1 КӨркем мінез бен жағдайдың тарихи-теориялық ТҰРҒыдан негізделуі және зерттелуі



бет7/7
Дата03.05.2016
өлшемі2.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдағы әдеби үдерістің қозғаушы күштері, тірек ұғым-түсініктері, тақырыптық-идеялық негіздері туралы зерттеулер баршылық, назар аударарлық көзқарастар мен тұжырымдар жетерлік. Біздің байқауымызша, қазақ прозасының өсуі, өзгеруі, дамуына өнімді, белсенді қызмет еткен кейбір мәселелерге жеткілікті түрде назар аударылмай келген сияқты. Солардың ішінде жағдай мен характер арасындағы қарым-қатынастың, байланыстың мән-мағынасы, көркемдік-эстетикалық қызметі, структуралық әлеуеті, түрлері мен деңгейлері жүйелі түрде қарастырылмаған екен. Ғылыми-сыни зеттеулерде идея мен кейіпкер, характер мен тартыс мәселелерінің көбірек сарапталғанының саяси-әлеуметтік факторларға байланыстылығы мәлім. Ал, жағдай мен характердің байланысы көбінесе авторлық ұстанымға, шығармашылық мәнер мен машыққа тәуелді болатындығын түпкі ой қазығы ретінде ұстау керек деген шешімге келдік, яғни өзгермелі, толқымалы, динамикалық, фрустрациялық жағдайлардың көркем жағдайға айналуының қыр-сыры арнайы сөз етуге тұрарлық. Жағдай мен характер арасындағы байланыстың әдеби үдеріс туралы тұрақты ақпарат көзі, пәрменді дерек қоры екендігіне мән беретін кез жетті демекпіз.

Өткен ғасырдағы қазақ прозасындағы жағдай мен характердің байланысы сан-салалы болды. Жағдайды бейнелеп, оның қыр-сырын ашатын характер таңдау қаламгердің еншісінде десек те, оларды үйлестіру, сәйкестендіру немесе қайшылықта, шиеленісте көрсетуге сыртқы факторлардың әсері болатыны жасырын емес. 20-30-жылдардағы ұлттық прозадағы ізденістерді бағамдасақ, шығармадағы көркем жағдайдың көбіне-көп қарама-қарсы мүдделердің, әр түрлі идеялық бағыттардың қақтығысы, күресі, текетіресі арқылы танылып жатқанын атап көрсету керек. Алаш ұранды әдебиет пен теңдік ұранды кеңес әдебиетіндегі жағдай мен характердің өзара байланысының ерекшеліктері туралы көңілге қонымды жекелеген ойлар бар. 30-50-жылдардағы идеологиялық үстемдіктің жағдай мен адамға әсер-ықпалы болғаны сол кездегі прозадан айқын көрінген. Ал тоқырау жылдарындағы прозадағы жағдай мен характердің бейнеленуі басқаша болғандығы туралы жекелеген пікірлер бар. Тәуелсіздік кезіндегі прозадағы реалистік жағдаймен қатар модернистік құбылыстардың көптеп көріне бастағаны айқын. Ұлттық прозадағы характер мен жағдайдың байланысының түрлерін жіктеп, талдап, жүйелеудің негізінде мынадай мәселелерге көз жеткіздік.

20-30-жылдардағы алаш ұранды проза өкілдерінің шығармаларында
(М, Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ, Кемеңгерлы, М. Әуезов ) әдеби кейіпкердің жағдайды айқындаушы, негізгі мәселелерді анықтаушы сипаты басым болса, теңдік ұранды әдебиетте (Б. Майлин, С. Сейфуллин, т.б.) жағдай мен кейіпкердің бірін-бірі бағыттаушылық қасиеттері жетекші орынға шыққаны көрініп тұр. Жағдай мен характер арасындағы дәстүрлі қарым-қатынастар трансформацияға ұшырай бастады.

Қазақ прозасының тарихын аталмыш проблема тұрғысынан зерделеу жеке шығармашылық тұлғаға, әдеби буын өкілдеріне, жеке бір кезеңге әр қилы әсер-ықпалы бар жағдайларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың обьективтік, субьективтік сипаттары, қоғамдық-әлеуметтік мәні, этикалық, эпикалық парқы да түрліше көрінетіндігі түсінікті жайт. Характердің эстетикалық болмысын тек қана оның жеке басының ерекшеліктерінен іздеудің өзі де жағдайға тәуелді болатындығы байқалады. Әрине, адамның жалпы мен жалқы қасиеттерін тереңнен қопара көрсету, тарихи жағдайлар жүйесі қамтылуы керек. Адамның қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық, топтық, тұлғалық болмысын ашу үшін оның азаматтық ұстанымын, саналы іс-әрекетін, мақсат-мұратын көрсететін сәттер мен эпизодтар, көріністер мен жағдай қажет екен. Характердің ой-сезімін, интеллектуалдық, кәсіби, іскерлік қасиеттерін айқындау үшін мүмкіндігі соларға сай жағдайлар таңдалады екен.

Көркем бейнені жан-жақты суреттеу үшін әр әдеби бағыт пен ағымның дәстүрлі жағдайлары болатыны көптеген зерттеулерде айтылған. Классикалық, романтикалық, реалистік, модернистік характерлерді сомдаудың ерекшеліктері жағдайға тығыз байланысты.

Жағдай ұғымын қоғамдық құрылыммен, әлеуметтік ортамен, нақты өмір құбылыстарымен шектеп қоюға болмайды, көркем әдебиетте шартты, символдық, виртуалдық, мифтік жағдайлар жиі бейнеленіп отыр. Жеке әдеби туындыдағы жағдайды авторлық тұрғыға, дәстүрлі талап-тілектерге, замана ыңғайына, адамның аужайына қатысты қарастыруды қолдаймыз. Оған қоса сол қасиеттер мен белгілерді көркемдік-эстетикалық деңгейде қорытатын негіздердің бірі – сол.

ХХ ғасырдағы қоғамдық жағдайлардың күрт өзгерулері, әлеуметтік ахуалдың жиі ауысуы, адамға әсер ететін күштердің саны мен әлеуеті артуы ұлттық прозада «мәңгілік тақырыптар» мен күнделікті күйбең тіршіліктің, сұрқай тұрмыстың көріністерінің көркем мәтінде аралас-құралас болып жүрулеріне бастады.

Өмір мен өлім, мансап пен ұждан, байлық пен кедейлік, адалдық пен арамдық, жалғыздық сияқты ұғымдардың жағдай түзудегі дихотомиялық қасиеттері қолданылды.

Әр қилы ортадағы мағыналарын ашу үшін қоғамдық сәт, әлеуметтік орта, психологиялық күй, пәлсапалық астар сияқты белсенді әдеби түсініктер арқылы жағдайдың сырын ашуға ұмтылыс ғасыр бойы толассыз жүріп келеді. Осы орайда характер үшін маңызды парыз, намыс, ождан, күнә, кінә, жазық, мақсат, міндет сияқты ұғымдардың мәні ашылатын жағдайлар жасаудың да қажеттілігі туды, әр әдеби кезең бұл мәселені өзінше шешті. Характер мен жағдайдың байланысуы туралы көзқарастардың ішінен біздің ойымызша, «мінез бен жағдайдың байланысы – көркем шығармадағы шындықты танудың, игерудің нәтижесі» (Н. Драгомирецкая) деген пікірдің жаны бар, бірақ зерттеушінің бұларға тығыз байланысы бар сәт, оқиға, тартыс сияқты мәселелерге жеткілікті түрде назар аудармағаны өкінішті.

Әлемдік әдеби үрдіспен жақсы таныстығы бар қазақ жазушыларының озық көркемдік әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен игере білуге күш салғанына арнайы тоқталып айту қажет. Кеңестік замандағы күрт өзгерістер мен шұғыл бетбұрыстар әдебиетке, оның ішінде характерге әр қилы ықпал еткені анық. 30-50-жылдар әдебиетінде өзінің басты мақсатын айқын танытқан социалистік реализм әдісі қазақ прозасында типтік жағдайдағы типтік характерді жасауды міндеттеген болатын. Бұл жылдар әдебиетінде кейіпкердің ішкі жан-дүниесін ашып көрсету, психологиясын барлау, әлеуметтік әрекеттерді көрсету көбінесе стандартты жағдайда жүргізілді. Сондықтан да әдебиетте сомдалған образдар дүниетанымы белгілі бір қалыптан шыққандай болды. Ой мен қиялға тұсау салынған осындай қиын кезеңді басынан өткерген қазақ прозасында ілкімді ізденістер характер мен жағдайдың жаңа түрлерін бейнелеуге ұмтылысынан байқалды.

ХХ ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың сол кездегі әдебиетке, одан кейінгі әдеби үдерістерге де ықпалы айтарлықтай маңызды болды. Ғасырдың алғашқы жылдарындағы ұлттық прозада қалыптасқан жағдай мен характер ауаны мынадай болды; 1) жағдайды өзгертуге мүдделі, жігерлі, белсенді характерлер шықты; 2) жаңа жағдайды қабылдамауға бекінген, бұрынғы мұраттарға адал болуды көксеген көркем образдар әрекет етті; 3) бір- біріне сырттай бейтарап жағдай мен характерлер көрінді; Ж. Аймауытовтың «Тұмарбай мен қатыны», «Елес» әңгімелерінде, С. Садуақасовтың «Күлпаш», Ғ. Мұстафиннің «Ер Шойын», Б. Майлиннің әңгімелерінде характер мен жағдайдың осындай типтік белгілері анық байқалады. Сонымен қатар қаламгерлердің жағдай мен кейіпкер байланысы арқылы көптеген жаңа ұғым-түсініктердің, құбылыстардың жай-күйлерін анықтауға ұмтылғаны көрініп тұр. 20-30-әрекетшіл жылдары жеке тұлға мен эпикалық қарымы бар жағдайларға көбірек назар аударған. Кейінгі жылдары өзгермелі орта, ауыспалы саясатты ендеп зерттеуге кіріскен ұлттық прозаның тұлға мен қоғам, орта мен адам, характер мен идея сияқты байланыстарды қарастыруға тырысуының өзін жаңару мен өзгеруге ұмтылыстың белгісі деп қарастыру керек. Қала мен ауыл, ой еңбегі мен дене еңбегі, адам мен табиғат сияқты дихотомиялық байланыстардың ұлттық прозадағы өнімді жағдайларға айнала бастауы 50-60-жылдардан бастау алады. Ғ. Мүсірепов, Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов,
С. Шаймерденов туындыларында осындай жағдайлар ерекше характер жасауға мүмкіндік берген. Кейінірек Ә. Кекілбаев, Қ. Ысқақов, С. Мұратбеков,
Ә. Тарази, Р. Тоқтаровтың прозалық шығармаларында аталмыш интегралдық жағдайлар жаңа дисперстік шешімдерге жетеледі. Осы кездегі «жағдайды» эстетикалық категорияға жатқызуға тырысуды түсіністікпен қарау керек, бірақ оның нақты қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың көрінісі ғана дегенге ойлана көз жіберген орынды сияқты. Адам ойы мен сезіміне, іс-әрекетіне әсер ететін өмірлік факторларды «жағдай» деп танудың да қисыны бар. Бірақ қаламгердің ырқынан тыс өмір сүретін характер мен жағдай бар екендігін қазіргі модернистік проза көрсетіп отыр. Нақты тарихи сәттерді өзгерте алатын оқиға мен құбылысты жағдай деп атауға негіз бар деген ұсынысты естен шығармаған абзал.

М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Б. Майлиннің «Күлтай болыс», «Қара шелек» әңгімелерінде характердің жағдайға тәуелділігінің көптеген себептері ишара, меңзеу, ымыра арқылы ашылған. Осындай байланыс түрлері кейінірек


М. Әуезовтің «Бүркітші», Ә. Әбішевтің «Зауал» туындыларында көрінді.

Жинақтап көрсету нәтижесінде ұлттық прозада жағдай мен характердің мынадай типтік байланыстары байқалады:

1. Қоғамдық-әлеуметтік төңкерістер қалыптастырған жағдайлар адамның мінез-құлқының өзгеруіне, жаңа бағыттарға қарай ауысуына оңтайлы ахуал туғызды;

2. Белсенді характер өз мақсатына сәйкес әрекет ете алатын жағдай жасауға мүдделі болды;

3. Қалыптасқан жағдайға сырттай және іштей қарсы характерлер бой көрсетті;

4. Мінез бен жағдай арасында өзара бейімделу, ықпалдасу, синхронды өзгеру үрдісі қалыптаса бастады;

Түйіп айтқанда, қазақ прозасындағы жағдай мен характердің байланысының мынадай үш типін бөліп көрсетуге болады:

а). адам мақсаты мен мүддесін, күш-қуатын, рухани әлеуетін тексеруге қолданылатын бағыттаушы түрі;

ә). тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға қызмет ететін, яғни шартты түрде айтқанда оны жаңаша «жасаушы», қалыптастырушы түрі;

б). адамның белсенділігін, мүмкіндігін, іс-әрекетінің парқы мен нарқын безбенге салатын айқындаушы түрі.

60-жылдары ауыл өмірінің өз алдына дербес көркемдік әлемге айналуының, жетекші, тарихи-мәдени, көркемдік-эстетикалық мәні бар жағдайға айналғаны сыртқы және ішкі факторларға тығыз байланысты. Қоғамдық-саяси «жылымықты» пайдаланған қаламгерлер ұлт тарихы мен тағдырына, мәдениет пен өнерге деген ұлттық танымның жаңа иірімдерін игере бастады. Ә. Кекілбаевтың Еңсебі, С. Мұратбековтің Күсен-Күсекесі,
Ә. Таразидың Кірпішбайы, О. Бөкейдің Қиялханы сияқты «таныс-бейтаныстар» өздерін таныту үшін продуктивтік жағдайларды қажет еткенін айту керек.

Адам бейнесінің ұлттық прозадағы көрінуін герой, тұлға, қаһарман, субьект, индивид, персонаж, образ, көркем бейне, әдеби тип деп белгілеуге, бөлуге, жүйелеуге негіз бар, бірақ бұлардың ішінде әмбебап мағына иесі характер екендігін бөліп айту орынды. Характерді мінез-құлықтың, іс-әрекеттің белгілі бір көрінісі деп қарастыру аздық етеді. Адамның жеке сәт пен жалпы жағдайдағы іс-қимылын, әрекетін, ой арнасын қоса қарастыру характердің жан- дүниесінің қалтарыстарын ашуға көмектесетінін естен шығармаған дұрыс.

60-70-жылдардағы қазақ жазушыларының әңгімелеріндегі жағдай мен мінез мәселесінің байланысын жан-жақты зерттеу үшін осы кезең прозасының бет-бағдары айқындап алынды. Бұл жылдардағы қазақ прозасында елеулі өзгерістер, тың ізденістер көрінді, оның мазмұндық құрамы күрделеніп, ішкі құрылымдық мүмкіндіктерінің аясы кеңейе түсті. Адам болмысы мен өмір шындығын суреттеуде қазақ жазушыларының шығармаларында философиялық көзқарастың тереңдеуі, психологиялық талдаудың қарымы артуы, туындыда күрделі жағдайлардың көрінуі 60-70-жылдар прозасының айтарлықтай ерекшелігі болды. Сонымен бірге көркем шығармадағы трагедиялық жағдай мен трагедиялық характерлердің символдық және реалистік жағдай мен мінез мәні қаламгерлерге замана ахуалын, көңіл-күйін, болмысын объективті түрде бейнелеуге мүмкіндік берді.

Кейінгі кезеңдегі шығармаларда мазмұнның күрделене түсуіне, ауқымдалып, қайшылықты жағдайлардың артуына әсер еткен бір фактор қоғамдық-саяси жағдай деп есептеу керек. 60-жылдардан бастап тоталитарлық жүйенің сәл босаңсуы, жылымық кезеңнің тууы шығармашылық еркіндіктің пайда болуына, дүниежүзілік көркем әдеби тәжірибелердің үлгілерін молынан пайдалануға жағдай туғызды. Қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі жағдайдан қол үзіп, жаңа тартыс түрлеріне бара бастады. Осыған орай, аталмыш кезең әдебиетінде шартты, астарлы тартыс түрлері көріне бастады. Бұл әдіс О. Бөкей, Д. Исабеков, С. Мұратбеков, Т. Әбдіков, Қ. Жұмаділов,


Ә. Кекілбаев, Т. Нұрмағанбетов, К. Сегізбаев сияқты жас жазушылардың өздерінің қолтаңбасын танытып, бет-бағдарын байқатуға мүмкіндік бергені.

Бұл жазушылар кеңестік жүйе қалыптастырған жағдай мен характерге, салт пен сенімге, жасанды қағидалар мен моральдық-этикалық нормаларға, гуманистік принциптерге, ұлттық құндылықтардың көрінуіне өз бағасын берді. Сондай-ақ қаламгерлер өз шығармаларында тоталитарлық қоғамда өмір сүріп жатқан адамның ішкі жан дүниесі, өзін қоршаған ортаға деген көзқарасы, оның дүниетанымының көкжиегі қандай деген мәселені батыл көтерді. Осы тұрғыдан келгенде олар адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы терең қарама-қайшылықты көріп, тани білді. Бұл сәйкессіздік, түсініспестік, келіспеушілік олардың шығармаларындағы жағдай мен мінез байланыстарының бағыттаушылық түрінен көрінді.

С. Мұратбековтің «Ата», «Бекеңнің құбылыстары», Т. Әбдіковтің «Қонақтар», «Бассүйек», Д. Исабековтің «Қара шаңырақ» әңгімелеріндегі қарттар бейнесі олардың ұлттық танымына, шыққан тегіне, ардақтаған аруағына адалдығы, сырттан келген «жасанды, жат идеялармен» келісе алмаулары, шарасыз күйге ұшырауы ұлт болашағына алаңдаған қаламгерлердің бағыттаушы жағдайды таңдағанынан көрінеді. Адам, ұлт болмысын, олардың даму жолын, ішкі-сыртқы мүмкіндіктерін қоғамдық ортамен тікелей байланыста алып, оны ашып көрсетуде, сыни ой-пікір білдіруде кезең қалыптастырған небір «ережелерден» аса алмайтынын сезген қаламгерлер өз әңгімелерінде кей жағдайда хайуанаттарды басты образ етіп алып, солардың өмірі арқылы ұлттық, адамзаттық мәселелерді астарлап көрсете білді. Оған
О. Бөкейдің «Бура», «Кербұғы», К. Сегізбаевтың «Балабура» әңгімелері дәлел бола алады. Кешегі бюрократтық келеңсіз құбылыстар көкірегі ояу қаламгер қаламынан тыс қалған жоқ. Жағдай мен мінездің байланысының өзгертуші-қалыптастырушы типі анық байқалды.

Ә. Кекілбайдың «Есболай», Д. Исабековтің «Талахан-186», «Ескерткіш», Т. Нұрмағанбетовтың «Ата қоныс» әңгімелерінде адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас типтік әлеуметтік жағдай негізінде көрінеді. Қоғамда орын алған науқаншылдық, жалғандық, көлгірсу, жағымпаздану сияқты мінездердің тамырын тереңге жайып, оңайлықпен сауыға қоймайтын дертке айналып бара жатқанын көрген жазушылар жаңа бағыттарға бастайтын құндылықтарды ұсынған. Аталмыш кезең прозасында оқырманның өзіне ой салып, салмақ тастау, қалыптаса бастаған жағдайды өзінше топшылауына, шығарма өзегіне үңілуге жетелеу сияқты шығармашылық амал-тәсілдер қолданылған. Жазушылар шартты тартыс түрлеріне бара бастады. О. Бөкеев «Жасын»,


Т. Әбдіков «Оң қол», С. Мұратбеков «Біреу» туындыларында жағдай мінезді, ал характер жағдайды айқындауға жұмылдырылғаны көрініп тұр. Характердің қосамжарлығы, екіұдайлығы сондай жағдайларда ашылған.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде жазылған Қуандық Түменбай, Дидахмет Әшімханұлы, Роза Мұқанова, Қуаныш Жиенбай, Сейітқұл Оспанов, Асқар Алтай, Нұрғали Ораз, Айгүл Кемелбаева, Талаптан Ахметжан, Қасым Аманжол, Думан Рамазан сынды жазушылардың өтпелі кезеңдегі адам сыры мен өмір шындығын ұлттық философиялық негіздер арқылы танытуға ұмтылған ізденістері олардың шығармаларындағы осы негіздегі характер мен жағдай табиғатын көркемдік тұрғыдан зерттеуге мұрындық болды. Өзіне дейінгі қазақ жазушыларының оңтайлы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық әдебиетімізге жаңа табыстар әкелу жолында талмай еңбек етіп жүрген бұл қаламгерлердің шығармаларын сараптап отырып, бүгінгі көркемдік ойлау жүйесінде модернистік ізденістердің ден ала бастағаны туралы кейбір байламдар жасадық.

Адам тұлғасын жан-жақты қарастыра отырып, 60-90-жылдары қазақ қаламгерлері табиғаты күрделі, түрі көп құбылыстардың қатарындағы жатсынуға ерекше көңіл бөлгені белгілі, бұл үрдіс кейін де жалғасуда. Адамның қоғамнан, өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, тілі мен ділінен, өз-өзінен жатсыну мәселесі кейінгі жылдар прозасында жан-жақты қамтылды.

1. Өзі өмір сүріп отырған қоғамнан безінуі, ортадан жерінуі сияқты көріністер мен жағдайлар Н. Ораздың «Қайыршының жұлдызы»,


Қ. Аманжолдың «Армансыз» әңгімелерінде айқындаушы жағдайда бейнеленеді.

2. Қ. Түменбайдың «Ақындар заңы», С. Оспановтың «Жол ережесі»,


Д. Әшімхановтың «Аққабаның толқыны», Н. Ораздың «Балақ бау» әңгімелерінде қалыптастырушы жағдай тереңірек қамтылған.

Экзистенциалистік жағдайлар, адамның өзінің күнделікті өмірінде өзін экзистанс күйінде сезінуі характерді қайталанбайтын тұлға етіп бейнелеу, оны шекаралық ситуацияға өліммен бетпе-бет келуге жиі қоюшылық көркем бейненің өзінің шын бостандығын және «жапандағы жалғыздығын», адам мен сыртқы әлемнің сәйкессіздігін түсіне алады деген ой басымдығы


Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Жан азабы», «Шықпайтын есік», «Жарық дүние» әңгімелерінде көрінген. Өмір мен өлім арасындағы жағдайдағы адамның тіршілікке деген құмарлығын, өмірдің мәнін басқаша бағалауын көрсету, яғни жағдай мен мінездің айқындаушы байланысының басым екендігі.

Ұлттық көркем прозадағы характер мен жағдайдың байланысу түрлерінің әдеби кезеңге баға бере алатын көрсеткіштердің бірі болып, түрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістер мен ауысуларға сәйкес автохтонды түрде түрленіп, дамып отырады екен. ХХ ғасырдың басындағы әдеби үдерістегі алаш ұранды әдебиет пен теңдік ұранды кеңес әдебиетінің арасындағы байланыстарға жаңа көзқарастар тұрғысынан баға беруге характер мен жағдайдың байланысы мүмкіндік береді. Алаш ұранды әдебиетте айқындаушы тип белең алды, өйткені олар жаңа жағдайда ұлттық таным мен сенім иесі қалай тіршілік кешетінін көрсеткісі келген. Бұл бағыт өкілдері характер мен жағдайдың бірін-бірі бағыттаушылық қасиеттерін де шығармаларында қолданып отырған.

Ал теңдік ұранды әдебиет деп шартты түрде аталып жүрген кеңес әдебиетіндегі жағдайдың характерді қалыптастырушылық сипаты талай айтылған, себебі жаңа қоғам өз мүшелеріне өз саяси мақсатына сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға мүдделі болғаны түсінікті. Бірақ М. Әуезовтің,
Б. Майлиннің 30-жылдардағы әңгіме-повестерінің кейбіреуінде айқындаушы байланыс типінің қатар қолданылғаны, нәтижесінде астарлы дискурс дарытқанын айтып өту керек. Сонымен қатар характер мен жағдайдың әдеби туындының мотивтерінің құрамына да белсенді әсер ететіні байқалды. Осы кезеңде жағдайдың интегралды мотивтерге көбірек тәуелді болғаны көрініп тұр.

Тоқырау кезеңі деп аталып жүрген жылдар саяси-қоғамдық ойлар тұрғысынан солай бағаланғаны орынды да шығар. Бірақ қазақ әдебиеті дәл осы уақытта жаңа жағдайларды игеруге батыл қадам жасай бастады. Әлеуметтік тауқыметтер, қайта құрудың науқан-шаралары, ұлттық мәселедегі түйткілдер мен іркілістер, адамның мінез-құлқы мен ой-өресіндегі күрделі өзгерістер, рухани құндылықтар мен табиғат эрозиясы, тарихи жадының әлсіреуі сияқты жағдайлар ұлттық прозаның өнімді тақырыптық-идеялық негізіне айналды. Осындай өнімді көркем жағдайлар мақсат-мүддесі өзгерген, іс-әрекеті белсенді, өмір құбылыстарын талдау мен талқылауға бейім характерді талап етті және олардың жағдайдың қыр-сырын айқындау үшін өздерін жан-жақты көрсетуін қалады.

60-80-жылдардағы қазақ прозасында реалистік жағдайлармен қатар шартты, символистік суреттер де бой көрсете бастады. Ғ. Мүсіреповтің «Өмір жорығы», «Қыран жыры», О. Бөкеевтің «Жасын», «Жетім бота» шығармаларында көрініс берген жағдайлар өз жалғасын тапты.

Әдеби туындыдағы көркем бейне мен жағдайдың өзгеруі психологиялық ахуалдың толқымалы, өзгермелі, ауыспалы қасиеттеріне, ішкі және сыртқы дүниенің арпалыстарына, сананың сапырылысуына, өмірдің мәні мен мағынасы туралы толғаныстарға, тұлғаның «менінің» құбылыстарына тәуелді екені дәйектелді.

Тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы өтпелі жылдарда қазақ прозасында жағдай мен характердің байланысының бағыттаушылық сипаты басым болды, бірте-бірте қалыптастырушылық тип те көріне бастады. Тұрақты жағдайларды айқындаушы сипат өзіндік орнын тапты. Қазіргі кезеңдегі жастар прозасында характердің жағдайға байланысының үш түрі де белсенді қолданылуда. Әдеби күштің басқа буынының өкілдерінде өзгерген жағдайдағы адамның жан-дүниесін ұлттық құндылықтарға қарай бағыттаушылықтың қызметі басым болып көрінуде. Әрине, оның нәтижесі әр түрлі болатыны түсінікті. Дегенмен характер мен жағдайдың үш түрін де қолдану әдеби туындының мағыналық қабаттарын үстеуге, сәттер мен сезімдердің эмфатиялық әсерін арттыруға, оқырман рецепциясын тереңдетуге қызмет ететінін ұмытпаған жөн.

Ертеңнің аужайы, заманның ыңғайы, жұрттың сыңайы, табиғаттың райына сәйкес жағдайлардың қазақ прозасында өнімді қызмет атқарып отырғаны даусыз. Дәуірмен өрелес, тарихпен тамырлас характердің көркем ойлаудың икемділігін арттыратыны сөзсіз. Мұндайда шығармашылық тұлғаның көңіл көкжиегін, қаламгерлік қырын, кісілік көзқарасының ауқымын да ескеріп отырған орынды.

Прозалық шығармалардағы жағдай мен характердің байланысу түрлерінен хабар беріп тұратын құрылымдар мен белгілер тартыс табиғаты, сәттер сипаты, шығарма атауы, кейіпкердің аты мен бүркеншік есімдері, шартты, символдық, мифтік образдар. Сонымен қатар әдеби бағыттар мен ағымдар да ақпарат көзі ретінде маңызды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы:Рауан, 1996. – 256 б.

2 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 б.

3 Кәкішев Т. Дәуір дидары. – Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б.

4 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.

5 Бердібаев Р. Замана сазы: Зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 320 б.

6 Ғабдулин Н. Замандас келбеті. – Алматы: Жазушы, 1972. – 224 б.

7 Нұрғалиев Р. Өнердің эстетикалық нысанасы. – Алматы: Мектеп, 1979. – 192 б.

8 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын ЖШС, 1997. – 369 б.

9 Серікқалиұлы З. Жандауа: Көркемдік ой танымына көзқарас, талдау, толғаныстар. – Астана: Елорда, 2004. – 400 б.

10 Есембеков Т. Ғ. Мүсірепов прозасындағы мінез бен жағдай мәселесі. //


Ғ. Мүсірепов мұрасы. –Петропавл, 2002. - 41-43бб.

11 Жақсылықов А. Проза М. Ауезова 20-х и 30-х годов. – Алматы, 1984. – 130 с.

12 Исмакова А. Казахская художественная проза. – Алматы: Ғылым, 1998. – 394 с.

13 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 336 б.

14 Сарбалаұлы Б. Бес мүшел: әдеби эссе, сын мақалалар. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 2 т. – 320 б.

15 Ергөбек Қ. Баянғұмыр: Сын мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1991. –


230 б.

16 Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. – Алматы: Жазушы, 1988. – 189 б.

17 Алпысбаев Қ. Көркем мәтінді талдау әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 149 б.

18 Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі. – Алматы: Жазушы, 1981. – 264 б.

19 Егеубаев А. Сөз жүйесі: Сын кітабы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 271 б.

20 Шапай Т. Қазақтың жаны. – Астана: Елорда, 2001. – 284 б.

21 Бейсенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. – Алматы, 1983. – 52 б.

22 Мақпыров С. Қазына: әдеби мақалалар, зерттеулер. – Алматы: Арыс, 2004. – 320 б.

23 Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері: әдеби сын зерттеулер. – Алматы: Б.б., 2001. – 221 б.

24 Рақымжанов Т. Романның көркемдік әлемі. – Алматы: Рауан, 1997. – 224 б.

25 Камалқызы Ж. Романдағы характер мен жағдайдың байланысы //
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дың хабаршысы. – Түркістан, 2009. – №1. 27-30бб.

26 Асылбеков С. Қазіргі қазақ повестеріндегі замана шындығы (1970-1989): филол. ғыл. канд. ... авторефер. – Алматы, 1997. – 27 б.

27 Рамазанова А. Қазіргі қазақ повестеріндегі адам және табиғат қарым-қатынасы: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1997. – 27 б.

28 Уәлиханов Ш. Қазіргі қазақ прозасы шағын түрлерінің поэтикасы


(С. Мұратбеков прозасы негізінде): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1997. – 27 б.

29 Балтабаева Г. Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990 ж.ж.): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1999. – 26 б.

30 Жанұзақов Қ. О. Бөкеев прозасындағы романтизм: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1999. – 27 б.

31 Айтмұханбетова Қ. О. Бөкей прозасындағы мифологизм: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Астана, 1999. – 29 б.

32 Адаева Е. Б. Соқпақбаевтың жазушылық шеберлігі: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2003. – 29 б.

33 Смағұлова Н. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Астана, 2006. – 24 б.

34 Жарылқапов Ж. 70-80-жылдар прозасындағы адам концепциясы: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2000. – 25 б.

35 Халикова Н. Қазақ прозасындағы кейіпкер даралығы және көркемдік шешім: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. – 26 б.

36 Хамзина Қ. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт және кеңістік (ХХ ғ. 70-80 ж.ж.): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2004. – 24 б.

37 Тамабаева Қ. Т. Нұрмағанбетов прозасындағы идеялық-көркемдік ізденістер: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 20 05. – 23 б.

38 Таңжарықова А. Д. Исабеков прозасының көркемдік әлемі: филол. ғыл. канд. ...автореф. – Алматы, 2008. – 28 б.

39 Сабырбаева Р. Қ. Ысқақов прозасы: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2007. – 30 б.

40 Словарь литератураведческих терминов. – М.: Просвещение, 1974. – 509 с.

41 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 б.

42 Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М.: Изд. Мин. Просвещ. РСФСР, 1959. – 440 с.

43 Литературный энциклопедический словарь. – М.: Сов. Энциклопед, 1987. – 752 с.

44 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2003. – 527 б.

45 Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы: Ғылым, 1966. – 280 б.

46 Қаратаев М. Бетбұрыс белестері. – Алматы: Алатау, 2005. – 336 б.

47 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір: Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1966. – 272 б.

48 Бердібаев Р. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы: Қазақстан, 1968. – 86 б.

49 Әдібаев Х. Уақыт және суреткер. Шеберлік туралы сырласу. – Алматы: Жазушы, 1967. – 288 б.

50 Байжанов С. Замандас туралы толғау: Монография. – Алматы: Жазушы, 1973. – 223 б.

51 Ғабдуллин Н.Уақыт сыры. – Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б.

52 Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 б.

53 Оразаев Ф. Замана қаһарманы: Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1981. – 248 б.

54 Қирабаев С. Шындық және шығарма. – Алматы: Жалын, 1981. – 252 б.

55 Иезуитов А. Н. Проблема характера в эстетике и литературе. – М.-Л.: Изд. Ан. СССР, 1962. – 318 с.

56 Бочарев С. Г . Характеры и обстоятельства. // Теория литературы. Основные проблемы в историческом освещении. Образ. Метод. Характер. – М. 1962.

57 Левитов Н.Д. Вопросы психологии характера. – М. 1952. – 384с.

58 Фащенко В. В. Характеры и ситуация. – М.: Сов. Писатель, 1982. –
263 с.

59 Платонов К.К. Способности и характер / Теоретические проблемы психологии личности. – М., 1974. – 197 с.

60 Есембеков Т. Драматизм и казахская проза. – Алматы: Ғылым

61 Әуезов М. ХХ томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы,


1985. – 18 т. – 449 б.

62 Бердібаев Р. Қазақ әдебиеті тарихының кейбір мәселелері // Әдебиет және искусство. – 1956. –№12. –

63 Драгомирецкая Н. Характер в художественной литературе // Проблема характера в современной советской литературе. – М.: Изд. АН.СССР, 1958. – 353 с.

64 Абалкин Н. В поисках конфликта // Новый мир, 1953. – №5. – С.15-18.

65 Энгельс Ф. Таңдамалы шығармалар: 9 томдық. – Алматы: Қазақстан, 1988. – Т. 2.– 644 б.

66 Борев Ю. Введение в эстетику. – М.: Сов. Художник, 1981. – 327 с.

67 Редеккер Х. Отражение и действие. Диалектика реализма в художественной творчестве. – М., 1971. – 110 с.

68 Ордалиев С. Конфликт және характер. – Алматы: Жазушы, 1970. –


184 б.

69 Рүстемов Қ. Көркем туындыдағы тартысқа қатысты терминдер сипаты // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2001. – №11. – 32-37 бб.

70 Хакен Г. Синергетика. – М., 1989. – 404 с.

71 Сейфуллин С. 5 томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы,


1987. – 2 т. – 472 б.

72 Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. – Алматы: Жазушы, 1978. – 189 б.

73 Абдиманов Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 б.

74 Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 б.

75 Әуезов М. ХХ томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. – – 449 б.

76 Бердібаев Р. Әдебиет және өмір. – Алматы: ҚМКӘБ, 1964. – 188 б.

77 Жүсіпов Қ. Қазақ прозасындағы тартыс және жаңа адам: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1969. – 27 б.

78 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 244 б.

79 Аймауытов Ж. Бес том шығармалар жинағы. – Алматы, 1998. – 4 т.: Психология. – 447 б.

80 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: Зерттеулер мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 206 б.

81 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 576 б.

82 Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1992. – 2 т. – 544 б.

83 Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176 б.

84 Әбдіков Т. Өзгенің уайым-қайғысын өз жүрегіңмен сезіне бастағанда ғана қол жүреді // Жас алаш. - 1997. - № 134. – 3-4 бб.

85 Мұратбеков С. Жабайы алма. – Алматы: Жазушы, 1981. – 463 б.

86 Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы: РБК, 1995. – 277 б.

87 Жұмаділов Қ. Саржайлау. – Алматы: Жазушы, 1977. – 270 б.

88 Нұрмағанбетов Т. Ата қоныс. – Алматы: Жалын, 1977. – 168 б.

89 Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі. – Алматы: Жазушы, 1992. – 268 б.

90 Исабеков Д. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1993. – 464 б.

91 Әбдіков Т. Айтылмаған ақиқат. – Алматы: Жазушы, 1974. – 284 б.

92 Мұратбеков С. Ендігі жерде әдебиетімізге шын жазушылар ғана келеді // Қазақ әдебиеті. –

93 Мұратбеков С. Шығармалар жинағы. 1том.- Алматы: Өлке, 2005. - 319 б

94 Бөпежанова Ә. Болмыспен бетпе-бет // Парасат, 1990. – №12. – 8-14 бб.

95 Майтанов Б. Көркемдік нәрі. Романдағы психология арналары– Алматы: Жазушы, 1983. – 182 б.

96 Кекілбаев Ә. Құсқанаты. – Алматы: Жазушы, 1978. – 349 б.

97 Тоқбергенов Т. Қос қағыс. – Алматы: Жазушы, 1981. – 284 б.

98 Серғалиев М. Кең өріс. – Алматы: Жазушы, 1983. – 250 б.

99 Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Жазушы, 1971. – 346 б.

100 Оралхан / Құраст. Р. Мәжитқызы. – Алматы: Өнер, 2000. – 315 б.

101 Әшімханов Д. Таланттың ерен табиғаты // Жас алаш. – 1993. –
28 қыркүйек.

102 Бөкеев О. Үркер ауып барады. – Алматы: Жазушы, 1981. – 527 б.

103Балтабаева Г:Әдебиеттанудың өзекті мәселелері. – Алматы: Комплекс, 2002. – 430 б.

104 Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1981. – 400 б.

105 Тоқбергенов Т.Қос ағыс. – Алматы: Жазушы, 1978. – 349 б.
106 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын ЖШС, 1997. – 368 б.

107 Қабдолов З. Жебе: Әдеби толғаныстар мен талдаулар. – Алматы: Жазушы, 1997. – 380 б.

108Оразалин Н.Әдебиет –ардың айнасы. // Қазақ әдебиеті. . – 2001. – № 48-8 б.

109 Түменбай Қ. Көз: Әңгімелер мен хикаяттар. – Алматы: Зерде, 1999. – 296 б.

110 Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз: Әдеби-сын мақалар. – Алматы: Жазушы, 1989. – 129 б.

111 Рамазан Д. Көкжал. – Астана, 2001. – 136 б.

112 Ораз Н. Қазығұрт оқиғалары. – Алматы: Санат, 1995. – 238 б.

113 Амантай Д. Қастерле мені. – Алматы, 2000. – 567 б.

114 Оспанов С. Жол ережесі // Қазақ әдебиеті. – 2001. – 23 қараша.

115 Егеубаев А. Ұлттық сананың ұлан асу ұлы құбылыстары // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2005. – № 21-22. – 14 -15 бб.

116 Әшімханов Д. Аққабаның толқыны. – Алматы, 1981. – 120 б.

117 Дәдебаев Ж. М. Әуезов. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – 125 б.

118 Жиенбай Қ. Бизнесмен Құлшараптың Қожанасырмен қоштасуы // Қазақ әдебиеті. – 2001. –

119 Дәдебаев Ж. Әулие ата. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 208 б.

120 Ахметжан Т. Тума. – Алматы: Жазушы, 1995. – 126 б.

121 Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. – Алматы: Жазушы, 1985. – 249 б.

122 Нұрғалиев Р. Телағыс: Әдеби дәстүр және әдеби даму. – Алматы, 1986. – 440 б.

123 Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1985. – 246 б.

124 Алтай А. Қыр мен қала хикаялары. – Алматы: Санат, 1998. – 192 б.

125 Асылбекұлы С. Қазақ повесі: Генезис, эволюция, поэтика. – Алматы: Үш қиян, 2008. – 295 б.

126 Кемелбаева А. Тобылғы сай. – Астана: Елорда, 2001. – 120 б.

127 Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1989. – 360 б.

128 Мұқанова Р. Жарық дүние. – Алматы: Жалын, 1994. – 208 б.

МАЗМҰНЫ


1 КӨРКЕМ МІНЕЗ БЕН ЖАҒДАЙДЫҢ ТАРИХИ-ТЕОРИЯЛЫҚ

ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕЛУІ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ...............................................................................3
2 ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕ,

ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МІНЕЗ МЕН ЖАҒДАЙ БАЙЛАНЫСЫ.......................................................35
3 ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕ,

ПОВЕСТЕРІНДЕГІ МІНЕЗ БЕН ЖАҒДАЙДЫҢ

КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ...............................................................................73
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................................112
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………………………120







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет