1. Терминдер мен анықтамалар. Ережелер – бұл тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге «акиг электронды сауда жүйелері»



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата03.05.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4
: resources -> doc
doc -> Continents континенты
doc -> Цены на групповые экскурсии


«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы шеңберінде тауарды жеткізу, жұмысты орындау мен қызмет көрсету ережелері
1.Терминдер мен анықтамалар.
Ережелер – бұл тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы шеңберіндегі сатып алу қызметін жүргізу тәртібі мен іштей ұйымдастыруды, жалпы жағдайларды регламенттеуші Оператордың құрған құжаты (алда – «ЭСА» немесе «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА).

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңы – ақпараттарды өңдеу мен үлестіріп сақтау мүмкіндігімен бірнеше рет пайдаланылатын ақпараттық электронды сауда алаңы болып табылатын тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге сатып алу қызметін жүргізу үшін арналған бағдарламалық кешен.

Тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру – Қазақстан Республикасындағы қарастырылған әрекеттегі заңнамасы тәртібінде жүзеге асырылады, тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға және қызмет көрсетуге келісім жасау мақсатымен жеткізушілерді/орындаушыларды/қызмет көрсетушілерді айқындау бойынша тапсырыс берушілердің әрекеттері.

Электронды процедуралар - бірге аталатын, «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жүргізілетін аукцион түріндегі электронды процедуралар (ашық немесе жабық түрдегі) бағаны төмендетуге электронды үлгідегі, электронды үлгідегі баға котировкасының сұранысы, және ЭСА жүргізілуіне байланысты басқа да барлық тапсырысты орналастыру процедуралары.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Операторы – электронды үлгіде аукцион жүргізуді қамтамасыз ететін және бағдарламалық – аппараттық құралдармен оның қызмет етуі үшін қажетті электронды сауда алаңын игерген заңды тұлға (алда – Оператор).

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА кіруЭСА интерфейсі арқылы оның жеке идентификацияларының мәліметтерін енгізу жолымен «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жабық бөліміне Тапсырыс берушінің немесе Қатысушының кіру процедурасы.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА ашық бөлімі – онымен жұмыс істеу үшін ЭСА на Ғаламторды пайдалану желісіне тіркеуді қажет етпейтін ЭСА сайтының көпшілікке ашық бөлімі.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жабық бөліміосы Ережеге сәйкес ЭСА тіркелген немесе аккредиттелген Ғаламтор желісін пайдаланушылар үшін ғана ашық болады, таңдап алынған статуспен сәйкестікте әрекет ету үшін және ақпараттарға кіруге мүмкіндік беретін «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтының бөлімі.

Редукцион – тапсырысты орналастыру бойынша комиссия редукциондық құжатнамада көрсетілген тәртіп пен ереже бойынша осындай келісімнің бастапқы (максимальды) бағасынан жеңілдіктер пайызын жоғарылатып немесе осындай келісімнің бастапқы (максимальды) бағасынан жеңілдіктер пайызын төмендетіп сауданы жүргізу жолымен келісімнің аса төменгі бағасын ұсынатын редукцион жеңімпазын анықтайтын сатып алу процедурасы.

Конкурс – комиссия конкурстық құжатнамада бекітілген баға тәртібі мен критериилерінің негізінде тапсырысты орналастыру бойынша өнімді жеткізуге келісімді орындаудың ең үздік шарттарын ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтайтын сатып алу процедурасы.

Баға котировкасына сұраныс – комиссия тапсырысты орналастыру бойынша баға котировкасы сұранысының жеңімпазы ретінде өнімді жеткізуге орындалатын келісімнің ең аз құнын ұсынатын баға котировкасы сұранысына қатысушыны анықтайтын сатып алу процедурасы.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА клиенті – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қатысуға таңдап алынған статусқа байланысты Операторға тиісті құжаттарды ұсынатын электронды процедураларды жүргізу нәтижелері бойынша келісім жасауға тниет білдірген кез келген тұлға (алда - Клиент). Клиент ретінде ұйымдастыру – құқықтық формадан, меншік формасынан, тұрғылықты жеріне, капиталының орналасқан жеріне еш байланысы жоқ кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлға, оның ішінде кез келген жеке кәсіпкер бола алады.

«АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитация – қатысуға таңдап алынған статусқа байланысты «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА жүргізілетін электронды процедураларға қатысуға Клиенттердің кіруін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын Оператордың әрекеттері. Аккредитация тегін жүзеге асырылады.

Тапсырыс беруші – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитацияға ие болғандығын білдіретін Клиенттің статусы және жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс пен атқарылатын қызметті сатып алу қызметі бойынша электронды процедуралар жүргізу мен құруға ол өз өтінішін білдіре алады.

Қатысушы – «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на аккредитацияға ие болғандығын білдіретін Клиенттің статусы және ол жеткізілетін тауар, орындалатын жұмыс пен атқарылатын қызметкері ретінде электронды процедураларға қатыса алады.

Электронды процедураға қатысушы – нақты бір электронды процедураға қатысу үшін Оператор ретінде тіркелген және өтініш білдіргендігін білдіретін Қатысушының статусы.

Қатысушының баға ұсынысы – ЭСА Қатысушының жіберген және ЭСА жабық бөлімінде электронды процедураны жүргізу уақытындағы Қатысушының қалыптастырған келісімінің (лот) бағасы туралы ұсыныс (алда – Құн ұсынысы).

Электронды процедура жеңімпазы – электронды процедура түріне байланысты электронды процедураның тиісті хаттамасында белгіленген ең үздік баға ұсынысын жасаған электронды процедураға қатысушы.

Ғаламтор желісі – электронды үлгідегі басқа да құрылғылармен және компьютер арасындағы ақпараттар айырбасы үшін арналған жалпы пайдаланудың телекоммуникациялық желісі.

Сайт – кез келген Ғаламтор браузерінің көмегімен Ғаламтор желісіне қосылған кез келген компьютерден көруге болатын физикалық тұрғыдан бір ғана серверде болатын және өзінің ерекше аты бар (Ғаламтор желісіндегі мекен жайы) Ғаламтор желісіндегі ақпараттық кеңістіктің бөлімі.

Электронды мәлімдеме – ЭСА жұмыс істеу процесінде Ғаламтор желісін пайдаланушылар бір біріне жіберетін, электронды құжаттар немесе кез келген мәтіндік ақпараттық мәлімдемелер.
2. Жалпы жағдайлар.
2.1. Бұл ереже «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС Электронды Сауда Алаңында электронды процедуралар жүргізу тәртібі мен іштей ұйымдасуы мен жалпы жағдайларды регламенттейді.

2.2. Бұл ереже Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес өңделген.

2.3. Ереженің әрекет ету мерзімі оның «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына жарияланған уақытынан басталады.

2.4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 389 статьясына сәйкес, барлық Қосымшалармен бірге бұл Ереже қосылу келісімі болып табылады.

2.5. Осы Ережеге қосылу таңдап алынған статусқа байланысты Клиенттердің қол қойдыру жолымен жүзеге асырылады:

а) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация туралы өтініш (алда – Аккредитация туралы өтініш, Қосымша № 1);

б) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС Электронды Сауда Алаңында жұмысты орындау, қызмет көрсету және тауарды жеткізуге электронды процедуралар жүргізу мен құру бойынша қызмет көрсету келісімдері (алда – Тапсырыс берушімен келісім, Қосымша № 2);

2.6. Осы Ережедегі 2.5. пунктінде көрсетілген құжаттарға қол қойылған уақыттан бастап, Тапсырыс беруші мен Қатысушы (алда – Қарсы жақтар) Тапсырыс берушімен келісім жасау мен аккредитация туралы Өтінішке қол қойылған уақыттан бастап әрекет ететін редакциядағы Ережеге қосымша және осы Ережедегі шарттарды толығымен қабылдаған Ережедегі қарсы жақтарға айналады.

2.7. Екі жақтар үшін осы Ережедегі әрекеттер Тапсырыс берушімен Келісім және аккредитация туралы Өтінішке сәйкес олардың өздеріне алған міндеттемелерді орындаған уақыттан бастап тоқтатылады немесе «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на Қатысушы аккредитациясы әрекеті тоқтатылған жағдайда немесе Тапсырыс берушімен Келісім бұзылған жағдайда.

2.8. Осы Ережедегі әрекеттердің тоқтатылуы Ережедегі әрекеттердің тоқтатылған күніне дейін пайда болған міндеттемелерді орындаудан екі жақты босатпайды және Тапсырыс берушімен Келісім шарттары және аккредитация туралы өтініштегі көрсетілген «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация шарттарының орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатпайды.

2.9. Ережеге кез келген өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді сөзсіз Оператор жүзеге асырады. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енеді де оларды Оператор «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына орналастырған күннен бастап екі жақ үшін міндетті болып табылады.

2.10. Ережеге кез келген өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енгеннен бастап Ережеге қосылу уақытына еш байланыссыз ақ Ережеге қосылғандар, Қатысушы мен Тапсырыс берушілердің барлығына таралады.

2.12. Осы Ережедегі барлық Қосымшалар оның құрамдас бөлімі болып табылады.

2.13. «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедуралар жүргізу процесі мынадай кезеңдерден тұрады, олар:

а) «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедуралар жүргізуге дайындық;

б) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына электронды процедуралар жүргізуге және құруға Тапсырыс берушіден өтінішті алу және тіркеу

в) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА сайтына электронды процедуралар жүргізуге және құру туралы мәлімдемелерді қалыптастыру және орналастыру

г) электронды процедураға қатысу үшін «Ғаламтор» желісіндегі «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Қатысушылардың өтінішін тіркеу;

д) электронды процедураны жүргізу және «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедураның қорытындыларын жасау;

е) «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды процедураның хаттамаларын дайындау және орналастыру;

ж) жүргізілген электронды процедуралар бойынша статиситкалық мәліметтер мен есептерді қалыптастыру.

2.14. Осы Ережедегі шарттарды орындамау үшін жауапкершілік Тапсырыс берушімен Келісімде және аккредитация туралы Өтініште қарастырылған.

2.15. Оператор мыналар үшін жауапты емес, олар:

- Тапсырыс берушінің құрған және орналастырған электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамаға, электронды процедураны жүргізу туралы мәлімдеменің мазмұнына жауапты емес;

- электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамадағы Тапсырыс берушінің жағдайларды түсіндіру мерзімінің бұзылуына жауапты емес;

- электронды процедураны жүргізу туралы құжатнамадағы және мәлімдемедегі Тапсырыс берушінің енгізген өзгерістерінің мерзімінің бұзылуына жауапты емес;

- электронды процедураға қатысу үшін Қатысушының берген өтінішінің мазмұнына жауапты емес;

- Қатысушының өтінішін қарастыру бойынша Тапсырыс берушінің әрекеттеріне, Қатысушының өтінішін жіберу және/немесе жібермеуіне, электронды процедураға қатысуға өтінішті қарастыру хаттамасының мазмұнына, осы Хаттаманы Операторға Тапсырыс берушінің беру мерзімдеріне және тағы да басқа электронды процедураға қатысуға өтінішті қарастырумен байланысты Тапсырыс берушінің процедуралық әрекеттері;

- Тапсырыс беруші мен Қатысушы арасындағы келісім жасасу процедурасы үшін жауапты емес, және ЭСА келтірілген электронды процедуралардың негізінде жасалған келісім шарттарын екі жақтың өзара орындауына.

2.16. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауардың дұрыс тиісті деңгейде орындалмағандығына байланысты тапсырыс берушіге келген шығындар үшін жұмыс, қызмет пен тауарды жеткізушінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру міндеттілігі қарастырылуы мүмкін.


3. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА электронды құжаттарды пайдалану
3.1. Электронды процедураларға қатысу және жүргізумен және ЭСА сайтында орналастырылған ақпараттарды өзгертумен байланысты ЭСА жабық бөліміндегі барлық әрекеттер, Тапсырыс берушілер мен Қатысушылар идентификация құралдарын пайдаланып орындайды (логин, пароль).

3.2. ЭСА электронды құжаттарды алу уақыты ЭСА қызмет ететін сервер уақыты бойынша белгіленеді.

3.3. ЭСА жұмысқа кіруді алу үшін Клиенттер ЭСА-на аккредитация алуы керек.
4. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиенттерін бағдарламалық – аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар
4.1. Клиенттерді бағдарламалық – аппараттық қамсыздандыруға қойылатын талаптар осы Ережедегі №4 Қосымшада көрсетілген.
5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиенттерінің аккредитациясы.
5.1. Электронды процедураларға қатысуға рұқсат алу үшін, Клиенттер Қатысушы және Тапсырыс беруші электронды процедураларына қатысудың таңдап алынған статусына байланысты «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация алуы керек.

5.2. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА аккредитация «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қызметпен байланысты пайда болған келісімді тоқтату, өзгерту, оны жасауға деген Клиенттің келісімін білдіреді, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасы, осы Ережемен сәйкес жауапкершілік пен міндеттемелердің пайда болуы, Ережелерге қосылу.


5.3. Қатысушы.
5.3.1. ЭСА Қатысушы статусын алу үшін Клиент ЭСА аккредитация алуы қажет.

5.3.2. Аккредитация тегін, оны Оператор мақұлдаған уақыттан бастап 1 (бір) жыл мерзімге жүзеге асырылады.

5.3.3. Қатысушы статусын алу үшін Клиенттің әрекеттері:

а) ЭСА ашық бөліміндегі «Жеткізушілерге» атты бөлімдегі аккредитациялық бөлімді Клиенттің толтыруы;

б) №3 Қосымшасына сәйкес ЭСА тарифтік жоспарын таңдау және көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауарға электронды процедура ЭСА-на жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қызметтер пакетін ұсынуға тиісті оферта-есебінің төлемі;

в) ЭСА-ға аккредитация туралы қол қойылған өтінішін Операторға беру

г) нотариальды тұрғыдан куәландырылған көшірмелер (ұсынылған уақытқа дейін үш айдан кешіктірмей):

заңды тұлға жарлығы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

заңды тұлғаның атынан келісімге қол қоятын тұлғаның өкілдігін мақұлдайтын құжаттар, заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрық;

салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік (СТН/ИНН);

НДС бойынша есепке қою туралы куәлік (НДС төлеушілер үшін).

5.3.4. Құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде, Оператор Клиентті аккредитациялайды немесе осы Ережедегі қарастырылған негіздемелер бойынша аккредитациялаудан бас тартады.

5.3.5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиентті аккредитациялау туралы шешімді Оператор қабылдағаннан кейін Қатысушы статусында Оператор оған аккредитациялық үлгіде көрсетілген электронды поштаның мекен жайы бойынша мәлімдейді және оған ЭСА жабық бөліміне кіру рұқсатын алу үшін жеке идентификацияның (логин мен парольдің) мәліметтерін береді.

5.3.6. Егер де Клиент аккредитация туралы Өтінішке №3 Қосымшада көрсетілген бұзылған талаптармен рәсімделген құжаттарды ұсынса немесе құжаттарды мүлдем ұсынбаса Оператор оған рұсқат бермейді. Аккредитацияға бас тартқан жағдайда Оператор Клиентке құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде бас тарту себебі көрсетілген аккредитациядан бас тарту туралы мәлімдемені жібереді.

5.3.7. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-ға аккредитацияға ие болған Қатысушы, ЭСА жүргізілетін барлық электронды процедураларға қатысуға құқығы бар. 5.3.8. Тапсырыс берушінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қосымша электронды сатып алу процедурасын жүргізу бастамасына жұмыс, қызмет пен тауарды жеткізуші ретінде Қатысушының міндеттемелерінің орындалуы барысында Тапсырыс берушіге келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша Қатысушының міндеттері қарастырылуы мүмкін.


5.4. Тапсырыс беруші.
5.4.1. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-да Тапсырыс беруші статусын алу үшін Клиент ЭСА аккредитация алуы керек.

5.4.2. Аккредитация тегін жүзеге асырылады және осы Ережедегі 5.4.3. п. «в» пп. көрсетілген жыл сайын Құжаттарды Тапсырыс беруші ұсынып отырған жағдайда ол мерзімсіз болып табылады. Аккредитацияланған Тапсырыс беруші ЭСА электронды процедуралар құруға және жүргізуге өтінішті шексіз беру құқығына ие болады.

5.4.3. Тапсырыс беруші статусын алу үшін Клиенттердің әрекеттері:

а) ЭСА ашық бөлімінде «Тапсырыс берушілерге» атты бөлімдегі аккредитациялық үлгіні Клиент толтырады;

б) Операторға қол қойылған Келісімді беру (Тапсырыс берушімен Келісім);

в) нотариальды тұрғыдан куәландырылған көшірмелер (ұсынылған уақытқа дейін үш айдан кешіктірмей):

заңды тұлға жарлығы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

заңды тұлғаның атынан келісімге қол қоятын тұлғаның өкілдігін мақұлдайтын құжаттар, заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрық;

салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік (СТН/ИНН);

НДС бойынша есепке қою туралы куәлік (НДС төлеушілер үшін).
5.4.4. Осы Ережедегі 5.4.3. п. көрсетілгендей, Құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде, Оператор Клиентті аккредитациялайды немесе осы Ережедегі 5.4.3. п. көрсетілген негіздемелер бойынша аккредитациялаудан бас тартады.

5.4.5. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА Клиентті аккредитациялау туралы шешімді Оператор қабылдағаннан кейін Қатысушы статусында Оператор оған аккредитациялық үлгіде көрсетілген электронды поштаның мекен жайы бойынша мәлімдейді және оған ЭСА жабық бөліміне кіру рұқсатын алу үшін жеке идентификацияның (логин мен парольдің) мәліметтерін береді.

5.4.6. Егер де Клиент Тапсырыс берушімен Келісім және осы Ережедегі баяндалған талаптар бұзылған жағдайда рәсімделген құжаттарды ұсынса немесе құжаттарды мүлдем ұсынбаса Оператор оған аккредитацияға рұсқат бермейді. Аккредитацияға бас тартқан жағдайда 5.4.3 п., көрсетілгендей Оператор Клиентке құжаттар келіп түскен уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде бас тарту себебі көрсетілген аккредитациядан бас тарту туралы мәлімдемені жібереді.

5.5. Тапсырыс беруші немесе Қатысушы «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА қарастырылғандай, электронды үлгіде толық әрі дұрыс ақпаратты көрсетуі керек. Бұл ақпараттарды Оператор осы Ереже мен Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес электронды процедураларды жүргізу процесінің құжаттар айналымын құрайтын автоматты түрде құжаттарды орналастыру және қалыптастыру кезінде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА өзгеріссіз күйде қолдана алады.


6. Оператор қызметін төлеу.
6.1. Қатысушы.

6.1.1. Оператор Қатысушыға көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс пен жеткізілетін тауарға электронды процедура ЭСА-на жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық қызметтер пакетін ұсынады, оның ішінде:

- ЭСА ақпараттық және технологиялық ресурстарға кіруді ұсыну;

- ЭСА электронды процедураны жүргізудің техникалық мүмкіндіктерімен қамтамсыз ету;

- ЭСА жұмыс істеу уақытында Қатысушыны ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық тұрғыдан қолдау.

6.1.2. АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңына электронды процедуралар жүргізуге бағытталған ұйымдастыру, техникалық және құқықтық қызметтерді ұсыну құны көрсетілетін қызметке, орындалатын жұмысқа және жеткізілетін тауарға осы Ережедегі №2 Қосымшасына сәйкес есептеледі.

6.1.3. Қатысушы өзінің тарифтік жоспарын күнтізбелік жылдың аралығында 1 рет өзгерте алады, бірақ бұл ертеректегі тариф бойынша Оператор алдында барлық берешегін жапқан жағдайда ғана мүмкін болады.

6.2. Тапсырыс беруші.
6.2.1. Оператор көрсетілетін қызметке, орындалатын жұмысқа және жеткізілетін тауарға ЭСА электронды процедура жүргізу мен құруды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру, құқықтық және техникалық қызметті ұсынады, оның ішінде:

- ЭСА ақпараттық және технологиялық ресурстарға кіруді ұсыну;

- ЭСА электронды процедураны жүргізудің техникалық мүмкіндіктерімен қамтамсыз ету;

- ЭСА жұмыс істеу уақытында Қатысушыны ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық тұрғыдан қолдау.

6.2.2. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС электронды сауда алаңына электронды процедуралар жүргізуге бағытталған ұйымдастыру, техникалық және құқықтық қызметтерді ұсыну құны ақысыз.

Төлем Тапсырыс берушімен Келісімнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.


7. АКИГ электронды сауда жүйелері» ЭСА-на жүргізілетін электронды процедураға Қатысушыларды тіркеу.

7.1. Электронды процедураға қатысушы.
7.1.1. Қатысушы электронды процедура статусын иелену үшін идентификация құралдарын пайдалану арқылы ЭСА сайтының жабық бөліміне кіруі керек (логин мен пароль) және қатысуға өтініш беру жолымен таңдап алынған электронды процедураға қатысуға тіркелуі керек.

7.1.2. Тіркеу әрбір нақты электронды процедураға жүзеге асырылады. Қатысушы бір уақытта бірнеше электронды процедураларға қатысуға тіркелуге құқығы бар.

7.1.3. Аккредитацияланған Қатысушы электронды процедура түріне байланысты, электронды процедураға қатысуға берілетін осы өтініштің мерзімі аяқталғанға дейін немесе электронды процедураны жүргізуді аяқтау уақытына дейін электронды процедураны жүргізу туралы ЭСА-ға мәлімдемені орналастырған уақыттан бастап кез келген уақытта Қатысушы статусында электронды процедураға тіркелуге құқығы бар.

7.1.4. Оператор электронды процедураға Қатысушының тіркелуін мақұлдайды немесе бас тарту себебін негізге ала отырып Қатысушының берген өтінішін жібермейді.

7.1.5. Электронды процедураға Қатысушы статусында осы Ережедегі 5 статьяға сәйкес аккредитациядан өткен Қатысушыны тіркеу, ЭСА жүргізілетін электронды процедураға қатысуға кіру төлем төлеусіз жүзеге асырылады.
7.2. АКИГ электронды сауда жүйелері» ЖШС ЭСА-на жүргізілетін электронды процедуралар Қатысушысына қойылатын талаптар.
7.2.1. Электронды процедураға Қатысушы элетронды процедура заты болып табылатын көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс, жеткізілетін тауарды жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптарға сай келуі керек, оның ішінде:

а) келісім жасауға құқылы болу;

б) келісімнің заты болып табылатын және Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын көрсетілетін қызмет, орындалатын жұмыс, тауарды жеткізуге жіберу туралы куәлікке немесе қажетті лицензияға ие болуы керек;

в) келісімнің заты болып табылатын және Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес тауарларға қажетті сертификаттарға ие болуы керек;

г) жою процесі кезінде болмау (заңды тұлғалар үшін) немесе арбитраждық сот шешімі бойынша тұрақсыз деп танылу (банкрот болу);

д) әкімшілік органның, сот шешімі бойынша мүлкіне тұсау салынған ұйым болып табылмайды және/немесе тоқтатылған экономикалық қызмет;

е) кез келген деңгейдегі бюджетке есептелген салықтар, жинақтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешкете болмау немесе ақырғы есептік кезеңге бухгальтерлік есептеме мәліметтері бойынша анықталатын сатып алу процедурасына көлемі қатысушының активтерінің баланс құнының жиырма бес пайызынан асып кететін өткен күнтізбелік жылдағы мемлекеттік бюджеттен тыс фондтар. Сатып алу процедурасына қатысушы мына жағдайда тиісті белгіленген талапқа сай болып есептеледі, егер де ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бар көрсетілген берешекке шағымданса және осындай шағым бойынша шешім сатып алу процедурасына қатысуға өтінішті қарастыру күнінде қабылданбаған болса.
7.2.2. Жұмыс, қызмет пен тауарды жеткізушілерге саудаға шығарылатын лотқа байланысты қосымша кәсіби талаптар қолданылған болса.
8. Редукцион жүргізу жолымен тапсырысты орналастыру.

8.1. Электронды үлгіде редукционды жүргізу туралы мәлімдемелер құру.
8.1.1. ЭСА-на электронды үлгіде редукционды құру және жүргізу үшін Тапсырыс беруші ЭСА аккредитация процедурасынан өтуі керек.

8.1.2. Келісім бағасының бастапқы максимальды көлемі (лот бағасы) шектелмеген.

8.1.3. Редукционды құру үшін Тапсырыс беруші ЭСА жабық үлгісіндегі көрсетілген мәлімдеме үлгісін толтырады және қажетті құжаттарды бекітеді (файлдар түрінде). Мәлімдеменің толтырылған үлгісі Операторға жіберіледі.

8.1.4. Мәлімдемеде Тапсырыс беруші мыналарды орнатуға құқылы:

а) келісімнің бастапқы (максимальды) бағасын төмендету шамасын (редукцион қадамы). Редукцион қадамы 0,5 % кем болмауы керек және келісімнің бастапқы (максимальды) бағасынан 1 % жоғары болуы керек.

б) келісімнің бағасы туралы редукционға қатысушылардың баға ұсыныстарын қабылдаудың уақытшы интервалын. Интервал редукционды жүргізген уақыттан бастап 10 минуттан 60 минутқа дейінгі құрауы мүмкін, сонымен қатар келісімнің бағасы туралы ақырғы ұсыныс келіп түскен уақыттан бастап.

8.1.5. Оператор Тапсырыс берушінің мәлімдеме үлгісінде көрсеткен мәлімдемелерін және бекітілген құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Мәлімдеме мен құжаттар үлгісін тексеру Оператордың жұмыс уақытының аралығында жүзеге асырылады, бірақ ол оны алғаннан кейін 48 (қырық сегіз) сағаттан аспауы керек.

8.1.6. Сәйкессіздіктер байқалған жағдайда Оператор бұл туралы Тапсырыс берушіге мәлімдейді және тиісті өзгерістерді енгізуді келістіреді.

8.1.7. «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЭСА-на осындай редукционды жүргізуді Оператор мақұлдаған жағдайда мәлімдеменің үлгісі негізінде автоматты түрде «АКИГ электронды сауда жүйелері» ЭСА сайтының ашық бөлімінде жарияланатын редукционды жүргізу туралы мәлімдеме қалыптасады.

ЭСА-ға әрбір редукционға өзінің идентификациялық номері беріледі.

8.1.8. Құжатнама мен редукционды жүргізу туралы мәлімдеме ЭСа-ға 2 күннен кейін және 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жарияланады.


8.2. Бағаны төмендетуге электронды үлгіде ашық редукционға қатысуға өтініш беру тәртібі.
8.2.1. Редукционға қатысуға өтініш беруге кіру рұқсатын алу үшін Қатысушы ЭСА аккредитациялануы керек және осы Ережедегі 5.3. п пен 7.1. п., сәйкес таңдап алынған редукционға тіркелуі керек.

8.2.2. Қатысушы ЭСА-ға редукционға қатысуға өтініш беру мерзімінің аяқталған уақыты мен мерзімінің қарастырылған редукциондық құжатнамаға дейінгі редукционды жүргізу туралы мәлімдемені орналастырған уақыттан бастап кез келген уақытта редукционға қатысуға өтініш беруге құқығы бар.

8.2.3. Редукционға қатысушыны тіркеуді Оператор мақұлдаған жағдайда оған код номері беріледі, осы арқылы Қатысушы редукцион жүргізу уақытында Баға ұсынысын бере алады

8.2.4. Қатысушы редукционның әрбір затына қатысты редукционға қатысуға бір ғана өтінішті беруге құқығы бар

8.2.5. Редукционға қатысуға өтініш берген қатысушы өтінішті берудің ақырғы уақытынан кешіктірмей редукционға қатысуға өтініш беруге құқығы бар және осы туралы Операторға мәлімдеме жібереді.

8.2.6. Кез келген Қатысушы ондағы ЭСА аккредитация болғандығына байланысты болмай ақ ЭСА мекен жайына редукциондық құжатнаманың жағдайларын түсіндіру туралы сұранысты жіберуге құқығы бар.

8.2.7. Егер де редукционға қатысуға берілетін өтініштердің ақырғы мерзіміне дейін тек қана 1 өтініш берілген болса немесе ешқандай өтініш берілмеген болса онда редукцион болмаған болып есептеледі.
8.3. Бағаны төмендетуге электронды үлгіде ашық редукционға қатысуға берілген өтініштерді қарастыру тәртібі.
8.3.1. Редукционға қатысуға өтініштерді Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының талаптарына сәйкестікке және редукцион туралы құжатнаманы қарастыруды Тапсырыс беруші комиссиясы жүзеге асырады.

8.3.2. Редукционға қатысуға өтініштерді қарастыру мерзімі Редукционға қатысуға берілген өтініштердің ақырғы уақытынан бастап 10 (он) күннен аспауы керек.

8.3.3. Редукционға қатысуға өтініштерді қарастыру қорытындыларының негізінде Хаттама рәсімделеді, оны Оператор комиссиясы жүргізеді және оған редукционға қатысуға берілген өтініштерді қарастыру аяқталған күні комиссия Төрағасы мен Хатшысы қол қояды.

8.3.4. Редукционға қатысуға өтініштерді қарастыру хаттамасы мыналардан тұрады, олар:

а) Қатысушының аты, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін), тегі, әкесінің аты, есімі мен мекен жайы (жеке тұлғалар үшін);

б) Редукционға қатысуға Қатысушыны жіберу туралы шешім және оны редукционға қатысушы деп тану немесе редукциондық құжатнаманың талаптарына сәйкес келмейтін болғандықтан редукционға қатысуға өтініштің жағдайларын келтіріп және осындай шешімнің негізінде Редукционға қатысуға Қатысушыны жібермеу туралы;

3) шешім қабылдаған Оператор комиссиясының мүшелері туралы мәліметтер;

4) егер де редукционға қатысуға өтініштер беру аяқталған уақыт таянғанда тек қана бір өтініш берілген болса немесе редукционға қатысуға ешқандай өтініш берілмеген жағдайда редукционды болмаған деп тану туралы ақпарат.

8.3.5. Көрсетілген Хаттама редукционға қатысуға өтініштерді қарастыру аяқталған уақытты автоматты түрде ЭСА Оператор оны қалыптастырады.

8.3.6. Редукционға қатысуға өтініштерді қарастыру Хаттамасы редукционға қатысуға өтініштер қарастыру аяқталған күннен кейін келетін күннен кешіктірмей оны Оператор электронды сауда алаңына орналастыруы керек.

Редукционға қатысуға ЭСА өтініш берген қатысушыларға және редукционға қатысушы деп танылғандарға және редукционға қатысуға өтініш берген Қатысушыларға және редукционға қатысуға жіберілмегендерге Оператор ЭСА арқылы көрсетілген хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі келесі күні кешіктірмей Оператордың комиссиясы қабылдаған шешімдері туралы мәлімдемелер жіберіледі.

8.3.7. Редукционға қатысуға берілген өтініштерді қарастыру нәтижелерінің негізінде редукционға қатысуға өтініш берген редукционға қатысушы барлық Қатысушыларды жібермеу туралы шешім қабылданған жағдайда немесе редукционға қатысуға өтініш берген тек бір ғана қатысушыны Редукцион қатысушысы деп мойындалғанда редукцион болмаған болып есептеледі.



8.4. Бағаны төмендетуге электронды үлгіде ашық редукционды ұйымдастыру және өткізу.
8.4.1. Әрбір аукцион келісімнің (лоттың) бір ғана заты бойынша жүргізіледі.

8.4.2. Бір уақытта ЭСА бір ғана, сонымен қатар бірнеше Тапсырыс берушілер үшін бірнеше редукциондар жүргізілуі мүмкін.

8.4.3. Редукционды жүргізу бастамасы мен Қатысушылардың Баға ұсыныстарының келіп түскен уақыты ЭСА орналастырылған сервер уақыты бойынша анықталады.

8.4.4.Редукционға қатысуға кір рұқсатын алған қатысушы өзінің жеке идентификациясының (пароль мен логин) мәліметтерін қолдана отырып аукционның басталар уақытында мәлімдемеде көрсетілген уақытта кіреді.

8.4.5. Редукцион Қатысушылардың жаңа Баға ұсыныстарын беру есебінен редукционды жүргізу туралы мәлімдемеде көрсетілген келісімнің бастапқы (максимальды) бағасын Қатысушылардың төмендету жолымен жүргізіледі.

8.4.6. Редукционды жүргізу кезіндегі келісімнің бағасы 1 (бір) теңгеге дейінгі дәлдікпен белгіленеді. Бөлінген белгі кезіндегі айналдыру айналдырудың математикалық ережесі бойынша жүзеге асырылады.

8.4.7. Аукционды жүргізу Оператор немесе Тапсырыс беруші арқылы уақытша тоқтатылады. Технологиялық үзіліс 24 (жиырма төрт) сағаттан аспауы керек. Редукционды тоқтату кезінде ЭСА Қатысушының Баға ұсыныстарын енгізуді блокадалайды, сонымен қатар тоқтатылған редукционның ақпараттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Тоқтатылған редукционды қайтадан жаңарту уақыты мен мерзімі туралы ақпараттарды Оператор ЭСА-ға тікелей редукционды тоқтатқаннан кейін орналастырады.
8.5. Бағаны төмендетуге электронды үлгіде ашық редукционның қорытындыларын шығару.
8.5.1. Редукцион аяқталған болып есептеледі, егер де:

а) Ұзақтығын Тапсырыс беруші бекіткен сауда сессиясы уақытында келісімнің бағасы туралы ешқандай ұсыныс түспеген болса;

б) келісімнің бағасы туралы ЭСА ақырғы ұсыныс орналастырылған уақыттан бастап Тапсырыс берушінің орнатқан уақыт интервалының аралығында келісімнің аса төменгі бағасын қарастыратын бірде бір ұсыныс келіп түспеген жағдайда.

8.5.2. редукционды аяқтау туралы ақпараттар тез арады ЭСА жабық және ашық бөлімінде орналастырылады.

8.5.3. Редукционның жеңімпазы ретінде редукцион аяқталған уақытта келісімнің аса төмен бағасын ұсынған қатысушы танылады (алда 8 статьяда – Жеңімпаз).

8.5.4. ЭСА редукцион аяқталған уақыттан бастап 1 бір сағаттың көлемінде Хаттамамен рәсімделген редукционды жүргізудің нәтижелері орналастырылған және ол мынадай мәліметтерден тұрады:

а) ЭСА мекен жайы;

б) редукционның аяқталған уақыты, бастапқы уақыты мен ақырғы уақыты;

в) келісімнің бастапқы (максимальды) бағасы;

г) келісімнің бағасы туралы ақырына дейінгі ұсынысты жасаған редукционға Қатысушы мен Жеңімпаздың жасаған келісім бағасы туралы ұсыныстары. Егер де ақырына дейінгі ұсынысты да Жеңімпаз жасаған болса, онда ол ескерілмейді, және ақырына дейінгі ұсыныс үшін Жеңімпаздан бөлек редукционға қатысушы жасаған ұсыныстың бағасы бойынша келесісі мойнына алады;

5) келісімнің бағасы туралы ақырына дейінгі ұсынысты жасаған редукционға Қатысушы мен Жеңімпаздың атауы, тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін), тегі, әкесінің аты, есімі мен мекен жайы (жеке тұлғалар үшін), редукционға қатысуға олардың берген өтініштерінің реттік номерлері;

8.5.5. Егер де редукционды жүргізуді бастағаннан кейін 30 (отыз) минуттың аралығында редукционның қатысушыларының ешқайсысы келісімнің бағасы туралы ұсыныс беремеген болса, редукцион болмаған болып есептеледі. Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін 1 (бір) сағаттың көлемінде Оператор ЭСА редукционды болмаған деп танитын Хаттаманы орналастырады. Осы хаттамады көрсетіледі:

а) ЭСА мекен жайы;

б) редукционның мерзімі, оның аяқталған уақыты мен бюастапқы уақыты;

в) келісімнің бастапқы (максимальды) бағасы.



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет