12 және 13-дәрістердің жалпы тақырыбы ms excel-де агроөнеркәсіп кешенінің маңызды есептерін шығару әдістері



бет1/19
Дата22.05.2020
өлшемі2.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
12 және 13-дәрістердің жалпы тақырыбы

MS Excel-де агроөнеркәсіп кешенінің маңызды есептерін шығару әдістері
Дәрістерде қарастырылатын сұрақтар:

  1. Көпкезеңді жарым-жартылай бүтін санды модель.

  2. Шаруа қожалығының бизнес жоспарын MS Excel-де модельдеу.

  3. Кәсіпорынды оңтайлы орналастырудың өзектілігі.

  4. Кәсіпорынды оңтайлы орналастыру моделі.

  5. Оңтайлы орналастыру жоспарының моделін тәжірибеде қолдану.


12 дәрістің тақырыбы

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ОҢТАЙЛАСТЫРУ ЕСЕПТЕРІ



Бақылау сұрақтары

1 Көпкезеңді жарым-жартылай бүтін санды модель

Оңтайластыру модельдерін шешу нәтижесінде мәндері ізде-лініп отырған айнымалылар міндетті түрде бүтінсандар болуға тиіс болса, онда мұндай модельдерді бүтін санды программалау мо-дельдері деп атаған. Бүтін сандық шешім тек сызықтық програм-малау есебіне келтірілген кейбір есептерге ғана тән талап емес, шешімнің бүтін санды болуы кейде сызықты емес программалау есептерінде де кездеседі. Сондықтан, егер шектеулер және мақсат функциясы сызықты байланыста болса, онда мұндай есепті сызық-тық программалаудың бүтін санды есебі деп атайды; егер кемінде бір байланыс сызықты емес болса, онда мұндай есепті сызықты емес программалаудың бүтін санды есебі деп атайды.

2 Шаруа қожалығының жоспарын оңтайластыру есебінің қойылу тәтібі

Барлық ауыл шаруашылығы деңгейінде қарастырылған неме-се өсімдік шаруашылығы құрамын немесе ауыл шаруашылық тех-никалары паркі құрамын оңтайластыру есептері бойынша құрыл-ған бұрынға экономикалық-математикалық модельдерде қорлар-дың жылдық көлемдегі сомасы есепке алынады.

3 Жарым-жартылай бүтінсанды модельдерді құру тәртібі









xj ≥ 0, j = 1,...n, xj – бүтін сандар, j = 1,..k.

4 Тәжірибеде жарым-жартылай бүтінсанды модельдердің нормативтік коэффициентері қалай есептеледі



Көптіктер және индекстер:

j – ауыл шаруашылығы дақылдарының индексі, j J, мұндағы J - барлық ауыл шаруашылығы дақылдары және жыртыл-ған жер көптігі;

i – ауыл шаруашылығы техника түрлерінің индексі, i I, мұндағы I - барлық ауыл шаруашылығы техника түрлерінің (трак-торлардың және комбайндардың) көптігі;

t – барлық маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарының орындалынатын кезеңдерінің индексі, t T, мұндағы T – барлық кезеңдердің көптігі;

Ізделінетін айнымалылар:

хj – ауыл шаруашылығы j-ші дақылдарының егіс ауданы және жыртылған жердің ауданы, га;

yiқолданылатын i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техни-касының саны, дана;

di – жетіспейтін, сатып немесе жалға алынған i-ші түрдегі техника саны, дана;

fiартық, сыртқа сатылған i-ші түрдегі техника саны, дана;

– техникада жұмыс істейтін барлық механизаторлардың саны, адам.



Алғашқы деректер:

P – шаруашылықтағы егістік (жыртылған) жердің ауданы, га;

Li – шаруашылықта бар i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техникасының саны, дана;

Ьti – t-шы кезеңде i-ші түрдегі тахниканың бір данасы есебін-дегі жұмыс уақыты, сағат;

atij – t-шы кезеңде i-ші түрдегі тахникамен j-ші ауыл шаруа-шылығы дақылдарын 1 га егіуге немесе жыртылған жерді өңдеуге кеткен уақыт шығыны, сағат;

ki–i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техникасында жұмыс істейтін механизаторлардың санын белгілейтін коэффициент;

сj – тұқымға, тыңайтқышқа және т.б. кеткен шығындарды алып тастағаннан кейінгі, 1 га түсетін j-ші ауыл шаруашылығы дақылдарының тауарлық өнімдерінің бағасы, мың теңге;

сi – i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техникасының бір данасын қолдануға және ағымдағы жөндеуіне кеткен шығындар, мың теңге;

– бір жылға есептегендегі, жетіспейтін, сатып немесе жалға алынған i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техникасының бағасы, мың теңге;



βi – бір жылға есептегендегі, артық, сыртқа сатылған i-ші түрдегі ауыл шаруашылығы техникасынан түскен түсім, мың теңге;

с'– жұмыскерлерге бір жұмыс маусымында төленген еңбек ақы, мың теңге;

w – пропорциональдық коэффициент.

Анықтау керек Z (шартты пайда) функциясының максималь-ды мәнін

(4.1)

мына жағдайда:



3) егіс ауданы бойынша

(4.2)


2) техникалардың түрлері бойынша берілген агротехникалық уақыт аралықтарында ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіру технологиялық әрекеттердің орындалуы

(4.3)


3) ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері бойынша балансталуы

(4.4)


4) еңбек қоры

(4.5)


5) ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндірудің техноло-гиялық шарттары

(4.6)


6) айнымалылардың теріс болмау және олардың кейбіреу-лерінің бүтін сан болу шарттары
5 Жарым-жартылай бүтінсанды модельдерді құруда ауыспалы егіс талаптары қалай есептеледі

Ауыспалы егіске байланысты дақылдарды өсіріп-өндірудің технологиялық шарты.

25) сүрі жер (пар) бойынша күзгі дақылдарды егу



х1 + х2 – х9 ≤ 0

Айнымалылардың теріс сан болмау және кейбір айнымалы-лардың бүтін сан болу шарттары:



х1≥0, х2≥0, х3 ≥0, х4≥0, х5 ≥0, х6 ≥0, х7 ≥0, х8 ≥0, х9≥0,

у1 ≥0, у2≥0, y3≥0, у≥0, d1 ≥0, d2 ≥0, d3≥0, f1 ≥0, f2 ≥0,

f3 ≥0, у1, у2, y3, у, d1, d2 , d3, f1, f2, f3бүтін сандар
6 Шаруа қожалығының оңтайлы бизнес жоспарын қамтамасыз ететін модельдің құрлымын түсіндіріңіз

Бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал ететін негізгі факторларды қарастырайық, олар:

— Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары шығарылатын өнімінің көлемі үлкен, құрал-жабдықтары да, есеп-қисаптары да күрделі ірі кәсіпорынның бизнес жоспарынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше болады.

— Бәсеке деңгейі. Егер кәсіпорын қиын бәсекелестік жағдайда жұмыс істесе, бәсекелестер тарапынан қатты қысым сезінбейтін кәсіпорындармен салыстырғанда, ол бизнес-жоспар әзірлеген кезде ұқыптырақ және мұқияттырақ болуға тиіс.

— Айқынсыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар жылдам өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейтіндіктен, бұл жоспарлау үдерісін қиындатады, ал, керісінше, орнықты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға келешектегі қызметін болжау айтарлықтай оңай.

— Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкер мен оның командасының бизнес ішінде де, сыртқы ортада да күрделі қарым-қатынастарды аңдау қабілеттеріне және кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдай білетініне байланысты.

Бизнес-жоспар өндіріс пен қызметтер көлемдерін арттыру үшін капитал келтіру мақсатында инвесторлар іздестірген кезде міндетті болып саналады. Бизнес-жоспардың негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарда қойылған мақсаттарды іске асыру үшін тиісті мүмкіндіктерінің, оның ішінде жоғары білікті менеджерлер командасының, іс-әрекеттердің жақсы ойластырылған, бірізді және негізді бағдарламасының бар екеніне көз жеткізуге тиіс. Егер бизнесжоспар мақұлданса, онда ол кәсіпкер мен оның командасы өздерінің іс-әрекеттерін сол бойынша іс жүзіне асыратын басты бағалау белгісі болуға тиіс.

Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның борышты өтейтін қабілеті болуы, яғни оның проценттер төлеуге ғана емес, негізгі борышты қайтаратын әлеуетінің болуы толғандырады, сондықтан кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін егжей-тегжейлі талдау және жобалау қажет. Бизнес-жоспар инвестициялар келтіру құралы ретінде ғана пайдаланылады дейтін пікір бар.

Іс жүзінде бизнес-жоспардың қолданылатын ауқымы айтарлықтай кең, өйткені бизнес-жоспарлар әзірлеудің маңызы ешбір төмен емес басқа да себептері бар, оның ішінде:

Көбірек реттелген жұмыс. Бизнесті жоспарлау — менеджерлер командасына ұтымдырақ жұмыс істеуге, яғни балама нұсқалардың ішінен барынша оңтайлыларын таңдап алуға, болуы мүмкін қауіп-қатерлерді (тәуекелдіктерді) ескеруге және оларды болдырмау немесе азайту жолдарын анықтауға көмектеседі.

Болашаққа бағдар ұстау. Жоспарлау — менеджерлер командасына көптеген мәселелерді алдын ала көруге және ескеруге, сонымен бірге олардың тууы мүмкін жағдайға дайын болуға жәрдемдеседі.

Мақсаттар төмендегі талаптарға сай болуға тиіс:



  • нақтылық және егжей-тегжейлілік:

  • санмен өлшеу мүмкіндігі;

  • мерзімдер бойынша үйлестік;

  • шынайылық және қолжетімділік;

  • жаңа жағдайларға бейімделу мүмкіндігі.

7 Қойылған есепті компьютерде шығару технологиясын түсіндіріңіз

Жарым-жартылай бүтін санды есептің математикалық мо-делін тұрғыздық. Бүтін санды айнымалылармен бірге модельде айнымалылар саны – 19, шектеулер саны – 25. MS Excel-дің жұмыс бетіне қарапайым тәсілімен есептің кестелік моделін тұрғызамыз. Бірінші жолға есептің атын: «Кәсіпорынның өсімдік шаруашылық бағдарламасын оңтайластыру», ал екінші жолға «Белгісіздер» деп жазамыз. B3:T3 ұялар аралықтарына айнымалылардың белгілері орналастырылады да, B4:T4 ұялар аралықтарында олардың оңтай-лы мәндері анықталынатын болады. Оңтайлы мәндері ізделініп отырған айнымалыларға есептің шарты бойынша төменгі және жоғары жағынан шектеулер қойылмайды. Сондықтан аздап болса да есептің өлшемін кішірейту үшін айнымалылардың шеткі мәндері үшін арнайы ұялар қарастырылмайды. Бірден B5:T5 ұялар аралығына айнымалылардың белгілеріне сәйкес ұяларға мақсат функциядағы олардың коэффициенттерін енгіземіз де, U5 ұяда белгілі тәсілмен мақсат функцияның формуласын жазамыз: =СУММПРОИЗВ(B5:T5;$B$4:$T$4). Келесі жолға «Шектеулер», осы жолда U6 ұяға шектеулердің сол жағының формулалары жазылатын ұялардың басқы тақырыбы «Сол жағы», V6 ұяға шектеулер белгілері «Белгісі» және W6 ұяға шектеулердің оң жағының мәндері тұратын ұялардың басқы тақырыбы «Оң жағы» комментариялары жазылады

Дәріс мазмүны

1 Көпкезеңді жарым-жартылай бүтін санды модель.

Тәжірибелік жағдайда оңтайлы жоспар құрудың шаруашы-лыққа онша қажетігі жоқ бола тұрса да, социалистік жоспарлы эко-номика талаптарына байланысты ауыл шаруашылық өндірісін кә-сіпорындар деңгейінде оңтайластыратын экономикалық-математи-калық модельдер жүйесі қалыптастырылғаны белгілі. Социализм заманында өндірістің құрамдары және дамуы жөнінде көптеген көрсеткіштер туралы тапсырыстарды жоғарғы ұйымдар анықтады да, ал оңтайлы жоспарлау өте саяз, аз мөлшерлі, тек кейбір тех-нологиялық үрдістерді оңтайластыратын есептерді шешумен шек-телді. Мысалға, мұндай есептерге азық рациондарын және азық қоспаларын оңтайластыру, минералды тыңайтқыштарды бөліп тарату үрдісінің оңтайлы жоспарын құру, машинно-тракторлық парк құрамын қолданылатын жыл маусым аралығына байланысты оңтайластыру және осыларға ұқсас тағы басқа да есептерді жат-қызуға болады.

Қазіргі кезде қоғамымыздың нарық жағдайына, яғни жаңа экономикалық қарым-қатынасқа өтуіне байланысты, ауыл шаруа-шылық кәсіпорындары үшін оңтайластыру есептерін қайтадан жүргізу керектігі туындалды және оған үлкен қызығушылық пайда болды. Бірақ, социалистік экономика принциптері бойынша қалып-тасқан бұрынғы экономикалық-математикалық модельдерде бірқа-тар кемшіліктер болатыны сөзсіз. Мысалға, көптеген өндірістік қорлар және олардың ішінде айрықша ақша бірлігімен өлшенетін қорлар түрлері белгісіз болып есептелініп, олардың оңтайлы мәнде-рі ізделінді, яғни ақша қорларын қалыптастыру шектеулері қарас-тырылды. Сөйтіп, есепті шешу нәтижесі арқылы іздеп отырған ай-нымалының мәні бойынша ақша қорының керекті мөлшері анықта-лынды. Қазіргі кезде жыл маусымы кезеңдерінде ақша құрал-дарының нақтылы бір қатынастарда болуы өте маңызды. Өйткені, айналымдық қорлардың ұтымды қолданылмауы, қымбат тұратын несие алуға қажеттілікті, айлық жалақыны уақтылы төлей алмауға байланысты әлеуметтік қайшылықтар және тағы да басқа теріс әсерлер тудыруы мүмкін. Сондықтан, мал және өсімдік шаруашы-лықтар өнімдерін нарыққа өткізуден түскен ақша ағымдарын анықтайтын, материалдық және айлық төлем ақыларға кеткен шығындарды, алынған несие мөлшерімен оны қайтаратын уақытты анықтау қарастырылған, кәсіпорынның қаржылық бағдарламасын оңтайластыру “Экономикалық-математикалық модельдің” бөлін-бейтін бөлігі болуға тиіс.

Барлық ауыл шаруашылығы деңгейінде қарастырылған неме-се өсімдік шаруашылығы құрамын немесе ауыл шаруашылық тех-никалары паркі құрамын оңтайластыру есептері бойынша құрыл-ған бұрынға экономикалық-математикалық модельдерде қорлар-дың жылдық көлемдегі сомасы есепке алынады. Өсімдік шаруа-шылығы жұмыстары толығымен маханикаландыру қарастырыла-тын болса, есептің осылай қойылуы жылдың кейбір маусымдарын-да техниканың жетіспеуіне, ал қысқы және күзгі маусымдарда техниканың қолданылмай босқа тұратын жағдайына әкеледі. Сондықтан, мұндай есептердің шешім нәтижесі, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарының толық дәйектелінген жоспары бойынша анықталған әртүрлі техникалардың керекті санын көрсететін, шаруашылықта бар техника қорларын есепке алған, өндіріс құрамы болуға тиіс.

Осы кездерге дейін экономикалық-математикалық модель-дерде мал шаруашылығында жүргізілетін мал айналымдары толық-қанды есепке айналмады. Мысалға, ірі қара малдардың айналым-дарын оңтайластыратын экономикалық-математикалық модельде өндіріс орнының оңтайлы құрамы ескерілмей, ірі қара малдардың жас-жыныс көрсеткіштеріне байланысты тек жай қарапайым бір топтан екінші бір топқа өту әрекеттері қарастырылады, тіпті азықтандыру блогы түсіп қалады. Міне осындай кемшіліктерге байланысты аталған модель тәжірибеде көп қолданылмай келеді.

Ауылшаруашылығында өндірістік даму үрдістерін, өсімдік және мал шаруашылықтарының технологиялық үрдістерінің ерек-шеліктеріне байланысты әртүрлі кезеңдерге бөлу арқылы, осындай кемшіліктерді түзетуге болатынына көз жеткізу қиын емес. Ауыл-шаруашылығында жыл маусымдарына (қыс, көктем, жаз және күз) байланысты өндіріс технологияларында көптеген өзгерістер пайда болады. Аталған ерекшеліктерді ескеру арқылы құрылған модель-дерді көпкезеңділер деп атайды. Сызықтық-динамикалық модель-дерге қарағанда, олар жыл маусымы кезеңдеріне байланысты құ-рылған блоктардан тұрады. Кезеңдер санына байланысты көпкезеңді модельдер үлкен өлшемді болуы мүмкін. Дегенмен де, қазіргі қуатты компьютерлерге мұндай жағдай айтарлықтай кедергі тудыр-майды.

Көпкезеңді модельдерді қолдану есептің бүтінсандылық мәселелерін шешуде жай қарапайым ыңғайлы тәсілдерін табуға көп көмектеседі және есеп өндірістің нақтылы жағдайларын ескеріп, тәжірибеде қолдануға болатын дұрыс шешім алынады.

Төменде ауыл шаруашылық өндірісінің құрамын оңтайлас-тыруға бағыталған экономикалық-математикалық модельдердің жаңа модификациясын құрумен айналысқан көптеген ғалымдар-дың [1, 2, 10, 12 және т.б.] еңбектерін зерделеп талқылаудың нәти-жесінде, кәсіпорын деңгейінде ауыл шаруашылығы өндірісін оң-тайластыру үшін құрылған, сызықты көпкезеңдік жарымжар-тылай бүтін санды есептің экономикалық-математикалық моделін келтіреміз.



Өсімдік шаруашылығында көпкезеңдік оңтайластыру есебі-нің жарым-жартылай бүтін санды экономикалық-математи-калық моделі.

Қабылданған белгілер.



Көптіктер және индекстер:

j – ауыл шаруашылығы дақылдарының индексі, jJ, мұндағы J - барлық ауыл шаруашылығы дақылдары және жыртыл-ған жер көптігі;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет