1175 шығарылым Сейсенбі, 21 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы



жүктеу 271.03 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі271.03 Kb.
: data -> kaz-news
kaz-news -> Шығарылым №1175 Сәрсенбі, 15 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1188 шығарылым – Бейсенбі, 13 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1195 шығарылым – Дүйсенбі, 24 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1186 шығарылым – Сейсенбі, 11 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1196 шығарылым – Сейсенбі, 25 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> Шығарылым №1174 Сейсенбі, 14 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1177 шығарылым Бейсенбі, 23 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1176 шығарылым Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1181 шығарылым – Сәрсенбі, 29 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1194 шығарылым – Жұма, 21 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



1175 шығарылым - Сейсенбі, 21 желтоқсан, 2010






  • Номер мақаласы



    • Алматы қаласының орталығында "Рамстор» гипермаркеті өртенді – ТЖМ



  • Қазақстанда



    • Досқалиев қамауға алынғаннан кейін алғаш рет түсініктеме берді – қорғаушы

    • Мемлекет басшысы Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты



  • Мұнай-газ секторы



    • «Қазмұнайгаз» Павлодар МӨЗ-ның 50% сатуға ниет білдірді

    • «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры құрылысы үшін қазақстан-қытай ЖШС құрылған

    • Zhaikmunai өткен жылғы шығынға қарсы 9 айдың ішінде 30,2 млн.доллар кіріс кіргізді

    • Ғылыми зерттеулер өндірістің стратегиялық даму бағыттарына сай болуы қажет

    • Каспий құбыры консорциумын кеңейту жобасын инвестициялау туралы Қорытынды шешім қабылданды



  • Энергетика



    • «KEGOC» АҚ – соңғы бес жылда Астананың энергия тұтынуы 30% артқан



  • Қаржы және инвестициялар



    • Қазақстан компанияларының акциялары азия нарығы тартымдылығының төмендеуінен нық өсіп келеді – талдама

    • Fitch Қазақстан рейтингісі бойынша болжамды «Позитивті» өзгертіп, рейтинг деңгейін "BBB-" бекітті

    • «Данабанк» АҚ-ның аталуын өзгерту туралы шешім қабылданды

    • Moody's ҚДБ «Baa3» рейтингтегі 500 млн еуробонд шығаруды меншіктеді, Fitch«BBB-» рейтингісін меншіктеді

    • Вице-премьер Исекешев Назарбаевқа жеделдетілген индусриялау бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады



  • Тау-кен металлургия саласы



    • SAT&Company-дың ShalkiyaZinc капиталына енуі жөніндегі келісім жасау мерзімі созылды



  • Сауда және тұтыну тауарлары



    • Қазақстанның антимонополия ведомствосы Жаңа жылда бағаны өсірмеуді талап етті



  • Транспорт және коммуникациялар



    • Транспорт және коммуникация Министрлігінің басшысы – Қазақстанда Еуро-3 стандарты 2011 жылдың шілдесінен бастап енгізіледі

    • Спутниктік көрсетілім сынама режимде жүргізіле бастады



  • Жылжымайтын мүлік



    • Оңтүстік Қазақстан жаңа үлгідегі цемент зауыты іске қосылды



  • Адамдар және тренинг



    • «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның директорлар кеңесі құрамында өзгерістер болды



  • Сақтандыру мен қауіптерді басқару



    • «БТА Забота», «Атланта-Полис» және «БТА Сақтандыру» компанияларының қайта құрылу процесінің кезекті сатысы аяқталды



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар



    • БАҚ – Қырғызстан Президенті шекаралық бақылауды күшейту қажет деп есептейді

    • 2017 жылы Түркменстан V Азия ойындарын жабық ғимараттарда өткізеді

    • Оңтүстік Корея «КДБ» банкі "RBS Узбекистан NB" 82,35% көлемінде үлесін сатып алмақ



Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Алматы иқаласының орталығында "Рамстор» гипермаркеті өртенді – ТЖМ


Алматының ірі сауда орталықтарының бірі – «Рамсторда» өрт болды, деп хабарлады дүйсенбіде ҚР ТЖМ баспа қызметтері.

Фурманов көшесінің бойында орналасқан гипермаркеттегі өрт демалыс күні сағат 12-де басталған. Гипермаркеттің сыртқы қаптауы өртенген.

ТЖМ хабарлағандай, құрбандар мен зиян шеккендер жоқ. От бір сағаттың ішінде сөндірілген. Өрт болған орыннан 20 адам сыртқа шығарылған. Өртке шалынған аумақ 60 квадрат метр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазақстанда



Досқалиев қамауға алынғаннан кейін алғаш рет түсініктеме берді – қорғаушы


Қаржы полициясы өзінің қызмет бабын пайдаланды және пара алды деген айып таққан Қазақстан денсаулық сақтау экс-мимнистрі Жақсылық Досқалиев қамауға алынғаннан және денсаулығының нашарлауынан кейін алғаш рет түсініктеме бергені туралы қорғаушысы Едуард Шомпиев, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Досқалиевқа қатысты қылмыстық іс қыркүйек айының соңында Медицина академиясының ректоры ретінде қызмет атқаруы кезінде қызмет бабын пайдалану мен пара алуы туралы күдікпен қозғалған болатын. Қаржы полициясының тергеуінен кейін Досқалиев инсульт диагнозымен аурухана жатқылыған, алайда, коррупцияға қарсы ведомство оған ауруы жалған деген тағы айып тақты. Қараша айында Қазақстанның қаржы полициясы Досқалиевтың денсаулық сақтау министрі қызметін атқаруы кезінде жасалған заң бұзушылықтары бойынша екі қылмыстық іс қозғады.

2009 жылдың қараша айында Досқалиевтың бұйрығымен министрлік балансына 240 төсек орны бар 8,5 миллиард теңгені құрайтын «жедел жәрдем» ғылыми-зерттеу иснтитуты енгізілген. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдаған құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізілмеген, жобалық-смета құжаттары мен стандарттарға сәйкес емес деп қаржы полициясы айыптады.

Досқалиевтың қорғаушысының пікірінше, ол «алдын ала тексеруді толығымен жоққа шығаратын негізді жауаптар» берген.

«Осы турасында тексеру шілердің енқандай сұрағы болмады. Бұл жағдай алдын ала тексеру органының жағдайын күрделендіруі мүмкін», - деп есептейді Шомпиев.

Қазіргі кезде экс-министр денсаулығына байланысты үш сағаттан артық түсініктеме бере алмайды, деп толықтырды қорғаушы. Қорғаушы келесі түсінік беру күнін айта алмады, себебі ол «тексерудің қарауымен, олар қалай шешеді, соған байланысты. Бүгінгі тергеушілерде басқа сұрақтар туындамады», - деп қорытты ол. Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.


Мемлекет басшысы Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты


Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев талантты актер Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаевтың қайтыс болуыфна байланысты оның жақындары мен туыстарына қайғысына ортақтасын жеделхат жолдады.

Ол туралы мемлекет Басшысының баспа қызметтері хабарлады.

«Құдайтерген Тәуекелұлы өзінің актерлік талантының арқасында бүкіл халықтың шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының артисі және «Тамаша» бағдарламасының негізін қалай отырып, Құдайберген Сұлтанбаев көрермендер есінде жарқын образдарымен қала білді. Халықтың жоғары бағасы мен құрметіне ие болуы арқасында Парламент депутаттығына сайланды. Құдайберген Сұлтанбаевтың сан қырлы еңбегі мен жарқын келбеті мәңгілік халқымыздың жадында сақталатын болады», - делінген жеделхатта, деп хабарлайды Қазақпарат.

Мұнай-газ секторы



«Қазмұнайгаз» Павлодар МӨЗ-ның 50% сатуға ниет білдірді


«Қазмұнайгаз» Павлодар мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) 50 пайызына дейін сатуды жоспарлап отыр, - деп «ҚазМұнайГаз» басшысы Қайыргелды Қабылдин хабарлады.

«Біз ресейлік компаниялармен МӨЗ 50% дейін сату туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Зауытпен қоса, АЖС жүйесін де сату жоспарда бар», - дей келе, келіссөздер қандай ресейлік компаниялармен жүргізіліп жатқандығы айтылмады.

Қашаған кен орнында мұнай өндіру жоспарлары туралы айта отырып, «ҚазМұнайГаз» басшысы, мұнайдың кәсіпорындық өндірілуі 2015 жылдан басталады деді.

Павлодар мұнай химиялық зауыты 1978 жылы іске қосылған болатын. Анықталған өңдеу қуаты жылына 5 млн тоннаны құрайды. 2014 жылға дейін кәсіпорынды жаңарту шаралары аясында, зауытта шикізат өңдеу мөлшерін жылына 7,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін және «Еуро-4» маркалы бензин шағаратын 6 жаңа технологиялық жабдықтар енгізу жоспарланып отыр. Зауыт «Омск-павлодар» құбыры арқылы Ресейден жеткізілетін батыс-сібір шикізатты өңдейді.

Ресми емес мәліметтерден, «ҚазМұнайГаз» МӨЗ акциясының 50%-ын 600 млн.долларға сататыны туралы хабарланған. Қазақстандық компания басты сатып алушы ретінде Ресейдің ТНК-ВР қарастырған. Ертеректе Қазақстанда жұмыс атқарып келе жатқан «ЛУКОЙЛ» МК мен «РОСНЕФТЬ» ААҚ өкілдері бұл активке қызығушылықтары жоқтығын мәлімдеген болатын. Активке «Газпром нефть» де қызығушылық білдірді, деп хабарлайды RusEnergy.

«Бейнеу-Шымкент» газ құбыры құрылысы үшін қазақстан-қытай ЖШС құрылған


«ҚазТрансГаз» АҚ-ы мен қытай компаниясы «Trans-Asia Gas Pipeline Co Ltd» «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы құрылтай келісімге қол қойды.

Жобаны жүзеге асырудың басты мақсаты республикамыздың оңтүстік аймақтарында батыс облыстардағы кен орындарынан алынатын газды жеткізу кезінде энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мен сенімді түрде газ жеткізуді арттыру болып табылады.

Жобаны қаржыландыру қазақстан және қытай жақтарының бірдей үлесі әрқайсысының 500 миллион доллар жарғылық капитал есебінен 1 миллиард доллар және қарыздық қаржы 3 миллиард доллар көлемінде болады. ЖШС-нің жарғылық капиталының қазақстандық бөлігі республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Газ құбырының ұзындығы 1475 километрді құрайды, маршрут Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан аумағын қамтиды. Жамбыл мен Алматы облыстарын қамтамасыз ету үшін «Бұхара газ өзкізу аймағы – Ташкент-Бішкек-Алматы» газ құбырымен мен «Қазақстан-Қытай» газ құбырыың бірінші бөлімшесіне қосылатын болады.

Газ құбырының құрылысы екі сатымен жүргізілетін болады: бірінші саты (2011-2012жылдар) – «Бозой-Шымкент» (1164 километр) желі бөлігінің саласы мен Бозой кенті аумағында (Ақтөбе облысы) компрессорлық станция құрылысы. Екінші сатыда (шамамен 2014-2015 жылдары) «Бейнеу-Бозой» (311 километр) желі бөлігінің саласы мен Қараөзек (Қызылорда облысы) кенті аумағында копрессорлық станция соғылатын болады.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасында газ құбыры өту бойында орналасқан елді мекендерді қамтамасыз ету үшін жасалатын 26 бұрылыс қарастырылған. Құрылыс кезінде түрлі саладан 3,5 мың маман жұмысқа тартылатын болады, 2013 жылы бірінші саты іске қосылған соң 500 тұрақты жұмыс орны қалыптасады.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасы Қазақстан мен ҚХР үкіметтері арасындағы 2007 жылдың 18 тамызына енгізілген 2009 жылғы 14 қазандағы өзгерістер мен толықтырулармен Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысы мен іске қосылуы ынтымақтастығы туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Zhaikmunai өткен жылғы шығынға қарсы 9 айдың ішінде 30,2 млн.доллар кіріс кіргізді


Қазақстанның солтүстік-батысында мұнай өндіретін Zhaikmunai L.P., мұнай компаниясы 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындылары бойынша 2009 жылдың осы мерзіміндегі 20,458 миллион доллар шығынға қарсы 30,213 миллион доллар көлемінде таза табыс тапты, деп хабарланды компанияда.

Компанияның есептік кезеңдегі кірісі 2009 жылмен салыстырғанда 65% артық 127,780 миллион долларды құрады, EBITDA көрсеткіші 86,3% артып, 71,238 миллион долларға дейін құраған.

Компания хабарламасы бойынша, бұл есептілік мәліметтері 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда –баррелі 78,33 долларды құраған, осы жылғы сатылған мұнайдың орташа құны 36,4% артқан.

Компанияның биылғы жылдыңқаңтар-қыркүйек айларындағы жалпы кірісі 89,531 миллион доллар болған, ол 2009 жылдың осы менрзіміндегі 46,035 миллион долларына қарсы.

Компания мәліметтері 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2,097 миллион баррель мұнай өндірсе, 2009 жылы 1,969 миллион баррель мұнай өндірілгенін көрсетеді.

Zhaikmunai L.P компаниясының негізгі активі Қазақстанның солтүстік-батысында РФ шекарасынан 60 километрде орналасқан Чинаревское кен орны (274 квадрат километр) болып табылады. Компания құнды қағаздары Лондон қор биржасында листингтен өткен.

Қазан айының басында компания газ қайта өңдеу зауытының құрылысы аяқталғаны туралы хабар еткен. Zhaikmunai менеджменті зауытты толығымен іске қосқаннан кейін компания өндірісі қазіргі күніне 7,4 мың баррельден 48 мың баррельге дейін өндіруге өседі деп күтуде.

Компания директорлары Кеңесінің басшысы Бельгия кәсіпкері Фрэнк Монстри компания акциясының 40,5% иемденсе, «ҚазСтройСервис» инженерлік-құрылыс компаниясы 27% иемденеді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.




Ғылыми зерттеулер өндірістің стратегиялық даму бағыттарына сай болуы қажет


Айгүл Тұрысбекова, Қазақпарат

20 желтоқсанда соңғы жылдар ішінде алғаш рет өндіріс пен ғылым өкілдерінің кездесуі өтті. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты орнату жөніндегі мәселелер кеңінен қозғалды. Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры Ұзақбай Қарабалин, таяуда Алматыда Қазақстан-британ техникалық университетінде өткен «ҚР өндірістік секторында ІТ және химия-технологиялық зерттеулерді жүзеге асыру туралы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы қорытыдылары туралы Қазақпарат тілшісіне айтты.

Оның сөзіне қарағанда, ғылыми зерттеулер өндірістің даму стратегиялары талаптарына жиі сай келмей жатады. «Қазіргі таңда өндірушілерге экономикалық тиімділік беретін нақты технологиялық шешімдер қажет», - деп бекітті Қарабалин.

Бүгінгі күні ғылыми зерттеулерді өндіріске қандай түрде енгізу қажеттігі туралы сөз қозғады. «Ғылым мен өндіріс арасында тағы да бір звено болуы қажет – ол жартылай өндірістік технологиялар құру және сынақтық үлгілерді сынау үшін экспериментальдық полигондар болуы керек. Қазіргі кезде өндірістер әлемдік сынақтан өткен технологиялар негізінде жұмыс істейді, еш кәсіпорынға жекелей сынақ қажет емес. Мұндай полигондарды еркін экономикалық аймақ территорияларында жасаған дұрыс болар. Мысалы, «Алатау-сити» ақпараттық технологиялар паркінде сынап, өндіріске енгізетін болсақ», - деп атап көрсетті Қарабалин


Каспий құбыры консорциумын кеңейту жобасын инвестициялау туралы Қорытынды шешім қабылданды


Мәскеуде Каспий құбыры консорциумы (КҚК) құбырмен жеткізу жүйесінің механикалық қуаттылығын жылына 67 млн тонна мұнайға дейін кеңейту жобасы бойынша инвестициялау туралы қорытынды шешім қабылданды.

Ресей Федерациясының энергетика министрі Сергей Шматко мен Қазақстан Республикасы мұнай жіне газ министрінің орынбасары Ляззат Қиынова, «Транснефть» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниялардың өкілдері, сонымен қатар КҚК бас директоры жүйенің өткізу көлемін көтеру бойынша жұмыстың басталуына жағдай жасайтын консорциум акционерлерімен келісілген құжатқа қол қойды, деп хабарланған «ҚазМұнайГаз» ҰК пресс-релизінде.

Қабылданған шешім аясында жобаның барлық парамертлері: қаржылық-экономикалық пен жүзеге асыру кестесінен бастап қоршаған орта мен өндірістік қауіпсіздік міселелеріне дейін қамтылған. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінен басталады. Кеңейту жұмыстары үш сатыда жүзеге асырылатын болады. Жоба толығымен 2014 жылы аяқталады. Кеңейту жобасының құны 5,4 миллиард долларды құрайды.

Қаржыландырудың негізгі көзі ретінде КҚК-ның акционерлерінің тарифті көтеру және несие бойынша пайыз мөлшерін азайту мен қарыздарды қайтаруды толығымен тоқтату шешімін қабылдау жағдайында жұмыс істеу нәтижесінде жиналған тарифтік түсімнен қалыптасқан, жеке меншік қаражат қолданылады.

Каспий құбырлық жеткізу консорциумының бас директоры Николай Платонов өз кезегінде: «Бүгін көптен күткен шешім қабылданды. КҚК ұжымы жобаны жүзеге асыруға және акционерлер тапсырған параметрлерге сай Ресей мен қазақстан заңдарының нормаларын сақтай отырып жұмыс істеуге даяр», - деп мәлімдеді.

КҚК кеңейту жобасында жылына 67 млн тоннаға дейін қуаты ұлғайтылған құбыр, 10 қосымша мұнай айдайтын (2-і Қазақстан, 8-і Ресей аумағында орналасқан) станциялар құрылысы, Новоросиийск қаласының маңында мұнай сақтайтын 6 резервуар және КҚК теңіз терминалында жағалаулық төзімді үшінші қондырғы, сонымен қатар Қазақстан аумағында құбырдың 88 киломертін ауыстыру қарастырылған.

Акционерлері: Ресей Федерациясы (Транснефть – 24% мен КҚК Компаниялары – 7 %) – 31%; Қазақстан Республикасы («ҚазМұнайГаз" ҰК – 19% мен Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%, деп хабарлайды Қазақпарат.

Энергетика



«KEGOC» АҚ – соңғы бес жылда Астананың энергия тұтынуы 30% артқан


Соңғы бес жыл ішінде Астананың энергия тұтынуы 30% артып отыр. Ол туралы 20 желтоқсанда «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола МЭС» филиалының директоры Мұхтар Бекенов қалалық орталық қосалқы станциядағы пресс-турда журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Өз кезегінде, филиалдың бас инженері Василий Иерг, электр қуатын пайдалану жыл мезгіліне байланысты, деп қосты. «Яғни, күз-қыс мезгілдерінде, мәселен, қараша-желтоқсан айларында күрт көбейеді. Ал сәуірде төмендей бастайды», - деп атап өтті В.Иерг.


Қаржы және инвестициялар



Қазақстан компанияларының акциялары азия нарығы тартымдылығының төмендеуінен нық өсіп келеді – талдама


Көбінесе қазақстандық ірі кәсіпорындар мен банктердің акцияларынан құралатын RENCASIA индексі қарашада 4% өскен.

Қазақстанның ірі өтімді 13 компаниясы кіретін RENKAZ индексі 7,7% мәнінде көтерілген.

Дамып келе жатұан нарықтың қалған негізгі индекстерінің көбісі ай қорытындысы бойынша қызыл аймақта жабылып қалған, деп хабарлайды «Ренессанс Капитал» компаниясының талдаушылары.

Қарашада айындағы күрт жоғары өсу қазақстандық индекстің жағымды аймақ мәніне оралуына мүмкіндік берді. 2010 жылдың қаңтарынан қарашаға дейін RENCASIA 7,9%, ал RENKAZ – 6,6% көтерілген.

Индекстердің жағымды жаққа қарай бетбұрыс жасауына уран, алтын және мұнай өндіруші компаниялар енгізген құнды қағаздары зор үлесін қосты. Америка экономикасына дем беру үшін жасалған шара қарашаның басында АҚШ-та жариялау шикізат бағамының едәуір өсуіне әсер етті. Металл құны 4% өскен. Мыс, күміс пен алтын бағамы бойынша осы уақытқа дейінгі минимумға қайшы жоғары көрсеткішті құраған. RENCASIA өсімінің Uranium One (+19,6%), ҚазМұнайГаз БӨ (+11,5%), Қазақмыс (+3,5%), Centerra Gold (+2,7%),және Tethys Petroleum (31%) итермелеуші күш болғаны өз алдына белгілі.

«Халық» банкі жақсы динамикамен (6,3% өскен) ерекшеленді. Құнды қағаздарды сату бойынша Uranium One жылдың басына қарағанда қараша айында орташа көрсеткіштен үш есеге жоғарылаған, Centerra Gold-та көлемі екі есе артқан болса, ҚазМҰнайГаз БӨ өсім 50% құрағанб деп хабарлайды Қазақпарат.


Fitch Қазақстан рейтингісі бойынша болжамды «Позитивті» өзгертіп, рейтинг деңгейін "BBB-" бекітті


Fitch Ratings Қазақстанның шетел валютасындағы дефолт эмитентін ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжамды «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге өзгертті және осы рейтингті "BBB-" және "BBB" деңгейінде бекітті.

«Қазақстанның рейтингілері бойынша болжамды қайта қарау ғаламдық экономикалық дағдарыстың едәуір әсер етуінен кейін қайта қалпына келуін, экономикалық өсу, төлемдік баланстың жақсаруы, банк жүйесіндегі тұрақтылық белгілері мен бюджеттік жетіспеушіліктің төмендеуі және мемлекеттік баланстың нығаюы көрсетеді», - экономикасы дамып келе жатқан Еуропа елдерінің тәуелсіз рейтингісі жөніндегі Fitch талдау тобының басшысы Эд Паркер дей отырып, банк секторларында күрделі несиелер қауіптің негізгі көзі және тәуелсіз рейтингті ұстап отырған басты фактор болып қалуда.

Макроэкономикалық конъюнтура қазіргі кезде несие беруге қабілетті болудың негізгі факторы болып отыр. ЖІӨ алғаш рет 2010 жылдың 1 тоқсанында 7,5 % көтеріліп, мұнай өндіру мен мұнай бағасының артуына және жүргізілген саясат шараларының ынталадыру нәтижелеріне әсер етті. Fitch ЖІӨ өсуін 2011 және 2012 жж. қазіргі кезде бақыланып отырған қытайдағы шикізат тауарлары секторы мен экономикалық өсуге байланысты, сонымен қатар шетелдік инвестициялардың басымдылығы мен инфрақұрылымның дамуы 5-6 пайызға артуына әсер ететін болады деп болжайды.

Билік 2015 жылдары Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында мұнай өндіру жұмысы басталысымен, мұнай өндіру күрт өсетін болдаы деп күтуде. Өндіру шамамен 2020 жылдарға қарай екі есеге арттып, нәтижесінде Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші мемлекетке айналатын болады.

Тәуелсіз рейтингті ұстап тұрған банк секторы болып табылады.

Қазақстанның рейтингісіне әсер етіп отырған басқа да әлсіз жақтары, корпоративті басқару мен коррупция, бағаның шикізат тауарларына әсер етуі (жоғары макроэкономикалық құбылмалылық білдіреді), баяу іскерлік климат инвестициялардығ диверсификация мен өсуді жібермей отыр, сонымен қатар инфляция құбылмалылығы мен макро қаржылық тұрақсыздықтың жоғары және жеткілікті болуына әсерін тигізуде.

Рейтингтің жоғарылауына қысым жасауы тәуелсіз баланстың тұрақты болуы жағдайында мүмкін. Керісінше, банк жүйесінде басым проблемалардың пайда болуы, мұнай бағасының ұзақ уақытқа төмендеуіне немесе салықтық-бюджеттік тәртіптің әлсіреуі рейтингке кері әсерін тигізуі мүмкін, деп болжап отыр Fitch Ratings.

«Данабанк» АҚ-ның аталуын өзгерту туралы шешім қабылданды


«Данабанк» (Қазақстан) АҚ-ның акционерлері банктің аталуын өзгерту туралы шешім қабылдады және директорлар Кеңесінің жаңа құрамын сайлады. Осындай ақпарат бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында көрсетілген.

«Данабанк» АҚ жарғылық капиталына Punjab National Bank енуі туралы хабарлайды», 2010 жылдың 13 желтоқсанында Punjab National Bank 3,5 миллион акцияны иеленіп, «Данабанк» АҚ дауысқа салынған акциясының, 63,64% меншіктенді», - деп хабарланған.

2010 жылдың 15 желтоқсанында «Данабанк» АҚ-ның акционерлері жиналысында оның аталуын «Punjab National Bank» Еншілес банкі» акционерлік қоғамы, қысқаша «PNB» ЕБ» АҚ деп өзгерту туралы шешім қабылданып, Банктің жаңа директорлар Кеңесі құрамы: «Данабанк» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы - Дубей Саши Кант, директорлар Кеңесінің мүшелері - Верма Ашок Кумар, Қуанышев Тимур Оразбекұлы, тәуелсіз директорлар - Сешадри Банавара Сринивасачар, Жандосов Ораз Әлиұлы сайланды, деп хабарлайды Business Resource.


Moody's ҚДБ «Baa3» рейтингтегі 500 млн еуробонд шығаруды меншіктеді, Fitch«BBB-» рейтингісін меншіктеді


Халықаралық рейтинг агенттігі Moody's Investors Service Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) 500 миллион доллар еуробондын шетелдік валютада ұзақ мерзімді қарыз «Baa3» рейтингісінде шығаруды меншіктеді, деп хабарлайды агенттік.

Меншіктелген рейтинг ҚДБ шетелдік валюта эмитентінің ғаламдық рейтингісіне сәйкес келеді - «Baa3», рейтинг бойынша болжам «тұрақты».

Осы шығарылымның бірлескен жетекші менеджерлері Citigroup Global Markets Limited, Deutsche Bank AG, Halyk Finance және J.P. Morgan Securities Ltd болды. Сол күні халықаралық рейтинг агенттігі Fitch Ratings Қазақстан Даму Банкінің еуробонд шығаруын ұзақ мерзімді «BBB-» рейтингте 500 миллион долларға меншіктеді.

ҚДБ жоғары қамтамасыз етілмеген қарыз ғаламдық облигацияларын осы жылдығ желтоқсанында RegS/144А форматта орналастырған болатын. Құнды қағаздарды айналым мерзімі – 5 жыл. Купонның жартыжылдық тұрақты құны – 5,5%. Банк мәліметтері бойынша, өтініштен тіркеу кітабы жоспарланған орналастырудан 5,6 есеге асып жеткен.

Облигациялар 2 миллиард доллар көлемінде орта мерзімді ноттар эмиссиясы бағдарламасы аясында шығарылған.

Осы шығарылымның жетекші менеджерлері Citigroup Global Markets Limited, Deutsche Bank AG, Halyk Finance және J.P. Morgan Securities Ltd болды. ҚДБ мына рейтингтерге ие: «BBB-» (Standard & Poor's), «BBB-» (Fitch) және «Baa3» (Moody's), деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Вице-премьер Исекешев Назарбаевқа жеделдетілген индусриялау бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады


Қазақстанның вице-премьері Әсет Исекешев еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстанның жеделдетілген индустриялық-жаңарту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы әңгімеледі.

Жеделдетілген индустриялау бағдарламасы 2014 жылға дейін жоспарланған, ол Қазақстанда 2010 жылы басталды. Осы жылдың соғына дейін индустрия министрлігінің мәліметтері бойынша, жалпы құны 459 миллиард теңгені құрайтын 72 жоба іске қосылмақ.

Алдын ала есептеу бойынша, 2015 жылғы дейінгі индустриализациялау бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру үшін 10 триллион теңгеден астам қаражат қажет болады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Тау-кен металлургия саласы



SAT&Company-дың ShalkiyaZinc капиталына енуі жөніндегі келісім жасау мерзімі созылды


ShalkiyaZink қазақстандық металлургия тобы акциясының 81,39% SAT&CO 50 млн. долларға сатып алуы бойынша келісімнің аяқталу мерзімі 2011 жылдың 31 науырызына дейін ұзартылды.

Аталмыш келісім осы жылдың соңына дейін бітуі қажет болатын.

Қазіргі кезде екі компания да таяу мерзім ішінде ҚР үкіметінің құнды қағаздарды сатып алу басым құқынан бас тартуын күтіп отыр.

SAT&CO қарапайым акциялардың 24,7 млн. дейін бір акцияны 2,023 доллармен сатып алуы туралы келісілген болатын. Келісім-шарт жасасу нәтижесінде бақылаушы акционерлердің иемденетін акционерлік капталының 75,45% үлесі 13,8% дейін төмендейтін болады. Оған қоса, ГДР ұстайтын ShalkiyaZink үлесі Лондон қор биржасының айналымында, әр компанияның 0,1 акциясы 25,55 % 4,75% төмендейтін болады.

ShalkiyaZink – қазақстандық тау-кен өндіруші тобы болып табылады, Қызылорда облысында орналасқан Шалқия кен орнында аралас металл мен қорғасын-цинк рудалары өңдеумен айналысады.

SAT&CO – металлургия мен мұнай химия облысында жобаларды жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорын холдингі, Курсив хабарлайды.


Сауда және тұтыну тауарлары



Қазақстанның антимонополия ведомствосы Жаңа жылда бағаны өсірмеуді талап етті


Қазақстанның бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі (антимонополия агенттігі) әкіматтардан жаңа жыл кезінде қымбатамауы үшін, азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды күшейту мен олардың алдын алу іс-шараларын қолдануды талап етіп отыр.

«Жергілікті атқарушы органдарға азық-түлік тауарларына, әсіресе, ет пен сүт өнімдеріне бағаның тұрақты болуын қадағалайтын аймақтық штабтардың жұмысын күшейту мен қажетті мөлшерде тағамдық қормен қамтамасыз ету тапсырылды», - деп айтылған БҚА азық-түлік тағамдары бағасы жөніндегі мониторинг бойынша жұмыс тобының отырысы қорытындысында.

Жергілікті билік органдарының ақпаратына сәйкес, аймақтар жеткілікті мөлшерде бидай және ұнмен қамтамасыз етілген. Облыстарда мерек күндері және мерекелер алдында әлеуметтік маңызы бар тағамдық өнімдер бағасын «тұрақты ету» туралы меморандумға қол қойылған. Көтерме сауда орындарынан бастап жеке сатушыларға дейін бағаға мониторинг жүргізетін мобильдік топтар жұмыс істеуде, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Транспорт және коммуникациялар



Транспорт және коммуникация Министрлігінің басшысы – Қазақстанда Еуро-3 стандарты 2011 жылдың шілдесінен бастап енгізіледі


Қазақстанда экологиялық стандарт Еуро-3 енгізу 2011 жылдың 1 шілдесіне ауыстырылды, деп хабарлады ҚР транспорт және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

Алғашында республика аумағына әкелінетін автотранспорттардың Еуро-3 стандартына сәйкес болу талабы 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі деп болжанған. Алайда, министрлік басшысының блогындағы жауабы көрсеткендей, ауыстыру «АҚШ мен Еуропа одағы елдерінен әкелінетін 2005 жылдан жоғары жапондық көліктерді жеткізу үшін келісім-шарттар жасалғандықтан, экологиялық саты-3 іске асырылу мерзіміне дейін Қазақстан аумағына әкеліп үлгермеуіне байланысты көптеген жеке тұлғалардың өтініші» негізінде кейінге шегерілген.

Транспорт және коммуникация Министрлігі мерзімді өзгерту үшін техникалық регламентке өзгерістер енгізуді жүзеге асырған. Министр Құсайыновтың мәліметі бойынша , Еуро-3 стандарттарына сәйкес келетін жанармай өндірісі 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталмақ, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Спутниктік көрсетілім сынама режимде жүргізіле бастады


Спутниктік цифрлық телевизияның іске қосылуы – бұл ұлттық телетаратылымның жаңа цифрлық технологияға өтуінің бірініші сатысы. Бұл жоба мемлекет Бсашысы Нұрсұлтан назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму Стратегиялық жоспарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлады ҚР байланыс және ақпарат Министрлігінде.

10 желтоқсаннан 11 желтоқсанға қараған түні «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-ның спутниктік желісі жаңа DVB-S2 MPEG 4, 8 PSK спутниктік таратылым стандарттарына көшірілді. Жаңа стандарттың айырмашылығы – арналар санының көбейту мүмкіндігі мен каналдар көрсетілімінің айқындығы (НD-форматта). Цифрлық спутниктік ТД отандық телебағдарламаларды еліміздің алыс аймақтарына дейін жеткізу мүмкіндігі артып отыр.

Спутниктік теледидар қызметтерін пайдалану үшін азаматтар авторластырылған дилер жүйелері арқылы спутниктік қондырғы (антенна, қабылдағыш) алу қажет.

Сонымен қатар «Қазтелерадио» АҚ «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ бірлесе отырып, «Кателко плюс» спутниктік желі абоненттерінің спутниктік қабылдағышын авторластырылған дилерлер арқылы спутниктік телевизия қызметін көрсету келісімі мерзімі ішінде жауапты сақтау шарттарымен ауыстыру жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ абоненттердің өтінішін жедел қамтамасыз ету мақсатында біртұтас тұтынушыларды ақпараттық қолдау Орталығы ұйымдастырылған (Call-Centre) 193 номеріү

Қазіргі кезде спутниктік цифрлық ТД қолданушылары 6600 абонентке жетіп отыр, деп хабарлайды ҚР БАМ баспа қызметтері.


Жылжымайтын мүлік



Оңтүстік Қазақстан жаңа үлгідегі цемент зауыты іске қосылды


Татьяна Пылаева, Қазақпарат

Оңтүстік қазақстанда жаңа үлгіде цемент зауыты жұмысын бастады. «Стандарт Цемент» ЖШС Қазақстанда алғашқы болып цементті «құрғақ әдіспен» дайындайтын болады.

«Зауытта жаңа үлгідегі қондырғы орналастырылған. Ол энергетикалық шығынды едәуір үнемдеп, цемент құныныі төмен болуына әсер етеді», - деп жеткізді «Стандарт Цемент» ЖШС директорв Бауыржан Сейітжанов.

Кәсіпорынның жобалық қуаты – М400, М500 маркалы цементтің жылына 1 млн. тоннасын құрайды. Жұмыс істейтін адамдар саны – 342. 2011 жылдың бірініші тоқсанында толықтай іске қосылуы жүзеге асырылғанда, жұмысшылар саны 2 есесге артатын болады, деп есептейді мекеме басшысы. Объектінің құны 12 млрд,теңге, оның 2,5 млрд. теңгесі – мекеменің меншіктік қаржысы, қалғаны – қарыз қаржы.


Адамдар және тренинг



«Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның директорлар кеңесі құрамында өзгерістер болды


Құнды қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (Астана) KASE ресми хабарлауы бойынша банктің директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы қор биржасының баспа қызметі хабарлайды.

2010 жылдың 11 желтоқсанында өткен «Самұрық-Қазына» ХАҚ» АҚ-ның басқарма отырысында келесі шешімдер қабылданды:

«Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің мүшесі Кәрібжанов Айдан Табониязұлының уәкілеттігін тоқтатылсын;

«Самұрық-Қазына» ХАҚ» АҚ өкілі ретінде Есімбеков Сабыр Сайлаубекұлын «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің мүшесі етіп сайлансын, деп хабарлайды Қазақпарат.


Сақтандыру мен қауіптерді басқару



«БТА Забота», «Атланта-Полис» және «БТА Сақтандыру» компанияларының қайта құрылу процесінің кезекті сатысы аяқталды


Екатерина Ионова, Қазақпарат

20 желтоқсанда Алматыда өткен арнайы пресс-брифингте «БТА Сақтандыру» БТА Банк ҚК» АҚ-ның басқарма төрағасы Сергей Лаврентьев, «БТА Забота» БТА Банк ҚСК» АҚ мен «Атланта-Полис СК» АҚ-ның меншіктің және кредиторлар мен борышкерлерге қатысты м індеттемелердің барлығы «БТА Сақтандыру» БТА Банк ҚК» АҚ өтті, деп мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша 10 желтоқсанда акционерлердің жалпы жиналысында құқылы компанияға барлық құқықтары мен кредиторлар мен қарыздарға қатысты міндеттемелерді өткізуді анықтайтын, тапсыру актісі бекітілген. «Бұл жағдай сақтандыру компанияларының қайта құрылуы процестерінің кезекті сатысы болып табылады. Қазақстан сақтандыру нарығындабірден үш компания қатысқан мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Қайта құрылу процесі толығымен 2011 жылдың басында аяқталады», - деді С.Лаврентьев.

Аймақтық іскерлік жаңалықтар



БАҚ – Қырғызстан Президенті шекаралық бақылауды күшейту қажет деп есептейді


Қырғызстан президенті Роза Отунбаева, шекаралық бақылауды күшейту қажет деп есептейді, себебі, Қырғызстанның геосаяси жағдайы – шекарадағы болып жатқан оқиғалардан көрініп отыр, ол терроритстік және қылмыстық мақсаты бар жеке топтарды жоюмен байланысты қарулы қақтығыстар. Сондай-ақ, су, энергетикалық және миграциялық мәселер бойынша территориялық және экономикалық жағдайларға да байланысты деп есептейді.

Оның айтуы бойынша, Қырғызстанның шекарасын қорғау тығыздығы орта есеппен бір километрге бір адамнан келеді, ал кейбір бөліктерде – одан да аз. Қырғыз-өзбек бөлігінде бұл қатынас Өзбекстан шекарашыларының пайдасына үштен бірін құрайды. Қырғыз-тәжік аймағында 10 қырғыз шекарашыларына 15 тәжік шекара қызметкерлері сәйкес келеді екен. Қазақстан мен Қытай шекара мағы жағдайы да мәз емес.

«2011 жылдың қаңтарынан бастап шекара әскерінің саны 500 адамға ұлғайтылатын болады. Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік қызметінің басшылығына және шекара әскерінің басшыларына шекараны нығайту мен орнықтыру бойынша мәселелерді ары қарай сатылы түрде шешу қажет», - деді Р.Отунбаева, хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

2017 жылы Түркменстан V Азия ойындарын жабық ғимараттарда өткізеді


19 желтоқсанда Кувейт астанасында Азия Олимпиада кеңесі мен Түркменстанның Ұлттық Олимпиада комитеті арасында 2017 жылы Ашхабадта 5-ші Азия ойындарын жабық ғимараттарда өткізу туралы құжатқа қол қойды.

«45 Азия құрлықтарының басын қосатын Азия Олимпиада Кеңесінің шешімі, Түркменстан Президенті Құрбанқұл Бердымұхамедовтың ауқымды іс-әрекеті мен елдегі спорт пен дене тәрбиесін кең көлемде дамытуы, Түркменстанның халыаралық спорт процестерін ықпалдастыруға бағытталған тікелей қатысуының айқын нәтижесі болып табылады», - деп мәлімдеді вице-премьер.

Рашид Мередовтың сөзіне қарағанда, қол қойылған құжатқа сәйкес Түркменстанда Ойындарды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті құрылатын болады. Жарыстар спорттың жеңіл және ауыр атлетика, баскетбол, волейбол, гандбол, мини-футбол, еркін және дәстүрлі күрес, дзю-до, таэквондо, гореш, теннис және кіші теннис, гимнастика велоспорт (трек) және басқа да түрлерінен өткізілмек, деп хабарлайды Turkmenistan.ru.

Оңтүстік Корея «КДБ» банкі "RBS Узбекистан NB" 82,35% көлемінде үлесін сатып алмақ


"Korea Development Bank" (КДБ) оңтүстік кореялық банк британдық "RBS Узбекистан NB" банкінің 82,35% көлемінде үлесін сатып алады.

Ташкентте 13 желтоқсанда КДБ банк пен британдық "Royal Bank of Scotland NV" (RBS)өкілдері "Royal Bank of Scotland Uzbekistan NB" (RBS Өзбекстан) акционерлік қоғамының 82,35% көлемінде үлесін сатып алды.

Корея банкі алдағы уақытта «RBS Өзбекстан» өзінің еншілес банкі ретінде «ӨЗ КДБ» қосып алуды жоспарлап отыр. Осының нәтижесінде Өзбекстанда шетелдік ірі банктері құрылуы қажет.

Бұл келісім RBS бесжылдық стратегиялық жоспарында активтерін қысқартудың тағы бір қадамы болып табылады, деп хабарлайды CA-News.


Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital




Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Мұнай мен газ құны
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

89.45

.08

.09

01:13

Dated Brent Spot

92.32

.10

.11

01:23

WTI Cushing Spot

88.81

.79

.90

12/20

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

248.77

-.18

-.07

01:02

Nymex RBOB Gasoline Future

238.03

.25

.11

00:57

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.22

-.02

-.35

01:06

Henry Hub Spot

4.11

.10

2.49

12/20

New York City Gate Spot

10.49

-.84

-7.41

12/20



Commodities
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

421.700

1.100

0.26

01:13

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1386.600

0.500

0.04

01:15

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.315

-0.040

-0.14

01:14



Металл құны
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

29.33

-0.02

Platinum

1711.00

0.00

Palladium

744.00

+3.00

Rhodium

2,400.00

0.00



Валюталар бағамы
Дата: 21 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.34

1 CHF

KZT 152.43

1 CNY

KZT 22.08

1 TRY

KZT 95.03

10 JPY

KZT 1.76

1 EUR

KZT 193.93

1 AUD

KZT 145.84

1 KGS

KZT 3.14

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 229.08

1 CAD

KZT 145.46

1 RUB

KZT 4.79

100 KRW

KZT 12.77







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет