуын жалғастырғысы келетін тілегін айтып, қайта қабылдау туралы арыз береді. Қайта қабылдау туралы арызға Анықтама (түпнұсқа) немесе сынақ кітапшасының (транскриптінің) көшірмесі; білім беру қызметтерінің көрсетілгені (келісім-шартпен оқитындар үшін) жөніндегі келісім-шарттың екі данасы қосып беріледі;

2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған Анықтама негізінде салыстыру тізімдемесін құру жолымен оқу жоспарларындағы пәндердің айырмашылықтарын анықтайды және игерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын тағайындайды, білім беру бағдарламасына сәйкес игерілген кредиттердің қайта сынағын жүргізеді және тіркеу бөлімімен жүргізілген келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

3) факультет деканының (институт директоры), оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік бөлімнің немесе басқарманың) бастығының, ЖОО басшысының оқу істері жөніндегі орынбасарының визаларына сәйкес ЖОО басшысы білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.

33. Егер білім алушы басқа білім беру ұйымына қайта қабылданып жатса, білім алушының бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұранымының негізінде білім алушының Анықтамасының көшірмесін, оқу карточкасын, сынақ кітапшасын, студенттік билетін және жолданатын құжаттардың тізімін өзіне алып қалып, жеке іс қағазын беріп жібереді.



34. Білім беру гранты бойынша оқитын студент сол мамандық бойынша білім алу барысында науқасқа шалдықса дәрігерлік-консультациялық комиссияның оқуды тоқтату туралы қорытындысы негізімен бір мамандықтан екіншісіне білім беру гранты бойынша тіркелген бос орынға ауыстырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет