11-сынып. Жмб. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер». 1-нұсқа



бет1/6
Дата23.04.2020
өлшемі107.57 Kb.
  1   2   3   4   5   6


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».
1-нұсқа.


  1. Егер тербелмелі контурдың индуктивтілігін10 есе арттырып, ал сыйымдылығын 2,5 есе кемітсе периоды қанша есе өзгереді?

  2. Айнымалы ток өтетін тізбек ұштарындағы кернеу U=U0sin(2πt) заңы бойынша өзгереді. t=1/12 с уақыт мезетіндегі кернеудің лездік мәні 9 В. Кернеудің амплитудалық мәнін табыңдар.

  3. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 0,5 А, ал оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы ток күші 11 А, ал оның ұштарындағы кернеу 9,5 В. Трансформатордың ПӘК-ін анықтаңдар.

  4. * 1000 Гц жиілікте индуктивтілігі 0,5 Гн болатын катушка және сыйымдылығы

0,1 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Осы электр тізбегіндегі толық реактивті кедергіні анықтаңдар. Толық реактивті кедергі қандай жиілікте нольге тең болады?
2-нұсқа


  1. 400 Гц жиілікте айнымалы ток тізбегіне индуктивтілігі 0,1 Гн катушка қосылған. Резонанс болу үшін осы тізбекке сыйымдылығы қандай конденсатор жалғау керек?

  2. Трансформатордың бірінші реттік орамдағы ток күші 2 А, оның ұштарындағы кернеу 220 В. Екінші реттік орамдағы кернеу 40 В. Екінші реттік орамдағы ток күші неге тең болады? Трансформатордағы шығынды ескермейміз.

  3. Ампермен өлшенетін ток күшінің мәні i=0.28sin50πt теңдеуімен берілген.Ток күшінің амплитудасын, жиілігі мен периодын табыңдар.

4 * Кернеудің әсерлік мәні 220 В болатын және жиілігі 50 Гц айнымалы токка актив кедергісі 5 Ом, индуктивтілігі 0,5 Гн катушка мен сыйымдылығы 40 мкФ конденсатор тізбектей қосылған. Ток күшінің әсерлік мәнін табыңдар.


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».


1-нұсқа

  1. Екі есе артады.

  2. 18В

  3. 95%

  4. 1548Ом,

2-нұсқа

  1. 1,6 мкФ

  2. 11 А

  3. 0,28А, 25Гц, 0,04с




11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №2 «Оптика».
1-нұсқа.

  1. Дифракциялық тор жазықтығына перпендикуляр жарық түседі. Торға түскен жарықтың толқын ұзындығы 600 нм. Егер екінші реттік дифракциялық максимум перпендикулярдан торға 30° бұрышқа ауытқыса, онда тордың периодын табыңдар.

  2. Линзадан 30 см қашықтықтағы нәрсенің де кескіні тура сондай қашықтықта орналасқан. Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығын табыңдар.

  3. Алмаздың абсолют сыну көрсеткіші 2,42. Алмаздағы жарықтың таралу жылдамдығын табыңдар. Вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығы 3*108 м/с.

  4. *Сыну көрсеткіші 5/3 болатын сұйықтығы бар ыдыс түбіне нүктелік жарық көзі орналасқан. Жоғарыдан қарағанда сол жарық көзі көрінбеуі үшін, сұйық бетінде жүзетін мөлдір емес дискінің минималь радиусы қандай болуы керек? Сұйық қабатының биіктігі 12 см.



2-нұсқа.

  1. Кейбір зат үшін толық ішкі шағылу бұрышы 30°. Осы заттың сыну көрсеткішін анықтаңдар.

  2. Жылдамдығы 2 м/с болатын қоңыз қабырғаға ілінген айнаға перпендикуляр ұшып соғылады. Оның кескіні қоңызға қандай жылдамдықпен жақындайды?

  3. Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне перпендикуляр болатын нәрсе линзадан 125 см қашықтықта орналасқан. Экрандағы оның кескінінің биіктігі 25 мм. Линзаның фокустық арақашықтығы 0,25 м болса, нәрсенің биіктігін табыңдар.

  4. * Дифракциялық тордың периодын анықтау үшін оған толқын ұзындығы 0,76 мкм сәулелердің жарық шоғын бағыттаған. Дифракциялық тор мен экранның арақашықтығы 1 м болса, экрандағы бірінші реттік спектрлердің арақашықтығы 15,2 см. Тор периоды неге тең болады?


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №2 «Оптика».

1-нұсқа

  1. Жауап: 2,4мк м

  2. Жауап: 15см

  3. Жауап: 1,24108

  4. *Жауап:9 см


2 -нұсқа


  1. Жауабы: 2

  2. Жауабы: 4

  3. Жауабы: 100мм

  4. *Жауабы: 10 мкм


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №3 «Фотоэффект».
1-нұсқа.

  1. Электронмен соқтығысу барысында 13,24 *10-19 Дж энергия ала отырып, атом сәуле квантын шығарады. Сәулеленудің жиілігін анықта.( петагерцпен). Планк тұрақтысы 6,62*10-34 Дж*с. (1 ПГц=1015 Гц)

  2. Фотон энергиясы 3*10-19 Дж жарық әсерінен металл бетінен ыршып шығатын фотоэлектрондар үшін тежегіш кернеу неге тең болады? Осы металл бетінен шығу жұмысы 3*10-19 Дж. Электронның заряды 1,6*10-19 Кл.

  3. Жарықтың толқын ұзындығы 5*10-7 м, металл бетінен электрондардың шығу жұмысы 3,3*10-19 Дж болса, фотоэффект құбылысы байқала ма?

  4. *Толқын ұзындығы 500 нм жарықпен фотоэлементті жарықтандырғанда фотоэлектрондар 1,125 В кернеумен тежеледі. Толқын ұзындығы 250 нм жарықпен фотоэлементті сәулелендіргендегі тежегіш кернеудің шамасын анықта.


2- нұсқа

  1. Жарықтың фотон импульсі 1,1*10-27 кг*м/с болса, жарықтың толқын ұзындығы неге тең болады? Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.

  2. Толқын ұзындығы 0,33 мкм ультракүлгін сәулелердің әсерінен металл бетінен ыршып шығатын электрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы қандай болады? (эВ). Электрондардың шығу жұмысы 2,8*10-19 Дж. Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с. (1 эВ=1,6*10-19 Дж)

  3. Металл бетіне түсетін жарықтың толқын ұзындығы 2 есе кемігенде, фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы 3 есе өсті. Электрондардың шығу жұмысы 5 эВ болса, фотондардың бастапқы энергиясын анықта (эВ).

  4. * 66 кВ кернеумен және 15 мА ток күшінде жұмыс істейтін рентген түтікшесі әрбір секунд сайын 1016 фотон шығарады. Жарықтың толқын ұзындығын 10-10 м деп санап, қондырғының ПӘК-ін анықта (пайызбен). Планк тұрақтысы 6,6*10-34 Дж*с.


11-сынып. ЖМБ.

Бақылау жұмысы №3 «Фотоэффект».
1-нұсқа.

1. 2 ПГц


2.  3 В

3. Е=3,9710-19 ДжАв , фотоэффект құбылысы байқалмайды.

4*. 3,6 В
2 -нұсқа

1. 610-7 м (600)

2. 2 эВ

3. 10эВ


4*. 2%(2)

11-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы № 4 «Атом ядросының физикасы».
1-нұсқа

  1. Массалық және зарядтық сандары 65 және 30 болатын мырыш ядросына қарағанда, массалық және зарядтық сандары 14 және 7 азот атомының ядросындағы нейтрондар саны неше есеге кем?

  2. Азот атомының ядросының 14N7 байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықта. Азот ядросының массасы 14,00304 м. а. б., протон массасы 1,00728 м. а. б., нейтрон массасы 1,00867 м. а. б. c2=931,5 МэВ/м.а.б

  3. t1 уақыт ішінде кейбір радиоактивті изотоптың бастапқы атомдар саны

k1=3 есеге азайды. Егер t2=2t1 уақытта k2 қанша есе кемиді?


  1. *Бір ядро ыдырағанда 200 МэВ энергия бөлінеді. Егер уран 235-тің тәуліктік шығыны 470 г болса, қуаты 240 МВт турбогенераторды іске қосу үшін ядролық реактордың ПӘК-ін анықта.



2-нұсқа

  1. Азот атомының ядросына 14N7 альфа бөлшек түсіп, сонда қалады. Осы кезде белгісіз элемент ядросы түзіліп, протон ыршып шығады. Менделеевтің периодтық кестесіндегі осы элементтің реттік нөмірі қандай?

  2. Алюминй атомының ядросының байланыс энергиясы мен меншікті байланыс энергиясын анықта. Алюминий ядросының массасы 26,98146м.а. б, протон массасы 1,00728м.а. б, нейтрон массасы 1,00867.м.а. б.,

с2 =931,5 (5дефект массыдддд



  1. Радиоактивті ядроның бастапқы атомдар санының 7/8 үлесі 150 с уақыт ішінде ыдырады. Осы ядроның жартылай ыдырау периодын тап.

  2. * Массасы М қозғалмайтын атом ядросы әрқайсысының тыныштық массасы m болатын екі бірдей бөлікке ыдырады. Түзілген бөліктердің жылдамдығын тап.


11-сынып. ЖМБ

Бақылау жұмысы № 4 «Атом ядросының физикасы».


  1. 5 есе.



  2. 9 есе.

  3. * 54%

(5дефект массыдддд

  1. нұсқа



  1. 8



  2. 50 c

  3. * (50)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет