13 Тақырып: Күрделі етістіктер. Жоспар



жүктеу 109.87 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі109.87 Kb.
: CDO -> 2005-2006 -> Sozjasam -> Data
CDO -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Data -> К‡рделі зат есім
2005-2006 -> Болады дейік (13-сурет) кесіндісін а Х
2005-2006 -> 1. Рим азаматтыќ ќ±ќыѓыныњ пєні болып не табылады? а жеке ќ±ќыќтыќ ќатынастар
Data -> Аналитикалық жолмен жасалған есімдіктер
13 Тақырып: Күрделі етістіктер.

Жоспар:


  1. Күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері

а)Күрделі етістік құрылымы

ә)Күрделі етістіктің тірек және ауыспалы сыңары



  1. Құранды етістіктер


Пайдалынылѓан єдебиеттер:

1.Ќазіргі ќазаќ тілініњ сµзжасам ж‰йесі. А 1989

2.Ќазіргі ќазаќ тілі. Морфология. А. Ысќаќов. А 1991

3.Н.Оралбаева Сан есімніњ сµзжасам ж‰йесі. А1998

4.Н.Ќоќышева. Ќазіргі ќазаќ тіліндегі сµзжасамдыќ сатылардаѓы туында сµздер. А2001

5.Н.Оралбаева. Ќазаќ тілініњ сµзжасам ж‰йесі А 1984

6.М.Балаќаев. К‰рделі сµздердіњ сипаттамасы. А 1987

7.Н.Оралбаева Сµзжасамдыќ ........ А 1998

8.Є.Тµлеуов. Ќазаќ тіліндегі есім сµздердіњ жасалуы А1973

9.З. Бейсенбаева. Текстік маѓына тудыратын ќосымшалы сµздердіњ ќазаќ тілінде ж±мсалуы А 1981

10.А. Ќалыбаева. Ќазаќ тіліндегі туынды т‰бір етістіктер. А 1965

11.Б.Ќасымова. Ќазіргі ќазаќ тіліндегі к‰рделі етістіктер. А 1997


Тақырыпта қолданылатын тірек сөздер:

Аналитикалық тәсіл, аналитикалық формант, құранды етістік, тірек компонент, ауыспалы компонент, күрделі етістік.


1.Күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері
Бірінші негізгі сұрақ бойынша студенттің мақсаты:

1.1. Күрделі етістіктердің өзіндік белгілерін біліп алыңыз;

1.2. Аналитикалық етістік пен күрделі етістіктің бір-бірінен ерекшелігін түсініп алыңыз;

1.3. Күрделі етістіктің жасалу моделін меңгеріп алыңыз;

1.4. Күрделі етістіктің сөз тіркесінен, аналитикалық етістіктен, тұрақты тіркестен ерекелігін біліп алыңыз.
1-ші негізгі сұрақтың мазмұны:
Күрделі етістіктер - тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгілі сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып, күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер.

Күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі, белгілері бар.

Соңғы кезеңге дейін күрделі етістік құрамында анлитикалық формалы етістіктер де, мысалы: келе сал, айта бер, келе бер; фразалық тіркестер де: жүрек жұтқан, көз ілмеу, іші қимады; құранды етістіктер де: қызмет ет, жәрдем қыл, көмек ет т.б. аталып келді.

Қазақ тіл білімінде бұларды бір – бірінен ажырата қарау Н.Оралбаеваның еңбектерінен басталады.

Күрделі етістік пен етістіктің аналитикалық формасы тілдің жалпы екі саласына жатады. Бірі – сөзжасам нысанасы, екіншісі – морфологияның нысанасы.

Күрделі етістіктің сөзжасамдық құбылысы болуы оның тілдегі күрделі сөз атаулының жасалу заңдылығына сәйкес болуына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, күрделі сөздердің жасалуына ортақ заңдылық күрделі етістікке де ортақ.

Күрделі етстіктің сыңарлары лексикалық мағына беру үшін бір – бірімен тіркеседі, екі сыңары да лексикалық мағынаның жасалуына өз үлесін қосады. Мысалы, алып бер, кіріп шық, алып кел, бара кел, алып көр т.б.

Осылардың құрмындағы сыңарлардың ешқайсысын қандай да болмасын грамматикалық мағына беру қызметін атқырып тұр деп дәлелдеуге келмейді.


Бұл күрделі етістіктердің сыңарлары лексикалық мағына жасаушы - сөзжасамдық тұлға қызметін атқарып тұр. Осы күрделі етістіктердің ішінде алып бар етістігін талдайық. Алып бар деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы – алудың да, барудың да мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғанда алу қимылына да, бару қимылына да тең емес. Өйткені ол – біртұтас қимыл болып түсінілетін дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл екі дара қимылдың біртұтас мағынаға көшуінен қалыптасқан. Күрделі етістік талданып отырған алып бар етістігі, ал, бар етістіктерінің мағыналары жымдасып, кірігіп күрделі қимылды білдіруге көшуі арқылы жасалған.


Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден жасалады. Сондықтан оның құрамындағы сыңарлары мағына жағынан тең болады. Мысалы: Ұлпан сары жез самауырынды көтеріп, далаға шығып кетті. Үйіне қайтып келді де, қасқыр көрпені айқара жамылып жатып қалды (Мүсірепов).

Осы мысалдардағы шығып кетті, қайтып келді деген күрделі етістіктердің құрамындағы сыңарлары – мағыналары тең тіркестер. Сондықтан олардың әрқайсысы біртұтас күрделі қимылдың белгілі бір бөлігін білдіреді.

Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: Әзімбай жауап айтпай, үндемей тұрды да, атына мініп кетті.(М.Әуезов).

Күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уақытта бір құрамда қолданылады, оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды, олар инверсиялға түспейді: алып кет, жүріп кет, көріп кел, сұрап ал. т.б.

а)Күрделі етістіктің құрамы жағынан оның сыңарлары негізгі түбірлер де туынды және біріккен түбірлер бола береді. Бұларды құрлымы жағынан өзіне ұқсас күрделі тілдік құбылыстардан ерекшелейтін негізгі белігісі – лексикалық бірлік ретінде күрделі қимылды білдіруі. Мысалы: өлдім-талдым дегенде, бір бұзаулы сиыр бермек боп, бүкірді алып қайтқан (Аймауытов). Осындағы алып қайтқан - күрделі қимылды білдіретін, лексикалық бірлік, бір уақытта жасалатын біртұтас қимыл іштей екі кезеңнен тұрады: біріншісі - алу, екіншісі – қайту, Қыстай қала – даласына мінетін жалғыз кер қасқа атты шабарман ұстап әкетіпті (сонда); Кітапты басынан аяғына шейін бір қарап шықты - аналитикалық формалы етістік, себебі негізігі мағына қара етістігінде де, -п шықты – грамматикалық мағына береді.

Күрделі етістіктер көне замандардан әбден қалыптасқан заңдылықтар бойынша жасалады. Күрделі етістіктер белгілі модельдер арқылы түзілген. Қазіргі түрік тілдерінде қолданылатын модель: етістік+көсемшенің жұрнағы+етістік.

а)Қазақ тіліндегі күрделі етістіктерге жасалған талдау күрделі етістіктердің соңғы сыңары ретінде тілде бір топ етістіктер ғана қолданылады, ал олардың алғашқы сыңары түрлі етістіктерден бола береді. Мысалы: алып келді, көріп келді, айтып келді, беріп келді, көшіп келді. т.б.

Келтірілген күрделі етістіктердің алғашқы сыңары өзгеріп отыр, ал соңғы сыңары олардың бәрінде қайталанады. Соңғы сыңарда олардың бәрінде қайталанады. Соңғы сыңарда қайталанатын етістіктердің саны да, аумағы да белгілі, ондай етістіктер тілді 20 шақты.

ә)Тілмізде тірек сыңар арқылы жасалған күрделі етістіктердің жалпы саны 2000 –ға жуық.

Өте өнімді тірек сыңарларға кел, кет, қайт, шық, ал, бер сияқты етістіктер жатады. Өте өнімді тірек сыңарлар түрлі семантикалық топтарға етістіктерден күрделі етістік жасайды. Сондықтан олардың сөзжасам мүмкіндігі зор, солардың қатысуымен тілімізде өте көп күрделі етістік жасалған.

Тірек сыңар болатын етістіктердің мынадай ерекшеліктері бар:

1) Тірек сыңар болатын етістіктер – көне замандардан келе жатқан байрығы сөздер

2) Тірек сыңар болатын етістіктер – жалпы мағыналы сөздер.

3) Тіліміздегі күрделі етістік жасайтын, тірек сыңар болатын етістіктердің тағы бір ерекшелік олар негізгі түбір етістіктер болып табылады: ал, бер, бар, кел, қайт, қал, кір, қой, жөнел, жібер, шық, т.б.

4) Тірек сыңар болатын етістіктер төмендегідей екі мағыналық топты құрайды:

а) амал- әрекет: ал, бер, қара, таста, қой. Жұртқа көмір не сексеуіл тиеп береміз.

ә) қимыл - қозғалыс: бар, әкел, кел, әкел, кет, кір, қайт, жөнел, қаш, шық, өт.

Күрделі етістіктердің бірінші сыңары ауыспалы, өзгергіш келеді. Бір күрделі етістіктегі (сатып кет, алып кет) бірінші сыңардың басқа күрделі етістікке кездесуі міндетті емес, ал тірек сыңар бірнеше күрделі етістікке қолданылады.




Айда

Айт


Ал

Байла


Жаса

Кез


кел

-ып/ -іп, -п
кет -

Аш

Бол


Айт

Көр


Бар

Кел


Қара


-ып/-іп,-п

ал-

Кестеде екі топ күрделі етістік берілген, олардың алғашқы тобы кет тірек сыңар арқылы жасалса, екінші тобы ал тірек сыңар арқылы жасалған.

Қосымша: Аналитикалық формалар мен тұрақты тікестердің ерекшеліктері.


Жетекші (дербес) етістік пен белгілі бір грамматикалық категорияның мағынасын білдіретін көмекші етістіктердің бірлестігі аналитикалық форма деп аталады.
Аналитикалық формада негізгі етістік көмекші етістіктен бұрын тұрады да, аналитикалық тіркестің негізгі мағынасына жетекшілік етеді. Ал, аналитикалық форманы етітіктің құрамындағы көмекші етістік қосымшалар сияқты белгілі бір категорияға тән грамматикалық мағынаны білдіріп, сол категорияның морфологиялық көрсетікіші ретінде қалыптасады. Аналитикалық формалар, негізінде, жетекші сөз бен аналитикалық форманттардың тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Ондай жасалымда аналитикалық форманы жасаушы аналитикалық форматардың өзі етістіктің грамматикалық категорияларының көрсеткіші ретінде жұмсалады.

Мысалы: ертерек барса екен, өз көзімен көрсе екен дегендегі осындағы барса екен, көрсе екен деген етістіктер екеу-екеуден бірлесіп қана бару, көру деген лексикалық мағынаны білдіреді.

Аналитикалық формалы етістіктің тұрақты тіркесті етістіктерден негізігі айырмашылығы - оның бір компоненттің ғана дербес мағынасы болмауында, тұрақты тіркестер етістіктердің барлық компонеті түгелдей дербестігінен айырылған сөздер болады. Мысалы: жығылып қалды, сүрініп кетті дегенде екінші компонет қал, кет етістіктері ғана өздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Егер қол ұшын берді десек мұнда үш сөз бірдей өзіндік лексикалық мағынасынан ауытқып барып, «жәрдемдесті» деген мағынаны білдіріп тұр.
Бақылау тапсырмалары: Күрделі етістіктерді бір бөлек, аналитикалық етістіктерді бір бөлек тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар.

Бара сал, көре сал, көргісі келді, алып кел, келіп кет, жинап ал, сұрап ал, айтып кетті, ауыз салды, қырғи қабақ болды, ауыз жаласты, опық жеді, бетке шіркеу салды, келді, айтты, айта түс, қоя сал, ойнап-күл, түрегел.



  1. Күрделі етістіктер:

  2. Аналитикалық етістіктер:

  3. Тұрақты тіркестер:

Дұрыс жауап:



  1. Алып кел, келіп кет, жинап ал, сұрап ал, айтып кетті, ойнап-күл, түрегел.

  2. Бара сал, көре сал, көргісі келді, айта түс, қоя сал.

  3. Ауыз салды, қырғи қабақ болды, ауыз жаласты, опық жеді, бетке шіркеу салды.


2-ші негізгі сұрақтың мазмұны
Құранды етістіктер
Студенттің мақсаты
2.1. Құранды етістіктің жасалу моделін біліп алыңыз;

2.2. Құранды етістік пен күрделі етістіктің ерекшелігін түсініп алыңыз;

2.3. Құранды етістік пен аналитикалық етістіктің ерекшеліктерін біліңіз.
Құранды етістіктер деп есім сөздердің және еліктеуіш сөздердің көмекші етістіктер мен тіркесуі арқылы жасалатын етістік түрін айтамыз. Мысалы: рұқсат ет, талап ет, әсер ет, сөз ет, серік ет, әңгіме ет, қызмет ет, т.б.

Құранды етістік құрылымы жағынан бір-ақ тиіпті: “есім –көмекші етістік”. Құранды етістіктің сыңарларының орналасу тәртібі тіл заңдылығына сәйкес қатаң сақталған. Есім бөлігі, яғни бірінші сыңар әр түрлі сөз табынан болып, негізігі мағынаны ұстап тұрады.

Құранды етістік кез келген есім мен көмекші етістіктерден жасала бермейді. Оны жасауға қатынасатын есімдерде де, етістіктерде де белгілі шек бар, біріншіден, құранды етістік жасауға да, негізінен жұрнақ арқылы етістік тудыруға мүмкіндігі бар есім сөздер молырақ қатынасса, еікіншіден, белгілі бір көмекші етістіктер ғана, құранды етістіктер жасайды. Мысалы; адам, мәжбүр, әр лексемаларының қатарын түзейік.

Ет Ет

Қыл қыл

Адам Бол Мәжбүр Бол

Жаса Жаса

Сонда әрбір лексема өзінің мағыналық ерекшелігіне сай ғана көмекшілерді қабылдайды да, жаңадан туындайтын құранды етістіктің қалыптасуына негіз болады. Мысалы: құрмет қыл - құрмет ет – құрметте т.б.

Құранды етістік – етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуының нәтижесінде тілге қосылған етістіктердің үлкен бір тобы. Яғни ол дербес сөзге тіркеліп, оның лексикалық мағынасын өзгертіп, бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстырады.

Құранды етістіктерге негіз болатын есім сөздерді сөз табы жағынан талдасақ, онда мынандай жағдай байқалады. Құранды етістіктерге негіз болатын есім сөздер: зат есім, сын есім, еліктеуіш сөздер, сан есім т.б.

Құранды етістік жасауға лексикаланған, идиомаланған тіркестер де де қатысады. Мысалы: зар қақ, жақсы көр, таяқ же, жек көр т.б.
Үйге тапсырма:


  1. Күрделі етістіктер және олардың жүйесіне байланысты конспекті жазыңыз (А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991 ж., 236-239 беттер).

  2. Аналитикалық формалы етістіктерге байланысты конспекті жазыңыз (Сонда 240-245 беттер)

  3. Құранды етістіктердің өзіндік жасалу ерекшеліктеріне конспекті жазыңыз (Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989 ж., 314-320 беттер).


Бақылау тапсырмасы:
Тест
1.Аналитикалық формалы етістікті көрсетіңіз.

а) айғай сал

б) ән айт

в) айта сал +

г) көріп кел

2.Күрделі етістікті көрсетіңіз

а) көре сал

б) бас қойды

в) көріп келді +

г) ат қойды

3. Құранды етістікті көрсетіңіз

а) еңбек сіңір +

б) ауыз жаласты

в) жазып алды

г) ала бар

4.Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды етістікті көрсетіңіз

а) айнап – күлді +

б) ойланды

в) шөлдеп кетті

г) оқып шық

5. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды етістікті көрсетіңіз

а) шаршады

б) сүйсінді +

в) айтып шық

г) түрегел

6. Аналитикалық формантты етістікті көрсетіңіз

а) боя – п шық +

б) айт-ып кел

в) бар – ып кел

г) ән-ді айт

7.Күрделі етсітіктің жасалу моделін көрсетіңіз

а) етістік+аналитикалық формант +көмекші етістік +

б) етістік+көсемше формасы+етістік

в) есім сөз + көмекші етістік

г) барлық жауап дұрыс

8.Аналитикалық етістіктің жасалу моделін көрсетіңіз

а) етістік+аналитикалық формант +көмекші етістік +

б) етістік+көсемше формасы+етістік

в) есім сөз + көмекші етістік

г) барлық жауап дұрыс

9.Құранды етсітіктің жасалу моделін көрсетіңіз.

а) етістік+аналитикалық формант +көмекші етістік

б) етістік+көсемше формасы+етістік

в) есім сөз + көмекші етістік +

г) барлық жауап дұрыс

10. Тұрақты тіркесті етістікті көрсетіңіз.

а) таяқ жеді

б) ауыз салды

в) арам тер болды

г) барлық жауап дұрыс +










©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет