17 -дәріс Ағартушылық, демократиялық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет Ыбырай Алтынсарин



Дата10.05.2020
өлшемі27.5 Kb.
17 -Дәріс

Ағартушылық, демократиялық мазмұндағы реалистік жаңа жазба әдебиет
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы,зерттелуі. Ыбырай – ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық қырлары.

Ыбырай – қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы (Киргизская хрестоматия).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу құралын жазуы («Шариат – ул-ислам» - «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері : «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары : «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік мақалалары,хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй,достарым», «Әй,жігіттер»), озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің қожасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары.

Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнелеуі.

Ыбырай әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасының басы. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «Малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейтқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық» әңгімелеріндегі адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер.

Ыбырайдың аудармалары. Толстой, Крылов, Даль, Ушинский, Паульсон шығармаларын аударудағы өзіндік ерекшелігі. Қазақ халқының ұғымына сай еркін аударманы қолдануы.



Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Нұржан бидің бір сөзі», «Жанақ пен баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл»).

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет