1Жандарбек Халқымызда «Ер елінің қорғаны» деген аталы сөз бар



Дата28.04.2020
өлшемі16.08 Kb.
1Жандарбек Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын

2АКСЕЗЫМ Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз!

3ЖАНДАРБЕК Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз.

4АКСЕЗЫМ Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілеймін.

5ЖАНДАРБЕК Биік шыңдардан көрініңіздер! Өмірлік серіктеріңіздің сезімі өздеріңізге бұлақтай таза, сүттей ақ, періштедей пәк болсын.

6АКСЕЗЫМ Таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын. Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер.

7ЖАНДАРБЕК Бар өмірін әскери іске арнап, күн-түн қатып, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

8АКСЕЗЫМ Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады: - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын! - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: - Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті. Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.

9ЖАНДАРБЕК Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

10АКСЕЗЫМ Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет