1-тақырып. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі



бет1/8
Дата22.10.2019
өлшемі163.69 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
1-тақырып. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні,

қайнар көздері және жүйесі.
Дәріс мақсаты:

Студенттерді ШКҚ курсының маңызымен, қайнар көздерімен таныстыру Конституциялық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне, заңдық фактілеріне, субъектілеріне және объектілеріне сипаттама беру. ШКҚ пәнінің мазмұнын ашу.
Дәріс жоспары:

1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.

2. Конституциялық құқықтың пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері.

3. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері

4. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы.
1. Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде.
Шет елдердің конституциялық құқығы оқу пәнінің атауы екі сөз тіркесінен құралған: «конституциялық құқық» және «шетелдер». «Конституциялық құқық» термині үш мағынаға ие: қолданыстағы құқық саласы, ғылым және оқу пәні. Құқық саласы ретінде ол түрлі құқықтық актілерде - конституцияларда, заңдарда, мемлекет басшысының декреттерінде көрініс табатын және қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын (ең алдымен, қоғам мен мемлекеттің күрылымының, түлғаның құқықтық жағдайының негіздері) реттейтін, іштей үйлесімділікке ие заңды нормалардың (мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін ерекше сипаттағы ережелердің) жүйесін білдіреді. Ғылым ретінде бұл - оқулықтарда, мақалаларда, ғылыми баяндамаларда көрініс тапқан конституциялық құқық мәселелері жөніндегі түрлі теориялардың, ілімдердің, көзқарастардың, болжамдардың жиынтығы. Оқу пәні ретінде бұл - оқу орындарында оқытылатын пән. «Шетелдердің конституциялық құқығы» түсінігі құқықтың ерекше саласын білдірмейді - мұндай сала жоқ. Тек қандай да бір мемлекеттің конституциялық құқығы болады және әр елдің конституциялық құқығына түрлі ерекшеліктер тән (француздық, үнділік, конголездік, бразилиялық, австралиялық және т.б.). «Шетелдердің конституциялық құқығы» терминін қолдану кезінде әлемдегі көптеген елдердің конституциялық құқығын кешенді және салыстырмалы зерттеу туралы, жиынтық құбылыс туралы, біртұтас конституциялық құқықтың тармағы туралы және оқу пәні туралы сөз болады.

Пәннің атауындағы «шетелдер» сөз тіркесі оның өзге мемлекеттердің конституциялық кұқығын зерттейтіні көрсетеді.

Ғылым конституциялық құқықтық нормаларды және қатынастарды жетілдіру мақсатында конституциялық құқықтың әсерін, оның нормаларының жүзеге асырылуын зерттейді, оның даму заңдылықтарын анықтайды, тәжірибелік ұсыныстар жасайды. Ол ғылымның, теорияның тарихын, олардың дамуын зерттейді. Конституциялық құқықтың ғылымы біртұтас сипатқа ие.

Шетелдердің конституциялық құқығын зерттеу - әлемдік тәжірибенің белгілі бір жақтарын зерттеу. Ол осыған ұқсас тиімді болып табылған конституциялық реттеу үлгілерін таңдауда, оларды тәжірибеде қолданып, жетілдіруге және тиімсіз институттардан немесе сол елдің нақты жағдайларына, жалпы адамзат құндылықтарына сәйкес келмейтін институттардан бас тартуға мүмкіндік береді.

Конституциялық құқық ғылымы ұзақ даму жолынан өтті. Оның дербес ғылым саласына бөлінуі басқа құқық салаларымен (мысалы, азаматтық, қылмыстық құқық) салыстырғанда кейін орын алды. Бұл ғылымның негізін түрлі уақыттардың ойшылдары қаласа, конституционалист-ғалымдар оны одан әрі дамыта түсті. Сонымен қатар көптеген ғылыми идеялар қарапайым ұжымдық шығармашылық ретінде заңдардың мәтіндерінен көрініс тапты.

Бүгінгі таңда шетелдердің конституциялық құқығы ғылымында екі негізгі бағыт бар. Шартты түрде оларды радикалдық (лат. «негізгі» сөзінен) және либералдық (лат. «еркін» сөзінен) деп атауға болады. Радикалдық бағыт негізінен ғалым-марксистердің, солшыл радикалдардың шығармаларында, сонымен қатар дамушы елдердің социалистік бағытын қолдайтын революциялық демократтардың еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл бағытты ұстанатын авторлар конституциялық құқықты таптық күрес тұрғысынан, ал кейбір жағдайларда белгілі бір таптың немесе таптар одағының диктатурасы ретінде қарастырады. Дегенмен, осы бағыттың ішіндегі түрлі топтар бүл таптарды түрліше түсінеді. Марксизм-ленинизм бағытыүшін бұл жұмысшылар табы, яғни пролетариаттың диктатурасы (қазіргі кезде халықтық демократияпың диктатурасы туралы да сөз қозғалуда). Революциялық демократтар еңбекшілер мен қарапайым азаматтардың «біріккен» билігін жақтайды, олардың ойынша ақыр аяғында социализмге әкеп соғатын түбегейлі демократиялық өзгерістер кезеңінде еңбекші емес тұлғалармен ынтымақтастық орнатуға болады (революциялық-демократиялық диктатура). Солшыл радикалдар революциялық өзгерістердің қозғаушы күші ретінде зиялы қауымның кейбір отрядтарын, тіпті «алдынғы қатардағы күрескерлердің» тапсыз тобын таниды. Радикалдық бағытты ұстанатын ғалымдарыдың ойынша, конституциялық құқықтың қызметтік рөлі социализм мен коммунизмді құру үшін жағдай жасаудан (билік, экономика, партиялық жүйе, мемлекет құрылымы және т.б.) көрініс табады. Бұл авторлар халықтық, социалистік демократия туралы сөз қозғағанымен, іс жүзінде басқарудың авторитарлык жүйелерін, бір (коммунистік) партияның үздіксіз басқаруын, органдардың кеңестік типтегі жүйесін, экономиканын мемлекеттендіруін, халықтың белгілі бір топтарының (жұмысшы табының, еңбекшілердің) құқықтарының басым болуын, күштеу әдістерін қолдану жолымен жеке меншікті, «қанаушылар табын» жоюды, кейбір қазіргі заманғы ғалымдар бұл бағытты марксистік-энгельстік деп атап, ленинизмді, большевизмді ерекше атап көрсетеді және оны, бір жағынан, марксизмнің негізгі ережелерін кабылдаушы ретінде, екінші жағынан К. Маркс пен Ф. Энгельстің кейбір ғылыми ұстанымдарын теория мен тәжірибеде дамытушы ғана емес, ішінара қайта қарау арқылы олардан алшақтайтын бағыт ретінде қарастырады. Жалпыға ортақ теңдікті қолдайды, биліктің тармақтарға бөлінуіне және жергілікті өзін-өзі басқаруға қарсылық білдіреді. Олар бұдан әлеуметтік әділдіктің мәнін көреді.



Либералдың бағыт түрлі мемлекеттердің, солардың ішінде Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, Болгария, Польша, Чехия сияқты елдердің құқықтанушыларының еңбектерінде көрініс тапқан. Бұл еңбектерде ғалымдар өздерінің көзқарастарын түбегейлі түрде өзгертіп, жаңа конституциялардың жобаларын жасады. Шығыс Еуропаның кейбір елдерінде бұған дейін жетекші деп саналған кейбір құқықтанушылар конституцияға қатысты жұмыстардан аластатылды. Азия мен Африкадағы постсоциалистік елдердің жаңа конституцияларына адамзаттың жалпы гуманистік құндылықтарын көрсететін нормалар енгізілді. Дегенмен, кейбір авторитарлық сипаттар мен бұрынғы ықпал толығымен жойылған жоқ.

Либералдық бағыт өкілдерінің ойынша, жалпы конституциялық құқық сияқты конституция диктатураның құралы емес, халықтың түрлі топтарының, билік өкілдері мен басқарылатын топтың арасындағы әлеуметтік келісімнің көрінісі болып табылады. Олардың пікірінше, конституция - өз нормаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды (бостандық, демократия, адам қүқықтары, әлеуметтік әділдік, әлеуметтік сипаттағы нарықтық экономика және т.б.) іске асыруды көздейтін құжат. Либералдық бағыт өкілдері құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, еркін және тиімді мемлекеті; биліктің тармақтарға бөлінуін, жергілікті өзін-өзі басқаруды; мемлекеттің барлық лауазымды тұлғалары мен органдарының, халықтың және оның өкілдерінің алдында жауапкершілікте болуын; қақтығыстарды шешудің бейбіт құралдарын, әлеуметтік және саяси қатынастарда келісім мен пәтуаға келуді; мемлекеттік биліктің таптық сипатын емес, шынайы халықтық сипатын жақтайды. Олар конституцияғасәйкес қоғам мен мемлекетте бір партияның «басшылық және бағыттаушы рөлін» белгілеуге қарсылығын білдіреді.

Радикалдық және либералдық бағыттар тек қарама-қарсы көзқарастарды білдіреді. Олардың арасында аралық бағыттарда да бар, кейбір жағдайларда белгілі бір автордың зерттеулерінде екі бағыттың да сипаттары үйлеседі. Сонымен қатар бір бағытты ұстанатын кейбір ғалымдар барлық мәселеге қатысты толығымен ұқсас көзқарастарды иеленеді. Мұндай жағдайларда бір бағыттың шеңберінде түрлі ғылыми мектептер пайда болады. Олар - зерттеудің ұқсас әдістерін пайдаланатын және жалпы алғанда оның нәтижелерін бірдей түсіндіретін ғалымдардың ұжымдары. Қандай да бір ғылыми мектептің өкілі болу ғалымның тұрғылықты жеріне және жұмысына байланысы емес, ол жариялымдардың ғылыми баяндамалардың мазмұнымен анықталады. Ірі ғылыми мектептер халықаралық сипатқа ие, олар түрлі елдердің авторларын біріктіреді.

Қазіргі кезде конституциялық құқықтың шетелдік ғылымындағы негізгі төрт мектепті атауға болады: құқықтық, саясаттанушылық, теологиялық және марксистік.

Құқықтық мектеп 1920 жылдары ерекше мәнгс ие болды. Оны жақтаушылар негізінен мемлекет, оның органдары, адам құқықтары туралы нормативтік актілерді зерттеуге негізделеді, мұндай зерттеу құқықтық ұстанымдар тұрғысынан жасалатын. Олар мемлекеттің әлеуметтік сипатын таныды, алайда заңгерлерді мемлекет пен оның органдарын, мемлекеттік қызметті құқықтық қатынастар жүйесі түрінде зерттеуге шақырды; оларды құқық догмаларын зерттеуге бағыттады. Қазіргі кезде ол мектеп өзінің бұрынғы мәнін жоғалтты, бірақ сол мектеп қалыптастырған зерттеу әдістері конституциялық құқық ғылымында әлі де кеңінен пайдаланылуда.

Саясаттанушық мектеп XX ғ. ортасында түпкілікті жеңіске жетті. Оны жақтаушылар конститиуциялық құқықтың нормаларын зерттеп қана қоймай (кейбір кездері олар бұл нормаларды елемейді де), мемлекеттіліктің қандай да бір институттарының, саяси институттардың шынайы рөлін зерттеуді ұсынады. Кейбір француз тілді елдерде оқыту пәні қазіргі кезде «Конституциялық құқық және саяси институттар» деп аталады.

Теологиялық мектеп ерекше орынға ие. Бұл мектеп өзін жақтаушылардың көзқарастарының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Теологиялық мектептің оң қанатының либерализмге мүлдем қатысы жоқ, ол ерекше, діни түсіндірудегі радикалдық бағытпен қиысып жатыр, алайда оны жақтаушылардың белгілі бір бөлігі батыстық идеялардың әсерімен либералдық көзқарастарды ұстанады. Бұл мектеп негізінен мұсылман заңгерлерінің зерттеулерінен тұрады. Оны жақтаушылардың еңбектерінде халифат - әділ басқару идеялары жиі көрініс табады. Олардың ойынша, халифат қағидалары бұлжытпай орындалуы тиіс. Бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше, бүкіл әлемдік егемендік Аллаға тиесілі; олар сайлау институтының маңызын жоққа шығарып, оның орнына мемлекет басшысының жанындағы ерекше беделді тұлғалардың Консультативтік кеңесін немесе Мәжіліс аш-Шураны ұсынады; олардың ойынша жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі институты шариғат қағидаларына сәйкес болуы тиіс, ал бұл әйел адамдар мен ер адамдар теңсіздігін көздейді және олардың көзқарасына сәйкес, құқықтар емес, Алланың және «имандылар» қауымының - үмметтің алдындағы құқықтық және моральдық міндеттер басты мәнге ие.

Радикалдық бағытты сипаттау барысында марксистік мектеп туралы сөз қозғалды.


2. Конституциялық құқықтың пәні. Конституциялық құқықтық қатынастар, олардың субъектілері.
Конституциялық құқық өз атауын айрықша заңды құжат - конституциядан алды. Оны әдетте ресми (Германия) немесе ресми емес (Болгария және т.б.) түрде негізгі заң деп атайды. Конституциялық құқық тек конституциямен ғана байланысты емес, ол көптеген құқықтық актілерді - парламент қабылдайтын заңдарды, президенттің жарлықтарын және декреттерін, үкіметтің қаулыларын және ордонанстарын, конституциялық соттың немесе конституциялық кеңестің қаулыларын және т.б. қамтиды.Әрқайсысы өзінің реттеу пәні ретінде біртектес қоғамдық қатынастар тобым иеленетін басқа құқық салаларымсн (еңбек құқығында - еңбек қатынастары, қылмыстық құқықта - қылмыс және жазалау және т.б.) салыстырғанда конституциялық құқықтың нормалары, ең алдымен, барлық аса елеулі, маңызды қоғамдық қатынастардың негіздерін; адам өмірінің (заңның ең төменгі күнкөріс деңгейін белгілеуі, елдегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі), мемлекеттік өмірдің (мемлекетті ұйымдастыру және оның қоғамдағы орны), қоғамның өзінің (нарықтық немесе мемлекеттік экономика) негіздерін реттейді. Конституциялық құқық бұл қатынастарды қоғамның, адам өмірінің, ұжымдардың өзін-өзі реттеуін сақтай отырып, құқықтық реттеу аясында ретке келтіреді. Конституциялық құқықтық зерттеу қоғамдық өмірдің келесідей басты салаларын қамтиды: экономика, әлеуметтік қатынастар, саясат, қоғам өмірінің рухани саласы, осы қатынастардағы адам мен азаматтың орны.

Қоғамдық өмірдің басты салаларының негіздері кешенді түрде тек конституциялық құқықпен реттеледі. Конституциялық құқықтың, әсіресе, конституцияның нормалары құқықтың өзге салалары үшін бастау болып табылады және сол салаларда жалғасын табады.

Жоғарыда айтылғандарды негізге алатын болсақ, қазіргі заманғы конституциялық құқық адам-ұжым-мемлекет жүйесіндегі қатынастардың негізін, олардың өзара байланысын реттейді деген қорытындыға келуге болады. Мұндай өзара байланыстар ақыр аяғында қоғамнын өмір сүруін қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік құндылықтарды (меншік, бостандық, адам мен азаматтың құқықтары, демократия, мәдениет және т.б.) қалыптастыру және бөлу мақсаттарында реттеледі.

Қазіргі заманғы жағдайда конституциялық құқықтың реттеу объектісі әлдеқайда кең бола түскенімен, конституциялық құқықтың негізгі пәні болып бұрынғысынша биліктік қатынастар, ерекше сипаттағы жария билік - егеменді мемлекеттік билік табылады. Осы биліктің айналасынан түрлі әлеуметтік-саяси күштердің бәсекелестігі (билікті жаулап алу, сақтап қалу, басқаруға қатысу) көрініс табады. Ал оның шарттары мен шеңберін конституциялық құқықтың нормалары белгілейді. Осылайша қандай да бір елдің жетекші саласы ретіндегі шетелдердің конституциялық құқығы — бұл қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін, қоғамдағы әлеуметтік құндылықтарды жасау және үлестіру мақсатында мемлекеттік билікті пайдалану және оған қысым жасау барысында жеке тұлға — ұжым — мемлекет — қоғам арасындағы өзара байланысты олардың ынтымақтастығының және жарыспалылығының негізінде ретейтін іштей үйлескен нормалардың жүйесі.

Заңды фактілердің нәтижесінде конституциялық құқық нормаларының әрекет етуінің негізінде түрлі тараптардың арасында конституциялық-құқықтық қатынастар туындайды.

Бұл қатынастардың объектісі — нақты игілік (бір нәрсені алу, жасау немесе зиянды салдардан құтылу). Олардың қатысушылары конституциялық құқықтың субъектілері деп аталады. Конституциялық құқықта құқықтық қатынас субъектілерін азаматтық құқықтағыдай жеке және заңды тұлғалар деп бөлу жеткіліксіз. Конституциялық құқықта өзіндік жіктеу қолданысқа ие.

Жалпы алғанда конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1) әлеуметтік және ұлттық топтар (биліктің қайнар көзі болып табылатын халық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес және мемлекеттің конституциясының шеңберінде өзін-өзі анықтауға құқылы ұлттар мен өзге де этникалық топтар, тоталитарлық социализм елдеріндегі таптар және т.б.);

2) мемлекет және оның құрамдас бөліктері (мысалы, Германиядағы федерация субъектілері немесе Қытайдагы аумақтық автономиялық құрылымдар);

3) мемлекеттің негізгі органдары (Жапониядағы император, АҚШ-тағы президент, Ұлыбританиядағы Парламент, Украинадағы Министрлер кабинеті, Германиядағы Конституциялық сот, Испаниядағы халық қорғаушысы және т.б.);

4) азаматтардыңжария қоғамдық бірлестіктері және ұжымдары, яғни, мысалы, өзінің негізгі қызметі ретінде пайда табумен айналысатын акционерлік қоғам сияқты бірлестіктер емес, саясатқа, жария қызметке қатысатын ұжымдар (мысалы, Бразилияда мемлекет органдарының сайлауында үміткерлерді ұсынушы партиялар немесе Швейцарияда халықтың заң шығарушылық бастамасына ие сайлаушылар топтары (100 мың адам);

5) атқарушы билік өкілдеріне қатысты депутаттық корпус құқықтарын иеленетін өкілдік органдардың депупшттары;

6) жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдары (мысалы, Ұлыбритания графтықтарындағы кеңестер, Франция қалаларындағы мэрлар);

7) жеке тұлғалар(азаматтар, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, көп азаматтыққа ие тұлғалар — халықтың бұл санаттарының әрқайсысы конституциялық құқықтың өздеріне тән белгілі бір көлемін иеленеді).


3. Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері
Жалпы құқықтық реттеу сияқты конституциялық құқықтық реттеу де қоғам өмірінің қажеттіктерінен және шарттарынан туындайды. Бұл — конституциялық құқықтың материалдық қайнар көздері. Құқықтың қайнар көздері — конституциялық құқықтың нормаларынан тұратын құқықтық құжаттар, мемлекеттік билік органдарының және референдумның актілері.

Көптеген елдерде мемлекеттің негізгі заңы — конституция құқықтың бұл саласының басты құқықтық қайнар көзі болып табылады (тек кейбір мұсылман елдерінде Құран негізгі қайнар көз ретінде белгіленген). Локальды деңгейде — федерация субъектілерінде, ал кейбір жағдайларда — автономдық құрылымдарда өз конституциялары болуы мүмкін (АҚШ штаттарында, Танзаниядағы Занзибарда, Украинадағы Қырым Автономдық Республикасында және т.б.). Басқа да қайнар көздерге мыналар жатады:

1) заңдар —конституциялық (конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді немесе о бастан бір жүйеге келтірілмеген конституцияның бөлігі болып табылады), органикалық (күрделендірген тәртіпте қабылданады және әдетте конституциялық құқықтың қандай да бір институтын реттейді, мысалы, азаматтық туралы заң), жай (жекелеген мәселелерді реттейді, мысалы, президентті сайлау туралы заң), төтенше (конституцияның өзіне сәйкес бұл заңдар оның ережелерінен ауытқуы мүмкін, олар тек ерекше жағдайларда, қысқа мерзімге, әдетте 30-60 күнге қабылданады, дегенмен парламент бұл мерзімді ұзарту құқығын иеленеді). Шығу тегі бойынша парламенттік, референдарлық (референдумда қабылданған) заңдар, парламенттен жоғары және парламенттен төмен органдардың заңдары ажыратылады (жекелеген елдерде парламенттен жоғары тұратын ерекше құрылымдар болады, басқа елдерде кейбір мәселелер жөніндегі заңдарды парламенттің тұрақты комитеттері немесе «шешуші комиссиялары» қабылдай алады).

2) мемлекеттік ішілік жария-құқыттық шарттар (мысалы, Чехословакияның 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап Чехия мен Словакияға бөлінуі туралы келісім; Франция мен оның бұрынғы отары Жаңа Каледонияның арасындағы 1998 жылғы шарты, оған сәйкес Жаңа Каледонияга мемлекеттік органдардың кейбір өкілеттіктері берілді (шарт 20 жылға жасалды); терманиялық Саксония жәнс Бранденбург жерлерінің арасындағы шекараны өзгерту туралы І998жыл шарт);

3) парламент және оның палаталарының парламент жұмысының процедурасын және ішкі ұйымдастырылуын белгілейтін регламенттері. Олар не әрбір палатаның өзіне арналған қаулысы ретінде қабылданады және басқа палата мен президенттің мақұлдауын талап етпейді (Германия), не бір палаталы парламент кезінде заң нысанында (Қытай), ал кейбір кездері екі палаталы парламент кезінде де заң ретінде қабылданады (Канада, Польша, Жапония);

4) мемлекет басшысы мен атқарушы биліктің актілері (монархтардың жарлықтары, президенттердің декреттері, үкіметтердің қаулылары, сирек жағдайларда - министрлердің актілері). Атқарушы билік актілерінің арасында заң күшіне ие актілер ерекше рөлге ие (оларды мемлекет басшысы немесе үкімет өздеріне парламент берген өкілеттіктердің негізінде (Польша) немесе конституцияға сәйкес өздеріне тиесілі реттеуші құқықтың негізінде (Италия) қабылдайды);

5)конституциялық бақылау органдарының (конституциялық соттардың, конституциялық кеңестердің және т.б.) актілері. Бұл актілер конституцияға ресми түсіндірме береді, қандай да бір заңдарды конституцияға сәйкес немесе сәйкес емес деп таниды;

6) сотпрецеденттері (әсіресе, ағылшын-саксон құқығында) - жоғары инстанция соттары жариялайтын және басқа соттар осыған ұқсас істер бойынша осындай шешім қабылдау кезінде негіз болатын шешімдер;

7) конститущиялық әдет-ғұрыптар - мемлекет органдарының бірыңгай қызметінің барысында қалыптасатын, ауызша сипатқа ие, қоғамдық қатынасқа қатысушылардың келісіміне негізделетін және бұзылған жағдайда сот арқылы қорғалмайтын ережелер;

8) діни қайнар көздер. Кейбір мұсылман елдерінде (Сауд Арабиясы, Оман, Иран және т.б.) Құран негізгі қайнар көз ретінде пайдаланылады. Соған қоса бұл елдерде Сүннет (пайғамбардың жақын серіктерінің естеліктерінің негізінде жасалған ғұмырнамасы) ерекше мәнге ие;

9) құқықтық доктрина (сирек және тек жекелеген елдерде, мысалы, Ұлыбританияда, Норвегияда, Данияда; кейбір мұсылман елдерінде соттар өздерінің конституциялық құқық мәселелері жөніндегі шешімдерін тек құқықтық актілерге ғана емес, соған қоса көрнекті заңгерлердің, Құран мен Сүннетті түсіндірумен айналысатын мамандардың еңбектеріне де негіздейді.

Сонымен қатар классикалық мұсылман елдерінде құқықтың қайнар көзі ретінде фетва қолданылады. Ол мұсылман құқығының оқымысты ғалымы - факихтың түсіндірмесі немесе шешімі. Егер мұндай ғалым мемлекет басшысы болса (Иран), онда фетва міндетті күшті иеленеді;

10) халықаралық құқықтық актілер. Кейбір конституцияларда аса маңызды халықаралық актілерге сілтеме жасалады. Мысалы, 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 1966 жылы қабылданып, қажетті ратификациялардан соң 1976 жылы күшіне енген Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы және азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актілер (бұдан әрі Адам құқықтары туралы халықаралық пактілер).


4. Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы.
Конституциялыққұқық күрделi жүйе болып табылады. Оған iшкi құрылысты сипаттайтын өзара әрекет ететiн көптеген бөлiктер мен элементтер жатады. Конституциялыққұқықтың жүйесiнде бұл негiзгi бөлiктер мен элементтер – оның негiзгi қағидалары мен институттары және нормалары.

Конституциялыққұқықтың жалпы қағидалары – конституциялыққұқық саласында белгiленедi. Бұл қағидалар қоғамдыққатынастарды тiкелей емес, өзiнiң нақты конституциялық нормалары арқылы реттеледi.

Конституциялыққұқықтың негiзгi қағидалары конституциямен ресми мәлiмденедi. Мысалы: халық егемендiгi (Франция Конституциясының 3-бабы); ұлттықөкiлдiк (Жапон Конституциясының преамбуласы); билiктiң тармақталуы (Герман Федеративтiк Республикасының негiзгi заңының 20-бабы); теңқұқылық (Италия Конституциясының 3-бабы) ж„не т.с.с., бұл конституциялыққағидалар нақты құқықтар мен мiндеттердi дәл бекiтпегенмен, әрi құқықтық санкциялармен қамтамасыз етiлмегенмен, конституциялыққұқықтық нормаларға анықтамалық мағынаға ие болады. Екiншiден, нақты заңдық нысанға ие болып, мемлекеттiк қызметке тiкелей қолданылатын қағидалар: - депутаттардың сайлаушылардан тәуелсiздiгi (Франция Конституциясының 27-бабы); конституциялыққұқықты сот арқылы қорғау (1978 ж. Испания Конституциясының 53-бабы).

Шетелдердiң конституциялық-құқықтық нормалары – мемлекетпен белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау мақсатында белгiленген, жалпы бiрдей әрекет ережелерi. Конституциялық-құқықтық реттеу - қандай да бiр қоғамдыққатынастарды реттеу, дамыту, қорғау мақсатында нормативтi-ұйымдастырушылықәрекет ету. Конституциялық-құқықтық нормалардың iшкi құрылымы: гипотеза, диспозиция және санкция. Мысалы, Француз Конституциясында 16-бап мынандай нысанда белгiленедi: Республиканың бекiтiлуi, ұлттың тәуелсiздiгi, оның аумағының бiртұтастығы немесе халықаралық мiндеттiлiктерiн атқару кезiнде қандай да бiр қауiпке ұшыраса, ал мемлекеттiк билiк органдарының Конституциямен бекiтiлген қызметi бұзылса (гипотеза), республика Президентi аталған жағдаяттарға (диспозиция) талап ететiн шаралар қолданады (санкция). Бiраққай мемлекеттiң констиуциясын алса да, онда құқық нормаларының барлық элементтерiнiң бiр бабында орын алуы сирек кездеседi. Көптеген жағдайларда конституциялыққұқықтық нормалар толығымен заңдылықтардың екi немесе одан да көп баптарында мазмұндалып, көпбаптық нысанына ие болды. Гипотеза - құқықты жүзеге асыру жағдайы, санкция – құқықтың бұзылғаны үшiн жаза, шара.

Шетелдердiң конституциялыққұқықтық нормаларына келесi ерекшелiктер тән. Конституциялар мен конституциялыққұқықтың актiлерде қоғамның, мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк, саяси мақсаттарын анықтайтын нормалар да кездеседi. Мысалы, 1972 ж. Корей Халық Демократиялық Республикасының Социалистiк Конституциясының 5-бабында: Корей Халық Демократиялық Республикасы елдiң солтүстiк бөлiгiнде социализмдi толық орнату үшiн күреседi,- делiнген. Яғни, бұл норма-мақсат, норма-рәмiздер.

Кез-келген мемлекеттік конституциялық құқық жүйесі көптеген нормалар санынан тұрады.

Функциональдық жолдамаларына байланысты – реттеушi нормалар және құқыққорғаушы нормалар. Конституциялыққұқық нормаларының реттеушi қызметi – құқықтыққатынастарға қатысушыларды субъективтiк құқықтарменқамтамасыз ету және оларға заңды жауапкершiлiк жүктеудiң белгiлi бiр түрiн белгiлеу жолымен анықталады. Конституциялыққұқықтық нормалардыңқұқыққорғаушы қызметi, субъектiлердiң мемлекеттiңқойған талаптарын бұзған жағдайда мемлекеттiк мәжбүр ету шарасын бекiту жолымен анықталады.

Құқық субъектiсiне әрекет ету тәсiлi бойынша: құқық берушi нормалар (Бүкiлқытайлық Халықөкiлдерiнiң жиналысы және Бүкiлқытайлық Халықөкiлдерiнiң жиналысының Тұрақты Комитетi елдегi заң билiгiн жүзеге асырады (Қытай Халық Республикасының 1982 ж. Конституциясының 58-бабы), яғни, бұл нормалар субъектiлерге белгiлi бiр шеңберде әрекет ету құқығын бередi). Мiндеттейтiн нормалар – субъектiлердiң конституциялық-құқықтық нормаларының талабына сәйкес әрекет етуiн мiндеттейдi (Германияның Негiзгi Заңының 69-бабы: Федеральдық канцлер Федеральдық президенттiң өтiнiшi бойынша, ал Федеральдық министр Федеральдық канцлер мен Федеральдық Президенттiң өтiнiшi бойынша iстi қабылдап алушыны тағайындағанға дейiн iстi әрi јарай жалғастыруға мiндеттi). Қоғамдыққатынастардың мазмұны бойынша: материальдық нормалар (Италияның Конституциясының 53-бабында – Барлықтары мемлекеттiк шығыстарға қатысуға мiндеттi) және процессуальдық нормалар (Франция Конституциясының 48-бабы: Аптасына бiр отырыс Парламент мүшелерiмен енгiзiлген сұрақтарды толықтыруға және үкiметтiң берген жауаптарын талқылауға арналады).

Конституциялық құқықтың нормалары басқа құқық салаларының нормалары сияқты, жүйелеуші-ғалымдардың еркі бойынша бір жағынан, объективтік, екінші жағынан, субъективтік сипатты иелене отырып, жекелеген топтарға бірігеді. Мысалы нормалардың бір тобы азаматтық мәселелеріне қатысты болады (азаматық алу, азаматтықты жоғалту, ата-аналары азаматтығын өзгерткен жағдайдағы балалардың азаматтығы және т.б.), басқалары мемлекет басшысының жағдайын реттейді (президентті сайлау тәртібі, оның өкілеттіктері, президентті лауазымынан мерзімінен бұрын босату), үшіншілері азаматтардың жеке бостандықтарын белгілейді (тұлғаға, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, хат алмасудың құпиялылығы және т.б.). Нормалардың бұлайша бірігуі констиптуциялық құқықтың институттарын құрайды (азаматтық институты, парламент институты және т.б.). Кейбір ірі кешендік институттардың ішінен басқа институттар бөлініп шығады (мысалы, мемлекеттік-аумақтық құрылым кешенді институтында аумақтық автономия институты, парламент институтында депутаттың құқықтық жағдайы институты, үкімет институтында үкіметтің жауапкершілігі институты), олар ішкі институттар ретінде қарастырылады, өз кезегінде, ішкі институттар да бөлінуі мүмкін. Соған қоса конституциялық құқықтың ішкі салаларын құрайтын кешенді институттар бар (мысалы, сайлау кұқығы, парламент құқығы).

Жоғарыда аталған ішкі салалар мен институттар барлық мемлекеттерде кездесе бермейді. Мысалы, ислам фундаментализмі елдерінің конституциялық құқық саласында сайлау құқығы деп аталатын ішкі сала жоқ. Ал кейбір шетелдерде Қазақстанда жоқ институттар бар (мысалы, монархия институты).

Әр елдегі қолданыстағы конституциялық құқықтың жүйесі оның конституциясының жүйесіне сәйкес келеді. Коммунистік партияның жетекшілік рөлі белгіленген және жалғызілікті жеке дара президенттің лауазымы жоқ Кубаға қараганда АҚШ-та ол басқаша сипатқа ие, ал Бразилия Республикасындағы конституциялық құқықтың жүйесі монархиялық Сауд Арабиясындағы жүйеге мүлдем ұқсамайды. Алайда, жалпы алғанда бұл жүйе жоғарыда айтылған өзара байланыстың төрт сипатына сәйкес келеді.

Шетелдердегі конституциялық құқықтың құрылымы, біріншіден, мейлінше ортақ конституциялық қағидалардан (халық егемендігі, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.), екіншіден, құқықтық ішкі салаларынан, үшіншіден, конституциялық құқықтық нормалардан (жоғарыда олардың кейбір түрлері туралы сөз болды), төртіншіден, оның құрылымының негізі болып табылатын нормалардан тұрады.

Шетелдердің конституциялық құқығы пәні Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде шетелдердің конституциялық құқығының негізгі институттары жалпыланған және салыстырмалы түрде зерттеледі, ал Ерекше бөлімде жекелеген елдердің: әлемнің ірі мемлекеттерінің, түрлі құқықтық жүйе өкілдерінің конституциялық құқығының негіздері қарастырылады.

Шетелдерде жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттер тобы аймақтық белгісі бойынша зерттеледі.



Осындай зерттеуге қоса, конституциялық құқықтық қатынастарды зерттейтін басқа да пәндер бар. Германияда мемлекеттік құқық, ал Францияда конституциялық құқық және саяси институттар оқтылады, ал кейбір жағдайларда жария құқық кешенді түрде оқытылады, конституциялық құқықтың кейбір бөлімдері саясаттануға, әлеуметтануға өзге де оқу пәндеріне кіреді. Ұлыбританияда конституциялық кұқық әкімшілік құқыққа біріктіріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет