1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы


Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі



жүктеу 0.98 Mb.
бет5/6
Дата17.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6

Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды балыктың нерв системасының құрылысымен танстыру, тіршілік жағдайы мен жануардың мінез қылығының арасындағы матриалдық байланысты ашу оқушыларды балықтың су жануары болуына байнысты көбеюіндегі ерекшеліктермен таныстыру. Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың ұрықтану процесіндегі және жұмыртқаның бөлшектенуінің алғашқы сатысындағы бірлікті табу, балықтың көбею процесін зерттеудің халық шаруашылығында орасан зор манызы бар екенін көрсету.

Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың орталық нерв системасының және дамуының ылғал препараты.

Сабақтын барысы: Оқушылардың білімі 6 вариант бойынша жазба түрде тексеріледі. Жұмыстың ұзақтығы 10 минутқа созылады.

I вариант.

Түрлі - түсті карандашпен балықтың қан айналу системасын салу. Стрелкамен қанның бағытын көрсету. Жүректің бөлімдері мен тамырларын атап, олардың тұсына аттарын жазу.

II вариант.

Ішкі скелеттер мен еттердің балық тіршілігіндегі маңызын түсіндіру. Скелет бөлімдерін атау. Омыртқасыздардың сыртқы скелеті мен омыртқалылардың ішкі скелетіндегі айырмашылықты айыру.

III вариант.

Балықтың дене күрлысындағы органдарды түрлі - түсті карандашпен бояу және мылқау суретке олардың аттарын жазу.

IV вариант.

Ас қорту процесінің не екендігін түсіндіру. Асты қортуға қатысты органдарды санап, атап шығу.

V вариант

Балықтың кеудесіндегі және құйрығындағы омыртқалылардың суретін салу. Олардың бөліктерінің аттарын жазу.

VI вариант.

Зат алмасудың мәнін түсіндіру. Оған қандай органдар системасы жатады.

Жаңа материалды оқыту: Әңгімеге араластыра отырып кіріспе баяндау. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлап тұрып оны тақтаға жазады. Нерв системасының құрылысы. Қоршаған ортада балықтың бағдарлау. Содан кейін мұғалім балықтың желбезектері тыныс алуды, бүйректері - зәр шығаруды, жүрек пен тамырлары қан айналуды атқаратынын айта келіп, нерв системасы жануардың тіршілігінде қандай роль атқаратынын сұрайды.

Оқушылардың жауаптарын жинақтай келіп, мұғалім балық нерв системасы және сезім органдарының көмегімен әр - түрлі реңді ажырата білетінін, өте нэзік иісті ажырата алатынын баяндайды, кейбір балықтар әр - түрлі дыбыстар шығарады және соған сай өзгере әрекет етеді, яғни өзара сөйлеседі.

Онан басқа балықтар су түбінің түсуіне және судағы өздері жүретін жердегі өсімдіктің түсіне қарай реңдерін өзгерте алады, сөйтіп жауларына байқалмайтындай жасырына алады.

Балықтардың өте ерекше бір қасиеті - терісімен «көру». Соқыр балық та кәдімгі көздері көретін балық сияқты тіршілік етеді: басқа заттарға соғылыспайды, және жемін де аулайды.



Балық нерв системасының құрылысын оқыту: Мұғалім оқушыларға ылғал препарат немесе оқулықтағы сурет бойынша нерв системасының басты органы - мидың құрылысын қарап көруді ұсынады, оның әрбір бөлігін сипаттап айтып береді. Одан соң балықтың скелетінен орталық нерв системасының орналасқан жерін көрсетеді де бұрын омыртқасыздардікіне қарағанда, құрылысы күрделі — түтік құрылысты екеніне назар аударады.

Мұғалім мидың таблицадан кетіп жатқан көп нервтарды көрсетеді де олардың ішкі органдарды және сезім органдарын байланыстырып тұрғанын, яғни барлық аталған органдар біртұтас система құрауы, ондағы негізгі рольді мидың атқаратыны жайындағы ұғымды қалыптастырады.



Рефлекторлық әрекеттерді оқыту: шартсыз рефлекстер. Су түбіндегі грунттың әсер етуінен камбаланың реңінің өзгеруі деген қолдан жасалған таблицаны пайдалана отырып, мұғалім таблицадағы суретті демонстрациялап, сонан кейін процестің өзін баяндағанда тақтадағы суретті көрсете отырып қарастыруға болады. Балықтың терісіне орналасқан пигмент клеткалары тітіркенудің нәтижесінде өзгереді - созылады немесе жиырлады.

Егерде камбаланың басы қара қоңыр грунтта болып, көзі сол реңді қабылдаған болса балықтың денесіндегі қара қоңыр пигмент клеткалары созылады, ол терінің реңін қоңыр тартқызады. Егер басы бозғылт грутта жатса, онда боз пигмент клеткалар созылады да терісі ақшыл тартады. Осындай грунттың түсуіне байланысты терең сулардағы балықтардың түсін қоңырқай болып маржан болып рифтеріндегілердің түстерін ашық реңді болуы рефлекторлық өзгеріс екендігін түсіндіреді. Осы сияқты іштен пайда болған рефлекстердін жануарларды жыртқыштардан қорғауда арасан зор бейімдеушілік манызы бар.


Балықтардың шығу тегі мен көп түрлілігі. Балықтар классының систематикасы мен сипаттамасы .

Сабақтың мақсаты: Су ортасындағы жағдайға тәуелділігіне байланысты экологиялық әр түрліліктерінің себептерін аша отырып, балықтың көп



Груннтың түсіне байланысты камбаланың реңінің өзгеруі

(қолдан жасалған таблица)

түрлілігі және шығу тегі жайында ұғым беру. Оқушыларды шемірмшекті сүйек шеміршекті, қос тынысты және саусақ қанатты балықтардың құрылысындағы ерекшеліктерімен таныса отырып, олардың балықтар жайындағы ұғымын кеңейте түсу. Кластың систематикасы мен эволюциясы жайында ұғым беру.



Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Балықтардың ылғал препараттары:

Сабақтың барысы: Мұғалім төрт вариантты сұрақтарына жазбаша жауап беруді ұсынады.

Карточканың I варианты.

1. Балық өзін қоршаған ортада болып жатқан өзргерістерді қай органдарының көмегімен сезеді. Балықтың дыбысты қабылдауындағы ерекшеліктері қандай?

2. Балықтың қандай жүзу қанаттары басқа омыртқалы жануарлардың жұп аяқтарына сай келеді?

Карточканың 2 варианты.

1. Балық скелетінің бөлімдерін атап шығыңдар. Скелеттің тірек және қорғаныштық ролі неге негізделген?

2. Балық тіршілігінде торсылдақтың қандай маңызы бар?

Жаңа материалды оқыту: Бас сүйексіздердің біразы жойылып кеткен де екінші бір бөлігі бір жағынан, жақсүйексіз жануарлардың бастамасын берген екіншіден осы күнгі балықтардың арғы тегі болған ертедегі балықтардың бастамасы берген.

Ең алғашқы омыртқалылар балықтар болғандықтан және омыртқалылардың арғы ата - тегі болып есептелетіндіктен, олардың құрылысы қарапайым болған.

Баяндау барысында тақтаға балықтардың шығу теігінің және систематикасының схемасын сызады. Оқушылар оны дәптерлеріне жазып алады.

Бұл схемаға бір бет беруді ұсынады.


Балықтардың шығу тегі систематикасы


Мысалы, оттек мөлшері аз болғандықтан басқа балықтар тез қырылып

қалатын су қоймаларында тұщы су балықтары - қара балық және табан балықтар тіршілік ете алады. Оңғақ және табан балықтардың бұл ерекшеліктерін олардың терісімен көбірек танысып алатындығынан деп түсінуге болады. Антрактикалық сулардағы балықтардың кейбір түрлерінің қанында түс болмайды, су сияқты болады. Ақ қандағы оттек мөлшері аз, өйткені тіршілік жағдайына байланысты бұл балықтардың оттекке деген мұқтаждығы кеміген. Нәлім балық дұрыс өсіп жетілу үшін оттектің мол болуы жеткіліксіз, сонымен қатар оған судың температурасының төмен болуы керек, осындай жағдайда нэлім өте жақсы өседі. Нәлім басқа балықтар сияқты көктемде көбеймей, желтоқсан - ақпанда көбейеді.

Басқа бір балықтар ыстық қайнарларда +52С температурада мекендеуге бейімделген. Ондай ыстық суда қолды ұстап тұруға болмайды. Әдеттегі балықтардың + 30 С - ден жоғарғы температурада жүрек қызметі бұзылады.

Жаңа материалды оқыту: Балықтардың бір - бірінен мекен ортасына және тіршілігінің түрлілігінен ғана ажыралып қоймай, құрылысының күрделілігінен де, яғни сыртқы, ішкі құрылыстарының күрделілігінен, ертедегі шығу тегі жағынан да ажыратылатынын хабарлайды.

Балықтардың осындай алуан түрлігіне қарай, оларды негізінен екі топқа бөлді: шеміршекті балықтар деп, оған акула және скаттар жатады, сонан кейін сүйекті балықтар, оған балықтардың төрт тобы - сүйекті шеміршекті, сүйекті, қос тынысты, саусақ қанатты балықтар жатады. Терісі қабыршақпен қапталған; жұп аяқтардың орнында жүзу қос қанаттары бар; көпшілігі желбезектері арқылы тыныс алады, жер бетіндегі жануарларды. Ішкі скелеті - омыртқа жотасынан тұрады: жүрегі екі камералы, қан айналуының бір ғана шеңбері бар, зат алмасуы баяу жүреді, денесінің температурасы тұрақты емес.
Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Бауырмен жорғалаушыларды мысалға ала отырып қос мекенділерге қарағанда одан да ары кеңінен таралып, құрлықтың жануары бола түсуіне мүмкіндік берген жануарлар құрылысының және органдарының атқаратын қызметінің қүрделене түсуімен оқушыларды таныстыру. Қоректену қозғалу тәсілдерінін түрліше болуында ұғым беру.

Жануарларға мейірімділікпен қарауды тәрбиелеу мақсатында зиянды насекомдар мен кемірушілерді жоюдағы бауырмен жорғалаушылардың ролін көрсету.

Оқушыларға жыланның уын медицинада пайдалану жайында таныстыру. Улы жыландардың шағуынан болатын ауруларды емдеу шаралары мен олардың алдын ала сақтандырудағы қамқорлығын көрсету.

Биологиялық ұғымдар: Қос мекенділерден жануарлардың жаңа тобының рептилийдің шыққанын айқындай отырып, эволюция жайындағы ұғымды кеңейте түсу.

Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.



Сабақтың мақсаты: Кесірткенің құрлықта тіршілік етуімен байланысты сыртқы, ішкі құрылысындағы ерекшеліктерімен оқушыларды таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Кесірткелер, усыз жыландар, тасбақалар.

Сабақтың барысы: Мұғалім жануарлардың жаңа класы - бауырмен жорғалаушыларды айтады. Ол оқушыларға дәптердегі Хордалылар систематикасынын тиісті графасына кластың атын жазуды ұсынады да тақтаға сабақтың тақырыбын жазады. Кесірткелердің тіршілік ортасы жайлы баяндайды.

Мұғалім оқушылардан ашық күнде кесірткені қайдан кездестіруге болады. Бақа мен кесірткенің тіршілік ету ортасында қандай айырмашылықтар бар. Кешқұрым немесе ауа райы суық болғанда кесірткелер қайтады - деп сұрақ қояды.

Сұр кесіртке құрғақ жерлерде тіршілік ететін нағыз құрлықтың жануары. Мұндай жерде тек мынадай белгілерінің: терісімен тыныс алуы жер бетінде имек өткір тырнақтарының көмегімен қозғалуы, сондай - ақ құйрығының күшті болып, денесінің серпімді иілгіш болуында ғана тіршілік етуге болады. Кесірткенің ішкі құрылысы жайында айтатын болсақ. Кесірткенің секіреті, қан айналу схемасы.

Омыртқалылардың миы таблицаны пайдалана отырып, түсіндіру.

Алдымен кесірткелер құрғақ ортаға бейімделгенде қос мекенділерден олардын сыртқы құрылысы жағынан ғана өзгерісі болып қоймай, ішкі органдарының құрылысында да мынадай өзгерістердің болғанын айту керек.

Скелетіндегі өзгерістер: Омыртқа жотасы бір-бірімен қозғалмалы болып байланысқан.

Омыртқа жотасының мойын бөлігі оңашаланған. Атмосфера ауасымен тыныс алуда маңызы бар көкірек қуысын құратын қабырғалары жақсы жетілген.

Бауырмен жоғарлаушылардың қабырғаларын кергенде өкпесіне ауа кіреді, ал төмен түсіргенде өкпедегі ауа ығыстырылып шығарылады.

Тыныс алу органдарындағы өзгерістер: Кесірткелердің өкпесі қос мекенділердікіне қарағанда жақсырақ дамыған. Оның көлемі үлкен және құрылысы майда торлы болып келеді, бұның өзі оның жанасу бетін ұлғайтады.

Оларды толып жатқан қан капиллярлары шырмап жатады. Бауырымен жорғалаушылар терісімен тыныс алмайтын болғандықтан, мұның маңызы зор.

Қан айналу системасындағы өзгеріс: Кесірткенің жүрегі, қос мекенділердікі сияқты, үш камералы алайда қарыншасындағы пердесі толық бөлінбеген.

Қан денеде баяу ағады да, зат алмасуы да баяу жүреді. Дененің температурасы ауаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Бауырымен жорғалаушылар қос мекенділер мен балықтар сияқты салқын қанды жануарлар.




Нерв системасындағы өзгерістер: Кесірткелердің жүрегі қос мекендікі сияқты бес бөлімнен тұрады, дегенмен кесірткелердің алдыңғы миы мен мишығы күштірек дамыған. Сондықтан бауырмен жорғалаушылардың рефлексторлық эрекеттері қос мекенділердікіне қарағанда алуан түрлі болып келеді. Көбею тәсіліндегі өзгерістер: Ұрықтануы іштей болады.

Көбеюі сумен байланысты емес. Ұрық қабымен қоршалған жұмыртқа сыртында ұрықты кеуіп кетуден сақтайын тығыз тері қабығы болады.

Жұмыртқадан личинка емес, толық қалыптасқан кішкене кесірткелер шығады. Қосмекенділерден айырмашылығы, кесіртке жұмыртқадан шыққаннан кейін, түрленбестен дамиды. Түрлену процесі жұмыртқада өтеді.


Құстар классы
Оқу - тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды құстардың құрылысындағы ұшу тіршілігіне байланысты қызмет атқаруының ерекшеліктерімен таныстыру. Бауырмен жорғалаушылар мен салыстыруда құстар құрылысының қүрделене түскенін белгілеу. Тіршілік жағдайына байланысты құстардың алуан түрлілігі жайында ұғым беру. Құстар мен бауырмен жорғалаушылардың туыстас екендігін белгілеу. Табиғаттағы және адамның шаруашылық ісіндегі құстардың маңызын анықтау, сондай-ақ оқушыларды пайдалы құстарды қорғау және үйрету қажеттілігі туралы корытындыға келтіру.

Биологиялық ұғымдар:

Эволюция жайындағы ұғымды кеңейте түсу. Зат алмасуы жайындағы ұғымды тереңдету. Нервизм жайындағы ұғымды кеңейте және тереңдете түсу.

Құстардың сыртқы құрылысы мен тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құстардын ұшуына байланысты сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал — жабдықтар: Табиғи объектілер. Тордағы тірі құс тұлыбы, мамық қауырсындар, құстың кептірілген қанаты мен аяғы.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға бауырмен жорғалаушыларды оқып бітіргендіктерін, енді құстар класына біріктірілетін жануарлардың жаңа тобын оқуға кіретіндігі туралы қысқаша түсіндіреді.

Мұғалім тақтаға, ал оқушылар өз дәптеріне сабақтың тақырыбын: «Құстардың сыртқы құрылысы және тіршілігі» деп жазады. Содан кейін мұғалім: бауырмен жоғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысына қандай ерекшеліктер тән. Бауырмен жорғалаушылар қалай көбейеді. Неліктен суық климатты жерлерде бауырмен жорғалаушылар сирек кездеседі жоғары ендіктерде тіршілік етуге олардың қандай бейімділіктері бар. Құстар солтүстік аудандарда кездесе ме. Құстардың басқа жануарлардан қандай ерекшеліктері бар - деп сұрайды.

Мұғалім ұшатын жануарлар омыртқалардың кластарында да кездесетін, ал қауырсынның болуы құстардың сыртқы бейнесіне тән белгі болып табылатынын айтады. Сондықтан оларды қанаттылар деп атайды. Құстың денесін жауып тұрған қауырсын бірдей емес: олардын арасында мамық қауырсындар және жабын қауырсындары болады. Мұғалім тақтаға құстың қауырсынын салады, онын бөліктері және құрылысы жайында баяндайды. Бауырмен жорғалашылар сияқты, құстар да түлейді: белгілі бір ізділікпен қауырсындары түседі де орнына жаңалары шығады. Құстың терісі құрғақ болады, алайда құйрығының түбінде құйымшақ безі бар. Бұл бездің өзінен бөлетін затының ішінде май көп болады. Оны құс тұмсығымен безінен шығарып, қауырсындарын майлайды, содан қауырсынға су жұқпайтын болады. Оқушыларға құстың ұшуы адамзат назарын ертеден аударып келгенін айтқан жөн. Ұшудың әр түрлі типтерінің /қанатын қағып, құлаштап ұшу, қалықтап ұшу/, сондай - ақ құстар құрылысының ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде адам бұл білімді авиация техникасында пайдалануға мүмкіндік алады. Мұғалім қорыта келе, құстардың барлық ерекшеліктері ұшуға және әр түрлі жағдайға бейімделушілік болып табылатынын айтады.
Құстың сүйек - ет системасы.

Сабақтың мақсаты: Құстар скелеті мен басқа жануарлар скелеттерінің құрылысындағы жалпы белгілеу. Ұшумен байланысты болған құстар ерекшеліктерді көрсету.

Методтары: Мұғалімнің баяндауы

Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстың скелеттері, құстың тұлыбы, жабын және мамық қауырсындар.

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға мына сұрақтарды береді: сыртқы құрылысындағы қандай ерекше белгілері құстарды жер бетіндегі басқа омыртқалы жануарлардан айырады? Құс қауырсынының құрылысы қандай? Құстардың тіршілігі үшін тұмсығының қандай маңызы бар?

Жаңа материалды оқыту: Скелет. Мұғалім оқушыларға балықтың, бақаның, кесірткенің және құстың скелеттерін салыстырып және олардың құрылысындағы жалпы ұқсастарын тауып белгілеуді талап етеді. Оқушылар құстардың скелетінде де басқа омыртқалылардың скелетіндегі бөлімдердің бәрі бар екенін, атап айтқанда: бас сүйегі, омыртқа жотасы, алдынғы аяқ скелеті болатынын білетін болады. Бұдан кейін мұғалім басқа омыртқалармен ұқсастары болуымен қатар құстар скелетінде ұшумен байланысты пайда болған бірқатар ерекшеліктердің де бар екенін айтады.

Бұлшық еттері: Мұғалім оқушылардан бұлшық еттің қандай қасиеттерінің болатынын және олардың қандай қызмет атқаратынын сұрайды; құстың ең жақсы дамыған еттері қай жерінде орналасқанын сұрайды, алдыңғы аяқ \қанат\ еттерінің нашар жетілгенін және қанаттары төс сүйегінің қырына бекінгенін еттің жиырлуынан қозғалысқа келетінін атап айтады. Көкірек еттері өте жақсы дамыған, мысалы кептердің көкірек етінің салмағы оның жалпы салмағының 6,1 бөлігіне тең.
Құстың ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құстың ішкі құрылысымен таныстырып, ұшумен байланысты болған ерекшеліктерін атап көрсету.

Методтары: Мұғалімнің баяндауы.

Құрал - жабдықтар: Табиғи обьектілер, іші жарылған құстың препараты.



Сабақтың барысы: Сыныпқа сұрақтар қою арқылы жүргізуге болады, ұшумен байланысты құстар скелетінің қандай ерекшеліктері бар. Құстың алдынғы аяғы қалай өзгереді. Неліктен кесірткелер мен жыландардың омыртқа жотасы иілгіш, ал құстардікі мойын омыртқаларынан басқасы тұтасып біткен.

Жаңа материалды оқыту: Ас қорту органдары. Мұғалім құстардың өте қозғалғыш екенін, ұшқанда көп энергия жұмсайтыны жайында айтады. Энергияның көзі — қорек, сондықтан құс өте көп және жиі қоректенеді, мысалы сары шымшық тәулігіне өздерінің салмағы қанша болса, сонша жем жейтінін айтады. Ұсақ құстар ірі құстарға қарағанда жемді көбірек жейтінін атап айту керек. Ас қорту органының құрылыстары мен атқаратын қызметін айта отырып, мұғалім оның ұшуымен байланысты болған ерекшеліктеріне: ас қорту сөлінің күшті әсер ететініне, ащы ішектерінің сіңіру бетінің үлкендігіне, қорытылған заттың қалдығынан ішектің жиі босап тұратынына оқушылардың назарын аударады.

Тыныс алу органдары: Оқушылар жануарлардың тіршілігі үшін, азықтан басқа, оттек қажет екенін естеріне түсіреді. Құстардың ұшып жүргенде тыныс алуы бір басқа, жерде жүргенде басқаша болатынын түсіндіреді. Тыныштық күйде көкірек клеткасының көлемінің өзгеруі арқасында тыныс алып, шығаратын болады. Тыныс алғанда қабырғаның түйіскен бөлімдерінің арасындағы бұрғыш ұлғаяды, одан төс сүйегі төмен түседі.

Тыныс шығарғанда төс сүйегі өзінің қалыпты жағдайындағы күйінде болады. Ұшып жүргенде тыныс алу басқаша болады. Тыныс алғанда, қанаттарын жоғары көтергенде, ауа өкпе арқылы ауа қапшығына өтеді. Өкпеде газ алмасады және оттек ғана өтеді.

Ауа қапшығындағы ауаның құрамы жағынан атмосфера ауасынан айырмасы болмайды. Құс қанаттарын түсіргенде тыныс шығарады, еттері ауа қапшығын қысады, яғни басады, сөйтіп ондағы ауа өкпе арқылы өтеді және газ алмасатын болады. Мұғалім қосарынан тыныс алу құсқа тән қасиет екенін және организмді оттекпен көп мөлшерде қамтамасыз ететінін атап көрсетеді. Оттектің маңызы орасан зор. Дене клеткаларында органикалық заттар тотығады да, мұның салдарынан энергия бөлініп шығады. Мұғалім оқушыларға ауа қапшығының тағы қандай маңызы бар екенін ойлауды ұсынады.

Ауа қапшығы ұшқанда дене салмағын жеңілдетеді, құс денесінде жылу сақталуға жәрдемдеседі, суда жүзгенде меншікті салмағын азайтады және органдардың өзара үйкелуін кемітеді.


Құстардың көбеюі.

Сабақтың мақсаты: Құстардың көбеюі жайында ұғым беру. Құстың







күрделі организмі бір ғана ұрықтанған клеткадан дамитынын атап көрсету. Құстар мен бауырмен жорғалаушылар ұрықтарының ұқсастықтарына негіздей отырып, бұл жануарлар топтарының арасында туыстық байланыстың бар екнін белгілеу.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстардың ішкі құрылысы.

Сабақтың барысы: Сабақтың алдында мұғалім тақтаға сурет салады: жүрек құрылысының схемасын — қызыл түсті бормен оның сол жақ жартысын ал көк түсті бормен оң жақ жартысын және ас қорту органдарының құрылыс схемасын ас қорту бездерінсіз салады. Екі оқушы тақтаға шығып жауап береді. Біріншісі жүрек бөлімдерінің аттарын жазып көрсетеді, қақпақшаларының суретін салады, стрелкамен жүректегі қанның жүру бағытын көрсетеді және ауызша мына жүректің қай бөлімнен қан барлық органдарға кетеді, ал қан айналымның кіші шеңбері жүректің қай бөлімінен басталады? - деген сұраққа жауап берулері керек. Екінші оқушы ас қорту органдарының схемасымен аяқтайды, ас қорту қан айналымының бөлімдерінің аттарын жазады және ас қорту органдарының маңызы жайында айтып береді.

Осы уақытта мұғалім сыныпқа құсты ішкі құрылысындағы қандай ерекшеліктер ұшумен байланысты.

Сендер құстан қандай рефлекстерді байқадыңдар. Құстардың зат алмасуының қандай ерекшеліктері бар.

Бауырмен жорғалауіпылар сирек кездесетін температурасы төмен аудандарда да құстардың ұшырайтыны неліктен - деген сұрақтар қояды.



Жаңа материалды оқыту: Мұғалім тақырыпты айтып және тақтаға жазып одан кейін құстың ұрғашы немесе еркектерінің сырттай қарағанда айырмасы бар ма - деп сұрайды. Оқушылар құстардың еркектерінің реңі ашық түсті болатынын, бірақ мұндай ерекшелік барлығында бола бермейтіндерін айтады. Құстардың ұрғашыларында бір ғана аналық без болатынын, онда жұмыртқа клетка бір - бірден ғана жетілетініне оқушылардың назарын аударады.

Сондықтан құс бір ғана жұмырқа табады. Құстың дене салмағын жеңілдететін мүндай ерекшелік ұшуға бейімдеушілік болып табылады.

Мұғалім құстардың қатты қабықпен жабылған әжептеуір жұмыртқа салумен байланысты жамбастарының алдыңғы және төменгі жақтары ашық болатынын айтады.
Сүт қоректілер класы немесе аңдар

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Омыртқалардың ішіндегі көрнектілердің ең жоғарғы сатыдағы жануарлар екенін көрсету. Олардың құрылыстарының жоғарғы екені жылу беруді реттестіруге қаблеті келіп, жылы қанды болуынан төлдерін тірі тууынан, нерв системаларының күрделі болып дамуына байланысты мінез құлқының бейімделгіш келетінінен көрінеді.

Тіршілік жағдайына байланысты сүт қоректілердің алуан түрлі болатыны жайында ұғым беру керек.

Биологиялық ұғымдар.

Оқушыларды сүт қоректілердің сыртқы құрылысымен таныстыру. Сүт қоректілер бауырмен жорғалаушылардың сырқы құрылысында ұқсастықтарды белгілеу, тереңдете түсу.


Сүт қоректінің сыртқы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің сыртқы құрылысымен таныстыру. Сүт қоректілер бауыр мен жорғалаушылардың сыртқы құрылысындағы ұқсастықтарды белгілеу.

Методтары. Баяндау, өздігінен жұмыс істеу.

Құрал - жабдықтар. Табиғи объектілер, сүт қоректілердің тұлыбы.

Сабақтың барысы. Мұғалім өзінің қысқаша кіріспесінде омыртқалы жануарлардың соңғы класы сүт қоректілер немесе аңдар класын оқытуды бастайтыны жайында айтады. Осыдан соң оқушылардан олардың қандай сүт қоректілерді білетіндігін бұл жануарларды неге бұлай айтатынын сүт қоректілердің басқа жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын қорыта келе, мұғалім сүт қоректілердің ерекшеліктерін денесінде түгі болатынын, тірі туатындарын және төлдерін сүтпен асырайтындығын атап айтады. Мұғалім оқушылардың назарын бауырмен жорғалаушыларға қарағанда сүт қоректілердің аяқтарының жақсы жетілгеніне, сондықтан олардың денесі жер бетінен жоғары көтеріліп тұратынына аударады. Жануарлардың көпшілігі қозғалғанда аяқтарының саусақтарына сүйенеді.

Мұның өзі жануарлардың тез қимылдауына себін тигізеді. Мұғалім оқушылардың назарын түктің қылшығының түбітінің болатынына аударады. Және организмнің тұрақты температурасын ұстап тұруда денені жауып тұратын түктің маңызын атап айтады. Бегемот, піл немесе мүйіз тұмсық бұл жануарларда түктің болмайтынына көңіл аударады, бұларды терісінің жоғарғы қабатының қалың екенін айтады.

Жануарлардың көпшілігі жылына екі рет түлейді. Түлегенде түктің қалыңдығы, ал кейбір жануарларда оның түсі де өзгереді. Аңдардың қысқы терілілерінің жүні қалың және ұзынырақ болады да, түбітті келеді. Одан басқа кейбір аңдардың реңі жасына байланысты өзгергіш келеді. Төлдердің реңі ересек формулаларына қарағанда басқаша болады.

Сүт қоректілердің терісі, рептилий мен құстардың құрғақ терілерінен басқаша - әр түрлі тер, май, сүт және иіс бездеріне бай, май безінен шыққан зат тері мен түкті майлайды, сүтте төлдің дамуына қажетті барлық заттар бар, бір жануарлардың денесіндегі иіс безінен шығатын зат оларды қорғау қызметін атқарса, басқа біреулерінде әр жыныстарының бірін-бірі табуына жәрдемдеседі.

Бұғы мен бөкендердің жас ағатын қапшығынан, сондай-ақ текелердің тұяқтарынан бөлініп шығатын заттар бір түрге жататын особьтарды табу қызметін атқарады. Сабақтың соңында мұғалім мынандай сұраулар береді: Сүт қоректілердің басында қандай органдар болады? Сүт қоректілердің көру және есту органдарының қандай ерекшеліктері бар? Сипап сезу органдары қандай? Сүт қоректілердің тіршілігінде, әсіресе иіс сезу сезімі мен есту органдары маңызының ерекше екенін - баса айтады.


: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет