1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы



жүктеу 1.08 Mb.
бет2/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Тіл біліміне кіріспе»

Тақырып: Көне түркі тілінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы рөлі.

Жоспар:

1. Көне түркі жазба ескерткіштері тілі туралы көзқарастар.

2. Көне түркі жазба ескерткіштері тілі мен қазақ әдеби тілі ұқсастықтары мен ерекшеліктер.
Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.


  1. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

  2. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

  3. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  4. 5.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  5. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  6. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  7. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

Көлемі үлкен жазба мұралардың тілін зерттеген ғалымда бұл ескерткіштердің әдеби мұралар екенін дәлелдеп отыр. И.В.Стеблева оларды белгілі бір поэтикалық өлшемге бағындырып, әрбір буынның музыкалық етіп тауып, поэтикалық шығарма деп дәлелдейді.

Қазақ поэзиясы тілінің көне кезеңдерге зерттеген Қ.Өміралиевтің пікірі бұдан басқаша. Ол көне түркі жазба ескерткіштерде поэзияға жақын әдебиеттер бар екен бірақ бұл ескерткіштер поэзияда да, поэма да емес. Түркі қағидалары мен батырларының ерлік жорықтарын баяндайтын жежіре деп атайды. Ғалымның айтуынша «Оның стильдік ерекшелігі- «мен» атынан баяндай айтылуы. «Күлтегін» шығарылған емес, айтып отырып жаздырылған. Сонедықтан да бұлар ауызекі сөйлеу тілінің баяндай айту нормасына жақын» - дей келіп, жазбалар тілін талдау жаса келіп, оны ауыз әдебиеті басқа жанр нұсқаларымен салыстыру нәтижесінде ол ескерткіш бір ғанастильде жызылғандығын анықтайды да «VIIIғ басында жазылған «Тоныкөк», «Күлтегін», «Могилен» сияқты ескерткіштер-жазба әдеби нұсқалар. Олар хан жарлықтары мен шежіренің алғашқы үлгі нұсқалары. VIII ғасырларда туған бұл жанр XIV-XV ғасырларға үзіліссіз келіп жеткен» - деп қорытады.

Жоғарыда келтірілген ғалымдардың пікірлеріне сүйенген хәлде көне түркі тілінің өз кезеңінде нормалар қалыптасқан әдеби тіл болып, кейін олардың көбі қазір түркі тілдеріне негіз болғандығын айтуға болады.

Әрине, қазақ әдеби тілі мен түркі әдеби тілінің арасында айырмашылық мол. Көне түркі тілі қазақ әдеби тілінің қалыптасу басы бола алмайды, қалыпта арналарының бірі. Тарихи негіздері ғана бола алады.

Бірақ соған қарамастан көне түркі тілінің грамматикалық құрылысын, фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын талдағанда, қазақ әдеби тілінің негізгі нормаларының көбі көне түркі тілімен сай келеді. Қазіргі қазақ тілінде дабыстардың көпшілігі көне түркі тілінен мирас болып қалған. Сондықтан да олар қазақ тіліне өз ерекшеліктерімен бірге енген. Ол дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып жүйелі топталуы мен байланысты. Соның негізінде үндестік заңы тұрақты сақталған.

Сонымен бірге көне түркі тілінде дауыссыз дыбыстар да жуан-жіңішке болып бөлінген. Бірақ барлық дауыссыз дыбыс олай топталмадй.ы Мысалы: б, д, й, л, н, р, с, т дыбыстарының жуан және жіңішке түрлері бөлек-бөлек болса, соған сәйкес көне түркі жазба ескерткіштер тілінде жуан түріне бір түрлі таңба, жіңішке түріне жүйелі қалыпта басқа әріп қолданылса з, м, н, ч, ш дыбыстары жуан-жіңішкелік жағынан бейтарап. Сондай-ақ й, нт, нч дыбыс тіркестері де жуан-жіңішке болып бөлек-бөлек ажырамайды. Бұл көне түркі тілінде де сөздің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке айтылғандығын дәлелдейді.
8 ОБСӨЖ

Тақырып: Ортақ түркі дәуіріндегі жазба әдеби тіл нұсқалары.

Жоспар:


  1. Ортақ түркі дәстүріндегі жазба нұсқаларының фонетикалық ерекшеліктері

  2. Ортақ түркі дәстүріндегі жазба нұсқаларының грамматикалық ерекшеліктері.

3. Әдеби тіл нормалары
Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004 ж.

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1989,1996 ж.

  3. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. А., 2001 ж.

  4. Мұхамбет – Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. А., 2001 ж.


Қосымша:

  1. Айдаров Ғ., Құрысжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1970 ж.

  2. Аманжолов С.А. Вопросы диалектологиии и истории казакского языка. А., 1959,1997 ж.

  3. Әбілқасымов Б. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тіл. А., 1982 ж.

  4. Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы. // Әдебиет және искуство. 1951 № 4.

  5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А., 1984

  6. Балақаевы М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1968

  7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966


Теориялық мәлімет

Ортақ түркі дәстүріндегі жазба әдеби тіл нұсқаларының фонетикалық ерекшеліктерін айтқанда оларды 1598-1600 жылдар аралығында жазылған Әбілғазы Бахадүрханның «Шежіре и түрк» (1640 жылдары) атты шығармалары мен әртүрлі хан жинақтары қатынас – қағаздарының тілі анық байқатады. Мысалы, бірлі – жарлы жерде ғана болмаса, сөз басында қазақ тілінің ерекшеліктеріне байланысты ж келетін жерде ол й болып беріледі. Йол, йігіт, йапырақ, йақшы т.б. Әрине ж дыбысының да қолданылуы кездесіп отырады. Жабғу, жан, жайық, жануар т.б. ж дыбысының орнына и дыбысының қолданылуы сөз жоқ кітаби дәстүрінің әсері. Сондай –ақ кейбір сөздердің көне тұлғаларында жұмсалуы. Мысалы: тағға-тауға, тігді, иағмур – жаңбыр, иағар – жауар, т.б. да осы пікірді жандандыра түседі. Бір мысал «Иағмур айндан хақтың фәрманы білән иағар. Ол сәбәбдин барча халықғә ғадимин тигәр иағмурмысалық заттың мысал айға ұхшар, айдын мұрад барча ғалым ігіндә жануарға барұқлығы тигәр сенің барча ігіндә ықсанның тигәр сеһурал қылыб. Иарұлқауын теңізгә ұхшар, теңіз мұрад ол ол тұрур дария, тұруар дария суын һичким ерсэ ічіб түгәтә алмас».

Жазба тілде кітәби дәстүрлерінің мықтап орын алғанын көрсететін фактіге қосымшалардың қазіргідей дыбыс үндестігіне байланысты варианттанып келмей сөздің соңғы дыбысы қатаң не ұяң, не үнді қысқа бітуіне қарамастан бірдей жалғана беруі де көрсетеді. «Жамият ат тауарих» тілінде сөз тудыратын –лық, -лік, кейде –лұғ, - лүг, тұлғасында келіп әрі зат есім әрі сын есім тудыра береді. –лы, -лі жұрнақтарының қазіргі қазақ тіліндегі – дей, -дық –дік, - тық, -тік, және –ды, -ді, -ты, -ті, варианттары кездеспейді. Душпанлық қылды, достлық етеді, игітлікде өлді, ғадилық етәргә сәңә лайық. Екі мың атлығ билән қарауыл қойды, тағлы ташлы иер. Мәскэу атлық шаһар, көріклүк хатун т.б. Көптік жалғаулар көрсеткіші де (лар, лер және лэр) жуан жіңішкелегенде бір вариант болып келеді.
9 ОБСӨЖ

Тақырып: Орта ғасыр Шағатай әдеби тілінде жазылған ескерткіштер.

Жоспар:


  1. Шағатай тілі, Шағатай терминінің мағынасы.

  2. Шағатай тіліндегі жазба ескерткіштердің тілдік ерекшеліктері.


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.



  1. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

  2. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  3. 5.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  4. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  5. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  6. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

Шағатай-Шыңғыстың Бөртеден туған екінші ұлы Шыңғысхан балаларына өзі жаулап алған ұланғайыр жерді бөліп бергенде, Шағатай еншісіне Жетісу мен Әмударияны оң жағалауындағы жерлерге дейінгі өлке тиеді. Кейінірек бұл жер Шағатай ұлысы деп аталады. Шағатай атымен байланысты түркітануда Шағатай тілі деген термин де қолданылады. Бұл терминнің қалай қалыптасқандығы, қандай тілдерді қамтитындығы, қай дәуірдің тіліне байланысты қолданылатындығы туралы ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Шағатай тілі терминнің қалыптасуы ХІХ ғасырда жасаған орыс ориенталист ғалымдарының үлесіне тиеді, ал оның қолданыла бастауын ХІV-XV ғасырлардан іздеген дұрыс. Ең алдымен Шағатай ұлысы түркі халықтарының барлығына, не өзбек халқына тиісті ат па? «Ұлыс» сөзі халық, ел мағанасында қолданылған. Оның халық жасайтын елді мекен деген мағанасы бар. Осы мағанада Науай мен Бабыр шығармаларында да қолданылады – белгілі бір ханға тәуелді емес, жалпы халық мағынасын білдірген. Мысалы: ва яна хам турк улуада бир суруддурким, ани «Махаббатнаме» дерлар және түркі халқында бір жыр бар, оны «махаббатнама» дейді (Науап, Мероку-авзон). Науай шығармаларында ұлы сөзді де, Шағатай сөзі де қолданылады, бірақ Шағатай ұлысы тіркесі қолданылмайды. Оның орнына Чиготой халқи тіркесі қолданылады. Науай сөздігін жазған авторлар Чиготой халқи деген тіркесті өзбектер деп аударған.

Темурдың таққа отыруына дейін Шағатай ұлысы екіге бөлініп кеткен болатын. Мауренахр және Моғолстан Темур билеген Мауренахр халқы Шағатай тілінде сөйледі. Кей авторлар Шағатай тілі өзбектердің ғана ата мұрасы немесе Темурдың қол астындағы халықтардың тілі дегенде осыны есепке алады.

Шағатай тілі қай дәуірлерде қалыптасты деген сұрауларға да осы тарихи жағдайлар мен тікелей байланысты болған. Ең алдымен, ХІІІ-ХІV ғасырларда Мауренахрда көне түркі жазба тілінің белгілі дәрежеде ықпалы барлығын ескеру керек. Екіншіден, ол кезде араб-парсы тілдерінің ықпалы өте күшті еді. Ислам дінімен бірге араб тілі, араб әдебиеті орта Азияда үстемдік етті. Ата тегі түркі халықтарынан, бірақ арабша, парысша өлең жазатын ақындар ХІV-XV ғасырларда өте көбейді.

Ә.Науай өзінің «Мажолисун-нофис» деген еңбегінде көптеген ақындардың (Мовлонолуторий, Сайт Алмад мирза) әрі түрікше, әрі парсы тілінде өлең жазатынын ескертеді. Науай дәуірінде зиялы қауым ғана емес, (1441- 1501) қарапайым еңбекші Бұқара да парсы тілінде жете сөйлейтін болған.

Науай шығармаларына көне ұйғыр дәстүрінің ықпалы болған туралы туркологтардың арасында түрлі көзқарастар бар. А.К. Боровков көне ұйғыр дәстүрінде жазылған ескерткіш деп санайтын Ахмед Югнакидың «Хибатул Хақайық» деген шығармасында кей грамматикалық формалар Ә.Науай шығармаларында қолданылады.

Мысалы: -мыш, -миш қосымшасы екі ақынның шығармаларында да өткен шақ қосымшасы ретінде қолданылған. Бу бир сөз одағы ұрылмыш мысал (Югнаки) – Бұл бұрынша келе жжатқан мысал: Ишқ илги куввати мен хастани қилмиш забун эй куигил, не чора айлай мен зайфу ул қавий (Науай) «Махаббаттың алғашқы қуаты ауыру мені әлсіретті, Ей көңіл, ол күшті, мен әлсіретіп, не амал қылайын».


  • Ғуч, -гучи, -ған, -ген, -ар, -ер, -ыр, -ир, -йур, -йүр қосымшалары екі жазушының шығармаларында да есімше қызметінде қолданылған. Салыстырылып отырылған шығармаларда септік жалғаулары да, көптік жалғаулары да, тәуелдік жалғаулары да сәйкес келеді.

Шағатай тілімен байланысты айтылған пікірлерді жинақтайтын болсақ, мынадай қорытындыға келуге болады. Біріншіден, Шағатай тілі ғайыптан пайда болған тіл емес. Ол өзі қалыптасқан дәуірдегі халықтың тілімен байланысқан, дәуірдің тіл байлығын көрсетіп бере алатын тіл. Екіншіден, Шағатай тілінде көне түркі тілінің элементі басым болғанымен, араб-парсы тілінің элементтері де мол. Бұған сол дәуірдегі әлеуметтік жағдай да себепші болған. Үшіншіден, Шағатай тілінде көне түркі тілінің элементтері де көп қолданылады. Сондықтан да оны көне түркі тілінің заңды жалғасы деген дұрыс.Төртіншіден, Шағатай тілі-уақыт өтуімен байланысты халықтың сөйлеу тілінен қол үзіп, белгілі бір қатаң схемаларға негіделініп қалыптасқан кітаби тіл. Ол –көркем әдебиеттің де, ғылымның да және кеңсе тілі. Сондықтан Шағатай тілінің бірнеше стильдік тармақтары болған.

ХVI-XVII ғасырларда Шағатай тілі халықтың сөйлеу тіліне ажыратылып, сарай ақындарының, Аристократтарының жазба тіліне айналып қалды. Бұған Шағатай тілінде сақталған қатаң тәртіп пен тілдік даму заңдылықтар негізінде пайда болған алшақтықтар себепші болды. ХV ғасырларда орта Азияда қазақ, өзбек, түркімен, қарақалпақ сияқты халықтар пайда болды да, олар өз тілдерін дамытты. Шағатай үлгісінде көне дәстүр мен араб – парсы элементтеріне белшесіне батқан шығармалар халыққа түсініксіз болып қалды. Науаий дәуірінде қалыптасқан қос тілдік әлсіреп, ұмыт бола бастады. Қазақ тілінің жеке бөліп жүрген «кітаби тіл» осы Шағатай тілінің жалғасы болып саналады.


10 ОБСӨЖ

Тақырып: Халық ауыз әдебиетінің тілі және оның

әдеби тілге қатынасы.

Жоспар:

  1. Халық әдебиеті түрлері және олардың ерекшеліктері

  2. Халық ауыз әдебиеті тілінің ерекшеліктері мен оның қазіргі әдеби тілге қатысы.


Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.



  1. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

  2. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

  3. 5.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  4. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  5. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  6. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.

Теориялық мәлімет

Халық ауыз әдебиеті мынадай түрлерге бөлінеді:

Лира-эпостық жырлар, тұрмыс – салт жырлары, шешендік сөздер, ертегілер, мақал – мәтелде, айтыс өлеңдер, ауыз әңгімелер т.б. Аталғандар ұзақ заманалар бойына ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жетіп, авторлығын жоғалтса да ұмытылмай сақталып келген туындылар.

ХҮ –ХҮІІ ғасырлардан бастап ауыз әдебиеті мен бірге бірақ одан едәуір өзгеше авторлы «прфиссионал әдебиет» қатар өмір сүреді. Яғни индивидуалдық творчество сипаты бар әдебиет. Бұл екеуі қосылып ХІХ ғ ІІ жартысына қазақтың төл жазба әдеби тілі пайда болғанға дейін болған ауызша тараған әдеби тілі болып есептеледі. Әдеби тілдің бұл типтерінің бір – біріне жақын келетін және ажыратылатын тұстары бар. Бұларды бір – бірінен ерекшелендіріп тұратын ерекшеліктер мыналар:

1. Халық ауыз әдебиеті авторлық дүние, ал ақын – жыраулар творчествасы иелері бар мұралар, әр автордың шығармалары өзінің композициясы, мазмұны, идеясы, көркемдік тәсілдері жағынан бір- бірінен азды көпті ажыратылып тұрады.

2. Халық ауыз әдебиетіндегі тілін әсіресе эпос сияқты түрлеріне дәстүрлі обрадар ортақ сөздер мен сөз тіркестері ортақ болып келеді. Олар біріне бірі ауысып та жүреді. Ал ақын жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтен фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі. Бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: Біріншіден ақын – жыраулар тілінің негізгі арсеналы – ауыз әдебиеті тілі. Екіншіден авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр алуан қоспалардың болуы мүмкін.

3. Ақын мен жырау поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесі суреткерлік мерзім сарыны фольклорға қарағанда күшейе түседі. Бұлар ауыз әдебиетіндегі тілдік дәстүрден бір – бірте қол үздіре бастайтын суреттердің жаңа амалдарын тудыратын сәттер. Демек, бұл – авторлы поэзия тілінің лексика мен грамматика саласында да жалпы поэтикалық мүмкіншіліктерін байытады. Ақын – жырау тілінің осы белгілі халық ауыз әдебиеті тіліндегі біршама кон.сервативтікті дәстүрлі тілдік шектеушілікті бұрып оны құрсауынан босатады.

4. Әрбір ақын немесе жыраудың қабілетіне орай өлең – жыр шығармашылық ерекшелігі өлең техникасына аздап тазалықтар даралықтар қосады. Яғни, авторлы поэзия ұйқас таңдау синтаксистік және ритмикалық топтарды пайдалану сияқты салаларда ауыз әдебиеті тілі шеңберінен шығып кетеді.

Осы көрсетілгендер бұл екі саланың бір – бірінен ажыратылуға тиіс белгілері болса Сонымен қатар олардың бір біріне ұқсас ортақ тұстары бар. Олар:

1. ең басты ортақ белгісі екеуінің де ауызша таралып, ауызша сақталуында. Осыдан заман озған сайын олардың текстері біртіндеп «редакцияланып» жаңартылып отыру фактісі бар.

2. Қазақ ақын – жыраулары тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тіл болғандықтан кейбір суреттеу құралдары жағынан бұлар ұқсас келеді.

3. Айтыстар мен кейбір тұрмыс – салт жырларында және толғауларда орын алатын Семировизация тәсілі ақын жырлар тілін халық поэзиясы дәстүрі мен беріп байланыстырады.


11 ОБСӨЖ

Тақырып: XY – XYII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі

Жоспар

1.XY – XYII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі туралы қысқаша мәлімет.

2.XY – XYII ғасырдағы қазақ қауымына қызмет еткен тілдің сипаты.
Қолданылатын әдебиеттар:

Негізгі:

1. С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

2. .Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

3. Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

4. .М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж



  1. Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

  2. С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

  3. Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

  4. “Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.



Қосымша:

1.Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. 2.М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. 3.Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

4. Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.
Теориялық мәлімет

XY – XYII ғасырдағы қазақ халқының мәдени – рухани өмірінде жаңа құрыла бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру – тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған тіл қызмет етеді. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауызша жүргізілет дау – билік саласында көрінді.Сонымен хан жарлықтары өзге елдермен арадағы қарым – қатынас қағаздары тарихи шежірелер сияқты жазба туындылардың қажетін орта Азиялық түркі әдеби тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат – хабарларын , іс – қағаздарын, үкім – жарлықтарын, ғылыми әдебиетті көбінесе шағатай немесе түркі деп аталып кеткен тіл дәстүрінде жазды..Қазақтың жалайыр руынан шшыққан Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшысыда өз шығармасын (кейін «Жамиат - тауарих »деген ат қойылған.)1602 жылы осы тілде жазып бітірді. Бұл жазу дәстүрінің қазақ топырағындағы үлгілерін, олардың тілін талдап – тану - өз алдына үлкен проблема. Ал, біздің бұл кітаптағы әңгімесміздің өзегі - қазақтың төл әдебиетінің тарихы.

Бұл жерде XY – XYII ғасырлардағы қазақтың төл әдеби тілі деген мәселе принципті түрде қойылып отыр, өйтені бірқатар ғалымдар бұл кезеңдерде қазақтың әдеби тілі болды дегенді мақұлдамайды, өйткені әдеби тілді танытатын әдебиеттің басын XYIII ғасырдан Бұқар жыраудан бастайды. Демек, бұл концепция бойынша XYIII ғасырға дейінгі көркем сөз үлгілері ауыз әдебиеті мұрасына жатқызылады да, олардың тілі де «әдеби тіл» категориясынан тыс қалдырылады. Бұл тұжырымды әсіресе қазақ әдебиетшілері қолдайды. Қазақ әдебиті тарихының ғылыми курсын жазғандар XY - XYII ғасырлар қазақ мәдениетінің жыраулар танылған тұсы екндігін қазақ жырауларының жалпы түркі тайпаларының ауыз әдебиетінен бөлініп,дараланып шаққан кезі екендігін айтады. Сөйте тұра олар бұл кезеңдеодегі қазақ жырауларының әрқайсысының өздері қалаған жанрлары тақырыптары қандай болғанын өзіндік қолтаңбаларын айырып тану материалдың аздығынан өте қиын оның үстіне ондай ерекшеліктер тіпті жоққа тән, бар материалдар фольклордағы дидактикалық – тұрмыстық жырлар арнау, қоштасу,өсиет сияқты ертеден келе жатқан ауыз әдебиетімен кіндіктес жанрдың туындылары деп табады.

Ал біздің XY – XYII ғасырларда қазақтың ауызша дамыған төл әдеби тілі болды деген тұжырымға келуімізге материалдық негіз бар.ең алдымен, соңғы 15- 20 жылдың ішінде ілгері ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы ғылыми зертеулер жүргізіп, лингвистикалық нұсқа болатын материалдар (тестер) жиналды. Бұл тестер «XYIII – XIX ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962ж), «Үш ғасыр жырлайды» (1965ж), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967ж), «Алдаспан»(1971ж) атты кітаптарда басылып көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар кейінгі жылдарда мерзімді баспа сөз беттерінде де ертедег іқазақ аын жыраулары туралы пікірлер иен жаңа деректер олардың кейін таблған текстері үздіксіз жарияланып келеді. Осының барлығы бұдан төрт – бес ғасыр бұрын болған қазақ көркем әдебиеті үлгілерінің өзіне назар аударта түскенін және ол нұсқалардың әр аспектілерден зертеле бастағанын көрсететін фактілер.

Ал жазба тіл үлгілеріне келсек бұл салада да бізден бұрын пікір айтқандар да бар. Орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің қазақ халқын құраған ру – тайпалар тіліне де орттақ екнін «шағатай» тілі деп аталған жазба дәстүрді қазақ қауымы да өз қажетіне жарата білгенін тіл мамандароының көпшілігі - ақ айтып келеді. Жоғарыды аталған Қ.Жалайыридың тарихи шығармасын танып – талдау үстінде қазақ туындысы пайдаланған жжазба тіл мәселесі көтерілді.XYIII – XIX ғасырлардағы қазақтың хан, сұлтан, тархан т.б. нкімет орындарына бір – біріне жазысқан ресмиқағаздар мен хаттарының және әкімшілік орындарының үкім жарлықтарының текстері де әр тұста сөз болып олардың тілдері жөнінде айтылған пікірлерда қазақтар қолданған жазба тіл мәселесі күн тәртібінде тұрды.

Сөйтіп әдеби тіл статусын тарих көшінің барлық кезеңінде тек жазуға байланысты анықтауға болмайды. Сол тілді таныттын үлгілердің әлеуметтік жүгі халықты топтастырушы ролі барлық нұсқаларға біршама ортақтағы тілдік – көркемдік нормаларынң бар болуы – осылардың барлығы қоғамға белгілі – бір дәуірде қызмет еткен тілдің категориясын айқандайды, даму сатысын көтереді.Осы аспектіден келгенде бізге ауызша сақталып там- тұмдап жеткен ескерткіштердің тілі әдеби тіл болды деп табамыз. Осы пікірді дәлелдеу үшін әрә қарай қазақтың ауызша төл әдеби тілін танытып үлгілер және олардың тілінің лексикалық, грамматикалық стилдік сипаттары жайында қысқаша мәліметтер ұсынамыз,бұл мәліметтер келесі XYIII – XIX ғасырлардағы қазақ тілі эволюциясын танып – білуге өте қажет деп санаймыз.


12 ОБСӨЖ

Тақырып: XY – XYII ғасырлардағы ақын – жыраулар лексикасы

Жоспар:

  1. XY – XYII ғасырлардағы көркем әдебиеттақырыбы мен мазмұны

  2. XY – XYII ғасырлардағы көркем әдебиеттің лексика құрамындағы


Қолданылатын әдебиеттар:


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет