1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



жүктеу 384.82 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі384.82 Kb.
  1   2   3


Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану және айналысы саласында туындайтын қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



  1. бағалы металдар – алтын, күміс, платина және кез келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары (палладий, иридий, родий, рутений, осмий);

  2. асыл тастар – табиғи алмастар, меруерттер, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрде пайда болған бірегей кәріптастар және шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи гауһар;

  3. бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар – әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдаланып, бағалы, қолдан жасалған, түрлі-түсті тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен жасалған басқа материалдардан жасалған көздері бар немесе оларсыз, басқа да бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық пайдалы заттар ретінде және (немесе) діни және сәндік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;

  4. құрамында бағалы металдар бар сынық – құрамында бағалы металдар бар жабдық, бөлшектер, түйіндер, функционалдық арналуын және (немесе) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және олардың арналуы бойынша бұдан былай пайдалануға жарамайтын бұйымдар мен материалдар;

  5. құрамында бағалы металдар бар қалдықтар – құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар кез келген түрдегі және күйдегі өндіріс пен тұтыну қалдықтары;

  6. өлшем құймалары – құймаларды өндіруші мемлекеттің стандарттарына сәйкесетін алтын, платина, күміс құймасы;

  7. сынама – бағалы металл құймасының мыңдаған массалық бөлшектеріндегі таза бағалы металдың массалық бөлшектерінің саны;

  8. сынамалайтын таңба – бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарына салынатын және бағалы металдардың сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі таңба;

  9. сынау – бағалы металдардан жасалған бұйымдардың сынамасын белгіленген тәсілдермен анықтау немесе растау;

  10. таңбалау – бағалы металдардан жасалған бұйымдарға сынамалайтын таңбаның баспа-таңбасын салу;

  11. арнайы таңба (именник) – бағалы металдардан жасалған зергерлік және тұрмыстық бұйымға салынатын, аккредиттелген зертханада тіркелген және аталған бұйымның өндірушісін куәландыратын арнайы таңба;

  12. бағалы металдарды сараптау – нәтижелері аккредиттелген зертхана беретін акті немесе қорытынды түрінде ресімделетін бағалы металдардың сапалық және (немесе) сандық сипаттамаларын зерттеу;

  13. асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сараптау (сәйкестендіру) – бағалы тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сапалық-түстік, сандық және құндық сипаттамаларын анықтау;

  14. бағалы металдарды өндіру– құрамында бағалы металдар бар кешенді кеннен, концентраттардан және басқа да жартылай өнімдерден, сынық пен қалдықтардан бағалы металдарды алу, сондай-ақ бағалы металдарды тазарту;

  15. асыл тастарды рекуперациялау – асыл тастардың бөліктерін қайта пайдалану үшін қайтару;

  16. бағалы металдардың және қорытпалардың сынықтары мен қалдықтарын қайта өңдеу – дайындық пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық операциялардың кешені, соның ішінде сынықтар мен қалдықтардан бағалы металдарды және қорытпаларды алу үшін тазарту;

  17. бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану – өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени, инвестициялық және басқа да қажеттіліктер үшін бағалы металдар мен асыл тастарды қайта өңдеу, өңдеу және қолдану;

  18. бағалы металдарды тазарту– бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрамдас бөлшектерден тазарту, бағалы металдарды қолданыстағы техникалық регламенттерге, не стандарттарға, не техникалық шарттарға сәйкесетін сапаға дейін жеткізу үдерісі;

  19. тазартылған алтын – бұйымдардан басқа, стандартты және өлшем құймалар, тілімшелер, түйіршіктер, ұнтақ түрінде тазартылма нәтижесінде алынған алтын;

  20. бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы саласындағы уәкілетті орган – бағалы металдар мен асыл тастар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

  21. мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – стратегиялық және экономикалық, бюджет саясатын жасау және қалыптастыру саласында басшылық пен салааралық үйлесімді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  22. аккредиттелген зертхана – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу, оларды сынап көру және таңбалау үшін аккредиттеуге ие болған мекеме;

  23. Кимберли үдерісі – өңделмеген табиғи алмастарды аттас сертификаттау тәсімі арқылы шиеленіс аймақтарынан жария сауда айналымына өңделмеген табиғи алмастардың экспортын тоқтатуға және болдырмауға бағытталған үкіметаралық бастама;

  24. заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу –уәкілетті органның бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің тізілімін (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа) жүргізуі, оларды тізілімге енгізу үшін алымдарды өндіріп алу көзделмейді;

  25. құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлар – өңделмеген бағалы металдар (соның ішінде құйма түрінде Доре қорытпасы, катод металл және мырыш шөгінділері), бағалы металдардың сынығы мен қалдықтары, бағалы металдардың кені және концентраттары, түрлі-түсті металдардың кені, концентраттары және күлі, құрамында түрлі-түсті металдар бар түрлі-түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері.

2. Осы бапта көрсетілмеген бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да ұғымдары осы Заңның тиісті баптарында анықталатын мәнде қолданылады.

Осы Заңда пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Заңда басқаша қарастырылмаса, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларында пайдаланылатын мәнде қолданылады.


2-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін қамтиды.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан басқа ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ заңнамада қарастырылған жағдайларда мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалануға және айналдыруға қатысты қолданылады.

2. Бағалы металдарға, асыл тастарға және олардан жасалған бұйымдарға меншік құқығы және өзге құқықтар мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

Бағалы металдар мен асыл тастарды барлау және өндіру Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттеледі.

Ұлттық Банктің және оның ұйымдарының шақаларды әкету тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері

1. Осы Заңның мақсаты бағалы металдар мен асыл тастарды пайдалану және айналдыру, зергерлік өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ осы саладағы лайықты мемлекеттік реттеу мен бақылау үшін құқықтық негіздер және жағдай жасау болып табылады.

2. Осы Заңның міндеттері:

1) мемлекеттің ішінде қайта өңдеу үшін отандық өңдеу (тазарту) өндірістерін дамыту;

2) мемлекеттің бағалы металдардағы активтерін толтыру үшін басым негізде жағдай жасау;

3) қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасау, сәйкесінше, бағалы металдар мен асыл тастар импортын азайту;

4) ЖІӨ құрылымында зергерлік өнеркәсіптің үлесін көбейту;

5) қосымша жұмыс орындарын құру;

6) бюджетке салық аударымдарын көбейту;

7) асыл тастардың, зергерлік бұйымдардың жасырын таратушылығын төмендету;

8) бағалы металдардың заңсыз айналымын азайту;

9) бағалы металдарды жинақтар мен инвестициялардың қаржы құралы ретінде пайдалану;

9) зергерлік бұйымдарды жасаудың қазіргі заман технологияларының пайда болуы, еңбек өнімділігінің өсімі, кадрларды даярлау деңгейін көтеру;

10) ішкі және сыртқы нарықтарда айналдыру үшін зергерлік бұйымдардың шығарылмын арттыру болып табылады.



2-тарау. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы

қатынастарды мемлекеттік реттеу
5-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды

2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу, оларды сынау және таңбалау үшін зертханаларды аккредиттеу ережелерін бекітеді;

3) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету ережелерін бекітеді

4) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету ережелерін бекітеді;

5) Кимберли үдерісінің сертификаттау тәсімін есепке алып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелерін бекітеді;

6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу, оларды сынау және таңбалау ережелерін бекітеді;

7) тазартылған бағалы металдардың жекелеген түрлерін өткізу жөніндегі уәкілетті ұйымды анықтайды;

8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде қарастырылған өзге функцияларды орындайды.


6-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) бағалы металдардағы активтерді толтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын жүзеге асырады;

2) жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған сынықты тазартылған алтынның құймаларына қайта өңдеу және оларды Ұлттық Банктің алтын-валюта қорына есепке алу туралы шешім қабылдайды;

3) бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) Қазақстан Республикасынан әкету немесе оған әкелу кезінде, олардың сақталуын және сыналуын (бақылау сынауларын) жүзеге асырады;

4) Ұлттық Банктің жанынан арбитраждық зертхананың қызметін құрады және ұйымдастырады;

5) бағалы металдардағы активтерді толтыру үшін мемлекеттің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын жүзеге асыру ережелерін бекітеді;

6) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы металдарды қабылдау, сақтау мен беруді қоса алғанда, металл шоттарды ашу, жүргізу және жабу ережелерін бекітеді;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы саласындағы уәкілетті органның құзыреті.

Бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы саласындағы уәкілетті орган:



  1. бағалы металдардан жасалған бұйымдардан басқа, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің арнайы есебін жүргізеді;

  2. бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу, оларды сынау және таңбалау ережелерін әзірлейді;

  3. бағалы металдардан жасалған бұйымдардан басқа, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына әкелу және оларды қайта өңдеу үшін Кеден одағынан әкету кезінде, қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;

  4. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық қолайсыздығы немесе мүмкінсіздігі туралы қорытынды жасайды;

  5. Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкінсіздігі) және экономикалық мақсаттылығы (қолайсыздығы) туралы қорытынды жасайды;

  6. бағалы металдар мен асыл тастар саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  7. бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу, оларды сынау және таңбалау ережелерін әзірлейді;

  8. осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.


8-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті

Мемлекеттік органдар:

1) бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы салалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тиісті аумақта бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарманың мүдделерінде жүзеге асырады.


10-бап. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нәсанында және басқа да нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Бағалы металдар мен асыл тастарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды пайдалану және олардың айналымы
11-бап. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, бағалы металдарды, асыл тастарды, соның ішінде өңделмеген табиғи алмастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету ерекшеліктері.

1. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағының аумағы шегінде Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкету Кеден одағының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2. Кеден одағының аумағында қайта өңдеу үшін бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелуден басқа, бағалы металдарды, бағалы металдардың сынығы мен қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, әкелімді жүзеге асыратын тұлға кедендік мағлұмдау өндірісіне дейін мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.

3. Бағалы металдарды, бағалы металдардың сынығы мен қалдықтарын әкелу кезінде, әкелімді жүзеге асыратын тұлға мемлекеттік бақылаудан өту үшін мынандай құжаттарды ұсынады:

1) ұйымның атауы немесе жеке кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы көрсетілетін хат-өтінім;

2) орыс тіліндегі келісім-шарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, егер орыс тіліндегі келісім-шарт (шарт, келісім) болмаса, онда келісім-шарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінішкердің бекіткен және куәландырған аудармасы (өтінішкердің лауазымын, қолын және мөрін, күнін көрсету) қоса тіркеледі;

3) толық сұрыпталым сандық және құндық түрінде көрсетілетін тауарларды сипаттайтын құжат;

4) тауарлардың шыққан көзін растайтын құжат.

4. Мемлекеттік бақылау тауардың топтамасын көрсету сәтінен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

5. Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкелу кезінде, кедендік мағлұмдау өндірісіне дейін кеден аумағында кедендік қайта өңдеу рәсіміне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды, соның ішінде кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет.

6. Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін, әкелімді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органға жүгініп, мынандай:

1) бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттарды;

2) қайта өңдеуге келісім-шарттың (шарттың) көшірмесін;

3) бейрезиденттерді қоспағанда, меншік құқығында немесе басқа заңды негізде өндірістік жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

4) бейрезиденттерді қоспағанда, өтінішкерде өндірістік базаның болуы және өз өндірісінде өнімді өндіру көлемі туралы ақпаратты;

5) әкелінетін қайта өңдеу өнімдері тізбесінің және қайта өңдеуге әкелінетін құндылықтар тізбесінің түпнұсқаларын ұсынады.

7. Уәкілетті органның кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижелері бойынша өтінішкерге оның өз өндірістік қызметінде бағалы металдарды пайдалану туралы жазбаша растамасы бар әкелінетін қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі жіберіледі.

Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтінім беру күнінен бастап он жұмыс күнін құрайды.

8. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспорты және оларды қайта өңдеу үшін, аталмыш тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерге әкетуге жол беріледі.

9. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерге экспортқа әкету кезінде, әкетілімді жүзеге асыратын тұлға кедендік мағлұмдауға мынандай:

1) өндіруші кәсіпорындардың зертханалары, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес аттестатталған немесе аккредиттелген, не Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сай нәтижелері Қазақстан Республикасында мойындалатын аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдарда аккредиттеуден өткен басқа талдамалы зертханалар берген бағалы және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы құжаттарды;

2) Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкінсіздігі) және экономикалық мақсаттылығы (қолайсыздығы) туралы уәкілетті органның қорытындысын ұсынады.

10. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерге әкету кезінде, өтінішкер кедендік мағлұмдауға мынандай:

1) Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің экономикалық қолайсыздығы және мүмкінсіздігі туралы уәкілетті органның қорытындысын;

2) тауарларды кеден аумағынан тысқары қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсынады.

11. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының экспорт немесе қайта өңдеу қорытындыларын алу үшін, әкетілімді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органға мынандай:

1) тауардың атауын, оның өлшем бірліктердегі санын көрсетіп, хат-өтінімін;

2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілеріне, - жер қойнауын пайдалану құқығына келісім-шарттың көшірмесін. Егер жер қойнауын пайдалану құқығына келісім-шарттың көшірмесі, мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайлардан басқа, бұрын ұсынылса, мұндай құжатты ұсыну талап етілмейді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге ұйымдарға, - әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжатты;

4) сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) көшірмесін ұсынады.

12. Уәкілетті орган өтінішкердің құжаттарын қабылдау сәтінен бастап жеті жұмыс күннен кешіктірмей, шикізат тауарларының барлық болжалды жылдық экспорт көлемі үшін экспорт немесе қайта өңдеу қорытындысын береді.

13. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау жағдайында, уәкілетті орган экспорт немесе қайта өңдеу қорытындысын беру туралы дәлелді түрде бас тартады.

14. Өтінішкер экспорт немесе қайта өңдеу қорытындысымен келіспеуі жағдайында, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шағым беруге құқылы.

15. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.


12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтері.

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтері халықаралық капитал нарықтарында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерінен қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттары үшін қалыптасады және мыналарды:

1) алтын-валюта сақтық қорларының бөлігі болып табылатын құймалардағы және металл шоттардағы тазартылған алтынды;

2) өзге нысандардағы тазартылған алтынды, сондай-ақ өзге бағалы металдарды қамтиды.

2. Осы Заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттің бағалы металдардағы активтерді сатып алуға басым құқығын жүзеге асыру нәтижесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге операциялардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерін толтыру жүргізіледі.
13-бап. Мемлекеттің бағалы металдардағы активтерін толтыру үшін, оның тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығы

1. Ұлттық Банктің бағалы металдардағы активтерін толтыру үшін, Қазақстан Республикасы тазартылған алтынды сатып алу бойынша мәмілелерді жасауға басым құқыққа ие.

2. Тазартылған алтынды шығару және өндіру субъектілері Ұлттық Банкке басым тәртіпте сатып алуға мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе тазартуды жүргізетін заңды тұлғаның сатып алған шикізаттан Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тазартылған алтынды;

2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары қайта өңдеуге әкетілген шикізаттан өндірілген тазартылған алтынды ұсынуға міндетті.

3. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру аясында тазартылған алтынды сатып алу көлік шығындарын, өткізу залалдарын және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және «Лондон сапалы жеткізу» («London good delivery») стандарты ретінде осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына жауап бермейтін тазартылған алтынды сатып алу жағдайында қолданылатын сапалық жеңілдіктерді шегеріп, халықаралық нарықта қалыптасқан бағаларды пайдаланумен есептелген бағалар бойынша жүзеге асырылады.

4. Ұлттық Банктің Басқармасы мемлекеттің бағалы металдардағы активтерін толтыру үшін, оның тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

5. Ұлттық Банк мемлекеттің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

6. Ұлттық Банк мемлекеттің тазартылған алтынды сатып алуға басым құқығын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, аталмыш тазартылған алтынды басқа тұлғалар өткізуі мүмкін.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет