1 ші–тақырып. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. Мақсаты



жүктеу 377.7 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі377.7 Kb.
: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> sud-med-umkd -> sd-1
sud-med-umkd -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Стоматология мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
sud-med-umkd -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
sud-med-umkd -> Оқу жылындағы құқық негіздері пәні бойынша 1-ші курс студенттері үшін 051301 Жалпы медицина мамандығына арналған тест бақылаудың сұрақтары
sud-med-umkd -> Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы
sud-med-umkd -> Презентация келесі талаптарға сәйкес болуы керек
2013 -> Силлабус 051301- жалпы медицина мамандығы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған
2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: молекулярлық биология және медициналық генетика пән коды: мвg 1201
sd-1 -> ЖҰмыс бағдарламасы дәрістер 15 сағат






«Астана Медицина Университеті» АҚ

ДЖ № 07.1.19


Шығарылған күні



Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы

Тексерілген күгні


Тексеріс #:


бет -





ОР 1109 Құқық негіздері пәні
051101 – Мейірбике ісі мамандығына арналған

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Дәріс: 15 сағат

Курс: 1

Семестр: 1, 2



Құрастырған: А.К.Дюсенова

Астана, 2012 ж.

1 ші–тақырып. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық туралы, мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар.
Мақсаты. Студенттерді «Құқық негіздері» оқу курсының міндеттерімен таныстыру.

«Құқық негіздері» оқу курсының пәнін және мақсаттарын қарастыру. Студенттердің мемлекет және құқық, олардың пайда болуының кезендері мемлекет пен құқық теорияның негізгі ережелері, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өзара әсерлігі туралы білімдерін қалыптастыру.



Дәріс тезистері.

Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық негіздері пәні. «Құқық негіздері» оқу курсының құрылымы. «Құқық негіздері» оқу курсының қайнар көздері. Мемлекет, құқық туралы негізгі түсніктер. Мемлекет пен құқықтық негізгі белгілері. Мемлекеттің, құқықтың пайда болуы. Мемлекет түсінігі және белгілері.Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы. Құқықтық реттеу: әдісі және механизмі. Құқықтың қайнар көздері. Құқықтық мемлекет түсінігі және белгілері.

«Құқық негіздері»   кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік құқықтық әдебиеттер кіреді.

Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: КР Конституциясының нормаларының жүйесін, материалдық және процессуалдық құқығының негізгі анықтамалары мен категорияларын. Алған білімінің негізінде студент түрлі құқықтық институттарды және құқықтық қатынастарды ажырата білу қажет.

басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Бүгінгі күнгі мемлекеттің басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік және қоғамдағы істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам құру болып табылатындығында.

Құқық дегеніміз мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез құлық ережелерінің ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың қайнар көздері – құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеологиялар және т.б.) , оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,декрет және т.б.). Құқықтың бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады.

Құқықтық норманың құрылымы – оның құрылысы, элементтері: гипотеза, диспозиция және санкция.

Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз.

Әкімшілік немесе сот прецеденті - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп шешуге негізгі норма бола алады.

Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алындағы жауапкершілік сезімін толық сезінетінмемлекет пен жеке адамның арасындғы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Заңдардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.
Иллюстрациялық материалдар. " Құқық нормасының құрылымы" схемасы.

Әдебиет.


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.



  1. Н.О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. «Құқық негіздері» оқу курсы нені оқытады?

2. Заңды емес пәндердің жүйесіндегі құқық негіздері оқу курсының орны.

3. Құқық негіздері оқу курсының бастауларын атаңыз.

4. Құқық негіздері оқу курсының пәніне не жатады?

5. Құқық пен мемлекеттің қандай өзара байланыстары бар?

6. Құқық негіздерін қарастыру барасында студент қандай білімдерді алуы қажет?

7. Материалдық және процессуалдық құқығының қандай салаларын атап бере аласыз?

8. Жалпы құқық жүйесінде мемлекет және құқық теориясы қандай орны бар.

9. Мемлекет және құқық теориясының пәнісіне не жатады.

10. Мемлекеттің, құқықтың пайда болуының негізгі кезендерін атаныздар.

11. Мемлекет дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

12. Мемлекеттің негізгі нысаннндары мен типтерін атаныздар.

13. Құқық дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

14. Құқықтық норманың құрылымына сипатамасын берініздер.

15. ҚР-ның жалпы құқық жүйесіне сипатамасын берініздер.

16. Құқықтық мемлекет дегеніміз не. Оның негізгі белгілерің атаныздар.

17. Құқықтық мемлекеттің негізгі мақсаттарын атаныздар.




2 ші тақырып. ҚР Конституциялық құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді конституциялық құқығының негіздерімен таныстыру.

ҚРның Конституциясының құрылымын жэәне мазмұның қарастыру.

ҚРның азаматтарының конституциялық құқық пен міндеттеріне сипаттамасын беру.

Дәріс тезистері.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы. ҚРның конституциялық құқығының жүйесі - оның пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың құрылымын айқындау. ҚРның Конституциясының - мемлекеттің Негізгі Заңы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – жетекші құқық саласы. Конституциялық құқығы қоғамның құрылымның негіздерін, мемлекеттік биліктін жүзеге асыруды, азамат және мемлекеттің өзара қатынастарды реттейді.Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Бұл сонымен, Конституцияның ең жоғары заң күші бар номативтік актісі болғанымен және республиканың барлық территориясындағы тікелей әрекет ету мен байланысты болады. Басқа бастаулар оның ережелерінен қалыптасады және оған қайшы болмау керек.

ҚРның Конституциясының - мемлекеттің Негізгі Заңы. Қ Рның Конституциясының тұрақтылығы – заңдылық, негізіндегі мемлекеттің, өкіметтің және құқықтық жүйенің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

ҚР-ғы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері. Жеке тұлғаның мәртебесі жеке тұлға мен мемлекет, адам арасындағы қатынастардың табиғатын сипаттайтын конституциялық құқықтық институт ұғымы. Адам мен азаматтарың конституциялық құқық, еркіндік және міндеттер жүйесі. Азаматтылықтың жалпы сұрақтары. Жеке тұлғаның конституциялық мәртебесінің құрылымы – заң ұғымы ретінде мынадай элементерден тұрады.

1. азаматтық.

2. негізгі құқықтар, бостандықтар, заңды мүдделері мен міндеттерм

3.құқықтық мәртебесінің заңды кепілдіктері.

ҚРның Конституциясы қоғамның адамның өмірін, оның құқықтарымен бостандықтарын үстімдегі ретенде белгіледі. Осы конституциялық ереже адамның құқық және бостандық үстімдегін айқындайтын мемлекеттің мүдделерін алдынғы идеяны көрсетеді. Адамның құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мемлекеттің міндеті болып табылады.

Адамның құқықтық жағдайы азаматтықпен тығыз байланыста болады. Азаматтық

дегеніміз адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық және олардың құқықтар мен міндеттердін жүйесін белгілейтін байланысы болып есептелінеді. Азаматтық бұл құқықтық жағдай. Заңға сәйкес азаматтық ұғымы 3 элементтерден тұрады.

1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуға тиыс.

2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатын білдіруге қажет.

3. адам мен және мемлекеттің араларында өзара құқықтар мен міндеттер айқындылады.

Азаматтық заңға сәйкес қабылданады және тоқтатылады. ҚРның азаматтықтын негізгі сұрақтары Конституция және " Азаматтық туралы заңмен " белгіленеді.

Иллюстрациялық материалдар. Конституцияның басылымы.
Әдебиет.


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. ҚР "Азаматтық туралы заң".

  3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. Конституциялық құқығының пәні не болып табылады.

2. Конституциялық құқықты жетекші құқық саласы ретінде сиппатаныз.

3. Конституциялық құқықтың қайнар көзі не болып табылады.

4. ҚР Конституциясына сипаттамасын жасаныздар.

5. Адам және азамат ұғымдардын қандай

6. Азаматтық дегеніміз не.

7. Негізгі әлеуметтік-экономикалық құқық пен бостандықтарын сипаттмасын берініздер.

8. Қандай негізгі саяси құқық пен міндеттер бар.

9. Өзіндік құқықтар мен бостандықтардын сипатын берініздер.

10. Демократиялық құқық пен бостандықтардын жүзуге асыруынын түрлі кепілдіктерін атаныздар.

11. Азаматтық қабылдау нәтижилерін атаныздар.

12. Азаматтық тоқтату нәтижилерін атаныздар.

3 ші тақырып. ҚР құқық қорғау органдары және сот.

Мақсаты. Студенттерді құқық қорғау қызметінің негіздерімен, соттын қызметінің құқық негіздерімен, сот төрелігінің принциптарымен, құқық қорғау органдардын жүйесімен және олардың мақсаттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері. Соттың мемлекеттік органдар жүйесіндегі ролі және маңызы. ҚР сот жүйесі. Сот органың құрылымы. Соттын қызметін және ұйымдастырылуының қағидалары, соттардын кепілдікдері және тәуелсіздігі. Сот лауазымына кандидаттарды таңдау тәртібі. Сот әділдігін жүзеге асыру - ҚРның соттарының негізгі фукциясы.

ҚР-да сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі адамның құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, Конституцияның, заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердін, халықаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Соттар Республика атынан билікті жүзеге асырады, Конституция және Республиканын зандарына нақты сәйкес.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және басқа да заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асыралады. Қазақстандағы сот жүйесі: 1. аудандық және оған теңестірілген соттар. 2. облыстық және оған теңестірілген соттар, 3. ҚР Жоғарғы Соты, арнайы соттар. Жоғарғы Соты - мемлекеттің ең жоғарғы сот органы.



Иллюстрациялық материалдар. " Сот төрілігінің қағидалары ", " ҚР Жоғарғы Сот органдары " таблицасы.
Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. «Қазақстан Республикасының сот мәртебесі мен сот» ҚР конституциялық заңы.

  3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.


Бақылау сұрақтары.

1. Құқық қорғау органдары не болып табылады.

2. Құқық қорғау жүйесіне қандай органдар кіреді.

3. ҚРның сот жүйесін сиппатамасын берініздер.

4. ҚРғы сот қызметінің негізгі қағидалары қандай.

5. Сот тәуелсіздігінің кепілдіктері қандай.

6. Сот әділдігі дегеніміз не.

7. Конституцияда сот төрелігінің қандай қағидалары көрсетілген.

8. Прокуратура қандай функцияларын атқарады.

9. Ішкі істер органдары қандай функцияларын атқарады.

10. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті қандай функцияларын атқарады.

4-ші тақырып. ҚР әкімшілік құқығының негіздері. ҚР- дағы мемлекеттік басқару.

Мақсаты. Студентерді ҚР әкімшілік құқығы пәнімен және жүйесімен, ҚР мемлекеттік қызметі қағидаттарымен таныстыру. Студенттерді мемлекеттік басқарудын жүйесімен, оның құқықтық және құқықтық емес нысандарымен, мемлекеттік қызметінің мақсаттарымен, мемлекеттік қызметкерлердің түрлерімен және олардың құқықтық жағдайымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі. Әкімшілік – құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқық субъектілері. Түсінігі және олардың түрлері.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары. Мемлекеттік қызметкерлерді жіктеу. Мемлекеттік қызметшілерді заңдық жауаптылыққа тарту түрлері. Мемлекеттік басқару негіздері. Мемлекет басқару жүйесінің ұғымы, пәні және мақсаттары. Мемлекет басқару жүйесінің құрылымы. Орталық, аумақтық, салалық басқару. Қазақстанда өзін-өзі басқаруды қалыптастыру. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік басқарудын ұйымдық құрылымы ретінде. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық нысандары. Мемлекеттік басқару актілері.
Әкімшілік құқық мемлекет органдарының атқарушылық- жарлықшыл қызметін реттейтін құқықтық нормалар бірлестігі. Бұл сала пәніне мемлекеттік басқару нысаны, оның функциялары мен міндеттері жатады. Бұл сала нормалары мемлекеттік қызмет іс әрекетін, қағидаттарын, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін айқындайды.

Бұл сала қайнар көздеріне ҚР Конституциясы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс жатады. ҚР Конституциясының 33 бабына сәйкес: ҚР азаматтары мемлекет ісін басқаруға тікелей өздері және өз өкілдері арқылы араласуға құқылы, сонымен қатар, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгіне алады.

Мемлекет істерін басқаруға араласу құқығы- бұл азаматтың тікелей өзі және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының қызметін қалыптастыруға қатысу мүмкіндігі. Бұл құқық мұндай қатысудың мына нысандарын айқындайды: мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға жеке және коллективті түрде жүгінуі, мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға сайлау және сайлану құқығы, референдумға қатысуы, мемлекеттік қызметке қол жеткізе алуы.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарында конституциялық негізде және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға және мемлекет функциясын және басқа да міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған кәсіби қызметі. Мемлекет биліктің ұйымы болып табылады, мемлекеттік органдар жүйесін болуын білдіреді.Мемлекеттік органдар мемлекеттік мақсаттарды орындауға міндетті және олар жалпы сипатын көрсетеді. Мемлекеттік органның ерекше белгісіне билік өкілеттілігімен иелену болып табылады немесе іс әрекеттер билікті сипатын білдіреді, ал нұсқаулар міндетті сипатын білдіреді. Мемлекетік органдардын билік өкілеттілігі онын компетенциясына сәйкес жүзеге асырылады. Компетенция ұғымы мемлекеттік ұйымнын құқықтары мен міндеттердің жүйесінің мәнің білдіреді.

Жоғары атқару билік саласындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып есептелінеді, ол барлық атқарушы органдардын жүйесін басқарады. Үкіметтің қызметі қоғамның бүкіл жақтарын қамтиды:экономиканы басқару, әлеуметтік билікті жүзеге асыру, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, сыртқы саясатты жүзеге асыру. Орталық органдарға министірліктер, агенстволар, комитеттер жатады. Бұл салалық немесе салааралық органдар.

Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілдік және атқарушы органдарымен жүзеге асырылады, олар тиісті территориясында істердің жағдайына жауапты болады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкіммен басқарылынады. Жергілікті атқарушы органдар берілген фукцияларды жүзеге асыру үшін кең компетенциға иеленген.

Жергілікті атқарушы органдар хабарлауына мынау жатады: территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламаларын жасау, жергілікті кадр сұрақтарын шешу және басқа да өкілеттілін жүзеге асыру.

Денсаулық сақтауды құқықтық реттеу. Денсаулық сақтауды басқаруды ұйымдастыру негіздері және түсінігі. Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті өзін өзі басқару органдарының ролі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымындағы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруы, дәрілік құралдардың айналымы, медицинлық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Министрліктің ведомстволары бар: фармацевтикалық бақылау Комитеті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті, медициналық қызмет көрсету саласындағы, сонымен қатар, қосымшаға сәйкес ведомстваға қарасты мемлекеттік ұйымдарды бақылау Комитеті.

Азаматтардың денсаулығы туралы ҚР Кодексі ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық қатынасьарды реттейді, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді.


ҚР -да мемлекеттік қызмет мына қағидаттарға негізделеді:

1. заңдылық;

2. қазақстандық патриотизм;

3. мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;

4. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығы;

5. жалпы қол жетімділік;

6. азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруының еріктілігі;

7. мемлекеттік қызметтің кәсібилігі және құзыреті;

8. бірдей жұмысқа бірдей ақы төлеу;

9. жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз құзыреті шегінде шығарған шешімдерін төменгі тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың орындау міндеттілігі;

10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылауда болуы және есеп беруі.
Иллюстрациялық материалдар. " Мемлекеттік қызметкерлердің түрлері " таблицасы.
Әдебиет.


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж

  6. ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңы.


Бақылау сұрақтары.

  1. Әкімшілік құқық пәні не болып табылады?

  2. ҚР Әкімшілік құқығының қайнар көздерін атаңыз.

  3. Әкімшілік құқық субьектісі кім болып табылады?

  4. Заңды тұлғаның негізгі белгілері атаңыз.

  5. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамын не құрайды?

  6. Әкімшілік жауаптылық неше жастан туындайды?

  7. Қандай әкімшілік жазалау шараларын білесіз?

  8. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?

  9. Мемлекеттік қызметті сипаттайтын негізгі белгілерді атаңыз.

  10. Мемлекеттік қызметкерлердің заңдық жауаптылығының түрлері қандай болады?

  11. ҚР Мемлекетті басқару жүйесіне сиппатамасын берініздер.

  12. Мемлекттік басқарудың қағидалары туралы әнгімеленіз.

  13. Мемлекеттік органдар қандай функцияларды жүзеге асырады?

  14. Орталық Атқару органдардың компетенциясы қандай?

  15. Жергілікті атқару органдардың компетенциясы қандай?

  16. Әкімнің жергілікті атқарушы биліктің басқарушы ретінде фукцияларын атаныз.

  17. Маслихаттардың немесе жергілікті өкілдік биліктің фукцияларын атаныз ?

  18. Мемлекеттік басқару органдардың актілерін атаныз?

  19. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті қандай?

Денсаулық сақтау саласының негізгі заңдарын атаңыз.

5-ші тақырып. ҚР азаматтық құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді ҚР азаматтық құқығы негіздерімен таныстыру. Студенттерді ҚР кәсіпкерліктің құқықтық негіздерімен таныстыру. Студенттердің белсенді азаматтық позициясын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс тезистері.

Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық құқықтық  реттеу пәні, әдістері. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері. Азаматтық заңдар. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі және түрлері. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде, олардың түрлері. Мемлекет азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушысы ретінде. Мәмілелер және азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының өзге де негіздері.

Азаматтық құқық - тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың бірлігін көрсететін құқық саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары болып азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сонымен қатар, әкімшілік - территориялық бірліктер танылады. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көздері 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған Жалпы бөлімнен және 1999 ж. 1 шілдесінде қабылданған ерекше бөлімнен тұратын ҚР Азаматтық кодексі болып табылады.

Азаматтық заңдар қатынастар қатысушыларының теңдігіне, келісім шарт еркіндігіне, жеке істерге кімдердің болсада араласпауына, меншікке қол сұғылмаушылыққа, бұзылған құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге негізделеді.

Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтық заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқықтық қабілеттілік адам туған кезде басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегніміз азаматтың өзінің іс қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады.

Кәсіпкерліктің құқықтық негіздері. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары түсінігі, түрлері. Шағын, орта және ірі бизнес субьектілері. Жеке кәсіпкерліктің жалпы сипаттамасы. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кепілдіктері, кәсіпкерлік қызметті қорғаудың құқықтық және қолдаудың нысаны.

Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Азаматтар заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай ақ айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның өзінің жеке балансы және атауы көрсетілген мөрі болу қажет.

Мемлекеттік кәсіпорындар жедел басқару құқығына немесе шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде қызметін жүзеге асырады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәміле деп аталады. Мәмілелер бір жақты және екі жақты немесе көп жақты болады. Нысаны бойынша мәмілелер ауызша және жазбаша болып бөлінеді.


Иллюстрациялық материалдар. " Мәміле түрлері " схема

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

3. ҚР Азаматтық кодексі..

4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж


Бақылау сұрақтары.

1. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?

2. Азаматтық құқық қағидаларын атаңыз?

3. ҚР Азаматтық құқығының қайнар көздерін атаңыз ?

4. Азаматтық құқықтың субъектісі кім болып табылады ?

5. Кәсіпкерлік дегеніміз не?

6. Заңды және жеке тұлға түсінігін беріңіз ?

7. Қандай заңды тұлға түрлерін білесің ?

8. Азаматтық құқықтық қабілетілік дегеніміз не?

9. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз не?

10. Азаматтық құқық қатынастардың пайда болуының негіздері қандай ?

11. Азаматтық құқық объектілеріне не жатады ?

12. Мәміле дегеніміз не?

13. Мәміленің қандай түрлер бар ?

14. Жеке кәсіпкер дегеніміз не?

15. Мемлекеттік кәсіпорын дегеніміз не?



6-шы тақырып. ҚР отбасы құқығының жалпы ережелері.

Мақсаты. Студенттерді отбасы құқығы негіздерімен, отбасылық құқықтық қатынастар мазмұнымен, некеге тұру шарттарымен, некеге тұруды шектеу негіздерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы – неке заңдары. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Неке шарты. Ата аналары мен балаларының құқықтары мен міндеттері. Бала асырап алу. Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттама.

Отбасы құқығы некеге тұру, некені тоқтату және некені жарамсыз деп тану қатынастарын, отбасы мүшелерінің- жұбайлардың, ата аналар мен балалардың, ал заңмен бекітілген жағдайларда туысқандармен басқа да тұлғалардың, сонымен қатар, ата ана қарауынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру нысандары қатынастарын реттейді. Бұл қатынас түрлерін барлық қатынастың некеден, туыстықтан, және заң бойынша туыстыққа теңелетін қатынастардан пайда болатындығы біріктіреді. Жаңа заңдағы жаңалық отбасы заңдарын реттеу пәнінен азаматтық жағдайларды тіркеу актісіне қатысты мәселелерді алып тастау болып отыр.

Отбасы қатынастарымен реттелетін (мүліктік емес ) жеке қатынастарға мыналар жатады: некеге тұру және некені тоқтату, отбасы мәселелерін шешуге байланысты жұбайлар арасындағы қатынас, некеге отыру және некені тоқтату жағдайында тегін таңдау, балаларға тәрбие және білім беру мәселелері бойынша ата аналар мен балалар арасындағы қатынас және т. б. Мүліктік қатынастарға отбасы мүшелерінің алименттік мінддеттері және жұбайлардың ортақ және жекелеген мүлкіне байланысты қатынастары кіреді.

Иллюстрациялық материалдар. " Отбасы құқықтық қатынастары " таблицасы.
Әдебиет.


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. ҚР Неке және отбасы туралы 1998

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж


Бақылау сұрақтары.

1. Отбасы құқығы қандай қатынастарды реттейді?

2. Неке дегеніміз не ?

3. Некеге тұру шарттарын атаңыз ?

4. Қамқоршылы, асырап алушылық дегеніміз не ?

5. Ата- ананың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.

6. Балалардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.

7. Неке шарты дегеніміз не ?



7-ші тақырып. ҚР еңбек құқығы

Мақсаты. Студенттерді еңбек құқығы негіздерімен, еңбекке орналастыру ережелерімен, еңбек шарты мазмұнымен және шарттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздері. Еңбек құқық қатынастардың тараптары. Еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы. Кепілдік пен өтемақы. Еңбекті қорғау. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары.

Еңбек құқығының пәні болып жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін еңбек қатынастары болып табылады. ҚР Еңбек заңдарының міндеті жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды реттеу және заңсыздыққа жол бермеу. ҚР Еңбек заңдарының қағидалары болып мыналар танылады: 1. еңбек саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің шектелуіне жол бермеу; 2. еңбек бостандығы; 3. мәжбүрлеп еңбек еткізуге жол бермеу; 4. қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету; 5. өндіріс нәтижелеріне қарағанда жұмысшы өмірі мен денсаулығының басымдықта болуы; 6. ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес жалақыға және жасаған жұмысы үшін әділ сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету; 7. демалуға құқықты қамтамасыз ету; 8. жұмысшылардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 9. өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлесу құқығын қамтамасыз ету; 10. әлеуметтік серіктестік; 11. еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелерін құқықтық реттеу; 12. ҚР Еңбек заңдарын қорғау мақсатында жұмысшылар өкілдерінің құқығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Еңбек қатынастарының субьектілері болып жұмыс беруші және жұмысшы танылады.

Еңбек қатынастары жұмысшы мен жұмыс беруші арасында заңға сәйкес жасалған еңбек шарты негізінде пайда болады.


Иллюстрациялық материалдар. " Еңбек шартын бұзу негіздері " таблицасы.

Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. ҚР Еңбек кодексі. 2007 ж.

3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.

5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.

Бақылау сұрақтары.

Еңбек құқығының пәні не болып табылады?

Еңбек құқығы дегеніміз не? Еңбек бостандығы дегеніміз не?

ҚР еңбек құқығының қағидаларын атаңыз.

Жұмыс уақыты, демалыс уақыты дегеніміз не?

Жұмыс уақытының қандай түрлері болады?

Еңбек демалысының қандай түрлері болады?

Еңбек даулары қалай шешіледі?




8 ші тақырып. ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

Мақсаты. Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негіздерімен, әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарымен, зейнетақымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы түсінігі, қайнар көздері. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Төлемдерді тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.

ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заң ҚР -да азаматтард зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайды, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға қатысуын реттейді.

ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретіндегі міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық және ұйымдық негіздерін реттейді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру мына түрлерге бөлінеді: 1. еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында; 2. асыраушысынан айрылуына байланысты; 3. жұмысынан айрылуына байланысты; 4. жүктілігіне және босануына байланысты кірістен айрылу жағдайында; 5. жаңа туған баланы асырап алуына байланысты кірісінен айрылуы жағдайында; 6. бір жасқа дейінгі баласын күтуіне бйланысты кірістен айрылу жағдайында.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мыналар болып табылады: 1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР заңдарының орындалуын және сақталуының жалпыға ортақтығы; 2. әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін мемлекетпен кепілдендіру шаралары; 3. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу; 4. әлеуметтік төлемдерге бөліктеуді заңға сәйкес пайдалану; 5. әлеуметтік төлемдердің мөлшерінің дифференциациялау; 6. міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін органдардың қызметінің жариялылығы.

Иллюстрациялық материалдар. " Әлеуметтік қамтамасыз етудің нысандары " таблицасы.


Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. ҚР Әлеуметтік қамтамасыз ету туралы Заңы.

3. ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңы.

4. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

5. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.

6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000
Бақылау сұрақтары.
1.ҚР зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері?

2.Ортақтасқан зейнетақы қоры дегеніміз не?

3.Жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз не?

4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не?

5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері қандай?

9-шы тақырып. ҚР қылмыстық құқығының негіздері.

Мақсаты: Студенттерді қылмыстық құқығының пәнімен, оның мақсаттарымен, қылмыстық жауапкершілікті қолдану шарттарымен, қылмыстық жазалау түрлерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.

ҚР қылмыстық құқығының негіздері. Қылмыстық құқық материалдық құқықтың басты саласы ретінде. Оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны, құқықтық мемлекетті нығайту негізіндегі маңызы мен ролі. Қылмыстық құқықтың мақсаттары мен қағидалары. Қылмыс ұғымы мен оның белгілері. Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық жаза. Кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауапкершілігі.

Қылмыстық құқық дегеніміз қандай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын және оның жазаларын біріктіретін құқықтық нысан.

Қылмыстық құқықтың мақсаттары: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті, қоршаған кеңістікті сақтау, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін және қылмыстарды ескертуді қамтамасыз ету.

Иллюстрациялы материал. Қылмыстық жазалардың түрлері кестесі.

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.



  1. ҚР Қылмыстық кодексі.

Бақылау сұрақтары.

1. Қылмыстық құқық қандай қатынастарды реттейді?

2. Қылмыстық құқықтың мақсаттарын атаңыз.

3. Қылмыстық құқықтың қағидаларын атаңыз?

4. Құқықтық мемлекетті нығайту негізіндегі қылмыстық құқықтың маңызы мен ролі қандай?

10-тақырып. ҚР қаржы құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді қаржы құқығының негіздерімен және оның бастауларымен, тапсырмаларымен таныстыру.

Дәріс тезисі.

Қаржы құқығының бастауы мен жүйелері туралы түсінік. Қаржы құқығының ерекшеліктері. Құқықтық қатынас туралы жалпы сипаттама. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекет қызметінің қаржы құқығының негіздері мен ұғымдары. ҚР-ның қаржы құрылымы. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Қаржылық бақылаудың әдістері, түрлері, міндеттері мен түсінігі.

Қаржы – білім беру жүйесінде және ақша қаражатын жұмсауда, ақша операциясын іске асыруда, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету мақсатымен ақша шаруашылығын енгізуде туындайтын экономикалық қатынас. Мемлекеттің қаржы қызметі – мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті басқару органдарының жоспарлық білім беруі, өз қызметтерін іске асыруға міндетті және ерікті әдістермен білім беру аумағындағы ақша қаражатын пайдалануы мен ақша қорын үлестіруі; қаражатты пайдалану аумағында ақшалай қаржыны үлестіру қызметтері.

Қаржы негіздері пәні – халықтық қаржыны жұмсау мен білім берудегі қоғамдық қатынасты, халықтық қызметке арналған қызметтерді іске асыру.

Қаржы негіздері пәніне негізінен халықтық ақша қаражатын жұмсау бойынша қызметтер мен салықтық қатынастар жатады. Қаржылық құқықтық қатынас объектінің материалды (ақшалай) және процессуалды (ұйымдастырушылық) түріне қарай ажыратылады, ал құрылымына қарай қаржылық жүйе – кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің бюджеттік, салықтық, сақтандыру, банктік, кредиттік, кедендік, есептік қаржылары болады. Қаржылық құқықтың ерекшеліктері: қаржылық құқықтық әрекеттің қоғамдық қатынасқа императивтігі (тегеуірінділігі), субъектінің қаржы құқығының теңсіздігі, өктемшілдік және келісушілік сипаттарын байланыстыру, конформизм (субъектілер қаржы құқықтық қатынасына биліктің алдын ана жазуына енеді), субъектінің меншігін жекешелендіру, қаржылық жауапкершілікті қалпына келтіруді сипаттау.



Иллюстрациялық материал. Қаржы құқықтық ереженің құрылымы кестесі.

Әдебиет.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

  3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

  4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

  5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.

  6. ҚР Бюджеттік кодексі.

Бақылау сұрақтары.

  1. Қаржы құқығы қандай қатынастарды реттейді?

  2. ҚР қаржы құқығының бастауларын атаңыз.

  3. ҚР мемлекетінің және әкімшілік-аумақтық бөліністерінің қаржы құқықтық нысандарын сипаттаңыз.

  4. ҚР қаржы құрылымын сипаттаңыз

  5. ҚР қаржы органдарының компентенциясын ашыңыз және атаңыз.

  6. Қаржылық бақылаудың мақсаттары не?

  7. Банктік несиенің ақша айналымы мен есебінің құқықтық негіздері қандай?

  8. ҚР валютаны реттеудің негіздері қандай?


11-тақырып. Жер құқығының негіздері.

Мақсаты. Студенттерді жер құқығының негіздерімен, жерді қорғау құқық негіздерімен, жерді меншіктеу құқығы негіздерінің туындауымен таныстыру.

Дәріс тезисі.

ҚР жер құқығының негіздері. Жер құқығы пәні мен жүйесі туралы ұғым. Жер құқықтық қатынастар. Жерге меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар. Жер категориясы. Жер ресурстарын басқару. Жер дауын шешу. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Қазақстан Республикасы нысаналы қолданылуына сәйкес жер қоры мынадай категорияларға бөлінеді: 1. ауыл шаруашылығының жерлері; 2. жергілікті халықтық елді мекендер (қала, ауыл және халықты аймақтар) 3. өнеркәсіптік жерлер, көлік, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылығына жатпайтын басқа да жерлер; 4. ерекше қорғалатын табиғи жерлер, сауықтыру және тарихи-мәдени жерлер; 5. орман қорлары, 6. су қорлары; 7. жер байлықтары.

ҚР жер мемлекет меншігінде болып табылады. Сондай-ақ, жер учаскелері заң негіздерінде, шарттарында және шегінде белгіленіп жеке меншікте болуы мүмкін.

ҚР жер заң жиынтығының мақсаттары : жер учаскелері мен жерді пайдалануға шарт қою негізінде жерді меншіктеуге өзгертулер мен тоқтатылу шектері туындағанда, құқықты іске асыру мен жер учаскесіне меншіктік және жерді пайдаланудың тәртібі; жерді қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, топырақтың өнімділігін өндіру, табиғи кеңістікті жақсарту мен сақтау, шаруашылықтың барлық түрінің тең дамуына шарт жасау, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың жерге құқығын сақтау, жылжымайтын мүліктік нарығын дамту мен құру, жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту.



Иллюстрациялық материал. Жерге меншік құқығының туындау негіздері кестесі.

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.



  1. ҚР Жер кодексі.

Бақылау сұрақтары.

1. Жер құқығы қандай қатынастарды реттейді?

2.Жер құқықтық қатынастар дегеніміз не?

3. ҚР жердің қандай категориялары бар?

4. Жер дауы қалай шешіледі?

5. Жер заңын бұзғаны үшін жауапкершіліктің қандай түрлері бар?



12-тақырып. ҚР экологиялық құқыығының жалпы ержелері.

Мақсаты: Студенттерді экологиялық құқық негіздерімен, табиғатты қорғау туралы заңдардың қағидаларымен, экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттарымен таныстыру.

Дәріс тезистері.

ҚР экологиялық құқығының жалпы ережелері. Экология құқығы пәні, жүйесі. Экологиялық заңнаманның жалпы сипаттамасы. Табиғат пен қоршаған ортаны пайдалану мен қорғаудың негізгі қағидалары. Экологиялық құқықтың объектілері. Табиғи ресурстарға меншік құқығының, табиғатты қолдану құқығының жалпы сипаттамасы. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық және экономикалық механизмі. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Экологиялық құқық дегеніміз қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған орта кеңістігін ұтымды пайдалану мен сақтау мүддесінде табиғат пен қоғамның өзара қатынасы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығы. Экологиялық құқығының ережелері қоршаған ортаны қолдау және сақтау бойынша туатын адамдардың қатынастарын реттейтін мінез-құлық ережелері болып табылады. Ережелердің мынадай бөлімдері бар: салалық (белгілі бір табиғи объектілерді қолдау мен қорғау); комплекстік (қорғау мен табиғи комплекстерді қолдану); экологиялық (құқықтың басқа салаларының ережелері).

Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз экологиялық заңдылыққа сәйкес нақты жүйелілікпен орналасқан институттар жиынтығы.



Иллюстрациялы материал. Экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттары кестесі.

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.



  1. ҚР Экологиялық кодексі.

Бақылау сұрақтары.

1. Экология дегеніміз не?

2. Экологиялық құқыққа түсініктеме беріңіз.

3.Қоршаған орта мен табиғатты қорғаудың негізгі қағидалары қандай?

4. Экология құқығының объектілеріне не жатады?

5. Экологиялық құқықтық қатынастары жағына кім кіреді?

6. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз не?

7. Экологиялық құқық бұзушылықтырға жауапкершіліктің қандай түрлері заңмен белгіленеді?

8. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмі қандай?

13 -тақырып. ҚР іс жүргізу құқығы негіздері.

Мақсаты: Студенттерді іс жүргізу құқығы негіздерімен таныстыру.

Дәріс тезистері.
Процессуалды құқығының бастаулары. Ұлттық құқық жүйесіндегі процессуалды құқықтың орны, ролі мен маңызы. Сот билігін іске асыру: процессуалдық нысандары, қағидалары. Процессуалды құқықтың салалары. Азаматтық процессуалды құқықтың пәні, жүйесі және қағидалары. Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастар ұғымы. Азаматтық істерді сотта қарастыру. Қылмыстық процессуалды құқықтың пәні, жүйесі және қағидалары. Қылмыстық процестің сатылары мен кезеңдері. Қылмыстық қудалау. Қылмыстық істерді сотта қарастыру.

Процессуалды құқық дегеніміз азаматтық және қылмыстық істерді қарастыру мен шешу бойынша, қылмыстарды ашу бойынша туындайтын қатынастарды реттейтін құқық жүйесінің бір бөлігі. Процессуалды құқық материалдық құқықпен тығыз байланыста болады, себебі ол оны жүзеге асыру үшін процессуалдық нысандарын бекітеді. Сот процесінің екі нысаны бар: азаматтық және қылмыстық.



Иллюстрациялы материал.

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.

3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.

4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.

5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.

6. ҚР Азаматық іс жүргізу кодексі.


  1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

Бақылау сұрақтары.

1. Процессуалды құқық дегеніміз не?

2. Процессуалды құқықтың бастауларын атаңыз.

3. Процессуалды құқығының қағидалары қандай?

4. Процессуалды құқықтың салаларын атаңыз.


14-ші тақырып.Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Мақсаты. Студенттерді іс жүргізу құқығы негіздерімен таныстыру. Студенттерді сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша заңдар негіздерімен таныстыру. Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Дәріс тезистері.

Қазақстанда сыбайлас жемқолықпен күрестің заңдық негіздері. Сыбайлас жемқолық қылмыстарымен күресу саласындағы мемлекеттік саясат. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауаптылық.

Сыбайлас жемқолықпен күрес заңдары бойынша белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан әрекеттер құқық бұзушылықтар болып табылады.

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай ақ оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың атынан игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Заңның талабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Заң мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдарға қойылатын талап, лауазымды қызметкер үшін қаржы бақылау шараларын және т.б шектеулерді қарастырады. Сыбайлас жемқорлық саласында құқық бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери полиция жүзеге асырады.



Иллюстрациялық материалдар. " Қылмыстық жаза түрлері " таблицасы.

Әдебиет.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.

3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

4. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы.

5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000

6. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
Бақылау сұрақтары.

1. Сыбайлас жемқорлыпен күрес заңының пәні не болып табылады?

2. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық деген не?

3. Сыбайлас жемқорлықпенкүрес қағидаттары қандай?

3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері кім болып табылады?

4. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қандай органдар жүзеге асырады?



5. Мемлекеттік функцияны орындаумен қандай қызмет сәйкес келмейді?



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет