1Ж: Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді, Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді. Қазақстан адымдап бара берді, Көрінер көкжиектен далам енді! Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы, Қазақстандай егемен менің елімді?! 2Ж



жүктеу 69.5 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі69.5 Kb.
«Елім менің еңселі» атты мерекелік сазды бағдарламаның жоспары

Оркестр «Той бастар» күйімен басталады: ............................................................................................

(Фанфар. Сахнаға жүргізушілер шығады.)

1Ж:

Таң қалдырған Қазақстан бар әлемді,

Берекелі, кең байтақ, жалпақ елді.

Қазақстан адымдап бара берді,

Көрінер көкжиектен далам енді!

Кім танымас айтсаңшы, айтыңдаршы,

Қазақстандай егемен менің елімді?!

2Ж:

Кім танымас тербелген тал бесікті,

Болашаққа айқара аштық кең есікті.

Барша ел аузын ашып тамсанумен,

Қандай ғана Егемен ел! Десіпді.

3Вед:

Есть такая страна в центре Азии,

Ее называют сердцем Евпразии

Кочевники жили на этом земле,

В Казахстане, в моей стране!

Люблю я родной Казахстан!

Он – лучший из всех стран!

Это – моя Родина,

Только она мне нужна.

1Ж:

Қайырлы күн, құрметті Зашаған ауылдық округінің тұрғындары! 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ халқы өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасымыз толық ақтап отырғандығына көзіміз анық жетті.



2Ж:

«Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан» Бұл – бүгінгінің шындығы. Ел тұтқасы болар Елбасымыздың барлығына қуанамыз. Сондықтан да Қазақстан - бақытты ел. Президенті танымды, дана да кемеңгер. Нұрлы жолға көш бастаушы Елбасының таққа отырғызған күні, елдің тізгінін қолға алған күні құтты болсын!



1Ж:

Жыл сайын табыс қоссын табысына,

Әр қазақ берік болсын намысына.

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына, деп бүгінгі «Елім менің еңселі» атты мерекелік сазды бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

3Вед:

Сегодня мы начинаем концерт, посвященный ко Дню Президента. Вот он уже двадцать с лишним лет возглавляет наша суверенное государство. Наш Казахстан изменился неузнаваемо. Он развивается динамично и настойчиво продвигается по пути экономической, политической и социальной модернизации. В этом его заслуга! Сегодняшный вечер посвящается Главе государства, Нурсултану Абишевичу Назарбаеву! Глава государства выделяет значемость трудолюбия для молодежи и казахстанцев в целом. Открываются Назарбаевские школы, был создан Назарбаев Университет «Построим будущее вместе!» - говорит Нурсултан Назарбаев казахстанцам. Личным кредо каждого казахстанца должно стать «образование в течение жизни. Казахстан – государство молодых. Мы – будущее Казахстана!»



Ән: «Сәлем, Қазақстан!»

Орындайтын: республикалық,облыстық, қалалық байқаулардың жүлдегері Мерекеева Индира №10 ЖОББМ



Терме Нұр Отан

Песня: «Солнце 21века» Исполняет: Детский хор «Домисолька» центр внешкольный работы худ.рук. Гончарова Светлана Николаевна

1Ж:

Отан –адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен , жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Біздің өлкеміздің табиғаты таңғаларлықтай бай өлке болып табылады.



2Ж:

Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атны айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам – Қазақстан!

Би: Қазақтың халық биі.

Орындайтындар: №30 ЖОББМ бишілер тобы, жетекшісі: Тлеумағанбетова Анаргүл



Ән: украинская песня «Давайте братья запеваем» исполняет преподаватель центр внешкольный работы Гончарова Светлана Николаевна

Ән: «Қазақстан!»

Орындайтын: №30 ЖОББМ 4 сынып оқушысы, республикалық «Күз-мереке» атты байқаудың жеңімпазы Мырзағалиев Ерсұлтан

Жетекшісі: Мурзагалиев Аман

3Вед:

О, как расцвел ты юною красою,

Еще сильней ты и прекрасней стал.

Среди республик яркою звездою

Ты заблистал, мой Казахстан!

Руси соседней друг и брат.

Мой Казахстан. Под небом чистым

Цветет он, молод и богат,

Мой Казахстан!

Ән: «Елбасына арналған ән»

Орындайтын: Балалар ауылының саз пәнінің мұғалімі Мурзагалиев Аман Бөгенбайұлы



Танец: русский народный танец, исполняет: лауреаты республиканских, областных, городских конкурсов молодых исполнители танцев, рук: Сариева Қымбат

1Ж:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысындағы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі кісілер болған. Нұрсұлтан Әбішұлының мамандығы – металлург.



2Ж:

Жастық шағын Теміртау мен Қарағандыдағы темір өндіру зауытында өткізген. Жастайынан өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы болған. Басшылық қызметтерге де ерте араласты. 44 жасында Үкімет төрағасы атанды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Айтамын әрқашан да сөздің шынын,

Атқарған сансыз еңбек халық үшін.

Биікке қол жеткізсе Қазақстан,

Данышпан саясаты Елбасының.



Ән: «Көк тудың желбірегені»

Орындайтын: М.Өтемісов атындағы сауықтыру мектеп-интернатының оқушысы Искаков Есенжол

Жетекшісі: Айнұр Жанабайқызы

3Вед:

В своем Послании первый президент обращается к народу. «Мы должны построить общество, где ценятся честь, достойнство и репутация каждого, где присутствует высокая мораль и духовные ценности. Мы выбрали правильный путь. Результаты говорят сами за себя. У нас есть уникальный шанс на этой основе ускорить наше движение вперед. Этот тот путь, который ведет Казахстан в число развитых и процветающих стран мира. Я уверен, народ Казахстана поддержит меня в этих начинаниях, проявит инициативу и захочет увидеть претворенными жизни наши планы. Мне, стоявшему у истоков нашей государственност, взявшему личную ответственность перед народом за судьбу страны, хотелось бы, чтобы эта пора пришла как можно раньше» Нурсултан Назарбаев.


Танец: Таджикский танец, исполняет танцеватальная группа «Айна» лауреаты областных, городских конкурсов молодых исполнители танцев, руководитель: Қуанышева Гүлмейрам Алибековна

Ән: «Теріскей!»

Орындайтын: №18 ЖОББМ мұғалімі


1Ж:

Жыр Астана, Нұр Астана мәңгілік,

Құрметімді жеткіземін ән қылып,

Еліміздің Ақордасы Астана,

Жүрегімде тұрсың сен жаңғырып.

2Ж:

Сананы түйткілдерден тазартайық,

Айтпаған шындық сөзді тартар айып.

Авторы, сәулетшісі Астананың

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев!

Сахнада татар қоғамының жанынан құралған әжелер ансамблі

Мәнерлеп оқу. «Тәуелсіздік, ел басы» Сахнада мектептен тыс орталығының оқушылары Хайрова Нұржауған, Хайбуллина Ботагөз

Песня: «Земля моя!» исполняет ученица №20 школа 8 класса Жагыппарова Дана

1Ж:

Күй халықтық мұрамыз,

Бабадан қалған бұл аңыз.

Жүрегіңе қона алса,

Оған тәубе қыламыз

Күй: Құрманғазының күйі «Адай»

Орындайтындар: Домбырашылар ансамблі

3Вед:

Люблю Астану – нашу столицу,

Вижу ее, как вольную птицу.

Летящую вверх к облакам,

Дарящую улыбку всем нам.

Люблю я и город Алматы,

С его вершинами Алатау – горы.

Люблю алматинский апорт,

Самый лучший яблочный сок.

Люблю я роднуя страну,

И буду ее ценить,

Я так не буду любить.



Ән: «Нұр елі-Астана!»

Орындайтын: Шолпан .......................................................................

1Ж:

Астана - тәуелсіз еліміздің бойтұмары, халқымыздың мақтанышы. Жыл сайын мерейлі мерекені жарқын көңіл-күймен атап өтеміз. Өз болашақтарымызды ару шаһардың ертеңімен, оның гүлденіп көркейюімен байланыстырамыз.



2Ж:

Астананың қарыштап дамуы, сән салтанатының жарасымы бізге де өнеге. Астанадан тарайды ел, бақыт шуағы. Астана – бейбітшілік пен достық қаласы. Өркенде, өрлей бер, төрлей бер, арайлы ақ орда Астана!



Би: «Хорезм» Айна би ансамблі №10 ЖОББМ

Ән: «Жаса, Қазақстан»

Орындайтын: Казиуллин Алтынбек М.Өтемісов атындағы мектеп –интернатының оқушысы

Жетекшсі: Айнұр Жанабайқызы

1Ж:

Қазақстан бақытты ел, Президенті танымды. Халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры. Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!


1Ж: Самал

Асылхан, Н.Ә.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?



2Ж:Асылхан

Ол ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін білетін ұрпақтың Қазақстаны.



1Ж: Самал

Ұлты тату, этникалық толерантты Қазақстан!



2Ж:Асылхан

Кез-келген Қазақстан азаматы кез-келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген Қазақстан!



1Ж: Самал

Индустриалды-инновация өркендеген Қазақстан!



2Ж:Асылхан

Терезесі тең, керегесі кең өркениетті Қазақстан!



1Ж:Самал

Ауыл мен қалалары қатар өскен – қуатты Қазақстан!



2Ж:Асылхан

Н.Ә.Назарбаев – елі еріне, ері еліне сенге ұлы тұлға!

Финал: Ән: ....................................................................................

3Вед:

На этом наш концерт, посвященный президенту Нурсултану Абишевичу Назарбаеву окончен. Я желаю всем вам добра, достатка, здоровья и уверенности в будущем!

До новых встреч!!!

1Ж:

Құрметті көрермендер! «Елім менің еңселі» атты сазды бағдарламамыз аяқталды.



2Ж:Бірге

Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын, ағайын!!!


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет