1.құжаттарды келісу технологиясы Келісудің жалпы сызбасы



жүктеу 74.81 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі74.81 Kb.

1.құжаттарды келісу технологиясы

1.1.Келісудің жалпы сызбасы


Келісу келесідей екі негізгі кезеңде жүргізіледі:

  1. АРжАЖ иесін ұйымдастыруда келісу

  2. УО-да келісу.

АРжАЖ иесін ұйымдастыру кезеңіндегі құжат АР және АЖ тіркеуге немесе депониттеуге өтінім болып табылады. Өтінім УО-ға түскеннен кейін келісу құжаты АР және АЖ депониттеу туралы анықтамасы (бұдан әрі соңғы құжат) болады.

Келісуге қатысушылар келесідей үш санатқа бөлінеді:


  1. Өтінімді келесі келісу кезеңіне көшіруге немесе өтінімді бастамалауға өтінімді қайтаруға құқығы жоқ қатысушылар (виза қоюшылар),

  2. Өтінімді келесі келісу кезеңіне көшіруге немесе өтінімді бастамалауға өтінімді қайтаруға құқығы бар қатысушылар (орынбасарлар). Қатысушылардың бұл санаты төрт деңгейге бөлінеді:

    1. 1-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға,

    2. 2-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға

    3. 3-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға,

    4. 4-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға.

  3. Өтінім бойынша соңғы шешім қабылдап, қолтаңбасын қоятын қатысушылар (бірінші басшы).

Келісуді төменгі деңгейдегі басшы, яғни «4-ші санаттағы шешімді қабылдауға жауапты тұлға» бастауы тиіс.

Ескерту:


Мемлекеттік органда «N-ші деңгейдегі шешімді қабылдауға жауапты тұлға» санатына бірінші басшының орынбасары жатуы мүмкін.

Төменгі деңгейдегі басшының өтінім бойынша қанағаттандыратын шешімінен кейін Жүйе өтінімді жоғарырақ деңгейдегі басшыға жібереді және т.с. бірінші басшы толық келісілген өтінімді алып, өзінің қолтаңбасын қояды. Алайда, басшылардың әрқайсысы, бірінші басшыны қоса алғанда, міндетті түрде өтінімді қайтару себебін көрсету арқылы өтінімді қабылдамауға құқылы.

Өтінімді жасаудан бастап, соңғы құжатпен аяқтайтын АР және АЖ тіркеуге келісу келесі сызба бойынша орындалады:


  1. АР және АЖ иесі-ұйымның қызметкерімен өтінімді бастамалау және оның барлық деректерін енгізу;

  2. МТҚ РМК операторымен өтінімді тексеру;

  3. Өтінімді мақұлдағаннан немесе бас тартқаннан кейін деректер өтінімді бастамалаушыға оларды әрі қарай өңдеу үшін жіберіледі;

  4. Бастамалаушы мақұлданған немесе оператор бас тартқан деректерді қабылдап, АР және АЖ басшысына келісуге жібереді немесе бас тартқан жағдайда деректерді түзетіп, операторға тексеруге қайта жібереді;

  5. Бастамалаушы мақұлданған немесе оператор бас тартқан деректерді қабылдап, өтінімнің деректерін келісуге жібереді;

  6. Басшыға келісуге жіберген жағдайда өтінімнің деректері төменгі деңгейдегі басшыға түседі. Бір уақытта өтінімге барлық виза қоюшылар да хабарлама алуы тиіс. Әрбір виза қоюшының өтінімге өзінің келісімін немесе қарсылығын беруге мүмкіндігі болуы тиіс. Қазіргі басшы виза қоюшының кез келген шешімі туралы хабардар болуы тиіс.

  7. Барлық виза қоюшылардың шешімін алып, басшы қанағаттандыратын шешім қабылдап, өтінімді келесі келісу кезеңіне жібере алады, яғни жоғарырақ деңгейдегі орынбасарға жібере алады. Қанағаттандырмайтын шешім болған кезде қайтару себебін бар қарармен өтінімді қайтаруы мүмкін.

  8. Соңғы болып бірінші басшы қабылдайды, ол өтінімнің деректерін тексеріп, барлық келісу тарихын қарап, өзінің қолтаңбасын қояды.

  9. Бірінші бас қол қойғаннан кейін Жүйе АР және АЖ қорытынды құжатын жасап, келісудің келесі кезеңі – УО-да келісуді іске қосады.

  10. УО-да келісуде де АР және АЖ иесі-ұйымында келісу кезіндегі логика іске асырылуы тиіс. Осылай, бірінші кезекте төменгі деңгейдегі басшы және одан әрі қарай қабылдайды.

  11. Барлық қатысушылар қорытынды құжатқа келіскеннен кейін құжат УО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.

  12. УО бірінші басшысы қол қойғаннан кейін қорытынды құжат Жүйенің бірінші қатысушысына, яғни өтінімді бастамалаушыға қолжетімді болады. Осылай, өтінімді бастамалаушы УО-да құжатты ойдағыдай келісу алғаннан кейін қорытынды құжатты қарап, оны баспаға шығара алады.

Құжатты келесі келісу кезеңіне әрбір жылжытуды Жүйе қатысушының электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарландырылады.

Құжатты қайтарған кезде өтінімге келісу қайта басталады. Бұл ретте, барлық алдыңғы келісу мүмкіндіктері келісу тарихында тіркеледі.

Келісуді жүргізу үшін Жүйеде келісуге қатысушылар тізімін құру қажет. Бұл тізімді Жүйенің әкімшісі қалыптастырады.

Мемлекеттік органда (АР және АЖ иесінде) мұндай әкімші өтініштің бастамалаушысы, яғни өтінімнің деректерін енгізуге жауапты тұлға болады. Уәкілетті органда «Уәкілетті органның әкімшісі» қолжетімділік құқығы бар арнайы құрылған пайдаланушылар болады.


1.2.Келісуге қатысушының интерфейсі


Егер Сіз келісу тізіміне қосылған болсаңыз, онда Сіздің электрондық поштаңызға хабарлама, яғни АР және АЖ тіркеуге қатысты құжатқа келісу немесе қол қою өтініші туралы хабарлама түсетін болады.

Келісуге алғашқы рет қатысу кезінде Сіздің поштаңызға келесі хабарлама түседі:



Құрметті Иванов Иван!

Сізден «АР және АЖ атауы» ақпараттық ресурсын/жүйені тіркеу өтінішіне келісуді сұраймыз.

«АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне мұнда кіре аласыз. Авторизацялану үшін ЭЦҚ талап етіледі.
Жүйеге алғашқы рет кірген кезде Жүйеде Сіздің есептік жазбаңызды іске қосу үшін жүйе ЭЦҚ талап етеді. Осылай, ЭЦҚ көмегімен құжатқа қол қою кезінде Жүйе ЭЦҚ-ның Сіздің есептік жазбаңызға тиістілігін тексеретін болады.
Барлық қалған хабарлама-хабар келесі мәтінде болуы мүмкін:

Құрметті Иванов Иван!

Сізден «АР және АЖ атауы» ақпараттық ресурсын/жүйені тіркеу өтінішіне келісуді сұраймыз.

ЭЦҚ арқылы «АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне кіру үшін мұнда шертіңіз.

Логин арқылы «АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне кіру үшін мұнда шертіңіз.

Сіздің логиніңіз Иванов. Алғашқы пароль 123456. Жүйеге кіргеннен кейін паролды ауыстыруды ұмытпаңыз.

Сізде ЭЦҚ көмегімен ғана емес, логин мен пароль енгізу арқылы Жүйеге кіру мүмкіндігі болады.

ЭЦҚ немесе логин мен паролды енгізгеннен кейін тиісті құжатты келісу парағында ғаламтор шолушының терезесі ашылады.

Сурет. АР және АЖ тізілімі АЖ-да құжатқа келісу терезесі

Терезеде Сіз ағымдағы келісу тізімін көресіз. «<Объект түрінің атауы> тіркеуге өтінім» өтінімнің толық деректері бар салымды ашып, өтінімнің толық деректерін қарай аласыз. Суретте тіркеуге берілетін объекті түрлерінің бірі «СПД тіркеуге өтінім» өтініміне келісу үлгісі берілген.

Келісуге қатысушылар туралы толық деректерді алу үшін «Толығырақ» гиперсілтемесін басыңыз.

Бұдан әрі «Шешімді таңдаңыз» бағанындағы құлама тізімнен өз шешіміңізді қабылдауыңыз керек.

Ескерту:

Өзіңіздің шешіміңізді келісуге қатысушылардың шешімін күтпей, қабылдай аласыз.


Сурет. Шешім таңдау


«Мақұлданды» шешімін таңдағаннан кейін құжатқа қол қою үшін батырма пайда болады.

Сурет.Шешім қабылдау


Батырманы басу ЭЦҚ таңдау терезесін ашады. ЭЦҚ қолдану сипаттамасы «ЭЦҚ қолдану» тарауында сипатталған.

ЭЦҚ қолданғаннан кейін осы өтінімге келісу жөніндегі Сіздің жұмысыңыз аяқталды деп саналады.

Бұдан әрі өтінім келесі келісу кезеңіне жіберіледі. Келісу кезеңдері туралы осы нұсқаудың «Келісу сызбасы» тарауынан оқыңыз.

1.3.МТҚ РМК уәкілетті органы бірінші басшысының интерфейсі


Анықтамаға келісудің дұрыс аяқталуына қарай Сіздің электрондық поштаңызға құжатқа қол қою өтінішімен хабарлама түседі. Ең алғашқы хабарлама келесі мәтінде болады:

Құрметті Иванов Иван!

Сізден ақпараттық ресурсты/жүйені депонирлеу туралы анықтамаға қол қоюыңызды сұраймыз. Қол қоюға берілген құжаттардың саны Х.

«АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне кіру үшін мұнда басыңыз. Авторизацялану үшін ЭЦҚ талап етіледі.
Жүйеге алғашқы рет кірген кезде Жүйеде Сіздің есептік жазбаңызды іске қосу үшін жүйе ЭЦҚ талап етеді. Осылай, ЭЦҚ көмегімен құжатқа қол қою кезінде Жүйе ЭЦҚ-ның Сіздің есептік жазбаңызға тиістілігін тексеретін болады.
Барлық қалған хабарлама-хабар келесі мәтінде болуы мүмкін:

Құрметті Иванов Иван!

Сізден «АР және АЖ атауы» ақпараттық ресурсын/жүйені депонирлеу туралы анықтамаға келісуді сұраймыз.

ЭЦҚ арқылы «АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне кіру үшін мұнда шертіңіз.

Логин арқылы «АР және АЖ атауы» ақпараттық жүйесіне кіру үшін мұнда шертіңіз.

Сіздің логиніңіз Иванов. Алғашқы пароль 123456. Жүйеге кіргеннен кейін паролды ауыстыруды ұмытпаңыз.

Сізде ЭЦҚ көмегімен ғана емес, логин мен пароль енгізу арқылы Жүйеге кіру мүмкіндігі болады.


Берілген сілтемелердің бірін басып, Жүйеге кіріңіз.

ЭЦҚ немесе логин мен паролды енгізгеннен кейін тиісті құжатты келісу парағында ғаламтор шолушының терезесі ашылады.



Сурет. УО басшысының ЭЦҚ салу интерфейсі


Егер басшы «Қабылдамау керек пе?» бағанына белгі қойып, өтінішті қабылдамай тастаса, өтінім басшы енгізген қабылдамау себептерін түсіндіретін қарармен өтінімді бастамалаушыға қайтарылады.

Ұйым басшысының өтінімге қол қоюы бас тартусыз өткен жағдай болса, онда бұдан әрі келісу қадамы – уәкілетті орган басшысына қол қоюға көшеді.

Уәкілетті органның басшысы өтініш беруші ұйым басшысы қол қойғаннан кейін басшы алған электрондық поштадағы сілтеме арқылы Тізілім жүйесіне кіріп, төменгі суретте көрсетілген қол қою терезесін ашады.

Сурет. Уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ салу интерфейсі

Қол қою батырмасын басу ЭЦҚ таңдау терезесін іске қосады. ЭЦҚ қолдану сипаттамасы «ЭЦҚ қолдану» тарауында сипатталған.

1.4.ЭЦҚ қолдану

Қол қою батырмасын басқаннан кейін ЭЦҚ қолдану терезесі ашылады.

1) «ЭЦҚ кілтіне жол» бағанынан оңға қарай орналасқан батырманы басыңыз. ЭЦҚ файлын таңдау терезесі ашылады.

2) «Таңдауды» басып, ЭЦҚ бар файлды таңдаңыз, паролды енгізіп, Enter басыңыз.

Қол қою үдерісі басталады, ол 10 секундтан 30 секундқа дейін жалғасады. Бұл уақытта Жүйенің ЭЦҚ тексеру үшін куәландыру орталығына жүгінуі жүреді.

2.пароль ауыстыру

1. Оң жақ жоғары бұрыштағы пайдаланушының тегіне қолтетіктің меңзерін апарған кезде құлама тізімде орналасқан «Толығырақ» батырмасы шертіңіз.

2. Бұдан әрі «Ағымдағы паролды өзгерту» сілтемесін басыңыз, «Паролды ауыстыру» терезесі ашылады.

3. «Бұрынғы пароль» алаңына Сіздің қолданыстағы паролыңызды енгізіңіз.

4. «Жаңа пароль» алаңына жаңа пароль енгізіңіз.

5. «Растау» алаңына Сіз енгізген жаңа паролдың мәнін қайта енгізіңіз.



6. «Өзгерту» батырмасын басыңыз. Қосымшадағы келесі сеанс кезінде жаңа паролыңызды пайдаланыңыз.


«ТАМУР» ЖШС.Төртінші баспа











©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет