«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар



жүктеу 260.13 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі260.13 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Негізгі ұғымдар
Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі- жәрдемақы) – 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін, жиынтық кіріс табысы азық-түлік себетінен төмен, ақшалай түрдегі мемлекеттік жәрдемақы;

Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – аудан әкімдігінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №27 Қаулысымен бекітілген «Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі негізінде функцияларды жүргізетін заңды тұлға ( бұдан әрі – уәкілетті орган)

Мемлекеттік жәрдемақы алушы (бұдан әрі - тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.


1.Жалпы ережелер
1.1.Мемлекеттік қызметтің құқықтық-нормативтік анықтамасы.

Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген азаматтардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы алуға құқықтарын іске асыруға бағытталған мемлекеттік қызмет.

1.2. Мемлекеттік қызметті ұсынатын уәкілетті органның мекенжайы: Федоровка ауылы, Абай көшесі 26 үй, № 1 кабинет, телефон 871132-21-9-55 электрондық мекен-жайы: terek_czn@mail.kz

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет балама негізінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.

1.3.Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

1.4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізі: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы, маусымның 28-дегі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», заңының 4-бабының 1-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы, қарашаның 2-дегі № 1092 қаулысымен бекiтiлген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің» 2-тарауы, басқада Қазақстан Республикасының заңнамалары.

1.5.Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі және берілетін нысаны: жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарлама, немесе қағаз жүзінде мемлекеттік қызмет көрсетілмейтіні туралы уәжделген жауап.

1.6. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделі мемлекеттік органдар:

1) Ауылдық округ әкімдері тұтынушының тұрғын мекенжайы бойынша;

2) Уәкілетті орган;

3) Федоровка, Ақжайық ауылдық халыққа қызмет көрсету орталықтары.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің талабы
2.1. Мемлекеттік қызмет көрсету органдарының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері туралы мәлімет:

Уәкілетті органның мекенжайы осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1-ші қосымшасында көрсетілген.

Ауылдық округ әкімдерінің мекенжайлары осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 2-ші қосымшасында көрсетілген.

Орталықтардың мекенжайлары осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 3-ші қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетілді.

Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестелері: күн сайын сағат 9.00-ден 19.00 ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

Орталықтардың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн.

Қабылдау «электрондық» тәртіппен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

2.2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат алу тәртібі.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық мәлімет және қажет құжаттар Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің интернет – қорында орналасқан: http://www.enbek.gov.kz., Мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындайтын бөлімі маманында, уәкілетті органның ақпараттық қабырғасында, ауылдық округ әкімдерінде, орталықтарда, ресми мәліметтер деректемесінде.

2.3. Егерде, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бірнеше мүдделі органдар қатысса, онда әрбір мүдделі орган бойынша өткен әкімшілік рәсімдеу көрсетілуі керек:

1. Ауылдық округ әкімі;

2. Уәкілетті орган;

3. Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Ауылдық оқруг әкімі тұрғын мекенжайы бойынша (уәкілетті орган жоқ болған жағдайда) тұтынушыға арыздың және үлгі бойынша белгіленген басқада құжаттардың бланктерін береді.

Құжаттар мәлімдеушінің қолымен жеке толтырылады.

Әкім құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құжаттардың қабылданғаны туралы тұтынушыға растама береді.

Учаскелік комиссияға балаларға жәрдемақы, қажет болса тұтынушының материалдық – тұрмыстық жағдайын тексеруге және сол бойынша қорытынды әзірлеуге жазбаша тапсырма береді.

Учаскелік комиссия балаларға жәрдемақы беру туралы қортынды әзірлейді, қажет болған жағдайда тұтынушының материалдық – тұрмыстық жағдайын тексереді, қортынды мен актіні ауыл округінің әкімне береді.

Осыдан кейін, ауыл округінің әкімі қорытындыны жалғастырылған құжаттармен қоса уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік қызмет орталықтар арқылы көрсетілгенде, құжаттар «терезелердің» орындайтын арнаулы функциялары туралы мәліметтер орналасқан «терезеде» қабылданады, сонымен қатар, орталықтар инспекторларының лауазымы, аты-жөні, тегі көрсетіледі.

Уәкілетті органның статистигі мемлекеттік қызметті тұтынушыдан, ауыл округі әкімінен, орталықтан құжаттарды қабылдайды, жорналға тіркейді, шешім шығару үшін бас маманға береді. Бас маман қабылданған құжаттар негізінде балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындамау) туралы шешімнің жобасын шығарады, әлеуметтік бағдарламалар сектор меңгерушісі қол қоюға береді.

Әлеуметтік бағдарламалар сектор меңгерушісіне балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындамау) туралы шешім мен хабарламаға қол қояды, уәклетті органның басшысына береді.

Басшы шешім мен хабарламаға қол қояды, уәклетті органның статистигіне береді.

2.4.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының уәкілетті органға қажетті құжаттарын тапсырылған күнінен бастап:

ауылдық округ әкіміне тұрғын мекенжайы бойынша – 30 күнтізбеден қалмай;

орталыққа – 10 жұмыс күні ішінде (қабылданған және мемлекеттік қызмет туралы берілген құжаттар күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік қызмет алудың ең ұзақ күту уақыты, кезектегі кісі санына байланысты тұтынушының үндеген күні уәкілетті қызмет көрсету органында бір мәлімдеушіге орташа 15 минут, ауылдық округ әкімінде және орталықта – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет алудың ең ұзақ уақыты тұтынушының үндеген күні уәкілетті қызмет көрсету органында – 15 минут, ауылдық округ әкімінде – 30 минут.

2.5. Мемлекеттік қызмет көрсетілмейді:

1)егерде отбасында еңбекке жарамды сәбидің ата-аналары (асыраушылары) жұмыс істемесе, күндізгі нысан бойынша оқымаса, әскер қатарында болмаса және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе, тек бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, мүгедек балаларды, жасы 80-нен асқан кәрілерді, 3 жасқа дейінгі сәбилерді күтетін ата-аналардан (асыраушылардан) басқа;

2) отбасының жиынтық кіріс табысы белгіленген азық-түлік себетінің мөлшерінен жоғары болса;

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату негізі:


  1. сәбидің өлімі;

  2. сәбидің толық мемлекеттік қамтамаға берілуі;

  3. мәлімдеушінің дәйексіз мәлімет беруіне байланысты заңсыз мемлекеттік жәрдемақы тағайындалуы.

  4. ата-анасының тумалық құқықтарынан айыру,немесе шектеу, бала (қыз) асырауды өзгерту немесе заңсыз деп танылуы, Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамалары белгілеген жағдайларда камқоршыларды (жанашырларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе аулақтату.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде, уәкілетті орган жоғарда көрсетілген себептерге байланысты жазбаша уәждеп, құжаттар қабылданған күннен бастап 10 күнтізбе ішінде оларды тұтынушыға кейін қайтару үшін орталыққа жолдайды.

Құжаттар рәсімдеу барысында қателер табылғанда, толық емес құжаттар пакеті берілгенде және дұрыс рәсімделінгенде, уәклетті орган құжаттар пакеті қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды кейін қайтарылу себебін жазбаша негіздеп тұтынушыға қайтару үшін орталыққа жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату негізі қаралмаған.

2.6.Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі:

1) ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді, уақытын және тұтынушының мемлекеттік қызмет алғанын, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні тегі көрсетілген қолына талон береді, содан соң қабылданған құжаттарды учаскелік комиссияға қорытынды әзірлеуге жолдайды. Қажет жағдайда учаскелік комиссия әкімнің тапсырмасын алған күннен бастап 5 күн ішінде мәлімдеушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексереді, қортынды әзірлейді.

Осыдан кейін ауыл округінің әкімі учаскелік комиссияның қортындысына жалғанған құжаттарды қоса уәкілетті органға жолдайды.

2) Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда, құжаттар «терезелер» орындайтын арнаулы функциялары туралы мәліметтер орналасқан «терезеде» қабылданады, сонымен қатар, орталықтың инспекторының лауазымы, аты-жөні, тегі көрсетіледі.

3) уәкілетті орган ауылдық оқруг әкімдері мен орталықтан құжаттарды қабылдайды, оларды тіркейді, құжаттар қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындамау) туралы шешім шығарады, ол туралы мәлімдеушіге жазбаша хабарлайды, тағайындалмаған жағдайда себебін көрсетеді.

4) бөлім маманы шешімді жорналға тіркейді, балаларына жәрдемақы алушының ісіне тігеді.

5) басшы мен сектор меңгерушісі атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалған дұрыстығын тексеріп, қол қояды, істі төлемге жолдайды.

6) уәкілетті органның статистигі тұтынушы уәкілеттік органға жеке үндегенде қолына тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы хабарлама береді немесе оны соңынан тұтынушыға жеткізу үшін ауылдық округ әкімі мен орталыққа жолдайды.

2.7.Мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға арналған құжаттарды қабылдауға қатысты тұлғалар санына ең аз талап: бір адам.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау.
3.1.Кіріс - қатынас қағаздарды рәсімдеу және тұтынушының мемлекеттік қызмет алуға сұранысының (өтінімі) қабылдануы (тіркеуі) туралы алудың тәртібі:

Уәкілетті орган, немесе ауылдық округ әкімі тіркелген күні және тұтынушының мемлекеттік қызмет алғаны туралы, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тегі көрсетілген талон береді.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда, барлық қажет құжаттар тапсырылғаннан кейін, тұтынушыға орталықтан тиісті құжаттар қабылданғаны туралы мынадай көрсеткіштері бар қолхат беріледі:

арыздың қабылданған күні, нөмірі;

мемлекеттік қызмет сұранысының түрі;

жалғанған құжаттардың атауы және саны;

құжаттардың берілген орыны, мезгілі, уақыты;

құжаттарды рәсімдеуге арызды қабылдаған орталықтың инспекторының аты-жөні, тегі.

3.2.Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы келесі құжаттар тапсырады:

1) үлгімен белгіленген балаларға жәрдемақы тағайындау туралы арыз;

2) баланың тууы туралы куәлігінің (куәлік) көшірмесі (көшірме);

3) мәлімдеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) отбасының тұрғылықты мекенжай тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі, немесе мекенжай бюросының анықтамасы, немесе ауыл округі әкімінің анықтамасы);

5) үлгімен белгіленген отбасының құрамы туралы мәлімет;

6) үлгімен белгіленген отбасы мүшелерінің жиынтық кіріс табысы туралы мәлімет;

7) бала (қыз) асыраушылар, қамқоршылар (жанашылар) тиісті органның бала (қыз) асырағандары,немесе қамқоршылыққа алғандары туралы шешімнің көшірмесін береді.

Құжаттар тексеруге түпнұсқа және көшірме түрінде беріледі, тексерістен соң құжаттар түпнұсқасы тұтынушыға кейін қайтарылады.

Балаларға жәрдемақы алу құқықтығы тоқсан сайын отбасының жиынтық кіріс табысы туралы мәліметпен дәлелденеді.

Ата-аналарының біреуінің, қамқоршылардың және жанашылардың жәрдемақы тағайындайтын арыздарымен жеке үндеуге мүмкіншіліктері болмаған жағдайда, олар белгілеген тәртіппен берілген, жәрдемақы тағайындау туралы сенімхат негізінде басқа тұлғаларға уәкілдік етулеріне құқықтары бар.

3.3.Ақпараттық қауіпсіздікке қойыатын талаптар жоқ.

3.4.Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын құрылымдық – функционалдық бірліктерді (одан әрі-ҚФБ) санамалау және сиппатау (ҚФБ-мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, акпараттық жүйелер, немесе кіші жүйелері).

1) орталық арыз қабылдайды – ҚФБ 1

2) ауыл округінің әкімі арыз қабылдайды – ҚФБ 2

3) әлеуметтік бағдарлама статистигі істің үлгісін рәсімдейді және тұтынушыға мемлекеттік қызметтің тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы хабарлама береді – ҚФБ 3

4) бас маман балаларға жәрдемақы тағайындайды – ҚФБ 4

5) сектор меңгерушісі шешімді тексеріп, қол қояды - ҚФБ 5

6) басшы іске қол қояды – ҚФБ 6

3.5.Әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (үрдістер) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызмет көрсету регламенттің 4-ші қосымшасының 1,2,3 кестелерінде.

3.6. Сипаттамаға сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне) мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» қызмет көрсету регламенттің 5-ші қосымшасының 3-ші тармағында.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауаптылығы
4.1.Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекенжайлары, осы регламенттің 1,2 қосымшасында көрсетiлген.

4.2.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.

4.3.Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның көрнекi жердегi стендiлерiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректерi осы регламентте 1-қосымшада көрсетiлген. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандарттың 2.1.- тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес белгiленедi.

4.4.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4.5.Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптары көрсетiледi.

4.6.Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

4.7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайы Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Абай көшесі 26, сонымен қатар интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz. ала алады.
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1-қосымша 

    

Уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен байланыс деректерi


Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5




Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Теректі ауданы,

Федоровка ауылы,

Абай көшесi, 26 terek_czn@mail.kz


8-8711-32-21-9-55

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-30 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-30 дейiн

«18 жасқа дейінгі балалары

бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламенті

2-қосымша 
Теректі ауданы бойынша ауылдық (селолық) округі әкімі аппараттарының тiзбесі


Р/с №

Теректі ауданындағы ауылдық (селолық) округі әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректерi

1.

«Теректі ауданы Ақжайық ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық к-сi,4

8711-32-5-91-2-80

8711-32-5-91-2-00



2.

«Теректі ауданы Ақсуат ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО Теректі ауданы, Ақсуат, ауылы Центральная к-сi, 20

8711-32-31-3-71

8711-32-31-4-26



3.

Теректі ауданыАқсоғым ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы

8711-32-5-95-5-23

8711-32-5-95-5-26



4.

«Теректі ауданы
Аңқаты ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы Аңқаты, ауылы Силинная к-сi,1

8711-32-5-93-2-92

8711-32-5-93-2-24



5.

«Теректі ауданы Богданов ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО Теректі, ауданы, Богданов ауылы, Советская к-сi, 1

8711-32-33-1-81

8711-32-33-1-34



6.

«Теректі ауданы Долин ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Долин уылы, Ауразова

к-с 43


8711-32-34-1-01

8711-32-34-1-98



7.

«Теректі ауданы Көнеккеткен ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы Көнеккеткен ауылы Исаева к-сі 15

8711-32-31-5-92-3-31

8711-32-5-92-3-33



8.

«Теректі ауданы Новопавловка ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО Теректі ауданы, Новопавловка ауылы, 60 лет Октябряқ к-сi, 40

871-132-31-1-13

8711-32-31-1-49



9.

«Теректі ауданы
Подстепное ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы Подстепное ауылы Маметова к-сi 17

8711-32-36-9-00

8711-32-36-4-61



10.

«Теректі ауданы Покатиловка ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы,  Покатиловка ауылы, А Құнанбаев к-сi, 42

8711-32-33-5-60

8711-32-33-5-71



11.

«Теректі ауданыПридорожное ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Придорожное ауылы, Ленина к-сi 20

8711-32-33-1-16

8711-32-33-1-16



12.

«Теректі ауданы Приречное ауылдық (селолық) округi әкімінің аппараты» ММ

БҚО, БҚО Теректі ауданы Приречное ауылы Набережная к-сi, 10

8711-32-35-5-10

8711-32-35-6-40



13.

«Теректі ауданы Төнкеріс ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Төнкеріс ауылы, Центральная к-сi, 8

8711-32-33-3-49

8711-32-33-3-47



14.

«Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылы, Школьная к-сi, 4

8711-32-35-3-72

8711-32-35-3-16



15.

«Теректі ауданы Федоровк ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Ленина к-сi, 110

8711-32-21-2-74

8711-32-21-6-09



16

«Теректі ауданы Шағатай ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚОТеректі ауданы, Шағатай ауылы, Ишмакова к-сi,23

8711-32-5-94-3-96-

8711-32-5-94-3-16



17

«Теректі ауданы Шалқар ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Саріөмір ауылы, Ленина к-сi 40

8711-32-5-94-1-46

8711-32-5-94-1-71



18.

«Теректі ауданы Шаған ауылдық (селолық) округi әкiмiнiң аппараты» ММ

БҚО, Теректі ауданы, Жана-өмір ауылы, Паковая к-сі, 1

8711-32-32-6-96

8711-32-32-5-46


«18 жасқа дейінгі балалары

бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламенті

3-қосымша    
                              Халыққа қызмет көрсету орталығының тізбесі


Р/ с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекенжайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

2

3

4

5

1

Теректі ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейный көшесі 24

8(71132)23-3-77

8(71132)23-3-37

қабылдау бөлмесi



2

Теректі ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы

БҚО, Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық көшесі 4

8(71132)91-3-16

8(71132)91-3-16

қабылдау бөлмесі



«18 жасқа дейінгі балалары

бар отбасыларға мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламенті.

4-қосымша 
1-кесте ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы.


Негізгі үрдістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

іс-әрекетінің (барысы, жұмыс ағыны) №

1

2

3

4

5

ҚФБ атауы

Ауыл округінің әкімі


Орталық

Ауыл округінің әкімі

Орталық

Уәкілетті органның статистигі

Уәкілетті

органнің

маманы.

Уәкілетті органның сектор меңгерушісі.

іс-әрекетінің (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, түпнұсқаларын көшірмелерімен салыстырады, қосалқы шаруашылығы бар екенін сендіреді, тіркейді және талон береді.

Қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды қолхат береді, уәклетті органға жолдайды.

Уәклетті органға береді.



Уәклетті органға береді.



Мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушыдан қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, тіркейді және талон береді. Ауыл округі әкімінен және орталықтан құжаттар қабылдайды, тіркейді, істің үлгісін рәсімдеп маманға жолдайды.

Балаларға жәрдемақы тағайндайды. Жердемақы тағайындау (тағайындамау) туралы шешімнің жобасын және хабарлама әзірлейді.

Тағайындалудың (тағайындамаудың) дұрыстығын тексереді. Балаларға жәрдемақы тағайндайындау (тағайындамау) туралы шешімге және хабарламаға қол қояды, оларды басшыға жолдайды.

Аяқтау нысаны

(мелеметтер ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Талон беру.



Қолхат беру.



Істің үлгісі.




Істің үлгісі.




Талон, істің үлгісін беру.

Балаларға жәрдемақы тағайндау (тағайындамау) туралы шешімнің жобасы және хабарлама.

Шешім, хабарлама.



Орындау мерзімі.

15 минут

30 минут

30 күн

10 күн

15 минут

10 күн

15 минут

Келесі іс-әрекетінің нөмірі

2

3

4

5

6




Негізгі үрдістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

іс-әрекетінің (барысы, жұмыс ағыны) №

6

7










ҚФБ атауы

Уәкілетті

органның

бастығы

Уәкілетті

орган

статисті










іс-әрекетінің (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындамау) туралы шешімге және хабарламаға қол қояды, уәклетті органның статистигіне кейін қайырады.

Ауыл округі әкіміне, орталыққа және тұтынушыға балаларға жәрдемақы тағайындалғаны (тағайындалмағаны) туралы хабарлама береді.










Аяқтау нысаны

(мелеметтер ұйымдастыру-реттеу шешімі)


Шешім, хабарлама.

Хабарлама.










Орындау мерзімі.

15 минут

15 минут










Келесі іс-әрекетінің нөмірі

7













2 кесте. Пайдалану нұсқасы.

Негізгі үрдіс - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

туралы шешім бекітілген жағдайда.


Ауыл округінің әкімі

Орталық


Уәкілетті органның статистигі

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның сектор меңгерушісі

Уәкілетті органның бастығы

1 іс-әрекет


3 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушыдан қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, тіркейді және, талон береді. Ауыл округі әкімінен, орталықтан құжаттар қабылдайды, тіркейді, істің үлгісін рәсімдейді.

(15 минут)


4 іс-әрекет

Балаларға жәрдемақы тағайндайды. Жердемақы тағайындалғаны туралы шешімнің жобасын әзірлейді

(10 күн)


5 іс-әрекет

Тағайындаманың дұрыстығын тексереді.

Тағайындалғаны туралы шешімге және хабарламаға қол қояды.

(15 минут)



6 іс-әрекет

Балаларға жәрдемақы тағайндалғаны туралы шешімге және хабарламаға қол қояды.

(15 минут)


Қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, түпнұсқаларын көшірмелерімен салыстырады, қосалқы шаруашылығы бар екенін сендіреді, тіркейді және талон береді.

(15 минут)



Қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, қолхат береді.

(30 минут)



2 іс-әрекет


7 іс-әрекет

Ауыл округі әкіміне, орталыққа және тұтынушыға балаларға жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарлама береді.













Уәклетті органға береді.

(30 күн)


Уәклетті органға береді.

(10 күн)



3 кесте. Пайдалану нұсқасы.

Балама үрдіс - 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы

тағайындамау туралы шешім бекітілген жағдайда.


Балама үрдіс (барысы, жұмыс ағыны)

Уәкілетті органның статистигі

Уәкілетті органның тағайындаитын маманы

Уәкілетті органның бастығы

1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушыдан қажет құжаттармен қоса арызын қабылдайды, тіркейді және, талон береді. Ауыл округі әкімнен, орталықтан құжаттар қабылдайды, тіркейді, істің үлгісін рәсімдейді.

(15 минут)


2 іс-әрекет

Дәлелсіз құжаттар берілгенде, балаларға жәрдемақы тағайындамау туралы себебін көрсетіп шешім шығарады.


(10 күн)


3 іс-әрекет

Балаларға жәрдемақы тағайындалмағаны туралы шешімге қол қояды.


(15 минут)










4 іс-әрекет

Ауыл округі әкіміне, орталыққа және тұтынушыға балаларға жәрдемақы тағайындалғаны туралы хабарлама береді.


(15 минут)







«18 жасқа дейінгі балалары

бар отбасыларға мемлекеттік

жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік

қызмет көрсету регламенті

5-қосымша 


Функционалдық диаграмманың өзара әрекеті


ҚФБ1,Ф ҚФБ 2, ҚФБ 3, ҚФБ 4, ҚФБ 5, ҚФБ 6, ҚФБ 7




































©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет