1. Кіріспе Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәні, мақсаты мен міндеттері



Дата25.04.2016
өлшемі148.02 Kb.

Ф-ОБ-007/016

«Сырдария» университеті



«Жаратылыстану және математика» ғылыми мектебі

«Жаратылыстану» кафедрасы

«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


5В011600 «География» мамандығы үшін

Курс: 3


Семестр: 5

Кредит саны: 5

Дәріс:30

Практикалық (семинар): 15

Зертханалық сабақ: 30

ОБСӨЖ:75


СӨЖ:75

Барлық сағат саны: 235

Жетісай, 2014

Оқу бағдарламаның авторы: ғылым магистрі, аға оқытушы Исмайлова К.Б.


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «11» 05.2005 №289 бұйрығымен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде жасаған типтік оқу бағдарламасы және Әбілмәжінова С.Ә. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.- Алматы,2013ж., Рябчиков А. М. Физическаягеография материков и океанов. -М.1988г., Притула Т.Ю. Еремина В.А. Спялин А.Н. Физическая география материков и океанов.- М.ВЛАДОС 2003г., Залогин В.В. Мировой океан.- М., 2001г.

оқулықтар негізінде құрастырылған.

Кафедраның мәжілісінде қаралған
Хаттама № ___ ___ _______ 201__ ж
Кафедра меңгерушіс: б.ғ.к., доцент ________ Исакова Д.Т.

Ғылыми мектептің Оқу - әдістемелік Кеңесінде талқыланған

Хаттама № ___ ___ _______ 201__ ж
ОӘҚ төрайымы: ғылым магистрі, аға оқытушы ________ Абдукадирова Г.А

Университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген


Хаттама № ___ ___ _______ 201__ ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы: ф.ғ.к., доцент ____________ Әбенова Л.У.

1.Кіріспе

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәні, мақсаты мен міндеттері

«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәні жоғары кәсіби білікті география мамандарын дайындауда негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. «Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» жалпы физикалық география курсының жалғасы ретінде әрбір материк пен мұхит табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын, яғни әр түрлі дәрежедегі территориялық табиғат кешендері тұрғысынан да қарастырады

Пәннің мақсаты мен міндеті - материктер мен мұхиттардың географиялық қабық шегіндегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын кеңінен ашып, материктер табиғатының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, әр материк пен мұхит табиғатының өзіндік ерекшеліктеріне толық мағлұмат беру.

Оның негізгі зерттеу нысаны- материктер мен мұхиттар, олардың ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы даму, өзгеру заңдылықтарын және өзара байланыстарын, бір- біріне тигізетін әсерін ашу.



«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» пәнін оқыту нәтижесінде білім алушылар:

  • материктер мен мұхиттардың жалпы географиялық заңдылықтарын;

  • Материктер мен мұхиттар арасындағы өзара байланыс пен оның жүзеге асу жолдарын;

  • Материктер мен мұхиттардың ашылу тарихы мен зерттеу кезеңдерін;

  • Материктер мен оларға көршілес аралдардағы халықтың қалыптасуы мен қоныстану тарихын;

  • Материктер мен мұхаттар табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың туындау себептерін;

  • Материктер мен мұхиттардағы табиғат байлықтары және оларды тиімді пайдалану жолдарын, қорғау шараларын;

  • Материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктік жіктелу заңдылықтарын;

  • Әрбір табиғат аймақтары мен регирндардың жеке табиғат ерекшеліктерін, туристік- рекреациялық мүмкіншіліктерін, экологиялық жағдайларын жете түсінуі тиіс.



  1. ТАРАУ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТАБИҒАТЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ




Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттелуі.Дүниежүзілік мұхит гидросфераның құрамдас бөлігі. XV-XVI ғасырлардағы географиялық ашылулар. XVI- XVIII ғасырлардағы географиялық ашылулар. XIXғасырдың бас кезінде болған географиялық ашылулар. Дүниежүзілік мұхит табиғат зерттеудің негізгі әдістері.

Дүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу.Дүниежүзілік мұхиттың географиялық қабықтың негізгі құрылымдарымен байланысы. Дүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу. Материктік қайраң. Материктік беткей. Материктік көтерілім. Өтпелі зона. Суасты орта жоталары. Мұхит табаны. Мұхит суының температурасы және оның өзгерістері. Дүниежүзілік мұхит суларының тұздылығы және оның географиялық өзгерістері.Мұхит суыынң мөлдірлігі. Мұхит суларының қозғалыстары.Толқындар.Ағыстар. Мұхит суының жалпы циркуляциясы. Ағыстардың маңызы.Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік. Дүниежүзілік мұхит табиғатының физикалық- географиялық аудандастырылуы.

Тынық мұхит табиғатына аймақтық шолу. Тынық мұхиттың басты ерекшеліктері.Тынық мұхит табиғатының зерттелуі. Тынық мұхит табанының басты ерекшелігі. Климаты. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.Тынық мұхиттың түрлі бөліктері (теңіздер, бұғаздар, шығанақтар,аралдар).

Атлант мұхит табиғатына аймақтық шолу. Атлант мұхиты-ның табиғатына тән басты ерекшеліктері. Атлант мұхит табиғаты-ның зерттелуі Атлант мұхиты түпкі жер бедерінің негізгі белгіле-рі.Климаты. Атлант мұхитының биологиялық ресурстары. Атлант мұхиты құрамына кіретін (теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, аралдар).

Үнді мұхит табиғатына аймақтық шолу. Үнді мұхитының табиғатына тән басты ерекшеліктері. Үнді мұхит табиғатының зерттелуі. Үнді мұхиты түпкі жер бедерінің негізгі белгіле-рі.Климаты. Минералдық ресурстары. Үнді мұхиты құрамына кіретін (теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, аралдар).

Солтүстік Мұзды мұхит табиғатына аймақтық шолу. Солтүстік Мұзды мұхитының физикалық- географиялық орны. Солтүстік Мұзды мұхиты түпкі жер бедерінің негізгі белгілері. Солтүстік Мұзды мұхиттың органикалық дүниесі. Солтүстік Мұзды мұхиты құрамына кіретін (теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, аралдар).

Материктер табиғатының қалыптасуындағы басты өзгерістер.Ежелгі құрлық аумағы – Еуроамерика. Қазіргі материктер пішіндерінің қалыптасуы. Ежелгі Пангея құрлығы мен Панталасса мұхиты. Солтүстік жарты шар материктеріндегі төрттік мұз басу аудандары. Материктерге тән ірі жер бедері құрылымдары


  1. ТАРАУ СОЛТҮСТІК ЖАРТЫ ШАР МАТЕРИКТЕРІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ




Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Солтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен конфигурациясындағы ұқсастық белгілері. Екі материк табиғатының айырмашылық белгілері.

Еуразия материгі. Еуразия табиғатының басты ерекшеліктері. Еуразия табиғатының зерттелуі. Еуразия жағалауын шайып жатқан мұхиттар. Пайдалы қазбалар.

Еуразияның жер бедері, оның құрылымдық ерекшеліктері.

Еуразия материгінің геологиялық- тектоникалық құрылымы.Жас платформалы аймақтар. Еуразия материгінің геоморфологиялық- орографиялық белдеулерге бөлінуі.Каледон қатпарлығы. Орта Еуропаның аласа таулары. Герцин қатпарлы құрылымы.Азияның геотектоникалық құрылымы мен жер бедері.



Еуразияның климаты. Еуразияның климатының алуан түрлілігі. Еуразия материгі климатының ең басты белгісі.Еуразия климатының қалыптасуына әсер етуші факторлар.Ауа райының элементтерінің маусым бойынша таралу заңдылықтары. Еуразияның климаттық белдеулері.Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсері.

Еуразияның ішкі сулары. Еуразия материгінің ішкі сулары-ның таралу ерекшеліктері. Атлант мұхиты алабына кіретін өзендер. Тынық мұхит алабына кіретін өзендер.Үнді мұхиты алабының ірі өзендері. Ішкі тұйық алапқа кіретін өзендер.Көл қазаншұңқырлары қалыптасу жолдарына қарай бірнеше типке бөлінуі.Еуропа мен Азиядағы өзендер мен көлдердің таралуы.

Еуразияның топырақ- өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, олардың қалыптасуы мен таралу заңдылықтары.Торғай флорасы. Полтава флорасы.Биогеографиялық ерекшеліктеріне сәйкес тіршілік дүниесінің жіктелуі. Шетелдік Еуропаның табиғат зоналары.Шетелдік Азияның табиғат зоналары.

Еуразияның физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі. Еуропаның ішкі табиғат айырмашылықтарына қарай физикалық – географиялық аймақтарға жіктелуі. Азияның шетелдік бөлігі ішкі табиғат айырма-шылықтарына байланысты субконтиненттерге бөлінуі.Басты орографиялық аудандары.

Солтүстік Америка материгі. Солтүстік Америка материгінің физикалық- географиялық орны. Солтүстік Америка табиғатының басты ерекшеліктері. Солтүстік Америка табиғатының зерттелуі.

Солтүстік Американың жер бедері. Солтүстік Америка матергиіне тән жер бедері. Солтүстік Американың геотектоникалық құрылымы, геоморфологиялық аудандастырылуы.Кордильера тау жүйесінің оротектоникалық айырмашылықтары. Солтүстік Америка материгінің негізгі орографиялық ерекшеліктері. Палеозойдың каледон және герцин қатпарлы құрылымдары.Кордильера тау жүйесі геотектоникалық және орографиялық құрылымы.Солтүстік Америка жер бедерінің геотектоникалық құрылымы. Пайдалы қазбалары.

Солтүстік Американың климаты мен ішкі сулары. Солтүстік Американың климаты, климат қалыптастырушы факторлары. Ауа райының маусымдық өзгерістері. Солтүстік Американың өзен жүйесінің климаттық жағдайы мен жер бедеріне байланысты таралуы.Атлант мұхиты алабының басты өзендері. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер. Тынық мұхит алабына жататын өзендер. Солтүстік Американың көлдері

Солтүстік Американың табиғат зоналары. Солтүстік Америкада табғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекше-ліктері. Арктикалық шөл зонасы. Тундра зонасы.Тайга зонасы. Аралас және жалпақ жапырақты, ауыспалы ылғалды орандар.

Солтүстік Американың физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі. Арктика мен субарктиканың Америкалық секторы. Солтүстік Американың шығыс мен Шығыс субконтиненті. Биік таулы Батыс субконтиненті (Кордильера тау жүйесі), Орталық Америка субконтиненті.Кордильера тау жүйесінің климаттық аудандастырылуы. Аляска және Солтүстік- Батыс Канада Кордильера.Канада Кордильері мен Солтүстік- батыс АҚШ Кордильері. Оңтүстік- батыс АҚШ Кордильері.Мексика таулы қыраты мен Калифорния аңғары.
III-ТАРАУ ОҢТҮСТІК ЖАРТЫ ШАР МАТЕРИКТЕРІ ТАБИҒАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ


Оңтүстік Америка жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Оңтүстік Америка материгі. Оңтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Оңтүстік жарты шар материк-терінің географиялық орны мен конфигурациясындағы ұқсастық белгілері. Оңтүстік Америка материгінің физикалық- географиялық орны. Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхиттар. Оңтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы. Оңтүстік Американың геотектоникалық құрылымы, геоморфологиялық аудандастырылуы

Оңтүстік Американың климаты мен ішкі сулары.

Оңтүстік Американың климаты, климат қалыптастырушы факторлары. Ауа рай элементтерінң маусым бойынша таралуы, климаттық белдеулер мен климат типтері. Оңтүстік Американың өзен жүйесінің климаттық жағдайы мен жер бедеріне байланысты таралуы. Оңтүстік Американың көлдері.



Оңтүстік Американың табиғат зоналары.

Оңтүстік Американың топырақ- өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің қалыптасу, таралу заңдылғы.Неотропиктік өсімдіктер патшалығы. Оңтүстік Американың жануарлар дүниесі. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар. Саванна және сирек орман зонасы.Мәңгі жасыл ылғалды муссонды ормандар.Шөлейт зонасы.



Оңтүстік Америка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандастырылуы. Оңтүстік Америка табиғатының Шығыс субконтиненті. Оңтүстік Америка табиғатының Анд тау жүйесі.

Африка материгі. Африка материгінің физикалық- географиялық орны. Африка материгінің жағалауындағы мұхиттар. Африка ашылу және зерттелу тарихы. Африка табиғатының басты ерекшеліктері. Африканың геологиялық тектоникалық құрылымы, жер бедерінің гипсометриялық – орографиялық ерекшеліктері, морфоструктуралық – морфоскульптуралық аудандастырылуы.

Африканың климаты мен ішкі сулары. Африканың климат-тық жағдайы, климат қалыптастырушы факторлар. Ауа рай элемент-терінің маусым бойынша таралуы.Климаттық белдеулері. Африка-ның басты өзен жүйелері. Жерасты сулары мен көлдері. Табиғат зоналары.

Африка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандары. Жерорта теңіздік Африка (Атлас таулары). Солтүстік Африка физикалық-географиялық аймаққа бөлінуі. Орталық Африка физикалық-географиялық аймаққа бөлінуі. Шығыс Африка физикалық-географиялық аймаққа бөлінуі. Оңтүстік Африка физикалық-географиялық аймаққа бөлінуі.

Аустралия материгі. Аустралия материгінің физикалық- географиялық орны. Аустралия материгінің басты ерекшеліктері. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралия табиғатының қалыптасу кезеңдері, геологиялық- тектоникалық құрылымы. Аустралияның климаттық жағдайы, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық аудандастырылуы. Аустралияның ішкі сулары.

Аустралияның табиғат зоналары. Топырақ- өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, олардың қалыптасуы мен таралу заңдылықтары. Аустралия өсімдік патшалығының ішкі айырмашылығына байланысты бөлінуі.Жануарлар дүниесінің негізгі ерекшеліктері. Аустралияның табиғат зоналары

Антарктика және Антарктида табиғатының басты ерекшеліктері. нтарктика және Антарктида материгінің физикалық- географиялық орны. Антарктиданың географиялық орнына байла-нысты табиғат ерекшеліктері. Антарктиданың ашылу және зерттелу тарихы. Антарктиданың табиғатының қалыптасуы, геотектоникалық құрылымы, жер бедері. Антарктиданың климаты.


2. Практикалық (семинар) сабақтарының тақырыптары

1.Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттелуі

2.Тынық мұхит табиғатына аймақтық шолу

3.Атлант жәнеҮнді мұхиттарының табиғатына аймақтық шолу

4.Солтүстік Мұзды мұхит табиғатына аймақтық шолу

5.Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылық

тар. Еуразия материгі



6.Еуразияның климаты

7.Еуразияның ішкі сулары. Еуразияның топырақ- өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, олардың қалыптасуы мен таралу заңдылықтары

8.Солтүстік Америка материгі

9.Солтүстік Американың климаты мен ішкі сулары

10.Солтүстік Американың табиғат зоналары. Солтүстік Американың физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі

11.Оңтүстік Америка материгі. Оңтүстік Американың климаты мен ішкі сулары

12.Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Оңтүстік Америка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандастырылуы

13.Африка материгі. Африканың климаты мен ішкі сулары

14.Аустралия материгі

15.Антарктика және Антарктида табиғатының басты ерекшеліктері




3. Зертханалық сабақтарының тақырыптары

1.Дүниежүзілік мұхит табиғатының зерттелуі

2.Дүниежүзілік мұхит табиғатына жалпы шолу

3.Еуразия материгі табиғатына жалпы шолу

4.Еуразияның физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі

5.Солтүстік Америка материгі табиғатына жалпы шолу

6.Солтүстік Американың физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі

7.Оңтүстік Америка материгі табиғатына жалпы шолу

8.Оңтүстік Америка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандастырылуы

9.Африка материгі табиғатына жалпы шолу

10.Африка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандары

11.Аустралия материгі табиғатына жалпы шолу

12.Антарктика және Антарктида табиғатының басты ерекшеліктері






4. Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыстарына (ОБСӨЖ) арналған тақырыптар
1.Дүниежүзілік мұхит табиғат зерттеудің негізгі әдістері.

2.Дүниежүзілік мұхит табиғатының физикалық- географиялық аудандастырылуы.

3.Тынық мұхиттың құрамына кіретін бөліктері

4.Алтант мұхиттың құрамына кіретін бөліктері



5.Үнді мұхиттың құрамына кіретін бөліктері

6.Солтүстік Мұзды мұхиттың құрамына кіретін бөліктері

7.Материктер табиғатының қалыптасуындағы басты өзгерістер


8.Еуразия материгі.

9.Еуразия материгінің геоморфологиялық- орографиялық белдеулерге бөлінуі



10.Еуразияның климаты.

11.Еуразияның ішкі сулары.

12.Еуразияның табиғат зоналары


13.Еуразияның физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі.

14.Солтүстік Америка материгі



15.Солтүстік Американың климаты мен ішкі сулары

16.Солтүстік Американың табиғат зоналары.

17.Солтүстік Американың физикалық – географиялық аудандастырылуы және материк табиғатының кеңістіктік жіктелуі.

18.Оңтүстік Америка материгі


19.Оңтүстік Американың климаты мен ішкі сулары

20.Оңтүстік Американың табиғат зоналары

21.Оңтүстік Америка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандастырылуы

22.Африка материгі.

23.Африканың ішкі сулары мен табиғат зоналары

24.Африка табиғатының кеңістіктік жіктелуі және физикалық – географиялық аудандары


26.Аустралияның табиғат зоналары

27.Антарктида табиғатының басты ерекшеліктері


5. Студенттің өзіндік жұмыстарына (СӨЖ) арналған тақырыптар

1.Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері: беткі ағыстары, олардың маусымдық өзгерістері

2.Дүниежүзілік мұхиттағы тіршілік түрлері және олардың географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес таралу заңдылығы

3.Дүние жүзілік мұхиттағы экологиялық жағдай

4.Еуразия материгінің халқы мен елдері

5.Еуропаның ірі өзен жүйелеріне сипаттама

6.Азияның ірі өзен жүйелеріне сипаттама

7.Еуразия материгіндегі биіктік белдеулер

8.Еуразия материгіндегі биіктік белдеулер

9. Солтүстік және Орта Еуропа

10.Жерорта теңіз маңы және Алдыңғы Азия

11.Орта және Орталық Азия

12.Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азия

13.Солтүстік Америка халқы мен елдері

14.Миссисипи өзен жүйесі

15.Ұлы көлдер, оларды шаруашылыққа пайдалану

16.Арктикалық аралдар: Гренландия; Канадалық Арктика

17.Орталық жазық: Жағалау жазығы; Ұлы жазық

18.Оңтүстік Америка халқы мен елдері

19.Амазонка өзен жүйесі

20.Ориноко жазығы және Бразилия таулы қыраты

21.Ла –Плата аймағы (Пампа)

22.Анд тауы және Отты Жер аралы

23.Африканың халқы мен елдері

24.Африкадағы Атлас тауы белдеуіндегі жақпарлы – қатпарлы таулар

25.Голарктикалық, Палеотропиктік өсімдіктер дүниесі

26.Мадагаскар аралы мен Кап флорасының ерекшеліктері

27.Сахара шөлі

28.Үлкен Артезиан алабы

29.Жаңа Зеландия

30.Антарктида табиғатымен байланысты ғаламдық маңызы бар проблемалар

6. Әдебиеттер тізімі

негізгі :

1.Әбілмәжінова С.Ә. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.- Алматы,2013

2.Рябчиков А. М. Физическаягеография материков и океанов. М.1988.

3. Притула Т.Ю. Еремина В.А. Спялин А.Н. Физическая география материков и океанов М.ВЛАДОС 2003

4.Залогин В.В. Мировой океан М., 2001

5.Власова Т. В. Физическая география материков. М. 1986.

6.Власова Т. В. Құрлықтардың физикалық географиясы. А. 1980.

7.Браун А. А. Африка. М. 1982.

8.Забродская М. П. Физическая география Африки. М. 1970.

9.Вальтер Г. Растительность земного шара. М. 1975.

10.Ерамов Р. А. Физическая география Зарубежной Европы. М. 1973.

11.Пфеффер П. Азия. М. 1982.

12.Дорс Ж. Южная и Центральная Америка. М. 1977.

13.Америка. Общий обор. Северная Америка. М. 1980.

14.Горст Ж. Южная и Центральная Америка. М. 1977.

15.Золотой фонд босферы Сахара. М. 1990.

16.Золотой фонд биосферы Мадагаскар. М. 1990.

17.Говоров К. А. Океания. М. 1971.

18.Маркова К.К. Индиский океан. М. 1982.

19.Мухан Г. М. Австралия и Океания. М. 1987.

20.Бардин В. И. В горах и ленниках Антарктиды. М. 1989.

21.Трешинов А. Ф. История открытие и иследование Антарктиды. М. 1963.

22.Кист А. Австралия и острава Тихого океана. М. 1983.

23.Глазовская М. А. Почвы Зарубежных стран. М. 1983.

24.Леонтьев О. К. Физическая география мирового океана. М. 1982.

қосымша:

25.Африка. М. 1981.

26.Копылов В. География населения. М. 2005.

27.Австралия, Океания, Антарктида. М. 1981.

28.Америка. М. 1981.

29.Зарубежная Азия. М. 1982.

30.Зарубежная Европа. М. 1982.

31.Мукачева Е. Н. Южная Америка. М. 1980.



32.Львович М. И. Вода и жизнь. М. 1986.





Каталог: CDO -> 2014-2015 -> Materik-Muhit-FizGeo -> Data
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
CDO -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет