1. Жалпы мәліметтер Ауданның тарихы Географиялық жағдайы Жалпы мәліметтер



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/3
Дата27.04.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

з

Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық паспорты


Зайсан қаласы

2012 жыл
аррррра


1. Жалпы мәліметтер

1.1. Ауданның тарихы

1.2. Географиялық жағдайы
1. Жалпы мәліметтер

1.1. Ауданның тарихы

1.2. Географиялық орналасуы

1.3. Табиғат-климат жағдайы

1.4. Пайдалы қазба байлықтары (о. і. игеру болашағы бары)

1.5. Су ресурстары

1.6. Өңірдің экономикасының мамандануы

1.7. Өңірдің соңғы 10 жылдағы даму динамикасы (2002-2011жж.)

(өңірдің негізгі көрсеткіштерінің нақты өсу қарқыны: АЖӨ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының, шағын кәсіпкерлік өнімінің көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі, басқа да негізгі көрсеткіштер мен облыс бойынша өңірдің үлесі)
2. Ауданның есепті жыл қорытындысында қысқаша әлеуметтік-экономикалық дамуы

2.1. Ауданның даму қарқыны мен даму деңгейінің рейтингі

2.2. Өнеркәсіп

2.3. Ауыл шаруашылығы

2.4. Шағын және орта кәсіпкерлік

2.5. Кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілердің төмендеуі

2.6. Құрылыс

2.7. Негізгі капиталға инвестициялар

2.8. Сауда (о. і. сыртқы экономикалық қатынастар)

2.9. Инфрақұрылым

2.10. Білім және жастар саясаты

2.11. Денсаулық сақтау және спорт (о.і. дене шынықтыруды дамыту)

2.12. Бюджет (кіріс және шығыс жағы)
3. Өңірдің алдағы жылға арналған дамуының және салалар бөлінісінде орта мерзімді келешегінің негізгі мақсатты индикаторлары
4. Өңірде инвестиция салуға қолайлы бағыттар (о.і. нақты жобалар мен инвесторларға мүмкіндіктер)
4. ФИИР бағдарламасын жүзеге асыру
5. Таблицалар, диаграммалар және карталар

Зайсан ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте құрылды. Зайсан Қазақстан тарихында айрықша іздері жосылып жатқан қойнауы құт, жері бай киелі өңір. Ол шығыс пен оңтүстікте құмды төбешіктерге құлаш жайған Ақжон жазығы, шыңдарының ұшар басы 3000 метрге дейін бой созған Сауыр- Сайқанның алып жоталарының арғы жағындағы Қытай Халық Республикасымен, батыста Тарбағатай, солтүстікте Күршім аудандарымен шектеседі. 1939 жылға дейін Семей облысына, 1939 жылдан бастап жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан (орталығы Өскемен) облысына қарады. Зайсан ауданы орналасқан аумақта (1911 жылғы мәлімет бойынша) Кендірлік болысы -11старшын, Маңырақ болысы – 7 старшын, Қара Ертіс болысы 8 старшын, Шілікті болысы 10 старшынға бөлінген әкімшілік басқару жүйесі болған.

«Батыс Сібірге саяхат» кітабының авторы әйгілі А.Брем және өзінің әріптесі неміс ғалымы О.Финшпен 1876 жылы Зайсанда болып, өзінің еңбегінде «Зайсан посты өте жылдам түрде дамып келеді, көшелері кең, таза, адамды бірден баурап алады екен. Кірпішпен әдемі жиналған үйлер көшелерге ортазиялық келбет береді. Әктермен ағартылған үйлер өте көңілді көрінеді. Қоңыраулы әдемі кішкене ағаш шіркеу бар. Сонымен қатар үш сыныптық приходтық мектеп те бар» - деп сипаттама берген.

Археолог С.С.Черников қазба жұмыстарын 1949 жылы бастап, Шілікті қорғандарын 1959, 1960- 1962 жылдары және одан кейінде қазып зерттеді. Көп жылдардағы жұмыстарының ең тамаша нәтижесі – 1960 жылы қазған «алтын қорған» ірі құрылыстарға жатады. Обадан табылған мүлікті тәптіштеп тізімдеген С.Черников барлығы 524 алтын зат тіркеді.

2003 жылы Шілікті алқабындағы Жалши ауылының маңындағы Қара оба – Бәйгетөбеден Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры А.Т.Төлеубаев басқарған ғылыми топ үшінші «Алтын Адамды» тауып, археология ғылымында сенсация жасады.

1882 жылы А.С.Хахлов алғаш рет Зайсанға бал арасын әкеліп өсірген. Ара шаруашылығы қарқынды дамып, өнімдері Семей қаласында, тіпті 1893 жылы Чикаго қаласында өткен халықаралық көрмеде жоғарғы баға алған.

1887 жылы шошқа майын қақтайтын, шырағдан жасайтын, сыр шығаратын зауыттар салынған. Қалада 2 үлкен тері өңдеу зауыты болды. Фунтиковтың, Ахтямовтың кірпіш зауыттары жұмыс істеді. Жеменейдің бойындағы Добржинскийдің сыра зауыты бавар сырасымен уезді ғана қамтып қоймай, шетке экпортқа шығару дәрежесіне көтерілді. Қалада екі кір сабын қайнататын зауыт және Зайсанға басқа жақтан әкелінген темір рудасын өңдеп, Қытай мен Тибет, Моңғолияға экспортқа темір шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрды. Асташевтің пима басатын зауыты, үлкен кәсіпорындары болған. Ағаш өңдеу, тақтай, есік, терезе, үй жиһаздарын, әйелдердің әшекей, блезік, алқа жасау сияқты қолөнері жақсы дамыған, қамыс, ши қараған, шілік, талдарды кәдеге жаратқан. Зайсан қаласында 1898 жылы 32 саудагер тұрды. 1914 жылы Шығыс Қазақстан бойынша бірінші рет Зайсанда жүк тасымалдау компаниясы құрылды.

1928 жылы халыққа бірлесіп қызмет көрсету үшін Зайсан аудандық Тұтынушылар қоғамының одағы құрылды.

Қазақ ССР геология басқармасының 1939 жылғы зерттеу мәліметі бойынша «Кендірлік» көмір кенінің қоры 4 млрд тоннаға жетеді. Мұнда 800 млн тонна қоңыр көмір, 212 млн тонна тас көмір және 170 млн тонна жанғыш сланец қоры дәлелденген.

1934 жылы Зайсан қазан шұңқырында мүнай бар екені анықталды. Белгілі геолог В.П. Нехорошевтің тікелей басқаруымен осы өңірдің региондық, геологиялық картасы жасалды. Кейінірек Зайсан көлі маңайындағы мұнай қоры туралы Н.П. Туаев, Д.В.Дробышевский, Р.И.Вялова, В.С. Ерофеевтер өз еңбектерінде нақтылы дәлелдермен жазды. 1982-1996 жылдар аралығында «Восток геология» мемлекеттік өнеркәсіп мекемесінің ұсыныс бойынша мұнай қорын зерттеу жұмысын «Сарыбұлақ» учаскесінен бастады. Зерттеу қортындысы 100 млн тонна мұнай қорын анықтап отыр.

Тау шатқалынан құлай ағатын, тасығанда өте қауіпті Кендірлік өзеніне 1956 жылы су бөгені салынды. Бөген іске қосылғаннан кейін егін шаруашылығын өркендетуге, малға азық болатын дақылдар өсіруге жақсы жағдай жасалынды. 1967 жылы Үйдене су қоймасы салынды, жалпы сыйымдылығы 75 млн текше метр, СЭС Зайсан қаласын арзан электр энергиясымен қамтамасыз етумен қатар Қарабұлақ, Кеңсай ауылдық округтері және Зайсан қаласы әкімшілігіне қарасты шаруа қожалықтарының 13 мың гектар егістіктерін, бау-бақша алқаптарын суаруға пайдаланылады. 1984 жылы Жеменей өзеніне су бөгені салынды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 6 сәуірдегі №136 қаулысы бойынша Қабырғатал – Көртерек құмдарындағы шырғанақтың бірнеше түрі өсетін 3779 га жер табиғи қорыққа айналдырылған.

Барлық ғұмыры жиһангездікпен өткен, өз халқының мүддесін қорғаған батыр Мырзаш Алдияров, алты алашқа аты әйгілі палуан Бұланбай Көлбайұлы, қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев, Қазақстанның халық әртісі Күләш Сәкиева, КСРО батыры В.Е.Головченко, «Даңқ» орденінің толық иегері Манапов Әубәкір, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры генерал Болат Зәкиев, Социалистік Еңбек Ерлері Оспан Байсеитов, Шаймардан Мұқанов, Зада Сепсекенов, Тұрабай Тұраров, Нұрмұханбет Есентаев Зайсан елінің мақтанышына айналғандар.

1990 жылы 14 маусымда Шығыс Қазақстанда күшті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Бақасу ауылының маңы болды. 1990 жылы 18 маусымда Республика басшысы Н.Ә.Назарбаев ауданда болып, табиғат апаты салдарынан қираған ауылдарды аралады. Халықпен бетпе-бет сұхбаттасып, қайрат – жігер берді, ел басына осындай ауыр сәт туған кезде өз халқының ортасынан табылып, рухани демеу көрсетіп, барлық шындықты бүкпесіз ортаға салып, Республика жұртшылығына Үндеу тастады.

«Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» дегендей, осындай қамқорлықтың арқасында еңсесі түскен еліміз есін тез жиды.

Ауданның табиғи-климаттық жағдайы барлық ауылшаруашылығы дақылдары мен төрт түлік малдарды өсіруге қолайлы. Өсімдік шаруашылығы негізінен Зайсан қазан шұңқырында дамыған. Жылдық жауын мен қардың орташа мөлшері 180-220 мм құрайды. Қыс маусымы 150-180 күнге созылады. Жаз ыстық, желді күндер көп болады.

Ауданның жалпы жер көлемі 1044 мың гектарды құрайды, оның 837,1 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер, оның ішінде: егіндік - 34,5 мың га , оның 28,3 мың га суармалы, шабындық - 53,8 мың га, жайылымдық - 747,9 мың га.

Аудан аумағында ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын 6 ашық су көздері бар, олар Үйдене, Кендірлік,Жеменей, Шаған-Оба, Теректі және Темірсу өзендері. Осы өзендердің үшеуінің ағысы ауылшаруашылығы дақылдарын суару үшін реттелген. Үйдене өзенінде сиымдылығы 75 млн. текшеметрлік су қоймасы бар. Жеменей өзенінде тәуліктік су жинайтын сиымдылығы 0,08 млн.текше метрлік бөгеу, Кендірлік өзеніндегі 2002 жылы тасқын алып кеткен су бөлгіш бөгеу 2008-2010 жылдары қалпына келтірілді. Ауданда 2 суландыру жүйесі бар. Үйдене суландыру жүйесінде 13 мың га, Кендірлік суландыру жүйесінде 11,5 мың га суармалы егістік жерлер орналасқан.




Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі





1 – Зайсан қалалық. округі

2 – Қаратал ауылдық округі

3 – Дайыр ауылдық округі

4 – Біржан ауылдық округі

5 – Сартерек ауылдық округі

6 – Айнабұлак ауылдық округі

7 – Кеңсай ауылдық округі

8 – Қарабұлақ ауылдық округі



9 – Шілікті ауылдық округі



Аудан туралы жалпы мәліметтер

Құрылған жылы

1928

Ауданы, мың. ш. ш.

10,4

Халық саны , мың адам (есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарына)

37,1

Оның ішінде, %




  • Қала халқы

40,7

  • Ауыл халқы

59,3

  • еркектер

50,4

  • әйелдер

49,6

Ұлттық құрамы, %




  • қазақтар

95
- орыстар

4
- басқа ірі этностар




- басқалар

1

Әкімшілік-аумақтық бөлініс




- қала: Зайсан


1

- ауылдық округтер

8

Жергілікті өкілетті органдар депутаттары:

13

1

  • аудандық мәслихаттың

12

Аудан орталығы – Зайсан қаласы




Құрылған жылы


1868

Халық саны , мың адам


15,1



Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі

(негізгі көрсеткіштер)

Аудан

Аудан орталығы

ауданы, мың ш.ш.

Ауылдық және қалалық елді мекендердің саны

Өскемен қаласына дейінгі қашықтық. км

Ауылдық және қалалық округтер саны

Зайсан

Зайсан қаласы

10,4

37

460

9



Өңірдің 2002-2011 жж. негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқыны








10 жылдағы өсім

Есепті жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш

1

АЖӨ







2

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

18,2 есе

2983,1

3

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі

22 есе

1664,5

4

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

4,6 есе

9157,8

5

Шағын кәсіпкерлік өнімі




761,7

6

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі




12527,8

7

Мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемі

4,9 есе

2841,7

Ауылшаруашылығы жалпы өнімінің құны 9157,8 млн. теңге болып, өткен жылдағыдан 9,1% артық болды.



2009-2011 жылдардардағы ауылшаруашылығы өнімдерінің физикалық өсу динамикасының индексі,%


Ауданның ауылшаруашылығы саласының соңғы 10 жылдағы көрсеткіштері




Көрсеткіштер

өлш.бірлігі

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

Егіс көлемі –барлығы

мың га

13,7

13,6

15,7

16,1

16,1

11,7

12,9

12,8

12,9

14,1

о.іш. Дәнді астық

-

6,8

5,2

6,6

6,3

4,75

4,38

3,0

3,8

4,72

5,18

Майлы дақыл

-

2,1

2,9

3,8

3,4

2,62

2,9

5,12

4,38

2,98

3,50

Картоп

-

1,8

2,1

2,1

2,1

2,27

2,1

1,43

1,45

1,47

1,43

Көкөніс

-

0,56

0,72

0,72

0,8

0,96

0,8

0,66

0,74

0,64

0,68

Бақша

-

0,3

0,3

0,3

0,5

0,48

0,3

0,21

0,32

0,14

0,14

Көпжылдық шөп

-

2,1

2,4

2,4

3,0

2,65

3,0

2,03

2,2

2,94

3,2

Өнім өндіру

мың тон.































о.іш. Дәнді астық

-

13

8,5

10,1

10,4

7,6

7,91

2,29

6,15

6,2

6,4

Майлы дақыл

-

1,9

2,4

2,8

2,9

2,1

2,86

2,96

3,55

1,99

2,51

Картоп

-

19,1

20,3

19,4

20,4

20,5

22,5

12,3

14,6

13,2

16,7

Көкөніс

-

8,7

10,1

10,1

10,9

13,4

12,8

6,9

12,8

9,3

9,9

Ет (тірі салмақ)

-

3,1

3,1

3,7

7,3

7,7

9,3

9,9

10,0

11,8

12,2

Сүт

-

30,5

34,9

35

35,9

36,2

36,2

36,2

36,9

38,4

42,2

Жүн

-

129

139

164

160

184

193

216

231

251,9

258,1

Жұмыртқа

мың дана

2670

3090

3110

3138

3432

3146

3287

3537

3598

3451,2

Мал басы

мың бас































Ірі қара

-

37,8

43,6

46,8

49,3

54,6

56,9

57,2

59,9

60,2

61,1

Қой-ешкі

-

84,3

98,7

110,

124

141

146

146

147,4

130,3

132,7

Жылқы

-

5,9

6,7

7,5

8,0

8,8

9,7

10,8

11,2

12,4

12,6

Құстар

-

29,5

30,5

30,7

31,6

26,7

28,6

28,9

32,8

36,5

40,4

2011 жылы ауданда 14107 га ауылшаруашылығы дақылдары егілді, оның ішінде 5176 га дәнді астық, 3504 га күнбағыс, 1433 га картоп, 823 га көкөні-бақша дақылдары егілді.

Осы алқаптардан 6382 тонна дәнді астық, 2509 тонна күнбағыс, 16655 тонна картоп және 12444 тонна көкөніс-бақша дақылдары жиналды.


2009-2011 жылдардағы егіншіліктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Мал басы 01.01.2012 жылға барлық санаттарда 61133 бас ірі қара, 132733 бас қой-ешкі, 12597 бас жылқы, 40412 бас құстар болды.



2009-2011 жылдардағы мал басының өсу динамикасы

Мал шаруашылығында 2010 жылы 12,2 мың тонна ет, 42,2 мың тонна сүт, 3451,2 мың дана жұмыртқа, 258,1 тонна жүн өндірілді.


2009-2011 жылдардағы мал өнімдерінің өзгеру динамикасының

диаграммасы



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі



Аудан

2011 ж ауыл шаруашылығы жалпы өнімі млн. тенге


2011 ж % 2010 ж

1

Зайсан

9157,8

109,1


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет