1181 шығарылым – Сәрсенбі, 29 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы



жүктеу 199.87 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі199.87 Kb.



1181 шығарылым – Сәрсенбі, 29 желтоқсан, 2010






  • Номер мақаласы

    • Туристік саланы дамыту таяу жылдары Алматыға 1,5 миллиард доллар кіріс беретін болады – Есімов



  • Қазақстанда

    • Назарбаев – Қазақстан мен Қытай арасындағы қырам-қатынас стратегиялық сипатқа ие

    • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады

    • ҚР мен ҚХР сыртқы саясат ведомство басшылары ынтымақтастық туралы 2011-2013 жылдарды қамтитын меморандумға қол қойылды



  • Мұнай-газ секторы

    • КРО Қазақстан экология министрлігінің ескертпелерін жойды және 2011 жылы эмиссияға рұхсат алады

    • Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі тоқтатқан NCOC консорциумы лицензиясының әрекет ету қайта жанданды

    • Астанада еліміздің мұнай газ кешенінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін салалық келісімге қол қойылды



  • Энергетика

    • Қазақстан Парламенті Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блок құрылысы туралы РФ арадағы келісімді бекітті



  • Қаржы және инвестициялар

    • Нұрбанк жарғылық капиталын 3,8 есеге көбейтті

    • Қазақстан Үкіметі «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады

    • М.Сейсембаев пен басқалар қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді



  • Тау-кен металлургия саласы

    • Астанада тау-металлургия саласыдағы әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастар принциптері туралы келісімге қол қойылды



  • Көлік және коммуникациялар

    • БЭК ішінде роумингті тоқтату туралы БҚА бастама жасамақ

    • ҚР Қаржы Министрлігі мен АДБ 173 млн. доллар қарыз туралы Келісімге қол қойды

    • ҚР Президенті транспорт мәселелері бойынша заңнамалар түзетулеріне қол қойды



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Қырғызстанның премьер-министрі: Ресейден инвестициялар энергетика, тау өндірісі, қаржы мен банк салаларына келеді



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



Туристік саланы дамыту таяу жылдары Алматыға 1,5 миллиард доллар кіріс беретін болады – Есімов


Туристік саланы дамыту жақын жылдар ішінде Алматының айналымына жылына 1,5 миллиард доллар кіріс бере алады. Ол туралы Алматының Әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

А.Есімов хабарлағандай, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынған туристік саланы дамыту жобасын мақұлдады.

Әкімнің айтуына қарағанда, арнайы шақырылған шетелдік компания туризмнің даму келешегін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізген. «Біз инфрақұрылымды дамытуымыз қажет. Үкімет инфрақұрылымға, жолдар, су мен жарық үшін 700 млн. теңге бөліп отыр», - деді Есімов.

Ол Медеуден Көк жайлау бағытында жол салынатыны туралы хабарлады. «Егер біз Көк жайлауды иегеретін болсақ, онда 500 километрге жетіп қалады. Міне осы 500 километрге 700 млн. және 2 млрд жеке инвестиция қажет болады. Жеке инвестицияларды малайзиялықтар беруге дайын, біздің де инвесторлар бар», - деп атап өтті әкім.

«Бұл бізге 1,5 млрд айналым береді. Бұл бізге 30 мың, жоғары санаттағы емес жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Тағы да бұл қонақ үй кешеі, мейрамханалар, қызмет көрсету салаларын дамытуға мүмкін береді», - деп нақтылады А.Есімов

Әкім атап өткендей, «дамыған елдерде ЖІӨ 6% туризм береді екен, әрине, біз ол туралы ешьеңе айта алмаймыз».

А.Есімов, инфрақұрылымның дамуы жағдайында, халықаралық туристерді тау бөктеріндегі шаңғы курорттары қызықтыра бастайды. «Алматыда үш сағат ұшатын радиуста 600 млн адам тұрады екен және Шымбұлақ сияқты теңдесі жоқ жер бізде ғана», - деп тоқталып өтті.

Оның айтуы бойынша, Шымбұлақ – бірінші сатыда тұр. «Содан кейін Ақсай шатқалынан Үш Қоңырға дейін, басқа бағыт Талғар, Есік, Түрген болса, яғни жоба тек Алматы мен Алматы облысын дамытуға ғана емес, бүкіл елге жетіп артылады», - деді Есімов.

«Ең бастысы – нарық өте үлкен, жұмыс орындарын құру мен табыста мол болады. Егер біз осыны ұйымдастырсақ, кіріс мұнайгаз секторынан да асып түсетін болады», - деп атап көрсетті әкім, Kazakhstan Today хабарлайды.

Қазақстанда



Назарбаев – Қазақстан мен Қытай арасындағы қырам-қатынас стратегиялық сипатқа ие


Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие. Ол туралы 28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечимен Ақордада кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік мемлекет басшысының баспа қызметтері сілтемесінде.

Баспа қызметтерініңақпараттары бойынша, әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер талқыланды.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық сипатқа ие. Біз мемлекеттер арасындағы достықты, сенім мен тату көршілестікті жоғары бағалаймыз. Қытай экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанға едәуір қолдау көрсетті. Біз энергетикалық, көлік тәрізді көптеген салалар бойынша ынтымақтастықтамыз. Қазір біз шикізат емес сектордағы, әсіресе Қазақстанның индустриалдық-инновациялық бағдарламасын іске асыру аясындағы өзара іс-қимылымызды күшейтпекпіз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Біз 2011 жылы Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін жоғары деңгейде өткізуді қамтамасыз ету қажеттігін талқыладық. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан оның басшылығымен, әсіресе әлеуметтік-экономикалық даму, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстарымен құттықтадым. Сондай-ақ алдағы жаңа жылда - Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығында толағай табыстар мен гүлдену тіледім», - деді өз кезегінде Ян Цзечи, Kazakhstan Today хабарлайды.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады


28 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады. Кездесу барысында Б. Жәмішев Мемлекет басшысына ағымдағы жұмыс қорытындысы туралы, республикалық бюджеттің орындалуы жайлы, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағының құрылуына байланысты қабылданған салық-кедендік әкімшілендіру саласындағы шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ кездесу кезінде ЕурАзЭҚ-тың дағдарысқа қарсы қорының қызметі туралы әңгіме қозғалды, деп хабарлайды Ақ Орда.

ҚР мен ҚХР сыртқы саясат ведомство басшылары ынтымақтастық туралы 2011-2013 жылдарды қамтитын меморандумға қол қойылды


Асқар Бимендин, ҚазАқпарат

28 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Сытрқы істер минмистрі Ян Цзечи ресми сапары аясында Қазақстан мен Қытай сыртқы саясат ведомстволары арасында ынтымақтастық туралы 2011-2013 жылдарды қамтитын Меморандумға қол қойды.

Меморандумға ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен ӨХР СІМ басшысы Ян Цечи қол қойды.

ҚР СІМ брифингте сөз сөйлеген ҚХР СІМ басшысы Ян Цзечи, ең алдымен ол қазақстандықтарды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен әлеуметтік-экономикалық дамуда, сонымен қатар, өтіп бара жатқын жылы елдің халықаралық позициясын ғығайту ісінде қол жеткізген жетістіктерімен шын жүректеп құттықтағысы келетінін білдірді.

Сондай-ақ Ян Цзечи Мемлекеттік хатшы- ҚР СІМ Қанат Саудабаевпен нәтижелі келіссөздер өткізгені туралы тоқталды. «Менің министр Қанат Саудабаевпен арада өткізген келіссөздер барысында қол жеткізген өзара түсініктік бойынша кең ауқымды мәселелердің оң шешімін тапқанына қуаныштымын», - деді Ян Цзечи.

«Келіссөздер құрылымды болды, алдағы уақытта да біздің саяси, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру саласында да ынтымақтастығымызда ары қарай дамытуға күшімізді салуымыз керек деген ортақ пікірге келдік», - деп қосты.


Мұнай-газ секторы



КРО Қазақстан экология министрлігінің ескертпелерін жойды және 2011 жылы эмиссияға рұхсат алады


Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) консорциумы 2011 жылы эмиссияға рұхсат алу үшін қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ескертулерін жойды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.

«KPO B.V. рұхсаттары жоқ, олар таяу күндері барлық құжаттарды толығымен рәсімдеп, табиғатты қорғау бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі қажет, сонда ғана рұхсат беріледі. Егер осы жұмыстар жасалмайтын болса, онда келесі жылы эмиссияға рұхсат берілмейтіндігі туралы айтылған болатын, үстіміздегі жылдың аяғына дейін уақыттары бар», - деп мәлімдеді Әшімов журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуына қарағанда, КРО барлық ескертулерді жойған. «Қазір барлығы да құжат күйінде. Олар құжаттарды әкеліп тапсырған соң, біздің мамандар шындығында сәйкес келетіндігін тесереді. Ал, негізіне барлық компаниялар жаңа жылға эмиссия рұхсатымен аяқ басады», - деп толықтырды министр.

«Олар барлығын да дұрыстады, енді қойылатын талаптар жоқ», - деп нақтылады ҚОҚМ қоршаған ортаға эмиссия рұхсатын беру басқарма бастығы Қазақстан жаңалықтары АА берген өз сұхбатында.

КРО өз қызметін 1997 жылы Қазақстан үкіметі консорциум бойынша серіктестерімен қол қойған өнім бөліміндегі қорытынды келісімге сәйкес атқарып келеді. Келісім шарттары бойынша,КРО Қарашығанақ жобасын 2038 жылға дейін басқаратын болады.

1,2 миллиард тонна мұнай мен мұнай конденсаты және 1,35 триллион шаршы куб газ қоры бар Қарашығанақ әлемдегі мұнайгазконденсатты ірі кен орнының бірі болып табылады. Қарашығанақта Қазақстанда шығарылатын газдың шамамен 49 пайыз мен мұнайдың 18 пайызы өндіріледі.

2009 жылы КРО кен орнында көмірсутек өндірісін 139,4 миллион баррельге дейін арттырса, 2008 жылы ол 136 миллион баррель болған еді, - деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі тоқтатқан NCOC консорциумы лицензиясының әрекет ету қайта жанданды


Осыдан біраз бұрын Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігі, экологиялық кемшіліктері үшін тоқтатып қойған North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумының лицензиясы қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлады ведомство вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетов Қазақстан жаңалықтары АА.

«Олар бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан жоқ, ол жақта не істеп жатқандары тексерілді. Мәселе бұрғылау ерітінділерін кері қарай айдаумен байланысты болған, бірақ осы кезде қондырғылар орнату әлі аяқталмағандықтан, аталған жұмыстар жүргізілмегендігі анықталды. Осының бәрі анықталған соң, жұмысты аяғына дейін жеткігеннен кейін, мәселе шешілетін болады. Олар шығару үшін рұхсат алуы қажет», - деп түсіндірді.

Қараша айында ҚОҚМ экологиялық реттеу мен бақылау комитетініңмемлекеттік экологиялық баұылау басқармасының бастығы Данияр Әлиев, NCOC экологияның бұзуына байланысты 9,4 миллиард теңге айыппұл төледі, алайда қоршаған ортаны қорғау министрлігі тоқтатқан эмиссияға рұхсат қайтарылған жоқ. Министрлік сол жолы компанияны мұнайдың төгілуі мен өндірістік қалдықтар тастап экологиялық зиян келтірді деген айып таққан болатын.

NCOC әлемдегі ірі кен орны болып саналатын Қашағанда өндіру жұмыстарымен айналысатын халықаралық Agip KCO консорциумының құқықтық мирасқор компаниясы болып табылады. Консорциум акционерлері: Shell, "ҚазМұнайГаз", Eni, ExxonMobil, Total, ConocoPhillips и Inpex. NCOC қызметіне жобалар бойынша барлық жұмыстарды бақылау, жобалауды басқару, үйлестіру коллекторды үлгілеу, концептуалдық зерттеулер жүргізу, кен орнының бастапқы жұмыстары бойынша жоспар құру мен барлық мекемелер атынан мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету кіреді.

Қашағаннан алынатын мұнай қоры кемінде 7-9 миллиард баррель бағаланып отыр, ал шикізатттың жалпы геологиялық қоры – 38 миллиард баррель, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Астанада еліміздің мұнай газ кешенінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін салалық келісімге қол қойылды


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат

28 желтоқсанда ҚР мұнай және газ Министрлігі мен осы саладағы мұнай газ кешені қызметкерлері мен жұмыс берушілері кәсіподағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін салалық келісім жасасты.

Аталмыш құжат мекемелер мен ұйымдарда қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында ұжымдық келісім жасауда келіссөздер жүргізу үшін негіз бола алады және қол қойылған күнен бастап 2013 жылғы дейін жарамды. Осыған қоса, келісімге сәйкес, салалық комиссия жұмысын үйлестіруші орган "Kazenergy" ассоциациясы болады. Құжат мұнайгаз кешені кәсіпорындары мен ұйымдарында тұрақты және тиімді қызмет көрсету мақсатында жұмыскер мен жұмыс берушінің қызығушылықтары қолайлы теңдігімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжатта мұнайгаз кешені кәсіпорындарында тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, өндіріс тиімділігін арттыру, жұмыскерлердің өмір деңгейі мен оларды әлеуметтік-құқықтық қорғау үшін екі жақтың бірлескен шараларын қабылдау туралы айтылған.

Атырауда өткен еңбек форумы барысында әлеуметтік серіктестік пен мұнайгаз саласында еңбек қатынастарын реттеу бойынша сала аралық комиссия құру туралы шешім қабылданғаны туралы еске сала кетейік.

Энергетика



Қазақстан Парламенті Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блок құрылысы туралы РФ арадағы келісімді бекітті


Қазақстанның Сенаты (парламенттің жоғарғы палатасы) Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасында Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысы мен іске қосылуы туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісімге 2009 жылы 11 қыркүйекте қол қойылған болатын.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы»акционерлік қоғамын Екібастұз ГРЭС -2 үшінші блогын техникалық шешімдері бойынша құрылысы жолымен дамыту қажеттілігінен келісім жасауға тура келді. Құрылыста АҚ меншігінде бар инфрақұрылым мен қазіргі қолданыстағы жаңа жабдықтарды үйлестіру қарастырылған.

Жоба «Самұрық-Энерго» (Қазақстан) және «ИНТЕР РАО ЕЭС» (Ресей) қатысушы болып табылатын ақционерлік қоғам жүзеге асырады. Жобаны қаржыландыру акционерлік қоғам тартатын қарыздық қаражаттар есебінен, сонымен қатар құзырлы ұйымдардың корпоративтік кепілдемелері түрінде қамтамасыз ету мен акционерлік қоғам мүлігі мен акцияларын кепілдікке салу арқылы жүзеге асырылатын болады.


Қаржы және инвестициялар



Нұрбанк жарғылық капиталын 3,8 есеге көбейтті


Нұрбанк жарғылық капиталын 3,8 есе – 95,545 млрд. 129,6 млрд.теңгеге дейін арттырды (1 доллар -147,4 теңге).

Коммерциялық банк 2010 жылдың 26 қарашасынан 26 желтоқсанға дейінгі аралықта сатып алу артықшылығы құқын пайдаланып, жалпы сомасы 95,545 млрд.теңгеге 7 млн. 349 мың 635 акция сатып алып, акционерлер арасында жай акциялар эмиссиясын таратуды аяқтады. Тарату үшін 10 млн 198 мың 464 қарапайым акция қосымша эмиссиясы номиналы бойынша 1 акция 13 мың теңге немесе жалпы құны 132,580 млрд.теңге болатын акциялар ұсынған. Сонымен, акционерлер қосымша эмиссияның 72 пайызын сатып алды. Қалған шектеусіз инвесторлар арасында таратылады.

Нұрбанктің мажоритарлық акционері – Софья Сәрсенова 2010 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевтен 73,06 пайыз акция сатып алған. Нұрбанк активтерінің көлемі жағынан қазақстандық ірі банктердің ондығы қатарына кіреді, деп хабарлайды Прайм-ТАСС.

Қазақстан Үкіметі «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдады


Қанат Күлшманов, ҚазАқпарат

Бейсенбіде ҚР Үкіметі отырысында «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа заң жобасын мақұлданды.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау заң жобасын ұсына отырып, АЭА қызметін талдаумен айналысқан мамандар, қазақстандық АЭА өз мүмкіншіліктерін қолдануға шама бермейтін бірқатар мәселелерді анықтаған. Бұл – бюджеттің тиімсіз жұмсалуы, реттеу мен басқарудың тиімсіздігі, инвесторлар мен басқаларды белсенді тарту құралдарын қолданбау. Басқару органдары құрамына жеке инвесторлар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өкілдері кіре алады.

«Біздің көзқарасымыз бойынша, мұндай құрылым АЭА басқаруда жеткілікті тәжірибесі бар халықаралық компанияларды тартуға мүмкіндік тудырады. Барлық АЭА жалпы реттеу бер ғана құзырлы орган арқылы жүзеге асырылады», - деп тоқталды Рау. Осыған қоса, бұл заң жобасы әрбір АЭА ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі салық режимдерін де қарастырады.

Осы ретте, «Атамекен Одағы» басшысы Азат Перуашев, жаңа заң жобасында АЭА дамуының принцтік жағынан ерекшеленетін тәсілдерді қарастырады, осы аймақтардың нәтижелі дамуының негізгі кедергілерін жояды, деп атап өтті.

Бүгінгі күні республикада алты арнайы экономикалық аймақ құрылған, оның төртеуі белсенді түрде жұмыс істейді: «Астана жаңа қала», теңіз порты «Ақтау», Ақпараттық технологиялар Паркі, «Оңтүстік». «Бурабай» АЭА және Ұлттық индустриалық мұнай химия технопаркі бастапқы даму кезеңдерінде.


М.Сейсембаев пен басқалар қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді


Бас Прокуратураның ведомство аралық тексеру тобы «Альянс Банк» АҚ-ның бұрынғы басшылары М.Сейсембаев, Ж.Ертаев, А.Мамырбеков, Р.Әбілқасымова, И.Иванова ірі көлемде «Альянс Банк» АҚ мүліктік шығын келтіруі туралы айыптаулар бойынша қылмыстық іс жүргізуді аяқтады.

2010 жылдың 27 желтоқсанында М.Сейсембаев пен басқаларға қатысты қылмыстық іс сот қарауына жіберілді. Айыпталушылардың жазықтары мен жазалау шараларын сот шешетін болады.

Істе айыпталушылар келтірген мүліктік шығын көлемінде орнына қайтару туралы жазылған, деп хабарлайды Ведомствоаралық тексеру тобы

Тау-кен және металургия саласы



Астанада тау-металлургия саласыдағы әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастар принциптері туралы келісімге қол қойылды


Серік Сәбеков, ҚазАқпарат

28 желтоқсанда тау-кен өндірі мен тау-металлургия мекемелері Ассоциациясы (ТМА), ҚР тау-металлургия өндірісі жұмысшыларының Кәсіподағы мен индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі 2011-2013 жылдарға салалық келісім жасады.

Бұл құжат сала мекемелерінде әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастарды реттеудің жалпы принциптері мен оны сақтаудағы екі жақ міндеттерін анықтайды.

Вице-министр атап өткендей, осы жыл сала үшін жақсы болды және бүгінгі таңдағы ең басты міндет индусриалдық-инновациялық даму бойынша Президенттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері болып отыр.

Қол қою рәсімі кезінде айтылғандай,бұл келісімнің алдыңғы құжаттан айырмашылығы, қызметкерлердің жаппай азаюы мен еңбек шарттарының қиындауына әкеліп соғатын өзгеріс мекеменің қайта құрылуы жағдайы орын алса, жұмыс беруші кәсіподақпен келісімі бойынша актілер шығара алады.

Сонымен қатар, жұмысшыларды зиянды еңбек жағдайларында арнайы тамақтандыру мен арнайы киім-керек-жарақпен қамтамасыз қосымша іс-шаралар қарастырылған.


Көлік және коммуникациялар



БЭК ішінде роумингті тоқтату туралы БҚА бастама жасамақ


ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) Біртүтас экономикалық кеңістік (БЭК) ішінде роумингті тоқтатубастамасын көтермек. Ол туралы онлайн-конференция барысында БҚА төрағасының орынбасары Борис Парсегов хабарлады.

«БЭК 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды, ал 2012 жылдың 1 шілдесіне қарай осы үрдіс аяқталады, біз осы кезде роуминг қолданбауы туралы талап қоятын боламыз», - деп мәлімдеді Б.Парсегов.

Ол осыған қоса, Қазақстан мен Ресей монополияға қарсы ведомстволары биылғы жылы бірлескен тексеру жасау барысында қазақстандық ұялы байланыс ірі операторы мен Ресейдің үш ірі операторлары арасында келісілген әрекеттері анықталды. «Олар өзара паритетті негізде бір-біріне едәуір тқмен бағада қызмет көрсету мүмкіндігін иелене отырып, роуминг тарифін 1 долларға дейін көтеріп, қосымша табыс тауып отырған", - деді ол Kazakhstan Today хабарлайды.

ҚР Қаржы Министрлігі мен АДБ 173 млн. доллар қарыз туралы Келісімге қол қойды


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Азия даму банкі (АДБ) «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік коридорды қайта құру жобасын қаржыландыру туралы келісім аясында АДБ бөлетін қаржылық құралдардың үшінші траншы аясында 173 млн. АҚШ доллар көлемінде қарыз алу туралы Келісімге қол қойды.

Ол туралы ҚР транспорт және коммуникация Министрлігінің баспа қызметтері хабарлады.

Бұл қаражат Отар-Благовещенка (162-260 км) мен Қордай-Қарасу (Қырғызстан шекарасына таяу), жалпы ұзындығы 98 км. Жамбыл облысының Тараз-Қордай авто жолдары бөліктерін қайта жасауға жұмсалатын болады.

ҚР Президенті транспорт мәселелері бойынша заңнамалар түзетулеріне қол қойды


ҚР Мемлекет басшысы транспорт пен тасымалдау процестері мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге, ұлттық заңнамаларды халықаралық келісімдерге сәйкестердіру, сондай-ақ 2006 жылғы 11 сәуірде бекітілген №86 Қаулы бойынша 2015 жылға дейінгі Транспорттық тсратегияны жүзеге асыруға бағытталған «Транспорт жөніндегі Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

Бұрын хабарланғандай, заңның мақсаты тарнспорт пен тасымалдау процестері қызметтерін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, транспорт саласындағы құқықтық кемшіліктерді жою, сонымен қатар, ұлттық тарнспорттық заңнамаларды халықаралық құқық нормаларына сәйкестендіру болып табылады.

Енгізілген түзетулер халықаралық және қалааралық жолдармен автобустар мен микроавтобустармен жолаушылар тасымалдауға лицензтия енгізу, жолаушы билеттерін сату бойынша теміржол жолаушы тасымалдауды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қолданушылардың мүмкіндік алуы, темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыруға бағытталған.

Осы ретте, заңда ұлттық теңіз тасымалын анықтау бойынша нормалар қарастырылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Қырғызстанның премьер-министрі: Ресейден инвестициялар энергетика, тау өндірісі, қаржы мен банк салаларына келеді


Қырғызстанның премьер-министрі Алмазбек Атамбаев үкіметтік делегацияның Ресесйге ресми сапарын қорытындылады, деп АКИpress тілшісі хабарлайды.

Оның сөзіне қарағанда, екі сапарда көптеген кездесулер болға. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – Ресей үкіметінің өкілдерінің қырғыз делегациясымен кездесуі. Ресей үкіметінің басшысы В.Путинмен кездесу нәтижесінде 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанға ЖЖМ жеткізуде экспорттық баж салығының алынуы туралы келісім жасалған.

Премьер-министр, кездесу барысында екі еле арасындағы көптеген даулар мен реттелмеген мәселелер қозғалғаны, сондай-ақ бірқатар келісімдер мен хаттамалардың , көбінесе Қырғызстан тарапынан орындалмауы туралы мәселелер қозғалғаны туралы жеткізді. «Сондықтан да біз жақын арада, 15 ақпанға дейін барлық даулы мәселелерді реттеу туралы келісім жасадық», - деді.

«Барлық келіссөздерде біз Ресейдің достық қарым-қатынасы мен игіліктерін сездік. Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Сергей Нарышкинмен кездесу кезінде Ресейдің Қырғызстанмен қатынасына үлкен мән беретінін байқадым. Тағы да қолдау мен достық атмосферасы білінді. Мен осы қатнасты сақтап, Қырғызстанның Ресеймен арадағы байланыстарды басқа деңгейге шығару керек деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.

Оның айтуы бойынша, Ресей тарапынан инвестициялар тек энергетикаға ғана емес, сонымен қатар, тау өндірісі, қаржылық және банктік салаларға да тартылатын болады.

А.Атамбаев гидроэнергетика саласы жобалары туралы айта келе, қазіргі кезде қажетті келісімдер жасалуда дей келе, жоғарғы Нарын сарқырамасындағы гидроэлектрстанциясын жобалау мен құрылысын жеделдету қажет, Ресеймен бірге тағы да Қамбар-Ата ГЭС-1

Құрылысы мәселелерін мұқият қарауды ұсынды. «Біз көп жағдайды Ресейден үйренсек болар еді, Ресейдің энергетика жүйесіндегі шығын көлемі 15% болса, бізде – 25% асады. Біз Ресейлік серіктестер көмегімен гидроэнергетиканы Қырғызстан экономикасындағы локомотивке айнадыра алар едік деп ойлаймын», - деді Қырғызстан премьері.

«Дастан» ТК сұрағына жауап бере отырып, үкімет басшысы Ресей мен Қырғызстанның бұрынғы келісімі барғ тек соны қолға алу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды CA-News.


Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital



Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital

Мұнай мен газ құны
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

91.37

-.12

-.13

00:13

Dated Brent Spot

93.82

.02

.02

00:12

WTI Cushing Spot

91.49

.49

.54

12/28

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

252.30

-.13

-.05

23:01

Nymex RBOB Gasoline Future

241.10

.54

.22

22:25

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.25

-.04

-.86

00:13

Henry Hub Spot

4.10

.04

.99

12/28

New York City Gate Spot

7.41

-2.79

-27.35

12/28

Commodities
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

431.350

-1.450

-0.34

00:11

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1405.500

-0.100

-0.01

00:14

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

30.345

0.022

0.07

00:13

Металл құны
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com

Silver

30.37

+0.08

Platinum

1751.00

-4.00

Palladium

787.00

+1.00

Rhodium

2,350.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 29 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.42

1 CHF

KZT 154.84

1 CNY

KZT 22.25

1 TRY

KZT 95.6

10 JPY

KZT 1.79

1 EUR

KZT 194.96

1 AUD

KZT 148.67

1 KGS

KZT 3.14

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 227.65

1 CAD

KZT 146.85

1 RUB

KZT 4.87

100 KRW

KZT 12.84







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й

: data -> kaz-news
kaz-news -> Шығарылым №1175 Сәрсенбі, 15 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1188 шығарылым – Бейсенбі, 13 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1175 шығарылым Сейсенбі, 21 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1195 шығарылым – Дүйсенбі, 24 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1186 шығарылым – Сейсенбі, 11 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1196 шығарылым – Сейсенбі, 25 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> Шығарылым №1174 Сейсенбі, 14 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1177 шығарылым Бейсенбі, 23 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1176 шығарылым Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1194 шығарылым – Жұма, 21 қаңтар, 2011 Номер мақаласы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет