1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Заңның мақсаттары



жүктеу 212.05 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі212.05 Kb.
: Services -> Construction -> Documents
Services -> Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Services -> Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары
Services -> Контроля за доставкой товаров
Services -> Вся жизнь цветы
Services -> Регламенті Жалпы ережелер
«Жарнама туралы» ҚР Заңы 2003 жылғы 19 желтоқсан №508

     Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаттары

Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.

      2-бап. Заңның қолданылу аясы

     1. Осы Заң ҚР аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.


      2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ ҚР заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.

      3-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
      1-1) сыртқы (көрнекi) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектiлерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген
белдеулерiндегi және елдi мекендердегi үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңiстiкте орналастырылған жарнама;
      2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына
жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
      3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде радио және (немесе) теледидар хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
      7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда -
тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
      8) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетiлетiн
қызметтермен), оның айырым белгiлерiмен және оны пайдалану ерекшелiктерiмен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткiзушi туралы мәлiметтер.
      Ескерту.
3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары

1. ҚРжарнама туралы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше
ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар

     Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар ҚР заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.

 2-тарау.


Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар

      6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар

     1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына
қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс.
      2. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын қоспағанда, ҚР аумағындағы жарнама
мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде,
сондай-ақ жарнама берушiнiң қалауы бойынша басқа да тiлдерде таратылады. Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс.
      Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс.
      2-1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлiкте бекiтiлген тiлде таратылады.
      3. алып тасталды
      4. ҚР заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi.
      Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады.
      6. Жарнама ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ ҚР мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
      7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға,
сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
      8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және ҚР басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19. 264 Заңымен.

      7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi



     1. Мынадай:
      1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен)
салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;
      2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа
да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;
      3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге
асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;
      4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететiн;
      5) ҚР заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгiсi немесе қызмет көрсету белгiсi жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгiсiмен немесе қызмет көрсету белгiсiмен айырғысыз дәрежеде бiрдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрiнде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрiнде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.
      2. Мыналарға:
      1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi,
пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және мемлекеттiк стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты
сипаттамаларына;
      2) өнiмнiң нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;
      3) жарнама тарату және орналастыру кезiндегi өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң
қосымша шарттарына;
      4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;
      5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;
      6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;
      7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;
      8) мемлекеттiк нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;
      9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;
      10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;
      11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;
      12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;
      13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық деректерге;
      14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттiлiк деңгейiне
қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.
      3. Мыналар:
      1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына,
жынысына, дiни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бiрдей қабылданған iзгiлiк пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;
      2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлерiне, тарих
ескерткiштерiне нұқсан келтiретiн;
      3) ҚР мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.
      4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған
жарнама болып табылады.
      5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.
      6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      8-бап. Теле және радиобағдарламалардағы жарнама

     1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле және радиобағдарламалардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде
берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма процентiнен аспауға тиiс.
      Жарнама беру кезiнде оның дыбысы берiп отырған бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс.
      2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, соның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр аумағының жетi жарым процентiнен аспауға және
телехабарлардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.
      3. Ресми хабарларды, ҚР Президентiне және өкiлдi органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерiн, бiлiм беру және дiни хабарлар берiлiмдерiн, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, соның iшiнде жүгiртпе жол әдiсiмен де бөлiп жiберуге тыйым салынады.
      4. Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы
жарнамаға тыйым салынады.

      9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама

Мерзiмдi баспасөз басыл-ры жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды.
      Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.

      10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама

     1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнiң қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
      2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.
      3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде
жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.

      11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама



     1. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру плакаттар, стендiлер, жарық берушi табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртiпте өзге де тәсiлдермен жүзеге асырылады.
      Сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы кәсiпорындардың жайма сөрелерiн (терезелерiн) безендiру, сыртқы және есiкке iлiнетiн маңдайшалары мен плакаттары, iшкi безендiрiлуi, егер бұл безендiру осы кәсiпорында сатылатын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер туралы жарнамалық ақпаратты қамтыса, сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi болып табылмайды.
      Сыртқы (көрнекi) жарнама жолдардың көлiктiк-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгiлерiне және сiлтемелерiне ұқсас болмауға, олардың көрiнуiн немесе қабылдау тиiмдiлiгiн нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерiн қарықтырмауға тиiс.
      2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға:
      1) ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;
      2) елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманың объектiлерiн орналастырудың ҚР Үкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес жергiлiктi атқарушы орган беретiн рұқсат болған жағдайда жол берiледi.
      3. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн ҚР салық заңдарында белгiленген тәртiпте және мөлшерде төлемақы алынады.
      4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкiлеттi органдар ҚР салық заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi салық қызметi органдарына тапсыруға мiндеттi.
      5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
      6. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкiлеттi органдар өтiнiштi алғаннан кейiн он күннiң iшiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негiздi түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi.
      7. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама

     Көлiк құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау ерекшелiктерi

     1. Мыналарды:
      1) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн;
      2) ана сүтiн алмастырушыларды;
      3) ҚР сертификаттаудан өтпеген, мiндеттi сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi);
      4) темекi және темекi бұйымдарын;
      5) алкоголь өнiмiне, темекi және темекi бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлi iс-шаралар, соның iшiнде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында жарнамалауға тыйым салынады.
      1-1. Географиялық көрсеткiштердi және фирмалық атауларды қоспағанда, алкоголь өнiмiн, темекi және темекi бұйымын тiкелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнiмiнiң,
темекi және темекi бұйымының атауы ретiнде белгiлi болған тауар белгiсiнiң элементтерiн немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға тыйым салынады.
      2. алып тасталды
      3. Дәрiлiк заттарды жарнамалау ерекшелiктерi ҚР дәрiлiк заттар туралы заңнамасымен реттеледi.
      4. Медициналық қызметтер көрсету жарнамасына, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарының жарнамасына, оларға лицензия мен (немесе) рұқсат болмаған, сондай-ақ оларды жарнамалауға денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген рұқсат болмаған кезде, жол берiлмейдi.
      5. Қызметтiк қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты ҚР заңнамасына сәйкес
жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07. 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.19. N 264 Заңдарымен.

      14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды жарнамалау ерекшелiктерi

     Жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын, сондай-ақ бағалы қағаздарды пайдалануға
байланысты қаржы (соның iшiнде банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
      1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге немесе бағалы қағаздарға тiкелей қатысы жоқ
ақпаратты жарнамада келтiруге;
      2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне кепiлдiк беруге;
      3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
      4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгi (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;
      5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
      6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
      7) нөлдiк цикл құрылысына рұқсат берiлгенге дейiн, сондай-ақ уәкiлеттi орган құрылыс салушының лицензиясының күшiн тоқтата тұрған кезеңде тұрғын жайларды жарнамалауға тыйым салынады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2006.07.07. N 181 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 2007.06.19. N 264 Заңдарымен.

      14-1-бап. Тауар белгiлерiн және осы белгiлерме белгiленген тауарларды жарнамалау ерекшелiктерi

     1. Белгiленген тәртiппен тiркелген тауар белгiлерi түпнұсқа тiлiнде келтiрiледi.
      2. Бiр тауар белгiсi алкоголь өнiмiнiң, темекi және темекi бұйымдарының атауларын қамтитын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше тiзбесi бойынша тiркелген жағдайда, аталған тауар белгiлерiн пайдалана отырып жарнаманы тарату, орналастыру кезiнде жарнамаланатын тауарлар және (немесе) көрсетiлетiн қызметтер мiндеттi түрде анық айқындалуға тиiс.
      Осы тармақта көрсетiлген тауар белгiлерiн жарнамалау кезiнде тауарлар және (немесе) көрсетiлетiн қызметтер атауларының мөлшерi:
      1) мерзiмдi баспа басылымдарындағы, сыртқы (көрнекi) жарнамада, көлiк құралдарындағы жарнамада осы жарнама алатын жалпы көлемнiң
      2) теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламалардағы тауар белгiсiн бейнелейтiн әрбiр кадр көлемiнiң кемiнде отыз процентiн алуға тиiс.
      Теле-, радио-, бейне- және кинохроникалық бағдарламалардағы жарнаманы дыбыстық сүйемелдеу кезiнде жарнамаланатын тауарлар және (немесе) көрсетiлетiн қызметтер
анық айқындалуға тиiс.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып, жарнама тарату, орналастыру алкоголь өнiмiн, темекi және темекi бұйымдарын жарнамалау деп танылады.
      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды – ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде


                кәмелетке толмағандарды қорғау

     Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды


олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:
      1) ата-ананың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;
      2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;
      3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға
алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;
      4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды
жарнамада орналастыруға;
      5) кәмелетке толмағандарға арналған тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) тiкелей қатысы жоқ жарнамада кәмелетке толмағандардың бейнелерiн көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;
      6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi
деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;
      7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң
құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.

      16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi

     Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшiрмелерiн, оларға кейiннен енгiзiлетiн өзгерiстердiң бәрiн қоса алғанда, жарнама берушi, жарнама жасаушы бiр жыл бойы, жарнама таратушы - жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемiнде бiр ай бойы сақтауға мiндеттi

3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу

      17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу

     1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп ҚР нормативтiк құқықтық
актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.
      Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi тиiстi уәкiлеттi органдар ҚР заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
      1) ұлттық мүдделердi қорғау;
      2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
      3) жосықсыз бәсекеден қорғау болып табылады.

       17-1-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi

      Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде:
      1) жарнама туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады;
      2) ҚР жарнама туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) ҚР жарнама туралы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
      4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметi мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарайды;
      5) ҚР жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      17-2-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi

     Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 
      1) елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат бередi;
      2) ҚР жарнама саласындағы заңнамасын бұзушыларға жауаптылық шараларын қолданады;
      3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметi мәселелерi бойынша өтiнiштерiн қарайды; 
      4) өз құзыретi шегiнде ҚР жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-2-баппен толықтырылды – ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      18-бап. Жарнамалық ақпарат беру

     Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлеттi органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi, жарнама жасаушы және жарнама таратушы ҚР заңдарында
белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.
      Егер жарнама берушi, ескертуге қарамастан, өзiнiң жарнамаға қоятын талабын өзгертпесе не өзiнiң жарнамалық ақпаратының дәйектi екендiгiне құжаттық растама тапсырмаса не жарнаманы жөнсiз жасауы мүмкiн өзге де мән-жайларды жоймаса, жарнама жасаушы және (немесе) жарнама таратушы, егер шартта өзгеше көзделмесе, белгiленген тәртiппен шартты бұзуға және залалдың толық өтелуiн талап етуге құқылы.

      19-бап. Терiске шығару

     1. ҚР жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа
жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу тоқтатуға және ҚP
заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөнiндегi шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.
      2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртiбiнiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
      3. Егер терiске шығару белгiленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда уәкiлеттi органның шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы ҚР заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға
келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.

      20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

     1. ҚР жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тiлiне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
      2. Жарнама жасаушы ҚР жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге
немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
      3. Жарнама таратушы ҚР жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың,
орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
      4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы ҚР заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi



     Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет