1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы


Кенелер және оның өзіне тән ерекшеліктері



жүктеу 0.98 Mb.
бет4/6
Дата17.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6

Кенелер және оның өзіне тән ерекшеліктері.
Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.

Сабақтың мақсаты: Кенелердің паразиттік тіршілігіне байланысты пайда болған өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету. Оқушыларды кенеден қорғау шараларымен таныстыру.

Методтары: Баяндау, эңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Дәріленген кенелер. Суретпен бейнеленген құралдар. Кененің сыртқы құрылысын бейнелейтін таблицалар. "Кене-энцефалитті тасушы".

Сабақтың барысы: Алдымен мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырманы қалай орындағандарын тексереді. Одан кейін мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Инстинкт дегеніміз не? Инстинктің тұқым қуалайтынын қандай фактілермен дәлелдеуге болады? Егер тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдер денеден шығарылмаса, зат алмасу процесі жүзеге аса ма?

Жаңа материалдарды оқыту:

Кенелер жайында баяндап тұрып, Мұғалім олардың көпшілігі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның қауіпті паразиттері екеніне оқушылардың назарын аударады. Бұлардың көпшілігі паразиттік тіршілігіне байланысты дене құрылысы өзгерген, бас көкірегі құрсағымен бірігіп кеткен, аузындағы қосалқы мүшелер шаншып — соратын немесе кеміріп соратын аппаратқа айналған, шағын жәндіктер болып келеді.

Мұғалім өрмек тоқитын қызыл кене, тайга кенесі жайында қысқаша баяндап береді. Тайга кенесі жайында баяндағанда онын зілді ауру — энцефалитті таратушы екенін айтады: энцефалит деген сөз - грекше, оны қазақшаға аударғанда мидың қабынуы деген мағына береді. Ауру кенеттен басталады, дененің ыстығы 38-39 - қа дейін көтеріліп, дірілдеп бас ауырады.

Адамды қалжырататын науқас 6-8 күнге дейін созылып, ақырында адам сал болып ауырады, кейде өледі.

Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім лупамен тайга кенесінің препаратын қарап көруді және тақтадағы жазуды мына сұрауларға жауап беруді ұсынады. Кененің денесінің мөлшері қандай болады. Кененің сыртқы көрінісі неге ұқсайды. Кененің аяғын санап шығындар.

Мұғалімнің столында микраскоптар - /2-3 дана/ тұрады; ол арқылы оқушылар кезек-кезек тайга кеңесінің ауыз аппаратын қарап көретін болады.

Егер препараттар жоқ болса, оқушылар кененің оқулықтағы суреттерін қарап көреді. Барлық өрмекші тәрізділердің денесі қысыңқы; бас жағына қарай сүйірленіп бітеді; бас жағына ауыз аппараты орналасқан. Сүйір тұмсығы арқылы қан сорады. Бунақы төрт жұп аяқтары болады. Оның ұшында жабысқан ілгекті тырнақтары бар. Денесі бітісіп кепкен:

Мұғалімнің баяндауы. Мұғалім таблицада кененің бірдемені күткендей қалшиған кейпін көресің. Кене тұрған жерге адам немесе жануар қалай жақындаса болды, солай кене оның денесіне жорғалап барып мойнына, көкірегіне, қолтығына жабысып алып, ауыртпай қанын сорады. Өйткені оның сілекейінде жараға түскенде ауыртпайтын зат болады.

Осы қан сору кезінде энцефалиттің қоздырғышы адам организіміне өтеді.

Мұғалім энцефалиттен сақтандыру үшін алдын ала егу шараларын қолданудың жөн еекнін, одан кейін адам организмі энцефалит ауруына қарсы тұра алатынын баяндап береді.

Кенеден сақтану үшін мыналарды орындау ұсынылады. Көктемде, жазда энцефалит таратушы кенесі бар орманға бармау. Лажсыз орманда болу керек болса, кенелерден қорғану шараларын қолдану керек.

А\ кененің адам денесіне жорғалап кіріп кетуінен қорғайтын арнайы киім кию; көйлекті шалбарланып; белді белдікпен белдіктеу, жеңдердің аузына резенке салу, жағаны қымтап жауып қою, шалбардың балағын етіктің немесе шұлықтың ішіне салып қою.

В\ әрбір 2-3 сағат сайын шешінбесең біріңнің үстілеріңді бірің немесе өздеріңді өздерің қарап шығу.

Бір жолата қарап шығуды ұйықтар алдында жүргізеді, сондай - ақ орманнан әкелінген гүлдерді, шөптерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды толығымен қарап шығу керек. Кенені денеден алуға қиынға түседі, өйткені жабысқан жерінен алып тастамақ болып жүргенде тұмсығы үзіліп кетеді де, тұмсығы қалып қойған жер іріндеп жара болып кетуі мүмкін. Кенені денеден шығарып алу үшін оның денесін пинцетке немесе колға дәке не шуберек орап алып саусақпен ұстап арылы - берілі баяу қозғай отырып ақырын шығарып алу керек болады. Немесе кенені жіппен байлап оның екі ұшын екі жаққа айрып, жоғары карай тарту керек. Егер кененің басы жұлынып кетсе, алдын - ала отқа қыздырылған инемен шұқып алып тастап, орнына йод жағып кою керек. Кенені алып тастау үшін май немесе вазелин жақса, онда кенені тұмсығын босатып алуға және екінші орынға ауысуына түрткі болады.



Үйге тапсырма: Кененің паразиттік тіршілігімен байланысты болған өзіне тән ерекшеліктерін дәптерге жазу.
Насекомдар классификациясы.
Сабақтың мақсаты: Көбелекті мысалға ала отырып, отрядтың тұқымдастарға бөлінетінімен танысу. Осы кездегі классификация жануарлар арасындағы туыстық байланысты қамтитындығын көрсету. Оқушыларды жануарларды анықтаудың алғашқы тәсілдерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Қоңыздар, жартылай қанаттылар, тура қанаттылар, көбелектер отряды өкілдерінің таблицалары мен коллекциялары.

Сабақтың барысы: Сендер насекомдардың қандай отрядтарын оқып үйрендіңдер. Әрбір отрядтың өзіне тән қандай ерекшеліктері бар? Өкілдерін атандар.

Қандай белгілеріне қарап бұл отрядтарды насекомдар класына жатқызады.

Тақтаға мұғалім оқылып өткен насекомдар отрядтарының салыстырмалы таблицасын жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады. Оны толтыру әңгіме барысында жүргізіледі.


Насекомдар класы отрядтарының сипаттамасы.


Отрядтар

Денесі неше бөліктен тұрады.

Басында қандай бірдей органдар болады.

Көкірегінің төменгі жағына қандай органдар бекінеді және ол нешеу

Денесінің қандай бөлімдері бар.

Көкірегінің жоғарғы жағына қандай органдар бекінеді және ол нешеу.

Қатты қанаттылар.

3

Жұп мұрты. Жұп көздері.

3 жұп аяқтары.

Басы, көкірегі, құрсағы.

2 жұп қанаттары.

Жартылай қанаттылар Қандала
















Тура қанаттылар.
















Көбелектер.















Осы таблицаны толтырғаннан кейін мұғалім оқушылардың назарын қарастырып өткен жәндіктер отряды өкілдерінің /қоңыздар, көбелектер және т. б./ бір қарағанда алуан түрлі болып көрінгенмен, шындығында, схемадан көргендегіндей құрылысы бэрінде бірдей екендігі аударады. Бұл олардың туыс екендігін, демек тегінің бір екендігін білдіреді.

Міне сондықтан да, қаралып өткен басқа отрядтар да бір класқа насекомдарға жатады. Мұғалім оқушыларға насекомдар класы өкілдерінің даму типтерін, ауыз мүшелерінің құрылысын қанаттарының құрылысына тән белгілерін салыстырып, осы белгілеріне негізделе отырып, бұдан ұсақ систематикалық топтарға — отрядтарға бөлінетінін айтады.

Осы кездегі систематика бойынша насекомдардың 25-ке жуық отрядтары бар. Әрбір отрядтың ішіндегі ұқсастығы мен айырмашылық белгілері отрядтары одан кіші топтарға - тұқымдастарға бөлуге мүмкіндік береді. Көбелек отрядына да бірнеше тұқымдастарды бөліп алуға болады. Мысалы ақ көбелектер тұқымдасының өкілдері: капуста ақ көбелегі, шалғам көбелегі, долана көбелегі, сары көбелек. Емен көбелек тұқымдасына: қалақай, күндізгі емен көбелк, траурница, емен жібек көбелегі жатады.

Өздігінен істелетін жұмыстар: Мұғалім оқушыларға өсімдіктердің қандай тұқымдастығына жататынын, қалай анықталғандығын естеріне түсіруді ұсынады. Содан кейін зоологияда да анықтағыш бар екенін баяндап береді. Бүгін сендер ақ көбелектер тұқымдасына жататын көбелектерді карточка бойынша анықтап көріңдер дейді. Көлемі ірі немесе орташа көбелектер ақ, сары, немесе қызыл сары, алдыңғы аяқтары дұрыс жетілген.
Ақ көбелектер.
Қанаттарының шеті мөлдір болып келген, қанаттағы сызат -талшықтары жіңішке, қара, көбелек ақ, өрнексіз, тек жүйкелері және көлденең жүйкесіндегі дақтары жінішке тозаңы аз. Қанатының серпу өрісі 50-60 мм. Жұлдызқұрттары жеміс ағашын бүлдіреді.
Долана көбелегі.

Қанатары тығыз орналасқан, тозаң жауып жатады, қанатағы жүйкелері әдетте қара болмайды. Артқы қанаттарының артқы жағы сарғылттау болып, онша байқалмайды немесе қарапайым қоңыр жолақтармен жүйкені бойлай өрнектелген. Жұлдыз құрттары бақшадағы күресті гүлді өсімдіктерді зақымдайды.


Бақша ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр емес қара. Алдынғы ақ қанаттарының жоғарғы ұшы қара бұрышталып тұрады немесе екі үлкен қара дағы болады, артқы қанаттарының алдыңғы ұшында қара дақтары болады, артқы қанаттарының астыңғы жағында өрнегі болмайды, 50-55мм.


Капуста ақ көбелегі.

Алдыңғы қанаттарының жоғарғы ұшы сұр. Капуста көбелегініңкіндей қанаттарының астыңғы бетіндегі жүйкелеріне тозаңданған өрнегі болмайды, алдыңғы қанаттарының жоғарғы үшындағы дақтары кішірек, 40-50 мм.


Шалқан көбелегі.

Қанатының астынғы жағындағы жүйкесінде қоңыр тозаңнан жолақты өрнегі болады, 35 — 43 мм.


Тарна көбелегі.

Ескерту:


Шалқан көбелегі мен тарна көбелектерінің алдыңғы қанаттарында шағын ғана бір - бірден дақ болады да ұрғашыларында екі дақтан болады.

Насекомдар ауру - таратушылар. /шыбындар, масалар, бүргелер, биттер/.

Сабақтың мақсаты: Шыбын мен масаға мысал ретінде қос қанаттылар отрядын өздеріне тән ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру. Олардың дене құрылысы мен тіршілігін білудің ауру таратқыш насекомдармен күресу үшін қажет екендігін көрсету. Ауру таратқыш басқа насекомдармен бүрге және битпен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен өздігімен жұмыс істеу.

Құрал — жабдықтар: суретпен бейнеленген құралдар. Шыбын мен масаны және олардың дамуларын бейнелейтін таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақтар береді: жарғақ қанаттылар отрядының өкілдерін атаңдар. Олар неліктен насекомдар класына жатады? Құмырсқалардың әрекетін неліктен саналы деп есептеуге болмайды? Құмырсқаларды не себептен қорғау керек? Зиянкестермен күрестің қай тәсілін биологиялық күрес дейді?

Жаңа материалдарды оқыту: Мұғалім тақтаға безгек масасы мен кәдімгі маса бейнеленген таблицаны іледі де оқушыларға безгек масасының келтіретін зиянын естеріне түсіреді. Мұғалім оқушыларға: үй шыбыны қандай аурулардың қоздырғыштарын таратады? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады, оқушылардың қайтарған жауаптарынан кейін мұғалім: өзі шыбын денесінен шығарған қорытылған заттардың қалдықтарын микроскоппен қарағанда ішінен ауру тарататын бактериялардың /дизентерия, іш сүзегі, оба және басқа да аурулардың/ споралары табылғанын, сонымен қатар шыбын паразит құрттың /аскариданың/ жұмыртқасын тарататынын айтып толықтырады. Осыдан соң мұғалім үй шыбынының көбеюі мен дамуын таблица арқылы баяндап, дамудың әрбір кезеңін сипаттап шығады. Өте өсімталдығына көңіл аударылады, бір жазда жеті рет ұрпақ береді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға: шыбындарды жою үшін қандай шаралар керек және шыбын шықпау үшін алдын — ала қандай шаралар қолдану керек? — деген сұраққа ойлануды ұсынады. Мұғалім шыбынның көп екендігін баяндай келіп, мысалдарын атайды: капуста шыбыны - өсімдіктің қауіпті зиянкесі, Африкада болатын цеце шыбыны ұйқы ауруын таратады.Осыдан соң мұғалім масалар мен шыбындарды салыстырып, жалпы ұқсас белгілерін табуды тапсырады. Оқушылардың жауаптарынан кейін, мұғалім бұл насекомдардың жалпы ұқсас белгілері жақсы жетілген қос қанаттарының болуы екенін айтады. Ұшып жүргенде бұл насекомдарға тән ызылдаған дыбысты осы қанаттары шығарады және оның бағдарлау үшін маңызы бар. Масалар мен шыбындар қос қанаттылар отрядына жатады. Осы отрядқа бүгелектер мен оқыра, сона да жатады. Бүргелер мен биттер оқылып өткен отрядтардың біреуіне де жатпайтынын айтады.

Сабақтың қорытынды бөлімі: Насекомдар класын оқып үйрену осы сабақпен аяқталуымен байланысты, мұғалім насекомдар көбеюінің біркелкі өтпеу себептерін баяндап береді. Мұғалімнің баяндауы: Насекомдар біркелкі көбеймейді. Кейбір жылдар насекомдар жаппай көбейіп кетеді де насекомдар төңіректі толтырып, орман даланы жалмап, шаруашылыққа өте зиянын тигізеді. Насекомдардың жаппай көбеюіне олардың жаулары - шаншарлар, құстар, жануарлар сондай -ақ адамның оларға қарсы күрес шаралары шек қойып отырды.

Үйге тапсырма беру. Қос қанаттылар отрядын таблицаға жазып, оларға сипаттама беру. Жетім көбелек деген не және оны адам қалай пайдаланады?


Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы.

Буын аяқтылар мен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілерімен айырмашылықтары.

Сабақ мақсаты. Буын аяқтылар мен буылтық құрттарды салыстыру негізінде осы жәндіктер типтерінің арасындағы туыстас байланысты және олардың жалпы ортақ тектен таралғанын көрсету. Омыртқасыз жәндіктер жайында, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында ұғым беру .

Методтары. Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар. Суретпен бейнеленген құралдар.

Буын аяқтылар класстары. Жауын құрты.

Таблицалары және басқа типтер бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы. Мұғалім сыныпқа мынандай суреттер қойды, өзен шаян тәрізділерінің, өрмекші тәрізділердің, насекомдардың тыныс алу органдары қандай? Трахея мен өкпенің дамуы неменеге байланысты? Насекомдар мен өрмекші тәрізділердің қан айналу системасында қандай айырмашылықтар бар және ол немен байланысты. Мұғалім организмдегі барлық органдар системасы тіршілік жағдайымен тығыз байланысты болғандықтан, буын аяқты жәндіктер кластарының әрқайсысының құрылысындағы ерекшеліктер осыған байланысты екенін айтып қортынды жасайды.

Қортындыны оқушылар мұғалімнің көмегімен жасайды.

Буын аяқтылар типі кластарының құрылысындағы жалпы ұқсастық, олардың туыс екендігін, демек шығу тегінің бір екендігін дәлелдейді.

Бұл шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және насекомдар кластарын бір типке - буын аяқтылар типіне жатқызуға негіз болып отыр.

Буын аяқтылардың қандай белгілері буылтық құрттармен салыстырғанда олардың құрылысы жоғары екенін дәлелдейді? Буылтық ет бекінетін сыртқы хитин скелетінің болуы, дененің белгілі қызмет атқаратын бунақтардан тұруы, аяқтарының бунақты болуы, органдар системасының біршама дамуы, әсіресе нерв системасы мен сезім органдары өте дамыған, мінез қылықтарының күрделене түсіп шартты рефлекстердің қалыптасуы, яғни инстиктінің болуы.

Қарапайым жәндіктерге бір клеткалы жәндіктер жатады.

Олардың барлық тіршілік процестері жалғыз клетканың цитоплазмасында өтеді.

Ішек қуыстардың денесі екі қатарға орналасқан көп клеткадан тұрады.

Тұтас организмді құрап тұрған клеткалар тобы, әр-түрлі қызмет атқарады.

Бұл тканның пайда бола бастауы.

Жалпақ құрттарда органдар түзілгендігін көреміз, бірақ әлі оның денесінің қуысы болады.

Буылтық құрттардың денесінің күрделі қуысы және бір катар органдар системасы болады.

Буын аяқтылар органдар системасы, сезім органдары және жәндіктердің мінез құлқы күрделене түседі.

Жануарлар дүниесінің бұдан былайғы дамуы органдар системаларының жетіліп кемеліне келуі бағытында өтеді. Гүлді өсімдіктердің 30% насекомдар тозаңдандырады.

Кейбір омыртқасыздардың бор және ізбес тастың түзулігіне молюскалардың, қарапайымдардың бақаршақтары маңызы бар. Мұғалім омыртқасыз жәндіктердің көпшілігі адамға зиян келтіретінін айтады, оқушылар олардың қандай жәндіктер екенін және қандай зиян келтіретінін естеріне түсіреді.

Сонымен табиғатта омыртқасыз жәндіктердің түрлері өте көп.

Олардың біреулері пайдалы, екінші біреулері зиянды, ал кейде күнделікті тұрмыста жэндіктерді зиянды деп есептейді, оның өзі орманда пайдалы болып саналады:

Өйткені омыртқасыздардың дамуын бір сатысында зиян келтіреді (Жұлдыз құрттар лечинкалар), ал ересек формалары (көбелектер) пайдалы өсімдіктерді тозаңдатады, басқа жануарларға азық болады, табиғатқа көрік береді.

Жануарлар дүниесін зерттей және бақылай отырып қана, оған өзінің қалай қарайтындығын,, яғни қандай жәндіктерді (жануарларды) қорғау, қандайларын жойып жіберу керек екенін анықтауға болады.


Тікен терілілер типі.

Оқу – тәрбиелік міндеттер: Тікен терілілер мысал негізіндегі оқушыларды жануарлардың тегі жағынан алғанда өте ертедегі және құрылысы мен тіршілігі жағынан ерекше бір тобымен таныстыру. Тікен терілілердің жануарлардың басқа топтарының бірінде де кездеспейтін мынандай ерекшеліктерін: ересек күйінде бес сәулелі симметриялы және личинка күйінде екі жақты симметриялы болуын, айқын білінетін мезодермалық, ізбесті скелетін; дененің жақсы жетілген екінші целомикалық қуысын, су - сосудты системасын анықтау. Тікен терілі жануарлар теңіз түбіндегі тіршілікке бейімделген. Олардың қорғаныштық бейімділігі -мықты сауытты және тікенектері болады немесе бейім келеді, не улы бездері болады. Биологиялық ұғымдар: Жалпы құрылысы күрделенбегенімен жануарларда жеке бейімділіктер пайда болатын эволюцияның негізігі бағытын көрсетіп, эволюция жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыра түсу.


Теңіз жұлдызы.

Сабақтың мақсаты. Теңіз жұлдызы мысалынан тікен терілілердің құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшеліктерін анықтау.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Теңіз жұлдызының құрғақ және ылғал препараттары. Теңіз жұлдызының ішкі және сыртқы құрылыстарының қолдан жасалған таблицалары.

Үйге тапсырма беру:

Оқулықтан теңіз жұлдызының дискісі мен тармағының жарып көрсеткен схемасын дәптерге салу.

Сабақтың барысы: Мұғалім өзінің тікен терілілердің тіршілік ортасы жайындағы баяндауында бұл жануарлардың таралу аймағының тар екенін айтады.

Осы күнгі терілілердің түрлерінің санын /6000/ шамасы айтады. Теңіз жұлдыздарының сыртқы құрылысына тоқталады.


Тікен терілілердің әр түрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Өтілген әр түрлі тікен терілілерге негіздей отырып типтің өзіне тэн белгілерін анықтау: тікен терілілердің құрылысындағы және тіршілік ету тәсіліндегі ерекшеліктердің себептерін ашу.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Әр түрлі тікен терілілердің құрғақ және ылғал препараттары.

Сабақтың барысы: Мұғалім осы күнгі тікен терілілердің алуан түрлілігі жайында баяндай келе, әр сыныптың бейімділік ерекшеліктерін сипаттайды, оларды бір типке біріктіретін құрылыстарындағы ұқсас белгілерге тоқталады.

Тікен терілілер теңіз жануарлары, ересек күйінде екі жақты симметриялы болады, бұл олардың екі жақты симметриялы жануарлардан шыққандығын көрсетеді, ізбесті ішкі скелеті бар, дене қуысы жақсы жетілген су — сосуд системасы болады.

Мұғалім қазбадан табылған тікен терілілер жайында баяндай отырып, осы күнігі теңіз лилиясының сәулелі симметриясы орнында қозғалмай отырып тіршілік етуге байланысты келіп шыққандығын айтады.

Өте ертеде тікен терілілер қозғалып жүріп тіршілік еткен де, екі жақты симметриялы және қозғалмайтын жануарды жауыннан қорғайтын ізбесті скелет пайда болған.

Кейініректе тікен терілілердің көпшілігі ата тегінің белгілерін сақтай отырып, қозғалып тіршілік етуге көшкен.


Хордалылар типі.

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды хордалы жануарлардың белгілерімен, олардың шығу тегімен және классификациясымен таныстыру.

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу. Хордалылардың шығу тегі туралы мәселелерді зерттеудегі орыс ғалымдарының рөлін көрсету.

Биологиялық ұғымдар:

Жануарлардың систематикасы және эволюциясы жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыра түсу. Ішкі скелет жайында ұғым беру.


Хордалы жануарлардың белгілері

Сабақтың мақсаты: Хордалы жануарлардың өздеріне тән белгілерімен олардың шығу тегімен және класскациясымен оқушыларды таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс істеу.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар.

Омыртқалылардың скелеті мен тұлыбы.

Сабақтын барысы: Насекомдардың метомерлі /сегментті/ құрылысы нені білдіреді. Зауза қоңызында қандай органдар системасы бар. Симметрия дегенміз не, құрттар және буын аяқтылар денесінің симметриясы қандай болады. Омыртқасыздардан ланцетниктік айырмасы денесінің ішінде хордасы болады. Хорда дененің тірегі немесе ішкі скелеті болып есептелді. Омыртқасыздардан ланцетниктің тағы бір айырмашылығы органдар системасының орналасуында. Орталық нерв системасы хорданың үстіне, жануардың арқа жағында орналақан. Ішек қарыны хорданың астына орналасқан, оның алдыңғы бөлігінде ішекпен қатынасты желбезек саңылаулары бар. Ланцетникті ең алғаш 1778 жылы сипаттап жазған орыс ғалымы академик П.С. Паллас екенін айтады. Ғалым оны алдында маллюска екен деп қалады, кейін бұл жәндікті төменгі сатыдағы балықтарға жатқызады. Ланцетниктің шын мәніндегі табиғатты және оның жануарлар дүниесінің систематикасында орны көпке дейін белгісіз болып қала берді. Орыс ғалымы А.О. Ковалеский ланцетниктің ересектік формасын және ұрықтың дамуын зерттей келе бұл организмде хордалардың да, омыртқасыздардың да белгілілерінің бар екенін аңғарған. Сөйтіп ғалым ланцетниктерді омыртқасыздардың арасынан орын алады деген қорытындыға келген. Ланцетникке ұқсас организмдер жануарлар дүниесінен үлкен екі тобының арасындағы туыстық байланысты барлығын көрсетеді. А.О. Ковалевскийдің зерттеулерінің нәтижиесінде жануарлардың жаңа типі -хордалылар белгілі болды. Кейініректе тип бірнеше тип тармағына бөлінді, оқушылар соның ішінде құрылысы жағынан ланцетникке ұқсас жануарлар жататын бассүйексіздер тип тармағын, бассүйектілер тип тармағын немесе омыртқаларды оқып үйренетін болады. Омыртқалылар өздерінің құрылысы жағынан алуан түрлі болып келетіндіктен бірнеше кластарға бөлінетінін айту керек. Хордалылар омыртқасыздардан қандай белгілері арқылы ажыратылады.


Хордалардың систематикасы

Балықтар классы
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Балықты мысалға ала отырып, омыртқалы жануарлар құрылысының, қызмет атқару системаларының күрделене түсумен таныстыру. Балықтардың көп түрлігі жайында ұғым беру.

Су ортасындағы арнайы жағдайларға /судың оттекпен канығу дәрежесі, химиялық құрамы, температурасы, жарықтың түсуі, қысым сондай - ақ қорек түрі мен қоректену тәсілі/, және көбею жағдайының ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі экологиялық топтардың болу себебтерін ашу. Балықтардың нерв системасының даму дәрежесін көрсететін мінез - қылығы мен олардың тіршілік жағдайы арасындағы материалдық үздіксіз байланыстың барлығын ашу.


Балықтың сыртқы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен және суда тіршілік етуге бейімделгендіктерімен салыстырмалы екенін айту.

Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен бақылау.

Құрал - жабдықтар: Табиғи жабдықтар. Көрсетуге арналған балықтардың әртүрінен ылғал препараттары.

Сабақтың барысы: Мұғалім екі оқушыны ортаға шақырып олардың бір -екеуіне түрлі түсті бормен хордалылар құрылысының схемасын салып, ондағы бейнеленген органдарын тұсына аттарын жазуды тапсырады.

Екіншісіне хордалылардың систематикасы схемасын сызуды ұсынады. Оқушылардың білімін тексеріп, мұғалімнің айтып тұрып дәптерге мына төмендегілерді жаздырумен аяқталады.

Хордалар типінің өздеріне тән белгілері:

Ішкі скелеті.



Хорданың үстіндегі, арқа жағына орналасқан орталық нерв.

Ересектерінде немесе ұрықта болатын ішектің алдыңғы жағымен байланысқан желбезек саңылауларының болуы.

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім омыртқалылардың бірінші класын -балықтарды оқи бастайтындарын хабарлайды және оқушыларға дэптерлеріндегі «Хордалардың систематикасы» схемасын тиісті графасы бұл кластың атын, сондай-ақ сабақтың тақырыбын «Балықтың сыртқы құрылысы» жазып қоюды ұсынады.

Өздігінен бақылау: Мұғалім тақтаға сабақ басталар алдында балықтың сыртқы көрінісіндегі ерекшеліктерді көрсететін бес суретті салады және оларды нөмерлеп қояды. Егер мектепке ірі материал болса, онда кезекті бақылауға арналған нұсқаудан оқушыларға таратып береді. Одан кейін кезекші әр столға ішіндегі тірі балығымен суы бар банкадан алынған балық қабыршағын және қол лупасын қояды. Мұғалім оқушыларға нұсқаудағы сұрақтар бойынша және тақтадағы суретті пайдалана отырып, балықтың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеуді ұсынады. Балықтың скелеті мен еттері.

Сабақтың мақсаты: Ішкі скелет жайындағы ұғымды тереңдету; организм тіршілігіндегі сүйек - ет системасының маңызын көрсету.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Балықтың скелеті.

Таблицалар. Балықтың ішкі құрылысы, Жауын құрты. Балық құрылысының ерекшеліктері. Қосымша құрал - жабдықтар.

Сабақтың барысы: Бұлшық еттері. Мұғалім Жауын - құрты таблицасын іледі де, оқушылардан жауын құртының қалай қозғалатынын, бұлшық ет тканінің негізгі қасиеттерінің қандай екенін сұрайды.

Мұғалім сыныпқа терісі сыпырылған балықты көрсетіп тұрып, терінің астына еті орналасқанын түсіндіреді; оқушылардың назарын мына төмендегі ерекшеліктеріне аударады. Балық денесінің көп бөлігін ет алып жататынын айтады. Әсіресе балықтың тығыз судағы белсенді қозғалысын жүзеге асыратын арқа және құйрық етері жақсы дамыған. Жүзу қанаттарының өзіндік шағын еттері болады. Денесінің бойымен сегмент бөліктерінен тұратын үлкен бүйір еттері созылып жатады .

Барлық денесін онға және солға қозғалтып, яғни балықтың қалай қозғалатынын еліктей салып тұрып, мұғалім сегменттердің жирылуы және босаңсуының кезектесіп келетінін көрсетеді. Сегманттердің саны омытқалардың санына байланысты болатынын, айтқан еттердің сүйекке бекінетінін айтқан жөн. Бақылау және бұлшық ет жұмысын оқып үйрену негізінде оқушылар балықтың жиырылуға қабылеті бар еттері жануардан алуан түрі белсенді қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз етеді деген қортынды шығарады. Балықтың скелетін оқыту. Мұғалім пинцетпен балықтың етін алып, оқушыларға оның астындағы еттер бекінетін скелетті көрсетеді.




: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет