102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/3
Дата24.04.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3
: sites -> default -> files -> upload -> files -> ENT
ENT -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
ENT -> 101 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
ENT -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
ENT -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы
files -> Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №415 Қаулысы
ENT -> Республики казахстан национальный центр тестирования единое национальное тестирование


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ

(апробация)

СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


102 - НҰСҚА

Аты-жөні ___________________________________________________________


Қала (Облыс) _______________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
Мектеп ______________________________Сынып _________________________
Талапкердің қолы _____________________

2011

Назар аударыңыз!
1. Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және орыс тілі тестілерінен тұрады.
2. Тест сынағына берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).
3. Сіз қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзіңіз таңдаған бесінші пән бойынша тест тапсыруыңыз қажет.
4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.
5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
9. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

ЕСКЕРТУ:

- сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- жауап парағын ауыстыруға

қатаң тыйым салынады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ


1. Термин сөзді табыңыз.

A) Еркіндік.

B) Жарық.

C) Глобус.

D) Ханша.

E) Қызыл.



2. Дауыстылардың ерін қатысына қарай бөлінуін белгілеңіз.

A) Ұ, и, е.

B) Ү, а, ә.

C) О, ө, ү.

D) У, е, і.

E) Ө, ә, у.



3. Жуан, тұйық буынды сөзді табыңыз.

A) Ер.


B) Күй.

C) Оқ.


D) Қалт.

E) Сөз.


4. «Сый» сөзінен туынды түбір жасайтын қосымшаны көрсетіңіз.

A) -ің


B) -пен.

C) -лық.


D) -тық.

E) -ың.


5. Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз.

Жылы пештің қасында жатқан мысық та пыр-пыр етеді.

A) Бастауыш.

B) Анықтауыш.

C) Толықтауыш.

D) Баяндауыш.

E) Пысықтауыш.



6. Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықтаңыз.

A) Сәлмен, ән не туралы?

B) Атымды сұрадың ба?

C) Уәдесінде тұра ала ма?

D) Барған сен ғой?

E) Туып-өскен жер оңай дейсің бе?



7. Синонимдес тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

B) Тісін қайрау, риза болу.

C) Ат ізін салмау, ат ізін құрғатпау.

D) Қоян жүрек, жүрек жұтқан.

E) Көзге түртсе көргісіз, жап-жарық.



8. Күрделі сөзді табыңыз.

A) Әділеттілік.

B) Қасиеттерінен.

C) Самал.

D) Шақырған.

E) Апар.



9. Зат есім сөйлемнің қай мүшесі екенін анықтаңыз.

Жаныңдағы серіктерің өте сыпайы екен.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Толықтауыш.

D) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.



10. ”Сынық ағаш” тіркесіндегі сын есім қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

A) Зат есім.

B) Есімдік.

C) Етістік.

D) Үстеу.

E) Сын есім.



11. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Мен өзімнің жобам бойынша жасалған күн энергиясымен жүретін машинаны сыйға тартамын.

A) Толықтауыш,бастауыш.

B) Пысықтауыш, анықтауыш.

C) Толықтауыш, анықтауыш.

D) Бастауыш, пысықтауыш

E) Бастауыш, анықтауыш.



12. Ырықсыз етісті табыңыз.

A) Біз келген соң кештің ұйымдастырушысы ойынды бастатты.

B) Ызғарлы аяз бәрін жауратып, жылы жайды іздеттіргендей.

C) Келісім-шарт жасалды, енді іске кірісу керек.

D) Түсі бозарып бара жатқан қарияны немересі диванға отырғызды.

E) Анасы баласына шығарма жазысты.



13. Мекен үстеуді табыңыз.

A) Әжептәуір.

B) Анағұрлым.

C) Кенеттен.

D) Амалсыздан.

E) Тысқары.



14. -мыс, (-міс) және -ау шылауларының негізгі сөзге үстейтін мағынасын көрсет.

A) Күшейткіш мәнді.

B) Болымсыздық, қарсы мәнді.

C) Болжалдық мәнді.

D) Сұраулық мәнді.

E) Нақтылау мәнді.



15. Шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін табыңыз.

A) Қазақ елінің тарихы.

B) Елі үшін еңбек еткен.

C) Халық жүрегінде сақталады.

D) Қарынды қаламгерлігімен танымал.

E) Ғибратты ғұмырбаянын түйіндеді.



16. Есімшеден жасалған анықтауышты көрсетіңіз.

A) Көп жасаған білмейді.

B) Ойлай берсең, аларсың.

C) Жетектеген төбет қораға үрмес.

D) Адамның білгенін адам білер.

E) Өнерлінің өзегі талмас.



17. Жалғаулықты қарсылықты салалас бола алатын қатарды табыңыз.

A) Әр заманның өз үрдісі, дәстүрі бар, – әдебиеттегі тазалық пен әділеттілікті әркімнің өз арына тапсыру керек.

B) Халықтың өнеріне қиянат жасауға болмайды, қайта оны қолдау қажет.

C) Тауып сөйлесең, бағың жанады, ауып сөйлесең, астыңдағы тағың жанады.

D) Өрге салсаң, төске озар, ерте салсаң кешке озар.

E) Жүлде алсаң да, алмасаң да халықтың көңілінен шыға алмай қалсаң да, себебін алдымен өзіңнен сұрауың керек.



18. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.

Хабар жоқ саған кеткен елшілерден,

Ей, тағдыр, сөйлесейік,келші бермен!

A) Саған кеткен.

B) Тағдыр

C) Келші бермен.

D) Сөйлесейік, ей.

E) Хабар жоқ.



19. Әлеуметтік- саяси мазмұнды шешендік сөзге тән қатарды табыңыз.

A) Ғылыми баяндама.

B) Аза сөздер.

C) Құттықтау сөздер.

D) Репортаж.

E) Тілек.



20. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

A) Айран толы ыдыс әп- сәтте босады.

B) Еттартқыштың тетіктері босап қалды.

C) Бөлмесін ескі-құсқыдан босатты.

D) Босаған ыдыстар жиналып тұр.

E) Үйде отырғандардың көңілі босады.



21. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

A) Қара ағаш.

B) Боз жирен.

C) Тоқ екен.

D) Сақ адам.

E) Көк гүл.



22. Сан есімнің ережесіне сай жазылмаған қатарды көрсетіңіз.

A) Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған.

B) XV-XII ғасырларда «Түрік қағанаты» мемлекеті құрылды .

C) Ахмет Йасауидің 90 мың шәкірті болған.

D) Жандос Х - сыныпта оқиды.

E) Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті.



23. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Өңкей өрімдей жас жігіттер екен.

B) Көңіл шіркін шалқиды көк жайлаудай.

C) Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді.

D) Бір төбенің басында үркердей болып тұрады.

E) Әлсіз қурайдай қорғанға сүйеніп тұрған сияқтымын.



24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.

A) Илья Эренбург, Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін байқамай, шығармасына түсіре береді – дейді

B) ”Илья Эренбург: Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін байқамай, шығармасына түсіре береді – дейді’’

C) Илья Эренбург: ”Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін байқамай, шығармасына түсіре береді,’’– дейді

D) Илья Эренбург – ”Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін байқамай, шығармасына түсіре береді’’– дейді.

E) Илья Эренбург: Әрбір жазушы қайтсе де, өз өмірінің бір кезеңін байқамай, шығармасына түсіре береді, – дейді.



25. Сөйлемде қойылмаған тыныс белгілерді табыңыз.

Бұқар жырау не деген екен деді сұлтанды сөйлеткісі келіп.

A) Нүктелі үтір,сызықша.

B) Сызықша, сұрау белгісі, сызықша.

C) Сызықша, үтір, сызықша.

D) Қос нүкте, сызықша.

E) Қос нүкте, үтір.



ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


1. XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:

A) «Қасым ханның қасқа жолы»

B) «Жеті жарғы»

C) «Жасақ»

D) «Шежірелер жинағы»

E) «Есім ханның ескі жолы»



2. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл:

A) 1916 ж. 23 тамыз

B) 1917 ж. 26 шілде

C) 1917 ж. 20 наурыз

D) 1916 ж. 20 шілде

E) 1916 ж. 25 маусым



3. 1929 жылдан бастап Қазақстанның астанасы болған қала:

A) Қызылорда

B) Астана

C) Алматы

D) Омбы

E) Орынбор



4. Ұлы Отан соғысы болған жылдар:

A) 1941-1945 жж.

B) 1940-1944 жж.

C) 1943-1947 жж.

D) 1942-1946 жж.

E) 1939-1943 жж.



5. ХХ ғ. 40-50 жылдарының басында биология, медицина, геология ғылымдары саласының біраз ғалымдарына тағылған айып:

A) ұлтшыл

B) плагиат

C) космополит

D) шовинист

E) бүлікші



6. 1960-1970 жылдары Маңғыстау өңірінде қарқынды дамыды:

A) Түсті металлургия

B) Қара металлургия

C) Машина жасау

D) Мұнай өндіру

E) Химия өнеркәсібі



7. VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныстанған ел:

A) ұйғырлар

B) қырғыздар

C) салжұқтар

D) соғдылар

E) қидандар



8. «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» - деген жолдар кездеседі:

A) «Күлтегін» жазуында

B) «Тоныкөк» жазуында

C) Таңбалы Нұрада

D) «Талас» жазуында

E) Тамғалыда



9. 1207-1209 жылдары Шыңғыс хан бағындырған ел:

A) Сібір халқы

B) Керейлер

C) Наймандар

D) Енисей қырғыздары

E) Таңғұттар



10. Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау себебі:

A) Қытай шабуылынан қорғану

B) Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу

C) Сібір хандығына қарсы одақтас табу

D) Бірігіп біртұтас мемлекет құру

E) Қазақтарды қол астына қарату



11. XV-XVI ғғ. тайпалар одағы негізінде қалыптасқан басқару құрылымы:

A) Ұлыс


B) Қазақ жүздері

C) Ру


D) Ата-аймақ

E) Арыс


12. 1716-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер:

A) Жәміш, Өскемен

B) Атбасар, Обск

C) Орек, Қызылжар

D) Қапал, Верный

E) Омбы, Райым



13. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі:

A) Көтеріліске орыстар ғана қатысты

B) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы

C) Қоқан хандығына қарсы бағытталды

D) Бүкіл Қазақ жерін қамтыды

E) Он төрт жылға соғылды



14. 1844 жылы Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан отрядты басқарған сұлтан:

A) Шерғазы Айшуақұлы

B) Ахмет Жантөреұлы

C) Жәңгір Бөкейұлы

D) Қаратай сұлтан

E) Досалы сұлтан



15. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:

A) 15-25 ауыл

B) 12-15 ауыл

C) 10-12 ауыл

D) 12-20 ауыл

E) 15-20 ауыл



16. 1860 жылы 5 күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқан хандығының Жетісудағы бекінісі:

A) Тоқмақ

B) Ұзынағаш

C) Пішпек

D) Верный

E) Кәстек



17. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысның өкілі:

A) Г.Михаэлис

B) Г.Зеленский

C) С.Гросс

D) Я.Домашевич

E) А.Бяловский



18. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді:

A) Мемлекеттік банктерді жекешелендіруге

B) Жерді сатуға

C) Ірі кәсіпорындарды жалға алуға

D) Ірі кәсіпорындарды сатуға

E) Жерді жалға беру мен жалға алуға



19. Қазақстан Республикасы сайлау туралы кодексі қабылданды:

A) 1991 ж.16 желтоқсанда

B) 1993 ж. 9 желтоқсанда

C) 1993 ж. 28 қаңтарда

D) 1995 ж. 30 тамызда

E) 1992 ж. 2 наурызда



20. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:

A) Палеолит

B) Мезолит

C) Неолит

D) Энеолит

E) Қола



21. Ғұн билеушісі Еділ жауынгерлерінің Рим империясына қауіп төндірген мерзімі:

A) 5 ғасырдың 80-шы жылдары

B) 5 ғасырдың 50-шы жылдары

C) 5 ғасырдың 60-шы жылдары

D) 5 ғасырдың 70-шы жылдары

E) 5 ғасырдың 30-шы жылдары



22. Жібек жолының солтүстік бағыты екі тармаққа бөлінген жер:

A) Тараз қаласы

B) Испиджаб қаласы

C) Баласағұн қаласы

D) Талғар қаласы

E) Құлан қаласы



23. Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев винтпен жүретін өзен кемесін алдыртты:

A) Қытайдан

B) Англиядан

C) Италиядан

D) АҚШ-тан

E) Франциядан



24. ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси белсенділігінің күшеюіне әсер еткен оқиға:

A) Самодержавиенің құлатылуы

B) Автономиялық мемлекеттің құрылуы

C) Қазақ зиялыларының Мемлекеттік думаға сайлануы

D) Саяси реформалардың жүргізілуі

E) 1905-1907 ж. революция кезіндегі қозғалыстар



25. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында өткізілді:

A) Халық санағы

B) Президент сайлауы

C) Сенат депутаттарын сайлау

D) Маслихат депутаттарын сайлау

E) Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


МАТЕМАТИКА


1. Сізде және сіздің досыңызда бірдей мөлшерде ақша бар десек, сіздегі ақша 10 теңгеге артық болуы үшін досыңыз сізге қанша ақша беруі қажет?

A) 10 теңге

B) 25 теңге

C) 20 теңге

D) 5 теңге

E) 15 теңге



2. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:

A)

B)

C)

D)

E)



3. Өрнекті ықшамдаңыз:

A)

B)

C)

D)

E)






4. болса, мәнін табыңыз

A)

B)

C)

D)

E)



5. 6;3;1,5; … шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысын табыңыз.

A) 12


B) 6

C) 10,5


D) 101

E) 18


6. Жұп функцияны көрсетіңіз

A)

B)

C)

D)

E)






7. Жұп функцияның анықталу облысы болатын аралықты көрсетіңіз.

A)

B)

C)

D)

E)



8. Конустың осьтік қимасың ауданы 16-ға тең тікбұрышты үшбұрыш болса, онда осы конустың көлемі:

A)

B) 9

C) 14

D)

E) 15



9. ABCD квадратының қабырғасы -ке тең, ал диагональдары О нүктесінде қиылысатын болса, онда скаляр көбейтіндісін табыңыз.

A) 2


B) –1

C) 0


D) –2

E) 1





10. Теңдеуді шешіңіз:

A) 3


B) –3; 4

C) 0


D) – 3; 3

E) 15


11. Екі санның бөліндісі 28 және 20 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы екі санның айырмасы 7 мен 9 сандарының ең кіші ортақ еселігіне тең. Осы сандарды табыңыз.

A) 76 және 19

B) 72 және 18

C) 84 және 21

D) 88 және 22

E) 82 және 21



12. теңдеуінің түбірлерінің көбейтіндісі:

A)

B) 18

C) 3


D) 1,5

E) -8





13. Теңдеуді шешіңіз

A) 5; 13


B) 4; 8

C) 40


D) 8; 13

E) 5; 8


14. Теңдеуді шешіңіз:

A) –10


B) –0,1

C) 10


D) түбірі жоқ

E) 0,1


15. теңсіздігінің шешімі:

A)

B)

C)

D)

E)






16. Есептеңіз: , мұндағы

A)

B)

C) –

D)

E) –



17. = функциясы үшін  = 0 теңдеуін шешіңіз.

A) 0; 1

B) 0; 10

C) 0;

D) 0; 0,1

E) 0;



18. Берілгендері бойынша параллелограмның ауданын табыңыз:

A) 60


B) 240

C)

D) 120

E)






19. Тік бұрышты призманың толық бетінің ауданын табыңыз:

A) 960


B) 1128

C) 1680


D) 1040

E) 1200


20. Егерде 225 кг кентастан 36 кг мыс алынатын болса, онда осы кентаста қанша процент мыс болғаны

A) 16 %


B) 14 %

C) 18 %


D) 15 %

E) 17 %


21. Өрнектің мәнін табыңыз: , егер болса

A)

B)

C)

D)

E)






22. Теңсіздікті шешіңіз:

A)

B)

C)

D)

E)



23. теңдеуін шешіңіз.

A) ,

B) ,

C)

D) ,

E) ,



24. функциясының аралығындағы алғашқы функцияның жалпы түрін табыңыз.

A)

B)

C)

D)

E)




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет