1. Миссия және пайымдау



бет1/17
Дата02.05.2016
өлшемі3.35 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17







Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


1. Миссия және пайымдау
Миссиясы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көлік-коммуникация кешенін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.

Пайымдауы – экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені, сондай-ақ ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуді қамтамасыз ететін дамыған және қолжетімді ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым.



2. Ағымдағы жағдайды және даму үрдісін талдау
1-cтратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1. Дамудың негізгі параметрлері
Теміржол, автомобиль, өзен, əуе көлік түрлерін, автомобиль жəне теміржолдарды, кеме жолдарын ұсынған республиканың көлік кешені шаруашылықаралық жəне мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі
2011 жылы 5,6% құрады.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша Қазақстанның жалпы пайдаланымдағы көлік желісі 14,7 мың км теміржолдан; 97,2 мың км автомобиль жолынан; 4,1 мың км ішкі су кеме қатынасы жолынан тұрды.

2012 жылы республика аумағындағы қатынас жолдарының көпшілігі жалпы пайдаланымдағы 5,5 км темір жолдар; жалпы пайдаланымдағы
31,6 км қатты жамылғысымен автомобиль жолдары бойынша аумақтың 1000 кв.км құрайды.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 2012 жылы 3 014,3 млн. тоннаны құрады, ол


2010 жылғы көлемнен 9,3% артық.

Коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кəсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда, жолаушыларды тасымалдау 2012 жылы 11,1%-ға артты және 18 483,8 млн. адамды құрады.


Жүк және жолаушыларды тасымалдау динамикасы.


Темір жол саласы
Қазақстанның көлік жүйесінде теміржол көлігі жетекші рөл атқарады. Тасымалдаудың үлкен арақашықтығы жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі арзан тарифтері пайдаланушылар тарапынан теміржол көлігінің аса көп сұранысына ие болуына əкеледі.

Қазақстан темір жолының пайдалану ұзындығы 14,7 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер – 4,1 мың км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүк сыйымдылығы – км-ге 21,8 млн. тонна-км –ді құрайды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚТЖ»ҰК» АҚ) негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері.


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Кезең

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл


2012

жыл


Жүктер тасымалданды

млн. тонна

247,7

(-7,9%)


267,7

(+8%)


248,8

(+4,4%)


294,7 (+5,4%)

Жолаушылар тасымалданды

млн. жолаушы

18,9

(+5,9%)


19,2

(+1,6%)


20,7

(+7,8%)


23,5 (+13,5%)

Кірістер

млрд. теңге

432,3

(-0,3%)


597,6

(+38,2%)


625,5

(+4,7%)


749,7 (13,8%)

Шығыстар

млрд. теңге

416,0 (+6,1%)

532,6

(+28%)


531,3

(-0,2%)


706,1 (19,8%)

Қаржылық нәтиже

млрд. теңге

16,3

(-61%)


65,2

(+400%)


94,2

(+44,5%)


116,7

(-5%)


Елдің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол көлігінің үлесі шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20 % құрайды.

Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде мынадай мақсаттар айқындалды:



  1. магистральдық темір жол желісін (бұдан әрі – МТЖ) мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда темір жол көлігін нарыққа бейімдеу;

  2. тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті дамыту есебінен темір жол көлігі қызметтерінің қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

  3. салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық жағдай жасау;

  4. темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының темір жол саласын реформалау барысында мынадай аралық нәтижелерге қол жеткізілді:

1) шаруашылық қызметтің бейінсіз түрлері және мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтік-тұрмыстық активтер бөлінген және жергілікті билік органдарына берілді;

2) бәсекелі секторға жөндеу кәсіпорындары бөлінді;

3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын ішінара мемлекеттік субсидиялау басталды.



Каталог: images -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы»
npa -> Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы
npa -> Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
npa -> «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға (шетелдiктердi қоса алғанда) арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет