1 Кесу құрал-саймандарының құрылымдық элементтері



жүктеу 0.55 Mb.
бет1/4
Дата28.04.2016
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4
: files -> MethodBook
MethodBook -> 1.Әбішев К. А. Философия А., 2006ж. Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. А.,2002ж
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070500 Математикалық және компьютерліқ улгілеу Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Жылу техникасы
MethodBook -> Д. Серікбаев атындағы ШҚмту «Көлік және логистика» кафедрасы
MethodBook -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
MethodBook -> «Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті
MethodBook -> Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011
MethodBook -> Ғылым философиясы және тарихы
MethodBook -> Дәріс сабағының құрылымы: Дәріс №1,2 Тақырып




МАЗМҰНЫ


Кіріспе

4

1 Кесу құрал-саймандарының құрылымдық элементтері

5

2 Кұрал-сайман материалдары

7

3 Кескіш құралдар

12

4 Фасондық кескіштер

16

5 Тартажоңғыштар

19

6 Жоңғылар

22

7 Саңылауды өңдеуге арналған құралдар. бұрғы

25

8 Саңылаулады өңдеуге арналған құрал-саймандар. үңгуіш. ұңғылығыш

27

9 Түрпiлi аспаптар

32

10 Кескішті өңдеу үшiн қолданылатын аспаптар

36

11 Кескішті өңдеу үшiн қолданылатын аспаптар. плашкалар

39

12 Тiстi доңғалақтардың өңдеу үшiн арналған аспаптар

43

13 Тiстi доңғалақтарды өңдеу үшiн арналған аспаптар. тiс ойып жасалған тесiктер

44

14 Тiстi доңғалақтардың өңдеуi үшiн аспаптар. червяк тiс ойып жасалған фрезалары

47

15 Профильлердiң неэвольвентндерiнiң өңдеуi үшiн червяк фрезалары

51

Әдебиеттер

54

Кіріспе
Машина жасау және металды өндіру өнеркәсіптерінің дамуында құрал-сайман өндірісі сирек байланысқан. Әр өндірістің даму сәттілігі, оның қаншалықты құрал-саймандармен (кесуші және өлшеуші), айлабұйымдармен, қалыптармен байланысты. Бұл өндірістің дұрыс тұрғызылған негізгі базасы болып табылады.

Құрал-саймандарды жаппай өндіру ұйымдары тек оның аумақты стандартталуы мен қалыптандырылуында жүзеге асырылады. Барлық әмбебап қолдануға арналған құрал-саймандары стандартталынған. Стандарттар габариттік элементтерге ғана берілмеген, жәнеде тұтынушы қабылдау үшін техникалық шарттарға да берілген. Стандарттар құрал-саймандардың өлшемі мен сапасын регламенттеуші заңды құжат болып табылады. Олар СССР-дың бұрынғы мемлекеттерінің кәсіпорындарына міндетті түрде қолданылған.

Ғылыми-зерттеу ұымдары құрал-сайман жасау өнеркәсіптерімен бірге және жаңашыл машина жасау кәсіпорын өндірушілерімен (үлкен жұмыс жасап) аймақтың негізгі мәселелері металл кесу үдерісі, есептеу және құрылымдау, жәнеде жасап шығару технологиясы сияқты үлкен жұмыстарды атқарып отыр.

1 КЕСУ ҚҰРАЛ-САЙМАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Металды кесіп өңдеу барысында негізгі рөлді құрал атқарады. Кесу құрал-саймандары жалпы геометриялық және құрылымдық элементтерге үлкен санға ие болады.

Білдекпен кесу құралының байланысы аралық буындардың көмегімен жүзеге асырылады, құрылымдық ерекшеліктері оның бекіту тәсіліне шартталған.

Құрал-саймандардың кесу элементтері мен құрамдас бөліктері. Барлық кесуші құрал түрлерінің жалпы сиппаттамалары оның жұмыс жасайтын жәнә артқы бөліктерінде болып табылады. Жұмыс жасайтын кесуші бөлігінің жүзі мына геометрикалық параметрлерден тұрады: артқы бұрыш α, алдыңғы бұрыш γ, басты бұрыш φ, көмекші бұрыш φ1, жиектің көлбеу бұрышы λ, үшкірлеу бұрышы β, төбесінің радиусы . Құралдың әр түрінің геометрикалық параметрлерінің сиппаттамалары сәйкесінше анықтамалық таруларда келтірілген.

Кесу үдерісінде негізгі рөлді кесу жиектері бар сына ( үшкірлеу бұрышы β) атқарады. Ол жоңқа келетін жүздің алдыңғы бетінен және кесу үдерісі кезінде өңделетін бетке қараған жүздің артқы бетінен құралған.

Барлық құралдардың түрлері кесу жүзінің геометрияларының бірлігі металдарды кесу негізгі заңдардың бірлігі болып шартталған.

Құралдың кесу жүзінің басты құрылымдық элементтеріне жататындар:



  • тістер, кесу жүздері бар элементтерімен;

  • жоңқалы жырашықтары, олар кесу үдерісі барысында жоңқаларды орналастыру және тасымалдау үшін арналған;

  • кесуші элементтерге суытатын сұйықтық әкелу үшін арналған немесе кесу аймағынан суытатын сұйықтармен бірге жоңқаларды әкететін каналдар;

  • құралдарды бекіту элементтері және құралдарды жасау барысндағы баз элементтері, бақылау және қайта қайрау кезінде.

Әр кесуші құрал өзінң өлшемі мен түріне қарамастан барлық аталған геометриялық параметірімен құрылымдық элементтерінен тұрды.

Құралдарды жобалау барысында пішін қалыптастыру негізгі беттері жазықтықтар, айналу беттері және бұрама беттері болып табылады.

Жазықтықтар өзекті кескіштерді, тіскескіш тарақтарды тіркеу үшін арналған.

Айналу беттері негізгі үш жағдайда қолданылады:



  • айналу остері түзу, параллель түрде құрайтын (ұңғылағыштар, цилиндірлік жоңғылар);

  • айналу остеріне кейбір бұрыштармен көлбеу, түзу түрде құрайтын(бұрышты жоңғылар, конусты ұңғылағыштар, үңгуіштер)

  • қисық сызық құрайтын (фасондық кескіштер, фасондық жоңғылар)

Құралдың кесу құрылымының маңызды орындарының бірін бұрамалы беттер алады. Құралдың көптеген түрлері үшін (мысалы, бұранда кескіш құралдар, бұрамалы тіскескіш жоңғылар) бұрамалы бет бөлшектердің пішінін құрау үшін негіз болып табылады.

Түптік жоңғылар мен үнгуіштерде олардың кесуші тістері ақырындап өңделетін бетке кіру мен шығыуына қарай бұрамалы сызығында біркелкі кесуді қамтамасыз етеді,және де кесу аймағына жоңқаның жақсы кетуіне әсер етеді. Кейбір жағдайларда (мысалы, спиральды бұрғыларда) бұрамалы беттері алдыңғы бұрыштың өз қалпында қалу үшін және кесуші бөліктің қайта қайралғаннан кейін өз пішінін сақтап қалу үшін арналған.

Тіс кесуші тісқашауыштарды, бұрамалы жоңғыларды, кесуші бастиектерді жобалау барыснда қисық сызықты тістері бар конусты дөңгелектердің және бұрамалы беттердің құралдарының тістерін артқы бет түрінде орындайды.

2 ҚҰРАЛ-САЙМАН МАТЕРИАЛДАРЫ


Кесуші құрал-саймандарды толықтай немесе бөлшектей құрал-саймандық болаттардан және қатты қортпалардан жасайды.

Құрал-саймандық болаттарды көміртекті, қоспалы және тез кесетін деп бөледі. Көміртекті құрал-саймандық болаттарды баяу кесу жылдамдығында жұмыс жасайтын құралдрды жасау үшін қолданылады. Маркалары У9 және У10А көміртекті болаттарынан пышақтарды, қайшыларды, араларды жасайды,ал У11, У11А, У12 – бұрандаойғыштар, егеулер және т.б. жасайды. Болаттардың маркаларындағы У әріпі болаттардың көміртекті екенін білдіреді, ал әріптен кейінгі сан көміртектің оннан бір бөлігін көрсетеді, А - әріпі көміртекті болаттың жоғарғы сапалы екендігін білдіреді, мұнда күкірт пен фосфордың 0,03%-ы құрамында бар.

Бұл болаттардың негізгі қасиеттері олардың қаттылығының жоғарылығы (НRC 62-65) және жылуға төзімділігінің төмендігі. Жылуға төзімділік дегеніміз құрал-саймандық материалдың жоғарғы температурада өзінің жоғарғы қатаңдығын сақтау болып табылады. У10 – У13А болаттарына жылу төзімділік 220 °С-қа тең, сондықтанда бұл болаттарға кесу жылдамдығы 8-10 м/мин ұсынылады.

Қоспалы құрал-саймандық болаттар хромдалған (Х), хромдалып-кремниленген (ХС) және хром-вольфрам-марганецталған (ХВГ) және т.б. болып бөлінеді.

Маркаларындағы сандар болаттың құрамына кіретін компоненттердің мөлшерін (пайызбен) көрсетеді. Бірінші сол жағындағы сандар көміртектің оннан бір бөлігін көрсетеді. Ал оң жағындағы сандар қоспалардың орта мөлшерін пайызбен көрсетеді. Егер қоспалы элементтің немесе көміртектің мөлшері 1%-ға жақын болса, онда қойылмайды. Х маркалы болаттардан бұрандаойғыштар, бұранда кескіштер, кескіштер; ал 9ХС, ХГС болаттарынан – бұрғылар, ұңғылағыштар, бұрандаойғыштар мен кескіштер; ал ХВ4-ХВ5 –бұрғылар, бұрандаойғыштар, ұңғылағыштар; ХВГ болаттарына – ұзын бұрандаойғыштар мен ұңғылағыштар, бұранда кескіштер, фасонды жоңғылар жасайды.

Қоспалы құрал-саймандық болаттардың жылуға төзімділігі 250-260 °С-қа жетеді, көміртекті болаттарға қарағанда кесу жылдамдықтары 1,2-1,5 есе жоғары.

Тез кесетін (жоғары қоспалы) болаттарды бұрғыларды, үнгуіштерді, бұрандаойғыштарды және әр түрлі құралдарды жасау үшін қолданады.

Тез кесетін болаттарды сандармен іріптермен белгілейді, мысалға Р9, Р6М3 және т.б. Бірінші Р(рапид) әріпі тез кесетін болат екндігін білдіреді. Одан кейінгі сандар құрамындағы вольфрамның мөлшерін пайызбен көрсетеді. Қалған әріптер мен сандар қоспалы болаттардың маркалары сияқты білдіреді.

Қалыпты өнімділік болаттардың қаттылығы НRC 65-ке дейін, жылу төзімділігін 620 °С-қа дейін, және иілу беріктігі 3000-4000 МПа, олар көміртекті және төмен қоспалы беріктігі 1000 МПа, болаттарды, сұр шойындарды және түсті металдарды өңдеуге арналған. Бұл болаттарға вольфрамды болаттар: Р18, Р12, Р9, Р9Ф5 маркалы және вольфрам молибденді: Р6М3, Р6М5 маркалы. Олар 620 °С температурада НRC қатаңдығын сақтайды.

Өнімділігі жоғары тез кесетін болаттар кобальтпен немесе ванадимен қоспаланған. Олардың қаттылығы НRC 73-70-ке дейін, жылуға төзімділік температурасы 730-650 °С және иілу беріктігі 250-280 МПа. Олар беріктігі 1000 МПа-дан асатын қйын өңделетін болаттармен қортпалар мен қортпаларды және титандық қортпаларды т.б. өңдеуге арналған. Бұл болаттың кесу қасиетін жақсарту үшін құрамындағы көміртектің мөлшерін 0,8-ден 1%-ға дйін көбейту керек, және де қосымша қоспалармен циркони, азот, ванади, кремни және т.б. элементтермен. Өнімділігі жоғары тез кесетін болаттарға 10Р6М5К5, Р2М6Ф2К8АТ, Р18Ф2, Р14Ф4, Р6М5К5, Р9М4ЕВ, Р9К5, Р9К10,Р10К5Ф5, Р18К56Ф2, олар 630-640 °С температурада НRC 64 қаттылығын сақтайды.

Қатты қортпалар металлкерамикалық және минералкерамикалық болып бөлінеді. Оларды әр түрлі пішінде тілікше түрінде шығарады.

Қатты қортпалардан жасалған тілікшелері бар құралдар тез кесетін болаттарға қарағанда үлкен кесу жылдамдығында қолдануға мүмкіндік береді.

Металлкерамикалық қатты қортпаларды вольфрамды, титанвольфрамды, титантанталды-вольфрамды болып бөлінеді.

Вольфрамды қортпалар ВК тобындағы карбид вольфрамнан және кобальттан тұрады. Бұл қортпалардың маркалары ВК3, ВК3М, ВК4, ВК6, ВК60М, ВК8, ВК10М. В әріпі карбидвольфрам екенін білдіреді, К-кобальт, сан - кобальттың мөлшерін пайызбен (қалғаны карбид-вольфрам ) көрсетеді. Кейбір маркалардың соңында көрсетілетін М әріпі қорытпа ұсақ түйіршікті екендігін білдіреді. Бұндай құрылымды қорытпа құралдың тозуға төзімділігін жоғарылатады, бірақ соққыға кедергісін азайтады. Вольфрамды қортпалар шойынды, түсті металдарды және олардың қортпаларымен металлемес материалдарды (резиналарды, пластмассаларды, фиброларды, шыныларды және т.б.) өңдеу үшін қолданылады.

Титанвольфрамды қортпалар ТК тобынан құрамы карбидвольфрамнан, титаннан және кобальттан тұрады. Бұл топтағы қортпалардың маркаларына Т5К10, T5K12, Т14К8, Т15К6, Т30К4 жатады. Т әріпі мен одан кейінгі сан карбидтитанның пайыздық мөлшерін көрсетеді, қалғаны карбидвольфрам. Бұл қортпалар болаттардың барлық түрлерін өңдеуге арналған.

Титантанталвольфрамды қортпалар ТТК тобынан құрамы карбидвольфрамннан, титаннан, танталдан және кобальттан тұрады. Бұл қортпалардың маркалары ТТ7К12 және ТТ10К8, олардың құрамында 7және 10% карбидтитаннан және танталдан, 12 және 8% кобальттан, қалғаны – карбидвольфрамннан тұрады. Бұл қортпалар өте ауыр өңдеу шарттарында жұмыс жасайды, және де құралдық материалдарды қолдану тиімсіз болған жағдайда.

Құрамында кобальттың пайыздық мөлшері аз ВК3, ВК4 маркалы қортпалардың тұтқырлығы төмен болады. Оларды тазалай операцияларында майда жоңқаларды алу үшін қолданылады.

Құрамында кобальттың мөлшері жоғары ВК8,Т14К8, Т5К10 маркалары қортпалардың тұтқырлығы жоғары болады. Олардың қаралай операцияларында қалың жоңқаларды алу үшін қолданылады.

Ұсақтүйіршікті ВК3М, ВК6М, ВК10М маркалы қортпалар және ВК4 және Т5К12 маркалы ірітүйіршікті қортпалар, оларды пульстейтін жүктеме кезінде және ауырөңделетін тоттанбайтын, қызуға берік және титанды қортпаларды өңдеу кезінде қолданылады.

Қаттықортпалардың жылуға төзімділігі жоғары болады. Вольфрамды және титанвольфрамды қаттықортпалар 800-950 °С температурасында қаттылығын сақтайды, сондықтан үкен жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік береді (болаттарды 500 м/мин-ге дейін және алюминилерді 2700 м/мин-қа дейін).

Тоттанбайтын, қызуға берік және басқа қиынөңделетін болаттарды және қортпаларды ұсақтүйіршікті вольфрамкобальтты ОМ ВК6-ОМ тобындағы қортпалармен тазалай өңдеу үшін арналған, ал ВК10-ОМ және ВК15-ОМ қортпалары жартылайтаза және қаралай өңдеуге арналған.

Ары қарай қортпалардың дамуында қиынөңделетін материалдарды өңдеу үшін ВК10-ХОМ және ВК15-ХОМ маркалы қортпалар пайда болады. Карбидхроммен қоспаланған қортпалардың қаттылығы көтеріліп және де жоғары температурада беріктігін сақтайды.

Қатты қортпалардан жасалған тілікшелердің беріктігін жоғарылату үшін қорғауыш қабыршақтармен қаптау қолданылады. Тозуға төзімді карбидтерден , нитридтер мен карбонитрит титандардан қаттықортпалы тілікшелердің бетіне қалыңдығы 5-10 мкм жұқа қабат түрінде жағылып қапталады. Осыдан қаттықортпалы тілікшелердің бетінде карбидтитаннан ұсақтүйіршікті қабат пайда болады. Карбидтитаннан жоғарғы температурада химиялық беріктігін және тозуға төзімділігін сақтайды, қаттылығы жоғары болады. Қалыпты тілікшелерге қарағанда қапталған тілікшелердің шыдамдылығы 25-80%-ға жоғарылайды.

Және де никельмолибдендік байланыстағы карбидтитан және ниобия негізіндегі үнемді вольфрамсыз қатты қортпалар бар. Вольфрамсыз қатты қортпалардың маркалары ТМ1, ТМЗ, ТН-20, ТН-30, КНТ-16. Олардың қабыршақ төзімділігі жоғары болады, карбидтитанға қарағанда (Т15К6, T15K10) бұл қортпалардың төзімділігін 5-10 есеге жоғары болады. Жоғары жылдамдықта кесіп өңдеу барысында қортпалардың бетінде жұқа оксидттік қабыршақ пайда болады, бұл оның қатты майлау рөлін атқарады, ол тозуға төзімділігін жоғарылатып және өңделетін беттің кедір-бұдырлығын азайтады. Осымен бірге вольфрамсыз қатты қортпалардың соққыға тұтқырлығы және жылуөткізгіштігі төмен болады, және де ТК тобындағы қортпаларға қарағанда соққы жүктемесіне төзімді болады. Бұл кострукторлық және төмен қоспалы, түсті металдарды тазалай және жартылайтазалай өңдеу барысында қолдануға мүмкіндік береді.

Минералкерамикалық, олардың негізгі бөлігі оксид алюминиден жәнеде көп кездеспейтін элементтерден вольфрамнан, титаннан, тантал және кобальттан тұратын материалдардың таралған түрі оксидтік керамика (ақ). Маркалары ЦМ-332, BO13 және ВШ-75. Олар өздерінің жоғары жылуғатөзімділігімен (1200 °С-қа дейін) және тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. Бұл оның метаодарды жоғары жылдамдықта өңдеуге мүмкіндік береді (шойыды тазалай қайрау барысында – 3700 м/мин-қа дейін). Қатты қортпаларға қарағанда 2 есе көп болады.

Қазіргі кезде кесуші құралдарды жасау үшін маркалары В3, ВОК-60, ВОК-63, ВОК-71 кесуші (қара) керамикасын қолданады

Кесуші керамика оксид-карбидтік қосылыстан тұрады. Ал оксид-карбиді оксид алюминиден және 30-40% карбад вольфрамннан, молибденнен, хромнан, баяу балқитын қосылыстардан тұрады. Минералкерамикалық металдардан құрамына карбид металын енгізгенде оның физикамеханикалық қасиетін жақсартып, морттылығын төмендетеді. Бұл кесу жылдамдығын көтеріп өңдеудің шығару өнімділігінің жоғарлауына мүмкіндік береді.

Сұр, соғымды шойындарды, қиынөңделетін болаттарды, кейбір түсті металдармен және қортпаларды жартылай таза және тазалай өңдеу кесу жылдамдығы435-1000 м/мин және де майлап-суытатын сұйықтықтарды қолданбай жүргізіледі. Кесуші керамика жоғары жылуға төзімділігімен ерекшеленеді.

Оксид-нитридтік керамика кремни нитридінен және баяу балқитын материалдардан, алюмини оксидінен және басқа комппоненттерден тұрады (силинит-Р және кортинит ОНТ-20).

Силинит-Р беріктігі бойынша оксид-карбидтік металкерамикаға алдын бермейді, бірақ қаттылығы (НRA 94-96) жоғары болады және жоғары температурада қасиетін тұрақты сақтайды. Әр түрлі материалдарды, өңдеу барысындағы шынықтырылған болаттарды жартылай таза және тазалай қайрау операциаларында қолданылады.

Шынықтырылған және цементтелген болаттарды (НRC 40-67), жоғары берік шойындарды, қатты қортпаларды (ВК25 және ВК15), шынықатпарларды және басқа да материалдарды кесуші бөлігі ірі поликристалдардан жасалған диаметірі 3-6 мм және ұзындығы 4-5 мм кубтық бор (эльбор-Р, кубонит-Р, гексанит-Р) негізінде құралдармен өңдейді.

Эльбор-Р қаттылығы бойынша алмазға жақындайды (86000 МПа), ал оның жылуға төзімділігі алмазға қарағанда 2 есе жоғары (~1600 °С). Эльбор темір негізді материалдарға химиялық инерттелген. Поликристалдардың қысуға беріктігі 4000-5000 МПа, ал майысуға – 700 МПа, жылуға төзімділігі – 1350-1450 °С.

Басқа аса қатты материалдардың ішінде синтетикалық алмаздар баланс (марка АСБ), карбонада (АСПК) түрінде таралған. Карбонадо құрамында көміртегі бар материалдарға химиялық белсенділігі болады, сондықтан олар түсті металдарды, жоғары кремнилік қортпаларды, қатты қортпаларды ВК10 – ВК30 түріндегі, металл емес материалдарды қарау үшін қолданылады. Қатты қортпалардан жасалған кескіштерге қарағанда карбонададан жасалған кескіштердің төзімділігі 20-50 есе жоғары

Қажақты материалдарға электрокорнуд нормальды маркалары 14А, 15А және 16А, электрокорнуд ақ маркалары 23А, 24А және 25А, монокорнуд маркалары 43А, 44А және 45А жатады. Карбид кремниі жасыл маркалары 63С және 64С және қара маркалары 53С және 54С, карбид боры, эльбор, синтетикалық алмаз және т.б.

Қажақты материалдар ұсақтүйіршікті түйіршіктердің сызықты өлшемдерімен сипатталады және де бөлінеді ысылматүйіршікті №200-ден №16-ға дейін (сәйкес 2500-ден 160 мкм-ға дейін), ысылмаұнтақ №12-ден №4-ке дейін (сәйкес 160-тан 40 мкм-ге дейін), микроұнтақ М63-тен М14-ке дейін (сәйкес 63-тен 10 мкм-ге дейін), жұқа микроұнтақтар М10-нан М1-ге дейін(сәйкес 10-нан 1 мкм-ге дейін).

Қажақты материалдардан ұнтақтарды жасайды, олар қажақты құралдың байланысқан жіне бос түрінде кесіп өңдеу үшін арналған (ажарлау дөңгелектердің, қайрақшалардың, таспалардың және т.б.).

3 КЕСКІШ ҚҰРАЛДАР
Кескіш – бұл бөлшектерді басты кесу қозғалысы ілгерілемелі немесе айналмалы және кез келген бағытта қозғалыс берілісіне мүмкіндік беретін бір жүзді құрал болып табылады.

Кескіштер кең таралған құралдар болып табылады, оларды жоңғыж, револьверді, карусельді, кеңей жону, сүргілеу және қашау білдектерінде, жоңғыш автоматты және жартылай автоматты және көптеген арнайы білдектерінде қолданылады.



Кескіштердің жіктелуі. Кескіштерді келесі белгілер бойынша бөледі.

Өңдеу түріне байланысты. Сыртқы цилиндірлік бетті өңдеу үшін өтпелі кескіштер. Өтпелі кескіштер түзу (сурет 1,а) және майысқан (сурет 1,б). Майысқан кескіштер әмбебаптығының арқасында кең таралған, олар цилиндірлік беттерді ғана емес және де көлденең берілісі бар бүйірлік беттерді өңдей алады. Өтпелі тіреуіш кескіштер (сурет 1,в) бұрышы болады φ=90°, оларды қатаң емес бөлшектерді өңдеу барысында және сатылы білікшелерді үшкірлеу барысында қолданылады. Тілікті (сурет 1,г) бүйірлі беттерді, бөлшектердің айналу осі перпендикуляр болғанда өңдеу үшін арналған. Бұл кескіштер көлденең беріліспен жұмыс жасайды. Сүргілеу (сурет 1,д) саңылауды өңдеу үшін арналған. Кесіп түсіретін кескіштер (сурет 1,е) - өңделген шыбық бөлшектерді немесе дайындамаларды кесу үшін арналған. Бұрандакескіш (сурет 1,ж) бұранда кесіп алу үшін арналған. Контурлық жону үшін арналған кескіштер (сурет 1,з) СББ білдектерінде және көшірмелі құрылғысы бар білдектерінде қолданылады. Бұл кескіштердің жоғарыланған көмекші бұрыштары болады. Фасондық (сурет 1,и) кескіштер жоңғыш, револьверді, автоматты және жартылай автоматты білдектерінде пішіні күрделі бөлшектерді өңдеу үшін арналған.

1. Өңдеу сипатына байланысты: қаралай, тазалай, жұқа жонуға арналған.

2. Бөлшекке қатысты бекіту бойынша: радиалды, тангенцальді.

3. Берілістің бағыты бойынша: оң, сол.

4. Бастиегінің құрылымына байланысты: түзу, майысқан, иілген, созылған.

5. Тұрқының қимасы бойынша: тікбұрышты, шаршы, дөңгелек.

6. Құрылымы бойынша: бүтінді, құрамалы, құрамды.

7. Жұмыс жасайтын бөлігінің материалы бойынша: құрал-саймандық болаттардан, қатты қортпалардан, керамикалық материалдардан, алмаздан, аса қатты синтетикалық материалдардан.


1 – сурет. Жону кескіштері

Кескіштің құрылымдық элементтері. Кескіш (сурет 2,а) жұмыс бөлігінен l1 және кескішті білдекке бекіту үшін бекітілетін бөліктен l2 тұрады. Жүзі алдыңғы A , негізгі A , және көмекші А артқы беттерімен шектелген. Жүздің алдыңғы және артқы беттерінің қиылысуы негізгі кесуші жиекті құрайды. Алдыңғы бетпен артқы көмекші бетінің қиылысуы көмекші кесуші жиекті К құрайды. Негізгі және көмекші кесуші жиектері қиылысып жүздің төбесін құрайды. Жүздің төбесін радиус rв (сурет 2, б) бойынша орындайды, кейбір жағдайларда өтпелі кесуші жиектермен (сурет 2, в), ол кескіштің төзімділігін жоғарылатып өңделетін беттің кедір бұдырлығын жақсартады.

Кескіштердің габариттік өлшемдері. Бірізділік мақсатында кескіштермен кескіш ұстағыштардың өлшемдері стандартталынған. Келесі өлшемдері қабылданған HxВ, мм2: шаршы 12x12; 16x16; 20x20; 25x25; 32x32; 40x40; 4x4; 6x6; 8x8; 10х10; тікбұрышты 16x16; 20x12; 20x16; 25x16; 25x20; 32x20; 32x25; 40x25; 40x32; 50x32; 50x40; 63x50; дөңгелек диаметірлерімен 10-нан 40 мм-ге дейін. Тікбұрышты пішінді қималарда қабырғаларының қатынасы H:В=1,6 жартылай таза және тазалай өңдеулерде,ал H:В=1,25 – қаралай өңдеулер үшін қабылданған.

2 – сурет. Кескіштің құрылымдық элементтері мен геометрикалық параметрлері.

Кескіштің тұрқысының көлденең қимасын беріктікке есептеп анықтайды, тек Рг кесу үшін санай отырып. Ол кескіш ұстағыштың иілуін тудырады. Кескіштің тұрқысына әрекет ететін иілуші момент


М = Рг1, кН-мм,
Мұнда: l – кескіш тұрқысының шығарығы, l= (1,0... 1,5) Н, мұнда Н – кескіш биіктігі. Иілуші момент, кескіш ұстағыштың жіберіліс қимасы, Mp = иW, мұнда и - шекті иілу кернеуі; W – кескіш қимасының кедергі моменті, см3. Тікбұрышты қималы кескіштер үшін W = BH2/6, мұнда В – кескіш тұрқысының ені, мм. Шаршы қималы кескіштер үшін W = B3/6, ал дөңгелек қималар үшін W=0,ld3 , мұнда d – кескіштің тұрқысының диаметірі, мм. М= Мр және Н:В= 1,6 қабылдай отырып аламыз:

Тікбұрышты қималы кескіштер үшін:



Шаршы қималы кескіштер үшін:


Дөңгелек қималы кескіштер үшін:



Тұрқылардың құрал-саймандық болаттардан жасалған шекті иілу кернеуі 100-250 МПа тең, осы келтірілген есептеу жақынырақ болып табылады, себебі мұнда радиалды Ру және остік Рх кесу күштері санауға алынбаған.

Машина жасау өндірісінде кескіштердің жұмыч бөлігін тез кесетін болаттардан, қатты қортпалардан, керамикалық материалдан, алмаздан және аса қатты синтетикалық материалдан жасайды.

Кескіштердің құрылымдық рәсімделуімен жұмыс бөлігін қайтару кескіні құралдың материалына және пайдалану шарттарына байланысты, осы жағдайды жобалау барысында мұқиат қадағалау қажет.

4 ФАСОНДЫҚ КЕСКІШТЕР
Фасондық кескіштерді әр түрлі пішін құрайтын бөлшектерді өңдеу үшін қолданады. Қарапайым кескіштерге қарағанда бөлшектердің өлшемдерін дәлірек береді, және фасонды пішінді өлшейтін бір уақытта барлық бөлігін өңдеуге мүмкіндік беріп, шығару өнімділігін жоғарытылады, және де машиналық уақыттың үлкен үнемділігіне қол жеткізіледі. Кескіштер алдыңғы бетін қайтарудың қарапйым болғандығынан пайдалануға ыңғайлы.

Фасондық кескіштерді жону және револьверді білдектерінде, автоматты және жартылай автоматты білдектерінде қолданылады. Кескіштерді нақты бөлшек алу үшін жобалайды және ірі сериалы және жаппай шығару өндірісінде қолдану үнемді деп қабылданған.

Фасондық кескіштер келесі белгілер бойынша жіктеледі:

Пішін бойынша: стержендік (сурет 3,а); призмалық (сурет 3,б); дөңгелек (сурет 3,в);Стержендік кескіштерді әмбебап білдектердің кескіш ұстағышында бекітуге болады. Олардың кемшіліктері теңелтуші төсемдерінен жұмыс бөлігін қайрап болған соң биіктігінің төмендеуі болып табылады. Стержендік кескіштер қайта қайрау саны аз болады. Олардың артқы бетін =10... 12° бұрышымен ажарлайды.

Призмалық фасонды кескіштердің қайта қайрау саны көп болады. Олардың төбесін дайындаманың жазықтық осіне байланысты бұрышымен реттеліп бекітіледі. Бұл кескіштердің артқы бұрышын арнайы кескіш ұстағыштарға  =10...12° бұрышымен бекітіп алады. Кескішті кескіш ұстағышқа артқы ілмегінің көмегімен бекітеді. Кескіштерді ішкі фасондық беттерді өңдеу мүмкіндігі жоқ.

Дөңгелек фасонды кескіштерді ішкі және сыртқы фасондыдық беттерді өңдеу үшін қолданады. Олар призмалық кескіштерге қарағанда технологияаға бейім. Және де қайта жону саны үлкен болып, беріктік шартының шамасы бойынша қалдық қалғанша жоңыла береді.

Дөңгелек кескіштердің артқы бұрышын арнайы кескіш ұстағыштарда бекітілген дайындаманың жазық осінен жоғары бекітіп алуға болады. Кескішті кескіш ұстағышта бүйірімен және саңылауымен орнықтырады, ал бұйымның жазық осіндегі төбесін кескішті остің айналасынан бұрып бекітеді. Бұл үшін кескіштердің бүйірінде бүйірлік тістері бар белдеме жасалған. Кескіштегі бүйірлік тістер кеспішпен бір осте бекітілетін иінтіректің бүйірлік тістерімен жанасады.

Бекіту бойынша дайындамаға қатысты: радиалды (сурет 3, а, б, в) және тангенцальды (сурет 3, г).



3 – Сурет. Фасондық кескіштер

Фасондық кескіштерді кескіш ұстағышта бекіту үшін кескіштердің бүйір беттеріндегі рефленсиясына, сұққыш саңылауына және бүйіріндегі ойыққа қарайды.

6.1 – 6.3 кестесінде жасалатын фасондық бөлшектің ең үлкен пішін тереңдігіне байланысты фасондық кескіштердің құрылымдық және габариттік өлшемдерін таңдап алуға болады.

Фасондық кескіштердің жүзінің геометрикалық элементтері дайындама материалымен беріліске байланысты болады. γ және α бұрыштары кескіштің алдыңғы бетінің қайралуына және оны дайындаманың ортасына байланысты һ шамасына бекітуге (байланысты болады) ішкі фасонды кеулейжонуға ареалған дөңгелек кескіштерді кіші габариттік өлшемдерін толыққанды немесе дәнекерленген артқы ілмегіне қарап орындалады. Кескішті саңылауға орнатуды жеңілдету үшін кескіштің жоғарғы бөлігін 50° бұрышпен кесіп түсіреді. Кескіштің максималды шекті диаметірі 0,8d саңылауынан аспау қажет.

Білдектерде кескіштерді бекіту үшін кескіш ұстағыштар және әр түрлі құрылымдық айлабұйымдар мына жағдайларға байланысты: білдектердің құралкүймешігінде орналастыру мүмкіндігі барма және отырғызу орындарының өлшемдері қандай,шеттік кесу күштері, және де кесу жиегінің реттелуімен бекіту барысындағы жіберілген қателіктерге, дайындаманың орта биіктігіне байланысты.

Фасондық кескіштердің қосымша кесуші жиектерінің өлшемдерін, пішіндердің бүйір беттерін кесетін, дайындамалардың қиық жиетерін және жырашықтарын өңдейтін келесі берілгендер бойынша таңдайды (сурет 4): а – 2...5 мм – қосымша берік қылатын кесуші жиек ені;





а – фасондық беттерді жону барысында; б – қиық жиек алу барысында;

в – жырашық жону барысында;
4 – сурет. Фасондық кескіштердің қосымша кесу жиектері
с – бүйірлі кесу жиегінің ені (қиық жиекті өңдеу барысында қиық жиектің ені бойынша алынады 1-1,5 мм; дайындаманы тіліктеу үшін с=1...3 мм); φ1=15...20° - бүйір кесуші жиегінің бұрышы (қиық жиек алу үшін1 = фас); t - кесу жиегінің биіктігі, ол бөлшекті кесіп түсіруді жеңілдету мақсатында жырашық жону үшін арналған (жырашық пішінінің максималды тереңдігінен жоғары болмауы қажет); в – кесу жиегінің ені, ол кесіп түсіруді жеңілдетуді мақсатында жырашық жону үшін арналған, ол кескіштің кесу жиегінің енін үлкен немесе оған тең болу керек, b≥ 3 ... 8 мм ; b1 =0,5... 1,5 мм — кесіп түсіруден қорғайтын кесу жиегі; φ=15° - кесуге алынған кесу жиегінің бұрышы; Lp — кескіштің жалпы ені; lд ·— бөлшектің ұзындығы (lд қиық жиекті кесу үшін шартты түрде көрсетілген).

5 ТАРТАЖОҢҒЫШТАР


Тартажоңғыш – жүздері басты қозғалыстың жылдамдығына перпендикуляр бағытта бірінен кейін бірі өтетін көпжүзді құрал, олар жүздің басты қозғалысының айналуы немесе ілгерілмелі қозғалуы барысында өңдеуге арналған, және де қозғалыс берілісі болмайды. Тартажоңғыштардың көптеген топтарын бөлшектің өңделетін бетінң ұзындығы бойынша өлшемдері мен пішіндері өзгертілмеген дайындамалардың ішкі және сыртқы цилиндірлік беттерін өңдеу үшін қолданады. Осындай беттерді өңдеу үшін тартажоңғыштардың өзектік пішіні болады.Бұл тартажоңғыштардың басты қозғалысы түзусызықты ілгерілмелі, бағыты бойынша құралдың осімен сәйкес келеді. Кесу жиегі басты қозғалыс(тартажоңғыштардың осіне) бағытына перпендикуляр бағытта дайындаманың бетінен материал қабатын кеседі. Әр тістің кесу жиегі алдыңғы тістің жолдың көшірмейді, тек оның траекториясы бойынша параллель жылжып, бетті тереңірек жонады. Осындай кесіп өңдеу үдерісін тартажону, ал қолданатын құралды тартажоңғыш немесе тігіп тескіш деп атайды. Тартажонуда кесу күші құралдың алдыңғы жұмыс бөлігіне түседі, осыдан құралдың тұрқысы деформацияланады(созу деформациясы). Тігіп тескіште кесу күші құралдың артқы жұмыс бөлігіне түседі, осыдан құралдың өзегі деформацияланады (қысу деформациясы).

Өңдеу үдерісінде кесуші жиек түзусызықты ілгерілмелі жылжыйды, тереңдікке беріліс қозғалысы болмайды. Кесу қозғалысының бағыты құрал мен жүздің басты қозғалысына сәйкес келеді, сондықтан құралдардың кесу жиегінің кинематикалық геометрикалық параметрлері құралдық параметрлерге тең.

Тартажоңғыштарды басты қозғалысы түзусызықты тарта жону білдектерінде қолданады – кесу қозғалысы вертикальді немесе горизонтальдібағытта. Өңдеу төмен кесу жылдамдығында жүргізіледі v = 6...10 м/мин; соңғы уақытта 45 м/мин және оданда жоғары кесу жылдамдығын қамтамасыз ететін үздіксіз тарта жону білдектерін шығарады.

Тістердің кесу жиегінің пішініне байланысты жасалған беттің пішіні анықталады, сондықтан тартажоңғыштар арнайы арналған фасондық жүзді құралдарға жатады, олар өлшемдері мен пішіндері анықталған бір өңдеулер үшін қолданылады. Тартажоңғыштарды жаппай шығару және ірі сериялы өндірістерінде қолданады, және де өлшемдері мен пішіндері бірдей дайындамалардың бетін өңдеу үшін ұсақ сериялы өндірісінде де қолданылады. Негізінде оларды мынадай өңдеулер үшін қолданады: дөңгелек, оймакілтек, көп қырлыжәне басқа да саңылауларды, және де кілтек ойықтарды (сурет 5), сыртқы беттерді, ұзындығы бойынша түзусызықты. Тартажоңғыштарды бөлшектердің диаметірін немесе енін 6-8-ден 100 мм-ге дейін және оданда жоғары алу үшін қолданады. Өңдеу мүмкіндіктері тартажону білдегінің мүмкіндіктеріне байланысты шектеледі, сырғақтың жұмыс жүрісінің ұзындығымен тартажоңғыштардың артқы ілмегіндегі жетекпен жасалатын тартпаның күшіне байланысты. Кейбір жағдайда тартажоңғыштардың басты қозғалысы айналып жұмыс жасайды және де оларды айналатын беттерді өңдеу үшін қолданады.



5 – сурет. Тартажонып алынған саңылау түрлері


Тартажоңғыштармен өңдеу барысында тістердің бірнеше кесу жүздерімен біруақытта әдіп алынады, бұл үдерістің шығару өнімділігі жоғары екенін анықтайды. Дайындамалардың күрделі беттерін өңдеу құралдың бір жұмыс жүрісімен анықталады, осыдан қосымша уақыт қысқарып, өңделген беттің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді. Саңылауды өңдеу барысында 7 - 9-шы квалитет дәлдіктерін қамтамасыз етеді, өңделген беттің кедір-бұдырлығы 0,32...2,5 мкм, және де басқа механикалық өңдеп кесу әдістеріне қарағанда өнімділігі 3 – 12 есе жоғарыланады.

Механикалық өңдеудің технологиялық үдерісінде ГПС шарттарында тартажоңғыштардың қолдану мысалы бар.

Ішкі тарту барысында өңдеу дайындамалардың ішінде жасалады, жоңқа жырашықтың жабық кеңістігінде орын алады, ол оның жасалуы мен кетуін қиындатады, МСС келуі қиындатылған, және кесу үдерісін бақылау мүмкін емес.

Тартажоңғыштармен дөңгелек қималы ішкі беттерді өңдеу үшін ең алдымен дайындаманы оңай технологиялық жолмен бұрғылау, кеңейжону жене басқа да аналогиялық әдістерімен алынатын саңылау болу қажет. Тартажоңғышпен өңдеуге қалтырылған әдіп ең алдымен өңделген саңылаудың сапасына, өлшеміне, диаметірі d мен ұзындығына L байланысты болады.





  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет