1. Заң басқармасы ( бұдан әрі Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады



жүктеу 55.45 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі55.45 Kb.
Астана қ. бойынша Салық департаментінің

Заң басқармасының


Ережесі.
I. Жалпы ережелер.

1. Заң басқармасы ( бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


1.2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, ҚР Қаржы министрлігінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, өкімдерін, Астана қаласы бойынша салық департаментінің Ережесін және де осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқамаларымен, Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары бойынша Салық басқармаларымен және өзге мемлекеттік органдармен өзара байланыста жүзеге асырады.

1.4.Басқарма дайындаған және басшы немесе орынбасарлар бекіткен шешімдерді аудандық салық басқармалары орындауға міндетті.

II. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары.
2.1. Басқарманың негізгі міндеттері:

2.1.1. Салық департаменті қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2.1.2. Астана қаласы бойынша Салық департаментінде тәжірибеде қолданылатын заңдылықтарды жалпылау;

2.1.3. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру;

2.1.4. құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру;

2.1.5. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және басқа да заңды сипатқа ие құжаттарды әзірлеуге қатысу;

2.1.6. өз құзыреті шегінде бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

2.1.7. өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік жарналарды есептеу мен төлеуді, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын толық және уақытылы есептеу, ұстау және аударуын қамтамасыз ету болып табылады.



2.2.Басқарманың негізгі функциясы:
2.2.1. басқарманың қызмет бағыты бойынша жүктелген міндеттері жөнінде жоғарғы тұрған органға ақпарат беру;

2.2.2. басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу;

2.2.3. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын түсіндіру;

2.2.4. талап-арыз жұмыстарын жүргізу және қорытындылау;

2.2.5. Астана қаласы бойынша Салық департаментінің қызметкерлері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасын бекіту;

2.2.6. Астана қаласы бойынша Салық департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің әкімшілік заңдылықты тәжірибеде қолдануды енгізу және жалпылау;

2.2.7. мәжбүрлеп орындату үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа бағыттау бөлігінде аудандық салық басқармаларының жұмысына бақылауды жүзеге асырады;

2.2.8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептемелер комитетінің аумақтық органдарына әкімшілік құқық бұзушылық және оны бұзған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкісін жүргізу туралы заңнамамен қарастырылған ақпараттық-есептік құжаттарды бағыттау бөлігінде аудандық салық басқармаларының жұмысына бақылауды жүзеге асырады;

2.2.9. Астана қаласы бойынша Салық департаментінің мүддесін сотта ұсыну және қорғау, сондай – ақ басқа ұйымдарда заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдер арқылы Астана қаласы бойынша Салық департаменті қызметінің құқықтық мәселелерін қарастыру;

2.2.8. өз құзыреті шегінде Астана қаласы бойынша Салық департаментінің жұмысын құқық қорғау органдарымен үйлестіру;

2.2.9. басшыға қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы түрлі құжаттардың заң талаптарына сәйкес келуін тексеру;

2.2.10. Астана қаласы бойынша Салық департаментінің қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша хат түрінде қорытынды дайындау, өз құзыреті шегінде ақыл – кеңес беру;

2.2.11. заңды тұлғалар мен азаматтардың өтініштерін қарастыру болып табылады.

ІІІ. Басқарманың құқықтары және міндеттері
3.1. Басқарманың құқықтары:
Басқарма өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындау барысында құқығы бар:

3.1.1. өз құзыреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқталуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;

3.1.2.Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басқарма қызметкерлерінен, салықтық және мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар, анықтамалар, есептемелер, тұжырымдар және басқа материалдар сұратуға;

3.1.3. апелляциялық және қадағалау шағымына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларға, салық тексеру қорытындысына шағымданған жағдайда салық төлеушілердің талап-арызына қарсы жобалар, прокуратура органына және басқа мемлекеттік органға наразылық туралы қолдаухат дайындауға Астана қаласы бойынша Салық департаментінің және Астана қаласының аудандық салық басқармаларының қызметкерлерін қатыстыруға;

3.1.4. салық төлеушілердің шағымдары мен өтініштерін қарауға олардан қажетті материалдарды сұратуға;

3.1.5. Басқарманың өз құзыреті және қолданыстағы заңнама шегіндегі басқа да құқықтарға ие.


3.2. Басқарманың міндеттері:
Басқарма қызметкерлері:

3.2.1. салық төлеушілердің құқықтарын сақтауға;

3.2.2. мемлекет мүддесін қорғауға;

3.2.3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтауға;

3.2.4. Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің қағидаларына сәйкес салықтық құпияны сақтауға;

3.2.5. жоғарғы тұрған органдарының және Астана қ. бойынша Салық департаменті басшылығының тапсырмаларын дер кезінде және сапалы орындауға;

3.2.6. бөлімге жүктелген барлық функциялар мен міндеттерді орындауға;

3.2.7. лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын және еңбек тәртібін сақтауға;

3.2.8. әкімшілік заңдылықтарының талабына сәйкес Астана қ. бойынша Салық департаментінің қызметкерлері анықтаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар мен қаулыларды тексеруге;

3.2.9. «Болашақта салық органы заң қызметінің жұмысын арттыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 14 ақпандағы №101 бұйрығының ережесін мүлтіксіз орындауға;

3.2.10. сот істерін, құқықтық актілерін, нормативтік құқықтық актілерін жүйеленген есебін жүргізуге және сақтауға міндетті.
IV. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру.
4.1. Басқарманы Астана қаласы бойынша салық департаментінің бастығы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басқарма бастығы басқарады.

4.2 Басқарма бастығы басқарманың жұмысы ұйымдастырады, басшылық жасайды және басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауап береді.

4.3. басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды;

4.4.басшылықтың тапсырмаларының белгіленген мерзімде, сапалы түрде орындалуын бақылайды;

4.5. басқарманың қызметіне қатысты барлық жедел мәселелерді шешеді;

4.6. Басқарма және Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқармалары мен бөлімдері дайындаған құжаттарды қарастырып, бұрыштама қояды;

4.7. салық төлеушілердің арыздарын, басқа мемлекеттік органдардың өтініштерін, тапсырмаларын, нұсқамасын Басқарманың уақтылы қарауын бақылайды;

4.8. департамент басшылығының қарауына басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;



4.9. бастыққа қол қоюға ұсынылған Астана қ. бойынша Салық департаментінің басқармалары мен бөлімдері дайындаған құжаттардың заңнама нормаларына сәйкестігін тексереді; егер құжат заңға сәйкес келмесе оған бұрыштама қоймай, оларды пысықтау туралы жазбаша ұсыныс немесе ауызша нұсқау береді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет