1. Теннисшілердің техникалық дайындығы



жүктеу 0.98 Mb.
бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Кіріспе
Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып студенттердің бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Үстел теннисі негіздерін оқыту ЖОО бағдарламасына кіреді. Студенттер ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану студенттердің физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.




1.Теннисшілердің техникалық дайындығы
1.1.Қалақты ұстау тәсілдері
1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер
Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты да, дәл соққы жасай білу керек. Үстел теннисін

Жақсы ойнау бұл өнер, ойынның териялық білімін ғана емес, сонымен бірге техникалық өзгешелігін де игеру керек.Ең алдымен қалақшаны қалай ұстау керектігін білу керек.көлденең (европалық) және тігінен (азиаттық) ұстау тәсілі.

Қалақшаны ұстау тәсілдері оның осінің көлденеңінен тұрғандағы салыстырмалы жағдайына сәйкес болады. Тік ұстаған кезде қалақшаның ұстағышын бас бармақ пен сұқ саусақпен, қалам ұстағандай етіп ұстау. Сондықтан да бұндай ұстауды «қалам ұстау» деп атайды. Бұл ұстау әдісімен қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.

Европалық үстел теннисінде және біздің елде «қалам» әдісімен қалақшаны ұстау кең таралмаған, сондықтан қалақшаны ұстаудың басқа әдістерін қарастырайық. «Қалам» әдісінде ойыншы үстелдің сол жақ бұрышына жақын орналасады, сөйтіп үстелдің оң жағындағы ойынды бақылай алады. Бұл ұстаумен, тәсілмен өзіңнен жақын допты қайтарған ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу, доптың «топ спин» айналуы болады. «Қалам» үстел маңындағы ширақтықтылықтықажет етеді.


1-сурет Қалақты тік ұстау


Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал бас бармақ сырт жағына орналасады және ортаңғы саусаққа болар болмас тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау шабуылдау мен қорғаныс соққыларын сол жағынан да, оң жағынан да жасауға ыңғайлы.

2-сурет Қалақты көлденең ұстау


1.1.2. Оқыту әдістемесі
Қалақты жылдам және жеңіл қолға үйрету үшін, әртүрлі жаттығулар бар. Оларды қай жерде болмасын өз бетінше, үйде де, далада да жасауға болады.

Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде ұсталған қалақпен допты астыңғы жағынан соғу. Әуелі бір жағынан соғу, сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу.

Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына жасауға болады. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады. Ол үшін ауадағы допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы жасау үшін қайтып келуі тиіс.

Жаттығулар жиынтығы;



  • қалақты дұрыс ұстау арқылы доппен жонглерлік ету:

  • қалақтың бір жағымен;

  • қалақтың басқа жағымен;

  • екі жағымен кезектестіріп;

  • қабырғадан ұшырып ойнау;

  • еденге тигеннен кейін қабырғаға соғу;

  • қалақпен допты соғу (бадминтон ойыны сияқты)

Жонглерлік жасау кезінде қалақ белуар деңгейінде болуы керек, ал доп бастың деңгейіне дейін көтерілуі тиіс.
1.2. Теннисшінің тұрысы мен қозғалысы
1.2.1. Қысқаша теориялық мәліметтер
Спортшының дұрыс тұруы, бұл аяқтарын иықтың көлемінен кеңірек, тізені сәл бүгіп, ішке қарай ұстау, табанды толық жерде ұстау, аяқ үші сәл ғана екі жаққа қаратылған, өзі аздап алға еңкейіп тұрады. әр ойыншы өзіне ыңғайлы тұрысты таңдап алады. Бұл ойыншының бойына, физикалық күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне байланысты.

Қозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың жылдамдығының сапасына әсер етеді.

Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл соққыны жүзеге асыру.

Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық.

Бейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе тұсында аяқ аздап бүгіледі.

3- сурет Теннисшінің бейтарап тұрысы (алдынан және жанынан қарағандағы жағдайы)


Дене сәл алға еңкіш, иықтарды бос ұстау, қалақшаны ұстаған қол тік бұрыш жасай иілген және жоғары көтеріліп тұрады, доптың ұшуын бақылап көздері алға қарап, тұрады. Бұл қалып шамалы күш жұмсап керекті бағытқа қозғалу үшін өте ыңғайлы.

Ойында теннисшілер қозғалыстың мынадай түрлерін жиі қолданады; бір аттамалы тәсіл адымдар, қадам басу тәсіл айқастырылған және аяқты жылжытып отырып қадам жасау.

Адымдар теннисшінің шамалы жерге дейін ауысуы және дұрыс қалып алу үшін қолданылады. Бұл кезде ұшқан допқа қарай адымды допқа жақын аяқ жасайды, ал екінші аяқ соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайда тұрады.

Адымды алмастыру бір орында тұрып айналыс жасауға және алға артқа шамалы қозғалыс жасау жасауға қолданылады. Ойыншы бір орында тұрғандай болады.


4-сурет Қозғалыстың бір адымдық тәсілі


Алға қарай қозғалыс негізінде қысқа немесе қиғаш келген доптарды қабылдау үшін қолданылады. Алға қарай қозғалыста допқа жақын аяқ кең адым жасайды және тізе қатты иіледі.

5- сурет Қысқа допты қайтарудағы алға қарай қозғалыс.


6- сурет Қиғаш келген допты қайтару. Шетке қарай қозғалыс жасау


Аяқты жылжытып отырып қадам жасау негізінен үстел жиегінде оңға солға қозғалу үшін қолданылады. Сонымен бірге негізгі қадам допқа жақын аяқпен жасалады, ал екіншісі негізгі тұрыстың деңгейіне дейін созылады. Ойыншының доптан сәл алыстауы кезінде «аяқты жылжытып отырып қадамдау» адымы жасалады.

7- сурет Аяқты жылжытып отырып қадам жасау


Айқастырылған адымдар орта және алыс арақашықтықтарда қолданылады. Бұл тәсілдерді қозғалыста бірінші болып доптан алыс аяқ бірінші адым жасайды, салмақ салатын аяқтың алдында болады.(алдыңғы айқастырылған адым) немесе салмақ салатын аяқтың артында болады.(артқы айқастырылған адым) Сонан соң салмақ салатын аяқ созылып соққы соғуға ыңғайлы жерге қойылады.

8-сурет Айқастырылған адымдар


Доптың ұшу бағытында допқа жақын тұрған аяқ емес, алыс тұрған аяқ бастайтынына назар аударыңыздар.Мысалы; солға алға қозғалысында адымды оң аяқтан бастау керек. Диогоналды қозғалыста айқастырылған қадамды қолданған дұрыс.
1.2.2. Оқыту әдістемесі
Қозғалыстың техникасын дұрыс және жылдам игеру үшін және ең «жылдам » допты қуып жету үшін мына ақыл кеңестерді оқып, ойын және жарыс кезінде орнымен орындауға тырысыңдар.

  1. Соққы жасалмастан бұрын, дұрыс бастапқы қалыпты таңдап алыңыз, бұл сіздің соққыңыздың сапалығына ғана емес, сіздің жылдам қозғалысыңызға да әсер етеді.

  2. Қозғалыс кезінде теннисшінің негізгі тұрысын ұстаңыз, немесе аяқты қойған кезде дұрыс тұрыста болыңыз.

  3. Қозғалыстың түрлі тәсілдерін әр бағытта қолданған кезде салмақтың орталығы аяқ үшіне түсіп, соққы беретін бағытқа ауысқаны дұрыс.

  4. Әр соққы жасаған соң қысқа жолмен үстелдің орта тұсына келіп, келесі соққыға даяр тұрыңыз.

  5. Үстел жанында қозғала тұрып, асықпаңыз, жеңіл қозғалыңыз, артық қозғалыс жасамаңыз, бір адым жасауға болатын болса, екі адым жасамаңыз. Артық қозғалыстар алтын уақытыңызды алып, соққы жасауға дұрыс дайындалуға бөгет жасайды.

  6. Әртүрлі қозғалуға әр бағытта қозғалуға, әр жаққа бұрылыс жасаңыз, бұл сіздің ойыныңыздың шеберлігін арттырады.

  7. Арнайы физикалық шеберлігіңізді үнемі жетілдіріп отырыңыз жылдамдық, икемділікті шыдамдылықты, қимыл қозғалыс координациясын, әсіресе тепе теңдік сақтауды қажет етеді өйткені үстел теннисінде қозғалыстың көп бөлігі екпінді, шапшаң орындалады және көп күш жұмсауды керек етеді.

  8. Қозғалыс жасаудың тиімді тәсілдерін игеруге уақытыңыз бен ынтаңызды аямаңыз, өйткені дұрыс, тиімді, жылдам қозғалу ойын кезінде жеңіске жетудің бірден бір кілті.

  9. Қозғалытың дұрыс техникасын игеру және бекіту үшін алдамшы жаттығулар жасауды үйреніңіз. Ал үстелдегі жаттығулардыдоптың қайда және қай доп ұшып келетінін білгенде тапсырмалар бойынша жасаңыз.Бұндай жаттығулар қозғалыс техникасын тезірек игеру үшін және есеп үшін ойынға жаттығуға жақсы дайындалу үшін тиімді.

Жаттығулар комплексі

Жаттықтырушының басқаруымен қозғалыстар және тұрыстар жасау.

Солдан, оңнан соққы жасау үшін тиімді тұрыстар.
1.3 Доп беру (подача)
1.3.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Допты беру бірінші ойнау соққы болып табылады және ол соққыдан ұпайдың ойналуы басталады. Сондықтан допты дұрыс беру өте қажет. Допты беру – статикалық жағдайдан жасалынады және бақталастың әрекеттерінен тәуелсіз болатын жалғыз техникалық тәсіл.

Доп беруді орындау техникалық екі бөлімнен құралады: допты лақтыру және соққының өзінен. Доп берудің негізгі ережелерін қарастырайық.

Доп ашық алақанмен лақтырылады, бас бармақ басқа жаққа қарай қалдырылады, ал қалған төрт саусақтар бірге ұстап созылған жағдайда болады. Міндетті түрде, доп пен қолын үстелдің деңгейінен түспегенін, үстелдің артқы сызығын қиылыспағандай және үстелдің басында тұрмағандай етіп байқа, ондай жағдайда доп беру дұрыс берілмеген деп саналады.

Доп қандай болса биіктікте, бақталас допты көре алатындай етіп, 16 см-ден кем емес, сілтеу үшін және доп беру үшін ыңғайлы болғандай етіп беріледі. Доп беру арқылы допқа әр түрлі айналу бағыттарын беруге болады.

Доп беру – бұл бақталастың осал жеріне беретін бірінші соққысы, жеңуге бірінші қадамы. Доп беру шабуылдың белсенді, ынталы күресі үшін құралына жатқызады. Біздің кезімізде, бақталастың шабуыл әрекеттерін қысқа араласқан күрделі айналыстар мен алдау қозғалыстары тиімді қолайлы доп берулер деп есептелінеді. Оларды кенет әсерін алу үшін жылдам ұзақ доп беруімен үйлестіріп қолданады.

Доп берудің түрлері.

1. Төменгі лақтырудың сол жақтан доп беру.

Сол жақтан доп беру кезде барлық үтелдің жағдайын едәуір нақты есепке алуға болады. Бұл доп беруді тік және көлденең тәсілі ойыны арқылы пайдалануға болады, сондықтан, қалақтың екі жағын да шабуыл мен тілуді қолданатын спортшылар бұл доп беруді жиі қолданады.



Үстелдің сол жағынан сол жақтан доп берудегі алғашқы қалпы, шамамен үстелден 30 см болады, алайда, спортшының тұру қалпын бойына қарап реттеуге болады. Оң жақ аяғы кішкене алдында, сол жақ аяғы кішкене артта қалады. Дене кішкене сол жаққа қарай еңкейтіледі. Доп ұстаған алақан, тік доп алақанның ортасында; ол үстел бетінен кішкене жоғарырақ артқы сызығының артында орналасқан. Ондай тұру қалпы дененің және білектің қозғалыстарын үйлестіруге, денені бұру үшін ыңғайлы, соның нәтижесінде доп берудің жылдамдығы мен күші көбееді. Жалпы, әр түрлі сипаттағы бір тәсілде ғана доп берудің тұру қалпы мен дайындау қозғалыстары мүмкіндігінше бірдей болу керек. Сонда бақталасқа доптың қайда ұшатын дайындау фазасын алдын-ала ескерту қиын болады, ал бұл сәйкесінше доп беруді қабылдауын қиындатады.

    1. Жылдам ұзақ доптардың жоғарғы айналыммен сол жақтан беру

Негізгі қозғалыстар:

  1. Біз жоғары айтқандай, боп берудің тұру қалпы мен дайындалу фазасы сондай болады. Доп жоғары жеңіл лақтырылады: осымен бірге сол уақытта қалақмен қолды артқа қарай сілтеу үшін апарады, дененің оң жағына қарай сүйенеді;

  2. Тордан төмен болған кезде, түсіп бара жатқан допқа соққы береді. Қалақның ұстап тұрған қолдың осі шынтақ болады. Тік қозғалысы кезінде білек алдына допқа соққан күшін жетілдіреді.

  3. Доппен қалақ жанасқан кезде, қалақтың жазықтығы кішкене еңкейген болу керек; қалақпен жоғарғы жақтан доппен жанасады – ортасынан сәл жоғарырақ, осының салдарынан белгілі жоғары айналуымен доп алдына қарай жылдам қозғалады.

  4. Доптың қалақшадан жұлынып алғаннан кейін, үстелдің артқы сызығына жақын секіріп кету керек.

    1. Қысқа баяу доптардың сол жағынан беру

Негізгі қозғалыстар:

  1. Алдын-ала дайындалу фазасы, алдында айтып кеткен доп беру сияқты. Осында тек қана доп беру үшін қолды сілтеу үшін алдымен жоғары-артқа апарады.

  2. Доп тордың деңгейінен сәл жоғары төмендегенде, ойыншы білегімен жоғары-алдына қозғалысын орындайды, қалақшаның жазықтығы кішкене артқа қарай иілген және доппен ортасынан сәл төмен жанасады.

  3. Доптың бірінші секіріп түсу үстелдің ортасында, содан кейін ол, тордан ұшып, бақталасының үстелінің жартысына тордың қасына құлайды. Баяу қысқа доптар беруін кенет, үстіңгі және төменгі айналысымен шапшаң ұзын немесе бүйір үстіңгі және астыңғы айналысының ұзын доптар беруімен үйлестіріледі. Кенет қысқа және ұзын доп беру үшін алдын-ала дайындау үшін фазасының талаптары бірдей. Жеңіл қысқа допты берген кезде, бақталас ұзын шапшаң допты алам деп дайындалып жатқан кезде, қолдың құлшынуын тосыннан істейді, немесе керісінше, егер бақталас жеңіл қысқа допты алам деп дайындалып тұрса, допты беруді шапшаң ұзын соққымен істейді. Бұл қозғалыстар шапшаң және бейімделгіш болу керек.

    1. Астыңғы айналумен доптың сол жақтан шапшаң беруі

Негізгі қозғалыстар:

  1. Жазықтығы сәл артына қарай иілгендей етпі, бас бармақ қалақның сол жағына күшпен басылады. Доп беру алдында білегі сілтеу үшін артына-жоғары қояды.

  2. Доп тордың астына қарай түскен кезде, доппқа соққы береді. Білек шапшаң алдына-төмен қозғалады және допқа күшпен соққы береді. Доп қалақның ортасының төменгі жағымен жанасады, нәтижесінде доп екпінді алдына қарай белгілі төменгі айналумен қозғалады.

  3. Доп пен қалақның жанасу кезінде қолдың буыны соққының қозғалысының күшін сәл көбейту керек.

  4. Доптың бірінші секіріп түсуі үстелдің артқы сызығының қасында болу керек.

    1. Үстіңгі және төменгі айналумен оң жақ бүйірінен сол жақтан доп беру.

Негізгі қозғалыстар:

  1. Бастапқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Доп лақтырылғаннан кейін, қолдағы қалақ сол жаққа төмен және жоғары сілтеу үшін қозғалады. Сілтеу кезінде қалақның жазықтығы сәл артқа иілген, қол буыны сәйкесінше иіледі, буынға күштеу ыңғайлы болу үшін, қалақның тұтқасы төмен бағытталған.

  2. Қолдағы қалақмен сол жақтан-төмен-жоғары, оң жаққа-алдына-төмен сілтеу қозғалысын жасайды; доп қалақмен жанасқан кезде, сол жақтан оң жағына төменгі жағынан сырғанайды.

  3. Қолдағы қалақ денесінің алдында сол жақтан-жоғары қарай сілтеуін оң жаққа төмен қозғалады; доп пен қалақ жанасқан кезде, доп сол жақтан төменге жазықтықтың ортасына сырғанайды.

  4. Егер ұзын доптар құласа, онда бірінші секіріп түсу артқы үстелдің сызығына қарай жақын түседі; егер қысқа доптар кездессе, онда бақталастың жартысына қарай.

1.5 Сол жақтан төменгі айналыммен және айналусыз доп беру

Негізгі қозғалыстар:



  1. Алғашқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Бұл доп беруді, тік тәсілді қолданатын ойыншылар қолданады. Доппен жанасу кезінде қалақ тік орналасқан, доп төменнен жоғары қарай сырғанаған сияқты болады, доп айналу үшін, алдына қарай төмен бағытта күш салынады.

  2. Доп қалақның жазықтығын жанап өткенде, тік қалпында болады, допқа айналуын болдырмау үшін тебеді.

  1. Допты төмен лақтыру арқылы сол жақтан беру.

Спортсменнің сол жақтан допты төмен беру лақтыруында үстелге бетімен немесе бүйірімен тұра алады. Егер бақталас үстелдің оң жағында нашар ойнаса, спортшы оң жақта тұрып, оның оң жағына допты лақтыра алады, нақты оң жақтан шабуыл жасау үшін мүмкіндік табу керек. Егер бақталастың сол жағынан ойыны нашар болса, сол жақта болып, жарты қырынан оңға қарай тұру жағдайында оның сол жағына және сол жақтан шабуыл жасауға моментін тосуға болады.

Сол жақтағы доп беруден гөрі, оң жақтан доп беру иілгіш және табиғи және оң жақтан доп беру мен тік тұру тәсілін қолданатын ойыншылар, иығы мен қол буынын толық қолдана алады.

Спортшы қайда болмасын жерде – үстелдің оң жағында немесе оң жақтан доп беру кезінде жарты қырымен сол жақта, тәртіп бойынша, сол жақ аяғы алдында, ал оң жақ аяғы – артында, дене сәл алдына иілген, тізесі кішкене бүгілген, дененің үстіңгі жақ бөлігі кішкене алдына еңкейтілген. Доп пен қол дененің алдында орналасады, қалақсымен қолы – доп ұстаған қолмен – бұл оң жақтан доп беру үшін жиі кездесетін алғашқы тұру қалпы.


    1. Үстіңгі бүйір айналумен доптың кенет ұзын оң жақтан беру

Негізгі қозғалыстар:

  1. Алғашқы тұру қалпы, бұрын айтып кеткен жағдайға ұқсайды. Осы кезде доп қолмен жоғары қарай лақтырылады, қол қалақмен артқы-оңға-жоғарыға сілтеу жасайды. Сілтеу үшін білекпен артқа қозғау кезінде, қол буыны бос болу керек, қалақның жазықтығы тік дерлік болу керек;

  2. Доп жоғарғы ұшу нүктесіне жеткен және төмендеген кезде, иық білекті қозғалтады – ол артынан-оң-сол-алға қарай қозғалады, бір уақытта оңнан солға дене де бұрылады;

  3. Доп қалақмен жанасқан кезде, бас бармақ қалақның сол жақ шетін қатты басады, бір уақытта қол буыны жігерлі қозғалысымен алдына қарай сілкиді, доп қалақның оң жағымен жоғарғы жаққа бағытында қалақның ортасымен жанасады.

  4. Доптың қалақдан секіргеннен кейін оң жақ жетер интенсивті жоғарғы бүйір айналысына ие болғандықтан, онда тордан ұшып кеткеннен кейін, ол бақталастың алаңқайының оң жақ бұрышына алға қарай диагональ бойынша қозғалады.

  1. Жоғары лақтырумен доп беру

Бұл доп берудің негізгі ерекшелігі доптың 2-3 метрге жоғары қарай лақтыруында болып табылады; төмен лақтырумен доп берумен салыстырғанда, құлау үшін көп уақыт керек. Бұл доп берумен ойынның баяу ритмі беріледі; егер бақталас ондай доп беруге машықтанбаса, онда оған оны қабылдау қиынға түседі.

Допты жоғары лақтырылады, сондықтан ол төменге тез құлайды, осыдан қалақға допқа салу күші көбееді, сондай-ақ қолдың қозғалу жылдамдығы мен доп беруді кенеттен соғуы. Жақсы доп беру әдетте шабуылдың немесе ынтасын кесуінің бастау үшін қолайлы жағдай туғызады.

Жоғары лақтырумен доп беру кезінде ең алдымен доптың ұшқан тұрақтылығын назарға алу керек, доп жоғары тік лақтыруға тырысу қажет, спортшының алдында-оң жақтан түскендей етіп лақтыру керек. Ол үшін лақтыру кезінде, қолдың шынтағы доппен сол жақ бүйіріне жақындатып және күшпен допты жоғары қарай лақтыру керек. Сондай-ақ доппен соғу нүктесі спортшының денесінен алыс тұрмау керек. Допқа өзінен шамамен 15 см алдында соғу жақсырақ болушы еді. Доппен сенімді басқару үшін, қол мен иықпен артына қарай сілтеу жасап үйрену қажет.


    1. биік лақтырумен оңға қарай қырынмен тұру қалпында доп беру

Жиі кездесетін доптың биік лақтырумен солға қарай қырынмен төменгі айналу және сол жақ бүйір айналумен доп беру; биік лақтырумен оң жақтан қысқа доптың лақтырылуы орындалады (қысқа доптардың бүйірінен төменгі дәне үстіңгі айналумен және айналусыз) және т.б.

Жартылай қырының оң жаққа тұру қалпындағы сол жақтан және сол жақтан төменгі бүйір айналысымен доп беру.

Негізгі қозғалыстар:


  1. алқашқы тұру қалпы, төменгі лақтырудығы қалпы сияқты. Доп ұшқан кездегі жоғарғы нүктесіне дейін жеткен кезде, содан кейін төмен құлап бара жатқан кезде қолдағы қалақны оңға-жоғары қарай бағыттайды, қалақның жазықтығы тік, допты соғуға дайын.

  2. Сол жақтан бүйірінен үстіңгі айналумен доп беру кезінде, доптың бастапқы биіктігіне жеткенше дейін, қолдағы қалақ оң жақтан-жоғарыдан сол жаққа-төмен сілтеу жасайды. Доп қалақ бойымен ортасынан оң жақ шетіне сырғанайды.

  3. Сол жақтан бүйірінен астыңғы айналумен доп беру кезінде, қолдағы қалақмен оң-артынан-жоғарыдан сол жақтан-алдына- төмен сілтеу жасайды. Доп қалақның төменгі жағымен оңнан солға сырғанайды.

    1. Отыру жағдайында доп беру

Тік тәсілін қолданатын спортшылар, бұл доп беруді жиі қолданатын себебі, тік тәсіл білек пен қолдың буынының майысқанын қолдануға болатындығында. Бұл доп беру жоғарғы доп беру типіне жатады. Бұны орындау кезінде қалақша оның үстіңгі жағымен жанасады. Сондықтан, доптың айналу синаты төменгі айналу сияқты болмайды. Мысалы, отыру тәсілі кезінде доп оң бүйірінің үстіңгі және төмеңгі айналумен және тор арқылы қарсыластың жағына түскен кезде, ол алдына қарай диагональ бойынша оңға емес, қарсыластың алаңына солға қарай, ақырында, сайыстың шешілуі кезінде, егер спортшы отыру тәсілінде доп беруді алса, қарсылас дұрыс қаға алмай, биік доп немесе қателік жасай алады.

Бұл доп беруді істеген кезде, ережені бұзбау үшін, ең алдымен доп 45º бұрыштан көп лақтырылмауы керек. Сондай-ақ допты соққан кездегі моменін бақылап – ереже бойынша, доп тордың деңгейінің сәл биігірек жеткен кезде соғады. Доп беруді жедел шабуылымен есептеу қажет. Мысалға, егер қалақша оң қолда болса және жедел шабуылдар оң жақтан жақсы орындалса, онда үстелдің сол жағында тұрып, оң қолмен отыру тәсілін орындауға болады. Егер спортшы сол және оң жақтан шабуылдарды жақсы орындаса, онда доп беруді үстелдің ортасында тұрып берген жөн.


1.3.1 Оқыту әдістемесі
Доп берудің жақсы техникалық негізде өңдеу және доп берудің соңында шабуыл соққымен үйлестірумен немесе жазу әдістің қазіргі кездегі жарыстардың, сондай-ақ біздің елдің техника мен ойынының әдістің бір ерекшілігі болып табылады. Көп доптармен машықтандыру осында үлкен нәтижелер беруде.

Доп беруді серіктессіз өңдеуге болатын бір ғана техникалық қабылдау болып табылады. Сондықтан, машықтану тек қана үстелдің бойында ған емес, сондай-ай өз бетімен әр жерде орындауға болады. Доп берулерді 10 немесе 20 минут үзілістерді пайдаланып орындауға болады.

Үстел бойында машықтану. Кәрзеңкесі бар допты пайдаланып (100-200 дана), спртшы өз бетімен жоп беруді өңдейді, ондай мақсаттарға арналған арнайы дөңгелек үстелді пайдаланған жақсырақ болады. Ондай үстелдің бойында нақты қисайған ағаш (немесе басқа да материал) қабырғалары болады, бұл қисайғанның арқасында құлап түсудің бағатында қарғып түседі. Сондықтан теннисист доптарды көтеруге уақытын шығармау мүмкіндігі бар. Қарама-қарсы қабырғасы доптар ұшып кетпес үшін, тормен қоршалған. Қабырғадан қарғып, доптар үстелдің орнатылған науаға түседі.

Жалпы талаптар:



  1. Доп беру кезінде білек пен қол буынының қозғалысы жедел, тез болу керек (әсіресе қол буынының қозғалысы жылдам болу керек), қол шапшаң қозғалады, доа әр түрлі айналыспен беріледі, әр түрлі нүктелер мен әр түрлі жылдамдықпен түсіріледі. Доп берудің доптың айналумен және айналусыз арасында айырмашылығы, оның ұшу бағытының маңызды болу керек; одан басқа, доп берудің шабуыл соққылардың үйлесуімен өңдеуіне көңіл бөлу қажет.

  2. Жалған, жасыру қозғалыстарын үуреніп көңіл бөлу.

  3. Әр доп беру жарыс кезінде берген сияқты берілуі тиіс. Қарама-қарсы үстелдің жағынан доп бергеннің нәтижесінен, әр доп бергеннен кейін, қарғу ніктесінің, тәсіліне, доптың қалай айналғанына көңіл бөлу керек. Солардың бәрін жедел талдап, келесі допты беру керек.

  4. Күнде доп берудің өңдеуіне аз дегенде жарты сағат уақыт бөлу керек, ал қажеттілікте одан да көр уақыт бөлу керек, басқа техникалық әдістермен қолданып орындау керек.

  5. Доп беруді орындау кезінде қол буынының қозғалысын көбейту үшін қалақтың ебі аздап өзгеруі мүмкін. Қалақтың өзі бас және сілтеу саусақтарымен ұсталынады, ал тұтқасы қалған үш саусақпен сәл ұсталынады.

  6. Қол буынын максималды бос ұстауға және кең емес, шарт еткізбей, максималды үдемелі қозғалыспен орындауға тырысыңыз.

  7. Доп берудің басында, дұрыс тұру қалпын алуға тырысыңыз. Бұл сізге доп беруді жақсы орындаудан басқа, және де келесі одан кейін келетін соққыға дайын болуға мүмкіндік береді.

  8. Қалақшының доппен жанасқан кездегі көлбеу бұрышына назар аударыңыз. Одан доптың үстелге нақты түскеніне тәуелді болады.

Жаттығулар кешені

    • сол жақтан айналусыз соққымен доп беруді үйрену.

    • оң жақтан айналусыз соққымен доп беруді үйрену.

    • «маятник» доп беруді үйрену.

    • «веер» доп беруді үйрену.

    • жаттықтырушының бақылаымен көп доптармен доп беруді үйрену.




  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет