1 Пәннің оқу құжаты Пәннің атауы «Ауыл шаруашылығында машина пайдалану»



жүктеу 202.6 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі202.6 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
1 Пәннің оқу құжаты

Пәннің атауы «Ауыл шаруашылығында машина пайдалану»

Міндетті компонент пәні



Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы - 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 3

Барлығы аудиторлық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжирибелік – 30 сағат

СӨЖ –


Соның ішінде СӨЖМ –

Жалпы еңбек сыйымдылығы –


Бақылау нысаны

Қорытынды бақылау нысаны. Емтихан – 3 семестр


Пререквезиттер:

Пәнді меңгеру үшін қажет пәндер тізімі:

«Автомобильдер және тракторлар құрылысы», «Ауыл шаруашылық машиналар мен техникалар», «Математика», «Биология», «Экономикалық теорияның негіздері» т.б.
Постреквизиттер:

Осы пәнді оқығында алған білім, шеберлікпен машықтық келісі піндерді игеру үшін керек: «Тракторлар мен автомобильдер», «Ауыл шаруашылық машиналар», «Ауыл шаруашылығында машина пайдалану»


2 Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпарат

Аты-жөні – Шамгунов Сейдахмет

Ғылыми дәрежесі, лауазымы, мамандығы – аға оқытушы

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, Б-220

Телефон: 673623 (1216)
3 Нысандары, мақсаттары мен міндеттері

Пәнді оқу мақсаты ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық үрдістерді механикаландыру турасында студенттердің білім алу және өндірістік машықты өту болып табылады.


Пәнді беру мақсаты

«Ауыл шаруашылығында машина пайдалану» пәнін оқытудың басты мақсаты:



  • тракторлар мен автомобильдер құрылысын, құраушы агрегаттар мен механизмдерінің жұмыс істеу принципін;

  • ауыл шаруашылық машиналары құрылысын, жұмыс істеу принципін, технологиялық үдістерін және олардың ретеулерін;

  • агрегаттарды есептеу, құрауды, реттеуді, ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруде операциялық интенсивті технологиясын, инженерлік негіздерін, ауыл шаруашылық жағдайда техниканы пайдаланудың ұйымдық жүріп оқып үйрету.


Пәннің оқу міндеттері

Пәнді менгерудің негізгі міндетті:

Трактор мен механизмдерді мен жүйелерінің негізгі реттеулерін орындауы;


  • технологиялық операцияны орындау талабына сәйкес машина мен құрал түрін тағайындауды;

  • операция сапасын бақылауды;

  • машина-трактор агрегатын тиімді құрауды;


4 Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар

Өндірістік бағдарлама орындау мақсатында қажет материалдық және техникалық құралдар қажеттілігін есептеуді менгеруі тиіс. Ауыл шарушылық өндірісін механикаландыру бүгінгі жайы мен даму бағыттары. Технологиялық үрдестерді кешендімеханикаландыру – аыулшаруашылық өнімі өзіндік құнына төмендету, еңбек өнімділігін арттырудың негізі, аграрлық өндірісі тиімділігін арттыруда машина және машина пайдаланудың маңызы, аграрлық-техникалық сервистік реформалау концепциясы.


5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу

Сабақ түрі бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі

№ п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

Тәж.жүмыс

Барл.

СӨЖО

1

2

3

4

5

6

1

1 тақырып. Кіріспе

1

2







2

2 тақырып. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы

1

2







3

3 тақырып. Тракторлардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері













4

4 тақырып. Ауыл шаруашылық өндірісіндігі көліктік құралдары













5

5 тақырып. Ауыл шаруашылық өндірісіндігі жан-жақты механикаландыруға қажетті машиналар жүйесі. Топырақ өндеүші машиналар.













6

6 тақырып. Тынайтқыштар еңгізуге арналған машиналар. Себуші машиналар













7

7 тақырып. Жел эрозиясына ұшырыған топырақты өндеуге жан-жақты машиналар (культиваторлар, плоскорездер, егуші культиваторлар)













8

8 тақырып. Егістікті баптап күтетін машиналар. Егін жинайтын машиналар













9

9 тақырып. Астық жинаған соң астықты өндегіш машиналар. Дәнді кукурузды, картофельді және көкіністі жинайтын әрі өндейтін машиналар













10

10 тақырып. Ауыл шаруашылығында техника пайдалануды ұйымдастыру түрлері













11

11 тақырып. Машина-трактор агрегаты (МТА)













12

12 тақырып. Егіншілік өндірісінің механикаландырылған жұмысын ұйымдық-технологиялық дайындау













13

13 тақырып. Агрегаттың жұмыс өніміділігі













14

14 тақырып. Агрегаттың жұмысын орындаудағы. Пайдалану шағындары













Барлығы --- сағат (3 кредит)

15

30







6 Дәріс мабақтарының мазмұны



Кіріспе

Өкімет қаулысы бойынша ауыл шаруашылығын жан-жақты механизациалау өмір қажеттілінең екенін анықталады. Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресстің дамуы өмір қажеттілігі – агроөндірісітің негізгі экономикалық көрсеткіші. Машиналардың ауыл шаруашылығында комплексті жинақ түрінде пайдалану өнім сапасының артуына және үнемді жұмсалуға негізгіделген. Машиналарды жинақ күйінде пайдалану экономикалық тиімді өнімнің өсуіне жол береді.

Ауыл шаруашылығын механизацияландырудың дамуының негізгі бағыттары. Ауыл шаруашылығындағы прогрессивті технология арқылы өнім өндіру. Топрақ өндеудегі механика-ауылшаруашылығындағы техниканы пайдалануды ғылыми жолға қою.

2-ші тақырып. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы

Тракторларды энергетикалық көрсеткішіне және арналуына бөліпжүйелеу. Трактор типажы, оның құрылымы, құрылу принципы. Типаждың экономикалық тиімділігі.

Автомобильдерді арналауына, нақтылы жүк кқтергіші, шанак типіне және еткіштігіне байланысты топтастыру.

Іштен жану қозғағыштарын топтастыру. Іштен жану қозғағыштарының жалпы құрылысы, олардың жұмыс істеу принципі. Қозғағыштардың технико-экономикалық көрсеткіштері. Қозғағыштың тиімділік күші, иінді біліктің айналуы оның жиілігінің көрсеткіші. Қозғағыштың айналуы кезінде кететін меншікті, сағаттық шығын мөлшері. Карбюраторлы және дизельді қозғағыштарды салыстыра білу.

Автомобиль және тракторлар трансмиссиясына /күштік берілісіне/ қойлатын негізгі талапты салыстыра білу. Автомобильдерде және тракторладрда негізгі күштік беріліс агрегаттарының: тіркес муфтаның, беріліс корабының, бас және соңғы берілістің орналасуы мен олардың жұмыс істеу принципі. Трансмиссияның жетілдірілүі тракторлар мен автомобильдердің экономикалық және агротехникалық көрсеткіштеріне тиетін әсері.

Автомобиль мен тракторлардың жүріс бөлігінің типтері және тағайындамасы. Жүріс бөлігімен жоғарғы тірек бөлігі өзара байланысы. Тіркестің толық және толықсыз шарты.

Рульдік басқару, бұрылыс механизмдер мен тежеү жүйесі. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде олардың әсері, жүмыс сапасына әсері. Тракторлы және көліктік агрегаттарының жұмыс істеу қауіпсіздігі.

Тракторларды ауылшаруашылық машиналары және ауылшаруашылық құралдары мен агрегаттануы. Тіркеу түрлері (тіркеме құралы, аспалы гидравликалық жүйе), қуаттын берілуі және ауылшаруашылық машиналардың тракторға карағанда орналасуы.


3-ші тақырып. Тракторлардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ауылшаруашылық машиналарымен агрегатталған тракторға жұмыс істеу кезінде сыртқы күштерінің әсері. Тарту күштілігі, жұмыстық жылдамдығы, тартушы куат, меншіктік және сағаттық отын шығыны. Тартушы және куаттық баланстары, тартушы және жалпы ПӘК-і.

Тракторлардың тарту сипатамалары. Машина-тракторлық агрегатының құрамын, ескеріліген өнім өндірудін және отын шығынын есептеуге тарту сипаттамасын қолдануы.
4-ші тақырып. Ауылшаруашылық өндірісіндегі көліктік құралдар

Ауылшаруашылық тасмалдаудың маңызы және түрлері. Көліктік процесс. Жүктер түрлері. Жолдар түрлері. Тракторлы көліктік құралдар. Тракторларды көлік ретінде агрегаттау және пайдалану ерекшеліктері.

Автомобильдік көлік. Автомобильдер тіркемелері. Арнайы көліктік құралдар.
5-ші тақырып. Ауылшаруашылық өндірісіндегі жан-жақты /комплексті/ механикалындаруға қажетті машиналар жүйесі. Топырақ өндеуші машиналар.

Ауылшаруашылығында қарқынды дамытуда оны механикаландыру маңызды орын алады. Ауылшаруышылғын жан-жақты механикаландырудың маңызы және жағдайлары. Машиналар жүйесі және оны құрастыру принципртері. Машиналардың топтастырылуы мен арнаулы. Ауылшаруашылық процесстерге және машиналарға қойылатын негізгі агротехникалық талаптар, олардын орындалу шарттары.

Негізгі топырақ өндеуші машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар. Топырақ қндеуге міндетті ережелер мен топырақ өндеудің түрлері. Жалпы пайдалану соқалардың құрылысы, олардың реттелуі. Соқалардың топтастырылуы.
6-ші тақырып. Тынайтқыштарды еңгізуге арналған машиналар. Себуші және өскінді салушы машиналар

Тынайтқыштар түрлері және олардың физикалык-механикалық қасиеттері. Тынайтқыштарды еңгізу тәсілдері мен технологиясы. Тынайтқыштарды еңгізуге қолданылатын машиналар жүйесі, олардың техникалык-экономикалық және эргономикалық сипаттамасы. Тынайтқыштарды еңгізуші машиналардың экономикалық және агротехникалық жұмыс істеу көрсеткіштеріне ісер ететін факторлар. Сапалық бақылау.

Егуге жіне өскінді отырғызуға қойылатын агротехникалық талпатар. Өскінді отырғызу, себу түрлері. Тұқым себуші машиналар жүйесі. Сепкіштердің экономикалық және агротехникалық жұмыс істеу көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.

Өскін салатын машиналардың техникалык-экономикалық сипаттамасы, жұмыс істеу процессі. Өскін салатын машиналардың экономикалық және агротехникалық жұмыс істеу көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар.



7-ші тақырып. Жел эрозиясына ұшыраған топырақты өндеуге жан-жақты машиналар (культиватор-плоскорездер, штангілік культиваторлар, егуші-культиватор).

Жұмыс істеу процессі, техникалық-экономикалық көрсеткіштер.


8-ші тақырып. Егістікті баптап күтетін машиналар. Жем-шөп дайындайтын машиналар. Егін жинйтын машиналар.

Егістіктің қатар аралық өндеудің міндеттері. Өсімдіктерді катараралық өңдеуде машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар. Егістікті баптайтын машинадар жүйесі. Шөп дайындауға /комплексі/ жан-жақты машиналар.

Агротехникалық талаптар. Астық тұқымдыларды жинаудағыәдістер. Өзі жүретін егін жинағыш комбайнның жалпы құрылысы, онда болатын технологиялық процесстер. Астық жинағыш машиналардың техникалык-экономикалық көрсеткіштері.
9-ші тақырып. Астық жиналған соң, астықты өңдегіш машиналар. Дәнді /астықты/ кукурузды, картопті және көкөністі жинайтын әрі өңдейтін машиналар.

Мақсат астық жиналған соң, дәнді өңдеу және оны сапасымен саралау, көлеміне қарай, үлкен-кішілігіне қарай бөлу. Жиналған астықты кептіру, арту белгіленген жерге апару. Кукурузаны жинау тәсілдері. Агротехникалық талаптар. Машиналар жүйесі. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

Жүгері дақылын өндірудің технологиясы машиналар кешеңі. Жүгеріні жиын-терім нысаны ретіндегі сипаттамасы. Жүгеріні жинау комбайындары: қызметі, жұмыстың үрдісі және пайдалану түрлері. Жұмыстық бөлшекері: қызметі, түрлері, құрылысы, жұмыс р ежимдері және реттеулері.

Жүгеріні жинау машиналарын жетілдіру бағыттары.


10-ші тақырып. Ауыл шаруашылығында техника пайдалануды ұйымдастыру түрлері.

Ауыл шаруашылық өндірісінін кешенді механикаландыру мақсатында машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптар. Егіншіліктегі машина жүйесі.Энергия көзі құралдары. Оларды пайдалану қасиеттері, техника пайдалану түрлері. Жаңа шаруашылық жағдайларында парк құрылымы және оның жұмысын басқару жүйесі. Машина трактор станциясы (МТС) – ауыл шаруашылық өңдірісі мекемесіне өңдірістік қызмет орталығы.


11-ші тақырып. Машина-трактор агрегаты (МТА)

МТА туралы түсінік. Агрегаттар жіктеу. Егіншілікте, көкөніс, бау-бақша және жүзімдік екпежерлерінде (плантация) жұмыс орындау мақсатында МТА-ға қойылатын талаптар. МТА құрау барысында трактор және жұмыс машинаны тағайындау. Агрегат құралын және жұмыстық режимін аңықтау. Агрегатқа қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру.


12-ші тақырып.Егіншілік өңдірісінің механикаландырылған жұмысын ұйымдық-технологиялық дайындау.

Агрегатты жұмысқа дайындау реті. Жұмыс сапасына агротехникалық норманы аңықтау. Жұмыстық бөлшектерді және жүрістік дөнгелектерді орналастыру, машинанның тұқым себу нормасын реттеу. Агрегатты нақты құрау. Агрегатты технологиялық реттеу. Агрегатты қосымша құрылғылармен жабдықтау. Із салғы және із сілтегіш құлашын есептеу. Танап басында агрегаттық реттеулерін нақтылау.

13-ші тақырып. Агрегаттың жұмыс өңімділігі

Агрегаттың негізгі, аусымдық жіне пайдалану сағатындағы жұмыс өңімділігі. Жиын-терім, тасымалдау және тиеу-түсіру агрегаттарын есептеу ерекшеліктері. Ауысым уақыты бөліктерінің тепе-теңдігі. Ауысым уақытың пайдалану коэфициенттері, оны арттыру жолдары. Агрегаттың жұмыстық өңімділігі нормасын тағайындау. Агрегаттың жұмыс өңімділігін арттыру жолдары.


14-ші тақырып. Агрегат жұмысын орындаудағы пайдалану шығындары. Агрегат жұмысына жанар-жағар май (ЖЖМ) шығыны. Жанармай шығыны нормасын тағайындау. ЖЖМ шығынның азайту жолдары. Еңбек және ақшалай қаражат шығындары, оларды азайту жолдары. Агрегаттың 1 сағаттық жұмыс көлемі құнын есептеу. Техникалық сенімділік, жұмыс сапаның кемуі және агрегаттың бос түруына байланысты қаржылық шығын көлемі.
7 Тәжірибелік сабақтар мазмұны

2-ші тақырып. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы

Тәжірибелік жұмыс № 1.Тракторларды энергетикалық көрсеткішіне және арналуына бөліп жүйелеу.

Тәжірибелік жұмыс № 2.Трактор типажы, оның құрылымы, құрылу принципы.

Тәжірибелік жұмыс № 3.Типаждың экономикалық тиімділігі есептеу.

5-ші тақырып. Ауылшаруашылық өндірісіндегі жан-жақты /комплексті/ механикалындаруға қажетті машиналар жүйесі. Топырақ өндеуші машиналар.

Тәжірибелік жұмыс № 4. Ауылшаруашылығында қарқынды дамытуда оны механикаландыру маңызы.


  1. Өздігінен жұмыс тапсырмалары

  1. Тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы

Тракторларды энергетикалық көрсеткішіне және арналуына бөліп жүйелеу. Трактор типажы, оның құрылымы, құрылу принципы. Типаждың экономикалық тиімділігі.

2.Тракторлардың техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Ауылшаруашылық машиналарымен агрегатталған тракторға жұмыс істеу кезінде сыртқы күштерінің әсері. Тарту күштілігі, жұмыстық жылдамдығы, тартушы куат, меншіктік және сағаттық отын шығыны.

3.Ауылшаруашылық өндірісіндегі көліктік құралдар

Тракторлы көліктік құралдар. Тракторларды көлік ретінде агрегаттау және пайдалану ерекшеліктері. Автомобильдік көлік.

4. Пайдалану материалдар және агротехқызметін ұйымдастыру

Жанар-жағармай материалдар (бензин, дизель жанармайы, майлар, консистенті майлар) олардың таңбамаркасы және әр түрлі тракторлар мен автобобильдерге қолдануы.

5. Ауылшаруашылық өндірісіндегі жан-жақты /комплексті/ механикалындаруға қажетті машиналар жүйесі. Топырақ өндеуші машиналар.

Ауылшаруышылғын жан-жақты механикаландырудың маңызы және жағдайлары. Машиналар жүйесі және оны құрастыру принципртері. Машиналардың топтастырылуы мен арнаулы. Ауылшаруашылық процесстерге және машиналарға қойылатын негізгі агротехникалық талаптар, олардын орындалу шарттары.

6. Тынайтқыштарды еңгізуге арналған машиналар. Себуші және өскінді салушы машиналар

Тынайтқыштар түрлері және олардың физикалык-механикалық қасиеттері. Тынайтқыштарды еңгізу тәсілдері мен технологиясы. Тынайтқыштарды еңгізуге қолданылатын машиналар жүйесі, олардың техникалык-экономикалық және эргономикалық сипаттамасы.

7. Жел эрозиясына ұшыраған топырақты өндеуге жан-жақты машиналар (культиватор-плоскорездер, штангілік культиваторлар, егуші-культиватор).

Жұмыс істеу процессі, техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

8. Егістікті баптап күтетін машиналар. Жем-шөп дайындайтын машиналар. Егін жинйтын машиналар.

Егістіктің қатар аралық өндеудің міндеттері. Өсімдіктерді катараралық өңдеуде машиналарға қойылатын агротехникалық талаптар. Егістікті баптайтын машинадар жүйесі. Шөп дайындауға /комплексі/ жан-жақты машиналар.

9. Астық жиналған соң, астықты өңдегіш машиналар. Дәнді /астықты/ кукурузды, картопті және көкөністі жинайтын әрі өңдейтін машиналар.

Мақсат астық жиналған соң, дәнді өңдеу және оны сапасымен саралау, көлеміне қарай, үлкен-кішілігіне қарай бөлу. Жиналған астықты кептіру, арту белгіленген жерге апару. Кукурузаны жинау тәсілдері. Агротехникалық талаптар. Машиналар жүйесі. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

10.Ауыл шаруашылығында техника пайдалануды ұйымдастыру түрлері.

Ауыл шаруашылық өндірісінін кешенді механикаландыру мақсатында машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптар. Егіншіліктегі машина жүйесі.Энергия көзі құралдары. Оларды пайдалану қасиеттері, техника пайдалану түрлері.

11. Машина-трактор агрегаты (МТА)

МТА туралы түсінік. Агрегаттар жіктеу. Егіншілікте, көкөніс, бау-бақша және жүзімдік екпежерлерінде (плантация) жұмыс орындау мақсатында МТА-ға қойылатын талаптар. МТА құрау барысында трактор және жұмыс машинаны тағайындау.

12. Егіншілік өңдірісінің механикаландырылған жұмысын ұйымдық-технологиялық дайындау.

Агрегатты жұмысқа дайындау реті. Жұмыс сапасына агротехникалық норманы аңықтау. Жұмыстық бөлшектерді және жүрістік дөнгелектерді орналастыру, машинанның тұқым себу нормасын реттеу. Агрегатты нақты құрау. Агрегатты технологиялық реттеу. Агрегатты қосымша құрылғылармен жабдықтау.

13. Агрегаттың жұмыс өңімділігі

Агрегаттың негізгі, аусымдық жіне пайдалану сағатындағы жұмыс өңімділігі. Жиын-терім, тасымалдау және тиеу-түсіру агрегаттарын есептеу ерекшеліктері.


  1. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семестрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады.



  1. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пәні бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі


№ п/п

Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат







3 апта




4 апта

2

Реферат







2 апта




6 апта

3

Межелік бақылау













8 апта

4

Реферат







2 апта




9 апта

5

Реферат







2 апта




11 апта

6

Межелік бақылау













15 апта




  1. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтихан мен аяқтылады. Емтиханға жіберудің міндетті шартты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықтылады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және барлық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:
Қ=ЖР*0,6+ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университетің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезде ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себепен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында болса келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің білім бағасын 0-100 дейінгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2) =АҮ(2)*0,7+МБ1(2)*0,3
«Мамандыққа кіріспе. Көлік түрлері» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп болады әріптік жүйе бойынша анықталады:

Әріптік жүйесі бойынша баға

Баллдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жаксы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қағанаттанарлықсыз



  1. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер

Дәрістік сабақта оқытушы студентке сұрақ қойып, 50-100 балл қояды. Оқытушымен көрсетілген мерзімде студенттер әрбір тәжірибелік сабақтан кейін есеп, және де төрттен кем емес реферат тапсыруы міндетті.

Жұмыстарды көрсетілген мерзімде тапсыру керек. Тапсырманың ақырғы тапсыру мерзімі – келесі сабақ немесе СӨЖМ сабағы.

Барлық тапсырмаларады орындамаған және тапсырмаған студенттер емтиханға.

Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестілермен, сұрақ қою әдісімен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Барлық тексеру әдістері ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының, тәртіпті сақтамаған студентті аудиториядан шығаруға құқығы бар.

Оқытушының басшылығымен студентердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын өамтамасыз ету.

Екінші – оқытушының ақыл-кенесін ескере отырып, студенттер өз бетінші оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін біліу және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші - оқу барсында кездесетін қиындықтарды талдап,оның себептерін анықтауға тырысу,оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кенес, нұсқаулар алу





  1. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдалануы: оқулық/ П.Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 259 б.

2 Копенов Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері: оқу құралы/ Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов. – Адматы: ҚазККА, 2009. – 96 б.

3 Суеубаев Ж.А. Автомобиль құрылысы: оқу құралы/ Ж. Суеубаев. Алматы: ҚазККА, 2009. – 264 б.

Қосымша

4 Ибраев Ж.С. Жер бетіндегі көлік құралдары/ Ж.С. Ибраев, - Алматы: ҚазККА, 2007. – 180 б.

5 Теехническая эксплуатация автомобилей: Учебник для вузов (под редакцией Е.С. Кузнецова) – М: Транспорт, 1991, - 413 с.

Пән бағдарламасының Нысан пгу_блэк1

(SYLLABUS) титульдық ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

парағы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ(SYLLABUS)

«Ауыл шаруашылығында машина пайдалану»

Павлодар 2013

Пән бағдарламасын Нысанпгу_блэк1

(Syllabus) бекіту парағы ПМУ ҰС Н7.18.4/19

БЕКІТЕМІН

ММжК факультетінің

деканы________

Токтаганов Т. Т.

«____» _________ 2013 ж.

Құрастырушы: ________ аға оқытушыШамгунов С.М.



Пәннің бағдарламасы (Syllabus)

«Ауыл шаруашылығында машина пайдалану»

5В080100 – Агрономия мамандығының студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж «____» _________ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған

2013 ж «____» _________ кафедраның мәжілісінде ұсынылған № ___хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________Қ.Қ. Абишев «___»__________2013 ж.

Факультеттің Оқу әдестемелік кеңесінде құпталңан «___»__________2013 ж.

№ _____ хаттама



ОӘК төрағасы ___________________ Ж.Е. Ахметов «____» _________2013 ж.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет