1195 шығарылым – Дүйсенбі, 24 қаңтар, 2011 Номер мақаласы



Дата25.04.2016
өлшемі267.14 Kb.



1195 шығарылым – Дүйсенбі, 24 қаңтар, 2011






  • Номер мақаласы

    • 24 қаңтарда КК сарапшылардың қатысуымен референдум бойынша түзетулердің конституциялылығын қарастырады



  • Қазақстанда

    • Ресей Елшісі Айман Мұсахожаеваға Достық Орденін табыс етті



  • Қысқы Азияда ойындары

    • Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары дайындығы мен өткізілуі жөнінде кеңес өткізілді



  • Мұнай-газ секторы

    • Маңғыстау облысында 2010 жылы көмірсутектік шикізат шығару 0,6 пайызға артқан

    • «Газпром» Орта Азиядан газ сатып алу көлемін арттырмайды деуге болады



  • Қаржы және инвестициялар

    • Көксарай контр реттеуіші тола бастады

    • К.Мәсімов ЕҚДБ басқармалары Кеңесінің жыл сайынғы отырысы дайындығы жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кеңесін өткізді

    • Қазақстанның 2011 жылдың 1 қаңтарында республикалық бюджет тапшылығы 554 789,3 млн. теңгені құраған

    • Қазақстан банктерінің активтері 2010 жыл ішінде 4,2 пайызға артқан

    • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2011 жылы қытай жүйесі аясындағы қарыздық құралдарды игеруді жалғастырады



  • Тау-кен және металлургия саласы

    • 2011 жылы «Қазақмыс» Қарағанды облысында шамамен 2 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыратын болады

    • Spectral Capital Corp. Қазақстандағы ірі алтын руда кен орнын бақылауды иеленді

    • «Төрт Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ байыту фабрикасын қайта құру инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстарының аяқталуы туралы хабарлады



  • Сауда және тұтынушылар тауарлары

    • Қазақстанның ДжСҰ қатарына қосылу жөніндегі келіссөздер үдерісі жалғасуда



  • Транспорт және коммуникациялар

    • Қазақстанда алғаш рет «Hyundai» жүк көліктері мен автобустар жинау бойынша зауыт ашылды

    • «Эйр Астана» «Airbus» 6 ұшағын $268 млн. сатып алуға ниетті



  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар

    • Ресей Қырғызстанның америка әскери базасына жеткізетінін ескеріп, жанармай салығын тоқтатады



  • Бағалар мен статистика

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары

Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz

Номер мақаласы



24 қаңтарда КК сарапшылардың қатысуымен референдум бойынша түзетулердің конституциялылығын қарастырады


Конституциялық Кеңес (КК) мүшелері мен сарапшылар, мемлекет басшысының өкілеттігін 2012 жылы болатын президенттік сайлау орнына ұзарту жөніндегі референдум бойыншапарламент қабылдаған Негізгі заңға енгізілетін түзетулердің конституциялылығы туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үндеуін, бүгін 24 қаңтарда қарастыратын болады, деп хабарлады КК баспасөз қызметі Қазақстан жаңалықтары АА-не.

«Жиырма төртінші қаңтарда парламент қабылдаған түзетулердің конституциялылығына қатысты Қазақстан Республикасының президентінің үндеуін қарастыру жөнінде өтініш беру субъекті өкілінің қатысуымен Контитуциялық Кеңес отырысы өткізіледі», - КК баспасөз қызметінің өкілі агенттікке берген сұхбатында.

Ол, Президент Әкімшілігі өтініш беру субъектісінің өкілі болып табылатындығын нақтылады. Сонымен қатар талқылауға қоғамдық ұйымдар өкілдері де қатысады. «Әр өкілдер өз пікірін айтады, содан кейін КК мүшелері мәжіліс бөлмесінде жеке кеңес өткізеді, соңынан осы мәселе жөнінде шешім қабылданатын болады», - деп қосты агенттік сұхбатшысы.

Қазақстан Орталық сайлау комитеті 27 желтоқсанда президент өкілеттігін 2010 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастама тобы мен оның осы тұрғыдағы ұсынысын тіркеуден өткізген болатын. Заңға сәйкес, референдум бастамашылары 200 мыңнан кем емес азаматтардың қолын жинауы қажет болған. Референдумды қолдаудың екі аптасы ішінде 5 миллион 16 мың қол жиналды. Осы ретте, парламентшілер мемлекет басшысына Тұңғыш президент, Ұлт Көсемі президенттік өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзарту мүмкіндігі қарастырылатын Конституциялық өзгертулер енгізу мәселелері туралы республикалық референдум тағайындауға өтініш жасады. Бірақ Назарбаев парламент ұсынысын қабылдамау туралы қаулы шығарған болатын. Алайда, депутаттар парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысының сайлау өткізбей, 2020 жылға дейін президент өкілеттігін ұзарту туралы тыйым салуын айналып өтіп, референдум өткізу туралы Конституциялық түзету енгізуді қабылдады. Назарбаев өз кезегінде, қабылданған түзетулерге қол қоймады және оны Конституциялық Кеңеске бағыттаған болатын.

Қазақстанның 70- жастағы қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан астам уақыт отыр. 2012 жылы өтетін Қазақстан президентінің кезекті сайлауында, ол өз кандидатурасын ұсыну туралы жоспарлаған. Қазақстанда қазіргі президенттің өкілеттігін ұзарту жөнінде жалпыхалықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқан болатын, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Қазақстанда



Ресей Елшісі Айман Мұсахожаеваға Достық Орденін табыс етті


Гүлнар Жандағұлова, ҚазАқпарат

Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Ұлттық Өнер Университетінің ректоры Айман Мұсаходжаевға Ресейдің ҚР елшісі Михаил Бочарников Достық Орденін табыс етті. Марапаттаудың салтанатты рәсімі өткен жұмада, 21 қаңтарда университеттің концерт залында өтті.

Қазақстан скрипка өнерінің майталманы Ресей Федерациясымен мәдени байланыстардың дамуына, шетелде орыс мәдениетінің сақталуы мен дәріптелуіне қосқан зор үлесі үшін марапатталды, делінген президент Дмитрий Медведевтің шығарған қаулысында.

«Мен зор ықыласпен Ресей Президентінің тапсырмасын орындап, мына жоғары мемлекеттік марапатты Айман Мұсахожаевға ұсынамын», - деп айтты Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі М.Бочарников.

Өз кезегінде, скрипкашы ресей басшылығына өз еңбегін бағалағаны үшін алғысын білдірді. «Мен бұл марапатты тек өзімнің ғана еңбегім деп емес, бүкіл қазақстандық өнердің марапаты деп есептеймін», - деп атап өтті Мұсахожаева.

А.Мұсахожаева білімін П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында алып, соның атындағы Халықаралық жарыстың иегері атанған болатын. Ол 1998 жылы өзі Қазақ Ұлттық музыка академиясын құрып, 2010 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясы деп қайта құрылған өнер ошағын негізі қаланған күннен бастап басқарып келеді. А.Мұсахожаева Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Қазан қалаларында жиі концерт беріп тұрады, сондай-ақ, Чайковский атындағы байқау лауреаттарының Халықаралық ассоциациясының мүшесі, скрипкашылардың В.Ямпольский, Д.Ойстрах, Демидовский атындағы халықаралық байқаулардың мүшесі болып табылады.

Осы ретте, скрипка дуэтін басқаратын Айман Мұсахожаевның өнерін оның ресей-қазақстан орындаушылық қызметінде бағаланған, скрипкашылар арасында Достық Орденіне лайық деп танылған Владимир Спиваков екенін айтын өткен дұрыс. Осы марапатқа лайық деп танылған Қазақстан мәдениетінің өкілдерінің арасында театр артисі Владимир Толоконников, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің ең танымал дирижері Фуат Масұров болды. Айман Мұсахожаева және ол басқаратын «Солистер Академиясы» оркестрі (дирижері Абзал Мұхитдинов), Петр Чайковский мен Астора Пьяццолланың шығармашылығынан концерт берді.

Қысқы Азияда ойындары



Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары дайындығы мен өткізілуі жөнінде кеңес өткізілді


22 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындары дайындығы мен өткізілуі жөнінде кеңес өткізілді.

Кеңес барысында 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелері талқыланды, соның ішінде, ашылу және жабылу салтанаттары, Астана мен Алматы қалаларының 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындығы туралы айтылды.

Кеңесте туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов пен Алматы қаласының әкімі А.Есімов сөз сөйледі.

Алдағы өткізілетін жарыстар барысын бүкіл дүние жүхі ерекше назармен қадағалайтын болады. Біздің алдымызда Азиаданы жоғары халықаралық дәрежеде өткізу мақсаты тұр. Азия ойындарын елімізде өткізу – бұл Қазақстанның әлемдік спорт қозғалысындағы халықаралық беделінің көрсеткіші. Азия чемпионатын спорттық жеке түрлерінде қабылдау бір мәселе болса, екіншісі Азияның 27 елінің туы астында спортшыларды жинайтын Азиада өткізу болып табылады, деп атап өтті президент.

Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтың ақпараты бойынша, Азия ойындарының спорттық ғимараттарында 69 медальдер жиынтығы ойнатылады.

Бүгінгі таңда жаңа спорт нысандары: коньки жарысынан алаң, сырғанау айдыны велотрек, шаңғы трамплині кешені, «Солдат шатқалындағы» шаңғы-биатлон стадионы, Астанадағы «Қазақстан» мүз айдыны спорт сарайы құрылыстары толығымен аяқталған. Алматы қаласындағы тау бөктерінде орналасқан «Медеу» мұз айдынын қайта жөндеу, «Табаған» спорттық-ойын-сауық кешені, «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасы, Б.Шолақ атындағы спорт сарайының сырғанау мұз айдыны мен 650 орындық автотұрақ құрылысы аяқталған.

Қысқы Азия ойындарында іске қосылатын барлық спорт ғимараттары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа технологияларды қолданыла отырып соғылған және олар Астана мен Алматы қалаларыныңлыархитектуралық безендіру болып табылады.

Бүгінгі күні 27 ел өзінің қатысуын нақтылады. Өтініш білдірген спортшылар мен ресми тұлғалардың жалпы саны 4 мың 135 адам. Мемлекет басшысымен кеңес қорытындылары бойынша, президент Азиада спорт нысандарының халықаралық федерациялардың талаптарына сай болуын тағы да қадағалау тапсырылды.

Мемлекет басшысы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанатына ерекше көңіл бөлуге шақырды және алдағы ойындардың қазақстандықтар үшін жағымды роліне де тоқталды.

Азиада ел ішінде спорт пен салауатты өмір салтын, патриоттықты тәрбиелеу насихаты тұрғысынан алып қарағанда, зор маңызға ие, - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы спортшылар қазақстандықтардың үмітіп ақтайды және жоғары дәрежеде өз өнерлерін көрсете біледі деген сенімін де білдірді, Ақ Орда хабарлайды.

Мұнай-газ секторы



Маңғыстау облысында 2010 жылы көмірсутектік шикізат шығару 0,6 пайызға артқан


Маңғыстау облысында 2010 жыл қорытындылары бойынша 18 519 мың тонна көмірсутек шикізаты өндірілген. Ол 2009 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық. Осы туралы ҚазТАГ тілшісіне облыстың кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасында айтты.

2009 жылы 18416 мың тонна көмірсутек шикізаты – мұнай және газ конденсаты өндірілген.

2010 жылы облыс көлемінде 3,12 млрд.текше метр табиғи газ шығарылған, ол 2009 жылдағы осы мерзіммен салыстырғанда 2,6 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Газпром» Орта Азиядан газ сатып алу көлемін арттырмайды деуге болады


2009 жылы «Газпром» тобы Түркменстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстаннан 37,3 миллиард текше метр газ сатып алған болатын, ал 2010 жылы – 38 миллиард текше метр болған, 2011 жылы бұл көрсеткіш 38,8 миллиард текше.метр болуы қажет, деп хабарлады ресейлік газ монополиясы ақпарат басқармасы.

«Газпром(Ртс:Gazp)» ААҚ директорлар Кеңесі 23 қаңтарда ТМД елдерінің газ нарығындағы қызмет тиімділігін арттыру жөнінде концерн қызметін мақұлдады. Басқармаға Орталық Азия елдерінен алынатын табиғи газ импортының көлемі мен құндық параметрлерін оңтайландыру бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру, сонымен қатар, Кеден одағы мен БЭК қалыптастыру жағдайларында «Газпрома(Ртс:Gazp)» мүдделерін сақтауды тапсырды.

Компанияның ортаазиялық жобаларға қатысуы:

Ресей газының үлесін дәстүрлі еуропалық нарықта сақтау мен арттыруға;

ТМД елдерінде сұраныстың жоғарылауына барабар әрекет етуге;

«Газпром(Ртс:Gazp)» ААҚ экспорттық портфелін өткізу географиясы тұрғысынан диверсификациялауға;

компанияның инвестициялық тұтынуын азайтуға:

Бірыңғай газбен жабдықтау жүйесі аясында экспорттық операциялардың экономикалық тиімділігін бір мезгілде арттыру кезінде газ ағынын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Газпром үстіміздегі жылы Әзірбайжаннан газ сатып алуды 2 миллиард текше метрге дейін көбейтетіні туралы Газпром ААҚ басқарма төрағасы А.Миллер мен Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (ӘЗММК) президенті Ровнаг Абдуллаев келісті, деп хабарлайды ресей газ холдингінің баспасөз қызметі.

2010 жылы ӘЗММК РФ 799,751 млн. кубометргаз жеткізген. Осылайша, 2011 жылы Газпром(Ртс:Gazp) әзірбайжан газын сатып алуды 2,5 есеге арттырады, деп хабарлайды EnergyFuture.ru РИА Новости сілтемесінде.


Қаржы және инвестициялар



Көксарай контр реттеуіші тола бастады


Оңтүстік-Қазақстан облысында Көксарай маусымдық контр реттеуіші тола бастады, деп хабарлады «Оңтүстік су шаруашылығы» РМК басшысы Сембай Сейсенов, Қазақстан жаңалықтары АА.

«21 қаңтардан бастап Шардара су қоймасынан су түсіру секундына 600 текше метрге дейін арттырылды. Оның 200 текше метр суы бір секундта Көксарайға жетеді, ал 400 текше метрі секунд ішінде Сырдария ағысы бойымен Қызылорда бағытындағы ағысқа қосылады», - деп түсіндірді Сейсенов.

Көксарайдағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған және контрреттеуіш 3 текше километр су қабылдауға дайын.

Көксарай маусымдық контрреттеуіш құрылысы 2 сатымен жүргізілген. Бірінші саты өткен қыста іске қосылған болатын. Ол кезде су қоймасы бір текше километр тасқын суларды қабылдай алатын.

Осы ретте, Көксарай іске қосылуының алғашқы жылында, сырдария өзені бассейнінің су басу қаупі аймағына жататын елді мекендер қаіусіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық міндетін орындады.

«Осыдан бастап, су қоймасында қысқы ағын суларды жинау есебінен республикадағы су балансын реттеу мүмкіндігі пайда болды. Бұл қор Кіші Аралдағы су деңгейін көбейтуге жағдай жасайды. Шардара Гэс-де қыс мезгілінде электр энергиясын өндіру ширегі артып, Сырдария алқабы мен атырауындағы экологиялық жағдай жақсарады, су түсірілгеннен кейін су қоймасының орны жем-шөп дақылдарын дайындайтын және мал бағатын жайылма ретінде пайдаға асырылатын болады», - деп тоқталды Сейсенов.

Көксарай контрретеуішінің жұмыс кестесі ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетімен келісілген, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықатры АА.

К.Мәсімов ЕҚДБ басқармалары Кеңесінің жыл сайынғы отырысы дайындығы жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кеңесін өткізді


22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚқДБ) басқармалары Кеңесінің жыл сайынғы отырысына дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кеңесін өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Үстіміздегі жылдың 20-21 мамырында Астана қаласында өтетін ЕҚқДБ жыл сайынғы басқосуына дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті, сонымен қатар, осы шара аясында өтетін инвестициялық форумға дайындық мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстанның 2011 жылдың 1 қаңтарында республикалық бюджет тапшылығы 554 789,3 млн. теңгені құраған


Қазақстанның 2011 жылдың 1 қаңтарында республикалық бюджет тапшылығы 554 789,3 млн. теңгені құрайды, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің ресми веб-сайтында жарияланған материалдардан алынған.

Республикалық бюджет түсімінің құрылымында, кірістер – 3 626 177,2 млн.теңгені құраған, соның ішінде: салықтық түсімдер – 2 083 554,7 млн.теңге, салықтық емес - 71 428,7 млн. теңге,негізгі капиталды сатудан түскен түсім - 23 736,5 млн. теңге, трансферттер түсімі - 1 447 457,3 млн. теңге.

Бюджеттің шығындық бөлігі, жалпы шығын 3 860 974,2 млн. теңге, соның ішінде:жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер -158 537,9 млн. теңге, қорғаныс - 214 549,5 млн. теңге, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-орындаушылық қызметтер - 309 793,2 млн. теңге, білім- 236 392,9 млн. теңге, денсаулық сақтау - 367 185,5 млн. теңге, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру - 835 497,5 млн. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 167 551,8 млн. теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік - 135 388,6 млн. теңге, отын -энергетический кешен мен жер қойнауын пайдалану - 86 856,7 млн. теңге, ауыл, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын аумақтар, қоршаған ортаны қорғау мен жануарлар әлемі, жер қатынастары - 200 220,2 млн. теңге, өнеркәсіп, архитектуралық, қалалар салу мен құрылыстық қызметтер - 8 253,3 млн. теңге, транспорт және коммуникациялар - 315 559,0 млн. теңге, басқа да шығындар - 85 251,8 млн. теңге, қарыздық қызмет көрсету - 94 582,0 млн. теңге, трансферттер - 645 354,4 млн. теңге.

Сонымен қатар, бюджеттік несиелер 138 296,6 млн. теңгені құрайды, бюджеттік несиелерді қайтару - 102 315,5 млн. теңге, қаржылық активтерді сатып алу - 284 711,1 млн. теңге, мемлекет активтерін сатудан түскен түсімдер - 700,0 млн. теңге.


Бұрын хабарланғандай, 2010 жылға бюджет тапшылығы 803,6 млрд. теңге (4,1% ЖІӨ) көлемінде бекітілген болатын. Өткен жылы республикалық бюджет түсімі 3 378,4 млрд. теңге; шығындар - 4 182 млрд. теңге.

Өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстанның кірістік және шығыстық бөлігі 139,4 млрд.теңгеге арттырылған. Республикалық бюджеттің анықталған параметрлері мынадай: түсімдер - 3 517,8 млрд. теңге, шығындар - 4 321,4 млрд. теңге, дефицит - 803,6 млрд. теңге, деп хабарлайды Ирбис АА.


Қазақстан банктерінің активтері 2010 жыл ішінде 4,2 пайызға артқан


Қазақстанның банктерінің тұтас активтері 1 қаңтарда 12,038 триллион теңгеге жеткен, ол 2010 жылмен салыстырғанда, 4,2 пайызға артқан, деп хабарлайды қаржылық бақылау агенттігі (ҚБА).

Таратылған пресс-релизге сәйкес, банк секторларының тұтас есептік меншік капиталы 1 қаңтарда 1,833 триллион теңге болған, ал 2010 жылдың басында бұл көрсеткіш теріс мөлшерді (-914,6 млрд.теңге) құраған.

Шетел валютасында нормаланған активтер, жиынтық активтердің 36,9% немесе 4,442 триллион теңгені құрайды. Банктердің несиелік портфелі (банк аралық несиелерді есепке алғанда) 1 қаңтарда 9 066 триллион теңге болған, ол 5,9% азайған. Осымен байланысты, ҚР нерезиденттерінің несиесі ссудалық портфельдің 15,5% құрайды. Шетел валютасымен берілген қарыздар ссудалық портфельдің 50,2% құрайды.

Банктердің несиелік портфелі құрылымында 1 қаңтарда стандартты несие үлесі 26,4%, күмәнды – 53,6%, қайтарылмайтын – 20,0% (сенімсіз несиелер үлесі кредиттік портфель міндеттемелері қайта қаралған банктерді есепке алмағанда, ол 11,2% құрайды).

5 категорияға жататын және қайтарыдлмайтын күмәнды қарыздарға жататын несиелер сомасы (бірыңғай несиелер провизиясын есепке алғанда) 2,950 триллион теңге немесе жинақтық ссуда портфелінің 32,5% құрайды.

Банк секторларының тұтас міндеттемелері 1 қаңтарда 10,7125 триллион теңгені құрайды, ол 2010 жылмен салыстырғанда, 1,820 триллион теңгеге кеміген. Олардың арасында ҚР резиденті емес алдындағы міндеттемелер 2,562 триллион теңгеге жеткен, ол 39,1% азайған. ҚР резиденттері емес алдындағы міндеттемелер үлесі тұтас міндеттемелердің 23,9% (өткен жылдың басында бұл көрсеткіш 33,6% ) құраған.

Шетел валютасында белгіленген міндкеттемелер ЕДБ тұтас міндеттемелерінің 44,3% құраған.

Заңды және жеке тұлғалардың (банктер мен арнайы тағайындалған еншілес ұйымдарды есепке алмағанда) депозиттердің жалпы сомасы 1 қаңтарда 6,825 триллион теңгені құраған, ол 2010 жылдан 821,5 миллиард теңгеге немесе 13,7% артқан. Заңды тұлғалар салымының сомасы (арнайы тағайындалған еншілес компанияларды есепке алмағанда) 4,574 триллион теңге (клиенттердің жалпы салымының 67,0% ) болған. Арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салымдары 25,4 миллиард теңге, 2010 жылдан 98,6% кем болды.

Жеке тұлғалар салымдарының сомасы 2,251 триллион теңгені (клиенттердің жалпы салымының 33%) құраған. 1 қаңтарда клиенттердің шетел валютасында белгіленген салымдары 37,2%немесе 2,541 триллион теңгеге жеткен7

Жоғары өтімді активтер үлесі банктердің тұтас активтеріне қатысты 21,1% құрайды.

Екінші деңгейлі банктер кірісінің тұтас сомасы 2011 жылдың 1 қаңтарында 6,385 триллион теңгені құраған. Шығындар сомасы - 4,958 триллион теңге (есептік кезеңде 800 миллион теңгені құраған, кіріс салығын есепке алмағанда) болды. Банктердің кірісі – 1,427 триллион теңге.

2011 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының банк секторлары 39 екінші деңгейлі банктермен көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2011 жылы қытай жүйесі аясындағы қарыздық құралдарды игеруді жалғастырады


Дамир Байманов, ҚазАқпарат

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2011 жылы қытай жүйелері аясындағы қарыздық құралдарды игеруді жалғастырады. Ол туралы қордың басқарушы директоры Абай Ескендіров 24 қаңтарда өткен алқа отырысында айтты.

Оның айтуынша, тау-металлургия саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен 2 миллиард АҚШ долларын қосымша тартуды қамтамасыз ету жоспарланған.

А.Ескендіров, осы ретте, өз қаражаты есебінен Қазақстанның даму Банкіне «жеңіл» шарттармен жеделдетілген индустриялық-инновациялық Мемлекеттік бағдарламалар жобаларын қаржыландыру үшін және жүзеге асыру үшін 76 млрд.теңге қарыз беруді жоспарлап отырғанын айтты. «Яғни, 15 жылға жылына 5% мөлшерлемемен», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, ол, халықаралық қаржы институттары мен шетелдік инвесторлардан индустриялық жобаларды жүзеге асыру үшін 500 млн.АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартатынына да тоқталып өтті. «Сондай-ақ, біз 7 жыл мерзімге 75 млрд.теңге көлемінде облигацияны айналымға жіберетін боламыз», - деп қосты А.Ескендіров.

Тау-кен және металлургия саласы



2011 жылы «Қазақмыс» Қарағанды облысында шамамен 2 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыратын болады


Валентина Елизарова, ҚазАқпарат

Қарағанды облысының әкімдігінде «Қазақмыс» коропрациясымен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы 2011 жылғы арналған меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.

Өткен сенбідегі келісімге Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов пен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖСШ басқарма төрағасы Эдуард Огай қол қойған болатын.

«Меморандумның жалпы құны шамамен 2 млрд теңгені құрайды. Жезқазғанда әлеуметтік саланы дамыту үшін 500 млн. теңге, осыншама көлемде Балқаш қаласына да бөлінетін болады», - деп мәлімдеді Э.Огай.

Оның сөзінше, «Қазақмыс» есебінен өткен жылыҚарағандыда көрнекті қайраткер, академик Қаныш Сәтпаевқа арнап ескерткіш орнатылатын болады. «Ол үшін 200 млн.теңге бөлінеді», - деп айтты «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы.

Меморандумға сәйкес, Алаш алаңын жөндеу мен Жезқазғандағы Тәуелсіздік ескерткішін орнату жұмыстарын корпорация қаржыландыратын болады. «Қазақмыс» Қарқаралы ауданындағы мүгедектерге арналған реабилитациялық орталықты, Қарағайлы ауылындағы 48-пәтерлі үйдің және Топар ауылындағы жанұялық жатақхананы қайта жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасауды мойнына алады. Компания есебінен Абай қаласындағы жолдар жөнделген.

Корпорация облыстың спортшыларын Олимпиадаға дайындауды да қаржыландыру жұмысы жалғастырып, «Сарыарқа» хоккей клубына да қаражат бөлуде. «Қазақмыс» Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де материалдық көмек көрсететін болады.

Облыс әкімі С.Ахметовтың сөзіне қарағанда, корпорация өткен жылғы меморандум бойынша барлықміндеттемелерін орындап шыққан. «Меморандум аясында «Металлург» мұражай және су атқышы бар саябақ құрылысына, Бейбітшілік және Сәкен Сейфуллин көшелерін абаттандыруға қаражат бөлген болатын. Медицина, мектепке дейінгі мекемелер, сауықтыру орындары, балалар санаторилері қаржыландырылып, спортты дамытуға да қаражаттық қолдау көрсетілді», - деді аймақ басшысы.

Қазақмыс тобы – мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясы, сондай-ақ мұнай өндіру саласында табиғи қорлар өндіру мен өңдеу бойынша едәуір басым қатысушы үлесі бар халықаралық жетекші компания. Топ әлемдегі жетекші мыс өндірушілер ондығы арасындағы Қазақстандағы ірі мыс өндірушілердің бірі болып саналады. Қазақмыс 16 жұмыс істеп тұрған руда кен орны, 10 тау-байыту фабрикалары мен 2 мыс балқыту өндірістік кешендерінің иегері.

Spectral Capital Corp. Қазақстандағы ірі алтын руда кен орнын бақылауды иеленді


Америка Spectral Capital Corp (Ресейде кен орныны игеруде) Қазақстан Республикасы аумағында ірі кен орнын игеру жобасының 65% иеленді, делінген компания хабарламасында. Компания сатушы мен кен орнының аты туралы ақпарат бермейді.

Келісім шарттары бойынша, Spectral 5 жылдың ішінде алтын кен орнын игеруге 200 млн. доллар салуы қажет. Сонымен қатар, компания кен орнында өндірілген алтынға 1% роялти төлеуге, сондай-ақ әлеуетті инвесторларға өзінің 5 млн акциясының бір данасын 3,5$ сатып алуға варрант беруі қажет.

Spectral компаниясының бас директоры Дженифер Остервалдер (Jenifer Osterwalder) айтуы бойынша, «Компания Қазақстан өкіметі тарапынан берілетін барлық рұхсаттарға ие, сондықтан да кен орны 2011 жылы өндірілуге дайын».

Spectral Capital түрлі кен орындарын игеру жобаларында басым үлесті сатып алуға бағытталған. 2010 жылдың қыркүйегінде компания Чита облысының Кадар және Калтагай алтын рудалық бөлігі лицензиясының 47% 2031 жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімге сатып алған. 2010 жылдың желтоқсанында Spectral чита кен орнын игеру жобасының 52% үлесіне дейін арттырып, ары қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

Spectral Capital акциялары АҚШ-дағы OTC Bulletin Board (OTCBB) және Франктфурт қор биржасындасатылады, деп хабарлайды metalinfo.ru Прайм-ТАСС материалдары бойынша.

«Төрт Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ байыту фабрикасын қайта құру инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстарының аяқталуы туралы хабарлады


2010 жылы «Төрт Құдық» тау-кен-байыту комбинаты» АҚ байыту комбинатын қайта құру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы аяқтады. Нәтижесінде 98% дейін металл бар лигатуралық алтын өнімі алынатын «қойтпақ көмір» деп таталған инновациялық технология. Жобаны жүзеге асыруға 2007-2010 жылдары, инвестиция 1,029 млрд.теңгені құрады. Аталмыш технология бұрын тиімсіз және келешексіз деп келген кен орындары мен руда алу аймақтарға жақын орналасқан жерде өңдеуге мүмкіндік береді.

2010 жылы «Байыту фабрикасының қайта құрылуы» инвестициялық жобасы Республикалық индустияландыру Картасына енгізілген болатын.

Жаңа технологиялық желі іске қосылғаннан кейін 2011 жылы өндірістік қуаты – жылына 500 мың тонна руда, 1 тонна алтын және 10 тонна күмісті тауар түрінде алуға, сонымен қатар, 100 млн.теңге көлемінде таза кіріске қол жеткізуді көздеп отыр.

2011 жылдың «Тау-кен Самұрық» Ұлттық тау рудалық компаниясы «Төрт Құдық» тау-байыту комбинаты» АҚ –мен бірге «Ешкіөлмес» алтын кен орнын игеру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды KASE.


Сауда және тұтынушылар тауарлары



Қазақстанның ДжСҰ қатарына қосылу жөніндегі келіссөздер үдерісі жалғасуда


2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын қолдануды қарастыратын Кеден одағы іс жүзінде жүзеге асырыуы басталды.

Осымен байланысты, 2009 жылдың маусымынан 2010 жылдың науырызына дейін ДжСҰ мүше-елдермен Қазақстанның ДжСҰ-на кіру жөнінде екі жақты келіссөздер жүргізілмеген болатын. Бұл айғақ Қазақстанның сауда саясатының өзгеруі және басқа Кеден одағы елдерінің Кеден одағын іс жүзінде жүзеге асырумен байланысты емес.

Бүгінгі таңда Қазақстан ДжСҰ-на мүше-елдердің 24-мен қазақстан нарығына тауарлар мен қызметтер жетімділігіне сәйкес Хаттамаға қол қоя отырып, екіжақты келіссөздерді аяқтады.

Осы ретте, Қазақстанның 2010 жылы қазақстан нарығына тауарлар мен қызметтер жетімділігіне сәйкес Хаттамаға қол қоюды, Қазақстанның ДжСҰ қатарына қосылу бойынша Жұмыс тобының 23 және 24 елдері болып есептелетін Эквадор және Эль-Сальвадор мүше –елдерімен екіжақты келіссөздер жүргізуді аяқтады.

Сонымен қатар, Қазақстанның ДжСҰ қатарына қосылу бойынша келіссөздердің ақырғы сатысында АҚШ, ЕО және Сауд Араб Корольдігі қалып отыр, деп хабарлайды ҚР ЭДТМ баспасөз қызметі.

Транспорт және коммуникациялар



Қазақстанда алғаш рет «Hyundai» жүк көліктері мен автобустар жинау бойынша зауыт ашылды


Айгүл Тұрысбекова, ҚазАқпарат

«Hyundai» жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттың ашылуы Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудағы ҚР Президентінің стратегиялық желілерін жүзеге асырудың түбегейлі сәті болып табылады. Кәсіпорынның жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру аясында 2011 жылы бірінші кәсіпорын екендігі аса маңызды. «Hyundai» компаниясы мұндай кәсіпорынды алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияда ашуы қуантатын жайт. Ол туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан зауыттың салтанатты ашылунда айтты.

Жоба 2010 жылдың сәуірінде ҚР Президентінің Оңтүстік Кореяға барған ресми сапары кезінде қол жеткізген келісімдер аясында жүзеге асты.

«Hyundai Motor Company» компаниясының вице-президенті Гарри Чой, бұл зауыттың құрылуы екіжақты ынтымақтастықтың алғашқы сатысы болып табылатынын мәлімдеді. «Біздің мақсатымыз әлемдік стандарттарға сай келіп, Қазақстанға жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ бәсекелестікке қабілетті өнім шығару. Біз оның құнының төмен болуына бар мүмкіндігімізді жұмсаймыз», - деп атап өтті ол.

Г.Чой салтанатты жағдайда «Astana motors» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловқа «Hyundai» сауда үлгісінің атыменавтомобильдер құрастыру құқын беретін сертификатты ұсынды.

Смағұловтың айтуынша, бүгінгі күні өндірістегі қазақстандық мөлшер үлесі 5% құрайды, бірақ, бес жыл ішінде, отандық аспалы жабдықпен жинақтау (борттық қораптар, рефрижераторлар, фургондар, изотермиялық үйшіктер) есебінен оқшаулау деңгейі 30% дейін жетеді. «Қазақстанда автомобильдер құрастыру автомобильдер автобустардың өз құнының 25% кем болуына мүмкіндік тударады», - деп нақтылады ол. Өндіріс қуаты – жылына 500 дана, үш жылдан кейін жобалық қуат 1000 данаға дейін арттырылады. Жобаның инвестициясы 3 млн.АҚШ долларын құрайды, оның 2,3 млн. қарыздық қаражат. Жоба «Қазақстан Халық банкі» АҚ қатысуымен қаржыландырылады.

Алматы облысы әкімі Серік Үмбетовтың сөзіне қарағанда, жоба облыс үшін соның қатарында,Талғар ауданы үшін зор маңызға ие. «Жаңа жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық төлемдер облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпалын тигізеді», - деп нақтылады облыс әкімі.

«Эйр Астана» «Airbus» 6 ұшағын $268 млн. сатып алуға ниетті


Қазақстанның Ұлттық авиатасымалдаушысы «Эйр Астана» жалпы көлемі 268 миллион долларға 6 «Airbus» ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметтері.

«Airbus-A320 әуе кемелерінің алтауын өз меншігіне иелену «Эйр Астана» авиакомпаниясының ірі инвестициялық жобасы бірі болып саналады», - делінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ алқасында таратылған хабарламада.

Хабарламада, осы әуе кемелерін жеткізу 2012 жылдан басталатыны нақтыланған. Жобаның жалпы құны 268 миллион долларды құрайды.

Бүгінгі күні компанияның авиапаркі 22 заманауи ұшақтармен жабдықталған, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



Ресей Қырғызстанның америка әскери базасына жеткізетінін ескеріп, жанармай салығын тоқтатады


Алла Афанасьева мен Ольга Дзюбенко, Reuters

Ресей Қырғызстанға жіберілетін мұнай өнімдері экспортына баж салығын тоқтатты, делінген ресей кедендік қызметтер жіберген жеделхатта. Ол Мәскеуге ауған соғысын жүргізуде басты роль атқаратын америка әскери-әуе базасына авиациялық жанармай жеткізудегі жолын тазалайды.

2010 жылдың сәуірінде енгізілген экспорт салығын, аймақтағы билік орындарына бағытталған Ресейдің Федеральдық кеден қызметкерлерінің құжатымен 1 қаңтардан бастап жойылғанReuters агенттігінің қызметкерлеріне түскен ақпараттан алынған.

Бұл шешім премьер-министр Владимир Путин мен оның қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевтың кездесуінен кейін қабылданды. Ол елдер арасындағы қатынастардың америка әскерилерінің бұрынғы кеңес өкіметінен кейінгі кеңістікке қатысунан туындаған келіспеушіліктен кейін жыли бастағанының белгісі.

«Бұл ауызша келісім болатын», - деп мәлімдеді өз атын жариялауға рұхсат бермеген Қырғызстан жаңа үкіметінің өкілі.

Қырғызстан өткен жылдағы президенттің орнынан алынып, ұлтаралық қақтығыстан жүздеген адамдар қайтыс болған шиеленісті оқиғалардан кейін Атамбаевты премьер-министрі етіп сайлау арқылы Орталық Азияда парламенттік демократияның алғашқы негізін қалады.

Халық көтерілісінен кейін, билігінен айырылған Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бақиев, Вашингтонға елден кететін уақыттың жеткенін мәлемдегеннен кейін бір айдан соң Манастағы америка әскери-әуе базасын жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін Кремльдің қаһарына ұшыраған болатын. Ресей Қырғызстанда өзінің әскери-әуе базасына ие.

Бақиев биліктен кетірілген соң, халықаралық әуежаймен көршілес орналасқан қырғыздың астанасы Бішкек маңайындағы Манас базасына жанармай жеткізу жөніндегі келісім-шарт жасау кезінде коррупциялық әрекеттері үшін бірнеше айыптаулар жасалды.

Құрама Штаттар соңғы келісімді қараша айында Бақиевтің басқаруы кезінде Манас базасына жанармай жеткізумен айналысқан гибралтар фирмасы Mina Corpкелісім-шар жасаған болатын. Mina Corp компаниясы Бақиевжәне оның отбасы мұшелерімен байланысы туралы үзілді-кесілді бас тартады.

Алайда, соңғы келісім-шартта Mina Corp үлесінің төмендеуіне сәйкес, қырғыз жағына келісім көлемінің 20 пайыздан 50 пайызға дейін алуына мүмкіндік беретін ескерпе көрсетілген.

Мемлекеттік жеткізуші

Өткен айда Қырғызстан Ресей компанияларымен келісім жасауда, мүмкін, ынтымақтастық қарым-қатынасқа қатыса алатын Manas Refueling Complexжаңа мемлекеттік компаниясын құрды.

2010 жылдың 8 желтоқсанында Ресейдің Қырғызстандағы елшісі Валентина Власова, «Газпром нефть» мемлекеттік компаниясының бөлімшесі қырғыз мемлекеттік концернімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қырғызстанның эномикалық реттеу министрлігі, салықтың алынуы туралы ешбір ресми хабарлама алмағаны туралы айтты. «Газпром нефть Азия» компаниясының, ресей фирмасының жергілікті бөлімшесінің ресми өкілі де ешқандай ресми құжат алмағанын хабарлады.

Бірақ, «Газпром нефть Азия» компаниясының баға жасау бөлімінің жетекшісі Мелс Тұрғынбаев, Reuters агенттігінің өкіліне, оның компаниясында өткен жылдың желтоқсанында бекітілген тарифтен басқа тоннасына 217 доллар деңгейдегі мұнай өнімдерін сатып алудың ерекше бағасы туралы кедендік биліктен рұхсат алғанын мәлім еткен.

«Біз өткен аптада келісім-шарт жасадық. Келісілген көлемге экспорт салығы кірмейді және осында жеткізілуі тиіс», - деді ол.

Авиациялық жанармай Қырғызстанға келетін мұнай өнімдерінің ресей экспортының үштен бір бөлігін құрайды, мқнай өнімдерінің жеткізілуіне экспорт салығы енгізілген соң, жеткізу күрт азайып кеткен, алайда, оның жойылуынан кейін, бұрынғы қаплпына келетін болар. «Газпром нефть» өткен жылы Қырғызстанның ірі жеткізушісі болған еді, ол орталық азия елдеріне 500 мың мұнай өнімдері тоннасын жіберген. Компания Қырғызстанда жанармай толтыру станцияларының желісін иеленеді.

2010 жылы Қырғызстан Ресейден барлығы 900 мың тонна әртүрлі мұнай өнімдерін, соның ішінде 300 мың тонна авиация отынын алған.



Ресей мұнай өнімдеріне экспорт салығын, Кеден одағына кірмейтін барлық ТМД елдеріне енгізген болатын. Трейдерлер, жеделхатта салықтың тек Қазақстан үшін алынғаны туралы айтылған деп хабарлады. (Робин Пэкстон (Robin Paxton) Джеймс Джаквей (James Jukwey) редакциясымен жазған).

Бағалар мен статистика




Мұнай мен газ құны
Дата: 24 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Crude Future

89.60

.49

.55

01:13

Dated Brent Spot

97.45

.50

.52

01:23

WTI Cushing Spot

87.96

-.90

-1.01

01/21

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

267.05

1.97

.74

01:00

Nymex RBOB Gasoline Future

247.04

1.15

.47

23:24

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.81

.07

1.56

01:11

Henry Hub Spot

4.73

.16

3.50

01/21

New York City Gate Spot

16.77

4.24

33.84

01/21

Commodities
Дата: 24 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change

Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

435.600

4.700

1.09

01:30

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1351.500

10.500

0.78

01:29

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

27.895

0.468

1.71

01:29

Металл құны
Дата: 24 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

27.91

+0.38

Platinum

1825.00

-1.00

Palladium

824.00

+3.00

Rhodium

2,400.00

0.00

Валюталар бағамы
Дата: 24 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі

1 USD

KZT 147.01

1 CHF

KZT 152.67

1 CNY

KZT 22.34

1 TRY

KZT 93.04

10 JPY

KZT 1.78

1 EUR

KZT 199.29

1 AUD

KZT 145.29

1 KGS

KZT 3.11

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 233.97

1 CAD

KZT 147.38

1 RUB

KZT 4.9

100 KRW

KZT 13.12







Отписаться от рассылки





Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz

Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010



й

Каталог: data -> kaz-news
kaz-news -> Шығарылым №1175 Сәрсенбі, 15 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1188 шығарылым – Бейсенбі, 13 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1175 шығарылым Сейсенбі, 21 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1186 шығарылым – Сейсенбі, 11 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> 1196 шығарылым – Сейсенбі, 25 қаңтар, 2011 Номер мақаласы
kaz-news -> Шығарылым №1174 Сейсенбі, 14 желтоқсан, 2010
kaz-news -> 1177 шығарылым Бейсенбі, 23 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1176 шығарылым Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1181 шығарылым – Сәрсенбі, 29 желтоқсан, 2010 Номер мақаласы
kaz-news -> 1194 шығарылым – Жұма, 21 қаңтар, 2011 Номер мақаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет