1. жоо қайтадан мемлекеттік аттестациядан өту қорытындылары туралы Баяндамашы: Егоров В. В



жүктеу 228.01 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі228.01 Kb.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

21.10.2011 жылғы (№2 хаттама)

Ғылыми кеңестің

кеңейтілген мәжілісінің материалдары

Қарағанды, 2011

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің

Ғылыми кеңесінің

КҮН ТӘРТІБІ
Қарағанды қ. 21 қазан 2011 ж.

1. ЖОО қайтадан мемлекеттік аттестациядан өту қорытындылары туралы

Баяндамашы: Егоров В.В., ҒЖ жөніндегі проректор
2. 2011-2012 оқу жылында бағдарландыру жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Баяндамашы: Исагулов А.З., ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректоры

3. Әр түрлі

Ғылыми Кеңестің төрағасы А.М. Ғазалиев
Ғылыми хатшы С.К. Қабиева

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің

Ғылыми кеңесінің

Шешімі
Қарағанды қ. № 2 21 қазан 2011 ж.

«ЖОО қайтадан мемлекеттік аттестациядан

өту қорытындылары туралы»

мәселесі бойынша
Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры В.В.Егоровтың баяндамасын тыңдап, және талқылай келе Ғылыми Кеңес мыналарды атап өтеді:

АЖЖ (меңгерушісі Коккоз М.М.) және СжәнеД (меңгерушісі Рева М.В.) кафедралары мәжілістерде перспективалық және жылдық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары барлық оқытушыларды ғылыми жұмысқа тарта отырып әзірленген және бекітілген.

2011-2012 оқу жылында алыс және жақын аралық бақылаулардың рейтинг журналдарында жариялануынан мақалаларды дайындау жоспарлары әзірленді және бекітілді: БЖТ (5 мақала), КМ (8 мақала), ПЖ (3 мақала), Энергетика (6 мақала),КАжәнеЕҚ (6 мақала).

Мемлекеттік тілде берілген контингеттен бір студентке кітаппен қамтамасыз етілу тексеру кезінде мына мамандықтар бойынша берілген мәліметтерді құрады: «Тау-кен ісі» - 164 бірлік, «Ақпараттық жүйелер» - 183, «Металлургия» - 151, «Прибор құрылысы» - 143, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» - 141, «Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» - 141, «Математикалық және компьютерлік модельдеу» - 142, «Геология және пайдалы кен қазбаларын барлау» - 142, «Алғашқы әскери дайындық» - 141, «Кәсіби оқыту» - 141, «Сәулет» - 143 бірлік.

Мемлекеттік аттестация комиссиясы белгілеген мамандықтардың зертханаларында (№№ 165, 163, 159, 147, 145, 143, 139, 135, 180, 132, 130, 413, 417, 332, 45 кабинеттерде) жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһазбен және тақтамен жабдықталған, барлығы оқу процесіне толық дайындалған.

Зертханаларда орнатылған жабдықтардың, приборлардың саны, өрт туындаған жағдайда эвакуация кезіндегі жоспарлар мен әрекеттер туралы мәліметтер берілетін төлқұжаттар бар, қауіпсіздік техникасы жөніндегі плакаттар, нұсқаулықтар мен журналдар бар, қоршаған ортаның ауаның температурасын өлшеуші приборлар орнатылып, дербес қорғаныс құралдар (маскалар, газға қарсы құралдар, халаттар мен қорғаныс көзілдіріктері) сатып алынған.

5В071200 – Машинажасау және 5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау, метрология және сертификаттау мамандықтары бойынша зертаханаларда барлық жабдықтар желіге қосылып, жерге енгізілген және жұмыс жағдайындау; барлық білдектер үшін аяқ астына торлар орнатылған.

«Құрылыс» және «Құрылыс материалдар бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі» бакалавриаты мен магистратура мамандықтары бойынша 2011 жылы ИП-1000-1 сынау пресс сатып алынды; HMP LFG - SD+ топырақтың тығыздығын өлшегіш және басқалар.

5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша оқу процесінде жаңа жабдықтар – ӨК кафедрасының филиалында орналасқан бағдарламалық-аппаратты көп функционалды тренажер кешені қолданылуда.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер», «Прибор салу» мамандықтарының бакалавриаты мен магистратурасы бойынша 43 дербес компьютер, соңғы үлгідегі 13 ноутбук, интерактивті тақта, электр магнитті экран, проектор мен көп функцуионалды құрылғы 15 млн.теңгеге сатып алынды.

5В070600 - Геология және пайдалы кен қазбаларын барлау, 6М074700 – Пайдалы кен қазбаларын іздеудің геофизикалық әдістері мен барлау мамандықтары бойынша Инженерлік бағдардағы зертханаға СРВ-1 рентгендіфлуоресцентті анализатор мен ДКС гамма және рентгенді сәулелендіру дозиметрі берілді.

«Leica Geosystem» швейцарлық фирмасымен ынтымақтастық туралы келісім-шарт шеңберінде құны 62 млн.тг астам жабдықтар 5В070700 – Тау-кен ісіне ерекше спутниктік жабдықтар берілді: тахеометр, 3D сканер, лазерлік рулеткалар (5дана), цифрлік нивелир HD3 және МТЗ ресейлік фирмасының тахеометрі.

5В073100 – өмір қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша Қарағанды қаласының 4 кәсіпорны КАжәнеЕҚ (меңгеруші Шарипов Н.Х.) кафедрасына қазіргі заманғы приборлар мен 8 атаулы жабдықтарды қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында ғылыми және оқу зерттеулерін өткізу үшін тарту етті.

ПЭжәнеХ кафедрасының (меңгеруші Ибраев М.К.) зертханасы үшін қажетті мөлшерде химиялық ыдыстар сатып алынып, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі (Ariston) қосылған.

5В012000 – Кәсіби оқыту мамандығы бойынша психологиялық-педагогикалық практикадан өту келісім-шарттары 25.07.2010-27.07.2010жж кезеңіне жасалып, оқу жылының басталуына дейін 1 ай мерзімінен кешіктірілмей құрылуы тиіс.

5В072900 –Құрылыс мамандығы бойынша оқу практикасының жұмыс бағдарламасы 2011-2012 оқу жылына ҚӨҰжәнеТ (меңгеруші Кожас А.К.) кафедрасының мәжілістерінде талқыланды және СҚИ оқу-әдістемелік бюросында талқыланды.

5В071700 – Жылу энергетикасы және 5В071800 – Электр энергетикасы мамандықтары бойынша жоғары курс студенттерінің кешенді тестіден өту нәтижелері бойынша оң баға 100% құрады, ал орташа ұпай – 4,0 және сәйкесінше 4,06.

2011-2012 оқу жылына оқу жұмыс жоспарлары мен элективті пәндердің каталогтары оқыту түрлері мен мерзімдері бойынша ҚР МЖБС мамандықтарына сәйкес келеді: 5В074500 «Көлік құрылысы», 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В071700 «Жылу энергетикасы», 5В071800 «Электр энергетикасы», 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 5В070100 «Биотехнология» және 5В042100 «Дизайн».

Суреттерді шеберхана студиялары мен бейнелеу өнерінің шеберханаларының жұмысын ұйымдастыру үшін СжәнеД (меңгеруші Рева М.В.) кафедрасына ауданы 124 шаршы метр болатын №150 дәрісхана бөлініп берілді. Шеберхананы жабдықтау үшін 139 мың теңге жалпы сомасы болатын арнайыландырылған жабдық сатып алынды, олар ҚР МЖБС сәйкес. Суреттердің шеберхана студиясы мен бейнелеу өнерінің шеберханалары Pentium IV компьютерлермен, видеопроектормен, маркерлік және оқу тақталарымен жабдықталған, кафедраның әдістемелік қорынан қажетті оқу-әдістемелік материалдармен жабдықталған.

2011-2012 оқу жылына магистратураның мына мамандықтары бойынша ғылым докторлары еңбек шарттары бойынша жұмысқа қабылданды:



  • 6М071100 «Геодезия» - Уставич Георгий Афанасьевич, 05.24.01 «Геодезия» мамандығы бойынша ғылым докторы (Ресей, Новосибирьская государственная геодезическая академия);

  • 6М071700 «Жылу энергетикасы» - Достияров Абай Мухамедьярович 05.14.04 «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» ғылыми мамандығы ғылым докторы;

  • 6М074100 «Картография» Пластинин Леонид Александрович, 05.24.03 «Картография» ғылыми мамандығы бойынша ғылым докторы, (Ресей, Иркутский государственный технический университет);

6М074100-Картография магистратура мамандықтары бойынша штатқа ғылым докторлары Низаметдинов Ф.К. пен Долгоносов В.Н. қабылданды;

6М071700-Жылу энергетикасы магистратура мамандықтары бойынша штатта ғылым докторы Тлеуов А.Х. бар;

6М071100-Геодезия магистратура мамандықтары бойынша штатта ғылым докторлары бар: Ожигин С.Г., Портнов B.C.

Ағымдағы жылы 6D071800- Электр энергетикасы докторантура мамандығы бойынша штатқа ғылым докторы Тен Т.Л. қабылданды.

Қайтадан өткізілген тексеріс нәтижелері бойынша комиссия ұсынады:

Мына мамандықтарды аттестациялау:

а) бакалавриат:

-5В071700 (050717)- Жылу энергетикасы;

-5В071800 (050718)- Электр энергетикасы;

-5В042000 (050420) - Дизайн;



б) магистратура:

-6М074100 (6N0711) - Картография;

-6М071700 – Жылу энергетикасы;

-6М071100 (6N0711) - Геодезия;



в) докторантура:

-6D071800- Электр энергетикасы.



Келесі мамандықтарды аттестацияламау:

а) бакалавриат:

-5В081200- Ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету;



б) магистратура:

-6М081200 – Ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету.


Сондай-ақ келесі кемшіліктер де бар:

1. Күндізгі оқыту түрінің 1-курс студенттерінің қалыптасу нәтижелері бойынша 77 академиялық топтан 10 адамнан аз 3 толық емес топ бар (С-11с – 9 адам, АРХ-11-1қаз. – 8 адам, СИБ-11-1қаз. – 9 адам).

2. Магистратураның 6М071100 «Геодезия» және 6М074100 «Картография» (меңгеруші Низаметдинов Ф.К.), 6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» (меңгеруші Грузин В.В.), 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (меңгеруші Давлетбаева Н.Б.), 6М070200 «Автоматтандыру және басқару» (меңгеруші Брейдо И.В.), 6М070300 «Ақпараттық жүйелер» (меңгеруші Баймульдин М.К.), 6М071700 «Жылу энергетикасы» (меңгеруші Таранов А.В.), 6М090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» (меңгеруші Акашев А.З.) мамандықтары бойынша штаттық емес ғылым докторлары қабылданды, ал лицензиялық талаптарға сәйкес келмейтіндер екінші жұмыс үйлесімі бойынша.

3. Магистратураның мына мамандықтары бойынша силлабустарды және ОЖБ, ПОӘК әзірлеу бойынша қарыздар бар: 6М074900 «Маркшейдерлік іс» (меңгеруші Низаметдинов Ф.К.) 7 пән бойынша; 6М072900 «Құрылыс» (меңгеруші Кожас А.К.) - 9 пән бойынша;

4. Мына кафедралардың оқу-зертханалық және материалдық базасын жаңарту қажет: ҚӨҰжәнеТ (меңгеруші Кожас А.К.), ҚМБТ (меңгеруші Рахимов М.А.), МТ (меңгеруші Жетесова Г.С.), ГФ (меңгеруші Пономарева М.В.), Гжәне ПКҚБ (меңгеруші Билялов Д.М.), КАжәне ЕҚ (меңгеруші Шарипов Н.Х.), РМПИ (меңгеруші Исабек Т.К.), ММжәнеН (меңгеруші Куликов В.Ю.), АК (меңгеруші Интыков Т.С.), ӨК (меңгеруші Акашев А.З.), БЖТ (меңгеруші Мехтиев А.Д.), Энергетика (меңгеруші Таранов А.В.), ПЖ (меңгеруші Алимбаев С.Т.), ТКМжәнеЖ (меңгеруші Малыбаев Н.С.), ӨЭжәнеХ (меңгеруші Ибраев М.К.).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Ғылыми Кеңес қаулы етті:

  1. Университеттің мемлекеттік аттестациядан қайтадан сәтті өтуіне:

    1. Алғыс жариялансын: институттардың директорларына: ТЭАИ Г.Г.Таткееваға, СҚИ М.О.Имановқа, МИ О.А.Шараяға, КТЖТИ Б.К.Султановаға, ЖКИ Т.К.Балғабековке, ТКИ И.Д.Арыстанға, ЭИ Н.А.Алпысбаеваға, ӘТИ И.Д. Тюнинге, САОИ Б.Н.Глотовқа; кафедра меңгерушілеріне: СжәнеД М.В.Реваға, ӨЭжәнеХ М.К.Ибраевқа, КАжәнеЕҚ Н.Х.Шариповқа, ПҚКҚ Т.К.Исабекке, ТКМжәнеЖ Н.С.Малыбаевқа, ММжәне Н В.Ю.Куликовқа, ӨК А.З.Акашевқа, ҚЖМ В.В.Грузинге, ЕТжәнеПҚЕ Г.Д.Когайға, БЖТ А.Д.Мехтиевке, Энергетика А.В.Тарановқа, ӨПА А.В.Кочкинге, КОжәнеАӘД С.М.Ударцеваға, КЭ Б.А.Ахметжановқа, ӨҰ Л.П.Стебляковаға, КМ Н.Б.Давлетбаеваға, Университеттің қызметкерлеріне: ОПҰД директоры В.С.Портновқа; ҒД директоры Д.З.Мухамедьяровке; кітапхана меңгерушісінің орынбасары Л.М. Садирбаеваға, ЖООКОЦ бастығы Т.И. Давыдоваға; тіркеу офисінің жетекшісіне В.Я.Сергеевке.

2. Бірінші проректор М.К.Ибатовқа мына мәселелер жүктелсін:

2.1. 29.10.2011ж. дейінгі мерзімде ғылыми және білім беру салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда кафедралардың ПОҚ барлығының қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарларын жыл сайын есеп берумен бірге жоспарлау;

2.2. 29.10.2011ж. дейінгі мерзімде Университеттің барлық ПОҚ жоғары импакт-фактормен рейнтинг журналдарында басылымдардың шығу жоспарын әзірлеу.

2.3. 31.12.2011ж. дейінгі мерзімде инженерлік бағдардың Зертаханалары бойынша 150 млн.теңгеден астам қаражат, 1 млрд.теңгеден кем емес соммаға ҒЗЖ шаруашылық келісіммен және мемлекеттік бюджеттен қамтамасыз ету көлемдері;

2.4. 01.07.2012ж. дейінгі мерзімде Университеттің инновациялық ғылыми-техникалық кешенінің құрамында бөлімшелер бойынша ҒЗЖ инновациялық құрамын 40% дейін арттыру (7 ҒЗИ, 35 ҒЗЗ, 3 ғылыми-техникалық орталық, Студенттердің инновациялық орталығы, Инженерлік бағдардағы зертхана және «ПОЛИТЕХ» технопаркі);

2.5. 01.07.2012ж. дейінгі мерзімде тау-кен-металлургиялық секторы саласында және оған байланысты сервистік салаларда 15 кем емес инновациялық жобаны әзірлеп, енгізу; 5 – дәстүрлі және оған ұқсас энергетика саласында; 3-жаңа технологиялар мен жаңа материалдарды құру бойынша;

2.6. 01.07.2012ж. дейінгі мерзімде 3 кем емес студенттердің инновациялық және 3 шағын енгізу кәсіпорындары үшін дамуға жағдай жасау;

2.7. 01.07.2012ж. дейінгі мерзімде ҒЗЖ, ОКР және инновациялық жобаларда қатысуды қамтамасыз ету: 30% ПОҚ, 5% студенттер мен 70% магистранттар.

3. Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор В.В.Егоровқа мына мәселелер жүктелсін:

3.1. 15.11.2011ж. дейінгі мерзімде оқу процесіне инновациялық жобаларды енгізу есебінен техникалық мамандықтардың студенттеріне білім беру сапасын арттыру бойынша негізделген ұсыныстар беру;

3.2. 01.11.2012ж. дейінгі мерзімде 2011-2012 оқу жылында мемлекеттік тілде оқытуды жетілдіру туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

3.3. 29.10.2011ж. дейінгі мерзімде дәрісхана қоры мен техниканы пайдалану тиімділігі мақсатымен кафедрадағы компьютерлік кластарды оңтайландыру бойынша ұсыныстарды дайындау;

3.4. 29.10.2011ж. дейінгі мерзімде Университеттің студенттерінің білімін 1-ші аралық қорытындылары бойынша бұйрықтың жобасын дайындау;

3.5. 29.10.2011ж. дейінгі мерзімде ҚР ҒИБ бөлінген қаражаттың есебінен Университеттің ПОҚ біліктілігін арттыру кестесін дайындау, және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

3.6. 25.03.2012ж. дейінгі мерзімде мамандарды аттестациялау бойынша Тәуелсіз орталықтың КУ кәсіпорындардың жетекші мамандарымен бірлесе отырып ұсыныстарды ұсыну (оқу орындарының жоғары және орта кәсіби мекемелерінің бітірушілеріне жұмыс істеу біліктіліктерін беру).

4. Инновациялық және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор А.З.Исагуловқа мына мәселелер жүктелсін:

4.1. 01.01.2012ж. дейінгі мерзімде жаңа буындағы оқулықтардың әзірленуін қамтамасыз ету;

4.2. Ай сайын бакалаврлар мен магистрлерді дайындау сапасы туралы жұмыс берушіге сауалнамалық сұрақ алуды жүргізу;

4.3. 26.01.2012ж. дейінгі мерзімде студенттердің контингеттерін есепке ала отырып (бағыт бойынша 20 адам) дайындық бағыттарының қалыптасуы туралы ережені әзірлеу, оқу жоспарының модульдік құрылысы (бірлескен пәндер), дайындық бағыттарының қалыптасу мерзімдері (7 семестрден кем емес);

4.4. 01.12.2011ж. дейінгі мерзімде бакалавриат және магистратура мамандықтарының пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін талдауды өткізу;

4.5. 01.12.2011ж. дейінгі мерзімде мамандықтардың бағдары бойынша КУ кәсіпорындарында инновациялық технологияларды зерттеу үшін шығарушы кафедралардың ПОҚ сынақтан өтуінің бес жылдық перспективалық жобасын әзірлеу;

4.6. 23.12.2011ж. дейінгі мерзімде магистратура мен докторантураның лицензиялық талаптарын қамтамасыз ету үшін шетелдік ғалымдардың қатыстырылуы мен олардың еңбек төлеу жағдайы механизмдерін әзірлеу;

4.7. 31.10.2011ж. дейінгі мерзімде дайындық бағыттары бойынша шетелдік ғалымдарды қатыстыра отырып инновациялық оқыту үшін студенттер мен магистранттарды академиялық мобильдік жоспарын әзірлеу.

5. Кафедра меңгерушілерін міндеттеу

5.1. 05.12.2011ж. мерзімге дейін оқыту түрі мен пәндердің аралығында электронды каталогты кітапханаға ұсыну және мамандықтардың кітапхана қорына талдау өткізу;

5.2. 05.12.2011ж. мерзімге дейін оқыту тілі мен кафедралардың пәндері бойынша оқу-әдістемелік электронды, оқу басылымдарының тізімдерін кітапханаға ұсыну;

5.3. 23.11.2011ж. мерзімге дейін техникалық сипаттамаларды, шығарушы заводты, құнын, жеткізу шарттары мен білім беру, ғылыми процестерінде қолдану мүмкіндіктерін көрсете отырып студенттермен және магистранттармен сабақтар өткізу үшін зертханалық жабдықтарды сатып алу және модернизациялау жоспарын әзірлеу;

5.4. Бекітілген өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормативтеріне сәйкес дербес және ұжымдық қорғаныс құралдарын қамтамасыз ету бойынша МЖБС сақтауға жауапкершілігі болады;

5.5. Бағыт бойынша 20 адамнан кем емес траекторияның қалыптасуын қамтамасыз ететін элективті пәндердің тізімін әзірлеу (модульдік құрылу, біріктірілген пәндер, траекторияны қалыптастыру, ережеге сай, бакалавриаттың 4-курсынан бастап);

5.6. 30.10.2011ж. мерзімге дейін 1 кредитке 100 кем емес тест тапсырмаларының базасын кафедралардың барлық пәндер бойынша әзірлеп, Тіркеу кеңсесіне ұсыну.

5.7. 15.02.2012ж. мерзімге дейін Университеттің барлық мамандықтары бойынша бакалаврлардың, магистрлердің мақсатты дайындығына Корпоративті Университеттің кәсіпорындарымен келісім-шарт жасасу.

6. Кафедра меңгерушілеріне жүктелсін: кафедраларының меңгерушілері: ҚӨҰжәнеТ Қожас А.К., КОжәнеАӘД Ударцева С.М., ӨЭжәнеХ Ибраев М.К., СжәнеД Рева М.В., ЕТжәнеПҚЕ Когай Г.Д., БЖТ Мехтиев А.Д., ГФ Пономарева М.В., ГжәнеПҚБ Билялов Б.Д., КМ Давлетбаева Н.Б., КАжәнеЕҚ Шарипов Н.Х., ӨК Акашев А.З., Энергетика Таранов А.В., АЖЖ Көккөз М.М., ӨПА Брейдо И.В., АК Интыков Т.С., МТ Жетесова Г.С., ДжәнеҚӨ Бартенев И.А., ПЖ Әлімбаев С.Т., ПҚКҚ Исабек Т.К., МІжәнеГ Низаметдинова Ф.К., ММжәнеН Куликов В.Ю., ТКМжәнеЖ Малыбаева Н.С., ҚМБТ Рахимов М.А.:

6.1. Мемлекеттік тілде оқитын мамандық студенттерінің кітаптармен қамтамасыз етілуіне назар аудару, және 2014 жылдың соңына дейін 200 данадан кем емес басылыммен өзіміздің баспамыздан шығарылатын оқулықтарды қамтамасыз ету.

6.2. 01.09.2012ж. мерзімге дейін ҚР МЖБС 5.03.010 - 2006 «Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры» сәйкес нормативке дейін (140 бірлік) мемлекеттік тілде мамандық пәндерінің кітаппен қамтамасыз етілуін жеткізу;

6.3. 30.10.2011ж. мерзімге дейін мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік материалдардың басылып шығарылу жоспарын әзірлеу (электрондық көшірмесінен қатты көшірмеге көшіру);

6.4. Мемлекеттік тілде оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету жөніндегі лицензияланған талаптарды қадағалауға жауапкершілік алу.

7. Кафедра меңгерушілерін міндеттеу: МІжәнеГ Низаметдинов Ф.К., ПҚКҚ Исабек Т.К., ГжәнеПҚБ Билялов Б.Д., ТКМжәнеЖ Малыбаев Н.С. және ҚӨҰжәнеТ Қожас А.К.:

7.1. 31.10.2011ж. мерзімге дейін 6М074900 «Маркшейдерлік іс», 6М072900 «Құрылыс» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруды әзірлеу жұмыстарын (ПОӘК, силлабустар, ОЖБ) аяқтап, оларды бекітуге ұсыну.

8. Тіркеу кеңсесінің жетекшісі В.Я.Сергеевті міндеттеу:

8.1. 15.11.2011ж. мерзімге дейін мамандықтардың барлық пәндері бойынша біртұтас тест тапсырмаларының қорын құрып, Университеттің барлық компьютерлік кластарынан автономды режимде тестілеуге қатынау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және авторизацияланған режимде басқару;

8.2. Ай сайын мамандықтар мен оқушылар тобының аралығында білім аралықтарын, олардың білім алу сапасын тепксеру жұмыстарын өткізу, оқытуды ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

8.3. 16.01.2012ж. мерзімге дейін бітіретін курс студенттерін тестілеу үшін бакалавриат мамандықтарының міндетті компоненттерінің барлық бағдарлы пәндер бойынша тест тапсырмаларының жеке қорын құру.

9. Бірінші Президенттің атындағы ЭОТ ҒЗИ директорының м.а. Н.Н.Кудряшовқа жүктелсін:

9.1. 01.11.2011ж. мерзімге дейін Университеттің білім беру ортасын ақпараттандыру жөніндегі бұйрықтың жобасын дайындау.

10. МСАжәнеЖБ бастығы Н.Б. Рысқұловқа жүктелсін:

10.1.23.01.2012ж. мерзімге дейін зертханалық жабдықтар бойынша кафедралардың тапсырыстарын қамтитын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу Жоспарын құру.

11. Кітапхана меңгерушісінің орынбасары Л.М. Садирбаевқа жүктелсін:

11.1. Қорды жинақтағанда мемлекеттік тілдегі оқу және ғылыми-әдістемелік басылымдарға ерекше назар аудару;

11.2. Кітаппен қамтамасыз ету көрсеткіштерін арттыру үшін мемлекеттік тілде қазақстандық авторлардың оқу және ғылыми-әдістемелік толық мәтінді оқулықтарын алу мақсатымен Республикалық жоғары оқу орындарының арасындағы электронды кітапхананың ресурстарына абоненттердің қатынау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

11.3. 2012 жылдың соңына дейін Университеттің өзінің қаражатының есебінен барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде оқу әдебиеттерінің үлесін арттыру.

11.4. 2012 жылдың бойында ҚР ЖОО Қауымдастығынан мемлекеттік тілдегі ғылыми әдебиеттерді алу.

12. Осы шешімдердің орындалуын бақылау ғылыми жұмыс жөніндегі проректор В.В.Егоровқа жүктелсін.

«2011-2012 оқу жылында бағдарлы жұмыс

жүргізу тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру

бойынша іс-шаралар туралы»

мәселесі бойынша

Инновациялар және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор А.З.Исагуловтың баяндамасын тыңдап және талқылай келе Ғылыми Кеңес мыналарды атап өтті:

ҚарМТУға қабылдау жұмыстарына талдау соңғы 3 жылда 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы студенттердің контингенті артқандығын көрсетеді, және 2010 жылмен салыстырғанда азайған: 2009 ж.3898, 2010 ж.4344, 2011 ж.4014 адам. Технологиялық колледжге 9 сынып негізінде 430 адам, 11 сынып негізінде – 66 адам, сырттай оқыту түріне 187 адам оқуға түсті.

Төтенше құрылған комиссия мен бағдарлау жұмыстарын жүргізген комиссияның арқасында Университеттің бағдарлау-оқытушылар құрамының жүргізген жұмыстарының арқасында қабылдау компаниясының уақытында қабылдау жұмыстарындағы жағдай түзетілді.

Мемлекеттік білім гранттарын алу бойынша байқау нәтижелерінен Қазақстанның 144 ЖОО арасынан Университе он бірінші орынды алды, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 позиция кейін қалды. Ректордың бастамасымен құрылған «Сарыарқаның алтын қоры» бағдарламасы бойынша Университетке мемлекеттік тапсырыс бойынша «Алтын белгінің» 15 иегері қабылданды.

Мемлекеттік білім гранттарының максимум саны Машинажасау институтының бакалавриат мамандықтарына - 168, Тау-кен институтының – 189, Әскери-техникалық институттың – 94 адам қабылданды.

Сондай-ақ, бакалавриаттың мына мамандықтары бойынша қабылдау төмен көрсеткіштерге ие болғандар:

0 грант: 5В050600 «Экономика», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В090800 «Бағалау», 5В051100 «Маркетинг»;

1 грант: 5В050800 «Есепке алу және аудит», 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 5В042000 «Сәулет»;

2 грант: 5В050700 «Менеджмент», 5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис»;

3 грант: 5В074500 «Көлік құрылысы», 5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

5 грант: 5В090100 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын ұйымдастыру мен пайдалану», бұл осы шығарушы кафедралардың бағдарлау жұмыстарының төмен сапасы туралы куә болады.

25.08.2011 жылға 2010 жылмен салыстырғанда аз қабылдау Университеттің көптеген кафедраларында болды: ТЭАИ (Таткеева Г.Г.) - 297, КТЖТИ (Султанова Б.К.) – 62, ЭИ (Алпысбаева Н.А.) - 59, СҚИ (Иманов М.О) – 55, ӘТИ (Тюнин И.Д.) – 49, МИ (Шарая О.А.) - 48 адам.

Бұл, ең алдымен кафедралардың бағдарлау жұмыстарына жай қалыпта қарау себебінен. Жалпы білім беру кафедралары ӘГП (меңгеруші Балшикеев С.Б.) ҚТ (меңгеруші Смағұлов Н.К.), ЖжәнеМ (меңгеруші Оспанова Б.Р.), ДТ (меңгеруші Ахметов А.А.), ЖМ (меңгеруші Тутанов С.К.), Физика (меңгеруші Смирнов Ю.М.), Информатика (меңгеруші Лихачев В.В.), Механика (меңгеруші Бакиров Ж.Б.), ҚТжәнеМ (меңгеруші Калыбекова К.С.) толығымен өздері дербес бағдарлау жұмыстарынан тыс қалды. Кафедра меңгерушілері мен ПОҚ бекітілген мектептер мен колледждердің оқушыларымен дербес жұмыстар өткізбеген, сонымен қатар Корпоративті Университеттің кәсіпорындарының жұмысшыларымен кездесулер өткізбеген.

Бағдарлау жұмыстарының қанағатсыз болуы себебімен институттардың директорлары ТЭжәнеАИ (Таткеева Г.Г.), СҚИ (Иманов М.О.), ӘТИ (Тюнин И.Д.), ЭИ (Алпысбаева Н.А.), МИ (Шарая О.А.), САОИ (Глотов Б.Н.), сонымен бірге шығарушы кафедралардың бірқатар бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі оқыту формасының толыққанды топтарын құру мүмкін болмады:



Орыс тілінде:

5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (меңгеруші Ибраев М.К);

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (меңгеруші Жетесова Г.С.);

5В074500 «Көлік құрылысы» (меңгеруші Кожас А.К.);

5В090400 «Әлеуметтік-мәдени сервис» (меңгеруші Стеблякова Л.П.);

5В051100 «Маркетинг» (меңгеруші Ахметжанов Б.А.);

5В060200 «Информатика» (меңгеруші Коккоз М.М.);

5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (меңгеруші Когай Г.Д.).



Мемлекеттік тілде:

5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (меңгеруші Ибраев М.К.);

5В060200 «Информатика» (меңгеруші Коккоз М.М.);

5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту» (меңгеруші Ибраев М.К.);

5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» (меңгеруші Жетесова Г.С.);

5В050600 «Экономика» (меңгеруші Ахметжанов Б. А.);

5В050700 «Менеджмент» (меңгеруші Давлетбаева Н.Б.);

5В074500 «Көлік құрылысы» (меңгеруші Кожас А.К.);

5В070500 «Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы» (меңгеруші Куликов В.Ю.).

Мемлекеттік тілде оқу топтарына қабылдау жоқ:

5В051100 «Маркетинг» (меңгеруші Ахметжанов Б.А.);

5В090800 «Бағалау» (меңгеруші Ахметжанов Б.А.);

5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» (меңгеруші Когай Г.Д.).

Мемлекеттік аттестация нәтижелері бойынша 5В042100 «Дизайн», 5В071700 «Жылу энергетикасы», 5В071800 «Электр энергетикасы» және 5В081200 «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандықтары аттестацияланбаған болатын. Бұл мамандықтарға талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмаған, ол бұл оқыту түрлері бойынша кері әсер етеді, ол грант санына теріс ықпал етеді.

ҚарМТУда Қабылдау комиссиясының деректері бойынша Жезқазған қаласынан – 42 бітіруші, Балқаш қаласынан – 55 бітіруші, Көкшетау қаласынан – 29 бітіруші, Степногорск қаласынан – 12 бітіруші, Павлодар қаласынан – 4 бітіруші, Екібастұз қаласынан - 27 адам оқуға түсті.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында техникалық ЖОО жоқ екендігін ескерген жөн. Мұның барлығы бағдарлау жұмыстарының географиясы кеңейтілу қажеттілігі туралы растайды.

2010-2011 оқу жылында магистратураға қабылдау 193 адамды құрады, ол 2010 жылмен салыстырғанда 58 адамға көп болды. PhD докторантураға мемлекеттік білім гранты бойынша 9 адам түсті.

07.09.2011ж. «Бағдарлау жұмыстарының тиімділігін арттыру бойынша шаралар мен 2011/2012 жылға студенттер контингентін қалыптастыру қорытындылары туралы» №601 бұйрыққа сәйкес жоғары оқу орындарына дейінгі оқу мекемелерінде үгіт-насихат жұмыстары Қарағанды облысының 9 ауданында және Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Қаражал, Степногорск, Көкшетау, Екібастұз, Сәтпаев, Шахтинск, Сораң, Рудный, Теміртау қалаларында өтті.

18.10.2011жылға барлығы 5567 келісім жасалған, қалалар мен аудандарға шығу нәтижелері бойынша кешенді бригадалардың келісімдері - 2545 келісім, бекітілген кәсіби лицейлер мен тоғыз жылдық мектептерде 606. Қарағанды қаласы бойынша мобильді топтармен 2101 келісім 11-сынып және 291 келісім 9 сынып оқушыларымен жасалды.



Сонымен бірге, 2011/2012 бағдарландыру жұмыстарының 1 сатысының қорытындылары бойынша мынадай ескертулер бар:

  1. Қарағанды қаласының мектептерінде бағдарлау жұмыстары тиімді өткізілген емес: № 61 ЖОМ (ШТ кафедрасының меңгерушісі Жантасова Д.Д.) – 39 келісімнен 8 келісім жасалған; № 65 ОМ (Джантасова Д.Д.) – 78 келісімнен 19 келісім; № 63 ЖОМ (ПҚКҚ кафедрасының меңгерушісі Исабек Т.К.) – 28 келісімнен 10 келісім; Е.А.Бөкетов атындағы № 52 ОМ (МІжәнеГ кафедрасының меңгерушісі Низаметдинов Ф.К.) - 42 келісімнен 13 келісім құрылды.

  2. ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледжде 145 бітірушіден барлығы 14 келісім ғана жасалғаны бұл үгіт-насихат жасаушы кафедрасының (СжәнеД кафедрасының меңгерушісі Рева М.В) бағдарлау жұмысына салқынқанды қарағандығының белгісі.

  3. Ақтоғай ауданында бағдарлау жұмыстары әлсіз өткізілген (ПҚКҚ кафедрасының меңгерушісі Исабек Т.К.) – 59 келісім, Қаражал қаласы (ТКМжәнеЖ кафедрасының меңгерушісі Малыбаев Н.С.) – 53 келісім, Нұра ауданы (АК кафедрасының меңгерушісі Интыков Т.С.) – 52 келісім.

  4. Шет ауданының бітіруші кластарының оқушыларының арасында үгіт-насихат жұмыстары әлі өткізілмеген (Механика кафедрасының меңгерушісі Бакиров Ж.Б.).

  5. Екібастұз және Балқаш қалаларындағы жұмыс нәтижелері бойынша деректері әлі ұсынылған жоқ (ЕТИ директоры Тюнин И.Д.).

  6. ТЖ жөніндегі проректор Г.А.Байжабагинованың басшылығымен «Колледж» мобильді топ мүшелері Теміртау, Балқаш, Сәтпаев, Шахтинск қалаларының және Топар поселкесінің кәсіби мектептерінің бітірушілерімен үгіт-насихат жұмыстарына қалай болса солай қарап, келісімдер жасамаған, сонымен бірге бұл оқу мекемелерінде бітірушілердің саны туралы деректер ұсынған жоқ.

Жоғарыда аталғандарды есепке ала отырып, Ғылыми Кеңес қаулы етеді: 2010-2012 оқу жылына магистранттардың, докторанттардың және студенттердің контингентін қалыптастыру бойынша Университеттің Қабылдау комиссиясының жұмысын мақұлдау.

  1. Ақылы негізде қабылданған магистранттар мен студенттердің контингенті қалыптасқанда Келісімді білім беру қызметтері бөлімінің, ЭОТҒЗИ және БКШ қызметкерлерінің кәсіпкерлігі мен шұғыл жұмыс істеу дағдыларын атап өту.

  2. Институттардың директорларын қатаң ескерту: ӘТИ И.Д.Тюнинді, СҚИ М.О.Имановты, МИ О.А.Шараяны, ЭИ Н.А.Алпысбаеваны, САОИ Б.Н.Глотовты; кафедра меңгерушілерін ӨЭжәнеХ М.К.Ибраевты, КМ Н.Б.Давлетбаеваны, ҚӨҰжәнеТ А.К.Кожасты, МТ Г.С.Жетесованы, Энергетика А.В.Тарановты, КЭ Б.А.Ахметжановты, ӨҰ Л.П.Стебляковты; кафедра мамандықтары бойынша бағдарлау жұмыстарын жүргізу сапасының төмендігі үшін.

  3. Институт директорларын қатаң ескерту: МИ О.А.Шараяны, ТКИ И.Д.Арыстан, ӘТИ И.Д.Тюнинді, СҚИ М.О.Имановты 2011-2012 оқу жылында Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарына дейінгі мекемелерде бағдарлау жұмыстарын ұтымды өткізбегені үшін.

  4. Кафедра меңгерушілеріне ескерту жариялансын: ШТ кафедрасының меңгерушісі Джантасова Д.Д., ПҚКҚ Исабек Т.К., МІжәнеГ Низаметдинов Ф.К., СжәнеД Рева М.В., ТКМжәнеЖ Малыбаев Н.С., АК Интыков Т.С., Механика Бакиров Ж.Б. Қарағанды облысы мен қалаларында және бекітілген аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын тиісті түрде жүргізбегені үшін.

  5. ИжәнеОӘЖ жөніндегі проректор А.З.Исагуловты 07.09.2011 жылғы №601 бұйрықтың орындалуын қатаң бақылауды жүзеге асыруды міндеттеу.

  6. Бағдарлау жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Маркетинг және келісім-шарттар қатынасының директорының м.а. З.А.Сыздықованы міндеттеу:

    1. 28.10.2011ж. мерзімге дейін бағдарлау жұмыстарының бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша қарыздарды жою;

    2. 10.02.2012 ж. Бастап бағдарлау жұмыстарының екінші кезеңін бастау;

  7. Бағдарлау жұмыстары секторының бастығы Н.Е.Скрыль міндеттеу:

    1. 25.12.2012ж. мерзімге дейін Қарағанды қаласының 9-11-сынып оқушыларының арасында жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадаларды өткізу;

    2. 01.03.2012ж. мерзімге дейін Қарағанды қаласының колледж оқушылары мен Технологиялық колледж оқушыларының арасында бірлескен олимпиада өткізу;

  8. Маркетинг және жарнама секторының бастығы Г.Б.Альсеновты міндеттеу:

    1. 15.03.2012ж. мерзімге дейін кәсіби дағды мен жоғары білім алуда қажеттіліктерді анықтау тақырыбында Корпоративті Университеттің кәсіпорындарының жұмыскерлеріне, колледждердің, мектептердің бітірушілеріне сауалнама жұмыстарын жүргізу;

  9. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық Секторының бастығы М.В.Эттельді міндеттеу:

    1. «Сарыарқаның алтын қоры» дарынды балаларды жоғары оқу орындарына дейін дайындау бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды күшейтуді мектептермен on-line конференциялар, Университет бойынша экскурсиялар, тақырыптық интернет-олимпиадалар арқылы жүзеге асыру;

    2. 25.10.2011ж. мерзімге дейін «Сарыарқаның алтын қоры» бағдарламасы шеңберінде ҰБТ пәндері бойынша ақысыз кеңес берулерді өткізуді ұйымдастыру.

  10. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Г.А.Байжабагинованы міндеттеу:

    1. 15.02.2011ж. мерзімге дейін «Өзіңінің кәсібіңді үндеу» атты жоғары оқу орындарына дейінгі мекемелерде акция өткізу, «Жас орда» студенттер кәсіподағының көмегімен талапкерлерде өздерінің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықты дамыту мақсатында өткізу.

  11. Институт директорларын міндеттеу:

    1. Жексенбілік кеңес беру сабақтарында бағдарлау жұмыстарын апта сайын өткізу;

    2. 20.12.2011ж. мерзімге дейін институттардың ашық есік күндері шеңберінде экскурсиялар, ашық дәрістер, Университеттің жетекші оқытушылар құрамымен кездесулер және мамандықтардың тұсаукесерлерін өткізу;

    3. Телефонмен тапсырыс беру тәсілі арқылы жетекші мектептерде бітірушілердің ата-аналарымен дербес жұмыстарды өткізуді жүзеге асыру және 20.12.2011ж. дейінгі мерзімде есептерді З.А.Сыздықоваға тапсыру;

  12. «Политехникалық білім үшін» газетінің редакторы Р.Р.Хусаинованы Бұқаралық ақпарат құралдарында бағдарлау жұмыстары туралы жиі хабарлау, Университеттің мобильдік топтарының Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектептерінде, лицейлерінде, гимназияларында кешенді бригадалардың, сонымен қатар Университеттің қоғамдық ұйымдары мен кафедраларының, факультеттерінің өткізетін іс-шараларын хабардар ету.

  13. Ғылыми Кеңестің бұл шешімінің орындалуын бақылау инновация және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор А.З.Исагуловқа жүктелсін.


Ғылыми Кеңестің төрағасы А.М. Газалиев
Ғылыми хатшы С.К. Кабиева
МАЗМҰНЫ


21 қазан 2011 жылғы Ғылыми Кеңестің Күн тәртібі.

2







Ғылыми Кеңестің шешімі «ЖОО қайтадан мемлекеттік аттестациядан өту қорытындылары туралы»

3







Ғылыми Кеңестің шешімі «2011-2012 оқу жылында бағдарлау жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша іс-шаралары туралы»


10




















©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет